Сезіктіні ұстаудың процессуальдық құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: "Сезіктіні ұстаудың процессуальдық құқықтары
мен міндеттері"
Мазмұны
Кіріспе 3
Тарау I. Сезіктіні ұстаудың түсінігі 7
- Сезіктіні ұстаудың негізі 7-17
- Сезіктіні ұстау тактикасы 18-21
- Сезікті қылмыстық процеске қатысушы ретінде 22-26
Тарау II. Тергеу әрекеттері өндірісінде сезіктінің қатысуы және
ұстаудың процессуальдық жағдайы 27
- Сезіктіні қылмыс жасаған жерінде ұстаудың процессуальдық жағдайы 27-31
- Тергеу әрекеттері өндірісінде сезіктінің
қатысуы 32-42
Қорытынды 43-44
Қолданылған әдебиеттер 45-46
Сілтемелері 47-48
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдылығын тани отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығын растай отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан тарихында тұңғыш рет салтанатты түрде жария етті /1/.
Барша жүйенің негізін қалаушы Конституция болғандықтан оның биік мақсаты заңның дамуын қоғамдағы прогресті қамтамасыз ететін арнаға бағыттау, осы жолда пайда болған кедергілерді жою болып табылады. Ондай рөльді ол қоғамдық дамудың жаңа талаптарына сәйкес жаңарып отырғанда ғана атқара алады 121.
Демократиялық құқықтық мемлекет құп жатқан жағдайда заңды білу оны оқып үйрену - әрбір азаматтың міндеті.
Қылмыспен және қылмыстылықпен пәрменді күрес мәселелері егеменді, тәуелсіз мемлекетіміздің 1995 жылы 30 тамыздағы қабылданған конституциясында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлықтарыңда, басқа да мемлекеттік заңдарда арнайы көрсетілген.
Құқықтық, демократиялық мемлекет құруға бағытталған құқықтық реформа ептеп алға жылжуда. Бұл реформаның нәтижеге жетуі әділдіктің негізгі қағидалары сотта әділдіктің болуы, заң мен сот алдындағы азаматтар тендігі, кінәсіздік презумциясының қаншалықты дәрежеде нығаюына байланысты.
Бұл бітіру жұмысында қозғалған мәселе сол сезіктінің процессуалдық жағдайы. Бірінші тарауда қылмыстық процестегі сезіктіні ұстаудың түсінігі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу заңының 68-бабында "Сезікті" деп тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтірілгендігін хабарлап, соған байланысты осы кодексте белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам сезікті деп танылады деп көрсеткен.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 132-бабында қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:
- ол адам қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оны жасағаннан кейін ұсталғанда;
- көрген адамдар, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам осы Кодекстің 133- бабында көзделген тәртіппен ұсталса;
- ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың анық ізі табылған кезде;
- жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірілген адамды ұстауға құқылы.
Бірінші тарауда сезіктінің процессуальдық жағдайының тарихи кезеңдері мен белгісі, сезіктінің түсінігіне ғалымдардың пікірлері көрсетілген.
В. С. Байронның, СА. Голунский, З. М. Раскольников, Н. В. Житков, С. Б. Собелов, А. Н. Кондратенко Ұлы Отан соғысына дейнгі ғалымдар өз пікірлерін айтқан.
И. В. Жогин, Ф. Н. Фатулин, Дорохов, Э. Боровскийдің пікірлері баянды айтылған. Осы сияқты Л. М. Карнеева, Р. Д. Рахунов зерттеулері жазылған. Сол сияқты қазіргі өркениетті, құқықтық мемлекет құруға бағыт алған туған еліміз қазір сан алуан әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда. Осындай өтпелі кезеңде көптеген қиындықтардың кездесетіндігі, соған орай қылмыс түрлерінің күрт көбейгендігі белгілі. Республикадағы осы жағдайдың бүкіл елді алаңдатып отырғаны да шындық. Осыдан келіп қылмысқа қарсы күресті әрі құқық тәртібін жедел нығайту міндеті туындап отыр.
Қылмысқа қарсы күрес ортақ міндет екенін бәріміз түсінеміз. Ол ешқашан науқандық сипат алмауға тиіс. Ішкі істер Министірлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы жазылған заңдарда сезіктіні қалай ұстау мәселелері баянды етілген. Екінші параграфта сезікті қылмыстық процеске қатысушы ретінде, қылмыстық процесте, қандай жағдайда кім сезікті бола алады, сол көрсетілген. Қазақстан Республикасы заңдарында сезіктінің, айыпкердің және сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 16- бабында былай деп көрсетілген:
- Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқы бар.
- Заңда көзделген реттерде ғана тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға немесе қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі.
Қазіргі кезде әрбір азаматтың ең бірінші қорғаушысы - өзінің ар-ожданы, өзі, екіншісі милицияның әділдігі, үшіншісі - қорғаушы, төртіншісі - әділ қазылықты жүзеге асыратын сот заңдар және конституциялық заңдар /3/.
Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды /4/.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқығын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Құқық - қоғамдық қатнастарды реттейтін, тиісті мемлекеттік органның шығарған немесе мақұлдап бекіткен ережелерінің жиынтығы. Заң алдында бәрі тең. Ешбір адамның, ол жоғары лауазым иесі болсын, заңды бұзуға қақы жоқ 151.
Тарау I. Сезіктіні ұстаудың түсінігі.
1. 1. Сезіктіні ұстаудың негізі.
Қылмыстық іс жүргізу кезінде "сезікті" деген адам бар. Қылмыс істеді деген күдік пайда болуына байланысты ұсталған адам сезікті қатарына жатады. Ал сезікті деп ұсталған адам қылмысқа мүлде қатысы жоқ болып шығуы, яғни жазықсыз жапа шегуі әбден мүмкін.
Заң органдары сезікті деп есептейді:
- Бұл адам қылмыс жасап жатқан кезде үстінен біреулер шықса.
- Қылмысты көзімен көрген адамдар және жәбірленуші де қылмысты істеген осы адам деп көрсетсе.
- Сезікті адамның денесінде не киімінде, өзінің қасыңда, не үйінде қылмыстың айқын іздері табылса.
- Жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы оның деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірілген адамды ұстауға құқылы.
Міне, осы төрт шартты белгінің бірі болса және бұдан да басқа сезіктенуге негіз болатын басқа дәлелдер табылған ретте тұрақты мекені болмаса, ондай адамды ұстауға болады.
Сезікті адам егер ол ұсталса, үш күн ішінде тұтқынға алынған болса 10 күн мерзімде оған айып мәселесі жариялануы керек. Ұсталған адам үш күнге дейін прокурордың санкциясынсыз қамауда болады. Ал тұтқынға алу үшін тергеуші арнаулы қаулы шығарған соң, прокурор санкция беріп, қол қойғаннан кейін заңды құжат ретінде орындалуға жатады. Сезікті деп үш күнге ұсталған адамның кінәсі мойнына қойылмаса да жапа шегуі әбден мүмкін. Ондай жағдайда тергеуші оны ұстағаны үшін жауап береді. Егер сезікті адам тез ұсталмаса, қылмыстың ашылуы да қиынға соғуы мүмкін. Міне, сондықтан да сезікті адамның кім екендігін тергеуші тез әрі қатесіз айқындауы керек.
Сезікті адам тергеушіге деректер беруге әр түрлі тергеу әрекетін жүргізуді талап етуге, тергеуші мен прокурордың әрекеттері жөнінде шағым беруге құқылы.
Сезікті адамға айып жарияланғаннан кейін, егер оның мәнісі қаулыда нақты және ауыр көрсетілсе, онда ол адам айыпкер болып жарияланады. Айыпкер іске қатыстыру үшін қорғаушы алуға құқығы бар. Нағыз қылмыскерді жазалау үшін алдымен кінәліні кінәсіз деп айыра білу керек. Өйткені, кінәсіз адамды жазалай отырып біз басқа да қылмыстардың орын алуына жол ашамыз. Сондықтан сот билігінің жіберген қатесі шексіз зардаптарға соқтырады.
Сезіктіні ұстаудың түсінігіне қылмыстық процестегі сезіктінің процессуалдық жағдайының түсінігіне, заңгерлердің еңбегіне талдау жасайтын болсақ Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарыңда "Сезікті" процесте өзара қатысушы ретінде болды. 1917 жылы Кеңестік жұмысшы шаруашылық милиция сезікті кісілерді ұстап, оларды жергілікті соттарға немесе тергеу комиссиясына тапсырған. Ұсталған сезіктіге милиция органдары қай жерде, қай күні, қай сағатта және осы шараны қоддану негізі туралы протокол жасаған /6/.
РСФСР-дың 1922 жылғы шыққан қылмыстық процессуальдық кодексі қандай кезде қылмыстық процесте сезіктінің жауап алу мағынасы көрсетілмеген еді. Осыған байланысты сезіктінің процессуалдық жағдайынан куәгерден, айыпкерден айырмашылығын ажырату қиын еді. Осыған байланысты практикада көп қателіктер жіберіліп отырды және сезікті процессуалдық құқығынан айырылды. Ол қылмыстық процессуалдық заңдағы айыпкердің немесе куәгердің қатарындағы құқықтары емес, өз процессуалдық құқықтарынан айырылып отырды. 1936 жылы және 1937 жылдың басында заң әдебиеттерінде баптар пайда болды, бұл баптар сезіктіні зерттеуді, шешуді керек қылатынкелелі мәселе болды. Осы мәселелерге заңгер ғалымдар өз көзқарастарын көрсетті. В. С. Байрон сезіктіден жауап алмау керек деген позицияны алды. А. А. Голунский сезіктінің пайда болуы және одан жауап алу тек қана ұсталғанда және бұлтартпау шарасын қолданғанда пайда болу қерек деді. З. М. Раскольников қылмыстық процесуалдық баптар, сезіктіден жауап алу туралы ескерді. Қазіргі кездегі өмірге сәйкес емес деді. Осыған байланысты сезіктіден жауап алуды қою керек деді. С. Б. Собелев қылмыстық процестегі сезіктінің институтын жою керек деді. В. К. Калугин қылмыстық процесте түсінік беруші деген мағына болсын деді. Сезікті деген мағына тек қана ұсталған кезде және бұлтартпау шарасы болғанға дейін болу керек деді, яғни алдын-ала тергеуге дейін. А. Н. Кондратенко жауап алу өндірісі, практикасы айып тағуға дейін дұрыс деді, содан сезікті терминін ауыстырудың керегі жоқ деді.
Енді осы ғалымдар заңгерлердің 1936-37 жылғы еңбектерінің осы жазылған көзқарастарына, осы бітіру жұмыстағы осы мәселеге көзқарасымды көрсеткім келеді.
В. С. Байронның көзқарасы дау туғызады, қалай жауап алмай сезікті деуге болады. Осы жерде қылмыстық процестегі адамның ар-ожданына қарсы әрекет бұзылды деп ойлаймыз.
С. А. Голунскийдің көзқарасына қосылуға болады. Бұл сол кездегі дұрыс көзқарастың біріне жатады. Әрине ол кезде жеке басқа табынушылық, репрессиялық кезең.
З. М. Раскольников пікірі, қылмыстық процессуальдық кодекс ескірді дегені орынды, бірақ жауап алуды алып тастау дегені сезікті ретінде дау туғызады. Ол кезде қандай жолмен дәлелдемелер жинауды талап ететіні түсініксіз. Бұл көзқарас дау туғызатын мәселе.
Н. В. Житков сезіктіні түсініктеме беретін фигураға ауыстыру керек дейді. Бұл сонда қалай, түсінік беру деген сөз басқаша ұғым береді. Түсінікті куәгерде, айыпталушы да басқа да процессуальдық қатысушы да береді. Осыған дау туады.
В. К. Калугин енді шамамен осы Житковтың пікіріне қосыла жаздап одан сезікті тек ұсталғанда және бұлтартпау шарасы қолданғанда түсінік болсын дейді. Бұл жерде Калугин екі көзқараста түр десек те болады. Мағынасы дау туғызады. Әрине бұл сол заманның ситуациясына сәйкес болған, осыған қарамастан әлде де заң білімдері аздығын көрсетеді. Әрине жас Кеңес үкіметінің ол кезде практикасы басқаша болған.
С. Б. Собелев сезіктінің институтын жою дегені де заңгер арасында дау туғызады. Ол оның орнына кімді ұсынбақшы.
А. К. Кондратенконың көзқарасы 50 жыл алдындағы пікірін қазіргі кездегі практикаға сәйкес деуге болады. Сол кезде осы пікірлер жеткіліксіз болды. Осыған байланысты СССР-дың Бас Прокуроры 1937 жылы 5 шілдеде заң шығарды. 41/26 Тергеу сапасын жоғарылату туралы. Бас прокурор сезікті деген атты алып тастау керек деді. Ол процессуальдық жағдайының кейбіреуін өзгертуінің орнына қылмыстық процестегі сезікті түсінігін алып тастады.
А. Я. Вышинский қылмыстық процестегі сезікті фигурасын алып тастауы дұрыс емес деп, содан кейін сезікті деп кімге сезік туса қылмыстық процессуальдық кодекстегі негізгі қатар болу керек деген. Көпшілік ғалым заңгерлер сезіктінің фигурасы қылмыстық процесте қайтадан пайда болу керек дейді. Жеке ғалым-заңгерлер сезіктінің фигурасының пайда болуына қарсы болды. Соның бірі Г. Р. Гольст 1958 жылы қылмыстық процессульдық кодекстер, бүкіл республикалық кодекстері бұл айтысқа нақты нүкте қойды. Қылмыстық процессуальдық кодекстерде сезікті қылмыстық процеске қатысушы ретінде қайтадан пайда болды.
1958 жылғы кодекс бойынша сезікті екі жағдайда сезікті деп қаралады деген. Бірінші, сезікті деп қылмыс үстінде ұсталғанда. Екіншіден, айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолданғанда. Осы жаңа қылмыстық процессуальдық кодекс шыққаннан бастап Э. Боровский сезіктінің фигурасына қарсы шықты. Ол былай деп жазады: Сезікті Кеңестік қылмыстық процесте жеке тұлға дәлелдемелері аз дейді, осыған сәйкес деп көрсетеді. Боровский сезіктіден жеке жауап алу деген, айып тағуға аз дәлелдеме деген сөз. Бұл дұрыс емес деген пікірлер болды. Заңдылық бұзылады басқа да іске қатысы жоқ азаматтар сезікті болып кетеді дейді. Соған байланысты заң шығарушы нақты сезіктінің түсінігін қылмыстық процессуальдық кодексте көрсетеді. Ол біздің Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексінде "сезікті"- қылмыс жасаған кезде сезіктелген тұлға, бұлтартпау шарасы айып тағуға дейін қолданылған тұлға.
Сезікті - қылмыс істеген сезік туса және мәліметтер болса, айыпкер деп тануға айып аздау болатын болса осыны сезікті дей аламыз.
Сезіктінің айыпкерден айырмашылығы істің мәні бойынша сезіктіге айып тағыла алмайды, фактілер белгісіз аз болса, бұл оны шарадан босатпайды. Ол өйткені қоғамға қауіп жасауы мүмкін, тергеу ісін жүргізуте кедергі жасауы мүмкін. Қылмыстық істе азаматты сезіктінің жағдайына қойғандар мәліметтер обьективтік және дәлелдер нақты азаматқа қылмыс жасады деп күмәнданған адам. Тергеушінің осы азамат қылмыс жасады деген ойы тек қана, субьективтік мән береді. Дәлелдейтін нақты обьективтік дәлелдер керек, бұл әрине аздау. Осы азаматты сезікті деп тану үшін басқа да жағдай керек, ол заңдық процессуальдық актіде көрсетілген. Ол Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексінің 68-бабында көрсетілген: -
- Қылмыс жасаған кезде сезіктелген тұлға.
- Бұлтартпау шарасы айып тағуға дейін қолданылған тұлға.
Дәл осы айтылған жалпы одақтық қылмыстық процессуальдық заңдарда бар. Осыған байланысты қай уақыттан бастап сезіктінің фигурасы қылмыстық істе пайда болады? Осы сұраққа әр түрлі көзқарастар бар. Профессор М. С. Строгович, сезікті ұсталғанда және бұлтарпау шарасы айып тағуға дейін болады дейді.
Л. М. Карнеева басқа пікірін айтады. Сезіктінің пайда болуына нақты бұлтартпау шаралары қолданғанда емес, тек осы сезіктенген сезікті деген қылмыс туралы мәліметтер болғанда ғана көрсетіледі дейді. Л. М. Карнееваның пікірі дау туғызады, оның себебі мысалы, қазіргі кезде нарықтық экономиканың қиын жағдайына байланысты қылмыстың көбеюі себептің бірі, егер де біз бұлтартпау шараларын жасамайтын болсақ сезікті деп аталған азамат басқа мемлекетке қашуы мүмкін. Қазіргі кезде іздеу шаралары қиын. Қылмыс жасап қашып кеткендер, табылғандардың саны өте көп.
Қазір Ресейді, Украинаны алайық тағы басқа тәуелсіз мемлекеттер достығының мемлекеттерін алайық, олардың өзінің қылмыскер азаматтары толып жатыр. Осыған орай қазіргі кәсіпорындардың директорлары, заңды тұлғалардың бастықтары, азаматтар салымдарын алып уәделер жасап қашып жатқан жоқ па, осыған мысал: "Финтраст" және басқа да фирмалар. Осыларға аудиториялық бақылау жүргізіп тұрғанда салық инспекциясы уақытында құқық қорғау мекемелеріне шағым бергенде істің мән-жайларын зерттеу болатын еді. Тап осы уақытта санкция беру керек еді, әрине қылмыстың құрамы болғанда. Яғни обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы.
Л. М. Карнееваның пікірі нақты дау туғызатын жағдайдың екінші жағы. Егер бұлтартпау шарасы қолданылмаса сезікті қоғамға қауіп жасауы мүмкін. Тергеу ісін жүргізуге кедергі жасауы мүмкін. Әрине Л. М. Карнеева бұл мәселені терең зерттеген ғалым-заңгер. Әр заңгердің өзінің пікірі болуы керек. Л. М. Карнеева субьективтік және обьективтік сезікті туралы түсінік береді.
- Субьективтік түсінігі тергеушінің күмәні, осы азамат қылмыс жасады деген.
- Обьективтік түсінігі бұл нақты дәлелдеме.
Бірінші жағдайда ол сезіктінің процессуальдық құқықтары көрсетілген. Сезікті процесте екі жағдайда пайда болады:
- қылмыс жасаған кезде сезіктелген тұлға.
- Бұлтартпау шарасы айып тағуға дейін қолданылған тұлға. Осыған байланысты сезікті процессуальдық фигура болады.
Егер де тергеушіден күмән туса, осы азамат қылмыс жасады деп ол оны әлі сезікті деп тану деген сөз емес. Осы субьективтік жағдайы. Обьективтік жағдайында нақты көрсетілу керек прцессуальдық актіде. Сезіктінің процессуальдық жағдайы Қазақстан Республикасында Тергеуде, Ішкі істер органдарында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Салық полициясында жүргізіледі.
Ал, Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы заңды күші бар жарлығында сезікті туралы.
Осы заңға сәйкес азаматтардан сезікті деп анықталса, аты-жөнін куәландыратын құжаттарын тексереді. Қылмыс жасады деп ұсталған болса, қылмыс үстінде құжаттарын тексереді. Байланыс, транспорттарды заңды әскери құлымдардың транспортын қылмысты болдыртпау үшін пайдаланады және қылмыс жасады деген сезікті адамның артынан барып ұстау үшін, оларды ұстап ИВС-ке апару үшін керек.
Заңды тұлғаның территориясына және бөлмелеріне кіру, әскери құлымдарға, азаматтардың үйіне, жер учаскесіне кіру үшін қылмысты болдырмау үшін, сезіктіні ұстау үшін егер де тез арада жасалмаса, қоғамға қауіп төндіретін болса. Егер де Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері зорлап кірсе, онда прокурорға 24 сағат ішінде хабарлауға тиіс. Міне осындай қазіргі кезде сезікті туралы мәліметтер.
Л. М. Карнеева сезіктіден жауап алу қаулыда және қылмыстық іс қозғалғанда көтерілсе деген III.
Егер де осыны көретін болсақ, онда әртүрлі азамат тұлға қылмыс жасады деп сезіктелген десе, сезіктінің жағдайы деп оны сезікті ретінде жауап алуға болады. Бұл азаматтардың құқықтарына қарама-қайшылық, Л. М. Карнееваның пікірі дау туғызады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында, әркімнің жеке басының бостандығына құқы бар. Заңда көзделген реттерде ғана және соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Прокурордың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ғана ұстауға болады /8/.
В. Я. Дорохов мынадай пікір айтады: Процесте үшінші жағдайда сезіктінің пайда болуын ол былай дейді. Кылмыстық істі қозғағанда қаулы анықталған сезіктіге айып тағу уақытын 10 күн ішінде, бірінші жауап алуда сезікті ретінде, бұл деген ол сезікті деп күмән туғаннан болады дейді. Егер де сезіктіге күмән тумаса, онда тергеуші қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны шығару керек дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz