Түркі тілдерінің морфологиялық ерекшеліктері


Жоспар.
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Түркі тілдерінің морфологиялық ерекшеліктері.
2. Көмекші морфема оның түрлері.
III. Қорытынды .
ӘДЕБИЕТТЕР.
- Б. Я. Владимерцев и Н. Н. Поппе. Из области вокализма монгольско и турецкого . ДАН-В, 1924.
- Е. Д. Поливанов. Узбекская диалектология и узбекский литературный язык. Ташкент, 1933, стр. 17.
- Н. А. Баскаков. Диалект кумандинцев. М., 1922.
- 9, 19, 20, 31, 32. Ж. Киекбаев. Башқұрт тілінің фонетикасы.
Уфа. 1958.
5. Л. 3. Заляй. Развитие татарской диалектологии в советский
период -«Материалы по диалектологии». Казань, 1955.
Кіріспе.
Көне түрік тілінде көсемшелік тұлғалар қазіргіден сан жағынан көп болған. Олардың кейбір сақталмаған, бірен-сараны жеке сөздер құрамынды «өлі» элеметтер түрінде ғана ұшырасады. Қазіргі қазақ тілінде қатты сын есімінің құрамында -ты V-VIIIғасырда көсемшілік формант және ол шақты білдірген: қатығды>қатды>қатты. Бірақ сөз құрамында ғана сақталып, өзінің бұрынғы шақтық мәнінен түгелдей ажырап қалған. Сол сияқты, сайын, тағы, дейін, шейін тәрізді шылаулар құрамында да бір кезде (V-VIII ғ. ) қолданылған "Ы, -~и көсемше 1 форманттарының ізін көреміз.
V-VIII ғасыр ескерткіштерінде көсемшенің мына тәрізді форманттары қолданылған: 1. -а, -е, уча, тута, -й, -ы: ти, алы, -у, -ү: өлү, оплайу: -гелі; өлгелі, -ты: сақынматы, қатығды. 2. -п, -пан, пен: олурыпан. Орта ғасыр ескерткіштерінде де кейбір өзгерістермен (негізінен, фонетикалық) осы тұлғалар қайталана-ды. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде, бұлардан басқа, -ғач, -геч (көбінесе шағатай әдеби тілінің құрамында), -мадын, -мазын, найын. Алтын Орда ескерткіштерінде -ғанча, -гінче тұлғалары да ұшырасады. Қөне түркілік ескерткіштер тілінде де көсемше гұлғасы дербес күйінде емес, күрделі етістік қүрамында, бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде, сондай-ақ әр түрлі көмекші сөздермен, форманттармен бір тіркес құрамында қолданылған. Көрсетілген кесемше форманттарын шақтық -мән білдіруіне қарай осы шақ кесемшелері: -а, -е, -ы, -й, -ү, -ты өткен шақ көсемшелері -п, -пан (орта ғасыр ескерткіштерінде -бан, ыбан) және мақсат көсемшесі -ғалы деп топтастыруға болады. Бұл жағынан да қазіргі тілдегі осындай көсемшелерден үлкен айырмашылығы байқала қоймайды, -а, -е және -ы, -и, -у, -ү тұлғаларын Орхон жазбаларын оқып, оның тілін зерттеумен айналысқан В. Томсен бір-бірінен аздаған мағыналық мәнерлер арқылы ғана ажырайтын фонетикалық варианттар деп қарапты. -ы тұлғасы X-XIII ғасырларда-ақ, А. М. Шербактың айтуынша, жеке сездер құрамында ғана сақталған елі тұлға болған.
Қазақ тілінде мұның ізін сайын (сай-ы-н), дейін, (тегі-н) шылаулар құрамынан көреміз, -у, -ү тұлғалары орта ғасыр жазбаларында аса кең қолданылған. Алайда, кейінгі дәуірлерде қолданыстан шығып қалды. Варианттардың азаюымен бірге, бір кезде әр түрлі вариантқа тән болатын мағыналық мә-нерлер тек қана -а, -е, -й формаларына шоғырланған. Айталық, ескі жазбалар тілінде істің, әрекеттің мақсатын, себебін білдіру мәнінде керінесе -у, -ү, -ы тұлғалары қолданылса, қазіргі тілде . осы мағыналар -а, -е, -й кесемшелерімен беріледі.
-а, -е тұлғаларының арғы түбі туралы А. М. Шербак бұл - қимыл есімі, бұл тұлғаның үстіне орта ғасыр жазбаларында шырай жұрнағы -рақ жалғанып та қолданылуы сондай екекдігін дәлелдейді деп жазады. -п тұлғасы көне түркі тілінде де өткен шақ мәнін беретін грамматикалық тәсіл. Бұл тұлғадан тараған -пан, -пен және -ыбан, -ібен варианттары да болған. -п тұлғаОИ А. Н. Кононов көне бол етістігінің ~(й) а, -(й) е тұлғалы көсесшелерімен бір тіркесте энклитикалық қолданылуынан қалыптасқан деп қарайды. Аффикс мына жолмен өзгеріске түскен' ~(й) ыпан>-(ы) пан -ып 1 . Ал, кейінгі дәуірлерде -пан күрделі* аффиксінің құрамынан -ан буыны түсіп қалса керек. Қазіргі якут және чуваш тілдерінде -ан өнімді аффикс. Көне заманда бүл есімшелік аффикстерінің бірі болған. С. Е. Малов та -пан тұл- ғасын -п және -ан бөліктерінен құралған деп есептейді. Бұлардан сәл езге пікірді соңғы кезде А. М. Шербак айтты. Ол -п тұлғасы тарихи тұрғыдан қимыл есім форманты, ал -ан ескі құралдық септік қосымшасы деп есептеді.
Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат көсемше деп аталып жүргем -ғалы тұлғасы ескерткіштер тілінде екі түрлі мәнде - мақсаті және істің басталар моментін (уақытын) білдірген. Қазақ тілінде де бүл тұлғаның осы екі мағынасы сақталған -ғалы қосымша- сы құранды. -ғалы көсемшесінің екі түрлі қызметі екі түрлі морфологиялық тұлғадан құралуына байланысты. -ғалы қосымшасының алғашқы элементі барыс септік жалғауы да, соңғы '-лы түркі тілдерінің тарихында белгілі бірлестік септік қосымшасы болуы ықтимал. -ғалы тұлғасы әдетте істің басталуына мегзейді, бір істің басталуы мен екінші әрекеттің ыңғайластығын, тұс-тастығын білдіреді. -ғалы тұлғасының семантикасы осындай морфологиялық құраманың нәтижесі деп қаралатыны да сондықтан.
Орта ғасыр ескерткіштері тілінде ұшырасатын -матын, -ма~ дын, -майын тұлғалары нақ осы күйінде қазақ тілінде сақталма-ған. Тарихи жағынан бұл күрделі: -ма - етістіктің болымсыздық аффиксі, -йын Орхон жазбаларында ұшырасатын -йин, -йын кө-семшелері екені айқын. Бұл аффикс ескерткіштер тілінде де істің істелу тәсілін, қандай жағдайда істелгендігін білдірген. Қысқасы, қазіргі қазақ тілінде -май, -мей (көрмей сөйлеме, білмей айтпа) тұлғасы беретін мағыналарда қолданылған. Орта ғасыр ескерткіштері тілінде де бүл аффикс бірде толық түрінде (-ма-йын), бірде қысқа түрінде (-май) айтылған. Қазақ тілінде толық түрі -майынша күрделі аффиксінің құрамында ғана ұшырайды. Соңғы мезгіл мәніндегі -ша қосымшасының қосылып, бірігіп жұмсалуы Алтын Орда жазбаларының тілінде ұшырасады. Соң-ғы ша қосымшасының ықпалымен бүкіл аффикс мезгілдік мәнге ие болған. Бұл түркі тілдеріндегі көсемше тұлғалары есім негізді дейтін пікірдің дұрыстығын дәлелдейді. Сондықтан А. Н. Коноваловтың «Осы терминмен» (көсемше) грамматикаларда шығу тегі жиғынан әр қилы етістік негізді формалар аталады: олардың көпшілігі келем-кеңістік септіктеріндегі етістік негізді есімдер» 1 дап жинақтауы әбден дәлелді.
Сонымен, көсемше формаларының көпшілігіне-ақ есім сөз таптарына тән қосымшалар негіз болған. Ал, етістік негізге есім қосымшаларының (септік жалғауларының) жалғануын қалай түсінуге болады? Бұл жерде түркі тілдері тарихында болған мынадай ерекшеліктерді еске алған жөн: есім-етістік түбірлер өз семантикасын (я есім сез табы ретінде, я етістік сөз табы ре-тінде) контекс құрамында ғана анықтады. Сабақтастырушы жалғаулықтар қалыптаспаған дәуірде сейлем құрамында адвербиалдық мән берудің ұтымды тәсілі - септік жалғаулары болды. Тұрлаусыз мүше қызметіндегі қимыл есімі өзінен кейінгі предикат мәніндегі етістікпен септік жалғауы арқылы қатысқа түсті. Нақ осы тәсіл қазіргі тіл құрамында да бар.
Негізгі амалды білдіретін немесе оны айқындай түсіп, қосымша қимыл, амалды білдіру қызметінде жұмсалатын етістіктің түрі көсемше деп аталады. Көсемше қайтіп? қалай етіп? неге не істеп? не істегелі? Не істеді?қайткелі? деген сұрақтарға жауап береді.
Көсемшенің жұрнақтары басқа сөз таптарында кездеспейді. Көсемше етістіктегі істің болу амалын, тәсілін білдіретін форма. Асығып сөйледі, асыға сөйледі десек, көсемшеде тұрған етістік соңғы сөйлеу етістігінің қалай болғандығын сипаттап түр. Қалай, қайтіп сөйледі? - асығып сөйледі, асыға сөйледі Ол келе жатыр. Сен оқып жүрсің дегендегі негізгі етістіктер (келе, оқып) көсемше формасында тұр.
Көсемшелердің жанамалық мағынасынан туатын үстеулік қызметін олардың үстеуге айналуынан байқауға болады. Іле-шала, тұра-сала, (соған) бола, сөйтіп, ала-сала (содан) бастап, (соған) қарай дегендер, етістіктен гөрі үстеуге бейім.
Мезгіл, амалы тәсіл, мақсат - осылардың барлығы көбінесе етістікке тән категориялар. Бұл категориялар тілде қосымша арқылы да, дербес үстеу арқылы да беріледі. Ал көсемшелер ретіне қарай осы категориялардың барлығын да көрсетеді. Жүгіріп келді (қалай келді?) . Мұнда жүгіріп келу ісінің амалын көрсетеді. Келе іске кірісті. Қашан кірісті? Мұнда келе іске «кірісудің» мезгілін көрсетеді. Үйренгелі барды. Мұнда үйренгелі бару ісінің мақсатын көрсетеді.
Ашық райда көсемше формалары шақтық көрсеткіш қызметін білдіреді. (беріп-пін, беремін, бергелі отыр. ) Күрделі етістікте көсемше жұрнағы негізгі етістікті білдіреді, яғни күрделі етістікте негізгі етістік көсемше формасында түрады (беріп кет, танып қой, бере кет, тани қойды) . Бірақ, күрделі етістіктегі көсемше формаларында тұрған етістіктер жанама, қосымша үстеу мағынасында емес, негізгі етістік мағынасында тұрады. Көсемшелердің бұл екі түрлі жағын ажыратудьщ белгілі жолы бар. Көсемше жұрнағы негізгі қимылды және сол қимылды айқындайтын қосымша қимылды білдіретін мағынада болса, қалай, қайтіп, қашан? сияқты үстеу сұрауларына жауап береді. Қашан келдің? - таң ата келдім. Қалай келдің? - асығып келдім. Неге келдің? - сөйлескелі келдім. Ал көсемше жұрнақтарында тұратын күрделі етістіктегі негізгі етістіктер үстеу сұрауына жауап бермейді, тек етістіктің негізгі сұрауларына жауап болып қолданылады. Шақырып келді, шақыра келді (не ісшеді?) бере салды, беріп салды, қуанып кетті, қуана кетті, жиналып қалды, жинала қалды (Не етті?, не істеді?, не болды?) .
1. Көсемше етістіктің негізгі түбіріне (бұйрық райдың екінші жақ жекеше түріне) және туынды түбір етістіктерге жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: -ып, -іп, -п: ойла-ойлап, ойлан-ойланып, ойлат-ойлатып: өлше-өлшену өлшен-өлшеніп, өлшетіп, есті-естіп, естіліп, жел-желігіу желдір-желдіріп, желдіртіп, талда-талдап, талданып; тап-тауып у жап-жауып, қап-қауып, кеп-кеуіп. Амалды, себепті, кейде мезгілдің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғандығын білдірсе, өткен шықтық көсемше деп аталады. Өткен шақтық көсемше де етістіктің негізгі түбіріне және етіс түріне -ып, -іп, -п жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: I Мен барыппын, II. Сен барыпсың, Сіз барыпсыз. III. Ол барыпты т. б.
2. Көсемше етістіктің негізгі түбіріне және етіс түрлеріне -а), . -е), -й жүрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бол-бола, ер-ере, ақтар-ақтара у тексер-тексере, айқайла-айқайлай, айқайлата, жабыс-жабыса, жабыстыра, іл-іле, өндір-өндіре, өндіріле, жайыл-жайыла, үйрен-үйрене, үйрете, жайна-жайнай, жайната т. б.
Өзі қатысты етістіктегі істің амалын, кейде мезгілін, шартын көрсететін етістіктің түрін ауыспалы шақтық көсемше деп атайды.
Көсемше формасьщдағы етістіктер қосарланып қолданылады. Мысалы: жүре-жүре (шаршадым), айта-айта (жағым талды), көре-көре (көсем болады), куте-күте (зеріктім), сағына-сағына (зарықтым) .
Көсемшелердің қосарланған түрі қызметі жағынан етістіктен гөрі үстеуге жақын, сондықтан бұл қосарланған көсемшелер сөйлемде тек пысықтауыш болады.
3. Көсемшенің бұл түрі етістіктің негізгі түбіріне және етіс түрлеріне ғеалы (-гелі, -калы, -келі) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: ү йренгелі, көргелі, істегелі, оқығалы, айтқалы, танысқалы, көрсеткелі, оқытқал айтқызғалы, таныстырғалы. Басқа көсемшелер сияқты, көсемшенің бұл түрі де біріншіден, көсемше мағынасында, екіншіден, күрделі етістік (күрделі келер шақта) құрамында қолданылады.
Негізгі істің мақсаты мен мезгілінің келер шақта болатындығын білдірсе, келер шақтық көсемше деп аталады. Мысалы: Ат артып алыстан, Айтысқалы келгенмін. Амандасқалы келдім.
Көсемше формасындағы етістік құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сыңарының баяндауышы қызметінде қолданылады. Мысалы: Кешке таман Төлегенді оңаша шақырыға құрмалдық беру жайын ақылдасты (Ж. Ай. ) Мұнда көсемше екі жай сөйлемді байланыстыру қызметін де атқарады.
Көсемшенің байланыстыру қабілеті күрделі сөздің құрамында ерекше көрінеді. Мысалы: кіріп шық, алып кел, айта кет, көріп кел. Бұл күрделі етістіктердің құрамындағы екі сыңары көсемше арқылы байланысып тұр.
Түбір сөзден кейін тұрған сөз бөлшектердін қосымша дейміз, ал түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөзді қосымшалы сөз дейміз.
Мысалы, жұмысшылар деген сөзді алсақ, жұмыс -түбір сөз, -шылар -қосымша, ал осы екеуінен жасалған жұмысшылар - қосымшалы сөз (-лор -жалғау, оның қызметі басқа) . Қосымшалар жеке-дара тұрғанда, яғни түбірге жалғанбай тұрған кезде олардың өзіне тән ешқандай арнаулы мағынасы болмайды. Сондықтан қосымшалар түбірдің қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Қосымшалардың мағынасы түбір сөздің ықпалына еріп, өзгеріп, түрленіп отырады. Мысалы, -шы, -ле қосымшаларын жеке-дара алып қарасақ, бүлар ешқандай мағынаны білдірмейді. Енді осыларды мал, жұмыс, шеге сөздеріне қоссақ, , онда малшы, жұмысшы, шегеле сөздері пайда болып, малшы, жұмысшы сөздері адам үғымын білдіреді де, шегеле сөзі қимылдық үғымды білдіреді. Демек, бұл қосымшалар түбірге жалғанғанда жай заттық үғымдардан екінші бір үғымдарға ие болатын сөздерге ауысуға себеп, дәнекер болады.
Енді малшы, жұмысшы сөздеріне -лар қосымшасын жалғасақ м ал-шылар, жұмысшылар), ол -шы қосымшасы сияқты сөзге мағыналық езгеріс енгізбей, оған тек көптік мағына беріп тұрғанын аңғарамыз. Осыдан келіп, қосымшалардың бірқатары жалғанған сөзіне жаңа мағына берсе, енді бірқатары мүндай қасиетті бере алмайтынын байқаймыз.
Біріншіі топтағы су сөзі - заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, бұған -шш, -сын, -лық, -от тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлпі (сушьіу сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі хжаңа сөздер пайда болады. Сондай-ақ, екінші топтағы сөздердің де су сөзі - заттық ұғымды білдіретін түбір сөз, ал бүдан -ла, -ар, -сы, -са жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қыймылдық үғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алныстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін - сөз тудыратын, екіншісін сөз түрлендіретін жұрнақтар дейміз.
Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.
Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сөл ғана үстеме мағына беретін жұрнақгың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді. Мысалы, су, қызыл сөздеріне -ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы ж:асалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мұнда алғашқы сөздер мағынасының сәл ғана үстеме мағынамен өзгеріп тұрғанын байқаймыз.
Демек, жеке сөздердің түбіріне жалғанып, бірде жаңа мағыналы сөз, бірде жалғанған сөздерінің формасын ғана өзгертетін сөз бөлшегін жұрнақ дейміз.
Әдетте, көмекші сөз туралы әңгіме бола қалса, бірден онын не мағына жағынан олқылығы, не форма жағынан жетімсіздігі, не кызмет жағынан шалағайлығы бар екендігі туралы немесе осылардың бәрі бірдей оның басынан түгел табылатындай бір ой я түсінік кекейге орала кетеді, Көмекші етістікті атағанда да, дәл осы ұғым ілесе туа калады.
Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде атқаратын қызметі орасан зор. Олардың көмегі арқасында, мағыналары қаншалықты олқы бола тұрса да, мағынасы толық дербес сөз арқылы білдіре алмайтын неше алуан өте нәзік семантикалық, грамматикалык абстракты мағыналар жасалып я беріліп отырады, Мысалы: шөлдеп кеттім және шәлдеп қалдым, серпіп жіберді және серпіп тастады, бере салдым және бере қойдым, жығылып кете жаздадым жәые жығылып қала жаздадьш . . . де-ген етістіктердің бір-бірінен ерекшеленетін нәзік ретктерін тек кемекші етістіктердің жетекші етістіктерге мағыналарынан ғана ажыратуға болад ы. Көмекші етістіктердің колданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатъш семантикалық үлестері де, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Солай болғандарымен де, ортақ сипаттарын ескере отырып, оларды, ең әуелі толымды көмекшілер және то-лымсыз көмекшілер деген екі салаға бөліп қарауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz