Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы


Жоспар
Кіріспе
Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Коммерциялық күштерді интенсификациялау тұжырымдамасы
Қорытынды
Маркетинг тұжырымдамасы
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Біздер маркетингті басқарушы міндетін әртүрлі нарықтарда өткізудің мақсат деңгейіне жетуге керекті міндеттерді орындау деп сипаттаған болатынбыз. Бірақ одан сұрақтар туындайды. Бұл маркетингілік күштерге қандай тұжырымдамалар жол сілтеуі керек? Мекеменің, клиенттің және қоғамның салыстырмалы ықыластары қандай? Көпшілік жағдайларда бұл ықыластар бір-біріне қарама-қайшы келеді. Әрине, маркетинг өрісіндегі барлық әрекеттер бірыңғай тұжырымдама шегінде орындалуы керектігі сөзсіз. Коммерциялық мекемелердің өз маркетингілік әрекеттерін жүргізудің негізгі бес жолы бар: өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы, тауарды жетілдіру тұжырымдамасы, коммерциялық күштерді интенсификациялау тұжырымдамасы, маркетинг тұжырымдамасы және әлеуметтік - этикалық маркетинг тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдамалар өркендеген экономика тарихының әртүрлі кезеңдерін және соңғы 50 жылдағы негізгі әлеуметтік, экономикалық және саяси өзгерістерді бейнелейді. Жалпы өркендеу тенденциясы - ак-центі өндіріс және тауардан коммерциялық күштерге, тұтынушыларға ауыстыру, әлеумеггік - этикалық проблемаларға көбірек бағыт алу болып отыр.
1. Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы
Бұл - сатушылардың қолданатын ең көне әдістерінің бірі.
Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасы - тұтынушылар қазіргі тұтыныстары кең тараған әрі баға жағынан да қолайлы тауарлар болғаңдықан, тұтынушылардың оларға деген мейірбанды көзқарастарын ескере отырып, басқарушылар өз әрекеттерін өндірісті жетілдіруге және тарату жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға шоғырландыру керектігін пайымдау.
Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасын пайдалану екі жағдайда қолданылады. Бірінші - тауарға деген сұраным ұсыныстан жоғары. Бұл жағдайда басқарушылар өз күш-жігерін өндіруді өсіру әдістерін іздестіруге шоғырландыруы керек. Екінші - тауардың өзіндік құны өте жоғары және оны төмендету үшін еңбек өнімділігін арттыру қажет. Генри Фордтың барлық тұжырымдамасы "Т" моделін өндірістік жетілдіру арқылы, оның өзіндік құнын төмендету арқьшы оған көпшіліктің қолын жеткізу болатын. Ол қара автомобильдің қалаулы түстерін ұсына аламын деп қалжындайтын. Бүгінде осы жолды "Техас инстументс" (ТИ) ұстап, өз тауарының бағасын төмендету үшін өндіріс көлемін кеңейтіп, шығынын қысқартуда. Осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып фирма, калькуляторының американдық қарқынының негізгі бөлігіне ие болып отыр. Бірақ фирма осы стратегияны санды индикациялы қол сағаты нарқында қолданғанда сәтсіздікке ұшыраған. Бағасының төмендігіне қарамастан "Техсас инстументс" сағаты тұтынушыларды қызықтырмаған.
Өндірісті жетілдіру тұжырымдамасын бірқатар қызмет атқару мекемелері де пайдаланады. Көптеген медицина және стомотология мекемелері және де еңбек биржасы, айдаушылар құжаттарын беретін МАИ сияқты бірқатар мемлекеттік мекемелер конвейер ұстанымы бойынша жұмыстарын ұйымдастырады. Олардың әр сағатта көптеген келушілерге қызмет атқаруына қарамастан, олар тұтынушыларды иесіздендіріп, оларға немқұрайды қарайды деп шағым айтылуда.
2. Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы
Бұл - сатушылардың басшылыққа алатын негізгі жолдарының бірі.
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы - тұтынушылар жоғары сапалы, пайдалану қасиеттерінің артықшылығы бар және жақсы сипаттамалы тауарларға игі ниетпен қарайтындығын ескеріп, мекеме өз энергиясын тауарды тұрақты түрде жетілдіруге шоғырландырады деп пайымдау.
Көптеген өндірушілер, егер тышқан қақпанын жетілдіре берсе, оларға келетін жол сүрленбейді деп сенеді. Бірақ олар қөбіне сәтсіздікке душар болады. Түтынушылар тышқандардан құылу жолын іздеуде, бірақ ол үшін қақпанды жетілдіре беру олар үшін шарт емес. Бұл проблема дератизация қызметіне химиялық аэрокулі не қақпаннан басқа тағы бірдеңе арқылы шешілуі мүмкін. Оның үстіне, өндіруші, дизайн, орауыш және баға арқылы тауардың жағымдылығын арттыру шараларын қолданбаса, тауар қозға-лысын ыңғайлы тарату арналары арқылы ұйымдастырмаса, оны түтынушылардың оған деген назарын аударып, түтынушыларды өз тауар сапасының жоғары екендігіне сендірмесе, жетілдірілген қақпан нарықка жол таппайды.
Тауарды жетілдіру тұжырымдамасы "маркетингілік болжамсыздықка" әкеліп соқтырады. Сатушы өз тауарына өзі ғашық болып, клиент мүқтаждығын сырт қалдырады. Теміржол басқарушылары тұтынушыларға көлік құралы емес, поезд керек деп ойлап жүріп, авиажелілері, автобустар және жүк және жеңіл мәшинелер жағынан өскен қауіптілікті байқамай қалған. Логорифм линейкаларын жасаушылар инженерлерге есептеу мүмкіншілігі емес, линейка керек деп санап, қалта калькуляторы жағынан келетін қауіптілікті байқамаған. Колледждер орта мектепті бітірушілер жалпы гуманитарлық білім алуға қызығады деп санап, мамангерлер дайындауға көңіл аударыла бастағанын сезбей отыр.
3. Коммерциялық күштерді интенсификациялау тұжырымдамасы
Бұл жолды көптеген өндірушілер ұстанады. Коммерциялық күштерді интенсификациялау тұжырымдамасы - егер фирма өткізу өрісінде жөне ынталандыруда бірталай күш жұмсамаса, тұтынушылар оның тауарын қажетті көлемде сатып алмайды деп пайымдау. Коммерциялық күштерді интенсификациялау тұжырымдамасын сұранымы пассивті тауарлар үшін, демек, тұтынушы сатып алу туралы әдетте ойлана қоймайтын (мысалға, қамсыздандыру, энциклопедиялык сөздіктер, мола учаскелері) тауарлары үшін агрессивті түрде пайдаланады. Бұл саладағы потенциальды сатып алушыларды табу жөне оларға тауарды "қатаң сату" өртүрлі әдістерін ашу әрекеттері жетілдірілген түрде дайындалған. "Қатаң сату" автомобиль сияқты өтімі зор тауарлар үшін де пайдаланылады.
Клиент көрме залына кіру бойына сатушы дереу оны "психологиялық дайындауға" кіріседі. Егер клиентке көрмедегі модель ұнаса, оны сатып алғысы келетін басқа біреу бар екендігін айтып, сондықтан шешімді тез қабылдауын талап етеді. Егер сатып алушы қымбатсынса, онда сатушы өз басқарушысымен кеңесіп, арнайы жеңілдік алып беруді үсынады. Сатып алушы он минуттен кейін сатушыға қайта оралғанда ол өз ұсынысының боссқа (бастыққа) ұнамағанын, дегенмен, оны көндіргенін хабарлайды. Осының бәрінің мақсаты - "клиентті" шапшандату және сатып алуды дереу осы жерде орындату.
Коммерциялық күштерді интенсификациялау тұжырымдамасын коммерциялық емес өрістерде де пайдаланады. Саяси партия өз кандидатын осы сайлану орнына нағыз қайым кандидатура екенін асыра үгіттейді. Ал кандидаттың өзі болатын болса, ертеңнен қара кешке дейін сайлау учаскелерін тоздырып, қөрінгеннің қолын алып, бөбектердің бетін сүйіп, қайырымдылық жасаушылармен кездесіп, суырыпсалма түрде жалынды сөз-дер айтады. Теледидар, радио арқылы жарнамаларға, плакаттар жасауға, пошта арқылы жіберуге сансыз долларлар жұмсалады. Кандидаттың кез келген кемістіктерін көпшіліктен жасырады, демек, оны тезірек өткізуді ойлап, келешекте сайлаушылардың өз тандауымен қанағаттану, қанағаттанбауын ешбір ойланбайды.
4. Маркетинг тұжырымдамасы
Бұл кәсіпкерлік өрекеттердің жаңа жолдарына жатады. Маркетинг тұжырымдамасы- мекеменің алға қойған мақсатына жету үшін, мақсатты нарықтар мұқтаждықтары мен тұтыныстарын анықтап, оларды қажетті түрде қанағаттандыруда, бәсекелестерге қарағанда, тиімді жөне өнімді тәсілдерді пайдалану деп пайымдау.
Маркетинг тұжырымдамасының маңызын "тұтынысты іздеңіз жөне оны қанағаттандырыңыз", "Өзіңіз шығара алатын затты сатуға тырысқанша, сата алатын затты өндіріңіз", "Сіздіңше болсын" ("Бергер кинг" тамақ орны), "Сіз біздің боссымыз" (Юнайтед эйрлайнс" әуекомпаниясы) деген сияқты өсерлі сөздер арқылы анықтауға болады. Осындай жолдарды жинақтаған "Дж. К Пенин" фирмасының дүкендерінің ұраны - "Клиенттің өрбір жұмсаған долларын бағалы маңыздылықпен, сапамен жөне канағаттанушылықпен максимальды түрде қайтаруға қолымыздан келетін күшті аямау".
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz