Тіл-менің тірегім


Тіл - тақырыбында айтылар өз ойларымның бастамасын Кеңес одағының батыры, Прокуратура саласының ардагері, мемлекет қайраткері, ақын Бауыржан Момышұлы атамыздың мынадай қанатты сөздерімен бастағанды жөн көрдім:
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».
Иә, жалпы адамзат баласы үшін тоғыз ай он күн құрсағында көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін беріп өсірген анасына деген құрмет қандай өлшеусіз болса, тілге деген құрмет те сондай өлшеусіз болуы қажет деп есептеймін. Себебі, тіл сөзінің қазақта, жалпы әлем халықтарында ана сөзімен біріктіріліп «ана тілі» деп аталуының өзі бекер құбылыс деп айту өте қиын. Жалпы адам баласының бойындағы тәрбиелілік, тектілік, инабаттатылық, мейірбандылық және ақылдылық сияқты жақсы қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтімен даритындығын ескерсек, ана тіліне деген құрмет те бойымыздағы жақсы қасиеттердің бірінен саналады.
Қазақ тарихында ана тілінің құрметіне жыр шумақтарын арнаған ақын ағаларымыз аз болмаған.
Солардың бірі, өзіміздің сыр өңірінің тумасы, ақиық ақын Әбділда Тәжібаев ағамыздың:
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін, -- деп жырлаған жыр шумақтары еліміздің ана тіліне деген құрметінің бірден-бір айғағы болып, кеудесінде жүрегі «мен қазақпын» деп соққан әрбір қазақ баласына ана тілінсіз мемлекет құру немесе қазақ елін дамыту мүмкін еместігі жөнінде ой салары сөзсіз.
Ата Заңымыздың 7-бабының 1-бөлігіне сәйкес мемлекеттік тіл-қазақ тілі болып белгіленуіне орай, қазақ тілі тек ана тіліміз емес, тәуелсіз мемлекетіміздің мемлекет ретінде қалыптасуының бірден-бір тетігі екендігі айқын.
Мұны еліміздің тұңғыш президенті, бүгінде төрткүл дүние таныған сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: « . . . Әрине, ең бір қиын кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тетігі болуғы тиіс», -деген сөздерінен аңғармау мүмкін емес.
Себебі, тәуелсіз Қазақстан халқының негізін қазақ халқы құрайтындықтан ұлттың біртұтастығын сақтап, қаймағы бұзылмаған ежелгі салт-дәстүріміздің сол күйінде ұрпақтан - ұрпаққа берілуін қамтамасыз ету үшін қазақ тілін насхаттап, оның қолданылу аясын бұрынғыдан да кеңейте түсу қажет.
Осы мақсатта президентіміздің ұстанған көреген саясатының негізінде бүгінде қазақ тілін оқып-үйренгісі келетіндерге ешқандай шектеу қойылмаған, керісінше қазақ тілін оқып үйренуге барлық мүмкіндіктер жасалып, тегін оқыту курстары ашылып, тіпті тұтастай компьютерлік бағдарламалар да әзірленіп, халық игілігіне пайдаланылуда.
Осындай келелі істер атқарылуына қарамастан, бүгінгі күні арамызда ана тілінде сөйлей алмай, қазақ тілінде сөйлеуді өзіне ұят санап, қаймағы бұзылмаған қазақ тілін өзге шетел тілдерімен араластырып, шұбарлап сөйлейтін қандастарымыз да жоқ емес.
Осы тұста бала күнімізден оқып өскен ақын А. Құнанбаевтың мына бір өлең шумақтары еске түседі:
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Әрбір адам жеке адам ретінде өмір сүре алмайтынын, ол өзі өмір сүріп жатқан ортасымен, яғни қоғам мүдделерімен санасатынын ескерсек, осындай өмірде адасып, жаңсақ басып жүрген қандастарымызға қазақ тілін үйретіп, оның тазалығын, әсемдігін және байлығын жеткізу әрбір қазақ азаматының парызы.
Себебі, Абай атамыз айтқандай тек ақындарды ғана сынға алмай, өзінің жолдасының қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмайтынына күлмей, оны келеке етпей, оның нағыз қазақтың таза әдеби және мәдени тілімен сөйлеуіне ықпал еткен әрбір адам қазақ қоғамы үшін, мемлекетіміз үшін пайдалы іс жасаған, мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан - нағыз патриот болып есептелетіндігі анық.
Сөз соңында, Кеңес одағының батыры, Прокуратура саласының ардагері, мемлекет қайраткері, ақын Бауыржан Момышұлы атамыздың: «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры ғана емес, бүрсігүнгі де тағдыры», --деген қанатты сөздерін тілге тиек ете отырып, өзіміз туып өскен жеріміз, туған еліміз Қазақстан Республикасының дамуын оның мемлекеттік тілі, ана тілі қазақ тілінің дамуынсыз елестету мүмкін емес екендігін, қазақ тілі Қазақстан мемлекетінің және әрбір қазақ азаматының тірегі екенін айтқым келеді.
Сол себепті, барша Қазақстандықтарды анамыздың ақ сүтімен берілген, ана тіліміз - қазақ тілінің қарыштап дамуына үлес қосуға шақырамын.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz