Ұйықтататын дәрілер


Ұйықтататын дәрілер
Ұйықтататын дәрілер, ұйқы тудыратын заттар - адамда табиғи ұйқыға жуық жағдай туғызып, оның тереңдігі мен ұзақтығын қамтамасыз ететін дәрілік заттар. Ұйықтататын дәрілерді көп мөлшерде қабылдаса, наркоз жағдайына әкеледі. Мұндай дәрілік заттар организмге жүйке жүйесінің қызметін тежеу арқылы әсер етеді, бауырдың әсерімен өзгеріске түсіп жойылады, ал артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен шығады. Ұйықтататын дәрілерге барбитур қышқылының хим. құрамы әр түрлі препараттары - барбитал, фенобарбитал, барбитал-натрий, барбамил, этаминал-натрий, циклобарбитал; пиперидин туындылары (ноксирон) және алифатты дәрілік препараттар (хлоралгидрат, бромизовал, т. б. ) жатады. Тыныштандыратын дәрілік заттар (бромидтер, шүйгіншөп препараттары, т. б. ) да ұйқыны қалпына келтіруге әсер етеді. Бұл дәрілер адамның эмоц. қозуын, мазасыздануын басып, терең ұйқыға кетуіне жағдай жасайды. Ұйықтататын дәрілердің көмегімен ұйықтау мен табиғи ұйқының арасында үлкен айырмашылық бар. Ұйқы келтіретін дәрілік заттар ұйқының арнайы бір фазасына әсер етуі нәтижесінде, оның физиол. ауысу мезгілдерін бұзады. Мыс., барбитураттар ұйқыны тез келтіргенмен, ұйқының ұзақтығын қысқартады. Егер Ұйықтататын дәрілерді ішпесе, адамның тез ұйықтап кету фазасы ұзарады, осыған байланысты адамда ұйқысыздық сезімі күшейіп, әр түрлі жаман түстер көру көбейеді. Ұйықтататын дәрілерді пайдаланудан бұрын ұйқының бұзылу себебін анықтау қажет. Егер науқас тез ұйықтап, бірақ өте ерте оянатын болса, ұзақ мерзімге әсер ететін барбитал, фенобарбитал; қиналып, көпке дейін ұйықтай алмаса, бірақ ұйықтап кеткеннен кейін ұйқысы қалыпты болатын науқастарға барбамил, этаминал-натрий, ноксирон, т. б. беріледі. Ұйықтататын дәрілерді күн сайын қабылдау оның организмде жиналуына себеп болып, тұрақты ұйқышылдықпен қатар жүреді (қ. Кумуляция) . Ұйықтататын дәрілерді ұзақ уақыт бойы қолдануға әбден дағдыланған адам дәрі ішпей ұйықтай алмайтын болады. Сондықтан қажетті тиімділікке қол жеткізу үшін дәрі мөлшерін көбейтуге тура келеді.
Ал бұл Ұйықтататын дәрілерге патол дағдылануға алып келуі мүмкін (қ. Нашақорлық) .
Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.
Ұйықтататын дәрілерді тек дәрігер белгілейді. Мұндай дәрілерді ішкенде өте сақ болған жөн, дәрінің мөлшерін өз бетінше көбейту улануға әкеп соғуы мүмкін. Ұйықтататын дәрілерді ішкенде түсініктемедегі ережелерді бұлжытпай орындау қажет. Ұйықтататын дәрілер дәріханаларда тек қана рецепт арқылы беріледі; қ. Транквилизаторлар.
Ұйықтатып тастайтын дәрі-дәрмектің бәрі бірдей зиянды емес. Тек жаңа заманғыларын пайдалану керек.
Дәрі ішу, өзін-өзі босаңсыту
Адамдардың бір тобы ұй-ықтататын дәріні анда-санда, мүлде амалы таусылғанда ішеді. Мұндай жағдайлардың айына бір рет, жылына бірнеше рет қайталануы мүмкін.
Адамдардың екінші тобы ұйықтататын дәріні бірнеше күн қатарынан ішеді, одан кейін үзіліс жасайды, сосын тағы да іше бастайды.
Адамдардың үшінші то-бы ұйықтататын дәріні «үздіксіз» қолданады. Олар жатар алдында міндетті түрде ұйықтататын дәріні ішіп алады. Сөйтіп, ешқашан үзіліс жасамайды.
Мұның қайсы дұрыс? Оны дәрігердің кеңесі арқылы ғана анықтаған жөн. Негізінен, мамандардың пайымдауынша, ұйқысыздық шаршатқанда оны жеңетін құрал дәрі-дәрмектер емес, адамның өз күш-жігері мен ақылы. Ұйқысыздықпен өзін-өзі сендіру арқылы күресу - қазіргі ғылым жоққа шығара алмайтын тиімді тәсілдердің бірі. Адамның миы мен қаңқасының бұлшық еттерінің арасында байланыс бар болғандықтан, ми өзінің ырғақты толқынын дене бұлшық еттеріне жіберіп отырады. Бұлшық еттер өз тарапынан қандай жағдайда тұрғандығы жөнінде миға хабар береді. Яғни, бұлшық еттер ширыққан күйде адамның сергектігі жоғары болады да оның ұйқысы келмейді. Сол себепті адамдар өзін-өзі босаңсыту (өзін-өзі гипноздау) арқылы жан-дүниесін тыныштандырып, ұйқысыздықпен күресе ала- ды. Біздің жариялап отырған аутогендік жаттығулар дәрігер - мамандардың кеңесі және де біздің бұл мақаламыз ғылыми дәрігерлік ақыл-кеңестер бойынша жазылып отыр.
Наркоз
Наркоз (грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады. Негізінен күрделі хирургиялық операциялар кезінде ауру сезімін болдырмау мақсатында наркоз беріледі. Наркозды организмге жіберудің: ингаляциялық (дәріні тыныс жолдарына жіберу), ингаляциялық емес (дәріні қан тамырына, бұлшық етке, тері астына егу) және күрделі (аралас) түрлері бар. Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды. Наркоз арнайы наркоз аппараттарымен беріледі. Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.
Валериана
Шүйіншөп (Valerіana) - өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі - сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 - 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында - 16 т, Күнгей Алатауында - 0, 3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары - түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны - 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркстан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz