Мемлекеттің негізін түсіну



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1 Мемлекеттің негізі
2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар
3. Мемлекет пен жеке адам арасындағы жауапкершілік

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды, олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда "Қазақстан Республикасының" Конституциясы қабылданды. Конституцияның 1-бабында "Қазақстан республикасы өзін, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" - бекітілді. Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл болып қазақ тілі бекітілді, ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары, Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. (ҚР Конституциясының 9-бабы)
Қазақстан мемлекетінің негізгі мақсаттары Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық" деген Жолдауында анық көрсетіліп берілді. Жолдауда еліміздің "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы" бойынша экономикалық дамуындағы жеттістіктердің болғанын бағалай келіп, "Алайда, соңгы тоғыз жылда жүргізілген сол реформалардың есебінен ғана біз тұрақтыылығымызды сақтап, ТМД-ның барлық елдеріндегі деңгейге қарағанда, ең жоғарғы экономикалық өрлеуге қажетті қарқын алдық"- деп атап көрсетті[1].
1.«Мемлекет және құқық негіздері». Оқулық., Алматы 2001 ж

2.«Мемлекет және құқық теориясы». Т. Ағдарбеков Алматы 2003ж.

3. www.sayasat-satpaev.kz

4. www.kitaphana.kz

5. www.constcouncil.kz

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1 Мемлекеттің негізі
2 Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар
3. Мемлекет пен жеке адам арасындағы жауапкершілік

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы күресі іске асып, 1991 жылы 16
желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы"
Конституциялық заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
тәуелсіздігі жарияланды. Қазақстанның тәуелсіздігін шет елдер таныйды,
олардың дипломатиялық органдары ашылып, басқа елдерге үлгі болды.
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда "Қазақстан
Республикасының" Конституциясы қабылданды. Конституцияның 1-бабында
"Қазақстан республикасы өзін, демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" - бекітілді.
Конституцияның 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл болып
қазақ тілі бекітілді, ал орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті
өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатын
болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары, Туы, Елтаңбасы және
Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі
конституциялық заңмен белгіленеді. (ҚР Конституциясының 9-бабы)
Қазақстан мемлекетінің негізгі мақсаттары Президент Н. Назарбаевтың
Қазақстан халқына "Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық"
деген Жолдауында анық көрсетіліп берілді. Жолдауда еліміздің "Қазақстанның
2030 жылға дейінгі дамуының Стратегиясы" бойынша экономикалық дамуындағы
жеттістіктердің болғанын бағалай келіп, "Алайда, соңгы тоғыз жылда
жүргізілген сол реформалардың есебінен ғана біз тұрақтыылығымызды сақтап,
ТМД-ның барлық елдеріндегі деңгейге қарағанда, ең жоғарғы экономикалық
өрлеуге қажетті қарқын алдық"- деп атап көрсетті[1].

Мемлекеттің негізі

Жолдауда, еліміздің экономикалық дамуының келешегі "экономикалық
өрлеудің ұзақ мерзімдік басымдылығына" негізделуі тиіс екендігі көрсетіліп,
таяу арадағы шешілетін үкімет алдындағы міндеттерді белгіледі.
Біріншіден қаржылық микроэкономикалық және тұрақтылықты сақтау
мақсатында, Үкімет пен Ұлттық Банктің тарапынан бюджет тапшылығын қысқарту,
шикізат нарығында істейтін компаниялардың асып кеткен кірістерін алудың
тетігін табу, жергілікті жерлерде басқару буындарын қысқартып, дәйекті
түрдегі секторға көшіру қажеттігі көрсетілген.
Екіншіден, экономикамыздағы банктер мен инвесторларға ашық қуатты жеке
секторлар құру қажеттілігі, 2001-2002 жылдарда Президенттің Жарлығына
сәйкес тиісті жерлерде жекешелендірудің аяқталуының қажеттігі айтылған.
Үшіншіден, әлеуметтік қорғау мен еңбек қатынастары ауыл шаруашылығы
саласындағы, аса қажетті жұмыстарды шешу жолдары анықталды. Әсіресе, басты
міндеттердің біріне қуатты көлік коммуникацияларын салып, жетілдіруге
(модерлендіруге) ерекше көңіл бөлінді. Осыған орай "Міне, сондықтан да 2001
жыл экономикалық жағынан Үкімет пен барлық әкімдер үшін автомобиль жолдарын
салу мен жаңарту үшін болуға тиіс" - деп арнайы бағыт берілді.
Қоғамды демократияландыру бағытындағы, бірнеше мәселеге барлығы
заңдарға сүйеніп өмір сүретін нақты құқықтық мемлекет құрудың қажет
екендігін айта келіп, саяси жүйені демократияландыру мақсатындағы негізгі
бағыттарды айқындап берді. Соған байланысты сот жүйесінің тәуелсіздігін
құқықтық реформаны жүргізу арқылы нығайтудың, өкілді өкімет органдарының
өкілеттік билігін өсіріп, сайлау заңдарының негізінде сайланбалықты
кеңейтудің азаматтық қоғам институттарын қолдаудың қажет екендігін анықтап
берді".
Жолдауда, Ұлттық қауіпсіздіктің - мемлекеттік саясаттың негізі
ретінде, жаңа қауіптің бетін қайтаратын ұлттық қауіпсіздіктің жаңа
тетіктерінің жасалуы қажет екенін, аймақтық қауіпсіздіктің нақты жүйесін
жасақтаудың жолдарын айқындап берді[2].

Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар

Мемлекет - нақты ықпал (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т.с.с.)
жасауға арналған белгілі аумақ көлеміндегі саяси өкіметтің құрылымы.
Мемлекеттің негізін түсіну, мемлекет теориясының ең маңызды мақсатының
біріне жатады. Мемлекеттің табиғатын зерттеу - оның қызметіндегі және
дамуындағы басты және белгілеуші ерекшеліктерді ашу, оның әлеуметтік
бағалылығын, қажеттілігін, көп жақты қарама-қайшылығын, жақтарымен болмыс
нысанын, біртұтас әлеуметтік институт ретінде қабылдау.
Мемлекеттің негізін анықтауға мына бағытты есепке алу қажет:
1) қандай мемлекет болмасын, саяси өкіметтің құрылымы
(формалды жағынан);
2) ол құрылым кімнің мүддесін қорғайды (мазмұнды жағы). Мемлекеттің
негізін түсінуге мынандай жолдарды бөліп айтуға
болады:
- таптық, бұл қалыпта мемлекет экономикалық жағынан үстемдік
ететін таптың саяси өкіметі. Мұнда мемлекет, тек үстем таптың мүддесін
қорғайды;
- жалпы әлеуметтік, бұл қалыпта мемлекетті әр түрлі таптардың,
әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайтын билік ретінде көруге болады.
Қазіргі теория шын мәніндегі мемлекеттің болмысын көп өлшемдерге
байланысты қарауды ұсынады: оны ұлттық, діни, жағрапиялық және басқа
жақтарына байланысты. Сонымен қатар, мемлекет көпшіліктің өкіметі,
адамдардан бөлінген, басқару аппараты бар, материалдық жағдайы бар,
өкіметтік қатынасқа және институттарға әр түрлі жүйелермен өткен, саяси
ұйымдасқан - ассоциация ретінде көрінеді және мүшелері бір тұтас болып
бірігіп, құқықтық заңдарға бағынады.
Қазақстанның өшелі кезеңге қадам басуы қоғамның саяси жүйесінің
сипатының, құрылымы мен функциясының принципті түрде өзгеруі мен жария
етілді. Қазір ол бұрынғы саяси жүйені мүдде қайталамайды десе де болғандай:
қоғам өміріңдегі ролі мүлде басқа, мүлде басқа сыртқы байланыстарымен және
қарым-қатынастарымен сипатталады, қызмет ету мен ықпал етудің бұрынғыдан
басқа механизмдерін пайдаланады.
Қазақстандағы саясижүйенің бүгінгі жай-күйі мен түрінің қандай
екендігін кернекірек елестету үшін оны өзінін шыққан тегі және өзі сонын,
жалғасы болып табылатын социалистік қоғамның саяси жүйесімен салыстыру
керек[3].
Социалистік қоғамның саяси жүйесінің өзіне тән сипаты, онда бір
партиянын дара, ешкіммен бөліспей жеке билік етуі, бірпартиялылыкты орнату
болып табылады. Бұған кейбір социалистік елдерде коммунистік (немесе
жұмысшы) партиялардан басқа біркатар басқа партиялардың да (шаруа,
интеллигенттік, ұлттық-демократиялык және т.б.) болған фактілері қайшылық
етпейді. Олар, алайда, коммунистік (немесе жұмысшы) партиялардың жетекшілік
ролін сөзсіз мойындады, солардың белгілеген шегіңде әрекет етті, іс жүзінде
олардын бақылауьшда болды жөне олар белгілеген шенберден ешқашан шығып
көрген жоқ.
Бір партиялылықтын негізгі белгісі, мемлекетте өзінің диктатурасын
орнатқан партия:
1) оның құзыретінің маңызды мәселелерін шешуде мемлекеттік істерге
араласып қана қоймайды, мемлекеттік билікті толығымен ауыстырып жібере
алады;
2) барлық жария (жасырындарын — әсіресе) оппозицияларды жоюға, билік
ету ісінде кез келген болуы мүмкін бәсекелестерді жоюға тырысады;
3) халықты басқару ісіне белсенді қатыстырудың сыртқы көрінісін
кұруға ғана мүдделі, барлык мәселені өзі шешетіндіктен, халықтық бастаманы,
қайраткерлікті және белсенділікті іс жүзінде көзге де ілмейді;
4) мемлекеттің құқыктык актілерінің, соның ішінде конституцияның да
мазмұнын жояды, өзі қабылдайтын нысандар мен принциптерді олардан жоғары
қояды, халықты нормативтік құқықтық нұсқаулардың міндетті еместіп туралы
онға тура немесе жанама мағынасында үйретеді.
Бір партиялы жүйенің осы және басқа да бірқатар сипаттары мен
ерекшеліктеріне қарай ол — тоталитарлык мемлекеттік-саясирежимді орнатудың
негізі, билікті бір қолға заңсыз ұстаудың алғышарты, оны озбырлықпен тартып
алудың ідарты. Бірпартиялылық алдымен билеуші партияньщ көшбасшылары мен
мүшелері жағынан жекелеген теріс пайдаланушылықтар үшін, сосын — олардың
жүйелі түрде жүзеге асырылуы үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аристотельдің „саясат” еңбегіндегі саяси көқарастары
Мемлекетті жіктеудің хронологиялық тәсілі
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері
Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері туралы
Мемлекет типологиясы: ұғымы мен тәсілдері
Аристотель туралы
Аристотель
Платон мен Аристотельдің ғылым дамуына қосқан үлесі
Пәндер