Үнді діні



Кіріспе
Негізгі бөлім

1.Үнді дінінің пайда болуы
2. Үнді дінінің даму кезеңдері
3.Индуизмнің негізгі идеялары
4.Үнді діни . философиялық дәстүрі

Пайдаланылған әдебиеттер
Индуизм ең көне діндердің бірі.Индуизм Үндістанда (тұрғындарының 80), Непал,Бангладеш,Шри-Ланка ж/е басқа елдерге таралған.Қазіргі уақытта индуизм Батыс ж/е Америкада кеңінен танымал дін.Индуизм өзінің күрделігі ж/е қарама -қайшылығымен ерекшеленеді. Индуизм сан алуан идеялардың, ағымдардың, бағыттардың ж/е секталардың конгломераты(қосындысы),олар бүтін бір құрылымның шегінде топтасқан. Индуизмде күпірлік,діни ұйым ж/е илахи діндердегідей пайғамбар,періште,ахырет ұғымдары жоқ.Онда ортақ дінілімі болмағандықтан әрбір нысан ж/е ғұрып белгілі бір этикалық құндылыққа ие және көне архайкалық элементтер әліге дейін сақталынып келеді.Индуизмнің негізгі ерекшеліктерінің бірі интровертивтілік(ішке үңілу),жеке ізденіс,мақсатқа жетудің жаңа мүмкіндіктерін табу, кішкентай түйір болсада оның ішкі мәні мәңгілік.
Индуизм үнділердің ұлттық діні.
1.Үнді дінінің пайда болуы ж/е даму кезеңдері
Үнді діні б.д.д.ІІ-мыңжылдық ортасында жергілікті діни сенім мен Үндістанды сотүстік-батыстан келіп жаулап алған арий тайпаларының анимистік сенімдері негізінде пайда болды.Өзінің даму тарихында үнді діні бірнеше кезеңдерді басынан өткерді.
Үнді діні даму кезеңдері:
1-ші Архайкалық кезең(б.д.д. 2500-1750жж). Протоүнді өркениетінің(Хараппа өркениеті) негізін жергілікті дравид халықтары калаған, олар фетиштік,тотемдік,анимистік ж/е сиқырға сенген.Бұл архайкалық діни сенім элементтері кейінгі дәуірлерде де сақталынып қазірге дейін жалғасып келеді.
1.Васильев.Л.С.История религии Востока.М.,1998.
2.Основы религиоведение под.ред. Яблокова.И.М.,1994.
3.Кислюк.К.Кучер.О.Религиоведение.Ростов на- Дону.,2003.
4.Религия в истории и культуре.под.ред.Писманика.М.,1998.
5.Ғ.Есім.А.Артемьев және т.б.Дінтану негіздері.А.,2003.
6.Г.Тумер.А.Кучук.Діндер тарихы.Анкара.,1993.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім

1.Үнді дінінің пайда болуы
2. Үнді дінінің даму кезеңдері
3.Индуизмнің негізгі идеялары
4.Үнді діни - философиялық дәстүрі

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Индуизм ең көне діндердің бірі.Индуизм Үндістанда (тұрғындарының 80),
Непал,Бангладеш,Шри-Ланка же басқа елдерге таралған.Қазіргі уақытта
индуизм Батыс же Америкада кеңінен танымал дін.Индуизм өзінің
күрделігі же қарама -қайшылығымен ерекшеленеді. Индуизм сан алуан
идеялардың, ағымдардың, бағыттардың же секталардың
конгломераты(қосындысы),олар бүтін бір құрылымның шегінде топтасқан.
Индуизмде күпірлік,діни ұйым же илахи діндердегідей
пайғамбар,періште,ахырет ұғымдары жоқ.Онда ортақ дінілімі болмағандықтан
әрбір нысан же ғұрып белгілі бір этикалық құндылыққа ие және көне
архайкалық элементтер әліге дейін сақталынып келеді.Индуизмнің негізгі
ерекшеліктерінің бірі интровертивтілік(ішке үңілу),жеке ізденіс,мақсатқа
жетудің жаңа мүмкіндіктерін табу, кішкентай түйір болсада оның ішкі
мәні мәңгілік.
Индуизм үнділердің ұлттық діні.
1.Үнді дінінің пайда болуы же даму кезеңдері
Үнді діні б.д.д.ІІ-мыңжылдық ортасында жергілікті діни сенім мен
Үндістанды сотүстік-батыстан келіп жаулап алған арий тайпаларының анимистік
сенімдері негізінде пайда болды.Өзінің даму тарихында үнді діні бірнеше
кезеңдерді басынан өткерді.
Үнді діні даму кезеңдері:
1-ші Архайкалық кезең(б.д.д. 2500-1750жж). Протоүнді өркениетінің(Хараппа
өркениеті) негізін жергілікті дравид халықтары калаған, олар
фетиштік,тотемдік,анимистік же сиқырға сенген.Бұл архайкалық діни сенім
элементтері кейінгі дәуірлерде де сақталынып қазірге дейін жалғасып
келеді.
2-ші Веда кезеңі(б.д.д.ІІ-мыңжылдың ортасынан-І-мыңжылдық ортасына
дейін).Арийлерде алғашқы қауымдық сенімдер мен көптәңірлікке
табынған,жоғарғы құдайы Индра деп аталады.Құдайларға арнап құрбандықтар
шалу,дұға ету,әндер айту олардың басты діни құлшылықтары еді,әсіресе
құрбандық шалу ғұрпы сол кезеңде ең маңызды рәсім ретінде саналады.Кейінгі
дәуірлерде дами келе діни ғұрыптар же дұға,әндер арнайы жинаққа ведаларға
біріктіріледі.Веда(көру)-мәтіндер жинағы арийлердің қасиетті
жазбасы.Абыздардың ролі күшейіп, қоғамның барлық саласына ықпал ететін
маңызды күшке айналады.
3- Брахманизм кезеңі(б.д.д.VІІІ-VІІғғ дан-б.д Vғ)ші Бұл кезеңде абыздар
ведалардың білгірі, рәсімдерді,әндерді же ғұрыптарды атқарушы,сақтап
ұрпаққа жеткізуші болды.Уақыт өте келе ведалық рәсімдер мен ғұрыптар
күрделеніп шиырлана түсті,құдайлар пантеоны(құдайларды дәрежесіне қарай
орналастыру)өзгеріске түсіп жаңа жағдайлар шықты.Брахмандардың діни
түсіндірмелері Брахмандар(түсіндірмелер) деген атпен жинақталды. Жаңа
діни түсінік Абсолют-Брахман(құдіретті құдай) өмірге келді.Әлеуметтік өмір
каста(варна)жүйесі бойынша реттеліп брахмандар жоғары тұрды.
4-ші Эпикалық немесе классикалық кезең(б.д.д.ІV-б.дVІ).Бұл кезеңде
буддизм же жайнизм діндерімен күресте индуизм діні жеңіп, Гупта дәуірінде
үндістанның ұлттық діні ретінде қалыптасты.Смирити дәстүрі,Махабхарата мен
Рамаяна дастандары же қазіргі индуизмнің негіздері осы кезеңде пайда
болды..
Сонымен үнді діні өзінің тарихында бірнеше кезеңдерді басынан өткеріп
қазіргі кейін жетті.
Индуизмнің негізгі идеялары. Үнді дінінің қасиетті кітаптары.
Қасиетті мәтіндер екі топқа бөлінеді:шрути(аяндар) же смирити(өсиеттер).

1. Шрути естіген мағынасын білдіреді.Үнді сенімі бойынша
шрутилер(аяндар)көне даналарға аян болып келген,олар өөздерінің ерекше
қабілеттері арқылы айрықша құдайлық ақиқаттарды естіп түсінген,жоғарғы
қасиетті білім немесе кірудің жеткізушісі болған.Сондықтан аян арқылы
келген қасиетті мәтіндер Веда(кіру,білу) деп аталады.Веда мәтіндері
кіпқырлы же түрлі тарихи кезеңдерде қарастырылған.Оның көне
қабаттары(бөліктері)самхиттер деп аталып,төрт ведадан тұрады.
Ригведа(гимндер ведасы), самоведа(әндер ведасы), яджурведа(құрбандық
рәсімдері дұғалары ведасы),атхарваведа(абыздардың сиқыр же түрлі діни
мәтіндер ведасы).Бұл самхиттердің ең көнесі Ригведа.
Ведалық әдебиеттердің келесі түрі брахмандар-діни мәтіндер,онда
абыздардың құрбандық шалу рәсімдері же түрлі ғұрып-рәсімдердің
орындалуы туралы айтылады.
Келесі мәтіндер араньяктар(сөзбе сөз:ормандық).Араньяктар
тақуалыққа түскен анахореттерге арналып(абыздардың өмір жолының үшінші
кезеңі)жазылған.Онда ішкі ойтолғау мен көкірек көзін ашудың жолдары туралы
айтылады.
Ведалық әдебиеттердің сонғысы упанишадтар(сөзбе сөз ұстаздың
ұлағатын тыңдау)өте терең же тылсым мағыналарда индуизмнің діни
философиялық ойларының негіздері берілген,сондықтан упанишадтар
веданың философиялық бөлігі саналады.Тағыда упанишадтарды Веданта
(аяқтау немесе Веда соңы)депте атайды.Упанишадтар санясилерге(брахманның
өмір жолының соңғы кезеңі)арналған,онда атман(шынайы мен),
Брахман(абсолют) же олардың бірлігі;карма,сансара ілімдері туралы
жазылған.Упанишадтар өте көп,оның ішінде 108-і ғана беделді саналады.

Брахмандар, араньяктар же упанишадтардың барлығы самхиттерге
топтастырылып олармен сәйкестендіріліп төрт Веданың толық мәтінін
құрайды.Үнді діни дәстүрінде Ведалар абсолютті діни бедел ретінде
қабылданады.
2.Смирити(өсиеттер,сөзбе сөз: жатталынған) мәтіндерінің Ведаларға
қарағанда қасиеттілігі(сакральность)төмен,сон дықтанда смиритилерге
барлық каста мүшелерінің қолы жетуі,олардың индуизмнің жоғарғы же
төменгі нысандарының қалыптасуына
ықпалы айрықша болды. Біріншіден смиритилерге үнді эпостары-Махабхарата
мен Рамаяна жатады. Махабхаратада негізінен діни философиялық
мәтіндер қамтылған, олардың ішіндегі ең маңыздысы Бхагаватгита(құдайдың
әні),ол индуизмнің же бүкіл үнді мәдениетінің қалыптасуына үлкен ықпал
жасады.
Сонымен қатар смиритилерге пурана діни шығармалары мен
дхармашастра діни ережелер жинағы да кіреді. Олардан Ману-заңы өте
танымал же беделді.
Дін ілімінің негіздері.
Құдай сенімі. Индуизм көптәңірлік дін,құдайлардың санының қанша
екені белгісіз.Үнді пантеонында(құдайлардың дәрежелеріне қарай
орналасуы)жоғарғы үш құдай(тримурти)-Брахма бас құдай жаратушы
құдірет,Вишну өмірлік күш қуаттың иесі же Шива ілім,өзгеріс, жаратушы
құдай.Сонымен қатар Дурга,Кали,Кришна,Лакшми,Ганеш же т.б. құдайлар
көп.Әрбір үндіс құдайлардың барлығына немесе қалағанына сыйына
алады.Олардың мүсіндері адам же хайуан кескінінде бейнеленеді.
Атман ілімі.Үнді діни жүйесінде адамның психикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Үнді діні
Британдық Индия
Будда діні құдіреті
Үнді-будда мәдениеті
Буддизм мен джайнизм
Үнді — будда мәдениеті туралы ақпарат
Қазақстандағы будда діні
Мәдениеттану. Будда діні
Ежелгі үнді мәдениеті
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері
Пәндер