Несиелік серіктестіктер



Жоспар:

1. НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕР

2. ҚАРЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР

3. ЛОМБАРДТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕР, ҚАРЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ЖӘНЕ ЛОМБАРДТАР

1. Экономиканың жекелеген салаларында қызмет ететін қаржылық институттарға несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялар және т.б. жатады.
Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуде елдің тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Мұндай мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР-сының Ұлттық Банкі болып табылады. Несиелік серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын тарта алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге мүмкіндіктері бар.
Құрылтайшылық келісім-шарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметі мен байланысты зияндар тәуекелін көтереді.
Несиелік серіктестік өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді.
Ол коммерциялық ұйым бола отырып, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің лицензиясы негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды орындайды. Несиелік серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие болады және ол оның қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша жарналары, олар алған табыстар, сондай-ақ, ҚР-сының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауылшаруашылық өндірісін несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары құрылтайшылық келісім-шарт және жарғы болып табылады.
Құрылтайшылық келісім-шартта ҚР-сының заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:
• серіктестікке кіргенде төленетін міндетті салымның ең аз шамадағы көлемі;
• қатысушылардың міндетті төлемдерді төлеу шарттары және тәртіптері;
• таза табысты бөлу тәртібі;
Жарғыда ҚР-сының заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:
• фирманың атауы және орналасқан жері;
• қатысушылардың міндеттері және құқықтары;
• қатысудың шарты және тәртібі;
• жарғылық капиталдың көлемі туралы мәлімет;
• қатысушылардың қосымша жарналарын төлеу шарты және тәртібі;
• несиелік серіктестіктің органдары туралы ереже, шешім қабылдау тәртібі, соның ішінде, қатысушылардың жалпы жиналысында бар және ұсынылған қатысушылардың төрттен үш бөлігінің көпшілік дауысы қажет сұрақтар бойынша ережелер;
• несиелік серіктестіктің органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлу;
• ақшаны орналастыру тәртібі;
• жарғыға өзгертулер және толықтыруларды енгізу тәртібі;
• резервтік капиталды қолдану және қалыптастыру тәртібі.
Несиелік серіктестік Агенттікке өзінің жарғысына енгізген толықтырулар мен өзгертулер туралы оны қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде хабарлауы қажет.
Әлемдік тәжірибеде несиелік серіктестіктердің қызметтерінің басталуы 1900 жылдарға жатқызылады. Бұл кезеңде коммерциялық банктер жеке тұлғаларға толық қамтамасыз етілмеген аз ғана несиені беруге де аса қызығушылықтары болған жоқ. Несиелік серіктестіктер (одақтар) «клубтарң сияқты ұйымдасқан еді, онда оның қатысушылары өз жинақтарын бір пулға біріктіріп, оларды бір-біріне қарызға ұсынды. Несиелік серіктестіктер өзара несиелеу институттары болып табылады. Өздерінің аздап жинақтаған қаражат сомаларын сақтағысы келетін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдай отырып, олар белгілі бір шарттар негізінде өз қатысушыларын несиелейді. Несиелік серіктестіктің әр мүшесі серіктестік беретін мүмкіншіліктерді қолдану, яғни директорлар кеңесінде дауыс беру және олардың көмегімен қаражаттар алу үшін бір немесе бірнеше жинақтаушы «пайларың немесе жарғы қорында үлесі болуы қажет. Несиелік серіктестіктердің міндеттері жинақтаушы және чектік шоттар (пайлар) есебінен қалыптасады. Өздерінің қаражаттарын олар ұйым мүшелеріне қысқа мерзімді тұтыну ссудасы түрінде беруі мүмкін.
Несиелік серіктестіктің қатысушылары мынадай іс-әркеттерге құқылы:
• оның қызметтерін пайдалануға;
• басқару ісіне қатысуға;
• несиелік серіктестіктердің органдарын сайлау және сайланбалы болуға;
• серіктестіктің қызметінен табыс алуға;
• құрылтайшылық құжаттар және қолданыстағы Заңға сәйкес несиелік серіктестіктерден табыс алуға;
• қолданыстағы Заңмен және несиелік қатынастың жарғысымен қарастырылған тәртіпке қатысуға тиым салуға;
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕР

2. ҚаржылыҚ компаниЯлар

3. Ломбардтар жӘне олардыҢ Қызметі

НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕР, ҚАРЖЫЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР жӘНЕ ЛОМБАРДТАР

1. Экономиканың жекелеген салаларында қызмет ететін қаржылық
институттарға несиелік серіктестіктер, ломбардтар, қаржылық компаниялар
және т.б. жатады.
Қаржылық нарықта елеулі орынды белгілі бір шаруашылық субъектілерін
қаржыландыру мен оларға қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып
табылмайтын заңды тұлғаны білдіретін несиелік серіктестіктер алады. Олар өз
қызметтерін ссудалық және басқа да банктік операцияларды жүргізуде елдің
тиісті мемлекеттік органы берген лицензия негізінде жүзеге асырады. Мұндай
мемлекеттік өкілетті орган ретінде елдің орталық банкі шығады. Жекелей
алғанда, Қазақстанда мұндай орган ҚР-сының Ұлттық Банкі болып табылады.
Несиелік серіктестіктер төмен пайыздар арқылы жеке тұлғаларына салымдарын
тарта алады. Сонымен қатар, олар шағын бизнестің шаруашылық субъектілеріне
немесе жеке тұлғаларға қысқа мерзімге үлкен емес сомаларда несие беруге
мүмкіндіктері бар.
Құрылтайшылық келісім-шарт негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік
формасында құрылған олар өз жарғысына сәйкес қызмет етеді. Несиелік
серіктестіктің қатысушыларының саны 3-тен кем болмауы керек, олар оның
міндеттемелері бойынша жауап береді және олар енгізген міндетті салымдар
мен қосымша жарна құны серіктестіктің қызметі мен байланысты зияндар
тәуекелін көтереді.
Несиелік серіктестік өз міндеттері бойынша барлық мүлкімен жауап береді
және өзінің қатысушыларының міндеттері бойынша жауап бермейді.
Ол коммерциялық ұйым бола отырып, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы
мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің
лицензиясы негізінде жекелеген банктік және басқа да операцияларды
орындайды. Несиелік серіктестіктер мүлкіне меншік құқығы негізінде ие
болады және ол оның қатысушыларының міндетті төлемдері мен қосымша
жарналары, олар алған табыстар, сондай-ақ, ҚР-сының заңнамасымен тиым
салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.
Несиелік серіктестіктерді мемлекеттік қолдау ауылшаруашылық өндірісін
несиелеу үшін тиісті жылдың бюджеттерінде қарастырылған сома шегінде
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүзеге
асырылуы мүмкін. Несиелік серіктестіктің құрылтайшылық құжаттары
құрылтайшылық келісім-шарт және жарғы болып табылады.
Құрылтайшылық келісім-шартта ҚР-сының заң актілерімен қарастырылған
мәліметтерден басқа мыналар болуы керек:
• серіктестікке кіргенде төленетін міндетті салымның ең аз шамадағы
көлемі;
• қатысушылардың міндетті төлемдерді төлеу шарттары және тәртіптері;
• таза табысты бөлу тәртібі;
Жарғыда ҚР-сының заң актілерімен қарастырылған мәліметтерден басқа
мыналар болуы керек:
• фирманың атауы және орналасқан жері;
• қатысушылардың міндеттері және құқықтары;
• қатысудың шарты және тәртібі;
• жарғылық капиталдың көлемі туралы мәлімет;
• қатысушылардың қосымша жарналарын төлеу шарты және тәртібі;
• несиелік серіктестіктің органдары туралы ереже, шешім қабылдау
тәртібі, соның ішінде, қатысушылардың жалпы жиналысында бар және
ұсынылған қатысушылардың төрттен үш бөлігінің көпшілік дауысы қажет
сұрақтар бойынша ережелер;
• несиелік серіктестіктің органдары арасындағы өкілеттіктерді бөлу;
• ақшаны орналастыру тәртібі;
• жарғыға өзгертулер және толықтыруларды енгізу тәртібі;
• резервтік капиталды қолдану және қалыптастыру тәртібі.
Несиелік серіктестік Агенттікке өзінің жарғысына енгізген толықтырулар
мен өзгертулер туралы оны қабылдаған күннен бастап 1 ай ішінде хабарлауы
қажет.
Әлемдік тәжірибеде несиелік серіктестіктердің қызметтерінің басталуы
1900 жылдарға жатқызылады. Бұл кезеңде коммерциялық банктер жеке тұлғаларға
толық қамтамасыз етілмеген аз ғана несиені беруге де аса қызығушылықтары
болған жоқ. Несиелік серіктестіктер (одақтар) клубтарң сияқты ұйымдасқан
еді, онда оның қатысушылары өз жинақтарын бір пулға біріктіріп, оларды бір-
біріне қарызға ұсынды. Несиелік серіктестіктер өзара несиелеу институттары
болып табылады. Өздерінің аздап жинақтаған қаражат сомаларын сақтағысы
келетін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдай отырып, олар белгілі бір
шарттар негізінде өз қатысушыларын несиелейді. Несиелік серіктестіктің әр
мүшесі серіктестік беретін мүмкіншіліктерді қолдану, яғни директорлар
кеңесінде дауыс беру және олардың көмегімен қаражаттар алу үшін бір немесе
бірнеше жинақтаушы пайларың немесе жарғы қорында үлесі болуы қажет.
Несиелік серіктестіктердің міндеттері жинақтаушы және чектік шоттар
(пайлар) есебінен қалыптасады. Өздерінің қаражаттарын олар ұйым мүшелеріне
қысқа мерзімді тұтыну ссудасы түрінде беруі мүмкін.
Несиелік серіктестіктің қатысушылары мынадай іс-әркеттерге құқылы:
• оның қызметтерін пайдалануға;
• басқару ісіне қатысуға;
• несиелік серіктестіктердің органдарын сайлау және сайланбалы болуға;
• серіктестіктің қызметінен табыс алуға;
• құрылтайшылық құжаттар және қолданыстағы Заңға сәйкес несиелік
серіктестіктерден табыс алуға;
• қолданыстағы Заңмен және несиелік қатынастың жарғысымен қарастырылған
тәртіпке қатысуға тиым салуға;
• несиелік серіктестіктің жарғысымен қарастырылған тәртіпте оның
бухгалтерлік және басқа да құжаттарынан оның қызметі туралы ақпарат
алуға.
Қатысушылардың ҚР-сының заң актілері және жарғылық құжаттарында
қарастырылған басқа да құқықтары болуы мүмкін.
Несиелік серіктестіктерге қатысушылық мынадай жағдайларда тоқтатылады:
• өз еркімен шығу;
• өз үлесін несиелік серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші
тұлғаға беруі;
• несиелік серіктестіктердің талабы бойынша қатысушылар қатарынан
шығару;
• несиелік серіктестіктің қызметінің тоқтауы;
• ҚР-сының заңдарымен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Несиелік серіктестіктен ерікті түрде шығу туралы өтініш басқармаға
берілуі керек, ол өтінішті берілген күннен бастап 1 ай ішінде қарастыруы
керек және серіктестіктің жалпы жиналысында қорытынды шығаруы тиіс.
Несиелік серіктестікке қатысу несиелік серіктестік алдындағы алынған
мүліктің міндеттемелері орындалғаннан кейін, қатысушының ерікті шығу
жолымен тоқтауы мүмкін.
Серіктестіктің қатысушысы өз міндеттерін бұзғанда, орындамағанда,
сонымен қатар, серіктестікке зиян келтіргенде, серіктестік жалпы жиналыс
шешімімен сот арқылы қатысушыны еріксіз түрде қатысушылар қатарынан
шығаруға және мұндай қатысушы үлесін қайта сатып алуға құқығы бар.
Қандай да бір несие серіктестігі қатысушысының өзін несие
серіктестігінен мәжбүрлеп шығарғаны және өзінің үлесін мәжбүрлеп сатып
алғаны туралы шағымы сот тәртібімен шешіледі.
Қатысушы үлесін еріксіз сатып алғандағы және несиелік серіктестіктен
шығарып тастау шешімін соттық тәртіпте шағымдануына болады.
Несиелік серіктестіктердің ұйымдастырушылық құрылымын мынадай түрде
ұсынуға болады (21-сурет).

Серіктестіктің 1 мүшесі = 1 дауыс

21-сурет. Несиелік серіктестіктің ұйымдастырушылық құрылымы*

Несиелік серіктестіктің органдарына мыналар жатады:
• жоғарғы орган – несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы;
• атқарушы орган – басқарма;
• бақылаушы орган – ревизиялық комиссия.
Қадағалау кеңесін құруды несиелік серіктестіктің жарғысы қарастыруы
мүмкін.
Несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын жүргізу тәртібі
оның жарлығымен қарастырылады. Дәл осы жалпы жиналыс жарғының мақсаты мен
міндеттеріне сәйкес шешім қабылдайды, басқарманың шешімін бекітеді немесе
қабылдаудан бас тартады.
Несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының ерекше
компетенциясына мынадай ішкі ережелерді және басқа да құжаттарды бекіту
жатады:
• қызметтің бағыты;
• несиелік және инвестициялық саясат;
• басқарма мүшелерінің, ревизиялық комиссияның және басқа да
қызметкерлердің еңбек ақылары көлемін анықтау;
• қатысушылардың қосымша жарналарды беру тәртібін бекіту;
• активтерді есептен шығару тәртібі;
• несиелік серіктестікке қатысушыларды қабылдау және шығарып тастау;
• жылдық шығындар және кірістер сметасын және оның орындалуының есебін
бекіту;
• есеп саясатын қалыптастыру;
• жылдық қаржылық есеп беруді бекіту және т.б.
Егер жалпы жиналыста қатысушылар саны 50%-дан кем болмаса, онда жалпы
жиналыс заңды болады. Егер күн тәртібіне енгізілген сұрақтардың шешімі
білікті қатысушылардың көптігімен немесе бірауыздан шығу керек болса, оған
барлық қатысушылардың 32 бөлігін құраса, онда жиналыс өкілетті шешім
қабылдайды.
Несиелік серіктестіктің басқармасы жалпы жиналыспен тағайындалады, ол
ағымдағы қызметті басқаруды жүзеге асырады және жалпы жиналыста өз қызметі
туралы есеп береді.
Басқарманың өкілеттіктері:
• несиелік серіктестіктің қызметіндегі ішкі ережелерді қабылдау және
келешекте олардың өзгерістері туралы ұсыныстар даярлау;
• несиелік және инвестициялық саясат жөніндегі ұсыныстарды дайындау және
оларды жалпы жиналыстың қарастыруына беру, ішкі несиелік саясат және
несиелік комитет туралы ережелерді дайындау;
• жылдық табыстар және шығыстар сметасын беру және оның орындалуына есеп
беру;
• жылдық қаржылық есеп беруді ұсыну және дайындау;
• жұмысшылардың еңбекақы көлемдерін бекіту;
• несиелік серіктестікке қатысушылардың кіру және шығу сұрақтары бойынша
құжаттарды дайындау және оларды қатысушылардың жалпы жиналысына
шығару;
• несиелік серіктестіктің ағымдағы қызметімен байланысты басқа да
өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Басқарма бірыңғай орган бола алмайды және оның мүшелерінің саны тақ
болуы қажет, бірақ үштен кем болмауы қажет. Басқарманы төраға басқарады, ол
несиелік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында тағайындалады.
Жалпы жиналыстың шешімі бойынша басқарманың төрағасы мен мүшелері
несиелік серіктестіктің қатысушылары болмайтын тұлғалардан тағайындалуы
мүмкін. Бірақ, басқарманың құрамында бір немесе бірнеше несиелік
серіктестік қатысушылары болуы керек.
Егер жиналысқа оның 2-3 мүшесі қатысса, басқарма оның қарамағындағы
сұрақтарды шешуге құқылы. Шешім басқарма мүшелерінің көпшілік дауысымен
қабылданады.
Несиелік серіктестіктің ревизиялық комиссиясы болуы қажет.
Ревизиялық комиссияға несиелік серіктестіктің, несиелік комитет
басқармаларының төрағасы және мүшелері, олардың жанұялары мен жақын туған-
туыстары кіре алмайды.
Ревизиялық комиссияның өкілеттіктері:
• жоспарлы және жоспарсыз тексеріс өткізу жолымен несиелік
серіктестіктің, оның органдары тұлғаларының жасаған операцияларын және
қызметтерін несиелік серіктестіктің ішкі құжаттарының ҚР-сының
заңнамасына сәйкестігін анықтау;
• жалпы жиналысқа және басқармаға несиелік серіктестіктің қызметін
жақсартуға ұсыныстар беру.
Несиелік серіктестік лицензия негізінде жекелеген банктік және басқа да
операциялар түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
• кассалық операциялары: қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,
іріктеу, банкноттар мен тиындарды орау және сақтау;
• аудару операциялары: ақшаны аудару бойынша тапсырыстарды орындау;
• қарыздық операциялар: қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік
шарттарында несиелерді ақша формасында беру;
• несиелік серіктестік қатысушыларының тапсырыстары және олардың банктік
шоттары бойынша есептеулер;
• сейфтік операциялар: құжаттық формада шығарылған бағалы қағаздарды,
құжаттарды және құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер;
• лизингтік қызметтер;
• несиелік серіктестік қатысушыларының банктік шоттарын ашу және
жүргізу;
• серіктестік қатысушылары үшін олардың міндетті салымдары және қосымша
жарналар сомасы шегінде ақша формасында орындалуын қарастыратын
банктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Несиелік серіктестік
Несиелік одақ (НО)
Несиелік қатынастардың құқықтық негіздері
Германияның банк жүйесі
Ауыл шаруашылығын несиелеудің экономикалық мәні және оның теориялары
Банктік емес несиелік мекемелерді реттеу
Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
Банктік емес несие институттарының экономикалық мәні мен маңызы
Пәндер