Сезімтал өсімдіктер
1 Өсімдіктер
2 Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
3 Өсімдік және қоршаған орта
4 Алғашқы құрғаққа шыққан өсімдіктер
5 Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері
6 Өсімдіктердің аурулары
7 Өсімдіктердің эволюциясының негізгі кезеңдері
8 Өсімдіктердің тіршілік формалары
9 Өсімдіктердің экологиялық топтары
10 Өсімдіктердің географиясының (фитогеографиясының) элементтері

Қоршаған ортаның адам-ға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіре-се, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай «жауап» береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл «мені бағалады» деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса, уақытын-да суғарып тұрмаса «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.
Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа «туу, түрі құрысын, қандай сүй-кімсіз» деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері болғанын ғалымдар анықтаған.
Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктер-дің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мей-сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайы-нын әйелінен қызғанып, хи-миялық қоспа заттар бөле бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.

1. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.ISBN 9965-08-286-3
3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
4. Қазақ энциклопедиясы VII-том, Асқаров І.Ж., Байзақов С.Б., Қазақстан орман алқаптары. Табиғат ел байлығы (жинақ), А., 1979; Экономика природопользования, Под ред. Т.С.Хачатурова, М., 1991; Романова Э.П., Куранова Л.И., Ермаков Ю.Г., Природные ресурсы мира, М., 1993.
5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Өсімдіктер (Plantae) Сезімтал өсімдіктер
Қоршаған ортаның адам-ға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Әсіре-
се, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаңыз, ол да сізге солай жауап
береді. Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда.
Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады. Мысалы, гүлді
құмырасымен біреу сыйға тартса, сіз ол адамға сол гүл үшін аз болса да ақы
төлеуіңіз керек екен. Себебі, құмырадағы гүл мені бағалады деп риза
болып, одан әрі жайқалып өсе түседі екен. Ал, өсімдіктерге дұрыс қарамаса,
уақытын-да суғарып тұрмаса ренжіп, адам ағзасына зиянды улы химиялық
заттар бөліп шығаратын көрінеді. Мысалы, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су
құюды ұмытып кетсеңіз, түнімен ұйықтай алмайсыз.
Ал, кактустар да адамның көңіл-күйіне әсерін тигізеді екен. Кактусқа туу,
түрі құрысын, қандай сүй-кімсіз деп айтқан сәтте-ақ құрамында алкогольдік
қоспалар бар улы зат бөліп шығарады екен. Бұл зат адамды ішімдікке
итермелейтін көрінеді. Содан адам ішімдікке әуестеніп кететін кездері
болғанын ғалымдар анықтаған.
Ал, кейбір өсімдіктер өз қожайынын басқа бір адамнан қызғанатын көрінеді.
Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктер-
дің қарым-қатынасы туралы зерттеулер жүргізген. Ағылшын физиологы С.Мей-
сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен
кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Ал, жерік болған
кезде қатты ит жерік болып, тіпті дәрігерлердің қандай ем қолданғанына
қарамай, түсік тастайды. Ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус
түседі, әйелінің ауруға шалдыққанына сол кінәлі деп оны үйдің қасындағы
баққа апарып қояды. Көп ұзамай әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала
көтеріп, дені сау, әдемі сәбиді дүниеге әкеледі.
Сөйтсе, фикус өз қожайы-нын әйелінен қызғанып, хи-миялық қоспа заттар бөле
бастаған, ол зат Мейсонның өзіне ешқандай әсер етпеген.
Әрине, өсімдіктердің барлығы тек зиянды екен деуге болмайды. Мысалы, фиалка
(шегіркүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалық, ол басқа жаққа сапарға
кетсе, сағынады екен. Ал қазтамақ (герань) бірінші суғарма-са, кәдімгідей
ренжитін көрінеді. Өзінің ренішін ол көпке дейін гүл ашпай тұру арқылы
білдіреді.
Ертеде адамдар зығыр (лен) еккен кезде, жала-ңаштанып егеді екен. Әйт-песе,
мол өнім болмайды деп есептеген. Көрдің бе, сен (зығыр) өнім бермесең, мен
жалаңаш қаламын деп айтады екен. Адамдар киімді зығырдан жасап, кигені
белгілі ғой.
Ертеде қыдырып кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер жатын бөлме-ге
алқызыл түсті гүлді қойған. Сол бөлмеде үш күн қонған ер адам ендігә-рі
басқаға қарамай, тек өз әйеліне деген сезімі арта түседі екен. Ең жағымд-ы
гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-
керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда, өсімдік адамның жүйке жүйесіне
әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді
екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген.
Гүлді өз қолыңыздан егіп, күтіп-баптаған жөн. Оларды сәбиді баққандай
күтсеңіз, өс-кен соң сіздің денсаулығыңыз-ға, отбасыңызға оң әсер етеді
дейді. Гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаңыз көңіл-күйіңіз көтеріліп,
барлық жаман ойдан арыласыз.
Ал, мына бір оқиға осыдан 7 жыл бұрын болған. Бір үйдің ауласында жапырағы
жайқалып, әдемі үлкен ағаш өсіп тұрған. Үй иесі отыздағы әйел бұл ағашты
шауып тастайын деп, алдымен оның қабығын аршып тастайды. Ағаш солып қалған
соң, кесіп тастамақшы болады. Әне-міне деп жүріп қолы тимейді. Бір күні
әйел өз болашағын білмекші болып көріпкел-ге барады. Көріпкел оған отыз
жасыңда өлесің дейді. Әйелдің өзі де, туыстары да дені сап-сау, аяқ қолы
балғадай адам қалай өледі? деп, көріпкелдің сөзіне аса мән бермейді. Тамыз
айында әйел отыз жасқа толады да, туыстарын, көршілерін, жора-жолдастарын
шақырмақшы болып, той қамына кірісіп кетеді. Құрбысы екеуі есіктің алдына
шығып, мерейтой туралы әңгімелесіп тұрған сәтте, ауа райы күрт өзгеріп,
аспанды қара бұлт торлап, қатты жел соғады. Онсыз да әрең тұрған ағаш
желдің күшімен тура екі әйелдің үстіне келіп құлайды. Біреуі қашып
үлгіреді, екіншісі ағаштың астында қалып, қайтыс болады.
Тура отызға толған күні, көріпкел айтқандай, ағашты кескен әйел қайтыс
болыпты. Көріпкелдің айтқаны тура келді. Бұл оқиғада ең таң-
қаларлығы–ағаштың әйел-ден өшін алғаны. Мүмкін, кездейсоқ болған шығар. Кім
біледі? Бірақ, ағаштың да жаны бар, олар да сезеді дейді ғой.
Емші өсімдіктер Адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі
қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне
қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған.
Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда,
адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды.
Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық
медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос,
көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі
болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4
мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген.
Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын
жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім
бойынша емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай
келуі тиіс дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен,
бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-
цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу.
Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар
дәстүр. Ха- лық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған.
Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы
П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін
ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын
майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған
тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын
қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай,
мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.
Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың
ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша
науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп
тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-
Қорған санаторийінің жанын-дағы Борықтыкөл емдеу орталығы еді. Радикулит,
ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де
белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы
оғынан жараланған киік деседі.
Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын
ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене
жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған.
Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да
керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп
ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен
басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.
Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень
өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола
розовая). Немесе оны халық алтын тамыр деп те атап кеткен. Алтайдың
халықтық медицинасында алтын тамыр адамның жұмыс қабілетін арттыратын
дәрі ретінде пайдаланылып келді.
Кейінгі жылдары ғалымдар алтын тамырдың құра-мындағы экстракттың ағ-заның
(организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-сосуд системасын
жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының
реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.
Қазақстан бойынша семізот (алтынтамыр) туысының он бір түрі кездеседі. Оның
ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік
Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі
жылдардағы зерттеу жұмыс-тары мен экспедициялық және далалық практика
кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып
кеткенін көр-сетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар
көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі
етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пай- да
жоқ. Қызғылт семізот- тан жасалынған дәріні ор- нымен пайдаланбаса, ол
кейбір адамдардың қан қы-сымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға
ұшырау қиын емес. Біздің Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп –
мақсыр, немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық өсімдіктер тізіміне
халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл
өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған,
осыдан марал тамыр, марал шөп деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден
бері алтын тамыр және женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайда-ланып
келді. Халық меди-цинасында пайдаланылға-ны жөнінде алғашқы дерек 1897
жылдан белгілі. Осы жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым Г.И.Потанин
император географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Монғолияның солтүстік
батысына саяхат жасаған.
Өкінішке орай, бұл өсім-діктерді жаппай қазып, жинау табиғатқа, осы өсім-
дікке жасалған қиянат. Сон-дықтан, алтын тамырмен, мақсырдың шөп тоғайын
жаппай жинамай, кемінде шөп тоғайдың төрттен екі бөлігін қалдырып отыру
керек. Бұл табиғи қорының өздігінен қайтадан қалпына келуін қамтамасыз
етеді. Өндіріс үшін жинағанда, жинау тәртібін білу керек және жыл сайын бір
жерден жинауға жол берілмеуі тиіс.
Тіршілік үшін өсімдіктің маңызы
Өсімдіктерді суда өсетін, топырақта өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде
өсетін деп бірнеше топқа бөлуге болады.Топырак, өсімдіктері — бактериялар,
балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар. Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде
маңызды роль аткарады. Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі
және 3 км тереңдікте болады. Жер беті есімдіктерінің 500 мыңдай түрі
кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая
беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана
емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті
өсімдіктерін қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің
бірінші кезі.Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез
— күрделі биологиялык процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті
— хлорофилдің көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен
көміртегі газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық
косылыстар түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар
энергиясына айналдырады. Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе
басқа нәрселердің көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек
айтқанда, жасыл өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің
дамуы, гүлденуі үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып
табылады. Сол себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-
пар. ІІІамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20—30 млрд т.
көміртегін пайдаланады. 300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі
мөлшері атмосферада және суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының
өсімдіктері жыл сайын фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық
заттар құрады. Олардын 122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд
тоннасы – мұхиттағы өсімдіктер үлесіне тиеді. Жыл ішіндегі фотосинтез
өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі электростанциялардың қуатынан
100 есе асып түседі. Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып
келеді. Бұл уақыт ішінде көптеген органикалық заттар жинақталды, олардың
бірқатары мұнай, жанатын газ, тас көмір, торф, т.б.. Көмір, мұнай күйінде
кездесетін көміртегінің өзі барлық тірі организмдерде кездесетін
көміртегінен 50 есе көп. Өсімдіктер құрамына кіретін химиялық элементтер де
көп. Бұған қосымша өсімдіктердің табиғатқа, адам өміріне, өндіргіш
күштердің дамуына тигізетін пайдалы әсерін ескерсек, өсімдіктерсіз өмір жоқ
деген қорытынды жасауға болады. Өсімдіктер табиғат биоценозында үлкен роль
атқарады. Ол топыраққа, жануарлар дүниесіне, микроорганизмдерге пайдалы.
Өсімдік түріне қарай биоценоз да әртүрлі болады. Өсімдіктің адам өміріндегі
маңызы зор. Ол әртүрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік
шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Жерді күшті су
ағыстарынан қорғайды, құнарлы жерлерді құм басудан сақтайды. Өсімдік адам
баласына психогигиеналық әсер етеді.
Өсімдік ресурстарының бастысы – орман. Ол жер шарындағы биологиялық активті
оттегінің 60 процентін береді. Оның көмегімен (т.б. экологиялық жүйелердің
қатысуымен) атмосферада оттегі тұрақты болады, осының арқасында 2 млрд.
жылдай біздің планетамызда өмір жалғасып келе жатыр. Орта дәрежеде бір ағаш
24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп
шығарады. Орман адамға керекті шикізат – ағаш береді. Ол үй тұрғызуда,
кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол
транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады.
Ағашты басқа синтетикалық материалдармен ешқашан алмастыруға болмайды.
Орманда өсетін ағаштар қағаз, спирт, скипидар, канифоли, глицерин, кір
жуғыш нәрселер, смола, жидек ашытқыштар, эфирлы майлар алатын шикізат болып
табылады. Ағаштан 20 мыңнан аса әр түрлі бағалы нәрселер өндіруге болады.
Ормандарда ауыл шаруашылғы аңшылық ұйымдастырылады, көптеген бағалы шипалы
өптер жиналады, жеміс-жидектер дайындалады.
Орманның ауасында адам денсаулығына қажетті жеңіл иондар болады. Соның
арқасында орманда демалған адам салкынға көп берілмейді, олардың кан құрамы
жаксарады, канның қысымы төмендейді, шаршағаны басылады, дәлірек айтқанда
орманда дем алғаннан кейін енбек өнімділігі артады. Орманның төбесінен
өткен су сүзіліп, тазарып шығады, ол лабораторияда сүзгіштен өткен судан
артық болады. Орманның далада қар ұстау үшін де манызы зор. Орманның
көмегімен жел және су эрозиясының орын алуына жол берілмейді, осының
аркасында топырақтың тұзданып кетуіне тойтарыс беріледі. Ормандарда қар еру
процесі ақырын және біркелкі жүретіндіктен қар суымен тасқынның болуына
мүмкіндік жоқ, еріген су жерге ақырын сіңіп үлгереді, оның қүнарлылығын
көтереді, одан асқан су өзендер мен көлдердін деңгейін толтырады. Осыдан
көріп отырғанымыздай, орман адам өмірінде, экономикада сан қилы роль
атқарады.
Өсімдік және қоршаған орта
Өсімдік және қоршаған орта
Біздің планетамызды космос корабльнен қарағанда, космонавтар экватордың екі
жағында, жалпақ жолақ түзіп, тропиканың жасыл өсімдіктерінің өсіп тұрғанын
көреді.
Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты
қаншалықты жауатыңдығьша қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормаңдар, ылғалдығы
құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді
сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын
теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді.
Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен
ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік
ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар
тропиктердегі секідді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга)
ормаңдар больш келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстьщ айналасында
(цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созыльш
жатады.
Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады.
Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен
қарлар жатады.
Мүңцай түрлі-түсті өсімдіктерден тұратын кілем жылдың әртүрлі кезеңдеріне
қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен
40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.
Сонымен мынадай тұжырым жасауға болады: құрлықтардың өсімдіктер жабыны
бірдей емес; зоналарға бөліну, әсіресе солтүстік ендікте айқын байқалады;
жердің ауа райы жылдың мезгілдеріне қарай ауысып отыратын (жылылық пен
салқындықтың, құрғақшылық пен жаңбырдың) кеңістіктерінде, өсімдіктердің
сыртқы кескіңдері де өзгереді.
Шындығында жоғары сатыдағы өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе
топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан
көмірқышқыл газын, күннен — энергияны, ал топырақтан — су мен минераддық
тұздарды алады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал
өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және
шашыраңқы түрде болады. Осылардьщ барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің
үлкен (жоғары) болғаңцығьш қажет етеді. Эволюцияньщ барысында өсімдік
өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса
үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары
деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің
тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше нөзіктікпен жауап беруінің өзі
осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік
жағдайьшьщ барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен
сайьш биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі.
Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын
өзгертеді. Өсімдік өсе келе өзін ылгида жаңа жағдайға өкеліп соқтырады
(мысалы, тамырлары топырақтың терең жатқан горизонттарына енеді).
Өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріне жауап беруі, көптен ғалымдардың назарын
ғылыми зерттеу объектісі ретінде өзіне аударып келеді.
Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер
қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпа белдеулері,
тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің
тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (транс-
формациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше
климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық
құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т.б.) ағаштар мен бұталардың жатаған
аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай
жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады (266-сурет). Г.Бонье
осындай өзгерістерді зерттей отырып, әрбір зерттеуге алынған өсімдіктерді
екіге бөлген. Олардың біреулерін тау аңғарына, ал екіншілерін таудың
басына, теңіз деңгейінен 2300 м. биіктікте отырғызған. Эксперимент таң
қаларлықтай нөтиже берген. Мысалы, топинамбур қалыпты жағдайда биік
өсімдік, ал таудың басында ол жерге жабысып өскен түкті жапырақ түрінде
болады. Өсімдіктердің структурасы мен физиологиялық қасиеттерінің өзгеруін
Памирдің теңіз деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-
жақты зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық
құрылысының өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де
консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың
жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары
болады.
Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана
емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға(қарама-қарсы жағдайға)
тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының
өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при интродукции1)
байқалатын құбылыс. Егер қосмекенді таранның (тамыр дәрінің) құрғақта
өсетін формасын сазды жағадан сулы ортаға ауыстырар болсақ, онда ол бірнеше
аптаның ішінде таранның судағы формасының белгілерін қабылдайтыны белгілі.
Белгілі фитоэколог Е.Варминг ауа райы суық және жаңбырлы кездері
клейстогамды гүлдердің (өзін-өзі тозандаңдыратын және өзін-өзі ұрықтанатын
гүлдер) пайда болатындығын дөлелдеген. Сондықтанда ареалдың арктикалық және
альпалық участкелерінде өсімдіктер, осы түрлердің особьтарының басқа
жерлерде өсетіндеріне қарағанда өздігінен тозандануға көп бейімделген болып
келеді. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер (теңіз қышасы-горчица
морская ; шөптесін бұзаубас сораң-солерос травянистый) құрамында тұзы жоқ
топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы,
жапырақтарының етженділігін (суккуленттігін) жоғалтады. Ауылшаруашылық
дақыддарының қоректену жағдайы мен дұрыс жолға қойылған агротехникасының,
осы өсімдіктердің түсімділігі мен сапалығына әсерінің үлкен болатындығын
диқан қауым көптен дәлелдеген.
Сонымен, әртүрлі жағдайда өсетін бір түрдің индивидумы онтогенездің
барысыңда осы жағдайларға структурасы мен атқаратын қызыметінің өзгеруімен
жауап береді. Өзгеріске өсімдіктің анатомиялық құрылысы (клеткасы мен
клетка аралық қуыстарының үлкендігі, қабық қабатының, орталық цилиндрдің
жөне өстік органдардағы өзектің шамамен алғандағы қалыңдығы, жапырақтың
бағаналы мезофиллі мен борпылдақ мезофиллінің ара салмағы, жапырақ
бетіндегі устьицаның саны және т.б.) мен морфологиялық құрылысыда
(сабақтың, тамырдың, түйнектің жөне т.б. морфологиялық құрылысы) өзгеріске
ұшырайды.
Әрине, әртүрлі түрлердің особьтары қоршаған ортаның өзгеруіне өртүрлі жауап
береді. Мысалы, кейбір сор топырақта өспейтін өсімдіктерді (үлкен
бақажапырақ-подорожник большой), тікенді лотус – лядвенец рогатый —) сор
топыраққа көшіргенде немесе хлорлы натрийдің ертіндісімен суғарғанда, олар
суккулеиттің формасына келеді (жапырақтары етженді болып қалыңдайды). Сор
топырақта өспейтін өсімдіктердің көпшілігі, құрамында тұзы көп топырақтарға
бейімделе
1 Өсімдікті жаңа жағдайға ауыстыру алмай (не способно адаптироваться)
өледі. Ол дегеніміз өсімдіктердің барлығының бірдей ортаның өзгеруіне қарай
бейімделе алмайтыңдығьш көрсетеді. Оның көптеген себептері бар: бір
жағдайларда өсімдіктердің осы тобының эволюциясының жолдарына және олардың
өздері тұрған эволюциясының сатысына, ал екіншісі бір жағдайларда —
морфологиялық — физиологиялық тұрғыдан біршама жеңіл өзгеруіне немесе
керісінше, олардың шығу тегіне жөне генетикалық тұрақтылығына негізделген
консерватизмге (кертартпалыққа) байланысты болады. Бұл жерде атап өткен
жөн, өзгергіштіктің әр түрлі формасы, бірінші кезекте генеративтік
оргаңдарға емес, вегетативтік оргаңдарға тэн, өйткені вегетативтік органдар
ұзақ уақыттар бойы өмір сүреді жөне зат алмасуы жағынан біршама белсенді
(активті) болып келеді. Тіршілік ортасы аса қатал жағдайларда (тундрада,
таудың альпа белдеуінде) репродуктивтік жолмен көбею біршама төмен болады,
және кейбір түрлер тек вегетативтік жолмен көбейеді.
Сонымен, өсімдіктердің қарым-қатьнасының және табиғи сұрыптаудың
нәтижесінде оларда белгілі бір экологиялық жағдайға аса қажетті, жаңа
физиологиялық қасиеттер мен құрылысының жаңа структурасы қалыптасады.
Мұндай қажетті белгілері бар түрлер мен түр ішілік дараланған топтар
(формалар), осындай экологиялық жағдайларға көп бейімделген, көп
адаптацияланған болып келеді. Мұндай түрлер мен олардың комплекстері,
өздері адаптацияланған ортаның компоненттерінің тамаша индикаторы болып
табылады. Өсімдік-иңдикаторлар, көп жағдайда стенотопты түрлер болып
келеді. Яғни бұл түрлердің ареалы шамамен көп жерді алмайды, өйткені олар
аздаған кеңістікке тән ерекше ортамен байланысты болады. Осы түрлер және
олардың ертеде қалыптасқан қауымдастықтары — фшпоценоздары алдымен
топырақтың типінің сенімді корсеткіші болып табылады. Ойткені топырақтың
белгілі бір типтерінің қалыптасуына биоценоздың осыған сөйкес келетін типі
шешуші роль атқарады.
Иңдикациялық тәсілдің комегімен топырақтың типін ғана емес, сонымен бірге
олардың қасиеттерін (құрамындағы тұздардың молшерін, механикалық құрамын
және т.б.), топырақ түзетін аналық пародалардың типін, жер асты суларының
қаншалықты тереңдікте жатқандығын және пайдалы қазбаларды анықтауға болады.
Мысалы, шөлдің немесе шолейттің осімдіктер жабынында фреатофиттер
қауымдастықтарының болуы, басқаша айтқаңда тамыр жүйелері тұрақты түрде жер
асты суымен байланысты болатьш өсімдіктердің болуы осы жерде тұщы судың
барлығының берік кепілі болып табылады. Қара сексеуіл (саксаул безлистый),
көдімгі жантақ (верблюжья колючка ложная или обьжновенная шағыр жусан
(полынь песчаная) және т.б. бірден-бір гидроиндикаторлар болып табылады. Ақ
шидің (чий блестящий) болуы сол жерде жер асты суының жақындығын корсетеді.
Алтайда мыстың иңдикаторы ретіңде Патрэн аққаңбағын (качим Патрэна мырштың
иңдикаторы ретінде шегіргүл туысының (р.фиалка -) бірнеше түрлерін және
ярутканы (р. ярутка – Тһіазрі) пайдаланады. Осімдіктерді индикатор ретінде,
топырақтың және геологиялық карталар жасауға, әсіресе аэрофотосъемканы
пайдалануға байланысты маңызы ерекше артып отыр. Ойткені фотоснимкеде коп
жағдайда тек өсімдіктер мен рельеф корінеді, солар арқылы ландшафттың
негізгі компоненттерін, топырақты, породаларды, жер асты суларьш ажыратады.
Алғашқы құрғаққа шыққан өсімдіктер
Алғашқы құрағаққа шыққан өсімдіктер
Палентологияның мөліметтері бойынша, құрғаққа шыққан алғашқы өсімдіктер
риниофиттер болған, олар осыдан 400 млн. жылдар бүрын пайда болған. Олардың
арғы тегі су өсімдіктері болған, шамасы жоғарғы деңгейде жетілген хара
балдырлары типтес өсімдіктер болса керек.
Риниофиттер негізінен батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер болған. Олардың
вегетативтік денесі телом деп атальшады және ол тек қазба түрінде
табылған өсімдіктерге ғана тән. Риниофиттердің вегетативтік денесінің
өркенге дейінгі құрылысы, дихотомиялық бұтақтанудан, бүйірлік моноподиальды
бұтақтанып өсуге ауысуды көзге оңай елестетуге мүмкіңдік береді. Ол жоғары
сатыдағы өсімдіктердің көптеген топтарыңда айқын байқалады .
Теломның жер асты бөлігі бір клеткалы ризоиды бар тамырсабаққа ұқсас
болады.
Риниофиттер басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерге бастама берген. Мүк
тәрізділердің шығу тегі аяғына дейін толық дәлелденбеген. Ғалымдардың бір
тобы оларды риниофиттерден шығарады; ал екінші бір тобы -жасыл балдырлардан
шығарады. Соңғы көзқарас біршама көңілге қонарлық. Қалай болғанда да мүк
тәрізділер эволюцияның тұйық бұтағы.
Өсімдіктер жамылғысының географиясы
ендік аймақтық, биіктік белдеулік, секторлық және интра аймақтық
заңдылықтарына бағынады. Облыстың өсімдіктер жамылғысы Солтүстік
Тысқарытропикалық Патшалығына жатады. Өсімдіктер жиынының түрлері бореалды
(Орал-сібір формациясы. Алтайлық солтүстік-батыс формациясы), далалы
(Заволжье-Қазақстандық формация, Алтайлық оңтүстік, Сауыр-Тарбағатайлық
және Зайсандық провинция) және шөлді (Тибеттік формация) түрлеріне жатады.
Келесі геоботаникалық аймақты өсмідіктер бірлестігіне бөлінеді:
тау бөктерлі ормандалалы, селеулі-ормандалалы, (селеулі-түрлішөпті, бұталы
дала); тау бөктерлі далалы (жусанды-бетегелі, жусанды-селеулі-бетегелі,
жусанды-дәнді псамофильді шөлді дала) - Зайсан және Алакөл ойпаттарының
солтүстік перифериясы; шөлді (далаланған және ксерофильді дәнді дақылдары
басым кәдімгі шөл) - Зайсан және Алакөл ойпаттарының оңтүстігі. Биіктік
белдеулігі Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Қалба таулары аудандарында анық
байқалады. Аймақтарға бөлінеді (төменнен жоғары): таулы және тау алды
орманды-шалғынды-далалы (балқарағайлы таулы ормандар майқарағайлы-
балқарағайлы бұталық және далалымен бірлескен); таулы-тайгалы және шалғынды-
тайгалы (майқарағайлы таулы қылқан жапырақты кедр мен балқарағайлы
бірлескен, бұталық және шалғын, сонымен бірге көктеректі, шыршалы бұталы,
қарағайлы орманмен бірлескен); биік таулы шалғынды (альпі ормандары және
Алтай мен Тарбағатайдың субальпілік шалғындарымен бірлескен дала, кейбір
жерлерінде айрықшаланған мүк және қына басқан шалғын);
· биіктаулы тундралы (жасыл мүктері, қыналары басым, биік гүлді
өсімдіктердің қатысуымен, жайылған бұталы және аласа бұталы). Жамылғы
көріністі. Облыс аумағында интра аймақты өсімдіктер де дамып келеді, олар
қосымша ылғанданған жағдайдағы бедердің төмендеуінде немесе бөлектенген
қазаншұңқырлардың бетінде бар.
Өсімдіктер зоналары мен биіктік белдеулері

Биік солтүстік ендіктерде бір-бірінен оңай ажыратылатын, бірінің артынан
бірі келетін, үш зона: полярлық (арктикалық шолдің зонасы), тундралық,
орманды зоналар циркумполярлы орналасады.
Олардың ең қаталы, сондықтанда осімдіктер үшін ең қолайсызы поляр зонасы
болып табылады. Бұл жерде вегетациялық кезең, томенгі температурада, қысқа
поляр жазында отеді. Ең жылы ай шілденің (июль) орташа температурасы 0°С
аспайды. Бұл қысыңқы зонаның құрамына Таймыр түбегінің солтүстік шеті мен
аралдардың мынадай тобы: Жаңа Жердің солтүстік аралдары, Солтүстік Жер,
Франц-Иосиф Жері, Новосибир аралдарының бір болігі, Геральда аралдары және
т.б. кіреді. Бұл зонада осетін өсімдіктердің түрлерінің жалпы саны 40-50-
ден аспайды.
Жердің бетін тұтас басып (жауып) жатқан өсімдіктер жабыны жоқ. Тек
жекелеген өсімдіктер немесе мүктер мен қыналардың аздаған тобы (куртинки)
қиыршық тастар мен үлкен тастардың арасыңда шашыраңқы болып оседі.
Поляр зонасына континентті экватордан солтүстік және оңтүстік еңдіктерге
қарай 7—8°С-тьщ деңгейінде орап жататын ылғалды (жаңбырлы) тропикалық
ормаңдар зонасы (гилеи) мүлдем қарама-қарсы болып келеді. Бұл жердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz