Спидтің алдын алу жолдары



1 АҚТБ ауруының алдын алу туралы
2 АҚТҚ жұқпасының анадан балаға берілу жол¬дарының алдын алу
Бүгінде адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ– ВИЧ) мен жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісінің (ЖҚТБ-СПИД) қаншалықты қауіпті екенін білмейтін адам кемде кем шығар. Қазіргі таңда атының өзі қорқыныш шақыратын қауіпті ауру жер шарында миллиондаған адамдардың өмірін қиып отыр. АҚТҚ/ЖҚТБ жағдайында иммундық жүйе зақымданып, адамның ағзасы басқа ауруларға қарсы тұра алмайтындықтан, оның ақыры өлімге әкеліп соғуда. Сондықтан да бүгінге дейінгі жасалған әрекеттердің төмен нәтиже беруі індеттің дамуын бақылауға алуды талап етеді.
БҰҰ 2002 жылы “Жаңа мыңжылдықтағы адам¬заттың даму Декларациясын” жариялады, онда аталған сегіз мақсаттың 6-уы денсаулық сақтау саласына қатысты болып отыр. 2015 жылға дейінгі үшінші міндет – АҚТҚ/ЖҚТБ жұқпасымен ауыру деңгейінің өсуін тоқтату. Қазіргі уақытта АҚТҚ-жұқпасына қатысты эпидемиялық үрдістің ерекше¬лік¬терінің бірі – көптеген елдерде оның жалпы халықтың, оның ішінде балалардың арасында тара¬луы болып табылады. АҚТҚ жұқпасы Қазақстанды да айналып өтпеді. Елімізде жыл сайын АҚТҚ жұқпасымен тіркелген адамдардың саны өсуде. Мәсе¬лен, биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін АҚТҚ жұқпасымен тіркелгендер саны 8737, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар 197, ЖҚТБ-мен ауырушылар саны – 586, оның ішінде қайтыс болғандары – 471. Қазақстанда індетке қарсы іс-әрекеттер бойынша ірі көлемдегі шаралар қабыл¬дануда. Елімізде “ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттер бойынша 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама” қабылданған.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
СПИДТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Бүгінде адам қорғаныш тапшылығының қоздырғышы (АҚТҚ– ВИЧ) мен
жұқтырған қорғаныш тапшылығының белгісінің (ЖҚТБ-СПИД) қаншалықты қауіпті
екенін білмейтін адам кемде кем шығар. Қазіргі таңда атының өзі қорқыныш
шақыратын қауіпті ауру жер шарында миллиондаған адамдардың өмірін қиып
отыр. АҚТҚЖҚТБ жағдайында иммундық жүйе зақымданып, адамның ағзасы басқа
ауруларға қарсы тұра алмайтындықтан, оның ақыры өлімге әкеліп соғуда.
Сондықтан да бүгінге дейінгі жасалған әрекеттердің төмен нәтиже беруі
індеттің дамуын бақылауға алуды талап етеді.
БҰҰ 2002 жылы “Жаңа мыңжылдықтағы адамзаттың даму Декларациясын” жариялады,
онда аталған сегіз мақсаттың 6-уы денсаулық сақтау саласына қатысты болып
отыр. 2015 жылға дейінгі үшінші міндет – АҚТҚЖҚТБ жұқпасымен ауыру
деңгейінің өсуін тоқтату. Қазіргі уақытта АҚТҚ-жұқпасына қатысты
эпидемиялық үрдістің ерекшеліктерінің бірі – көптеген елдерде оның жалпы
халықтың, оның ішінде балалардың арасында таралуы болып табылады. АҚТҚ
жұқпасы Қазақстанды да айналып өтпеді. Елімізде жыл сайын АҚТҚ жұқпасымен
тіркелген адамдардың саны өсуде. Мәселен, биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін
АҚТҚ жұқпасымен тіркелгендер саны 8737, оның ішінде 14 жасқа дейінгі
балалар 197, ЖҚТБ-мен ауырушылар саны – 586, оның ішінде қайтыс болғандары
– 471. Қазақстанда індетке қарсы іс-әрекеттер бойынша ірі көлемдегі шаралар
қабылдануда. Елімізде “ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекеттер бойынша 2006-2010
жылдарға арналған бағдарлама” қабылданған. Бағдарламаның мақсаты – АҚТҚ
жұқпасының таралуын шоғырланған кезеңде тұрақтандырып, оның жайылу кезеңіне
ауысуына жол бермеу.
Міне, осы бағдарламаның іске асырылуының нәтижесінде 2007 жылдың соңына
қарай АҚТҚЖҚТБ ауруынан қайтыс болушылардың саны екі есе кеміп, індет
шоғырланған кезеңде тұрақтандырылуы тиіс. Бір айта кететін жайт, АҚТҚ
жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдер және олардан туған балалардың 90 пайызы
толық емдеуден өтеді. Сондай-ақ АҚТҚ жұқпасымен ауырғандардың келіп
тіркелгендерінің кем дегенде 70 пайызы емдеумен қамтылған болса, жыл сайын
ерікті түрде тестен өткізу және кеңес берумен кем дегенде тұрғындардың он
пайызы қамтылады.
Құқықтық қатынастар саясатын жетілдіру, құқықтық және әлеуметтік ортаны
құру негізінде көптеген шаралар өткізілді. Ұлттық және халықаралық
әріптестердің күштерін үйлестіру қамтамасыз етілді. БҰҰ жүйесінің ЮНЭЙДС,
ПРООН, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ және басқа ұйымдары қолдау көрсетіп, 2007 жылдың алты
айында мақсатты бағыттарға сәйкес 283 млн. теңге қаражат игерілді. 25
үкіметтік емес ұйымдарға әртүрлі жоба бойынша әлеуметтік сұраныстарды
жүзеге асыру үшін қолдау көрсетілсе (“ЖЖБЖ-ның алдын алу”, “Жастарға рухани
тәрбие беру бойынша оқулық бағдарлама” және басқалары), 23 көпшілік
компаниялар, дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары, 3 акция, 70
журналистке арналған семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ, 389 мақала жарық
көріп, 227 рет теледидар арқылы хабар ұйымдастырылып, 274 рет радиохабар
таратылды.
Егілетін есірткіден келетін зиянды төмендету стратегиясын жүзеге асыру
мақсатында да бірқатар шаралар атқарылды. Инъекциялық есірткіні тұтынушы
(инъекциялық есірткіні тұтынушы) 14656 адам өз еркімен кеңес алып, АҚТҚ
жұқпасына сол топтағы 6808 адам жасырын тест тапсырды. Сонымен бірге
стационарлық сенім пункттерінің желісі кеңейтілуде. Барлығы 138 сенім
пункті жұмыс істеп, жаңадан 17 сенім пункті ашылды. АҚТҚ жұқпасының
жыныстық жолмен берілуінің алдын алу стратегиясын жүзеге асыру бойынша
жүргізілетін шараларға сәйкес республикада 27 достық кабинеттері жұмыс
істейді.
Жастардың және халықтың басқа да топтарының арасында нашақорлыққа,
АҚТҚЖҚТБ және басқа да жыныстық жолмен берілетін ауруларға қарсы күресу
үшін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЖҚТБ орталықтарының,
наркодиспансерлердің, терідиспансерлерінің мамандары оқу орындарының
оқытушыларымен бірлесіп, әртүрлі шаралар өткізді. АҚТҚ жұқпасына
психоәлеуметтік кеңес беру және жасырын тесттен өткізу қызметтері бойынша
ерекше нысандар құрылды.
АҚТҚ жұқпасының анадан балаға берілу жолдарының алдын алу стратегиясы да
табысты жүзеге асылуда. Денсаулық сақтау министрлігінің үстіміздегі жылғы
30 наурыздағы №212 бұйрығымен “АҚТҚ-жұқпасының анадан балаға берілуінің
алдын алу бойынша шаралардың кешенді жоспары” бекітіліп, осы тұрғыда 87
семинар өткізілді. АҚТҚ-ға куәландыру ережесіне де өзгерістер енгізіліп,
жүкті әйелдер екі қайтара тестіден өткізілді. Перзентханаларда және
облыстық бөлімшелерде әйелдерді босандыру барысында жедел-диагностика және
профилактикалық шаралар жүргізу әдістеріне оқыту жүргізілді. Ол үшін 47591
тест-жүйе сатып алынды. АҚТҚ жұқпасын жұқтырған жүкті әйелдерді, жас
нәрестелерді вирусқа қарсы профилактикалық емдеумен қамтамасыз ету
мақсатында аймақтар антиреровирустық препараттармен қамтамасыз етілген. 59
жүкті әйел және 63 жаңа туған нәресте профилактикалық ем қабылдады.
Денсаулық сақтау министрлігі ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес
жөніндегі Республикалық орталық дайындаған АҚТҚ жұқпасын бюджеттік негізде
емдеу хаттамасына сәйкес емдеу және алдын алу үшін негізгі өмірлік маңызды
дәрілер тізімін толықтыру туралы ұсынысты бекітті. Сондай-ақ АҚТҚ
жұқпасымен ауыратын адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша 2 жаңа жоба
енгізілді. АҚТҚ жұқпасы бойынша эпидемиологиялық қадағалауды, мониторингті,
бағалауды, жоспарлауды және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СПИД ауруы туралы
ВИЧ СПИД ауруының алдын алу жұмыстары
СПИД- қатерлі аурулардың бірі
Зиянды әдеттерге жастардың көзқарасы
СПИД ауруының таралу белгілері
Қазақстанда аса қауіпті, әлеуметтік мағыналы аурулар
Спид ауруы
Оқушылардың экологиялық білімі мен тәрбиесін теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Пәндер