Ақша нарығының құрылымы мен қаржылық құралдары



Жоспар:

1. АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ

2. АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

3. АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ
АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
1. Ақша нарығы қаржы нарығын қалыптастырушы негізгі механизм болып табылады, себебі ақша айналысы заңы ақша нарығына тән сипатталады, ал ақша айналысы заңы негізінсіз қаржы нарығының «өмірлікң циклы қалыптаспайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражатты бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады әрі олардың бүгінгі күнгі жағдайын толық аяқталған кезеңіне жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады, осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Эквивалент – тауарға қойылатын талап әзірленді:
• бөлінушілік;
• ықшамдылық;
• біртектілік.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан эквивалент тауарлардан жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп, ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар-ақша болды. Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.
Осы заманғы кезеңде борыштық міндеттемелер туралы тиісті жазуы бар банк ақшалары пайда болады. Оның пайда болуына тауар алмасу процесін жүзеге асыруға қажетті тауарлық қатынастардың тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданылуы себеп болды.
Тауар-ақша қатынасын сызба бойынша көрсетуге болады:
өндіріс құралы
Т – Д – өндіріс – Т' – Д'
жұмыс күші
Осы тауар айналымын бұлайша бөлуге ақшалай қатынастардың дамуы, жинақтау құралы және төлем құралы ретіндегі ақша функцияларының пайда болуы себепкер болды. Ақшалай қатынастардың пайда болуы мен дамуы тікелей баспа-бас операцияларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін бірден төмендетіп тастады. Ақшаға деген қажеттілік нақты тауар ретінде болатын еңбектің екі жақтылық сипатындағы қайшылықты жою үшін туындайды. Ол тек бір ғана жолмен – жалпыға ортақ эквиваленттегі тауарлардан ақшаны жеке бөліп алумен шешіледі.
Ақша бастапқыда әр түрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларында болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал, тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырады.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель. Ол иесіне (беруші жақ) қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ, басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, алайда мұнда жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.
XІV ғасырдың соңында алтын монометаллизм жағдайында банкир векселі ретінде болатын несие ақшасының әр түрлілігі ретінде банкнот пайда болды. Банкнот эмиссиясын бастапқыда кез келген банк жүзеге асыратын, алайда эмитент рөлін мемлекет өз мойнына алды.
XVІ–XVІІ ғасырларда қолма-қолсыз ақша есеп айырысу қолданысқа ене бастады. Сонымен бірге, несие ақшасының жаңа формасы – белгілі бір ақша сомасын чек иесіне төлеу немесе оның атына аудару турасындағы банк шоты иесінің жазбаша бұйрығын білдіретін чек пайда болды.
Бүгінгі таңда тәжірибеде тауарлар алтынмен емес, қағаз-несие ақшасына теңеседі, ал алтынмен арадағы байланысының үзілуіне оларды қымбат металдармен еркін айырбастаудың тоқтауы себеп болды. Ендігі жерде несие-қағаз ақша жалпыға ортақ эквивалент ретінде алға шығып, алтынның рөлін атқарады. Ақша ретінде құн белгілерін пайдалану оған бірқатар тауарлық сипаттарды дарытады: олар сатылады және сатып алынады, тауарларға айырбасталады. Алайда ақшаның тауарға тән ең басты ерекшелігі жоқ – оның өзіндік құны болмайды. Осылайша, ол (ақша) құн өлшемі рөлін атқарады.
Ақшаның Салыстырмалы жаңа формасы девиздер (французша devіses) – халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Бастапқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер (тратт) түрінде болды. Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына орай девиз банк төлем құралының формасына енеді: вексель, чек, аккредитив, телеграфтық аудару, сондай-ақ мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер («свопң). Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Елдердің валюталарында тұлғалануы арқылы халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рөлді де ойнайды. Соңғысы ретінде орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтемдік ресурстардың құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.
Белгілі болғандай, ақша мынадай функцияларды орындайды:
• құн өлшемін;
• айналым құралын;
• төлем құралын;
• жинақтау құралын;
• әлемдік ақша.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ысқақов У.М., Боқаев Д.Т., Рузиева Э.А.
Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 298 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ

2. АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

3. АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕМ ҚҰРАЛДАРЫ

АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

1. Ақша нарығы қаржы нарығын қалыптастырушы негізгі механизм болып
табылады, себебі ақша айналысы заңы ақша нарығына тән сипатталады, ал ақша
айналысы заңы негізінсіз қаржы нарығының өмірлікң циклы қалыптаспайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың
ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар
мен сатып алушыларға ақшалай қаражатты бөлу және қайта бөлу механизмін
қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады..
Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады әрі олардың бүгінгі күнгі
жағдайын толық аяқталған кезеңіне жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда
құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар
жеке бөлініп алынады, осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді.
Эквивалент – тауарға қойылатын талап әзірленді:
• бөлінушілік;
• ықшамдылық;
• біртектілік.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан эквивалент
тауарлардан жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың
жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан
үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп, ең алдымен
оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар-ақша болды.
Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға
көшеді.
Осы заманғы кезеңде борыштық міндеттемелер туралы тиісті жазуы бар банк
ақшалары пайда болады. Оның пайда болуына тауар алмасу процесін жүзеге
асыруға қажетті тауарлық қатынастардың тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданылуы
себеп болды.
Тауар-ақша қатынасын сызба бойынша көрсетуге болады:

өндіріс құралы
Т – Д – өндіріс – Т' – Д'
жұмыс күші

Осы тауар айналымын бұлайша бөлуге ақшалай қатынастардың дамуы, жинақтау
құралы және төлем құралы ретіндегі ақша функцияларының пайда болуы себепкер
болды. Ақшалай қатынастардың пайда болуы мен дамуы тікелей баспа-бас
операцияларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін бірден төмендетіп тастады.
Ақшаға деген қажеттілік нақты тауар ретінде болатын еңбектің екі жақтылық
сипатындағы қайшылықты жою үшін туындайды. Ол тек бір ғана жолмен – жалпыға
ортақ эквиваленттегі тауарлардан ақшаны жеке бөліп алумен шешіледі.
Ақша бастапқыда әр түрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларында
болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал,
тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырады.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель. Ол иесіне (беруші
жақ) қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай
соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде
болды. Вексель, сондай-ақ, басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша
белгілі бір ақша түрінде болады, алайда мұнда жалпыға ортақ эквивалент
рөлін атқармайды.
XІV ғасырдың соңында алтын монометаллизм жағдайында банкир векселі
ретінде болатын несие ақшасының әр түрлілігі ретінде банкнот пайда болды.
Банкнот эмиссиясын бастапқыда кез келген банк жүзеге асыратын, алайда
эмитент рөлін мемлекет өз мойнына алды.
XVІ–XVІІ ғасырларда қолма-қолсыз ақша есеп айырысу қолданысқа ене
бастады. Сонымен бірге, несие ақшасының жаңа формасы – белгілі бір ақша
сомасын чек иесіне төлеу немесе оның атына аудару турасындағы банк шоты
иесінің жазбаша бұйрығын білдіретін чек пайда болды.
Бүгінгі таңда тәжірибеде тауарлар алтынмен емес, қағаз-несие ақшасына
теңеседі, ал алтынмен арадағы байланысының үзілуіне оларды қымбат
металдармен еркін айырбастаудың тоқтауы себеп болды. Ендігі жерде несие-
қағаз ақша жалпыға ортақ эквивалент ретінде алға шығып, алтынның рөлін
атқарады. Ақша ретінде құн белгілерін пайдалану оған бірқатар тауарлық
сипаттарды дарытады: олар сатылады және сатып алынады, тауарларға
айырбасталады. Алайда ақшаның тауарға тән ең басты ерекшелігі жоқ – оның
өзіндік құны болмайды. Осылайша, ол (ақша) құн өлшемі рөлін атқарады.
Ақшаның Салыстырмалы жаңа формасы девиздер (французша devіses) –
халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы
болып табылады. Бастапқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып
беретін коммерциялық аудармалы вексельдер (тратт) түрінде болды. Ол алтын
девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз
етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік
сауданың ұлғаюына орай девиз банк төлем құралының формасына енеді: вексель,
чек, аккредитив, телеграфтық аудару, сондай-ақ мемлекетаралық өзара қысқа
мерзімді несиелер (свопң). Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот
және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Елдердің валюталарында
тұлғалануы арқылы халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рөлді де
ойнайды. Соңғысы ретінде орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік
органдардың өтемдік ресурстардың құрамына кіретін резервтік немесе
салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.
Белгілі болғандай, ақша мынадай функцияларды орындайды:
• құн өлшемін;
• айналым құралын;
• төлем құралын;
• жинақтау құралын;
• әлемдік ақша.
Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан тауар құнын бағалауға
мүмкіндік береді. Ақшаның осы функцияларындағы майда (ұсақ) еместері есеп
айырысу үшін пайдаланылады, яғни бұл арада саны арқылы жоспарланған
тауардың құнын бағалауға болатын ақша турасында айтылып отыр. Құн өлшемі
ретіндегі ақша функциясы макроэкономика шеңберінде кәсіпорындардағы НД, ЖҰӨ
есеп айырысуларында белсенді түрде қолданылады. Ол бизнес-жоспардың негізгі
көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік береді.
Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының
арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын (опосредствует) нақты
ақшаның рөлін орындайды. Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық
қатынастарды қалыптастырады әрі тікелей айырбас құны ретінде алға шығады.
Ақшалай қатынастың дамуы тауарды алу процесінде оған төленетін сәттің
пайда болуына әкеп соқты. Бұл жағдайда жаңа ақшалар – төлем немесе есеп
айырысу міндеттемелері (вексель, несие, ақша және т.б.) пайда болады.
Тауарды алу сәтінде сатып алушы сатушыға тиісті сома қашан және қай жерде
берілгені (табыс етілгені) көрсетілетін ақшалай міндеттемелерді береді
(табыс етеді). Бұл арада ақша төлем құралы функциясын орындайды.
Қорлану (жинақтау) құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыдан
алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да, ол төлем құралы ретіндегі ақша
пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті. Уақытша бос ақша қаражаты
жинақ ақшаға айналады, содан кейін қорлану ретінде түрленеді
(трансформацияланады). Мұның соңғысы (қорланған ақша) өз кезегінде ел
экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып
табылады.
Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді.
Алғашқы кезде, ол алтын түрінде қолданылады. Қазіргі заман жағдайында
әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе
әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған
барлық төрт функцияны атқара береді, яғни ақшаның осы функциясы біріктіруші
ретінде болады.
Бүгінгі таңда ұлттық, ішкі мемлекеттік айналымдардың және мемлекеттік
ақшалай ағындар ауысуларының арасындағы айырмашылық жойылып келеді.
Жоғарыда аталған барлық ақша функциялары елдердің экономикалық
ынтымақтастығында толықтай қолданылып жүр.
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша
анықтауға болады:
• төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған
қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал
ететін нарық;
• коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни
вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
• есеп функциясы және т.б.
Қаржы нарығына қатысушылардың арасындағы ақша айналымы процесінде
мыналар пайда болады:
• шаруашылық жүргізуші субъектілер мен ондағы жұмыспен қамтылған
халықтың;
• кәсіпорын мен салалар ішіндегі бөлімшелердің;
• жабдықтаушылар мен төлеушілердің;
• мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;
• мемлекеттік, аймақтық, жергілікті бюджеттердің және бюджеттен тыс
қорлардың;
• несие жүйесі мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің;
• шаруашылық жүргізуші субъектілердің және биржаның, сақтандыру
ұйымдарының, мүліктік қорлардың және қаржы-несие жүйесінің басқа да
құралдарының немесе буындарының;
• халық пен мемлекеттің, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қаржы
инфрақұрылымы құралдарының арасында ақша қатынастары деп аталатын
жүйені құрайтын қаражатты қайта бөлу себебі бойынша белгілі бір
қатынас.
Бұлардың барлығы капиталдың қалыптасуын, олардың бөлінуін, экономикалық
және әлеуметтік дамудың тиімділігін пайдалануды, әрі бағалауды қоса
қамтитын, қорларға ақша ресурстарының ауысу процесін бейнелейді.

2. Сызбада көрсетілгендей ақша нарығының өзі бірнеше нарықтарға
бөлінеді, жалпы белгілі болғандай әрбір нарық сегменттері өз қызметін
орындай отырып, экономика секторының дамуына жол ашады.
Ақша нарығының қолда бар құралдарына қарай әрі қазақстандық қаржы
нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, оның мынадай сегменттерін бөліп
көрсетуге болады (4-сурет).

4-сурет. Қазақстан ақша қаражаты нарығының негізгі сегменттері.

Қазақстан Республикасы аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен
мынадай операциялар айналымда қолданылады:
• қолма-қол ақша (банкнот) табыстау;
• чек беру;
• вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
• төлем карточкасын пайдалану;
• борыштық қолхаттардың айналымы.
Ең алдымен айналысы түпкі қорытындысында нарықтағы тауарлардың айналымын
жүзеге асыратын қолма-қол ақша қаражатының нарығы туралы айта кету керек.
Ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда
қолма-қол ақша айналысы шектелсе де, Қазақстан халқы тауарлар мен қызметтің
төлемақыларын төлеу үшін (негізгі тағам өнімдерін сатып алғанда, слесардың,
сантехниктің және т.б. қызметақыларын төлегенде), сондай-ақ айырбастау
пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде және т.б. қолма-қол
қаражатты пайдаланады.
Қолма-қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот
немесе тиын түрінде жүзеге асырылады. Төлемнің бұл түрінде төлеуші басқа
бір тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындау үшін банкнотты немесе тиынды
нақты табыстауды жүзеге асырады. Қолма-қол төлемді ақшалай міндеттемесі бар
тұлға тікелей немесе делдал арқылы орындай алады.
Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек
ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын
төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады. Әлемдік тәжірибеде
ақшалай және есеп айырысу чектері бөліп көрсетіледі.
Ақшалай чек қолма-қол ақшасын банкте ұстаушының төлемдері үшін, мысалы,
еңбекақы, шаруашылық қажеттіліктері, іссапар шығыстары және т.б.
қолданылады.
Есеп айырысу чегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда қолданылады. Бұл –
нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге (чекті ұстаушыға) онда (чекте)
көрсетілген белгілі бір соманы банктің төлеуін әмір ететін ағымдағы шот
иесінің (чек берушінің) сөзсіз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат. Есеп
айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін. Чек берушінің чегін
банкте өтеу мыналар болуы мүмкін:
• чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты;
• чек берушінің тиісті шотындағы қаражат, алайда чекті беру барысында
онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық
болмауы керек. Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат
уақытша болмай қалған жағдайда өзінің (банктің) қаражат есебінен чекті
төлеуге кепілдік бере алады.
Чектермен қатар, олардың санына қарамастан банк клиентке бір дана
сәйкестендіру карточкасын береді, әрі әрбір берілген чек бойынша чек
берушіні сәйкестендіреді.
Чектен есеп айырысу мына сызба бойынша жүзеге асырылады (5-сурет).

5-сурет. Чекпен есеп айырысудың сызбасы.
Суретте мыналар белгіленді:
1. Сатып алушы өзіне қызмет ететін банкке чекті немесе депозитке салған
сомасына төлем тапсырмасын (кепілдемесін) алуға өтініш береді немесе
төлеміне банк кепілдік ететін чекті алуға екі данада өтініш береді.
2. Сатып алушыға қызмет көрсететін банкте қаражат жеке шотта брондалып,
чек толтырылады, яғни банктің атауы, дербес шоттың нөмірі, чек
берушінің аты-жөні және чек сомасының лимиті қойылады.
3. Сатып алушыға чек және чек карточкалары беріледі.
4. Сатушы сатып алушыға жөнелтілген өнімдердің (орындалған жұмыстың,
көрсетілген қызметтің) құжаттарын көрсетеді.
5. Сатып алушы сатуға чек береді.
6. Сатушы чек тізілімі барысында сатып алушыға қызмет ететін банкке
чекті ұсынады.
7. Сатушыға қызмет ететін банк сатып алушыға қызмет көрсетуші банкке
төлем чегін ұсынады.
8. Сатушыға қызмет көрсетуші банкте сатушының шотына ақшалай қаражат
аударылады.
9. Сатып алушыға қызмет көрсететін банк бұрын тағайындалған соманың
есебінен чек сомасын есептеп шығарады.
10. Банктер клиенттеріне шоттарынан үзінді көшірме береді.

Атаулы чек (нақты тұлғаның атына жазылған), ұсынбалы чек (ұсынушының
атына жазылатын) және ордерлі чек болады. Ордерлі чек белгілі бір тұлғаның
пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады, яғни чек беруші оны жаңа
иесіне индоссаменттің көмегімен беруі ықтимал. Оның үстіне, чек кроссталған
– бет жағына екі параллель сызықтар жүргізілген болуы мүмкін. Кроссталу өз
кезегінде жалпы және арнайы болуы ықтимал. Бірінші жағдайда (сызықтардың
арасында банктіңң белгісі болмайды) оны төлеуші банкке немесе өзінің
клиентіне төлейді. Мұндай чекті ұстаушы тұлға оны сызықтардың арасында
атауы көрсетілген банкке ғана ұсынады.
Чек айналымының басқа да артықшылықтары бар: чек басқа төлем
құралдарының, оның ішінде пластикалық карталардың және валютаның көмегімен
есеп айырысу мүмкін болмаған барлық жағдайларда есеп айырысуға мүмкіндік
береді.
Экономиканы ақша-несие тұрғысынан реттеуде вексельдер сатылатын және
сатып алынатын нарықтың рөлі ерекше. Оның маңызы – экономикада ақша ағымын
бірқалыпты етуінде жатыр. Вексельді коммерциялық деп аталатын несие
рәсімдейді. Сату-сатып алу объектісі болып табылатын олар төлем мерзімін
ұзартуды қамтамасыз ете отырып, нарықта айналысқа түседі.
Вексельдік операциялар банк несиесі қызметінің ең маңызды әрі келешегі
зор бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті – негізінен
қысқа мерзімді ақша қаражаттарды қайта бөлу, ал оның объектісіне
коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады. Бірыңғай ақша нарығының
бөлігі болып табылатын оның екі деңгейі болады. оның алғашқы резидентіне
несие мекемелері мен оның клиенттері жатады, ал оның негізін есептік,
комиссиялық, ломбардтық операциялар және банктің, басқа да несие
институттарының операциялары немесе жеке дисконтерлердің вексельдерінен
болатын операциялар құрайды. Екінші субъектіге несие мекемелері: бір
жағынан – Ұлттық банк, екінші жағынан – екінші деңгейлі банктер, оның
ішінде коммерциялық банктер кіреді. Бұл деңгейдегі нарық операцияларының
басым бөлігін бірінші сыныпты вексельдерді қайта есептеу мен қайта кепілге
салу құрайды. Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту, есептік операциялардың
тәуекелділігін орталықсыздандырып қайта бөлу қажеттілігі институционалдық
құрылымы тек банк мекемелерінен ғана тұратын, әрі арнайы несие
институттарының есеп үйлерінің, есептік банктердің және басқа да
мекемелердің төңірегінде топтасатын аралық деңгейдің нарықта пайда болуын
ұйғарады.
Вексельдік айналым әр түрлі салаларды: біріншіден, банк ссудасын
(вексель – солосын) беру барысындағы банк пен клиенттің арасындағы
қатынасты; екіншіден, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қатынасты;
үшіншіден, банктің араласуынсыз (делдалынсыз) жеке және заңды тұлғалардың
арасындағы қатынасты қамтуы мүмкін.
Біздің елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды, ол Қазақстан
Республикасындағы вексель айналысы туралың ҚР-ның заңына сәйкес төлем
құралы мен несиелеу құралы болып табылады. Вексель – бұл қандай да бір
тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде
төлеуді сөзсіз міндеттеме. Бұл ешқандай жағдайға тәуелді болып қалмайтын
дерексіз қарыз міндеттемесі.
Вексельге тән белгілер:
• ақшалай міндеттеменің сөзсіз сипаты, яғни вексель беруші белгілі бір
соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға
вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай да бір шартпен шектеліп
қалмайды;
• міндеттеменің дерексіз сипаты, яғни вексельдің мәтінінде ол қандай
мәміленің негізінде берілгеніне сілтеме жасалмайды;
• осы құжатты толтырудың қатаң формалданған рәсімі, яғни форма барлық
қажетті реквизиттерді қамтуы керек, өйткені қажетті реквизиттердің
біреуі болмай қалса, вексель түкке жарамсыз болып қалады;
• есеп айырысудың ақшалай формасы, яғни міндеттеменің тек ақша қаражаты
болуы мүмкін.
Вексельдер екі негізгі түрге бөлінеді: жай вексель және аудармалы
вексель.
Жай вексель (соло) – несие берушіге (вексель ұстаушыға) ақша
қаражаттардың нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде
қарыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық қатынас
Қаржы нарығының құрылымы
Қаржы нарығының түсінігі және экономиканың дамуындағы оның маңызы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Экономикалық ұғымдар
Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау
Ақша қаражаттар нарығы
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫИНВЕСТОРЛАР
Қаржы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Пәндер