Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысына сипаттама


Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысына сипаттама.
Сынып жетекшісі өте маңызды да әрі жауапты міндеттерді атқарады. Ол
кластағы жұмыстарының ұйымдастырушы және оқушылардың ұстазы болып табылады.
Бұрынғы орта оқу орындарында оқушыларды тәрбиелеу міндеті ерлер гимназиясында үйретуші ұстаздарына, негізінен, гимназистердің тәртібі мен оқуына және жалпы саяси көзқарастарына бақылау жүктелген.
Жаңа мектептің құрылу жағдайында олардың бақылау фнкциялары саяси-әлеуметтік міндеттерге жауап бермеді де ондай қызметтер қысқартылды.
Совет мектептері өмір сүре бастаған алғашқы жылдарда сабақ үстіндегі және оқудан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу барлық мұғалімдерге жүктеліп, ол міндеттер жүзеге асырылады.
Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің жанұямен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс жұмыстары. Осы жұмыстардың барлығына мектепте сынып жетекшісі басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерінің қалыптастыруды, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтастығын істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары: педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті тәрбие жұмысының жоспары жасалып, оны басшылыққа алады.
Мектептерде сынып жетекшісі деген қызмет алғашқы кезде болмады. Өмір мұғалімдердің тәрбиешілік қызметін үйлестіруді және біріктіруді, әсіресе, оқушыларды сабақтан тыс уақыттарда тәрбиелеуді ұйымдастырудағы кемшілікті жоюды талап етті. Сондықтан көптеген мектептерде 20-жылдары стихия түрде тәрбие жұмыстарының жетекшілері пайда бола бастады. Олар оқу топтарына бекітіліп, топ жетекшілері деп аталды. Топ жетекшілері негізінен оқушылардың сабаққа қатысуымен үлгірімдеріне бақылау жасау міндеттерін атқарды.
Мамандардың аздығына байланысты жаңа мектептерге ескі мектеп мұғалімдері қабылданды. Әрине, олар жаңа идеологияны қабылдамаған болатын, сондықтан олар (мұғалімдер) консультанттар міндетін атқарды, мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқару органы (оқушылар комитеті) болды. Біртіндеп оқушылармен өткізілетін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары да дами бастады. Сыныпқа бекітілген мұғалімдердің қызметтері де, жаңа бағыттары да өзгере бастады.
1934 жылы топтар сыныптарға өзгертілгеннен кейін топ жетекшілері сынып жетекшілері деп аталды. Сынып жетекшісі туралы ережені 1934 ж. 26 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы ережемен бірге сынып жеткшісінің қызметі де бекітілді. 1934 ж. бастап сынып жетекшісінің қызметі енгізілді. Мектепте оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1966 ж. қаулымен сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қызметі енгізілді. Сынып жетекшісі оқушылар мен сынып активін мектеп көлеміндегі өтілетін кейбір жұмыстарды бірігіп ұйымдастырды.
Сынып жетекшісін тәжірибелі және беделді мұғалімдерден мектеп директоры тағайындайды.
Сынып жетекшісі өз жұмысын белгілі бір жүйемен жүзеге асырған жағдайда ғана өзінің мақсатына жетеді және ең жақсы нәтижелерге ие болады.
Жан - жақты тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын өзара байланысты тәрбие іс-шараларының жиынтығы сынып жетекшісі жұмысының жүйесі деп аталады. Жүйе сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын қамтиды (саяси-идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т. б. ) .
Жүйеден сынып жетекшісінің негізгі жұмыстары белгіленеді: сынып жетекшісінің негізгі функциялары мен міндеттері «Орта білім беретін мектеп Уставында», «Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық хатта анықталды.
Тәрбие мәселесінің басты міндетін шешу үшін сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білу керек.
К. Д. Ушинский «Адам-тәрбие нысанасы» деген еңбегінде былай деп жазған: «Егер педагогика адамды жан-жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек».
Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі оқушылардың мінезін, қабілетін білуі қажет. Балаларды зерттеп білу сынып жетекшісінің өз жұмысын ойдағыдай атқарудың басты шарты. Сондықтан, жеке шәкірттер жайлы сынып жетекшісі төмендегідей мәліметтерді білуі қажет:
- оқушылардың денсаулығы;
- жанұядағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;
- оқушының ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
- мінез-құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейінін т. б. психологиялық ерекшеліктерін;
- үлкендермен, кішілермен, ата-анасымен, жолдас-жораларымен қарым-
қатынасын;
- моральдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;
- еңбекке көзқарасын;
- эстетикалық талғамдарын, қызығцларын, өнерге, әдебиетке ден қоятындығын;
- интеллектуалдық дамуын;
- саяси сауаттылығын т. б.
- қоғамға көзқарасы: еңбекке және еңбек адамдарына құрметпен қарау.
- оқушының өзіндік тәрбиелік потенциалы: жанұядағы тәрбие, қолданылатын әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Ата - ананың көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, олардың тәрбие барысында ескеру қажет.
Жанұяның өзіне тән ерекше функциялары бар. Ол халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі-қарай жалғастыру, қажетті шаруашылық функциясы, үйелмен мүшелерінің өзара және туған - туысқандарымен қатынас жасау функциясы.
Тәрбиенің проблемалары педагогикалық әдебиеттерде, А. С. Макаренконың, Н. К. Крупскаяның, В. А. Сухомлинскийдің және басқа да ғалымдардың еңбектерінде кең түрде баяндалған.
Тәрбие процесі бір қалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу мәліметтеріне қарағанда жанұядағы тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының баеты себебі үлкен адамдардың педагогикалық көз қастарының қауқарсыздығынан болады.
Біріншіден - ата-ана жағынан болатын өктемдік баланы өзін-өзі
билеушілігінен айырады, Әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенімсіз және ішкі жай - күйі төмен болады.
Екіншіден, баланың еркелетушілік, бетімен жіберушілік ата-алардың бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп еркін жіберушілік, өзімшілдікке тәрбиелейді.
Үшіншіден, эке мен ананың және басқа жанұя мүшелерінің тарапынан біріңгай талаптың жоқтығы. Осындай нәтижесінде ата-аналардың немесе ересек үйелмен мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екіжүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден, ата-аналар балалардың еркімен қарым-қатынас жасаудың өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жағдайы. Бұл баланың қалыптасуына, дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден егер әке мен ана өз баласының іс-әрекетіне немқұрайды, жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдер де кездеседі. С. Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетеді: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Менмендік (тәкаппарлық) беделі», «Арақашықтық беделі», «Тақуалық беделі», т. б.
Жанұя тәрбиесінде халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан
тәжірибесін, ұлттық ерекшелігін есепке алу өте қажет. Жанұяға қатысы ар адамдардың әлеуметтік орны біздің халықта өте терең жіктелген. Мысалы, ата мен әже, аке мен шеше, аға мен ана, іні мен қарындас, немере, шөпшек, жиен, жиеншер мен қүдағи, құда бала мен құдаша, қайын мен сіңлі, жезде, бажа, т. б. Жеті ата мен одан тарайтын шаңырақтар, ру, жүз, . с. с.
Адамдардың ара-қатынасын белгілейтін ұғымдар сырына терең үңілсек, адамгершілікті адамның тұлғалық жан дүниесінен орын алатын рухани байлықты байқауға болады. Адамның өмір салтын құрайтын іс-рекетінен қарым-қатынас тұрғысынан қарасақ біздің халықта бұл мәдениет әр адамның әлеуметтік орнына қарай қалыптасқан. Қарым-қатынастық, іс әрекеттік байлығы адам тұлғасынан орынды саналы қасиеттерінің қайнар көзі болып табылады. Жанұя, мектепте бұл қатынасты тәрбиенің нэрменді құралына айналуы қажет.
Біздің халкымыздың жанұя жағдайында жас ұрпақ жетекші буын ата мен әже іс-әрекетінің төңірегіне шоғырланған. Себебі, жанұя әке мен шеше негізі иелері, жанұя қажеттілігін қамтамасыз етушілер. Ал ата мен әженің өмір тәжірибесі өз дәрежесінде даналық ақыл - ойдың орынды дүниетанымының, талғамының денсаулық бағбанының, орынды тәртібімен мінез - құлықтық мектебі болып табылады.
Сынып жетекшісі тек жеке оқушыларды зерттеп білу емес, сонымен қатар ол сынып коллективінің ұйымдасқандығын, оқушылардың коллективтегі өзара қарым-қатынасын зерттеп білуі қажет. Өйткені коллектив оқушыларды тәрбиелеуде басты роль атқарады.
Оқушыларды зерттеп білудің тәсілдері. Оқушыларды зерттеп білуде сынып жетекшісі әр түрлі тәсілдерді қолданады:
- бақылау тәсілі (сабақта, сембіліктерде, басқа да сыныптан тыс жұмыстарда) ;
- әңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата-аналармен, кітапханашымен, оқушының жолдастарымен, өзімен) ;
- анкеталардытолтыру толтыру тәсілі;
- құжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгірім журналымен) ;
- оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет т. б. ) ;
- табиғи эксперимент;
- тәуелсіз мінездемелерді қорыту тәсілі.
Зерттеуге қойылатын талаптар:
- зерттеу үздіксіз, жүйелі, жоспарланған түрде жүргізіліп отыруға тиісті;
- оқушылардың тәрбиесі мен сабақ үлгірімін арттыруға бағытталған зерттеу;
- зерттеу оқушылардың өмірі мен күнделікті табиғи жағдайында өткізіледі;
- оқушыларды білу үшін әртүрлі әдістерді қолдану керек;
- оқушылардың мінез-құлқының бір жақты емес, жан-жақты зерттеу;
- зерттеу оқушылардың тұрмыс жағдайларымен танысуды көздейді.
Оқушыларды зерттеу нәтижелері педагогикалық мінездемелерде жинақталады. Мінездеме де сынып жетекшісі оқушының жалпы дамуын көрсетеді. Оның оқу ісін, еңбек және қоғамдық белсенділігін, мінез-құлқының негізгі белгілерін бағалайды.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілері барлық сыныптарда оқушыға мінездеме жазады. Мінездеме нәтижелерін қорытуға көмектеседі және тәрбие жұмысын жеңілдетеді.
Сыныпта жұмыс істейтін пән мұғалімдерінің жұмысын үйлестіру.
Сыныптағы тәрбие жұмыстарын сынып жетекшісі пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жүргізеді. Мұғалімдердің оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының ерекшеліктерін байқайды, олардың талаптары мен оқушылармен қарым-қатынастарын, әрбір оқушылар жайында пікір алысады, және оларға ықпал жасаудың тәсілдерімен келіседі. Себебі әрбір пән мұғалімі тек сабақ беруші ғана емес, сонымен қатар оқушылардың моральдық бейнесін, көзқарастарын қалыптастыратын тәрбиеші де.
Сынып жетекшісі оқушыларды мектептің жастар ұйымдарымен бірлесе
отырып тәрбиелейді.
Бастауыш сыныптарының мұғалімі өз сыныбының ұжымы мен күнделікті методикалық көмек көрсетіп, олардың барлық істерінің ұйымдастырушысы, сынып коллективінің дербес органы болуы үшін талпынып отырады. Сынып жетекшісі оқушылардың бойында жан-жақты қызығулар мен шеберліктерді қалыптастыру үшін, тәрбие жұмысының кең қоғамдық саяси бағыты үшін де үнемі қамқорлық жасайды. Оқушылар ұжымының жұмысын дұрыс ұйымдастыру және коллектив құру көбінесе сынып жетекшісі мен мұғалімдерінің өзара тығыз ынтымақтастығына және бірлескен қызметіне байланысты. Сынып жетекшісі өз жұмысын оқушылар мен ынтымақтаса отырып жүргізеді.
Сынып жетекшісі - сынып ұжымының ең бірінші ақылшысы және ұстазы. Ол өз сыныбының оқушыларын жақсы біледі, сондықтан сыныпта активистер барлық бастамаларына жәрдем көрсете алады. Сонымен қатар ол өзінің күнделікті тәрбиелік жұмысында.
Сынып жетекшілері оқушылардың қоғамдық-практикалық істеріне ықыласын арттыруға, олардың бойында қажетті ұйымдастырушылық дағды мен шеберлікті дамытуға тырысады. Оқушылар дербестігін дамытудың негізінде олардың қабілеттігі мен мүмкіндігіне оптимистік сенім білдіреді.
Сынып коллективін топтастыру мен тәрбиелеу жөніндегі сынып жетекшісінің оқушылар ұйымымен бірлесіп жүргізетін жұмысы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz