Ұлы жібек жолы жөнінде



I.Кіріспе.

Ұлы Жібек Жолы

II.Негізгі бөлімі:

1. Ұлы Жібек жолының даму тарихы
2. 7.ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.
3. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс.күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.
Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
1. Тұрлығұлов Т. Б.Адырбек, А. Көпекбай.Ежелгі Қазақстан тарихы. Методикалық көмекші қүрал. «5» сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы, 2001жыл
2.Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы
ретінде. Алматы, 2002.
3. Жолдасбаев С, Аманбосынов К., Көпекбай Ә. Орта ғасырлардағы Қазақстан
тарихы. 7 сынып. Мүғалімдерге арналған көмекші құрал. - Алматы, 2002.
4.Коротков М. В., Студеникин М. Т. Практикум по методике преподавания
истории в школе. - М., 2000.
5. Коротков М.В. Студентчески М.Т. практикум по методике преподование истории в школе М-2002г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I-Кіріспе.

Ұлы Жібек Жолы

II-Негізгі бөлімі:

1. Ұлы Жібек жолының даму тарихы
2. 7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.
3. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың
материялдық мәдениетін байытты.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлы Жібек Жолы
Жібек Жолы (Ұлы Жібек Жолы) — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып,
Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты.
Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А.
Һерман (А Hеrman) 19 ғ. ұсынған.
Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде
ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды
батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді
болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге
барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы
байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Жібек жолында ат
ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек
өнімдерін ала барған ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және
батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң
Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік
берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен
мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол
гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге
айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту
мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер
тұрғызды.
Жібек жолы іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт
ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол
шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир
үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің
шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.
Ерте кездегі Жібек жолы Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань
тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып,
Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің
шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн
тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан
асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс
солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып
Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да
адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.
Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды. Юймынның батыс солтүстігінен
басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы
дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек солтүстік жол деп аталды.
Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп,
Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол
кейінгі кездері Орта жол деп аталды. Оңтүстік жол бұрынғысымен ұқсас.

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың жібек
саудасына байланысты “Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған
қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып
жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін
мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол
байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің
жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік
қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI
ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан
басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен
Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу
үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана,
Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал
солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі
тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы
Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.

Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды.
Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде
өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта
жанданып отырған.
Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі Қытай
деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен
Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұған жауап
ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы
елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар
ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл
тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен
арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға,
бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.
Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде
жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған.
Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия
елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған.
Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары
сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған.
Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай
өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан
жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын
адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына
тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия,
Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыды жібек өндірудің
дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен,
кытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының
Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар
болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды
тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде,
Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы
сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа
да шаруашылық түрлері дами бастайды.
Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының
барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан
да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы
арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен,
археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан
шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды
жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан
жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб,
Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті
шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени
байланыстың туа бастағандығын көреміз.
Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше
байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері
жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір
сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының
бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни
нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала
тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ
мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ
өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.
Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойып
қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық
(дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген.
Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас
жағынан жандана бастаған кезі б.з.б. II ғ. ортасында бастаған. Қытай
императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан
кейін оралған. Міне, осы елшілік оларған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия
жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған.
Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан.
Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік
қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық
байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған.
Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы
кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса
бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран
шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер
жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына
ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи
ықпалы зор болды.

7-ғасырдағы Ұлы жібек жолының мемлекет аралық сауда тасымалы.
7 ғ. кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, Жібек жолы
біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғ. дейін шығыс пен батыс
қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғ. басында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Ұлы жібек жолының географиясы мен туристік мүмкіндіктері
Ұлы Жібек жолы туралы мәлімет
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Жібек жолы одан
Ұлы Жібек жолының ежелгі тайпалар өміріндегі рөлі
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Ұлы Жібек жолы мәдениеті
Пәндер