Стратегиялық жоспарлау бойынша дәрістер


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

15. ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

Тақырып 1. Стратегиялық жоспарлау негізі.

Сұрақтар: 1. 1 Стратегиялық жоспарлаудың теориялық негізі.

1. 2. Өндірісті ішкі фирмалық жоспарлаудың миссиялық іс-әрекетінің мәні.

1. 3 Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты .

1. Кез-келген пәннің негізін құрушы теория, методология, әдістеме және әдіс. Теория (кең түсінікте) - бұл қазіргі кездегі көзқараспен, жүйе-заңдылық, идея, өзінің мақсатында кез-келген процестерді жағдайларды түсіндіру.

Теория (шағын түсінікте) - ғылыми білімді ұйымдастыру түрін кеңірақ дамыту, заңдардың туындауына толық түсініктеме беру және тиянақты іс-әрекетпен негізгі қарым-қатынаста болу. Теорияны құрушы компоненттер: жинақталған және белгілі бір білім, түсінік терминдер, категориялық, гипотеза және негіздер саласының проблемасына жан-жақты тәжірибелік шешімін жасау.

Термин- белгілі бір саладағы ғылыми білімді бір немесе бірнеше сөзден негізделген, кез-келген түсінікті тура қорыту.

Түсінік- жалпы және негізгі нышандарды, белгілерді көрсететін белгілі бір процестер, жағдайлар, обьектілер мінездемесін логикалық анықтап талдап қорыту.

Категория-қандайда бір жағдайлардың негізін анықтайтын, өте кең теориялық жан-жақты анықталған түсінік.

Методология-құрылым туралы түсінік, қарастырып отырған саланың ғылыми білімнің іс-әрекеттің жүргізу технологиясы.

Методика-бұл алдын-ала құрылған әдістер жиынтығы. Қайнадай да бір проблема мен есептерді шешуде қолдану.

Әдіс-қандай да бір проблеманы шешуде колданылатын тиянақты белгілі есептелінген және логикалы процедура жиынтығы.

Ғылыми негізделген жүйе кез келген фирманың өндіріске жоспарлау және қызмет көрсету іс-әрекетінде өзара тығыз байланысты үш жүйені қолдану қажет:

  1. стратегиялық жоспарлау жүйесі;
  2. болжамдау жүйесі;
  3. өндіру және өткізуді ішкі фирманы жоспарлау жүйесі;

«Стратегия» термині грек сөзінен аударғанда «соғысқа войсканы развертывание искуствасы» немесе «генерал икуствасы».

Фирманы дамыту стратегиясын жасау мақсаты болып ғылыми-техникалық, өндірістік, кадр потенциалдарына микро және макро ортаны толық есеппен максималды қолдану негізінде негізгі бағыттарын болашақта қалыптастыру.

Фирманың даму стратегиясын тұжырымдау сатысын шешудегі негізгі міндеттер:

  • Өндірістік шаруашылық және өткізу іс-әрекетіндегі алғышарттарын және экономикалық тиімді түрлерін көрсету.
  • өзінің іс-әрекет бағытында инвистиция көлемін және басқа да ресурстарды анықтау.
  • өндірістік, экономикалық, қаржылық, еңбек, әлеуметтік және экологиялық нәтижелеріне баға беру.
  • Тәуекел деңгейін анықтау.

Стратегия-қолда бар нақты мүмкіншіліктер арқылы инвестициялық, өткізу, өндірістік жетістіктерді және миссиясын жүргізуді қанағаттандыруда, фирма негізгі құқық жиынтығы мен басқарылуы.

Стратегия астарламасына - ғылыми негізделген ұзақ мерзім негізінде басқару шешімдерін ереже арқылы жасау жүйесі.

Стратегия фирманың ұзақ мерзімді мақсатына тиімді жету құралы. Басқару деңгейіне қарай стратегияны: корпоративті, іскерліктегі, функцияналдық және операциялық болып бөлінеді. Корпоротивті стратегия- толығымен фирма стратегиясы.

Іскерлік стратегиясы-мақсатты нарықта ұзақ мерзімге бәсекелікті құру және бекіту мақсаты болып табылады.

Функцияналды стратегия дегеніміз-таңдалған функцияналдық бағытта маркетингте, өткізуде, персоналдарды, қаржы және тағы басқа көлемде жүргізіледі.

Операциялық стратегия дегеніміз-фирманың жеке бөлімшелері: өткізу бөлімі, жарнама бөлімі, шығын орталығы және тағы басқа көлемінде жүргізіледі.

Стратегияның тәжірибе мәні артқы соңғы 10 жылда: жаңа қорлар, іскер ортаның пайда боуы, тұтынушы тұлғаның тез өзгеруі, бизнеспен айналысуға мүмкіншіліктің көбі, интернет жүйесі, ақпарат технологиялары, адам факторларының ролінің артуы, фирмалардың стратегияны даму ғылыми негіздердің маңызын арттырды.

Мақсатты нарықта әр фирманың маңызы әр түрлі. Олардың әр нарықтағы орнына байланысты. Стратегиялық жоспарлаудың негізін қалаушылар: А. Гандлер, П. Друкер, М. Портер, Л. Дойл, Артур Томпсон, Стрикленд Филип Котлер.

Стратегияны жоспарлаудың негізгі идеясы қатаң бәсекеде өз бизнесіңді фирма ішінде менеджмент жүйесінің қайта жаңартылуы арқылы құрылуында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлауды пайдалану. Бұны пайдалану мақсатты және фирманың қорын қолдануда тәуекел аз, бәсекелестігі артады ол нарықта. Стратегиялық жоспарлау -стратегиялық менежменттің бір функциясы. Ол басқару шешімінде экономикан мақсатты жоспар құру негізімен қамтамасыз етеді. Фирманың негізгі функциясын .

Стратегиялық жоспарлау -ішкі фирманың жоспарлау жүйесін негізгі бір компоненті және фирманың жалпы мақсаты, ресурстарды бөлгендегі алғы шарттарын, инновацияның іс-әрекетін дамуының негізгі бағытын анықтайды. Стратегиялық жоспарлау-бұл үзіліссіз қозғалыс. Фирма ішінде стратегиялық жоспарлау жүйесінде субьективті жоғары менеджмент фирманың қорымен және экономикалық өсу жағдайы да анықталады.

Стратегиялық жоспарлау жүйесінде кадр потенциалдарын тиімді қолдануға бағытталған. Сонымен қатар стратегиялық жоспарларды құруда тұтынушылар талғамына запрос жасалынады. Сыртқы орта факторларын (саяси жағдай, жұмыссыздық, сауда баллансының бұзылуы және т. с. с) алу арқылы бәсекелестік беңгейді өлшейді. Бұл фирманың тұрақтылығын, мақсатына жеткізу мүмкіндігін береді.

Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты-экономикалық ақпараттық жаңалықтарды енгізу және фирманың болашақта нарықта өмір сүруіне жаңалықтар енгізуді қамтамасыз ету. Кәсіпорынды дамытуда стратегиялық жоспардың бірнеше түрі бар:

  • Негізгі жоспар. Фирманың болашақтағы жағдайын анықтап, негізгі мақсатын, бағытын және оның стратегиялық дамуы, өнім өндіруді жоғарылату және табыстылық деңгейін анықтау.
  • Функциялық жоспар. Фирма іс-әрекетінің бағыттарын көрсету, материалдық, еңбектік және қаржы қорларын тиімді бөлу мақсатында.
  • Экономикалық жоспар. Жалпы табыс, өнім өткізу тиімділігі, тауар айналым, инвестиция тарту көрсеткіштерін тиянақтау.
  • Кәсіпорынды дамыту жоспары. Басқару жүйесі мен өндіріс құрлымын жаңартуда болашақтағы алғы шарттары.

Стратегиялық жоспарлау үлкен корпорацияларда үлкен рөл атқарады. Ұзақ мерзімді жоспарлау 10-15 жылға құрылады. Ұзақ мерзімді жоспарлауда фирманың іс-әрекетіндегі негізгі проблемаларды шешуде:

  • Бағытты анықта және инвестиция көлемі, оларды тарту
  • Жаңа технология ендіру
  • өнімнің ассортименттерін жаңарту
  • сыртқы инвестицияны тарту формалары
  • басқаруды ұйымдастыруды жаңарту

Ұзақ мерзімді жоспарлаудың обьектісі-ол өндіріс күші, инвестициялар, қаржы ресурстары, нарық үлесі, ұйымдастыру құрлымы және т. б. Стратегиялық жоспардың ағымдағы жоспардан айырмашылығы мынадай белгілермен айқындалады:

  1. дайындау деңгейі.
  2. құру жолдары.
  3. белгісіздік деңгейі.
  4. керек білімнің тапшылығы.
  5. варианттар саны.
  6. проблема шешу мінездемесі.
  7. қажетті ақпараттар.
  8. жоспарлау уақыты
  9. қарым-қатынас
  10. деталдар
  11. персонал жасаушы.
  12. жоспардың дұрыстығы.
  13. тәуекелдік деңгейі.
  14. жаңалық көлемі.

2. Миссияны анықтағанда -ол фирманың іс-әрекетін стратегиялық жоспарлаудың бір бөлігі. Миссия енгізгі іс-қағаздары, фирманың іс-әрекетінің түрі мен саласын көрсетеді. Мақсатты нарықты анықтайды, басқару принциптерін көрсетеді және қаржылық әлеуметтік экономикалық және экологиялық көрсеткіштерінде оң баға алу алғышарттарын, сонымен қатар өзінің қоғамдық жүйедегі бағалағын көрсетеді. Бұл құжат фирманың ішкі және сыртқы саласындағы іс тәжірибесін жүргізеді.

  • Кәсіпорын ішінде персоналдарға мақсатын анық көрсетеді, біріккен жолмен жүруге көмектеседі, ол ішкі фирманың мәдениетін дамытады.
  • Сыртқы ортада фирманың толығымен имиджін көтеру мақсатында іс-қимылды көрсетеді, сонымен қатар қоғамда әлеуметтік-экономиканың ролін анықтауды көрсетеді.

Миссия-бұл мақсатқа қысқа және нұсқа түсінік беру фирма, компаниялардың алғышарттарын анықтап көрсетеді. Миссия мынадай сұрақтарға: фирма немен айналысады? Ол болашақта қалай дамиды? жауап береді.

Миссия негізінен стандартты жеке элементтері бар. Стандартты элементтеріне:

  • Фирманың пайда болу және аяқтау түрі тарихы
  • Іс әрекетінің экономикалық мақсатындағы бағыты
  • Алғышартты мақсаты және ресурстардың кейбір түрлеріне мемлекеттік бағыты
  • Қажетті стратегиялық дамуды альтернативті варианпен атқару

Тұтынушылардың қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру нәтижесінде фирманың миссиясын қарастырған басшылар фирма болашағын қорғауда потенциалды клиенттер нақты жинаулары қажет. Егер фирма нақты клиенттердің жағдайын жасаса ол фирма пайда табады.

Миссияны тұжырымдау көп сөзді болмауы қажет, бірақ оны келесі ақпараттардың көлемінде -сіз кім (ұйымның тіркелген заңды тұлғасы, аты) ? - сіздің ұйымыңыздың мақсаты (бағыты және мақсаты) ?

-не істейсіз, кім үшін (іс-әрекеті, клиенттерін анықтау) ?

-қай жердесіз (география) ?

-өзіңіз сияқты фирмалардан айырмашылығыңыз (бәсекелестерден негізгі айырмашылығыңыз) ?

Миссияның ашық және образды анықтамасы-бұл фирманың карточкасы, ол жарнамада, басылымда, хатта жазылып жүруі қажет. Фирманың барлық жұмыстары миссияның маңызын, мақсатын біліп, түсініп және қолдап жүрулері керек.

Фирманың аты
Сұрақ маңызы
Фирманың аты: Клиенттер
Сұрақ маңызы: Кімдер
Фирманың аты: Өнімдер
Сұрақ маңызы: Нарыққа қандай өнім шығару
Фирманың аты: География
Сұрақ маңызы: Фирма бәсекелестікті қай жерде жүргізбекші (ішкі және сыртқы нарықта)
Фирманың аты: Өмір сүру проблемасы
Сұрақ маңызы: Қандай экономикалы мақсатқа бағытталған
Фирманың аты: Фирма философиясы
Сұрақ маңызы: Қандай алғышарттар дұрыс келеді
Фирманың аты: Өзі жайында түсініктеме
Сұрақ маңызы: Фирма бәсекестігі және сапалы анықтамасықандай

3. Миссия негізінде қалыптасатын, нарықтағы бағытын басшының ұнатуын стртатегиялық мақсат дейміз. Ұйымның потенциалын қолдану жолында, фирманың даму бағытын және көздеген мақсатқа жету жолын көрсетеді. Кәсіпорындық фирмаларды, компаниялардың жұмыс істеу мақсаты -ол анық және бірқалыпты, тұжырымдалған бағыттың сандық бағадағы негізгі көрсеткіштеріне жету.

Фирмалардың дамуын көздейтіні мақсат, ал стратегия оған жету жоспары болып табылады. Мақсат-фирманың іс-әрекетінің алдын-ала жоспарланған уақыт мөлшерінде, экономиканың және қаржының соңғы көрсеткіші ретінде анықтауға болады. Миссияны таңдау және мақсат қою фирманы басқарудың және стратегиялық жоспарлау процесінің бастауы болады.

Мақсатты анықтау отырып, келесі сұрақтарға жауап беру қажет:

  • Фирманың миссия мақстаның іске асатының анықтау
  • Қойылған мақсат біркелкі және анық па?
  • Фирманың бар кадрлары мен қорлары арқылы мақсатқа жете алады ма?
  • Фирманың жұмысшылары, серіктестері және клиенттері оын мақұлдайды ма?
  • Мақсат фирманың жағдайын сай келеді ма?

Мақсат жоспарлаудың жүйесін құруда бірнеше негізгі талаптар қанағаттандырылуы қажет. Олар:

  • Көлемді және қиын
  • Нақты, шын, іске асатын
  • Белгілі нақты уақытпен белгілеу
  • Мағынасы түсінікті
  • Сандық жағынан көрсету

Белгіленген уақытқа мақсат орындалуы қажет. Мақсат маңызы жағынан нақты, анық, екі ойда қалдырмау қажет. Қысқа мерзімді мақсат -ағымдағы пайда: жалпы пайданы максимизациялау, қолма-қол ақшаны тез алу. Өмір сүру шығынының орны толуы, нарықта өмір сүруін сақтау.

Ұзақ мерзімді мақсат-өткізу, сату: өнім сату көлемін максимизациялау, мақсатты нарықтың білгілі бір бөлігін жеңіп алу. Сапа-өнімнің сапасының көрсеткішін максимизациялауға жету. Фирманың мақсатының іс-әрекеті экономикалы және экономикалы емес болуы мүмкін:

  • Инвестициялық капиталдың максималды болуы.
  • Жалпы және таза пайда массасын, нормасын максимизациялау
  • Нарықтағы көлемін жоғарылату
  • Тиімсіз өндіріс пен жария өнімнен бас тарту
  • Жанұяның және жоспарлы тәжірибелі басқаруды ұстап қалу.
  • Персоналдар санын сақтап қалу
  • Фирма бағасын жоғарылату
  • Мамандықтарын жоғарылату арқылы фирманың әкімшілік басқару аппараттарының жұмысын тиімді жоғарылату.

«Дерево» мақсат -бір бірімен қарым-қанынастағы граф, жоғары жағы мақсат ретінде, ал қабырғалары немесе дугасы-бір бірімен қарым қатынаста. Бұл негізгі құрал мақсаттар байланысы, жоғарғы деңгей нақты қормен төменгі деңгейде оларға жету. «Дерево»- бұл граф байланысы, мақсат және мақсат бөлімдерінің байланысы. Фирманың экономикалық мақсатының жұмыс істеуі-өндіріс өніміне қажет, сұранысы көп қорларды, материалдың игіліктерді құру. Сонымен қатар тиімді қолдану. Стратегиялық мақсат-миссиясын орындауға жеткізетін фирманың іс-әрекетінің негізгі бағыты. Бұл мақсат жалпы және жеке болуы мүмкін.

Егер мақсат сапасына пайда қойылса онда уақытын белгілеп пайданың көлемі жоспарланады. Көп пайданы тез арада немесе алғышартта алатындығы анықталады. Осы көлемде мақсатты нарықтағы көлемін анықтау. Бізге анық егер мақсаттаы нарықтағы көлеміміз неғұрлым көп болса, соғұрлым алатын пайдамыз көбейеді. Мақсат анықталмағаннан кейін, міндетіміз, «фирма бір жылдан кейін қайда болады, және миссия жолып ары қарай орындау. Міндеті анықтау; фирмадағы уақыт қорын және қаржы өлшенетіндігі.

Тақырып 2. Фирманы дамыту стратегиясы

Сұрақтар:

  1. Фирмалардың стратегиялық дамуын жіктеу
  2. Фирмалардың стратегиялық дамуын талдау
  3. Фирмалардың стратегиясын жүзеге асырудың негізгі этаптары.
  1. Майкл Портер стратегиясын үш класқа топтайды:шығындар бойынша іскерлік стратегия, стратегия дифференциясы, стратегия концентрациясы.

Шығымдар бойынша іскерлік стратегия -өнімдерді бөлу және өндіруде фирма шығындарын минимизациялауға тырысады. Негізгі мақсаты өнімдердің бағасын ең төмен бағамен қою, осының негізімен мақсатты нарықтағы орнын кеңейту. Дифференсация стратегиясы бәсекелестерін жеңіп, шыңға шығу, өнімнің сапасы, оны тіркеу, сервисі, жаңа технология қолданудағы фирманың бағыты.

Шоғырлану стратегиясы -дифференцияциялау стратегиясын қолдануда, өндіріс шығару және өнім өндіруде шығындарын минимализациялау арқылы бір немесе бірнеше нарық сегментінде фирманы шоғырландыру арқылы іскерлікке жетуі.

Бұлардың әр қайсысы жіктелінеді. Интенсивті даму стратегиясы келесі үлгілерге бөлінеді:

  • Нарыққа ену стратегиясы
  • Нарықты дамыту стратегиясы
  • Түрлі өнімдер ұсынысы арқылы дамыту стратегиясы

Интегративті стратегия

  • Интегративті стратегия «артқа» материалды-техникалық қорлармен жабдықтауды қалыптастыру немесе қорғауда қолданылады.
  • Интегративті стратегия «алға» мативацияны өткізу каналдарын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған
  • Интегративті горизонтальді стратегияның мақсаты фирма позициясын бекіту және күшейту.

Диверсификациялық стратегияның екі түрі бар:

  • Фирма бұрынғы ассортиментін жаңа өнімдермен толтыру, жаңа іс-әрекет іздейді.
  • «таза стратегия» фирма жаңа іс-әрекетпен айналысады. Ескі іс-әрекетімен технологиясымен немесе коммерциялы жоспарымен мүлдем байланыссыз.

Бәсекелес стратегиясы- фирма нарығы үлгісіне қарай бөлінеді:

  • іскерлік стратегиясы «бәсекелеске шақыру» стратегиясы
  • «іскерлікпен жүру» стратегиясы
  • маман стратегиясы

Іскерлік стратегиясының бірнеше түрлері бар:

  • алғашқы сұранысты жаңа өнім тұтынушылары арқылы кеңейту, өнімдерді тұтынудағы жарнамалар.
  • Қиын бәсекелестеріне әсер ете отырып мақсатты нарықтағы үлесін көбейту.
  • Сақтану стратегиясы-бұл нарықтағы бәсекелестерін нарықтан шығару арқылы жүргізіледі.
  • Демаркетинг стратегиясы-нарықтағы үлесін кеміту стратегиясы монополистпен келісу үшін

«Бәсекелеске шақыру» стратегиясы нарықта іскерлік орнын бекіту. Ол мына түрге бөлінеді:

  • Фроннтық шабуыл бәсекелестерінің қолданған қорлары арқылы өздеріне қарсы тұру
  • Флангтік шабуыл тек стратегиялық маңызды бағытта күресу.

«Іскерлікпен жүру» стратегиясы. Мақсатты нарықта салыстырмалы үлкен үлесі бар бәсекелестер арасындағы тартыс. Мамандық стратегиясы бес жағдайды қарастырады: 1. белгілі пайда алудағы потенциялдың болуы.

  1. өсу потенциялының болуы
  2. бәсекелестерді аз қызықтырды
  3. фирманың спецификалық мүмкіншіліктері
  4. кіру барельі

Негізгі жеке стратегия болады: коммерциялық, өндірістік, экономикалық, инвестициялық, фирмалық бағасын басқару, өнімнің өзіндік құнын басқару және инстутционалды стратегия. Бұл стратегиялар қажетті жағдай орындалғанда өткізуге құқы бар.

Таңдалған стратегия бойынша фирма нарықты саяси жүйе анықталады және олар келесіден тұрады:

  • жабыдқтау-өткізу саясаты
  • өндірістік
  • технологиялық және инновациялық саясат
  • баға саясаты
  • инвестициялық саясат
  • кадр саясаты

2. Өндірістің стртегиялық дамуын жасау нарықтың даму болжамын алу негізінде жүргізіледі. Болжамда өнімнің сатылу саны, тәуекелді бағалау, өндірісті басқару тиімділігіне жету деңгейі, сонымен қатар іс-әрекетінің күшті, әлсіз жақтары талданады. Нарықтағы фирманың жүріс-тұрыс стратегиясын қалыптастыру келесі параметрлермен анықталады.

  • Аймақ, онда өнім өткізу, жүргізуін және оны өткізуде географиялық дифференциялық деңгейі.
  • Нарықтағы үлесі, орындалуды болжау.
  • Тұтыну тобы, өнім өткізуді қарастыруды болжау.
  • Базалық баға стратегиясы.
  • өндіріс іс-әрекетінің стратегиялық түрі
  • бәсекелестікті тиімді жүргізуге, квалификация мен персоналдар тәжірибесі.
  • Басқа өндірістермен және ұйымдармен кооперация мүмкіншілігі.

Тиімді стратегияны таңдауда SWOT (бизнес процесі) талдауда және шешім қабылдау матрица негізінде жүреді.

1-сурет. Стратегияны таңдау.

Интенсивті жоғарылау
Біріккен кәсіпорын
Интенсивті жоғарылау:
Біріккен кәсіпорын: Интеграция
Интенсивті жоғарылау: Тұрақтылық
Интенсивті жоғарылау: Біріккен кәсіпорын
Біріккен кәсіпорын: Концентрация
Интенсивті жоғарылау: Интеграция
Біріккен кәсіпорын: 180 0 бұрылу
Интенсивті жоғарылау: Диферсификация
Біріккен кәсіпорын: Фирмадан бас тарту
Интенсивті жоғарылау:
Біріккен кәсіпорын: Ликвидация

3: Фирма қызметін болжамдау

Сұрақтар:

  1. Болжамдауды жіктеу. Негізгі түсінігі мен категориялар.
  2. Болжамдар типологиясы
  3. Болжамдау жүйесін құрудың негізгі принциптері
  1. Болжамдауды жіктеу. Негізгі түсінігі мен категориялар.

Нарықтық экономика жағдайында фирмалар мен кәсіпорындардың мақсатты нарықта өмір сүруінің ұзақтығы мен сенімділігі, қызметінің тиімділігі көп жағдайда, олардың өз даму перспективалары қаншалықты нақты болжай лауына, яғни қолданысқа енгізілген болжамдау жүйесінің ғылыми негізделу деңгейіне байланысты болады.

Болжамдаудың мақсаты - фирманың өз мақсаттарын анықтап, персепективалы даму жоспарларын жасацына әсерін тигізетін сыртқы орта перспективаларын бағалау.

Фирмалар мен кәсіпорындардағы болжам жасаумен байланысты әртүрлі сұрақтардың шешімін ғылымның ПРОГНОСТИКА деп аталатын бөлімі қарастырады.

Біріншіден, ғылым - ол жинақталған терминдер, түсініктер мен принциптер арқылы берілетін табиғат объектілерінің жүйелі түрге келтірілген білімін, ал екіншіден сондай білімге жету жолындағы қызметтің бір түрі болып табылады.

Ғылымның негізгі қызметі қызметтің барлық саласндағы қатысушы (сондай-ақ өндірістік салада да) әлеуметтік-экономикалық субъектілердің тиімділігінің мүмкін болғанша жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

Ғылымның негізгі қызметі қызметтің барлық саласындағы қатысушы (сондай-ақ өндірістік салада да) әлеуметтік-экономикалық субъектілердің тиімділігінің мүмкін болғанша жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

Прогностика - кең ауқымды талқылауда - болжаудың қазіргі заманғы теориясы мен әдістемесі, ал тар мағынада - табығаттың әртүрлі объектілеріне болжамдар жасаудың заңдары туралы ғылым.

Болжамдау боъектісіне әдетте адамның танымдық және тәдірибелік қызметі бағытталған процесстер, құбылыстар мен оқиғалар жатқызылады.

Болжам (грек тілінен prognosis) - бұл белгілі бір уақыт кезеңіндегі қандай да бір объектінің, процестің, құбылыстың болашақтағы мүмкін жағдайы туралы ғылыми негізделген алдын ала білу, жобалап айту. Олар мақсатты жоспар құрудың негізі болып табылады.

Болжам - бұл фирманың мақсатындағы экономикалық, қаржылық, технико-технологиялық жағдайы туралы ғылыми негізделген шамалап бағалау.

Болжамның сенімділігі - алдын-ала айтылған жағдайдың, құбылыстың берілген жағдайлар жиынында және бекітілген мүмкіндіктер шегінен тыс кезде орындалу мүмкіндігі.

Болжамдық ахуал - бұл болжам жасау үшін маңызды объектіге, құбылысқа, процеске қатысты ішкі факторлардың жиынтығы.

Болжамдау - бұл табиғат заңдылықтарын пайдалану мен түсінуге, қоғамның әлемдік және ұлттық экономикалардың дамуына, сондай-ақ логикалық ойлауға негізделетін болжам жасау процесі.

Алдын-ала білудің үш түрін бөліп көрсетеді: гипотеза, болжам және жоспар.

Гипотеза жалпы теория еңбектерінде іске асырылатын ғылыми болжамдауды білдіреді.

Гипотезаның қалыптасуының бастапқы базасы теория мен жаңалықтар, негізіндегі зерттеліп отырған объектілердің қалыптасуы мен дамуының себепті-ізділік байланысының заңдылықтар болып табылады. Гипотеза зерттеліп отырған объектінің тек олардың іс-әрекетінің сапалық жақтарын ғана бере алды.

Болжам гипотезамен салыстырғанда нақтылық пен сенімділіктің жоғары деңгейіне ие. Өйткені, ол боъектілердің тек сапалық қана емес, сонымен бірге белгілі сандық (көлемдік) өлшемдерін де көрсетеді.

Жоспар нақты процестер мен жағдайлардың өту (болу) нәтижелерін болжамдау, алдын-аоа айтудың мүмкіндігінше тура және дифференциалданған түрін береді.

Гипотеза, болжам және жоспар өзара тығыз байланысты. Мысалы, гипотеза мен болжам кәсіпорынның бизнес-жоспарын құрудағы қажетті ақпараттық негіз сипатында болады.

Жаңа өнімді шығару қалыптасуға ықпалы көп бизнес-жоспарды құру кезінде қажетті есептеулер өткізу нарығы мен жаңа тауарды онда орналастыру мүмкіндіктері туралы гипотеза есепке алу арқылы іске асырылады.

Нақтырақ, бастапқы ақпарат қажетті маркетингітк зерттеулерді жүргізу нәтижесінде алынады.

Болжамдау ішкі және сыртқы орта факторларының үздіксіз өзгерісі жағдайында фирманың даму тенденциясын анықтауға маңызды негіз болып табылады. Коммерциялық фирмаларда болжамдау әдістерінің қолданылу аясы өте кең. Олар барлық өндірістік және қаржылық, өткізу жүйесі субъектілердің даму концепциясын жасауда және талдауда қолданылады.

Болжамдаудың қазіргі заманғы әдістері рқылы өз шешімін табатын маңызды мәселелерге: өткізу, нарықтың жаңа мақсатты бөліктерінің туындауы, олардың динамикасы, құрылымы мен конъюнктурасы (ұсыныс мен сұраныстың, арақатынасы) жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы жобаны іске асыру тетіктері
Стратегиялық мақсаттар ұйымдастыру
Университеттің ғылыми кітапханасы
Қазақстандағы жоғары мектептің жағдайы және дамуы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Педагогикалық кеңестердiң тақырыптық мазмұны
Бақылау процесі
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz