Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І тарау. Кіріспе

  1. Исатай Тайманұлы
  2. Махамбет Өтемісұлы

ІІ тарау.

1. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар

көтерілісінің басталу себептері (1836-1838 жж. )

2. Ақбұлақ маңындағы шешуші шайқас және Исатайдың қаза табуы.

3. Махамбет Өтемісұлының қаза табуы.

4. Көтерілістің барысы және оның жеңіліспен аяқталуы

ІІІ тарау. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І тарау. Кіріспе

Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары - билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады.

Қара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса - қара халықтың көңілі тыныш болды.

Ел билеген ақсақалдар да елдің тілеген тілеп, елдің жоқшысы болды. Ақсақал болу, би болудың өзі елдің сайлауынан болғандықтан, бұлар елден бөлініп кете алматын еді.

Сонымен қазақтың бұрынғы дәуірінде қара халықтың арасында бөлек таптар болмады.

Руларды біріктіру үшін «Ақсүйектен» қазақ халқы хан сайлайтын еді. Ханды ру басылары - билер сайлайтын еді.
Хандардың мақсаты - өздерін күшті қылу, халыққа айтқанын істету еді. Хандарға салтанатты болуға елден алым - салғырт керек болды; күшті болуға әскер керек болды; атақ үшін жауласу керек болды, тағы тағысын. Ханның табиғаты қара халықтың тілегіне қарсы болды.

Билерді хан тағайындай бастаған соң, қара бұқараның күйі тіпті нашарлады. Хан төреге, хан жақтаған билерге көніп, қара бұқара да қарап тұрмады, бұларға қарсылығын күшейтті. Таршылықтың түбі патша үкіметінде екеніне түсініп, қара бұқара орысқа қарсы шықты. 1731 - інші жылдан 1870 - інші жылға дейін екі таптың күресі болды. Бірі - әуелі хан, кейін патша үкіметі, бұларды жақтаған төрелер, билер. Екіншісі - қара халық. Ақырында қара халық жеңіліп қалды.
Қазақтың хандығы ресми он тоғызыншы ғасырдің ортасына дейін созылса да, шынында Әбілқайырдан бастап қазақтың хандары патша үкіметінің қолында ойыншық болды. Сондықтан 1731 - інші жылдан бергі Кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерлістерінің бәрін патша үкіметіне қарсы көтерлістер деп атау керек.

  1. Исатай Тайманұлы

(1791-1838)

Ел ауызындағы әңгімеде Исатай Тайманұлы Атырау облысы, Қызылқожа ауданы, Жанкелдин совхозы Тайман жолы деген жерде 1791 жылы көшпелі шаруа отбасында дүниеге келген.

Исатайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген.

Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

Бөкей хан Исатайды 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшины етіп тағайындап, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшындыққа бекітті. 1817 жылдан бастап, батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 жылдары Орынбор генерал-губернаторының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі -ақын, Беріш руының старшины Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж. ) .

1829 жылы 15 шілде - 1830 жылы қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және жайықтын сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбет орыс жазушысы әрі этнограф Р. И. Дальмен және оқымысты саяхатшы Г. С. Карелинмен тызыз қарым-қатынаста болды. Оның өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

І. 2. Махамбет Өтемісұлы

(1803 - 1846)

Махамбет Өтемісұлы - 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. - 20. 10. 1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

Халықтың азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.

Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен.

Есімі қалың жұртшылыққа таныла бастаған асқақ ақынды Жәңгір хан өз еркіне көндіріп, билік басында отырғандарға қарсы өлеңдер шығаруына тыйым салғысы келеді. Алайда көзі ашық, көкірегі ояу ақын оның бұйрығына мойын ұсынбады. Ал Жәңгір хан болса, оған үстемдік жасау мақсатымен Махамбетті қамауға алғызды. 1829-1830 жылдар аралығында Махамбет қала бекшісінің түрмесіңде отырды, бостандыққа шыққан соң Исатай Таймановқа қосылды.

ІІ тарау.

2. 1. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар

көтерілісінің басталу себептері.

(1836-1838 жж. )

XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Бөкей хандығында (1801 жылы 11 наурызда құрылды) ауылдардың еңбекші халқына жасалған экономикалық қысым күшейіп, ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық укладтың бірқатар маңызды жақтары күрт күйреді. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленген Жәңгір хан қырға хандықтағы қоғамдық тұрмыс пен саяси құрылымді кейбір әдет-ғұрыптық институттардан бастап жер жөніндегі қатынастарға салық саясатына және хан сарайына дейінгінің бәрін қайта құрамын деген «аристократтық өркениеттік» жоспарлармен оралды. Артта қалған жартылай көшпелі қазақ қоғамы негізінде ол хан өкіметіне де патша тағының саясатына да, бірдей дәрежеде құлақ асқыш өзінше бір үлгідегі регионалдық хандық құрмақ болды. Алайда көшпелі және жартылай көшпелі ұжымдар ханның бұл «еңгізбекші жаңалықтарын» қабылдауға дайын емес еді.

Хан өкіметінің патша әкімшілігінің органдарына және ірі жергілікті феодалдық шонжарларға арқа сүйеп барынша күш сала жүргізген саясаты феодалдық және отаршылдық езгінің күрт күшеюіне, шонжарлардың ауылдық-қауымдық жерлерді жаппай тартып алуына әкеліп соқтырды.

Осындай жағдайда әсіресе 1836-1837 жылдары хандықтың іргесін шайқалтқан қазақ малшы шаруа бұқарасының көтерілісі болды.

Көтерілістің негізгі себептері:

- Ақшалай салықтың өсуі;

- Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі;

- Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеуі;

- Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы.

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші-шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.

Көтерілістің басты мақсаты:

1. Хан озбырлығына шек қою.

2. Шаруалар жағдайын жақсарту.

3. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

4. Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтерілістің сипаты: Антифеодалдық отаршылдыққа қарсы.

1836 жылы ақпан айында Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы басқарған халық азаттық сипаттағы көтеріліс басталады.

1837 жылы 15 қазанда Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер Теректіқұмда Балқы би ауылын шабады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне әсер етті.

1837 жылы 24 қазанда Исатай 2000-ға жуық көтерісшілермен хан ордасын қоршайды. Бірақ Жәңгір ханға бір жағынан подполковник Гекке, екінші жағынан подполковник Меркулов басқарған қол көмекке келуге үлгереді.

2. 3. Көтерілістің барысы және оның жеңіліспен аяқталуы.

Көтерілістің барысы . Көтерілістің кезеңдері- үш кезеңге бөлінді.

Бірінші кезең: 1833-1836 жылдырға келеді және қарулы көтеріліске әзірлік кезеңі ретіңде сипатталады.

Екінші кезең: көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап олардың жеңіліске ұшырауына дейінгі-1837 ж. қарашаның орта шеніне дейінгі кезең.

Үшінші кезең: Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтық сол жағалауына өтуінен (1837 жылдын желтоқсанынан 1838 жылдың шілдесіне дейін көтерілістің жеңілуі) .

1838 жылы шілденің 12-сінде Ақбұлақ деген жерде көтерілісшілер Гекке мен Айшуақұлы басқарған отрядтан жеңілді. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтіреді.

1836 - 1838 жылдардағы көтерілістің негізгі мақсаттары орындалмады.

Көтерілістің жеңілу себептері.

• Үстем тап өкілдерінің опаздығы.

• Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі Ордадағы көтерілістерді

біріктіре алмады.

• Қару - жарақтың теңсіздігі.

• Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.

• Патша үкіметінің жазалау отрядтарының күші басым болуы.

• Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

• Көтеріліс жергілікті (локальдық) сипатта болды.

Нәтижесі:

• Салық мөлшеріне шек қойылды.

• Патша үкіметі қазақ старшиндарымен санасатын болды.

• Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.

• Қазақ феодалдарының отаршылдық басқару мен байланыста екенін

көрсітті.

• Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі

қаланды.

Көтерілістің тарихи маңызы.

1836 - 1838 жылдардағы көтерілістің тарихи маңызы зор болды.

1. Жәңгір хан және оның маңайындағылрдың озбырлығына белгілі дәрежеде

шек қойылды.

2. Патша үкіметі аз болса да, көтеріліске қатысқан қазақ ауылдарының

мүдделерімен санаса бастады.

3. Көтеріліс қазақ үстем тап - феодалдарының опасыздығын дәлелдеді.

1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И. Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделгөн азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М. Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика", -деп жазған мезгіл осы кез болуы керек.

Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстың тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады.

Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Өкінішке орай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері - Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі.

Кіші жүзге өткен И. Тайманұлы бастаған шағын топ осы жерде патша өкіметінің отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет Айшуақов бастаған жергілікті феодалдардың қарапайым халықты езіп-жаншуына қарсы азаттық күресті ұйымдастыруға кіріседі.

2. Ақбұлақ маңындағы шешуші шайқас және Исатайдың қаза табуы.

Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз. Мысалы, көтерілістің негізгі ошағы болған әлімдер мен Маңғыстау адайлары арасында көптен келе жатқан кикілжің болған. Көтеріліске қатысушы адайлық сарбаздардың Әлім жеріне келетін болуына байланысты Исатай Әлімдер мен Адайларды өзара келістіріп, татуластырады. Маңғыстау адайлары мен түрікмендердің арасында да көптен бері келіспеушілік болады. Ресейдің отарлық саясатына қарсы азаттық көтеріліске аттанған адайлардың тылын қауіпсіздендіру мақсатында Исатай түрікмендермен келіссөз жүргізіп, адайлар мен түрікмендерді де мәмілеге келтіріп, келістіреді.

И. Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге батыр Жоламан Тіленшиев би Жүсіп Құланов бастаған сарбаздар қосылады. Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете руларынан Исатай мен Қ. Есімовтың қоластына 3000-дай адам жиналады.

Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінің жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінің үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді.

Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді.

Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ. Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады.

Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К. Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды. Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде.

Махамбет Өтемісұлының өлімі

Осыдан 160 жыл бұрын, яғни, 1846 жылы 20 қазанда Ақжайық өңірінде қанды оқиға орын алды. Ол атақты ақын Махамбет Өтемісұлының жантүршігерлікпен өлтірілуі еді.

1846 жылы қазан айында Орынбор қазақтарының батыс бөлігінің билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Және де ақынның өзін тірілей қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша ақшасымен 1000, ал басын кесіп әкелген адамға 500 сом төлейтінін жария еткен. Мұндай қылмысты жүзеге асыратын адамдар да табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ
Көтерілістен кейінгі Махамбеттің өмірі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс
1836 – 38 ж. Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Исатай - нағыз батыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz