"Солтүстік Америка" ұғымы


1 СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
2 АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
3 АҚШ өнеркәсібі
4. АҚШ.ТЫҢ ІРІ АУДАНДАРЫМЫ
Экономикалық және әлеуметтік географиядағы "Солтүстік Америка" ұғымы сендерге 7-сынып курсынан белгілі ұғымнан біраз өзгешелеу. Әдетте оған АҚШ пен Канаданы ғана жатқызады. Бұл аймақ 280 млн.-дай адам тұратын (1990 ж.) 19,4 млн. км2 территорияны алып жатады. 1992 ж. Американы Христофор Колумбтың ашқанына 500 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді. Сол кезден бері Америка дүниежүзілік істерде жетекші орын алып келеді. XX ғасырда оның рөлі ерекше өсті. АҚШ та, Канада да Батыс елдерінің "үлкен жетілігіне" кіретінін естеріңе түсіріңдер.
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА БЕРЕЙІК.
Территориясы, шекарасы, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы. Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді:
1) негізгі территория (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4,7
мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге [1] созылып жатқан үлкен
төртбұрыш секілді, 2) Аляска, 3) Тынық мүхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне (12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай туғызады. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ — 50 штаттан тұратын федерациялы республика. [2]. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар. [3]. Сонымен қатар, елдің астанасы — Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия Федералдық округі өз алдына жеке аймақ.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 4 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат




9-ТАҚЫРЫП. СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
Экономикалық және әлеуметтік географиядағы "Солтүстік Америка" ұғымы
сендерге 7-сынып курсынан белгілі ұғымнан біраз өзгешелеу. Әдетте оған АҚШ
пен Канаданы ғана жатқызады. Бұл аймақ 280 млн.-дай адам тұратын (1990 ж.)
19,4 млн. км2 территорияны алып жатады. 1992 ж. Американы Христофор
Колумбтың ашқанына 500 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді. Сол кезден
бері Америка дүниежүзілік істерде жетекші орын алып келеді. XX ғасырда оның
рөлі ерекше өсті. АҚШ та, Канада да Батыс елдерінің "үлкен жетілігіне"
кіретінін естеріңе түсіріңдер.
АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА БЕРЕЙІК.
Территориясы, шекарасы, жағдайы: қолайлы алғышарттар. Мемлекеттік құрылысы.
Территориясының көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің елдері ішінде төртінші
орын алады. Оның құрамына үш бөлік кіреді:
1) негізгі территория (немесе АҚШ-тың өзі), ол шығыстан батысқа қарай 4,7
мың, солтүстіктен оңтүстікке қарай 3 мың км-ге [1] созылып жатқан үлкен
төртбұрыш секілді, 2) Аляска, 3) Тынық мүхиттағы Гавай аралдары.
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы өте қолайлы, ол барлық кезеңдерде
де елдің дамуына себепші болған. Бұл ең алдымен теңіз шекарасының көптігіне
(12 мың км), әсем табиғи айлақтардың болуына және әсіресе негізгі
территориясының екі мұхиттың аралығына орналасуына байланысты. Канадамен
және Мексикамен құрлықтағы шекарасы шартты сызықтар арқылы, өзендер мен
көлдер арқылы өтіп, сауда-экономикалық байланыстардың дамуына жағдай
туғызады. Мемлекеттік құрылысы бойынша АҚШ — 50 штаттан тұратын федерациялы
республика. [2]. Әрбір штаттың өз конституциясы, өзінің заң шығаратын және
атқарушы билік органдары, сайланбалы губернаторы, сондай-ақ рәміздері бар.
[3]. Сонымен қатар, елдің астанасы — Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия
Федералдық округі өз алдына жеке аймақ. 
Халқы: саны, ұдайы өсуі, сыртқы көші-қон, ұлттық құрамы, орналасуы. АҚШ
халқының саны жөнінен де дүние жүзінде үшінші орын алады; тұрғындарының
саны жөнінен ол ГФР, Франция, Ұлыбритания және Италияны қосып алғандағыдан
кем түспейді. Демографтардың болжамдарына қарағанда ел тұрғындарының саны
2000 ж. қарай 265—270 млн. адамға жетпек; бұл бір ғана XX ғасырдың ішінде
оның халқы 3,5 есе өседі деген сөз. Алайда АҚШ жас ұлт ретінде халықтың
табиғи өсуі жөнінен дүние жүзінде алғашқы орындардың бірін алған уақыт
келмеске кетті. 80—90-жылдары бұл өсім айтарлықтай кеміп, жас-жыныстық
пирамидаға да әсер етті. Халықтың жылдық абсолюттік өсуі қазір 2 млн.
адамға жетпей отыр.
Иммиграция қашан да АҚШ халқының санына зор ықпал етіп келеді және солай
бола береді де.
Мысал. XIX ғасырдың басынан бері елге 70-ке жуық елден 55 млн. адам келді.
Қазір де бірқатар шектеулерге қарамастан, жыл сайын елге 1 млн.-дай адам
келеді.
АҚШ халқының ұлттық құрамын қалыптастырзда жаппай иммиграция шешуші рөл
атқарды. Қазіргі американ ұлты — бұл ең алдымен әлемнің әр түрлі
бөліктерінен, әсіресе Еуропа [4] мен Африкадан қоныс аударушылардың
этникалық араласуы мен қосылуының нәтижесі.
XX ғасырдың екінші жартысында Еуропадан иммиграция айтарлықтай азайды,
бірақ оның есесіне Азиядан, әсіресе Латын Америкасынан иммиграция
жасаушылардың саны артты. Латын Америкасынан иммиграция жасаушылар арасында
мексикандықтар басым; күнкөріс қаражатын табу үшін олардың миллиондаған
адамдары шекарадан ашық және жасырын түрде өтіп жатады. Оларды "брасерос"
(дәлме-дәл аударғанда "қол күшін сататын адамдар" дегенді білдіреді) деп
атайды.
Қазіргі кезде АҚШ-та жүзден астам этностар тұрғанымен, этнограф-ғалымдар
оларды басты үш этникалық топқа біріктіреді: 1) АҚІІІ американдарына,
немесе жай ғана американдарға, яғни қазір ағылшын тілін ана тілім деп
есептейтін әр түрлі ұлт қоныс аударушыларының ұрпақтарына; 2) АҚШ-қа таяуда
ғана қоныс аударып, бұл елге әлі де "жерсініп" үлгірмеген адамдарды қоса
есептейтін өтпелі иммигранттар топтарына; 3) байырғы тұрғындар —
аборигендерге (үндістер, эскимостар және т. б.). АҚШ американдары бүкіл
халықтың 34-ін; ал аборигендер — 1%-тейін құрайды. Соған қарамастан, АҚШ-
тың өте көптеген географиялық атауларының үндістерден шыққанын байқауға
болады.
Қара американдар (афроамерикандар, негрлер) американ ұлтының құрамында
ерекше үлкен топ құрайтынын сендер білесіңдер, олар АҚШ халқының 12%-ін
құрайды. Бұрын негр халқының негізгі бөлігі Оңтүстікте, XIX ғасырда
құлдықты жойғанға дейін плантациялық шаруашылық үстем болған "қара
белдеуде" тұрды. Соңғы онжылдықтарда негрлердің жартысы Солтүстік пен
Батыстың қалаларына қоныс аударды, олар оңтүстік штаттарда да қазір
негізінен алғанда қалаларда тұрады. Халықтың діни құрамы да оның ұлттық
құрамымен тығыз байланысты. [5]
Халықтың орналасуының орташа тығыздығының көрсеткіші жөнінен АҚШ дүние
жүзіндегі халық неғұрлым тығыз қоныстанған 20 елдің ішінде 18-орын алады (1
км2-ге 27 адам). Ел ішінде халықтың орналасуында өте үлкен айырмашылықтар
бар.
Мысал. АҚШ тұрғындарының 70%-і дерлік елдің жалпы жер көлемінің не бары 12%-
ін алып жатқан территорияда тұрады. Теңіз (көл) жағасындағы штаттар мен
таулы штаттар арасындағы айырмашылық өте зор: 1 км2-ге 350—400-ден 2—3
адамға дейін келеді.
Соңғы уақытта халықтың, ең алдымен зейнеткерлердің Солтүстік штаттарынан
("қар белдеуі") Оңтүстік штаттарына ("күн белдеуі") ішкі көшіп-қонуы артты.
Жалпы алғанда, бәрінен де Техас, Флорида, әсіресе Калифорния штаттарының
халқы тезірек өсуде.
АҚШ халқының орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты, мұнда
жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Солтүстікамерикандық қала үлгісінің өзіндік
ерекшеліктері көбіне қалалардың жастығына байланысты болып келеді.
Американ қалалары негізінен төртбұрышты болып жоспарланады. Әдетте, Орталық
іскер аудан, немесе "даунтаун" үнемі көзге түседі, онда басқару органдары,
банктер, бұқаралық ақпарат және қызмет көрсету құралдары орналасады. Үлкен
қалалардың келбетін әдетте аспанмен тілдескен биік үй¬лер айқындайды, олар
қала күш-қуатының, оның гүлденуінің көрсеткішіндей. Қаланың қалған
бөліктерінде 3—5 қабатты, ал орталықтан қашықтаған сайын — жеке үйлер басым
болады. Бұл қаланың барынша қанат жаюына және қала агломерацияларының
қалыптасуына жағдай туғызады.
АҚШ — нағыз қала агломерацияларының елі. Мысал. 1950 ж. АҚШ-та 170, ал 80-
жылдардың соңында — 300-дей қала агломерациясы болды. АҚШ-та небары 6
"миллионер" қала, 40 шақты "миллионер" агломерация бар. АҚШ халқының
жартысы осыларда тұрады.
Осымен қатар, агломерациялардың орталықтары мен шеткі бөліктерінің
арасындағы арақатынас та өзгерді. Агломерация орталықтарында Жердің
бағасының ұдайы өсуі, жеке автомобиль көлігі кеңінен дамып отырғандықтан
экологиялық және көлік жағдайының нашарлауы, оның үстіне орташа
американдықтың кіші болса да, өз үйінде тұруға тырысуы қала маңындағы
зоналардың бей-берекет жайылып өсуіне әкеп соқтырды. Қазір мұндай "бір
қабатты Америкада" бүкіл Америкадағы отбасының 23-сі тұрады, ал қалалардың
орталық бөліктерінде таяу уақытқа дейін халықтың саны кемумен болды. Сендер
бұл процестің субурбандалу деп аталғанын білесіңдер.
50-жылдары американ географтары АҚШ-та бұдан да гөрі ірі қала түзілімдері —
мегалополистердің қалыптасқанын атап көрсетті. Қазір елде осындай үш
мегалополис бар. Олар — Солтүстік-Шығыс, Көл маңы және Калифорния
мегалополисі. Олардың Бостоннан Вашингтонға дейін созылып жатқан біріншісін
қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург аралығында орналасқан екіншісін
—"Чипитс", ал үшіншісін (Сан-Франциско — Сан-Диего)— "Сан-сан" деп атайды.
АҚШ-тың ауыл халқы негізінен бөлек орналасқан фермаларда тұрады. Бірақ
тіршілік жағдайлары бойынша ауыл тұрғындарының қала тұрғындарынан
айырмашылықтары шамалы. Демек, шын мәнінде бүкіл елде қалалық өмір салты
шексіз үстемдік етеді.
Шаруашылығының жалпы сипаттамасы: АҚШ-тың дүниежүзілік экономикадағы
жетекші орны. АҚШ XIX ғасырдың аяғында Ұлыбританияны басып озып, өнеркәсіп
өндірісінің көлемі жөнінен дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Ол қазір де
еңбек өнімділігінде, ғылымды көп қажет ететін өндірістің көпшілігінде
біріншілікті бермей келеді. АҚШ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының кейбір
дәстүрлі салаларында да, сондай-ақ өндірістік емес салада да өзінің
артықшылығын сақтап отыр.
Мысал. Батыс дүниесінде шығарылатын әуеракеталық-ғарыштық техниканың 34-
інен астамы, электронды есептеу (әсіресе өнеркәсіптік және әскери)
техникасының 23-сі, өндірілетін көмір мен АЭС-тер қуатының жартысынан
астамы, жиналатын астық түсімінің 13-іне жуығы АҚШ-тың үлесіне тиеді.
АҚШ өнеркәсібі деңгейінің жоғарылығымен, өндірістік және территориялық
шоғырлануымен көзге түседі. Ол жаппай сериялы, сондай-ақ ерекше күрделі,
бірегей өнімдер шығаруға маманданады. "АҚШ-та жасалған" деген маркасы бар
бұйымдар жақсы сапалы болып, дүниежүзілік рынокта бағаланады.
АҚШ өнеркәсібінде өндірістің жұртқа мәлім салаларының, сала тармақтары мен
түрлерінің бәрі бар. Осыған қарамастан, олардың ішінде де ең алдымен елдің
дүниежүзілік шаруашылықтағы келбетін айқындайтын негізгілері болады. Бұл
ертеден-ақ АҚШ үшін дәстүрлі автомобиль жасау саласы. Бұл сондай-ақ екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған әуеракеталық-ғарыш өнеркәсібі мен
электроника. Мұнай өнеркәсібінің өте зор маңызы бар. Автомобиль және әуе
көлігінің дамуымен, стратегиялық қажеттілікті қамтамасыз етумен тығыз
байланысқан бұл сала көп ретте елдің экономикалық өміріне ғана емес,
сонымен бірге саяси өміріне де бағыт береді.
Ауылшаруашылық өндірісінің көлемі жөнінен АҚШ дүние жүзінің кез келген
басқа елінен әлдеқайда озық тұрады. АҚШ бірінші болып агробизнеске көшті.
Өнеркәсіптегіге қарағанда, аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы еңбек
өнімділігі тіпті тезірек өсуде. Көп салалы ауыл шаруашылығы елдің қажетін
қамтамасыз етіп қана қоймастан, сонымен бірге экспорт үшін де айтарлықтай
өнім береді. Сыртқа шығарылатын дүниежүзілік астықтың жартысына жуығы АҚШ-
тың үлесіне келеді.
АҚШ-тағы ауылшаруашылық кәсіпорнының негізгі түрі — өнімнің басты бөлігін
сатуға шығаратын ферма. Оның үстіне агробизнес жағдайында сатылық мамандану
өте жақсы дамыған, мұнда біртұтас өндірістік процесс жекелеген буындарға
жіктеледі.
Мысал. Оңтүстік-Шығыс штаттардағы фермерлер қызан көшетін өсіреді. Одан соң
бүл көшетті үшақпен Калифорнияға жеткізіп, одан қызанның асханалық
сорттарын өсіреді, ал Техасқа жеткізген көшеттерден — қызанақ шырынын
өндіреді.
Фермалардың бұлайша мамандануы табиғат жағдайларының ерекшеліктерін барынша
тиімді пайдалануға, жоғары сапалы әрі арзан өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Алайда ол да өнімді өткізу рыногы мен бағаның ауытқуына тәуелді болады.
АҚШ көліктің барлық түрлерін дамыту жөнінен де кез келген басқа елден алда
келеді: Батыстағы көлік желісінің жалпы ұзындығының 13-і және бүкіл
тасымалдың 14-і АҚШ-тың үлесіне тиеді. Канаданы қоса алғанда, АҚШ-тың
көлік жуйесі ерекше Солтүстік Америка жүйесін құрайды. Оған көліктің барлық
түрлерінің дамуы, жүк және жолаушылар тасымалы көлемінің ауқымдылығы, өте
қашыққа тасымалдау, автомобиль көлігінің айрықша рөл атқаруы тән. 90-
жылдардың басында елдің автомобиль паркінде 200 млн. машина болған.
АҚШ-та автомобиль нағыз бұқаралық қозғалыс құралы ретінде американдық
тұрмыс салтының құрамдас бөлігіне айналған. Жұмысқа барып-келу, демалу,
сауда-саттық, ойын-сауық — осының бәрі әдетте автомобильсіз жүзеге аспайтын
тірлік. Автомобильге табыну 20-жылдарда-ақ қалыптаса бастаған. Барлық
операцияларды машинада отырып-ақ тындыруға болатын арнайы кинотеатрлар,
банктер, тіпті шіркеулер бар. АҚШ-та автомобильді көлік құралы ғана емес,
сонымен қатар адамның қоғамдағы орнын білдіретін ерекше символ деуге де
болады. Автомобильдің арқасьшда американдар дүние жүзіндегі жаяу жүрмейтін
ұлтқа айналған. Адамдар қашықтықтан қаймықпайды. Американдық өз өмірінде
бір орыннан екінші орынға орта есеппен алғанда басқа елдердің тұрғындарына
қарағанда 13 есе жиі көшеді.
Материалдық емес өндіріс саласы мен қызмет көрсету өте жақсы дамыған, қазір
онда барлық еңбек ететіндердің 23-сі шоғырланған. Бұл АҚШ-тың кейінгі
индустриялық қоғам сатысына өткенін көрсетеді.
АҚШ-тың XX ғасырдың ортасына дейінгі шаруашылығының территориялық
құрылымына территория, табиғат қорлары, көлік, еңбек қорлары, шоғырлану
факторлары көп ықпал етті. ҒТР дәуірінде ғылымды көп қажет ету, экология,
экономикалық-географиялық жағдай факторлары ерекше маңызға ие болды.
Шетелдік Еуропадан өзгеше, АҚШ шаруашылығының қазіргі географиялық
бейнесіне экономикалық өмірдің шеткі мұхит маңы және көл маңы аудандарына
шоғырлануы тән. Мұндай шоғырланудың қала халқының шоғырлануымен тікелей
байланысы бар; елдегі бүкіл өнеркәсіп өнімінің 35-і үш мегалополистің
территориясында өндіріледі.
Экономикасы дамыған басқа елдердегі секілді, АҚШ-та да айтарлықтай
территориялық сәйкессіздік бар, аса дамыған аудандар кейде тоқырауға
ұшыраған аудандармен көршілес тұрады. Елде белгілі бір нәтиже берген мұндай
сәйкессіздікті жоюға бағытталған аймақтық саясат жүргізіледі. Мәселен,
өндіргіш күштердің солтүстік штаттардан оңтүстік және батыс штаттарға қарай
орын ауыстыруы байқалады. Бірақ артта қалған және тоқырауға ұшыраған
аудандардың өркендеуі өте баяу өтуде.
Өнеркәсіп географиясы: табиғат қорлары, басты салалары мен аудандары. АҚШ-
та өнеркәсіптің дамуы үшін табиғат қорлары өте қолайлы орналасқан.
Мысал. Батыстың экономикасы дамыған елдері арасында АҚШ көмір (3,6 трлн.
т), мұнай (4,4 млрд. т), табиғи газ (10 трлн. м3), уран, темір (25 млрд. т)
және молибден кені, фосфорит, күкірт, сондай-ақ су энергетикасының (700
млрд. кВт. сағ.) қоры жөнінен бірінші орын алады.
Пайдалы қазбалар алабы мен кен орындары бүкіл елге кең таралған; мәселен,
көмір мен мұнайдың қоры 30-дан астам штатта барланған. Тектоникалық
құрылысының ерекшеліктеріне қарай АҚШ территориясын ең үлкен — шығыс
(платформалық) және батыс (қатпарлы) бөлікке бөлуге болады. Шығыс бөліктің
басты байлығы — отын пайдалы қазбалары, батыс бөлігінің басты байлығы —
кенді қазбалар.
Елде геологиялық іздестіру және барлау жұмыстары жан-жақты жүргізілуде,
Осындай жұмыстардың нәтижесінде мұнайдың бүкіл болашақтағы қорының жартысы
континенттік қайраңдағы кен орындарында — Мексика шығанағында, Калифорния
мен Алясканың жағалауында болып отыр. АҚШ-тың жаңадан игерілген ауданы —
Алясканың материктік бөлігінде елдегі аса ірі Прадхо-Бей мұнай кен орны
ашылды. [6].
Осыған қарамастан, соңғы уақытта елде қорлармен қамтамасыз етудің көптеген
проблемалары шиеленісіп, кейбір кен орындары сарқылуға айналды. Осының
салдарынан 70-жылдары дүние жүзіндегі табиғат қорларына бай елдердің бірі
өз тарихында тұңғыш рет олардың тапшылығына ұшырады.
Басты салалар географиясы. АҚШ-тың өнеркәсіп картасынан көптеген штаттарда
жетекші салалардың бәрінің дамығанын байқау қиын емес. Бірақ мұндай жалпы
көріністен әдетте екі-үш басты штат ерекше бөлініп тұрады.
Мұның отын-энергетика өнеркәсібіне қатысы бар.
1-мысал. Көмір 15-тен астам штатта өндіріледі, бірақ елдің басты "көмір
штаттары"— Кентукки, Батыс Виргиния, Пенсильвания, бұлардың шегінде елдегі
ең ірі Аппалач көмір алабының бөлігі бар. Соңғы уақытта құрамында күкірт аз
көмірі ашық әдіспен өндірілетін Батыстағы Вайоминг штатының маңызы өсіп
келеді.
2-мысал. Электр энергиясы елдің барлық штаттарында өндіріледі, бірақ электр
станцияларының ең ірі шоғыры Теннесси және Вашингтон штаттарында пайда
болған. Мұның алғашқысында 30-жылдарда-ақ Теннесси өзенінде СЭС-тер тізбегі
салына бастаған, кейін оны көптеген ЖЭС-тер мен АЭС-тер толықтырған.
Вашингтон штатындағы Колумбия өзенінде қуаты 20 млн. кВт дүние жүзіндегі
аса ірі СЭС тізбегі салынған.
Мұнай өнеркәсібі де осындай жарқын мысалдарға толы. Елдің Солтүстігінде
пайда болып, осы күнге дейін негізінен Иллинойс, Индиана, Огайо,
Пенсильвания, Мэриленд секілді металлургия штаттарына шоғырланған қара
металлу ргия жөнінде де осыны айтуға болады. Түсті металлургия саласында
Таулы штаттар басты орын алады.
Машина жасау өнеркәсібін орналастыру негізінен қалалар мен
агломерациялардың орналасуына сай келеді. Іс жүзінде елдің басты үш машина
жасайтын ауданын қүрайтын АҚШ-тың үш мегалополисіне мұның ерекше қатысы
бар. Алуан түрлі кәсіпорындарының болуына қарамастан, кейбір штаттар
өздерінің едәуір бір жақты мамандануымен көзге түседі.
1-мысал. Елдің 20 штатында орналасқан 125 қалада автомобиль зауыттары бар.
Алайда автомобиль Көл маңы мегалополисінде бәрінен де көп шығарылады. АҚШ-
тың басты "автомобиль штаты"— Мичиган мен автомобиль астанасы"— Детройт
осында орналасқан. [7].
2-мысал. Көптеген штаттарда әуеракета-ғарыш және электрон өнеркәсібінің ірі
орталықтары бар. Алайда Тынық мұхит жағалауындағы штаттар, ең алдымен АҚШ-
тың "әуеракета-ғарыш астанасы"— Лос-Анджелес орналасқан Калифорния штаты
ерекше көзге түседі. Әлемдегі аса ірі әуе лайнерін жасаушы "Боинг"
компаниясының басты иелігі — Сиэтл де үлкен рөл атқарады.
Станок жасау негізінен Көл маңы және Солтүстік-Шығыс мегалополистерінің
шегіне, ауыл шаруашылығы — Көл маңы, кеме жасау — Солтүстік-Шығыс
мегалополистеріне шоғырланған, электрон өндірісі — барлық үш мегалополисте
де бар. 
Химия өңеркәсібі ондаған орталықтарда бар, бірақ оның жеке аудандарға
шоғырлануы да жиі байқалады.
Мысал. Мексика шығанағындағы мұнай-газ алабы шегінде АҚШ-тың мұнай және газ
химия өнеркәсібінің басты ауданы қалыптасты. Мұнда 200-ден астам кәсіпорын
жұмыс істейді және АҚШ-тың "мұнай химиясының астанасы"— Хьюстон орналасқан.
Тоқыма өнеркәсібі екі ғасыр бойында Солтүстік Атлантика штаттарында —
орталығы Бостон болып саналатын Жаңа Англияда шоғырланды. Бірақ соңғы
уақытта бұл сала Оңтүстік Атлантика штаттарына қарай, жұмыс күші едәуір
арзан аудандарға, мақта және синтетикалық талшық өндіретін аудандарға,
өткізу рыноктарына жақын көшіп-қонды.
Өнеркәсіп аудандары мен белдеулері. АҚШ секілді елде түрліше дәрежедегі
өнеркәсіпті ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Америка
Солтүстік-Батыс Америка
Солтүстік Америка құрлығының климаттық ерекшлеліктері
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Солтүстік Америка мемлекеттеріне экономикалық географиялық сипаттама
Солтүстік Америка құрлығының жануарлар дүниесі. Халқы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Америка
Америка құрамы
Оңтүстік Америка
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь