Педагогикалық біліктілік
Тақырыбы: Педагогикалық біліктілік және оның тәрбиедегі мәні
Тақырыбы: Педагогтың кәсіптік білімдерінің ерекшеліктері
Тақырыбы: Біліктілік . педагогикалық іс. әрекеттің жоғарғы деңгейі
Тақырыбы: Педагогтарды дайындаудағы К.С.Станиславскийдың театрлық жүйелерінің принциптері
Тақырыбы: Педагогикалық біліктілікті іске асыру мен қалыптастыру жолдары
Тақырыбы:Педагогикалық техника . педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы
Тақырыбы:Педагог әрекетіндегі техника мәні
Тақырыбы: Өзін.өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.Өзін.өзі реттеу техникасының негіздері.
Тақырыбы: Өзін. өзі билеудегі педагогтың шеберлігі
Тақырыбы: Мұғалімнің сөйлеу шеберлігі
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениетінің түсінігі және оның элементтері

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ , себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек»- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.

1. Г.Пазылова «Кәсіби біліктілікке – кең өріс» // Қазақстан мектебі, №7-8, 2006 ж., 11-13 бет //.
2. Ш.Кубенова «Кәсіптік біліктілікті арттыру – басты мақсат» // Қазақстан мектебі, №7-8, 2007 ж., 13-14 бет //.
А.Байбакова «Педагогтың біліктілігі» // Қазақстан мектебі, №5, 2008 ж., 8 бет //.
1. Д.Қ. Пошаев. Педагогика, педагог, және заман талабы. Шымкент,2007.
2. Қоянбаев Р.М. Ыбырайымжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік. Түркістан, 2006.
3. Қазақстан мектебі № 5, 2006.
4. Психологияның мектепте және жоғары оқу орындарында оқыту.№ 3, 2006.
1.Мектептегі психология. 2003ж. №2.
2.«Қазақстан мектебі» 2007ж. №4.
3.«Бастауыш мектеп» 2003ж. №2.

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Педагогикалық біліктілік және тәрбиедегі оның мәні. Біліктілік
–педагогикалық іс-әрекеттің жоғарғы деңгейі және оның түрлері
Педагогикалық шеберлік туралы.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі
жүйелі түсінік педагогикалық шеберлік болып табылады. Орыс тілінің
сөздігінде шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал
шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов,
1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары
өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби
қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол
жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре
аламыз ба? Жоқ , себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді,
жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен
тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы
сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы,
қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі
мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық
комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған
сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің
мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін
атап айтқан: егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға
болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор
баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе
күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді
анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан Мұғалім туралы деген
мақаласында үлгілі мұғалімнің мерилі ретінде төмендегі критерийлерді
анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми
негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие
жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола
білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988)
пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл тәрбие
процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы. Бұл жөнінде ол:
Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз
тәжірибемде көз жеткіздім дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік
туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, дауысты келтіру -
өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-
өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек
мында кел деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме
шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей
дәрежеге жеткенде ғана дейді.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен
ол педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта білетін
рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол идеалдар мен қағидалардың
көзқарастары мен талғамының симпатия мен антипатияның моральдық әдептілік
қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы міне.
Осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз
болады дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі
ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз
елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми,
әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп,
үйлесуі - деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек
шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты -
өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров (1971) тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп,
оның мәнін төмендегіше ашады педагогикалық шеберліктің негізі бала
тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады дейді. Одан әрі шеберлікті
құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке
берген анықтамасын дамыта түседі сезім мен техниканың өзара әрекеті
педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал
жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдыреті - осындай тұтасқан үйлесімде Ю.П.Азаров
(1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: мен
шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні
технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте дейді. Шеберлік істейтін
ісіміздің материалдық жағында болуы керек.Бұл технологияны кешіктірмей іске
асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мәні
және балаларды қалыптастырады деген екен.
Н.В.Кузьмина (1972,1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп,
зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті,
дағды мен білікті меңгеруі деп анықтайды.
Н.В.Кузьминаның пікірінше (1980) педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе
мен оқу міндеттерін оңтайлы шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы
еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік
дәрежеге ие болады, (талдау синтездеу,жалпылау, ауыстыру, нақтылау
саласында).
Ю.К.Бабанский (1989) мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгеруімен,
шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер деп көрсетеді.
Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және
педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге
тоқталады.
Н.В.Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық шеберлігін
қарастырудың дұрыстығын айта келіп, оның шеберлігі психологиялық-педагогтік
дайындығының жоғары деңгейіне негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша (1990) мұғалімнің кәсіби шеберлігін төмендегі
компоненттер құрайды: а) тұлғаның қажеттілік мотивациялық саласы, б)
операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу, жалпы арнайы білім
мәнділігімен сипатталады) в) тұлғаның өзін-өзі тануы.
В.А.Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы
Ю.П.Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық
технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен ол тек операциялық
компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында
педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып
жатуы керек деген пікір айтады.
И.П.Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани-әдеп
және интелектуалдық дайындылығы, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын
шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық
білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп
атап көрсетеді.
В.А.Мижериков и М.И.Ермоленко (1999) педагогикалық шеберлік педагогтік
қызметін дамуының биік сатысын жасай отырып, педагогтың педагогикалық
технологияны игеруін, кәсіби және азаматтық бағытын тәжірибесін бүтіндей
тұлғасын көрсете алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары
нәтижеге қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге
асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В.П.Куравлеваның (2000) анықтамасында педагогтік шеберлік ...
теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын жоғары ақпараттық
дәрежеде байланыстыратын педагогикалық іс-тәжірибелер мен операциялардың
тұрақты жүйесі делінген. Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық
білім мен жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп біртұтас болуы
шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты көрсеткіштері
оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін
жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді.
А.А.Сидоров, М.В.Прохорова и Б.Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік
педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан
алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың
жеке басының қасиеттерімен қоса оның песихологиялық-педагогикалық ойлауы,
кәсіби білігі,дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері
деп анықтайды.
Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкиннің (2000) дәлелдеулерінше педагогикалық
шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен оқыту өнерін үздіксіз
жетілдірумен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары дейгейі деседі.
Алғашқы анықтаманы нақтылай келе, олар педагогикалық жеке тұлғасына жеке
басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз
бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни
шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу-тәрбие
жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек.Олардың ішіндегі ең
маңыздылары азаматтық және патриотизм,гуманизм және зиялылық жоғары рухтағы
мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік және
адамдармен тіл табысу атап айтылған.
Тақырыбы: Педагогикалық біліктілік және оның тәрбиедегі мәні
Жоспар:
1. Мұғалімнің біліктілігі жайлы жалпы түсінік.
2. Мұғалімнің кәсіби білімі.
3. Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің біліктілігінің мәні.
4. Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік маңызы.
1. Мұғалімнің біліктілігі жайлы жалпы түсінік
Қазіргі әлемде шығармашылық әлеуметті тану әрі дамудың жоғары
деңгейіне көтерілу үшін тұлғаға өмір бойы оқу қажеттілігін сезіне отырып,
өзін-өзі дамыту үлкен мәселе болып табылады. Нәтижесінде жаңа құндылықтар
пайда болды: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі таныту.
Олар тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасының негізіне айналды.
Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін
жаңашаландыру міндетін қояды, ал оның мақсаты – кадрлардың кәсіптік жеке
дамуына арналған жағдай туғызу, бұл - өзіне-өзі дамыту, бойындағы
кәсіптік қасиеттерін жетілдіру үшін қайта білім алу, барлық білім беру
үрдісі субъектілерінің ұстанымдары мен іс-әрекеттерінің құндылық-мәндік
келісімдер механизмін меңгеру деген сөз.
Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру және қайта
даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады.
Педагогика саласында біліктілік термині әр түрлі аспектіде, соның
ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады.
Н.Кузьмина кәсіби біліктілік – іс-әрекеттің сапалылығының
сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби
біліктілік – бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай
мазмұн мен жаңа әдіс-құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін
меңгеру дәрежесімен сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты
мамандық өкіліне, сапалы мінездеме мен баға беру деп атап көрсетті.
Кәсіби біліктілік – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу
үстінде болатынын өзін-өзі дамыту үрдісі. Осыдан келіп кәсіби
біліктілікті іс-әрекеттегі субъекттің жеке интегративті қасиеттерінің
мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.
Оқытушының кәсіби біліктілігіне сипаттама жасағанда, педагог
тұлғасына тән педагогикалық міндеттерді тиімді түрде шешуге себепкер
болатын немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін қасиеттерді ерекше атап
көрсеткен жөн. Тұлғаның кәсіби шеберлігінің негізі іс жүзінде
педагогиканың барысында қаланып, нақты бір педагогтың іс-тәжірибе
барысында байқалады.
Біздің ойымызша, мұғалімнің кәсіби біліктілігі оның оқушыларға
білім беру мен тәрбиелеу ісінде биік нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік
беретін, әрі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жарыққа шығарып,
педагогикалық қарым-қатынасы мен педагогикалық іс-тәжірибесін жоғары
деңгейде жүзеге асыратын еңбегі болып табылады. Онымен қатар мұғалімнің
біліктілігі, бір жағынан, оның кәсіби білімі мен біліктілігін, екінші
жағынан, кәсіби ұстанымдары мен психологиялық қасиеттерінің, яғни оның
шынайы еңбегіндегі арақатынасымен өлшенеді.
ХХІ ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар қойып
отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жаңа мыңжылдықта білім беру нарығы
жағдайында жеке тұлғаның кәсіби қызметі мен детерминацияланған
талаптарымен өлшенетін оның өн бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың
танудың қажеттілігін айқындап берді. Бұл жерде нақты айтып өтетін болсақ,
қазіргі таңда қоғам өзгеріске түсіп, адам саласы да өзгерді, қоғамдағы
өзекті деген мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылады. Бұл шешімдердің
қатарына жаңа технологиялар арқылы білім беру идеяларын жүзеге асыруға,
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы
мен тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.
2. Мұғалімнің кәсіби білімі
Кәсіби білім беруде қашанда мұғалімдерді қалай дайындау керек деген
сұрақ тұрды және ол маңызды мәселенің бірі болып саналады.
Қоғамда болып жатқан әр түрлі өзгерістерге байланысты мұғалімдерді
даярлауға қойылатын талаптарды жаңарту көкейтесті мәселелердің бірі.
Мұғалімнің кәсіби қалыптасуын бейнелейтін – білім стандарты.
Соңғы жылдары мұғалімдердің біліктілігі едәуір арттырылды, қазір
олардың көпшілігінде жоғары педагогикалық білім бар.
Ең бастысы, білім беру қызметкерлерінің кәсіби деңгейіндегі
біліктілікті арттыру жүйесінің сапалы өзгерістеріне қол жеткізу үшін
әдістемелік-ұйымдастырушылық іс-әрекеттен зерттеу-әдістемелік іс-
әрекетіне көшу қажеттігі туындап отыр.
Қоғам жоғары білімді, рухани адамгершілігі мол, өзгермелі өмір
жағдайында өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті,
бейімділігімен, жылдамдығымен, ой-өрісінің нақтылығымен ерекшеленген, көп
мәдениеттілікке едәуір жауапкершілік сезімі жоғары адамдарды қамтамасыз
ете бастады.
3. Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің біліктілігінің мәні
Тұлғаны жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруда
мұғалімнің біліктілігі, яғни оның оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс жүргізуде
болып отыр.
Біліктілік - меңгерілген білім, дағды және тәжірибе негізінде
практикалық және теориялық іс-әрекеттерді нақты және саналы түрде
орындауға дайындық арқылы анықталады.
Тұлғаның, шынын айтқанда, адамзаттық позициясын, жетістіктері мен
кемшіліктерін байқау, бағалау өте қиын. Тұлға көбінесе ұжымда, еңбекте іс-
әрекет барысында өмірдің қиын-қыстау сәттерінде ашылады. Десекте, адамның
шын бет-бейнесін көру барлық уақытта мүмкін де емес. Тұлғаны зерделей
отырып, біріншіден оның психологиялық ерекшеліктерін: бағыттылығы,
мінезіндегі басты ерекшелігі – табандылығын, қабілетін, идеялық және
практикалық ұстанымын анықтап алу керек.
Тұлғаны тану-білу біліктілігі, оны өз орнына қоюдағы іс-әрекеті -
педагог, ұстаз, ұйымдастырушы маманның басты таланты.
Білік - әйтеуір бір ережеге және нақты міндеттерді шешу барысында
лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.
Білікті әрекет іс-әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана
таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Біліктілік
тәсілдерін таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті шарттарды
білуді қажет етеді. Біліктің қалыптасуының және дамуының ең тиімділігін
қамтамасыз ететін жалпы шарттар:
- тұжырымдалған ережені түсіну;
- орындайтын, қажет әрекет бейнесін қалыптастыру;
- жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті орындаудың нәтижелілігі жөнінде
хабар алып отыру болады. Бұлар педагог, студенттердің т.б., оқу-тәрбие
процесіндегі біліктілігі негіздерін құрайды.
Күрделі біліктіліктер қатарына педагогтың тек атқаратын негізгі
функциясына қатысты іс-әрекеттерден де басқа әр түрлі іс-шараларды
ұйымдастырушылығы да жатады.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарлы, күн тәртібіне негізделеді.
Сондықтан да мұндай іс-шаралардың күн-тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы,
босқа уақыт өткізуден, жаңалықтан, формалдықтан сақтандырады. Мұндай іс-
шараларда сөз өнерінің, тілдің маңызы зор.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашпас үшін, сөз сөйлей
білушілікті алдымен саналыққа бастайтынын, тіршілікке өмірлік мән
әкелетінін, өзара қарым-қатынасымыздың жанды көпірі, - деп түсінген жөн.
Дәмді сөйлеп дәйекті бол! – дейтін қағиданың да астарында қарапайым
өмірлік сыр-сабақ жатыр. Сөздің қадір-қасиетінің мәнін жоймау себебін
адам жаратылысының ұдайы саналылыққа ұмтылуымен ғана түсіндіруге болады.
Ал сөзбен іс сана мен ақылдан нәр алады.
Мұндай тіл тазалығына мән берген дұрыс, өйткені, тіл – халықтың
сонау ғасырлық сана мен зердесінен сүзіліп өтіп, шыңдалудан танбаған,
тарихтың мұратты болуы мүмкін, бірақ та табандылық көрсете алмаса оның
аталмыш қасиетінің практикалық құны бола алмайды. Сонымен қатар
табандылық, атаққұмарлық менмендікпен ұштасып, қалыптасқан бір қатар
қайраткерлерде белгілі, оның ішінде, саяси аренада көрініп жүргендері де
аз емес және олардың көбі зияннан басқа келтірері шамалы. Сондықтан,
жігерлік пен табандылықты зерделеуде, тұлғаның моралдық бағыттылығы
қасиеттерін есепке алу керек. Оның ішінде ең құндысы тұлғаның
табандылығының қоғамдық бағыттылығымен ұштасуы құнды.
Халықтардың рухани мәдениеті артқан сайын тәрбиеленушілердің мінез-
құлқына талдау жасауды олардың интеллектуалдық және эмоционалдық
(сезімталдық) ерекшеліктерін зерделеу және есепке алып отыру қажет.
Психологтар адамның интеллектуалдық ерекшеліктеріне - ой, сана
сапасы көрсеткіштерін: талғампаздығы, икемділік, өзін-өзі мінеушілігі
т.б. жатқызады. Сезімталдық ерекшеліктері жанжақты болуы мүмкін. Ең
жоғары сезім - өмірлік белсенділік ұстанымы арқылы Отанға сүйіспеншілігі,
оның алдындағы парызы. Көптеген басшыларға, педагогтарға адамдармен
тәрбие жұмысы барысында, сол сияқты өзінің әрекетіне баға беруде,
жаңалықты сезіну, әзіл-оспақты мысқылды түсіне білу жетісе бермейді.
Абайдың: адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша
бітіргендігенен емес..., адам баласын замана өсіреді, кімде-кім жаман
болса, замандастарының бәрі виноват, А.Байтұрсыновтың : ...адамның
мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді -
деген сөздерін тіршілік қағидасына айналдырған жөн.
Әрине, әр адамның өз өмірін құруда тәрбиенің рөлі ерекше, тәрбиесіз
адам қанша білімді болғанымен, оған тәрбие керек, тәрбиені дұрыс жеткізу
үшін педагогтың біліктілігі керек.

Бүгінгі қоғам адамдық ресурстарды, яғни экологиялық, демографиялық және
әлеуметтік сияқты жаһандық дағдарыстарды негізгі фактор ретінде
қарастырады. Психологтар да, педагогтарда адамның рухани интеллектуальдық,
кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп
көрсетеді. Мысалы: әрбір маман иесі өз мамандығына сәйкес шығармашылық
жолдарда өзін-өзі анықтаудан кәсіби әрекет негіздерін меңгеріп, кәсіби
шеберліктің баспалдақтарымен өту арқылы кәсіби шығармашылықты жетілдірудің
шыңына көтеріледі. Мұнда адамдағы шығармашылық кәсіби шыңына жетеді. Бұл
ретте адам шығармашылығының даму заңдылықтарын зерттейтін жаңа интерактивті-
кешенді ғылым акмеологияның алар орны ерекше. Адамтану саласының педагогика
ғылымы мен практикасы үшін аса маңызды басылымдылықтары мен стратегиялық
бағыттары да осы акмеология болып табылады.
Халықаралық акмеология академиясының президенті Н.В. Кузмина
акмеологияны адам дамуының заңдылықтары, шығармашылық әлеуетті
жасампаздықпен жүзеге асыруда жетістіктерге жету туралы ғылым - ретінде
тануды ұсынады. Ал, белгілі ғалым В.Н. Андреев педагогикалық акмеология
деп аталатын ғылымда адамның өмірінде жеткен табыстары мен оған бастап
апаратын ішкі мүмкіндіктер мәселесі қарастырылатындығы атап өтіледі.
Сонымен қатар, мұғалімнің шығармашылық шыңға көтерілуі шеберлік пен
кәсібилік сияқты сатылардан тұратындығына тоқталады.
Кәсіби шеберліктің шыңына шығу туралы ғылым Акмеология грек тілінен
аударғанда шың, биіктік деген мағынаны береді. Демек акмеология - шың
туралы ғылым, кемел адамның дамуы мен өмірлік әрекеті барысындағы биіктерге
шығуы туралы ілім. Акмеологияда адам өзін-өзі дамыту мен шығармашылыққа
қабілетті өзінің өмірі мен кәсіби әрекетін ұйымдастыра алатын өз әрекетінің
субъектісі ретінде қарастырылады.
Мұғалім өзінің педагогикалық әрекетінде акме жағдайға:
Шеберлік кәсібилік құзырлылық
сияқты сатылардан өтуі қажет.Мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы,
адамның жан дүниесі, рухани әлеміне байлай алу өнері деп түсінген ұлы
педагогтар А.Дистервег, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.С.
Сухомлинский т.б. педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан.
Мысалы: А.С. Макаренко мұғалім өзінің кәсіби-шығармашылығын жүзеге
асыру жолында алдымен шеберлікке жетуі тиіс деп, шеберлік ұғымын
педагогикаға қатыстыра ең алғаш қолданған және бұл сапа жайлы
Тәрбиешінің шеберлігі - айрықша талантты қажет ететін ерекше өнер, ол
дәрігер немесе музыкантты шеберлікке үйреткендей үйрететін мамандық
деген.
Педагогикалық шеберлік сан-салалы кәсіби әрекетті жүзеге асыруды
нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген сүйіспеншілік, олардың ішкі
дүниесін түсіну, жобалай алу сияқты қасиеттердің болуын талап етеді. Осы
тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби әрекетті жоғары
деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің
жүйесі.
Осы мәселеге қатысты ғалымдар Ю.Б. Иванов пен Т.В. Сорокина
педагогикалық шеберліктің құрамаларына гуманистік бағыттылық, кәсіби
білімдер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника, педагогикалық
психологияны білуді жатқызады.
Педагогикалық әрекеттің коэффициентін арттыру көп жағдайда оған өзінің
ішкі күштерін жұмылдыра алуға, өзінің психикасына әсер ете алуына
байланысты.
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын келесі баспалдақ – кәсібилік.
Қоғамның жаңаруы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы
кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К. Маркова
мүғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық
критерийлерін анықтаған.
I. Объективті критерийлер.
Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар
үлесі қандай екендігі. Жоғары еңбек көрсеткіші, әртүрлі мәселелерді
шығармашылықпен шеше алу біліктері т.б. жататындығын атап өтеді.
II. Субъективті критерийлер.
Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен
қызығушылықтарына сәйкес, қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен
байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субъективті критерийлерге кәсіби-
педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын, оның құндылығын түсіну,
маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.
III. Нәтижелі критерийлер.
Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр
ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады. Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың
білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым-
қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын
басты назарда ұстайды.
Осы тұста өз көзқарасымызды білдіре кетсек, оқыту нәтижесі біз үшін
баланың психологиялық функцияларының жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті
арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы. Мүны
қазір құзыреттіліктер деп атап жүрміз. Тек сонда ғана мектеп бітіруші мына
өзгермелі қоғамда өзін-өзі дамытуға, өз бетінше өмір сүруге дайын болады.
IV. Шығармашылық критерийлер.
Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін,
еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.
Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз
жаңалықтарын білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алудың
шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Тек сонда ғана ол өз
оқушыларының дамуына қол жеткізіп, өзінің кәсіп иесі ретінде
ішкі сұраныстарына жауап бере алады.
Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме
кеш пе меңгеруі тиіс. Ал, А.К. Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп
бөледі:
Мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі
і т
Мамандықта өзін-өзі актуалдандыру кезеңі
і Т
ерекше меңгерген кезең
Мамандықты
1
Мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең.
Ғалым кәсіби кұзіреттіліктің сипаттамасын шебер-мұғалімнің, жаңашыл-
мұғалімнің, зерттеуші-мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген
мұғалімдердің жиынтық образы ретінде қарастырады.
Кәсіби құзіреттіліктің деңгейлерінің сипаттамалары
Ғылым мен практикаға белгілі тәсілдердің үлгілерін
жоғары деңгейде меңгерген. Қалыптасқан тыс
Шебер-мұғалім педагогикалық міндеттерді шеше алады.
Оқушылардың дамуын ескеруге талпынады.
Тұрақты жоғары тиімділікті көрсетеді. Басқа
мұғалімдерге өз тәжірибесін таныта алады.
Жаңашыл мұғалім Тұтас ұжымды педагогикалық жүйелер немесе жеке
тапқыр тәсілдер таба, қолдана біледі.
ІПығармашылық көрсете алады. Еңбектің негізгі
нәтижесІ ретінде оқушылардың психологиялық
дамуына бағыт ұстайды. Жаңалықты іздеуде
тиімділік көрсетеді. Жеке тұлға.
Зерттеуші -мұғалім Өзінің тапқыр мәнділігін зерттеп, оған баға беруге
ұмтылады, басқа мұғалімдердің жаңа идеяларының
тиімділігіне баға береді
Кәсібилік Психикалық жағынан өзін-өзі дамытуға ұмтылады.
деңгейіндегі Жаңаны іздеуде оқушыдан әрі қарай жүріп, оқушы
мұғалім үшін оны жүзеге асырады. Зерттеушіге тән қасиеттер
иесі, жаңаның жаңашылдығын анықтай алады.
Мұғалімнің акме жағдайына жетудегі тағы бір басқыш - оның кәсіби
қызығушылық деңгейі. Қызығушылық ұғымының қазақ тіліндегі түсіндірмесі
жасай алу деген мағынаны білдіреді.
Кәсіби құзіреттілік:
психология әлеуметтану педагогика
ғылымдарының түйісу нүктесінде пайда болады.
Белгілі ғалым М.М. Чошанов құзырлылықты білім, білік дағдысының өзара
байланысы деп қарап, оның төмендегідей формуласын ұсынады:
білімді қолданудың жылдамдығы + әдістердің орамдылығы + ойлаудың
сынаулығы.
Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша бұл ұғым педагогтың басқа бір адамды
дамытуында негіз болатын білімділігі мен абыройлылығы.
Қазіргі уақытта екі типтегі мұғалімдерді бөліп қарауға болады.
Біріншілері: жаңалыққа жаны құмар, тиімді тәсілдерді таңдай алатын,
еңбекке деген жоғары мотивтері бар мұғалімдер. Олар акме жағдайға жақын
тұрғандар.
Екіншілері: оқыту мен тәрбиелеуге бір ғана өзінше дұрыс көзқарасы
қалыптасқан, оқушылармен олардың ата-аналарына әсер ете алмайтын,
психологиялық білімі төмен, өзін-өзі дамытуға қызығушылығы төмендер.
Білім беру жүйесіндегі қазіргі субъект-субъектілік жағдай басқа адамға
кәсіби құзырлылық деңгейі жоғары адам ғана әсер ете алатындығын көрсетіп
отыр. Ал мұғалімнің сапасы, тұлғаның сапасын дайындайтын кәсіби құзіретті
әрекеттің сапасы. Мұндай сапа білімнің сапасын қамтамасыз етеді деп айтуға
болады.
Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп, мамандығы бойынша
өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына
жағдай жасай алатын, тұлғалық-гумандық бағыттылығы жоғары, педагогикалық
ақиқат пен ондағы өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті
оқытудың жаңа технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде
ақпараттарды таба, таңдай, сараптай алатын, отандық және шетелдік
тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін маман болуы тиіс деген
тұжырым жасалды.
Ондай мұғалім өз мамандығына жаңалық енгізеді, сол арқылы өзін жаңа
сападағы адамға айналдырады, инновациялық үрдістің алдыңғы қатарында бола
отырып, эксперимент жағдайда зерттеу жүргізеді, авторлық бағдарламалар,
технологиялар ойлап табады, оқулық жазуға қатысады.
Дегенмен, ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби деңгейі жоғары,
рухы биік, даралық сапалары жетілген мұғалімнің кәсіби құзырлана алуына
толығымен мүмкіндігі бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.Пазылова Кәсіби біліктілікке – кең өріс Қазақстан
мектебі, №7-8, 2006 ж., 11-13 бет .
2. Ш.Кубенова Кәсіптік біліктілікті арттыру – басты мақсат
Қазақстан мектебі, №7-8, 2007 ж., 13-14 бет .
А.Байбакова Педагогтың біліктілігі Қазақстан мектебі,
№5, 2008 ж., 8 бет .
Дәріс-2. Педагогикалық іс-әрекеттегі актерлік және режиссерлік
шеберліктің элементтері
Тақырыбы: Педагогтың кәсіптік білімдерінің ерекшеліктері.
1. Кәсіптік бағытта білім беру және оған қойылатын талаптар
2. Болашақ педагог- психолог мамандарына кәсіби бағыт берудегі ерекшеліктер
3. Болашақ маман иесінің кәсіптік эстетикасы жайлы.
1.Кәсіптік бағытта білім беру және оған қойылатын талаптар
Жалпы білім пәндерін оқытудағы кәсіби бағыт-орта кәсіптік оқу
орындарындағы жалпы, политехникалық және кәсіптік білім арасындағы өзара
байланысты проблеманың бірі. “Кәсіптік бағытта оқудың мәні ғылым
негіздерін мектеп көлемінде және тереңдете оқытуда, бірақ мұнда басты назар
белгілі бір мамандықты алуға қажетті білім беруде”- деп жазған академик
С.Я.Батышев.
Кәсіптік бағытта оқыту проблемаларын шешу үрдісінде оны іске
асырудағы оқытудың дидактикалық шарттарын қарастырып, анықтап алу аса
маңызды. Дидактикалық шарттар деп нақты білім пәнін оқыту үрдісіне
жасалған дидактиканың тәртіптері мен принциптері негізіндегі теориялық
жағдайлар деп түсінген жөн.
Білім берудегі кәсіптік бағытқа төмендегі талаптар қойылады, атап
айтқанда:
1. Ғылым негізгі жүйесі мен іс - әрекет танымдық тәсілдер жүйесі арнайы
пәндер мен жеке немесе бірнеше кәсіптік өндірістік оқытуда болатын
экономикалық білім және іскерлік жүйесімен тығыз байланыста болуға тиіс.
2.Оқытушыларда: алатын мамандық және өндіріс жөнінде ғылым мен негізделген
принциптер, өндіріс саласындағы еңбек нәтижелерімен құрал жабдықтар,
пәндердің генетикалық өзара қарым-қатынасы мен шарттары жөнінде ғылыми
негізге сүйенген түсінік қалыптасуға тиіс.
3.Жалпы білім және кәсіби дайындық арасындағы өзара байланыс теория мен
практика байланысын оқушылардың экономикалық ой-өрісін дамуын, әрбір жеке
тұлғаның кәсіптік бағытын күшейтіп, аталмыш кәсіп мамандарының жақсы
дәстүрлерін көзқарастарына сәйкес бейімделуді қалыптастыруға тиісті.
Оқу үрдісіндегі кәсіби бағдар жұмыстары жөніндегі зерттеумен
шұғылданатын С.Я.Батышев, Г.С.Гутаров, А.Я.Кудрявцев, М.М.Махмутов,
А.Г.Гутаров және т.б. ғалымдар бірінші орынға білім берудің маңызы мен оны
іс жүзінде қолдануды көрсету үшін талаптарға қоса қажетті шарттар мен
тәртіптерді де құрастырады. Олардың арасында білім беру мазмұнын талапқа
сай қайта құруға негізделген ереже де көнекі орын алады. Сонымен жоғарыда
көрсетілген талаптар мына шарттар барысында жүзеге асырылады.
1. Теория мен тәжірибе оқыту мен өмірге байланысты кәсіптік-техникалық
негізде кәсіптік-политехникалық бағыттағы сабақтары мен жалпы білім
пәндерінің политехникалық мазмұнын күшейту.
2. Оқытылатын мамандықты ескере отырып оқытылатын пәндерінің ішкі
байланысын анықтау.
3. Жалпы және кәсіптік білімді оқытудың мазмұны, түрлері және
құралдарындағы пәнаралық байланыс болатынынын анықтау.
4. Оқушыларды базалық кәсіпорындардағы өндірістік ұжымдардың қоғамдық
әрекеттеріне қатынастыру.
5. Оқушылардың жеке тұлғасындағы кәсіптік бағытты , олардың оқу өндірістік
әрекеттері барысында дамытуды, ынталандыруды жүйелі түрде қолдану.
6. Оқушылардың өзара оқып жатқан мамандықты жастар арасында насихаттауға
қатысуы.
7. Оқытылып жатқан мамандық өкілдері жұмысшылар ұжымының тамаша дәстүрлер
мен жаңалық ашушылардың озық тәжірибесін оқып-үйрену.
Кәсіби бағытты жүзеге асыру кәсіптік және жалпы білім
жинақтарының пәнаралық байланыстарын топтастырады, “Кәсіптік дайындықтың
ғылыми-теориялық және іс-жүзіндегі денгейінің көтерілуіне әсер етеді”. Бір
жағынан, ол оқытылатын ғылымның іс жүзінде қалай көрініс табылатынын,
техника және технологияның дамуына, білікті жұмысшының өндірістік
әрекетінің тиімділігін арттыруға әсерін көрсетеді. Сонымен бірге кәсіптік
дайындық оқушылардың жалпы білім пәндері бойынша білімін тереңдетіп, оны
бекітеді.
Жұмысшыларды дайындау жүйесіндегі топта аралық пәндерді оқытудың
әдістемелері мен бағдарламаларын нақты келісудің қажеттілігі шегіне жетті.
Мұндағы ойымыз, кәсіптік оқу орындары жүйесінде орта білім беруде жүзеге
асырылғанымен орта білім мектептеріне арналған оқулықтар кәсіптік оқу
орындары жүйесіне толықтай қанағаттандыра алмайды. Оқушыны ойлай білуге
үйрету, оның өзіндік көзқарасын қалыптастырып политехникалық білім беруді
шешу үшін пәндерді оқыту үрдісінде олардың бір-бірінен бөлек оқытудан бас
тартуымыз қажет.
Пәнаралық байланыста орта кәсіптік оқу орындары студенттердің
ғылыми-техникалық білім жүйесінің тұтастығын жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы және кәсіптік білімді органикалық біріктірілген бірегей үрдіске
айналдыру жұмыстарында табысқа жетуге айтарлықтай денгейде әсер етпек.
Пәнаралық байланыстар ойлау белсенділігін арттырып, оқушыларды
құбылыс мәніне терең үңілуге, мүмкіндіктерін нақты жағдайда қолдануға
үйретеді. Пәнаралық байланыстарды пайдалану оқушылардың физика, химия,
математика сабақтарында алған теориялық базасы негізінде қайтарымы бар
өндірістік оқытуға түсінікті кеңейте, тереңдете, толықтыра оқытып, кезең-
кезеңмен қалыптастыруға көмектеседі. Дұрыс ұйымдастырылған пәнаралық
байланыстар терең білімімен және оны өндірістік еңбекте іскерлікпен
қолдануды қамтамасыз етеді. Олар материалдарды саналы түрде игеруге жол
ашып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады, техникалық ой-өрісін кеңейтеді,
олардың ғылыми-диалектикалық көзқарасын қалыптастырды.
Болашақ педагог- психологтарға кәсіби бағыт беру педагог-студент,
студенттер ұжымы арасындағы қарым-қатынас, мұғалім, оқушы, педагогикалық
ұжым, ата-ана, қоғамдық талап жүйесі арқылы дами отырып, педагогикалық
тәжірибе барысында қалыптасады. Болашақ педагог-психолог мамандарына
кәсіби бағыт беруде мына мәселелерге баса көңіл аударылуға тиіс:
- болашақ мамандарға мектеп жағдайында мектеп оқушыларын жеке тұлға
ретінде дамытудың әдіс-тәсілдерін меңгерту үшін, жоғары оқу-орындарындағы
педагогикалық, психологиялық пәндер байланысын күшейтіп, оларды кіріктіре
оқытуды қамтамасыз ету;
- әр пәндерді оқытудың әдістемесін болашақ педагог- психологтарға меңгерту
барысында пәнаралық байланысы мен қоса олардың өзіндік ерекшелектерін
(мазмұны, мақсаты, құрылысы, оқыту әдісі т.б.) талдауға көңіл бөледі.
- Тәрбие жұмысының түрлері мен оларды ұйымдастыру әдістерін меңгерту
кезінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеруге көңіл бөлу;
- Білім берудің жаңа технологиясын меңгерту;
- Білім мен тәрбиені сабақтас тұрғыдан жүргізе білетін;
- Коммуникативті мәдениеті қалыптасқан маман дайындау.
Мұның бәрін жүзеге асыру үшін, институт қабырғасында педагогикалық
тәжірибені алдын-ала ұйымдастырылатын жұмыс түрінде негізге мән беру керек.
Ол үшін:
- Жоғары білім стандартының талаптарын жүзеге асыру;
- Педагогикалық практика кезінде студенттің оқушыларды шығармашылыққа,
дамытуға көңіл бөлу мүмкіндіктерін қадағалау;
- Педагогикалық практика барысында білім бағдарламалары байланысын талдау
мәселелері қамтамасыз етілуі тиіс.
Практика кезінде болашақ маман өзін-өзі бағалауға мүмкіндік алып,
сапалық дәрежесін көтеруге тырысады. Педагогика, психология және жеке
пәндер бойынша өткізілетін әдістемелік семинарларға қатысып, баяндамалар
жасалып, білім берудің дидактикасы мен теориясы бойынша алған ұғымдары
тиянақты түседі.
Педагогикалық практика барысында болашақ маман тек оқушылармен ғана
қарым-қатынасқа түсіп қоймай, мектеп ұжымы, сынып жетекшісі, институт
педагогтарымен тікелей және тығыз байланыста жұмыс атқарады. Бұл оның
болашақта комуникативті жақтарының нығая түсуіне жағдай жасайды.
Практика барысында көп пәнді сыныптың сан қырлы жақтарына төселе отырып,
жеке пәнді оқытудың ерекшеліктерін аңғарады. Әр пәннің білім беру формасы
мен оқыту әдістерінің өзіндік айырмашылықтары мен тиімді жақтарын
меңгереді.
Болашақ педагог-психологтарға педагогикалық іс-тәжірибе кезінде кәсіби
бағдар беруде ең алдымен негізгі алынатын жағдай олардың ұйымдастырушылық
шеберліктерін жетілдіруге көңіл аудару. Ұйымдастырушылық шеберлігі дамыған
мұғалім ғана керекті материалды іріктеп, оның білім берудегі маңызын
айқындап, берілетін білімнің мақсатын саралап, керекті құралдарын дайындап,
оқытудың әдіс- тәсілдерін іріктей алады.
Болашақ педагог- психологтарға кәсіби бағдар беру қазіргі таңдағы
қоғамдық құрылыс тарапынан, мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері
негізінде, берілетін білімнің көп пәнділігі мен жаңа буын оқулықтарының
білім беру жүйесіне іс жүзінде енуімен оқшауланады. Мұғалімнің кәсіптік
эстетикасы әрбір оқушының ар-намысын қорғау, оны құрметтеу ерекшеліктерін
тану арқылы көрінеді.
Мұғалім оқушының артықшылық белгісін, кемшілігін, олардың мүмкіндіктері
мен қызығуын білуі керек. Бұл мұғалімнің кәсіптік эстетикасын ғана емес,
педагогикалық қабілетін, әдіскерлік шеберлігін де көрсетеді.
Мұғалімнің оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауында педагогикалық
әдептілік жетекші орын алады. Ол мұғалімнің жоғары шындық, қайрымдылық
ұстамдылық, сабырлылық әр түрлі жағдайда оқушымен дұрыс қарым-қатынас жасай
алатын ептілігін көрсететін адамгершілік тәртібі. Мұнымен мұғалімнің
педагогикалық жағдайды бағалау, оқушы ерекшеліктерін есепке алу,
педагогикалық ықпалдық нәтижесін алдын-ала көре білу өзіне үнемі бақылау
жасау, оқушы ісіне көз тігу, ым, қимыл жасау арқылы әсер ету сияқты
мамандыққа сай ептілік түрлеріне байланысты. Демек педагогикалық әдептілік
– мұғалімнің сезімдік эмоциялық дағдыларын қызбалыққа салынбау, кейіпінде
ашу ыза танытпау, қандай жағдай болса да ұстамды болуы қажет ететін мінез
құлық белгілері.
Мұғалімнің оқушымен сабақта, сабақтан тыс және демалыс кезіндегі қарым
қатынасына байланысты педагогикалық әдептілік түрлі формада байқалады.
Мысалы: сабақтың жаңа оқу материалдарын баяндау кезінде оқушылар оқу
материалдарын түсінбеуімен оны ұғынбауы, тыңдамауы мүмкін. Мұндай жағдайда
әдепті мұғалім оқушыны жазғырмай өзінің білетін дәріптемей оқушыларының оқу
материалдарын түсінетініне сенім, артып, ынтымақтастықты зейінін
белсенділігін көрсетеді.
Мұғалімнің әдептілігін баға қоюында көрінеді. Егер мұғалім бағаны қалай
болса солай қоя салмай оқушының табысына сәтсіздігіне реніш кейіп көрсетсе,
онда мұғалімдермен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынас болып белсенділігі
арта түседі.
Ғылыми деректерде жүзден астам мамандық түрлері бар. Оның ішінде мұғалім
жас ұрпақты тәрбиелеу, оқыту мәселелерін шешетін болғандықтан, ізгілік
сипаты жоғары болуы керек. Педагог қызметіне шәкірттерге өнеге көрсету
қарым-қатынас жасауға үлгілі болу, өзгелерге әсер етіудің тиімді тәсілдерін
табу шеберлікпен шығармашылықты таныту және кішіпейілділік пен адал еңбек
ету дәстүрін білдіру қасиеттері ізгілік сипатын білдіреді.
Мектептің негізгі міндетіоқушылардың қызығуымен қабілетін есепке алып,
білі мен тәрбие беру болып саналады. Оқушының өз бетінше жұмыс жүргізуі
оған үйретуге оқушының қолынан іс-келетіндігіне сенуге жеке басын
құрметтеуге байланысты. Кейбір педагогтар оқушының қуаныш реніш білуді
олармен ынтымақтасуды бірге жүріп олармен ынтымақтасуды бірге жүріп тұруды
қажетті ақыл кеңес беруді керек деп таппайды. Мұндай жағдай мұғалім-оқытушы
қызметіне ізгілік сипат бере алмайды. Қайта оқу тәрбие процесін тұйықтыққа
тірейді. Оқушының әрекетіне талдау жасап, бағыт бағдар беру шеберлік
үлгісін көрсету педагог ісінде ізгілік белгіні танытады.
Дәріс-3. Педагогтарды дайындаудағы
К.С.Станиславскийдің театрлық жүйесінің
Тақырыбы: Біліктілік – педагогикалық іс- әрекеттің жоғарғы
деңгейі.
1. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы.
2. Мұғалімнің кәсіби біліктілігінің көрсеткіші
3. Шығармашылық белсенділік көрсеткіші
1. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы.
Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын
педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі
мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі
ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық
дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті ,
білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде
жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғарғы педагогикалық және
психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті.
Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-
өзі және басқа адамды тануы, өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас
жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлылыққа педагогикалық іс-
әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білімі
мен іскерлік кешені кіреді. Ал адамның өзін-өзі таныта білу
іскерлігі қоғамда аса маңызды.
Негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер
мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден,оның
мәдениеттілігіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес,
қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты
болады дейді ғалымдар пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман - ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам
мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын
мәдениетті тұлға.
Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін
қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу
керек деп есептейді.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен
мәдениеттанымдық дайындығын көтеру үшін жалпы мәдениет деген
не? деген сұраққа жауап іздеуіміз керек.
Оқу әрекетін дұрыс қалыптастыру үшін оның өзіне тән
ерекшеліктері мен құрылымын, оқушыны дамытудағы атқаратын
қызметін білу керек. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің
бес негізгі критерийі бар: руханикалық, кәсіби-біліктілік, кәсіби
әрекетке операциялық - технологиялық дайындығы, шығармашылық
белсенділік және бейімделу қабілеттілігі.
- кәсіби-әрекетке саналы қызығу;
- қарым-қатынас жасай білу, айналасындағылармен араласу;
- адамдарды түсіне білуі;
- адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру (ар-намыс, борыш,
жауапкершілік);
- сөзі мен ісі арасындағы байланыс;
- рухани құндылқтарды бағалау.

Кәсіби-біліктілігінің көрсеткішіне жататындар:
- болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау,
қиындықтарының алдын алу, т.б.);
- әрекетінің жетістігі;
- әрекетінің саналы деңгейі (ғылыми негізде жұмыс жасау);
- стратегиялық, тактикалық міндеттерін белгілеу;
- кәсіби әрекетте түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу
шеберлігі;
- күрделі кәсіби міндеттерді шеше білу;
- әрекеттің мақсаттылық деңгейі;
- түрлі әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей
білу;
- зерттеу жүргізе білу дағдысы;
- студенттің тілін дамыту;
- ұйымдастыру қабілеті;
3. Шығармашылық белсенділік көрсеткіші
Шығармашылық белсенділік көрсеткішіне мыналар жатады:
- кәсіби әрекетте шығармашылық элементтерін қолдану;
- шығармашылық материялының күрделі деңгейі;
- өз шығармашылығын балаларға үйрете білу;
- балалардың шығармашылық қабілетін дамыта білу.
Кәсіби әрекеттер жасау адамның біліктілігін кеңейтеді.
Мұғалімнің өзін және әрекетін типтік құбылыс ретінде
қарастыруға болады. Қызметіндегі рөлін жоғары бағалап, өзін
соның бір бөлігімін деп сезінетін адамдар өте жиі
кездеседі. Олар бар міндетін өз мойнына жүктеп біртұтас, бөліп
қарауға болмайтын үрдіс ретінде қабылдайды.
Белгілі ағылшын психологі Эверет Шостромның ойынша Қазіргі
заманда адам өзінің шексіз әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде өзін
шығармашылық жағынан және тікелей көрсете алады. Бірақ, өткенді
тежеп, болашақты қауіпсіздендіруге әлі мүмкіншілік аз деген
ой айтқан. Демек, әр адам белгілі дәрежеде манипулятор бола
алады. Алайда, ізгіліктік психологияда манипуляторлыққа қарсы да
әлеует бар. Мұны А.Маслоу, кейінірек К.Гольдштейн Өзін-өзі
актуалдандыру деп бекіткен. Мұғалімнің кәсіби манипуляторлықты
қолдануы психологияда қорғану тәсілі делінеді. Ол ой – тілегін,
ұсынысын еркін білдіруге, дамуына, өмірдің әдемілігі мен сан
түрлілігін толығымен сезінуге шек қояды. Психологтардың көпшілігі
өзін бағыттай, бақылай алған адам - өзгере алу еркіндігі дамыған,
сәтсіз кезеңді мерекеге айналдыра алатын адам дейді. Еркіндіктің
және өзін актуалдандырудың алғашқы қадамы - өз әрекеттерін саналы
түрде түсіне білу. Адам өмірге келе сала тәртіптеуші, амал табушы
қасиетке ие болмайды, ол қасиеттерді кәсіби орта, көпшілік
шыңдайды. Ф.Перлздің айтуынша, адамның өзін және қоршаған ортасын
қорғауында қайшылықтарға жиі кездеседі.
Екінші себепті анықтаған Э.Фромм адамға тән қасиет – махаббат
деп есептейді. Адам өзін - өзі сүйе білмесе, ол өзгені сүйеде, түсіне
де алмайды. Өзін сүюі - өзінің әлсіз жақтарын, кемшілігіне дұрыс
көзқараспен қарауы. Біз қиял қуып, қызылға қызығу салдарынан өзімізді
де, өзгеніде түсінбеушілікке тап болуымыз ықтимал.
Үшіншісі, экзистенциялды мәселе – ол жалғыздықтан қорқу.
Дж.Буженталь мұндай жағдайда адам өзін өмірдегі ең әлсіз, ең жалғыз
адамдай сезінеді дегенді айтады.
Төртінші себебі – қиындықтан қорқу. Бұл мәселеге Э.Берн,
Дж.Хейли, В.Глассер шығармаларында көп көңіл бөлінген. Қиындықтан
қашқан кез келген адам еш әрекет қолданбай, шешімге келе алмай,
тәжірибе жасап көруге тырыспай-ақ үнсіз жүре беруге бар.
Бесіншісі - манипуляция Бұл әдіс логикасыз әрекеттер дейді
Альберт Эллис. Оған беделін студенттер алдында түсіргісі
келмейтін оқытушы мысал бола алады.
Ақылдылыққа, сабырлылыққа еңбектенбей қол жеткізу мүмкін емес.
Өзін актуалдандыру үшін адам, ең алдымен, Мен және оның
барлық қасиетін талдап, бағалай алуы қажет.
Жаңашыл педагогтердің әдістері тәжірибелік және теориялық
педагогикада қаншалықты сенімді әрі маңызды болғанымен, әлі де жете
түсінікті емес, елестету қиын. Зерттеулердің нәтижесі арқылы
педагогикалық шеберлікпен ғылыми заңдылықтарды және алдыңғы қатарлы
педагогтардың тәжірибелерін қолдану бірегей екенін көруге болады.
Педагогикалық шеберлік не деген сауалға көптеген авторлар жауапты
жемісті нәтижеге жеткен педагогтардың еңбектерінен іздейді.
Қазіргі заманда оқыту мен тәрбиелеу теориясы мынадай
жалпы ғылыми және жалпы ғылыми және жалпы әдіснамалық
ұстанымдарға негізделеді: ғылымилық, адамгершілік, диалектикалық
теория мен жүйелілік, саналылық, қол жетерлік тәжірибелердің
байланысы. Осы тәжірибелердің тексерілген ұстанымдық талдауына
сүйенсек, оқыту мен тәрбиелеу, қарым-катынас пен жекелену
педагогикалық шеберліктің білім және басқа заңдылықтар мен
сабақтастығындағы ерекше қасиет. Бірақ, бұл заңдылықтар
өздігінен шеберлікке ие болу жолдарын көрсетпейді және
оның негізгі мінездемесі болып табылмайды. Толық жауап алу
үшін психологиялық - педагогикалық теориялар мен тәжірбиелер
жетістіктеріне терең талдау қажет.
Мұғалімнің өзін-өзі актуалдандыруындағы әрекеті өз
талабы мен әлеуметтік мүмкіншілігіне негізделген. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz