Түркі халықтарының XIY-XYIII ғасырдың I жартысындағы орналасуы, тілі, діни сенімі, демографиялық және антрополгиялық құрамы


Түркі халықтарының ХІҮ-ХҮІІІ ғасырдың І жартысындағы орналасуы, тілі, діни сенімі, демографиялық және антрополгиялық құрамы
Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы солтүстік-шығыста сонау Мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейінгі, шамамен алғанда 13-14 млн. Шаршы километр аймақты алып жатыр.
Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Осыншама кең байтақ өлкеде көшіп- қонған олар оңтүстік- шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арасына дәнекер бола отырып, өздері де жан- жақты дамыды.
Түркі тілдес халықтарының ежелден мекендеп, қалыптасқан жері- Еуразияның дәл кіндік тұсы, атап айтқанда, Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, Еділ бойы және Орал өңірі. Қазір бұл жерде 40 түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың 25-інен астамы тұрып жатыр.
Осыдан бірнеше жүздеген, тіпті бірнеше мың жылдай бұрын жаугершлік немесе ауа көшу салдарынан көшпелі түркілердің Шығыс Сібірдің солтүстігінде және Азия мен Қаптауда жаңа қоныстану аймақтары пайда болды. Соңғы қоныстанған мекендері алдыңғысына қарағанда үш есе кіші болғанымен, өмір сүруге қолайлы және жылы болғандықтан, онда қазір түркі тілдес халықтардың жартысынан астамы мекендейді. Түрік халықтары сонымен бірге саны көп басқа халықтар арасында, мысалы Иранның тау жағында, Солтүстік Қаптауда, Балқан түбегінде және Дунай мен Дон өзендерінің аралығында шағын топтар құрап орналасқан. Түркілер Иран мәдениетімен сусындағанымен, өз тілдерін, өз елдігін сақтады. Түркі және мұсылман әдебиетінің орталығы ХІІ ғасырға дейін Қашқария болды. ХІІ ғасырда Сырдарияның орта және төменгі тұсында орналасқан Хорезм осындай орталыққа айналды. Мұнда пайда болған әдеби қозғалыс монғолдар шапқыншылығы тұсында да жалғаса берді. Мұнда шағатай әдеби тіл деп аталатын тіл парсы тілімен жарыса қолданылды. «Шағатай» деген термин болмай тұрған кезде Хорезмде туған авторлар ХІҮ ғасырдың басында араб, парсы, түркі тілдерінің поэзиядағы өзіне тән құндылықтарын салыстырды.
Ірі тарихи оқиғалар және мемлекеттік бірлестіктердің құралуы түркі тілдері өз ішінде түрліше болып қалыптасуына, кең таралуына себепкер болды. Мысалы, алғашқы Түркі қағанаты құрылғанда қырғыз, оғыз, қарлұқ тілдері Алтын Орда заманында қыпшақ тілі, Әмір-Темір әмірлігі кезінде шағатай тілі, ал Осман империясы шарықтағанда селжұқ тілі гүлденіп, өркендеді. Бір ғажап нәрсе- түркі халықтары ислам дінін көп қысымшылықсыз қабылдады.
Ислам діні- дүниежүзілік тілдердің бірі. Ол дүние жүзіндегі бірнеше нәсілге тарап, әр текті, мәдениеті әр қандай деңгейдегі халықтарды байланыстырды.
Түркілердің көбі- мұсылмандар, негізінен, суниттер. Ал ислам дінінің аяғы жете алмаған солтүстік-шығыстағы түркілер ғана ежелгі шаман дінін сақтап қалған. Түркілердің аздаған ғана бөлігі басқа діндерді, мысалы, тувалықтар ламаизмді, қараимдар мен бұхаралықтар иуда дінін тқтынады. Ежелгі тәңірі мен кейін кірген ислам дінін аралас тұтыну тек қазақтар мен қырғыздарда ғана кездеседі.
Монғол басқыншылығы және монғол империясының құрылуы екі жаққа тең әдебиетті таратты, әсіресе ерекше көзге түсетіні батыс Персияда ХІҮ ғасырдың басында жазылған Рашид-ад-Диннің шығармасы. Бұл еңбек түркі, монғол тайпалары жөнінде, әрқандай діни түсініктер мен әдет-ғұрыптар жайлы Орта Азиялық көшпенділер туралы көп мәлімет береді. Рашид-ад-Диннің жазғанынан аңшылықпен күн көретіндерге көшпенділердің өмірі ауыр болып көрінетіні, шаман аңшылықпен айналысатындар арасында ғана сақталғанын байқаймыз.
Көшпенділік ислам дінінің, мұсылмандық мәдениетінің тарап, өрістеуін тоқтата алған жоқ.
Еділ мен Ертісте ислам діні берік орнығып қана қоймай, монғолдар үстемдігіне дейінгі дәуірде оның әсер-ықпалы оңтүстікте ғана емес, солтүстікте де күшті болды. Сонымен бірге, Қытай мен шығыс Түркістанның бір бөлігінде ислам діні дүниеге келді. Ал монғолдар шапқыншылығына дейінгі кезеңде ұйғырлар қоныстанған аймақта христиан діні үстем болған еді, енді олар да біртіндеп ислам дінін қабылдай бастады.
Түркілердің саны жөнінде сөз ететін болсақ, бұл бір тілдес халықтар Еуразия құрлығында алтыншы орында тұр. Тілінің таралуы жағынан қытай, үнді, славян, роман, герман тілдерінен кейінгі орынға ие болады. Түркілердің ішінде түрік, қазақ, өзбек, әзірбайжан, түрікмен, қырғыз сияқты ірі халықтармен бірге шор, долған, қарайым, қырымшақ сияқты ұсақ ұлыстар да баршылық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz