Ми және психика



1. Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
2. Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның қағидалары.
3. Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары.
Психика дегенде, жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан психологиялық қызметін дұрыс түсіну үшін адам мен жануар психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғары жүйесі қызметінің ерекшеліктерін білу керек. Жүйке жүйесі орталық және перифериялық шеткі жүйе болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі бұл – ми. Перифериялық жүйке жүйесі жүйке талшық шоңдары орталық бас ми мен омыртқа жұлыннан адамның барлық денесінде таралып жатады. Мида жүйке нейрондардан, яғни бір мен бір қосалқы буындармен жалғасып жататын жүйке клеткаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді. Ол денедегі, мысалы, ас қорытатын, қан жүргізетін, демалдыратын , т.б. тәннің өмір сүруін қамтамасыз ететін әр түрлі процестермен айналысатын ұзыншақ миға өтеді. Үлкен ми сыңарлары кіші ми қыртысының төменгі бөлімінің тораптарымен бүкіл адам психикасын басқаратын ми қыртысынан тұрады. Әр түрлі жандардың миларының жоғары бөліктерінің, үлкен ми сыңарларының қандай роль атқаратынын мына мысалдардан көруге болады. Балықтың басындағы ми сыңарлары алынса, оның мінез-құлқы пәлендей өзгермейді. Егер көгершіннің ми сыңарлары алынса, ол ұша алмай, тамақ іздеуден қалады. Ал итті толық мүгедек деуге болады. Үлкен ми сыңарынсыз туған бала тіршілікке жарамайды. Демек, мидың бұл бөлігінен айырылған адам мүлде өмір сүре алмайды.
1. Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы 2002, 79-85 б.
2. Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы, 100-102 б.
3. Психология. Авторы: Ш.Аймауытұлы. Алматы «Рауан» 1995, 70-73 б.
4. Психология танымы. Авторы: С.Бабаев. Түркістан 2000.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік
университеті

___________________________________ ___ институты

___________________________________ _______ факультеті

___________________________________ _______ кафедрасы

Тақырыбы: ______________________________.

Қабылдаған_______________
Орындаған _______________

Тобы
_______________

Түркістан 2007
Денелердің еркін түсуі, ауырлық күші әсерінен қозғалыс. Еркін түсу үдеуі.

Денелердің түсуі – құлауы қоршаған ортада ең көп таралған қозғалыс
түрлерінің қатарына жатады. Денелердің тек ауырлық күшінің әсерінен ғана
(яғни ауаның кедергісі ескерілмейтін кезде) болатын және тыныштық күйден
басталатын қозғалысын еркін түсу деп атайды. Еркін түсудің бірінші заңы:
денелердің еркін тусуі дегеніміз бастапқы жылдамдықсыз бірқалыпты үдемелі
қозғалыс болып табылады. Осыдан еркін түсу кезінде дененің үдеуінің
тұрақты болып қалатындығы шығады.
Еркін түсудің екінші заңы: ауасыз кеңістікте Жердің берілген
нүктесінде барлық денелер бірдей үдеумен түседі. Бұл үдеу - еркін түсу
үдеуі деп аталадыжәне g әрпімен белгіленеді. Практикалық есептеулер үшін
оның мәнін көбіне Жердің барлық нүктелері үшін бірдей және g =9,8 мс2 деп
алады. Еркін түсудің формулаларын бастапқы жылдамдықтарсыз өтетін
бірқалыпты үдемелі қозғалыстың формулаларынан ондағы S-ты һ-пен, ал а-ны
g -мен алмастыру арқылы алуға болады. Мүндағы һ — түсу биіктігі, g —
ауырлық күшінің үдеуі (еркін түсу үдеуі),
v=gt (9)
h=gt22 (10)
v2=2gh (11)

Вертикаль жоғары лақгьфылған дененің қозғалысы
Дене вертикаль жоғары қозғалу үшін оған міндетті түрде бастапқы
жылдамдық беру керек. Осы кезде Жердің тартылыс күші әуелі дененің
қозғалысын баяулатады, ақыры қозғалыс, жылдамдығы нөлге айналып, одан әрі
дене еркін түседі. Жоғары қарай да, төмен қарай түсу кезінде де дененің
үдеуі еркін түсу үдеуіне тең болады. Вертикаль жоғары лақтырылған дененің
қозғалысы ақырғы жылдамдығы нөлге тең болатын бірқалыпты баяу қозғалыс
болып табылады.
1. v=v0+at формуладан 0=v0 – gt немесе
v0 = gt
(12)
болады.
2. S=v0t+at22 формуладан h=v0t – gt22 болады.

v0 жылдамдықтың орнына оның (12) формуладағы мәнін қойып,
мынаған келеміз: һ = gt2 – gt22
немесе һ = gt22
(13)
3.v 2=v22+2аS формуладан 0=v20 – 2gh, немесе
v20=2gh
(14)
болады.
Енді ауаның кедергісін ескермейтін кезде дененің t1 көтерілу уақты мен
t2 түсу уақытының, сонымен қатар көтерілу кезіндегі v0 бастапқы жылдамдық
пен оның түсу кезіндегі ақырғы v жылдамдықтардың арасындағы байланысты
тағайыңдайық.
Дененің көтерілу кезіңдегі биіктігі мен оның еркін түскен кезіндегі
биіктіктерінің өзара тең екендігі анық. Олай болса,
h1=gt22; h2=gt22
деп жазып, олардың оң жақтарын бір-біріне теңестіріп және g2 шамасына
кысқартып, мынаған келеміз: t21=t21 осыдан t1=t2. Қайсыбір нүктеден
вертикаль жоғары лақтырылған дененің көтерілу уақыты оның осы нүктеге
қайтып оралу уақытына тең болады.
Дененің лақтырылу нуктесіндегі бастапқы жылдамдығы (12) формула
бойынша v0=gt1 ал оның осы нүктедегі ақырғы жылдамдығы v (9) формула
бойынша v0=gt2 болады. Бұл формулалардың оң жақтары өзара тең болғандықтан
v0= v
Ауасыз кеңістікте вертикаль жоғары лақтырылған дененің бастапқы
жылдамдығы сан мәні бойынша осы нүктеге қайтып оралған кезіндегі ақырғы
жылдамдығына тең болады, ал жылдамдықтардың бағыттары өзара қарама-қарсы.
Ауаның кедергісінің арқасында дене өзінің максималь көтерілу
биіктігіне дейін жете алмайды да, осының арқасында ақырғы жылдамдық
бастапқы жылдамдықтан азырақ болады.
Енді қозғалыстардың тәуелсіздігі деген принципті горизонталь
лақтырылған дененің қозғалысы мысалы арқылы түсіндіре кетейік.
Горизонталь лақтырылған дене түзу бойымен емес, қисық сызық бойымен
бірте-бірте,жерге жақындап, ақыры оған құлап түседі. Егерде ауаның
кедергісін ескермейтін болсақ, онда бұл қисық параболаны береді. Осы кезде
дене еркін түсу үдеуімен төмендейді, былайша айтқаңда, егер бір нүктеден
екі дене бірдей қозғала бастаса — біреуі вертикаль төмен туссін де,
екіншісі горизонталь бағытта жылдамдық алатын болсын, онда осы екі дене де
жерге бір мезгілде келіп жетеді. Дене тусу уақыты кезінде, тусу болмай,
тең горизонталь қозғалатын кезіндегідей қашықтықты ұшып өтеді. Бұл
дегеніміз екі бағытгтағы қозғалыстардың бір-біріне тәуелсіз өтетіндігін
көрсетеді, олар бір-біріне ешбір әсерсіз-ақ үстемеленеді.
Тікелей есептеулер жүргізу үшін v0 бастапқы жылдамдықпен горизонтпен
бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын қарастырып, Т ұшу уақытын, Н
көтерілу биіктігін және L ұшу қашықгығын анықтайық. Дене горизонталь
бағытта тұрақты жылдамдықпен, ал вертикаль бағытта бірқалыпты үдемелі g
еркін түсу үдеуімен қозғалады. Горизонталь және вертикаль бағыттардағы
қозғалыстарды бір-біріне тәуелсіз қарастырамыз, бұл үшін бастапқы
жылдамдықты екі құраушыға жіктейміз: вертикаль құраушы v0sinα және
горизонталь құраушы v0cosα . Қозғалыс кезінде дене горизонталь бағытта
тұрақты жылдамдықпен, ал вертикаль бағытта айнымалы жылдамдықпен қозғалады
(14-сурет). Қозғалыстың вертикаль құраушысын қарастырудан бастайық.
Қозғалыс уақыты Т=t1+t2, мүндағы t1 - көтерілу уақыты, t2— түсу уақыты.
Жылдамдықтың вертикаль құраушысы

14-сурет
траекторияның ең жоғарғы нүктесінде нөлге тең болады (дене бұдан әрі
көтерілмейді), бұл жерде t=t1. Айнымалы қозғалыстың жылдамдығы
формуласынан
0= v0sinα-gh1 ,
Осыдан t1= v0sinαg формуладағы - таңбасы үдеу бағытының у осінің оң
бағытына қарсы бағытталғандығын көрсетеді. t1 мәні арқылы көтерілу
биіктігін табамыз: H=(v0sinα)t1 – gh21 2 немесе H=v20sin2α 2g
Түсу уақытын табу үшін дененің белгілі Н биіктіктен еркін түсуін
қарасытарамыз
H=gt22; t2-√2Hg=v0sinαg.
Осы шаманы t1 мәнімен салыстыра отырып, көтерілу уақытының түсу
уақытына тең екендігіне келеміз: t1 = t2 .
Ұшу қашықтығын табу үшін қозғалыстың горизонталь құраушысын
қарастырамыз. Бұл қозғалыс бірқалыпты түзу сызықты. Осыдан:
L= (v0cosα)N= H = v0cosα*2v0sinαg=v20sin2αg.
Егер лақтырылу бұрышы 900 болса, онда вертикаль лақтырылған дене
жағдайына ораламыз.

ЕС
1. Ес туралы жалпы ұғым.
2. Естің түрлері.
3. Ес процестері.
4. Қайта жаңғырту және тану.
5. Есті тәрбиелеу.

ЕС
Ес туралы жалпы ұғым.

Адамда елестің болуы біздің қабылдауларымыздың ми қыртысында қандай
да бір іздердің қалдыратынын, олардың бірсыпыра уақыт сақталатындығын
көрсетеді. Біздің көңілден шықпай жүретін ойларымыз бен сезімдеріміз
осының дәлелі. Ақиқатты санада сақтау және кейін оны жаңғырту немесе
біздің бұрынғы тәжірибемізде болғанды білу – ес деп аталады.
Егер бұрынғы тәжірибесін есте сақтамаса және оны жаңғырта алмаса,
адамның ақыл-ой дамуы мүмкін емес, ол білім жинақтай алмас еді, әрқашан да
жаңа туған баланың интеллектулалдық дәрежесінде қалары сөзсіз.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, заттар немесе құбылыстардың өзара
байланысы жасалады. Мысалы, белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз
оны тарихты басқа уақығаларымен байланыстырамыз, оны белгілі бір кезеңге
жатқызамыз т.с.с. Сөйтіп, есте сақтау дегеніміз – адам санысында жаңаның
бұрыннан бар нәрсемен байланыста бірігуі.
Естің мәні заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасаудан
туындайды. Бұл байланыстар ассоциациялар деп аталады. Ассоциацияның үш
түрі бар: а) шектестік (немесе уақыттық); мысалы, белгілі бір уақиғаны
еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойымызға түсе кетеді;
б) ұқсастық (таныс адамның суретін көргенде біз оның өзін есімізге
түсіреміз) және в) контрастылық (у-шуы мол қалаға барғанда біз ауыл
өмірінің тыныштығын есімізгі түсіреміз).
Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысына үлкен мән
беріледі. Бұл ассоциацияның ең күрделі (комплексті) түрі. Мұндай
комплексті ассоциация бір құбылыстардың екінші құбылыстарға тәуелділігінен
(себептес-нәтижелестік байланысынан) туындайды. Мысалы, оқушы теореманы
білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын түсінеді. Бұл байланыс
(теорема мен есептің арасындағы) мағыналық себеп-салдарлық сабақтастықтың
көрінісі. Мұндай ассоциациялардың адам өмірінде маңызы айтарлықтай.
Ес түрлері

Есте қалдыру және жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай
естің әр түрі келесі негізгі үш өлшемге (критерий) сәйкес болуы шарт: 1)
әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес –
қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз-логикалы болып бөлінеді; 2) іс-
әрекет мақсатына орай ес – ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік
іс-әрекеттегі ролі мен орнына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің
мөлшеріне байланысты – қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік
(оперативная) естер ажыралады.
Қозғалысты ес - әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін
есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі
басқаларынан гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музыкалы шығарманы
дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің
қозғалсыты естері тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын
қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және
т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен
қимылдарымызға әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы
дамыған қозғалысты ес адамның әрекет ептілігін, еңбектегі ұқыптылығы мен
бармағынан өнер тамғанынан көрінеді.
Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған
ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамдыне жағымсыз
орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл-күй (эмоция)
есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп,
есімізде сақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе
өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады.
Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен
қосылып, толғанысқа түсуіңіз осы сезімдікеске негізделген.
Бейнелі ес – елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар,
дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік және
дәмдік болып бөлінеді. Егер көру, есіту естері әрбір жете дамыған адамның
өмірлік бағыт-бағдарында қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен
дәмдік естер адамдың кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты
мұндай ес түрлері іс-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде
кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге
көтерілуі мүмкін. Мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал
кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі, т.б.
Сөздік-логикалы (мағыналы) ес мазмұны біздің ой өрісіміз кіреді. Ой
тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық қана болмай, сөзді-
логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз әртүрлі тіл формаларымен
берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту матералдың тек негізгі мазмұнын
жеткізумен не сөзбе-сөз қалтқысыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер
кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда
оның өзгеріссіз жатталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.
Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мән екінші сигналдық жүйеде.
Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі және эмоционалды естер
жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет.
Сөзді-логикалыес басқа ес түрлерінің дамуына арқа суйей отырып, оларға
жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары дейгейге көтерілеуіне
ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы,
негізінен, осы мағыналық еске байланысты.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес – ырықты және ырықсыз болып
бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық
процесс – ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған
болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жаңғырту
арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудың ес дамуының бірізді, кезекті келетін 2
деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес тәжірибесімен
жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз-ақ қажетті болған тұрмыстық
біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-
әрекеттерін басшылыққа алу қажеттігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске
ырықты ес қосылады да , осыдан бізге керекті болған матералды алға ниет
қып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне,
сыртқы әсерелер іздері бекінгенге дейін өтетін процестерге аударылуда.
Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субъект тарапынан тиісті
дәрежеде өңделіп, игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет,
яғни сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін (консолидация следов) уақыт.
Бұл процесс – жаңа ғана болып өткен оқиғаның біздің субъекттік санамызда
бірден ұмытылмай, онда толғаныс пайда етуі: болып өткен оқиға енді жоқ
болса да, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымыздан шуы кете
қоймайды. Мұндай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ
тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль ойнағандықтан,
ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше
формасы ретінде – қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі, жоғарыда
көрсеткеніміздей, матералды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкіншілігіне
ие.
Нақты қызметті ес (оперативная память) адамның нақты іс-әрекет мезеті
мен қажетіне орай қозғалыстар жәнее қимылдарды орындалуына байланысты іске
қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп
алуымыз керек, кейін әр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз.
Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал
ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдынғы бөлік
нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет
бөлігінің ақпаратына орай босатқандай болады. Орындалатынәрекет
бөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала
танудан бастаса, ересек адам тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын
тұтастай қабылдауы мүмкін. Қызметтік естің жоғары деңгейде нәтижелі болуы
адамның ниетті жаттығуларына байланысты.

Ес процестері

Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы – ырықсыз, ниеттелмеген
мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ
жадта қалдыру. Бұл – болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің
санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр
деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестіргендердің көбі адамның есінде ырықсыз орнығады:
төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың
қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны ж.т.б., ал енді оларды
әрқайсысының жатталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды
нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты,
міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз
есте қалдырудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының
берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты,
ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп
қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін
пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу
формасында орындалады, яғни оқу материалы толық және мүлтіксіз
жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды
роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін
айқындайды. Осыдан ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте
қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.
Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы
мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы
міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса,
есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда
жылпы міндеттер белгіленумен бірге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы
міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой-
пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде – сөзбе-сөз жаттап алу, ал
үшінші бірде – деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған
әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне
ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін
қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды
басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту
кезінде сол матерал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекеттің
таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және
жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау – саналы
іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы
адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық
түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен
әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол
қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс
нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал
мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы
көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің
астарында екінші сигналды жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан,
мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді.
Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп,сан мәрте қайталауды
керек етеді, мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе
бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат
етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында жадта
сақтап қалу қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі
ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық (қозғалмалы)
және статикалық (тұрақты) түрде көрінуімүмкін. Динамикалық есте сақтау
мезетті қызметтік (оперативная) есте орын иелеп, ал статистикалық – ұзақ
мерзімді есте әрекетке келеді. Динакималық есте сақтауда жатталған
материал өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта
құрылып, өңделеді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып
берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі – уақытша
жүйке байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу
әрекеттері. Толықтай жаңғырта алу мен бүтіндеп ұмыту барысында
психологияда ес деңгейлері деп аталған тану кезеңдері байқалады. Мұндай
деңгейлер үшеу: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3) тану мен
жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер уақыт
өтуімен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта айтып берсе, онда балада
бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып
беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани
алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше
кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап айтып бере алмай, бірақ
толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге
ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті деңгейінен кері ауытқуы
астарында психологиялқ талдауды қажет ететін әртүрлі жағдаяттар жатыр.
Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл-ес
сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз
(тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген,
білгенін қас қағым уақытта ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы
болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет
атқарғаны жөнінде жай-жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы
бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді ме;
бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта
жаңғырту, еске түсіре, жадқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.
Ес бұзылысы кейде өткедегі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан
көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны
бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен
кеңістік өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге,
науқас адам санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқиға,
жағдай естен кетпестей орын тебуі мүмкін.

Қайта жаңғырту және тану

Біздің қабылдағанымыздың немесе жасағанымыздың көбі біз тарапымыздан
көп күш жұмсамай-ақ еріксіз еске түседі (жаңғыртылады). Мысалы, оқушы
тарихты оқып отырып, өзі бұрын оқыған тарихи романды еске түсіреді. Бұл
еріксіз (немесе байқаусыз) жаңғырту болып табылады. Адамнан белгілі күш
салуды талап ететін әрі еріктік күшке байланысты жаңғырту – еске түсіру
деп аталады. Бұл ойдың белсенді жұмыс істеуін керек етеді. Еске түсіру
барысында затты затты не құбылысты қабылдаған кездегі жағдайларды,
фактілерді қайта жаңғыртсақ, бұл процесс онша қиын соқпайды.
Тану – қайта жаңғыртудың ерекше формасы, объектті қайта қабылдау
кезінде іске қосылады. Мысалы, біз көшеде өзімізге қарсы келе жатқан
адамды көреміз. Танымдық, бірақ онымен бұрын бір жерде кездескен
сияқтымыз. Ол бізбен дауыстап сәлемдесті. Енді ғана біз оның дауысынан
оның өткен жылы демалыс үйінде бірге болған жолдасымыз екенін білдік.
Бірақ тану есте қалдыру толықтығының және беріктігінің өлшемі бола
алмайды. Кейде оқушылар материалды қайталап оқуда оны игеріп алған сияқты
сезінеді. Шындығында олар бұл материалды біліп қана отыр, әлі игерген
емес, оқушы материалды кітапқа қарамай айтар болса, ол бұл материалды есте
қалдырудың әлі қашық екенін түсінеді. Сондықтан есте қалдырудың сапасын
тек қайта жаңғыртудан ғана білуге болады.
Жеке адамның қасиеті ретінде естің ерекшеліктері адам қабілетінің
дамуына, оның іс-әрекетіне ықпал жасайды. Есі нашар дамыған адамдар, ес
қабілеті күшті адамдарға қарағанда оқу материалын игеруге көп уақыт, артық
күш жұмсайды. Көптеген мамандықтар есте жақсы сақтай білуге байланысты.
Адамдарды игергендерін есте қалдырып, оларда ой сақтауына (ес
сапасына) қарай төрт топқа бөлуге болады: а) тез және берік есте
қалдыратын, көпке дейін ұмытпайтын; б) материалды игеруі тез, бірақ берік
емес, тез ұмытатын; в) баяу есте қалдыратын, бірақ игергендерін көп
уақытқа дейін ұмытпайтын; г) баяу игеретін және тез ұмытатын, берік емес.
Адамдар анализаторларының ақпаратты игеру және есте қалған материалды
жаңғырту процесіне көп-аз қатысуына орай айырылады. Мысалы, кейбіреулерге
есте қалдыру үшін затты қалайда көзімен көруі немесе ол туралы жазғанды
өзі оқуы керек.

Есті тәрбиелеу

Ес дәрежесі бірдей адамды табу қиын. Біреу өлеңді жылдам
жаттаса, екінші біреу – санды жақсы жаттайды, үшінші біреу – ұмытшақ,
төртінші кісі көргенін есінде ұстағыш келеді, т.б. Адамдар, сондай-ақ
есінің дәлдігі жөнінен бір-бірінен ажыратылады. Естің дәлдігі – ешбір
жаңылмай, ойдың тәртібін бұзбай, мағыналы түрде айта білу қабілеті.
Мәселен, орыс композиторы Балакиревтің есі дәл осындай болған. Концертте
отырғанда, ол Чайковскийдің бір симфониясын естиді де, екі жылдан кейін
осы симфонияны жаңылмай орындап береді.
Есі дәл адамдар материалды игеріп алу жылдамдығы жөнінде де алдына
қара салмайды. Жұрт бұларды зейінді, зерек адам дейді. Ал басқа біреулер,
керісінше, қайта-қайта оқыса да есіне түсіре алмай, әуре болады. Адамдар
есте қалдырудың ұзақ қысқалығымен де ажыратылады. Мұныкейде естің
беріктігі деп те атайды. Мәселен, бір нәрсені жаттап алса, оны ұзақ уақыт
бойына ұмытпайтын болады. Екінші біреу оны тез ұмытады.
Естің жақсы сапаларының бірі – даярлығы. Естің қорынан кез келген
уақытта қажет нәрсені тауып ала білуді естің даярлығы дейді. Сондай-ақ көп
нәрсені миына тоқи алатын, есінің өрісі кең адамдар да болады. Біреулер
көзбен көргенді, енді біреулер құлағымен естігенді жақсы қалдырады.
Жоғарыда аталған ерекшеліктер балалар арасында да жиі кездеседі. Оларды
төмендегіше жіктеуге болады:
1) Есте қалдыруы шапшаң, қайта жаңғыртуы жақсы, еске қалдырғанын көпке
дейін ұмытпайтын оқушылар.
2) Есте баяу қалдырғанымен, ұмытпайтын оқушылар.
3) Есінде қалдыруы тез болғанымен, тез ұмытатын оқушылар.
4) Есіне қиналып түсіретін және тез ұмытып қалатын оқушылар.
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты. Есте
қалдыруы нашар балалар сабақтан көп қалады, үй тапсырмаларын жүйелі
орындап отырмайды, кітапты қалай оқудың тәсілдерін білмейді. Есте
қалдырудың нашарлығы баланың сабақты дұрыс тыңдамауынан, зейінсіз
отыратындығынан да болады. Мұндай балалар үнемі мұғалімнің бақылауында
болуға тиіс. Енді бір балалар ауру сырқаулы (тіпті ми-жүйке аурауларымен
ауыратындары да болады) болғандықтан тез шаршайды, сабақты кірбің көңілмен
тыңдайды. Мәселен, оларға қосымша сабақ ұйымдастыру, ол оқушылардың
арнаулы режиммен жүріп-тұруын қадағалау, т.б. балалардың ес қабілетін
арттыруға себепші болады.

Пысықтау үшін сұрақтар
1. Ес дегеніміз не? Адам өмірінде оның маңызы қандай?
2. Есте сақтау дегеніміз не?
3. Ассоциация деп нені айтамыз? Оның қандай түрлері бар?
4. Естің қандай түрлері бар?
5. Есте қалдыру дегеніміз не?
6. Механикалық есте қалдыру дегеніміз не?
7. Есте қалдыру формалары қандай?
8. Ұмыту неден болады және оның қандай деңгейлері бар?
9. Ес бұзылысы неден көрінеді?

Ми және психика

1. Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
2. Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның
қағидалары.
3. Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары.

Ми және психика

Психика дегенде, жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан психологиялық
қызметін дұрыс түсіну үшін адам мен жануар психикасының материалдық негізі
болып табылатын жоғары жүйесі қызметінің ерекшеліктерін білу керек. Жүйке
жүйесі орталық және перифериялық шеткі жүйе болып бөлінеді. Орталық жүйке
жүйесі бұл – ми. Перифериялық жүйке жүйесі жүйке талшық шоңдары орталық
бас ми мен омыртқа жұлыннан адамның барлық денесінде таралып жатады. Мида
жүйке нейрондардан, яғни бір мен бір қосалқы буындармен жалғасып жататын
жүйке клеткаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы
жұлын қарапайым қозғалысты реттейді. Ол денедегі, мысалы, ас қорытатын,
қан жүргізетін, демалдыратын , т.б. тәннің өмір сүруін қамтамасыз ететін
әр түрлі процестермен айналысатын ұзыншақ миға өтеді. Үлкен ми сыңарлары
кіші ми қыртысының төменгі бөлімінің тораптарымен бүкіл адам психикасын
басқаратын ми қыртысынан тұрады. Әр түрлі жандардың миларының жоғары
бөліктерінің, үлкен ми сыңарларының қандай роль атқаратынын мына
мысалдардан көруге болады. Балықтың басындағы ми сыңарлары алынса, оның
мінез-құлқы пәлендей өзгермейді. Егер көгершіннің ми сыңарлары алынса, ол
ұша алмай, тамақ іздеуден қалады. Ал итті толық мүгедек деуге болады.
Үлкен ми сыңарынсыз туған бала тіршілікке жарамайды. Демек, мидың бұл
бөлігінен айырылған адам мүлде өмір сүре алмайды.

Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байлансыны жүзеге асырып
отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен
қатар, жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың
қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі
өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл
нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын
тармақты нейрит, ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп
аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін
жүйке орталықтары дейді.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі
болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы
ғылымда жан-жақты дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің
орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне
бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы
жөнінде де күрделірек болып келеді.
Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын омыртқа қуысының
ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см ге
дейін жетеді.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес. Ол қарапайым
қозғалыстарымыздың жұмысын басқаратын орталық болып табылады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы
ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми –
бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы
жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық
орналасқан. Мишық организм қозғалысының , оның бірқалыпты жүріс-тұрысын
басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың
үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады.
Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Ми қабығы төрт
бөлімге бөлінеді. Олар маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми
қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген
анализаторлардың ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс,
дәм, т.б.
Адамның миы үлкен және салмақты болған сайын, ақылды және қабілетті
болады, деп ойлаған. Осы кезге дейін бүкіл әлемде ғұлама атына бар-жоғы
400 ге дейін адам ғана ие болыпты. Солардың кейбіреулерінің миларының
салмағы мынадай балған:
1. Тургенев 2012 гр.
2. Кювье 1828 гр.
3. Байрон 1807 гр.
4. Шиллер 1785 гр.
Мида әлсіз электр токтары істейтіні ғылымға көптен мәлім.

Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның
қағидалары

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс
туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ранэ Дэкарт (1596-1650). Рефлекстің
биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прожаске деген (1749-1820) ғалым өз
еңбектерінде дұрыс көрсете білді.
Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі,
қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан және іштен
келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы.
Шартсыз рефлекстің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп
атайды. Рефлекс доғасының рецептор өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда
болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс
аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер.
Рефлекс туралы туралы теорияның негізгі қағыдаларын нағыз ғылыми
тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзінің
1863 жылы жазған Ми рефлекстері деген еңбегінде психикалық құбылыстардың
табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтің отандық ғылым
алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теорияның негізінде
ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік
тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М.Сеченов мынадай қарапайым тәжірибе жасады:
құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап,
оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап
ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады.
И.М.Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда ондағы
рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей
алатындығын айқын көрсеткен. И.М.Сеченовтің ми қабығында қозумен қатар
тежелу прочесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің
мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерінің
негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер
жататындығын тамаша дәлелдеп берді.
И.М.Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары
И.П.Павловтың шартты реылекстер туралы ілімініде (бұл ілім жоғары жүйке
қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің
көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойы рефлекстердің жаңа түрін –
шартты рефлекстерді зерттеді.
Шартты рефлекстердің жасалу жолы. И.П.Павлов лаботариясында
жүргізілген тәжірибенің қысқаша мазмұны мына төмендегідей: егер итке бір
мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын
тамақ, екіншісі - өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап
тітіркендіргіш жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – керуге,
екіншісі – тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарының
арасында екі тітіркендіргішті қосарландыра қайталанған сайын нығайып
отыратын жүйке байланысы жасалады. Жануардың тіршілігі үшін жарыққа
қарағанда аса қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидағы тамақтану орталығы
көру орталығына қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы
өзінен баяу қозған көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады.
Осыдан барып, бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П.Павлов ми
қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың нәтижесінде ит кейін жарық жағылып, тамақ
берілмесе де сілекей шығара береді. Жеке алғанда итке мүлдем қатысы жоқ,
бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен
кейін ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналып отыр.
Осындай организмге қажетті құбылыстарды білдіретін көртеген сыртқы
тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметін
сигналдық қызмет деп атайды. Жоғарыдағы мысалда жарық тамақтың сигналы
болып отыр.
Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген
жайдайларына байланысты да жасалып отырады.
Мысалы, көптеген жабайы аңдар адамды алғаш көргенде сескенбеулері
мүмкін. Бірақ адамдар оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқын
өзгертеді. Олар адамдарды көрісімен тығылуға, не қашуға тырысады. Демек,
бұл жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте пайдалы шартты
рефлекс екендігі түсінікті.
И.П.Павловтың ілімі бізге тек психикалық құбылыстардың материалдық
негізін ашпай, сонымен қатар, оларды тәрбиелеудің жолдарын да көрсетеді.
Адамның барлық өмірі, оқыту, тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-ғұрып пен
мінез-құлықтың сан-алуан көріністері И.П.Павловтың ілімі тұрғысынан
түсіндірілгенде біріші және екінші сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысына
негізделген шартты реылекстер болып табылады. Жүйке жүйесі икемге көнгіш,
онда адамның кейбір кемістіктеріне қарсы күресетін компенсаторлық
механизмдер жеткілікті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек тума қасиеттерімен
ғана емес, сол сияқты жеке өмр сүру кездерінде организмге үнемі әсер етіп
отыратын тәрбие мен оқуға (кең мағынасндағы) байланысты да қалыптасып
отырады – міне, осы тұжырымдар И.П.Павлов ілімінің ең негізгі арқауы. Ол
әр заман ғұламаларының жан қуаттары туралы айтқан пікірлерін тәжірибе
жүзінде зерттеу қажет деген салиқалы тұжырымдарын өзінің әйгілі шартты
рефлекстер атты ілімінде тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп берді. Оның
ілімі адам санасы және жануарлар психикасының арасындағы байланыстар және
айырмашылықтарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызды. И.П.Павловтың
жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімінің баға жетпес маңызы осында.

Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары

Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі құрылым
ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән – адам миының
құрылымы мен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен
қандай байланыста болуын білу қажет.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым бір
жасушалы жануарлардан адамға дейін қылық-әрекеттің физиологиялық
механизмдері үздіксіз жетілуде болады. Мысалы, бір жасушалы организмнің
жалғыз жасушасы тіршілікке қажет барша қызметтерді (түйсік, қозғалыс, ас
қорыту) орындай алады. Бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болады. Ал жоғары
дамыған жануарда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері саралана бастады.
Яғни бір жасушалар сигналдарды қабылдау (рецептор) қызметін атқарса,
екіншілері – бұлшық еттер мен әр түрлі без секрецияларын іске қосты
(эффектор). Қазеттікке орай жеке мүшелер және олардың қызметі
жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара
байланысын орталық жүйке жүйесі қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесінің жалпы түзілімі барша омыртқаларда бірдей. Бұл
жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалары немесе нейрондар. Нейрон
жасушалары тәнінен (дендрит – қозу қабылдау) және өсінділерден (аксон –
қозуды жеткізу) құралады. Аксонның дендриттермен де, не басқа жасуша
денесімен байланысы сипанс деп аталады. Сипанс жүйке жүйесіндегі жаңа
байланыстар механизмін түсіндіруде шешуші маңызға ие.
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан
алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған
сайын, оның қызметі күрделене түседі. Бәрінен төмен жайлаған – арқа миы,
оның қызметі – бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның
үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі
қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан
айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру). Бұлардан жоғарылау
орталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге
қатысатын – орта ми жайласқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы
бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының
үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабықасты
түйіндері деп аталатын мтереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы
кіреді. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты - бас миы
қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда
жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты
аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекеттің күрделі
формаларын басқарады.

Пысықтау үшін сұрақтар
1. Жүйке жүйесінің атқаратын негізгі қызметі қандай?
2. Орталық жүйке жүйесінің құрылысы және оның жеке бөліктерінің
атқаратын қызметі қандай?
3. Адам миының құрылысы қалай орналасқан?
4. Рефлекс дегеніміз не?
5. Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден айырмашылығы неде?
6. Шартты рефлекстер қалай жасалады?
7. Қозу, тежелу процестері дегеніміз не, олардың атқаратын қызметтері
қандай?
8. Тежелудің қандай түрлері бар?

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы 2002, 79-85 б.
2. Жантану негіздері. Авторы: Қ.Жарықбаев. Алматы, 100-102 б.
3. Психология. Авторы: Ш.Аймауытұлы. Алматы Рауан 1995, 70-73 б.
4. Психология танымы. Авторы: С.Бабаев. Түркістан 2000.

МІНЕЗ
1. Мінез туралы ұғым.
2. Мінез бітістері.
3. Мінез жөнінде білімдер.
4. Мінез түрлері мен типтері.
5. Мінездік бітіс асқынуы.
6. Мінез және адамның жас сатылары.
7. Мінездің физиологиялық негіздері.
8. Мінездің құрылымы мен қасеттері.
9. Адамның өз мінез құлқын жөндеуі.

МІНЕЗ

Мінез туралы ұғым
Қоғамдық мүшесі ретінде адамды елеулі тұрақты психикалық
қасиеттерінің жиынтығы болмысқа деген оның қарым-қатынасынан көрінеді
де, оның іс-әрекеті мен қылығына өз таңбасын түсіреді, бұл мінез деп
аталады.
Мінез дегенімізкейде ерік күшін, немесе басқа адамдармен
сөйлескенде тәкәппарлықты білдіреді (мінезді адам екен). Керісінше,
еркі әлсізді мінезсіз адам деп сипаттаймыз.Ғылыми көзқарас
тұрғысынынан бұл дұрыс емес, өйткені мінезсіз адамда да мінез бар.
Мінез адамға әрдайым тән бола келе, жеке бастың қасиеттерін
анықтайды. Сондықтан да қайдай да болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика
Адам миы қызметі
Психиканың жалпы сипаттамасы
Психика және сана
Психика мен сана дамуы
Адам психикасы
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері
Психология пәні туралы ілім
Көру нейрондары мыңдап, миллиондап
Психиканың ежелгі сипаттамасы
Пәндер