Сыныптағы тәрбие жұмысы



1. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің қызметін түсіну.
2. Сынып жетекшісінің қызметінің түрлері мен мазмұнымен танысу.
3. Циклограмма.
4. Сынып жетекшісінің құжаттары.
1. Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сыныптық сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеу, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген таланттарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталу тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек жэне дене тәрбиесіне, елжандылық тағы басқа тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшіліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үдерісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмысын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс әралуан тэрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің бірізділігін, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде қарастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалық хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетіледі.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Сыныптағы тәрбие жұмысы.

Жоспары:
1. Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісінің қызметін
түсіну.
2. Сынып жетекшісінің қызметінің түрлері мен мазмұнымен танысу.
3. Циклограмма.
4. Сынып жетекшісінің құжаттары.

Лекция мақсаты: Студенттерге жалпы білім беретін мектептегі сынып
жетекшісінің қызметін түсіндіру. Сынып жетекшісінің қызметінің түрлері мен
мазмұнымен таныстыру. Циклограмма. Сынып жетекшісінің құжаттары

Лекция мәтіні
1. Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі
формасы сыныптық сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі
оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы - сынып немесе
тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылар мұғалімдердің басшылығы
арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы
ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатысады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте
ерекше. Сынып сағаты - оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда,
өнер саласындағы талғам-тілектерін тәрбиелеу, адамдар өмірінде кездесетін
жағымды-жағымсыз мінез-құлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты
қалыптастыруға, елжандылық сезімдерін шыңдауда, сабақтан тыс кезде
өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып
саналады.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды
оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір
сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін оқушылардың ата-аналарын және
жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген
таланттарын ортақтастырып отырады.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның
белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын
адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің, жан-жақты
жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен
тәрбелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталу тиіс. Атап айтқанда
тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек жэне
дене тәрбиесіне, елжандылық тағы басқа тәрбие міндеттерін мектеп пен
сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін
тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп
ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың
жеке басының ерекшіліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,
оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-
аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру оқушыларға қоятын
педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
Тәрбие үдерісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын
қамтамасыз ету.
Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне
байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмысын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс әралуан
тэрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
Тәрбие қызметінің бірізділігін, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін
қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып
жетекшісі қызметінің маңызды компоненттерінің бірі ретінде
қарастыру.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін
сынып жетекшісінің жұмысы туралы методикалық хатпен, жалпы білім беретін
орта мектептердің Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет.
Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетіледі.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені
ұйымдастыратын басты тұлға мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Россиядағы оқу мекемелерінде
арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі
үйретуші ұстаздарға өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру
міндеті жүктелген. Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі
деген қызмет болмады. Оқушылармен тәрбие жүмыстарын ұйымдастыру мен өткізу
мүғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады.
1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде топтап оқыту тәртібін,
сыныптық сабақ жүйесіне өзгертуге байланысты, топ жетекшілері, сынып
жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік қызметтерінің міндеттері мен
мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды.
Сынып жетекшісі туралы Ережені 1934 жылы 28 маусым күні РСФСР Халық
ағарту Комиссараты бекітті. Осы ережеде бірге сынып жеткшісінің қызметі де
бекітілді.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділіктері
артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынадай тәрбиелік қызметті атқарады: ағартушылық,
бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық.
Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында
қамтылатын білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана
өмірдің барлық құбылыстарын қамтиды.
Болжамдылық қызметіне оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-
қатынасты және заттық, рухани құндылықтарды қалыптастыру жатады. Егерде
сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға
мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бұл - оның
негізгі қызметі. Дегенмен де, ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен
өзара байланыста болады.
Бағыттаушылық қызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке
бағыттауға көмектеседі. Егер де сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі
бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім
сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында келеңсіз
сапалардың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық қызметінде жоғарыда аталған қызметтердің
орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен
бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды,
топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай
білуді көздейді.
Сынып сағаты негізінен екі бағатта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте
өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың
сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір-бірімен
қарым-қатынасы жайлы мәселелері қаралады. Оны ұйымдастыру тек сынып
жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, әр тараптағы атқарылатын
тәрбиелік шаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер,
пікірталас пен оқырмандар конференциясы т.б. бағыттағы жұмыстарды
жатқызуға болады.
Сонымен қатар, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып
немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда өндіріске, табиғат аясына бару,
оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан шыңдау, оларға деген
көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсер алу мақсаттарын
көздесе, өздері туып-өскен ауыл өмірінің тіршілігіне атсалысу да тәрбие
сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мысалы, табиғатты
қорғауға қатысты тәрбие сағатын орман-тоғайда, кітапты таза әрі күтіп
ұстауға қатысты мәселені ауыл жағдайында кітапханада, қала жағдайында
баспалар үйінде т.с.с. өткізген жөн.
Әдетте сынып сағаты аптаның нақтылы бір күніне өткізіледі. Онда
сыныптың нақтылы жағдайында және тәрбие жоспарына байланысты сынып
сағатының ұйымдастыру формасы анықталады. Осыған орай, тәрбие сағаты мен
сынып жиналысының міндеттері, ұйымдастыру формалары және тәсілдері әртүрлі
болып келеді. Тәрбие сағатының сынып жиналысынан ерекшелігі талқыланып
отырған мәселеге қатысты соңынан шешім қабылданбайды.
Сынып сағатын өткізу әдістемесіне оның мақсатын, міндеттерін,
мазмұнын, оқушылардың қабілетін анықтаудан басталады.
Сынып сағатын өткізуге дайындық барысында оқушылар сурет салады,
альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспарын құрайды. Әрине, тақырыптық
тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын сыныптың
нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік
сапасының көлемін, белгілі бір бағытта көзқарасын, қызығушылығын, талап-
тілегін алдын ала анықтау барысында белгілейді (сауалнама, әңгіме жүргізу
арқылы, зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша т.с.с.).
Тәрбие сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әр түрлі формалар мен
әдістер және құралдар қолданылады: әңгіме, газет және журнал материалдарын
оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәрістері
дөңгелек стол өткізу, өнер туындыларымен танысу, оқушылардың өздері
жасаған шығармашылық жұмыстары т.б.
Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да
ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін
тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке
басты қалыптастыруда бірыңғай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда
қайсыбіріне ғана баса назар аударуға болмайды. Барлық кезең тәрбиенің
негізгі құралы болып табылады. Себебі сынып сағатын дайындау барысында
оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздеп тауып, оған қатысты
альбомдар әзірлейді, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге ат
салысса, кейбір жекеленген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын
жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап,
дағдыларын қалыптастыра отырып, білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын
тигізеді.
Осындай ұйымдастырушылық жұмыстан кейін сынып жетекшісінің ролі
өзгеріп, оқушылар алдында беделі артары сөзсіз. Ендігі жерде ол ақыл-кеңес,
бағыт-бағдар беруші ретінде өзінің жоғары қызметін атқарады.
Мұндай жағдайда оқушылардың өзін-өзі басқаруға деген ықыласы мен
белсенділіктері де артады.
Ал, басқа болған жағдайда сынып жетекшісі оқушылардың қатынасуынсыз
белгіленген тәрбиелік шараларды өздері атқаруға мәжбүр болады. Мұндай
жағдайда кімді-кім тәрбиелеп жатқанын айыру қиынға соғады.
Тағы да бір ескеретін жайт, кейбір жағдайда сынып сағатын сынып
жиналысымен шатастырады. Бұл негізінен дұрыс емес, әрқайсысының ұстанымы
мен ерекшелігіне жете мән бермейді, оларды ұйымдастыру тәсілдерін дұрыс
қолданбайды.
Сынып сағатын дайындау барысында оның өту мерзімі мен уақытын алдын-
ала белгілеп, өтуін сол кезде нақтылы ұйымдастыру, оқушылар арасында
берік сенім мен тәртіптің қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Егерде дәлдік
болмаса, онда тәртіп те, жауапкершілік те болмайды. Мұндай әрекет негізінде
тәрбие сағатының маңызы төмендеп, оның мақсатына жету оңайға түспейді.
Кейбір жағдайда мектеп көлемінде бір мезгілде бірнеше тәрбие шаралары
белгіленеді. Осы орайда кейбір сынып сағатының мерзімі басқа уақытта
өзгертіледі. Мұндай жағдай оқушыларда салғырттық пен немқұрайлық мінездің
пайда болуына әкеп соғады.
Бұдан шығатын қорытынды оқушыларды тәрбиелеу процесі тек сынып сағатын
өткізу барысында ғана емес, оның өн бойында, яғни оған дайындық кезеңінен,
өткізу және одан кейінгі мерзім аралығында бірыңғай, біртұтас жүйеде
атқарылатындығын естен шығармауымыз керек.
Тәрбие сағаты мазмұны, формасы, әдіс-тәсілі және оларды дайындау мен
өткізу әдістемесі жағынан әртүрлі болып келеді. Бүгінде тәрбие сағатын
балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі,
өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде
мұғалімнің рөлі қаншалықты екендігіне байланысты үш түрге жіктеуге
қарастырылуда.
Біріншісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білімнің,
мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі.
Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға,
деректерді мен мысалдарды келтіруге тартылады. Мысалы: Өзін өзі
тәрбиелеу туралы, Өздігінен білім алу дегеніміз не?, Есте сақтау
қабілетін қалай дамытуға болады?, Көркемөнер талғамы және сән т.б.
тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды,
психологтарды, лекторларды шақырған жөн. мұндай жағдайда сынып
жетекшісінің міндеті-оқушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу,
жағдай туғызу.
Екінші түрі, мұғалімдермен оқушылардың өзара бірлікте атқаратын
әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге
жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің
оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Оқушылар мұғалімнің
басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын құрайды, мұғалім
оқушыларды талқыланып отырған сұраққа шақырып, олардың сөздерін үйлестіріп,
бағытын қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Мысалы: Адам өміріндегі
жолдастық, достықтың маңызы т.с.с.
Үшінші түрі, оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен
сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың
өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі
оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға
көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.
Тәрбие сағатының мұндай түрі төмендегідей жағдайды ойластырғанда ғана
мүмкін болады:
- оқушыларда талқыланып отырған сұраққа қатысты белгілі бір деңгейде
білім көлемі мен мағлұматтардың болуы; олар үшін, оның түсінікті, өздігінен
ұғынуларына ыңғайлы болуы;
- оқушылардың көпшілік бөлігінде ұжымдық шығармашылық жұмыстарына
қатысты біліктілік және дағдылардың болуы; дербестіктің және
жауапкершіліктің болуы;
- сынып белсенділері тәрбие сағатын дайындау және өткізу барысында
ұйымдастыру және үйлестіру орталығы бола білуі.
Осындай жұмыстың соңында оның нәтижесін талқылап, қорытынды шығару,
деңгейін, сапасын бағалау ұсынылады.

2- лекция. Тақырыбы: Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлау

Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
2. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып-білу жолдары

2. Лекция мақсаты: Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары туралы түсінік. Сынып
жетекшісінің оқушыларды танып-білу жолдары туралы мәліметтермен таныстыру

Лекция мәтіні
1. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары - педагогикалық құжат. Жоспар
оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді,
тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Тәрбие - қиын да
күрделі үдеріс. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие үдерісінде көп қиыншылықтар
туады.
Жоспар - тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісімен оқушылар
ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып тәрбие жоспарындағы
оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір
сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік
қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін
байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективті тұрғыда сыныптағы
оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс. Сонда ғана
мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамының талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Жоспар - ұжымдық еңбектің жемісі. Сынып жетекшісі тәрбие жұмысының
жоспарлау барысында, оған оқушылардың қатыстыруы міндетті. Жоспарлау
барысында оған балаларды тарту оның нақтылығын, мектеп пен оқушылар өмірін
тығыз байланыстыруға сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметін нәтижелі
ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Сынып жетекшісі мектептегі оқу-тәрбие үрдісін жоспарлау барысында
оқушылармен қарым-қатынас орнатпаған жағдайда, тәрбие жоспарындағы
атқарылатын шаралар оқушыларды қызықтырмауы мүмкін, нәтижесінде ынтымағы
жарасқан, белсенді, жауапкершілігі мол оқушылар ұжымын құруға кері әсерін
тигізеді. Мектеп жағдайында мұндай көрініс көптеп кездеседі.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға ертеңінің
негізін қалауға көмектеседі.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелік және бірізділік ұстанымдары да барлық
жағдайда бірдей ескерілмейтін кездері де болады. Баланың жан-жақты
үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұнымен
ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай,
керісінше жеке-дара, үздік-үздік әрекеттер басым болып келеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып
жетекшісі тоқсандық жоспарын, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай
жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін арттырады.
Сынып жетекшісі төмендегі аталған міндеттеріне сай бес қызметті
атқаруы тиіс.
1.Ата – ананы сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және
әдістемесімен таныстыру.Сынып жетекшісі ата – ана жиналысының 1- ші
отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық
көзқарасын баяндайды оның мақсаты мен міндеттері мен соған сай өзінің
әрекет ету бағдарламасы тәсілі мен тәрбие жоспарымен таныстырады.Ата –
ана бірлесіп оның жүзеге асыру жолдарын қарастырады.
2.Ата – аналар мен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын
ұйымдастыру.
3.Ата – аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру.
4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата – аналарға педагогикалық психологиялық
кеңес беру.
5.Ата – аналардың белсенділерімен жұмыс және ата – аналардың әртүрлі
қоғамдық бұйымдарымен жұртшылықпен өзара әрекеттесуі.
Сынып жетекшісінің формалары мен әдістері.Ата – аналармен жеке
кездесу, ата – аналар жиналысын ұйымдастыру, ата – аналар комитетін
құру.Ата – аналардың белсенділерімен жұмыс істеу, ата – ана үшін
әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру маслихат өткізу.
Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша жылына 2-3 рет өтіледі, сыныптар
бойынша 4-5 рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата –
аналар комитеті мен белсенділері мектеп басшылары сынып жетекшілерімен
бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналысының хаттамасы:
1. Күні уақыты, жылы, айы;
2. Кімдер қатысты:
3. Тақырыбы;
4. Күн тәртібі (ортасына жазу);
5. 3 мәселе ;
6. Жарыс сөзге қатысқандар;
7. Ұйымдастыру және басқа да сұрақтар;
8. Ата-аналардың сұрақтары ескертпелері ұсыныстары;
9. Қабылданған шешім;
10. Төраға хатшысы.

Тәрбие жоспарының үлгісі.
1) Сыныпқа мінездеме: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,
сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы
жайлы қысқаша сипаттама беріледі.
2) Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне
қысқаша талдау.
3. Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндетері.
4. Сынып ұжымының мінездемесі өткен оқу жылында атқарылған тәрбие
жұмыстарының нәтижесі, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие
жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық
ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны жоғарыдағыдай
бөлімдерде көрсетіледі.

Бақылау сұрақтары:
1.Тәрбие сағаты дегеніміз не?
2.Сынып сағаты қандай қызмет атқарады және оларды ата?
3.Сынып сағаты қанша бағытпен жүргізіледі, оларды ата?
4.Сынып сағатын өткізу және дайындау жұмыстарында қандай құралдар
қолданылады?
5.Жоспар дегеніміз не?

3- лекция. Тақырыбы: Тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдері.

Жоспары:
1. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары: Пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама,
саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық
конференция, қызықты кездесулер, баспасөз конференциясы, конкурстар.

Лекция мақсаты: Студенттерге тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары туралы
түсінік беру. Пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, саяси үйірмелер мен
клубтар, оқырмандар конференциясы, тақырыптық конференция, қызықты
кездесулер, баспасөз конференциясы, конкурстар.

Лекция мәтіні
Тәрбиелеудің нақты міндеттері мен шарттарын ескере отырып, педагогтар
мен оқушылар ұжымы шәкірттердің сана-сезіміне және тәртібіне әртүрлі ықпал
жасауға ұмтылады. Сенімнің кейбір формалары мен тәсілдерін жалпылама түрде
қарастырып көрейік.
Саяси хабарлама. Бұл - саяси білім берудің аса маңызды және кең
тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса
маңызды саяси оқиғалармен танысуына көмектеседі. Сонымен бірге ол
патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, еліміздің
табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай
туғызады.
Мектеп тәжірибесінде шолу, тақырыптық және жедел хабар қолданылады.
Саяси шолу хабарламасында ішкі және халықаралық өмірдің аса маңызды
оқиғалары баяндалады. Тақырыптық саяси хабар белгілі бір саяси оқиғаға,
мерекелік және даңқты күндерге, ғылымның, техниканың, өнердің аса жаңа
жетістіктерін атап өтуге арналады.
Саяси хабарламаны өткізу әдістемесінде ағымдағы оқиғалар туралы қысқа,
әсерлі және бейнелі әңгімелер және сұрақтарға жауап беру көзделеді. Кейде
әңгімеден кейін әңгімелесу өткізіледі. Мұның өзі саяси хабарламаны
жандандырып, оған деген ынтаны арттыра түседі. Егер оқушылар хабарламаға
жақсы әзірленсе, олар құлшына сұрақ қойып, хабарламаны талқылауға белсене
қатысады.
Жоғары сынып оқушыларының бірі, мысалы, өз еліміздегі оқиғалар туралы
әңгімелейді, екіншісі шет елдегі оқиғаларды баяндайды, үшіншісі өз
ауданындағы, қаласындағы, селосындағы ең елеулі оқиғалар туралы хабарлайды.
Саяси хабарлама өткізуге ұстаздардың бірі, көбінесе сынып жетекшісі
жауапты болады. Ол кіріспе сөз сөйлеп, оқушылардың пікір алысуын
ұйымдастырады, қорытынды жасайды.
Саяси хабарламадан кейін оқушылардың альбом, плакаттар дайындап,
кестелер жасағаны жақсы. Ағымдағы хабарлар витринасына, халықаралық
өмірдегі және еліміздің ішкі өміріндегі аса маңызды оқиғалар туралы газет
қиындылары ілінеді. Мұның бәрін кейін сабақ кезінде және бос уақыттан тыс
тәрбие жұмысында пайдалануға болады.
Саяси хабарламаның ауызекі журнал, дөңгелек стол басындағы әңгіме,
баспасөз конференция, саяси радио хабары тәрізді түрлері де кеңінен қанат
жайып келеді.
Саяси хабарламаны дайындау және өткізу кезінде түрлі мәліметтерді
яғни, газет-журналдардың, радио, теледидар хабарларының материалдарын,
мектеп, сынып, топтың өмірінен мейлінше қызықты фактілерді пайдалану
қажет. Саяси хабарламаның нақты материалдармен толыға түсуі ағымдағы
оқиғаларды ұғынбай, үстірт және енжар қабылдауға жол бермейді. Көрнекі
құралдарды (географиялық карталар, портреттер, схемалар, диаграммалар,
карикатуралар) пайдалану да аса маңызды. Мұның бәрі саяси хабарламаны
түсінікті етіп, оның әсерлілігін арттырады.
Саяси хабарламаны өткізуге, үгіт-насихат жұмысын жүргізуге дағдыланған
ата-аналарды тартқан жөн. Мысалы, бір мектептің сынып жетекшілері мұнай
өңдеу заводы мен химия комбинатының цех басшыларын атақты жұмысшыларын,
Еңбек Ерлерін оқушылар алдында сөз сөйлеуге шақырған. Олар кәсіпорынның
еңбектегі өнегелі істері туралы жарыстағы табыстары туралы жарқын да
тартымды әңгімелеп берді. Бұдан кейін экскурсиялар, өндіріс озаттарымен
кездесулер, техника кештері ұйымдастырылды. Сөйтіп, саяси хабарламаны
өткізу тәрбиенің өзге формаларымен ұштастырады.
Саяси хабарлама оқу жылының барысында ғана емес, сонымен бірге жазғы
демалыс кезінде де оқушылардың өндірістік бригадаларында, денсаулық түзеу-
спорт және демалыс орындарында өткізіледі. Оқушыларды тәрбиелеуде демалыс,
үзіліс жасауға болмайды.
Саяси үйірмелер мен клубтар. Мектептерде ағымдағы саясат үйірмелері
кеңінен қанат жайып отыр. Бұлардағы сабақтар оқу үстінде, саяси хабарлама
кезінде, газеттерде, радио және телевизия хабарларынан алынған саяси
білімді игеруге, кеңейтуге және тереңдетуге көмектеседі.
Үйірмелердегі саяси сабақтарды өткізу әдістемесі алуан түрлі. Бір
жағдайда жаңа тақырыпты оқып үйрену ұстаздың-үйірме жетекшісінің
әңгімесінен басталады. Осында өздігінен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
беріледі. Келесі сабақта тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша әңгімелесу
өткізіледі. Басқа бір жағдайда сабақ кезінде тыңдаушылардың алдын-ала
берілген сұрақтар бойынша дайындаған қысқа баяндамалары тыңдалады.
Баяндамадан кейін әңгімелесу өткізіледі. Кейде аса күрделі тақырыптар
бойынша мұғалімдер лекция оқиды. Үйірмелердегі сабақтарды өткізу әдісіне
таңдау ең алдымен тақырыптың күрделілігіне, тыңдаушылардың құрамына,
олардың білім дәрежесіне байланысты.
Ұзартылған күн мектептері мен топтарының кеңеюуіне байланысты үйірме
жұмыстарын сабақтан тыс уақытта жүргізуге қолайлы жағдай туады. Ұзартылған
күн сыныптары мен топтары қазір төменгі сынып оқушыларын ғана емес,
сонымен бірге ортаншы, ал кейде жоғары сыныптарды да қамтиды.
Үйірмелер саяси білім берудің жалғыз ғана формасы емес. Мұнда саяси
білім беру, оны кеңейтіп, тереңдете түсу жөнінде сан алуан жұмыстар
жүргізіледі. Клубтардағы жұмыстың формалары мен тәсілдері әртүрлі. Мұнда
лекциялар мен баяндамалар оқылады, пікір алысулар мен теориялық
конференциялар өткізіледі. Жоғары сынып оқушыларының өзіндік жұмыстары
елеулі орын алады.
Мектептерде әскери-патриоттық клубтар құрылады. Оқушылар мұнда әскери
антпен, әскердің алуан түрлерімен танысады, Ұлы Отан соғыстарына және Ауған
соғысына қатысушылармен кездеседі.
Қазіргі кезде республикамызда болып жатқан түрлі әлеуметтік-
экономикалық процестерде: халықтың ұлттық сезімін оятуды, тарихи мұраға
аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды дамытуды,
жеткіншектерді ұлттық мәдени мұра арқылы патриоттыққа тәрбиелеу жұмыстарын
жақсартуды талап етеді.
Патриоттық тәрбиенің мазмұны мынадай қасиеттерді қалыптастыруды
көздейді: Отанын сүю және өзінің азаматтығын мақтан тұту; өз Отанының
болашағы үшін, амандығы үшін қызмет ету; ана тілін жетік меңгеріп сүйе
білу; халқының салт-дәстүрін, ерекшеліктерін білу, сақтау, дамыту; өз
Отанының тарихын, табиғатын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін білу; дінге,
тарихи мұраларға құрметпен қарау; өз отандастарына, сондай-ақ басқа ұлт
өкілдеріне гумандық көзқарас білдіру.
Қазіргі кезде егеменді еліміздің білім беру жүйесін реформалау
барысында жастарға патриоттық тәрбие беруде ұлт мақтанышы болған жеке
тұлғалардың өмірлік тәжірибелері мен халықтық мәдени мұралары айрықша орын
алады. Қазақ халқының өмірлік тарихи жолында өскелең ұрпағын өзіне дейінгі
қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана
отырып, шынайы туған жерге, елге, отанға, туыстары мен ағайындарына, әке-
шеше, аға-іні, әпке-сіңлісіне, достарына деген сүйіспеншілік, бауырмашылық
қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Қандай халық болса да оның ұлттық бейнесі, өзіндік әуесі, жекелік
қасиеті, ұлттық болмысы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін
қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып
ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан екшеленіп өткен, бүгінгі өмірге
жеткен салт, дәстүрлерге халықтық қасиет, ұлттық намыс жөніндегі
мәселелерді кеңінен қамтитын патриоттық тәрбиенің қырларын жетілдірудің
маңызы зор болып отыр.
Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақты ұлттық рухта елжандылыққа,
Отаншылдыққа баулу - патриоттық тәрбиенің басты міндеттерінің бірі.
Патриоттық - Отанға, туған халыққа деген жоғары сапалы асқақ сезім,
туған жердегі тарихи қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық, саяси
және мәдени орта мен халықтың тұрмысы, еңбегі, өнері, тілі, ұлттық
дәстүрімен байланысты екенін таныту. Өз халқы үшін әділеттілікке, кайсарлық
пен табандылық көрсетіп күресе білуге, отандастарына сүйіспеншілік,
бауырмашылдық сезімін дамыту патриоттық тәрбиенің басты мақсаты болып
табылады. Қазіргі қоғамның ең басты талаптарының бірі -әрбір адам өмірінде
өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғамдық байлықты дамытуға үлесін
қосу. Жеке тұлға Отан өміріне адал, саналы қатысуы қоғамның бүгінгі өмір
салтының алғы шарты болып табылады. Ол үшін адам патриотизмге лайықты
тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған, белсенді жеке
тұлға ретінде қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған адамды
қалыптастыратын әлеуметтік тәрбие институттарының жүйесі - негізгі орта
білім беретін мектеп. Отаншылдық елжандылыкқа, патриоттыққа тәрбиелеу
тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі.
Ұлттық рухы жоғары дамыған адамдарды тәрбиелеудің бірден-бір құралы -
білім беруді халықтық салт-дәстүр мен ұлттық нышанды ұштастыру болып
табылады. Бұл өскелең ұрпақты жан-жақты дамытуда жалпы дарынының көтерілуін
қамтамасыз етеді және оның динамикалық және біртұтастық жасампаз табиғатын
айқындайды, сондықтан жалпы дарын неғүрлым бай болған сайын адамның арнайы
қабілеттерінің шарықтай түсуі жақсарады. Мысалы: дарынды қолбасшы болу
сияқты, қазіргі мектептің оқушыларына патриоттыққа тәрбиелеудің мақсаттары
- Отанға деген сүйіспеншілікті әрі елжандылықты, аға ұрпақ өкілдерінің
өмірі мен тәжірибесіне деген құрмет сезімін дарыту, оқушыларда ұлттық рух
пен сана қалыптастыруда дәстүрдің негіздерімен таныстыру, оқу барысында
және сыныптан тыс жұмыстарда теориялық білімдерін, дағдыларын тереңдетіп
және өмірлік тәжірибесінде еркін қолдануды қамтамасыз ету. Бұл мақсаттар
патриоттық тәрбиенің қоғамдық өмірдің обьективтік жақтары мен катынасының
сипаттарын бейнелейді, адамның қоғамдық мәнін жан-жақты дамыту мүддесімен
сәйкес келеді.
Әңгімелесулер. Әңгімелесулерді өткізу әдетте мерекелер мен даңқты
күндерге үйлестіріледі.
Мектеп тәжірибесінде мораль немесе әдетте аталып жүргендей, этика
мәселелері бойынша әңгімелесулер өткізіледі. Олар адамгершілік
принциптерін оңтайлы формада түсіндіруге, адамгершілік тәжірибесін ұғынуға
және жинақтауға көмектеседі. Мұндай әңгімелесулер үшін мектеп, сынып
өмірінен, газет пен журналдардан, көркем әдебиет шығармаларынан алынған
фактілер құнды материал болып табылады. Оқушылардың өздерін материал
жинауға қатыстырған жөн. Мысалы, еңбексүйгіштік немесе шыншылдық пен
адалдық туралы мақал-мәтелдерді жинақтауды тапсыруға, содан кейін мына
тақырыптардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау
Сынып жетекшінің тәрбие жоспары
Сынып жетекшісінің қызметтері
Бастауыш сынып жетекшісінің оқушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарының теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу
Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің ата- аналармен жұмысының ерекшелігі
Пәндер