Мұсылман құқығының қалыптасуы



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мұсылман құқығының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Мұсылмандық құқық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
3. Мұсылмандық құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
4. Мұсылман құқығының төрт бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғ. басында Мұхаммед пайғамбар жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран және әлемі бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар” халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру. Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары болды.
1. Сапарғалиев Ғ. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2004.
2. Маймақов Г. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 1998.
3. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мұсылман құқығының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Мұсылмандық
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..7
3. Мұсылмандық құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.8
4. Мұсылман құқығының төрт
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12

Кіріспе

Осыдан он төрт ғасыр бұрын, яғни ҮІІ ғ. басында Мұхаммед пайғамбар
жариялаған жаңа дін исламмен біріктірілген арабтар Аравия түбегінен кең
тарихи сахнаға шықты. Пайғамбардың ізбасарлары, яғни халифтер тұсында олар
Пиреней тауларынан Инд өзеніне дейін созылып жатқан орасан зор
территорияда, көне мәдениеттердің жұртында жаңа этникалық өркениет және ұлы
империя құрды. Бұл мемлекет Ұлы Македондық Александр заманынан кейін алғаш
рет Шығыс пен Батыс, эллинистік Жерорта теңізі елдері, үнді – Иран және
әлемі бірікті. Қасиетті құран мен рухтанған орта ғасырлық арабтар ҮІІ-ҮІІІ
ғғ. көптеген елдерді еш қиындықсыз-ақ бағындырды, басқа “варвар”
халықтардың жаулаушылықтарын өзгеше, арабтардың жаулап алушылықтыры жаппай
қырып-жою, қиратушылықтарымен жүрмеген. Араб жаулап алушыларын күні азған
ескі өркениеттерді қиратып орнына жаңа, прогресшіл өркениет орнатқан
халықтардың ұлы қоныс аударуының құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыру.
Халифатқа кірудің оған кірген барлық халықтар үшін айтарлықтай ақ салдары
болды.

Мұсылман құқығының қалыптасуы
Адамдарды Алланың жолымен жүруге шақырушылар фиқһ саласында өздерінің
тиісті деңгейімен ерекшеленеді. Ол үшін құлшылық етудің түрі, адамдармен
өзара қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы т.б. мәселелерге қатысты шариғатта
бекітілген маңызды қағидаларды терең білгені жөн.
Ал, фиқһ ғылымына келсек, бұл араб тіліндегі “әл-фикһ, толық білу,
түсіну” дегенді білдіреді. Терминдік мағынасы болса: “Нақты дәлелдерге
сүйене отырып амалдарға қатысты шариғат үкімдерін айқындау” деген ұғымды
білдіреді.
Фиқһ мазһабтарының барлығы Құран мен суннаға жүгінеді. Ғибадат, құқық,
ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасты қамтитын фиқһ – түрлі
ұлттарды құрайтын Мұсылман үмбетінің басын қосып, біріктіретін ғылым.
Басқаша айтқанда үмбеттің өмірі. Фиқһсыз үмбет өмір сүре алмайды. Уахи мен
ижтихадқа сүйенетін фиқһ ғылымы ешқандай ұлтта, ешқандай пайғамбардың
әкелген дінінде кездеспейді. Фиқһ Алла мен құлдың арасындағы жеке қарым-
қатынасты қалыптастырумен басталады. Намазды, оразаны, зекетті, қажылықты,
көзге көрінетін және көрінбейтін нәжістерден тазалануды, сүндетті, жүріс-
тұрысты үйретеді. Фиқһ айт, жұма күндерінде әдемі киінуді, хош иіс себуді,
желініп-желінбейтін нәрселерді, ішіп-жеудің әдебін үйретеді. Фиқһ қоғамның
ахлағы мен тәртібін реттеп, оған қажетті алғышарттарды қалыптастырған.
Мұсылмандардың бір жерге жиналып араларындағы міселелерді шешіп, ғылым-
білім, мәдениет алмасып, араларындағы бауырмалдықты қуаттандыру үшін
қажылық, айт, жұма сияқты міндетті кездесулерді реттеген.
Фиқһ отбасылық өмірді де реттеп, отбасының шаңырағын шайқалтпаудың
жолдарын да белгілейді. Қоғамдағы сауда-саттықты, құқық пен экономиканы
реттеп, алдап-арбауды, күштінің әлсізді езуін және өсім жеуді харам қылған.
Фиқһ қоғамның тек бұл дүниедегі өміріне байланысты бөлімін ғана
қарастырмай дүние мен ақырет өмірін бірге ала отырып қарастырған .
Адам баласы жаратушысы бар екенін білгенімен, оның бұйырған және тыйым
салған нәрселерін өзінше біле алмайды. Осы жағдайда фиқһ ғұламалары фиқһ
ғылымына сүйене отырып дұрысты бұрыстан, халалды харамнан айырып береді.
Білімсіздіктің тұңғиық түнегінен парасаттылық пен даналықтың шыңына
жеткізеді. Демек фиқһ ғылымының бұл дүние мен ақыретте Аллаһ Тағаланың
ризашылығын алып, мәңгілік бақытқа жетудің жолдарын үйрететін ғылымның
асқары десек болады. Осы адам баласының әрбір істеген істеріне байланысты
шариғат үкімдерінің жиынтығынан фиқһ ғылымы құралады. Ал шариғаттың амали
үкімдеріне негіз болған дәлелдер төрт нәрседен бастау алады. Олар мыналар:
Құран;
Сунна;
Ижма (ұжымдық қаулы);
Қияс (жанама шешім).
Мұсылман ғұламалары шариғат ғылымдарының негізі болған Құран мен сунна
амалын жан-жақты тексерген, олардан алынатын дәлелдерді бір-бірлеп
айқындап, олардың қағидаларын түзген және үкімдерді шығарып алуда кімдерге
еру керек, оның қандай шарттары бар екенін толығымен анықтап белгілеген.
Яғни бір сөзбен айтқанда мұжтахид пен ижтихадтың шарттарын, тақлид пен оның
үкімдерін баяндап түсіндіреді.
Мұсылман ғұламалары өздерінің мазһабтарының әртүрлілігіне қарамай әрбір
кісінің істеген ісі, айтқан сөздері, мейлі ол ғибадат па, мәміле ме, қылмыс
па, сауда-саттық па, не істесе де оның шариғи үкіміне ешкім таласпайды. Сол
себепті де фиқһ ғылымы бұл даулы мәселені шешуде үлкен роль атқарады және
оның шешілуінекөмектеседі. Сол себептен осы үкімдердің кейбіреулерінің
Құранда келген аяттар немесе хадис шарифте келген мәтіндер баяндап өткен.
Сондай-ақ кейбіреулерін анық айтпаған, дегенмен шариғат оларға да
дәлелдерді айқындап берген, оны мұжтахидтер дәлелдерге сүйене отырып,
кейбір белгілеріне қарап үкімдерін қояды, оның шариғаттағы кесімді
үкімдерін айқындайды.
Осы шариғат үкімдеріне байланысты қағидалар мен зерттеулерден усулу-
фиқһ ғылымы туындады. Мұсылман да Усулу-фиқһқа мынадай анықтама берілген:
Жалпы дәлелдерден шариғат үкімдерін шығаруға алып баратын ережелер
жиынтығы. Фиқһ ғылымы шариғи үкімдерді айқындау үшін мүкәлләфтің сауда-
саттығын, өкілетін, намаз-оразасын, қажылық ғибадаттарын, кісі өлтіруі мен
ұрлығын, мойындауымен қарсылығын, осы істерде оның шариғи үкімдермен таныс
болып болмауын, қысқаша айтқанда әрбір ісін тексереді. Сондықтан усулу-фиқһ
қияс пен оның құжаттылығын, әмір мен одан туындайтын үкімдер туралы сөз
қозғайды. Мәселен, Құранда шариғат үкімдерінің ең бірінші дәлелі, оның
мәтіндері бір қалыпты болып келмеген. Оның кейбіреулері әмір, енді бірі
тыйым салу, кейбірі жалпылама, шариғи үкімдердің жалпы жиынтығынан алынған
қорытынды үкім түрінде келген. Усулу-фиқһ ғылымы осы айтылғандардың бәрін
егжей-тегжейлі тексеріп зерттейді және топшылайды. Мысалы, усулу-фиқһ
әмірден уәжіп үкімі, тыйымнан харамның үкімі шығатынын айқындап береді.
Осылайша усулдің тер төгіп анықтаған қағидаларын жүйелеген зерттеулер мен
еңбегін фиқһ ғылымының ғалымы яғни, фақиһ дайын үкім ретінде қабылдап, оны
іске асырады. Жалпылама үкімдерден жекелеген үкімдерді шығарып, шариғаттың
амали үкімдерінің кеңейтілген жобасын жасайды. Сондай Мұсылман и қағидалар
арқылы дінді қорғай білу, біз үшін өте қажет. Өйткені мұсылман адам барлық
ғылым жетістіктері бойынша жан-жақты хабардар болуы тиіс. Сол себепті
осындай істерді фиқһ ғылымы зерттейді.
Фиқһ мазһабтарының шығуына мына нәрселер себеп болған:
- түсінігі мен қабілетінің әр түрлі болуы. Олардың түрлі аймақтан және
әр түрлі мәдениеттің ортасында өмір сүруі түрлі ижтихадтың туындауына себеп
болған. Өйткені әр жерде түрлі мәселелерге тап болып, бұл мәселелерді сол
жердегі жағдайларға көре шешу керек;
- фиқһшылар мен мужтахидтердің Қолданған әдіс-тәсілдерінің алуан түрлі
болуын да мұның бір себебі ретінде айтуға болады. Мазһабтардың кейбірі
ақылға қатты көңіл бөледі, ал кейбірі болса нақылға (Құран мен хадис) қатты
көңіл бөледі. Осының салдарынан да әр түрлі нәтижелер шығады[1].
Мұсылмандық құқық
Мұсылмандық азаматтық құқық – шариат заңы негізінде азаматтық қарым-
қатынасты және содан туындайтын мәселелерді реттейтін қағида-ережелер
жиынтығы. Ондай қағида-ережелер фикһ ілімінің ең үлкен тармағын құрайды.
Азаматтық құқық негізінен  Ақудат, Айқаат, Ахкам бөлімдерінде
қарастырылған.
Ондағы отбасы мен неке, сату мен сатып алу, қарыз беру мен қарыз алу,
сақтауға беру, жалдану, кепілдік, үжіре, серіктестік, тапсырыс, жерді жалға
беру, уақып, өсиет айту, татуластыру, банкроттық ең маңызды міндеттемелер
қатарына жатады. Шарт талабы мүлтіксіз орындалуға тиісті
міндеттемелер ләзім тобына, ал бір тарап ұсынысымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Ислам шығуының идеялық бастауы
Құқықтық жүйе
Мұсылман құқығының пайда болуы мен дамуы
Мұсылман құқығының мәтіндері
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Құқықтық жүйелер
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Мемлекет дамуы кезеңдері
Пәндер