Тәуке хан және «Жеті жарғы»



1 Тәуке хан туралы зерттеулер
2 Тәуке ханның «Жеті.Жарғысы».
3 «Жеті Жарғы» және қазақтың әдеттік.қылмыстық құқығы
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және
елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының
есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның
үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел
емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек
тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас,
құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған
кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің
ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә.
Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі негізінде
Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында
сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық
көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң,
тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ТӘУКЕ ХАН және ЖЕТІ ЖАРҒЫ
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және
елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының
есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның
үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел
емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек
тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас,
құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған
кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің
ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә.
Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі негізінде
Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында
сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық
көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң,
тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.
Батыр да, хан да, қара да, өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәурінде
қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі
қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған. Ал өз елінің
өміріндегі дипломат-мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік құқық
системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын
сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз,
ал қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама-қайшы пікірлер
бар. Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген
пікір тұрақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым
В.А. Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарих-
намасында сақталған құжаттарда 1716 жылдан мүлдем кездеспейді. Оның
ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін.
63
Бұл мәселе болашақта негізінде қытай тіліндегі құжаттарды зерттеуде
нақтылы анықталады деген ойдамыз.
Тегі жағынан алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі,
Жәңгір ханның баласы. Шежіре түрінде былайша көрінеді:
Керей – Мұрандық – Жәдігер – Шығай – есім – Жәңгір – Тәуке. Одан
Болат, Сәмке, Қосым, Қасым, Қөшын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын.
Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі
Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаумен
өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны
Салқам Жәңгір деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан,
көрегенді қайраткер және соғыстың әртүрлі айла-тәсілдерін, ұрыстың өзіндік
ерекшеліктерін пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде танылады. Ол қазақ
жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек сіңірген, елінің
тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке
бөленген ірі болғаны ақиқат, тарихи шындық.
Әкесі Жәңгір ханның ерліккен толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның
бойына дарығандықты аңғармасқа болмайды. Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа
жақын болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім артып, елшілікке
жіберіп отырған.
Тәуке жас кезінде, бейнелей айтқанда, қазақ даласының емін-еркін
бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік-батырлақ
қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның
балалық шағы жайлы әрқалай аңыздар да, әңгімелер де болған-ақ шығар.
Олар уақыт пердесінің арғы жағында қалып, әзірге бізге жетпей отыр.
Болашақта көп мәліметтер мен деректер, кітаптарда және қолжазбаларда
болуы әбден ықтимал.
Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай
жылдардан бастап хан болғандығы туралы деректер тарихи әдебиеттерде
әртүрлі. Қазақ сахарасының дарынды философы Шәкәрім Құдайбердіұлы
өзінің зерттеулерінде Тәукенің тек хан болып сайлануына ғана тоқталып,
былай деп жазды: Бұл әз Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақтың ханының қызы
қатынынан туған баласы еді. Мұнан басқа Ургенштегі Ғайып ханның
қызынан туған Уәлибақы Ғайып деген баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз
Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді. Бұл
мәліметтен біз Тәуке ханның шешесі қалмақ екенін байқаймыз және
Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керісінше Тәуке басқаны кездейсоқ жағдай
емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының терең болғанын тағы да
айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ, бәріміз білетін еліміздің тарихында Тәуке 1680
жылы әкесінің тағына отырды делінген. Бұл дерек ешбір өзгертусіз кейінгі
жылдары басылып шыққан тарихи әдебиеттерге енген еді. Халқымыздың
тарихында ірі құқықтық құжат болып саналатын Жеті Жарғыны зерттеуге
елеулі үлес қосқан шығыстанушы, заңгер-ғалым Нұралы Өсеров өзінің
кандидаттық диссертациясында Тәуке 1678 жылы хан болды деп
тұжырымдайды. Бұл мәселеге ьайланысты Сәкен Сейфуллин де кезінде өз
64
пікірін ортаға салған. Көрнекті жазушы кезінде былай деп жазған:
Жәңгірден кейін қазаққа Тәуке хан болды (1688 жылда).
Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ
ылғи қалмақпен қағысып тұрса да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай
жөнкілу, аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабыншылығы аздау
болып, тіршілік жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың
ірі руларында билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би
(Дулат, Әлібек баласы). Орта жүзде- Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде-
Әлім руынан Әйтеке би, қырғызда Кәкім би, қарақалпақта – Сасық би,
Қатаған- Жайма, басқа ұсақ рудан тағы бір би.
Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің хан болып
сайлануы 1680 жылды қайталап жазған.
Әрине, қазіргі уақытта жалпы әдебиетте қалыптасқан көзқарасты
мойындай отыра біз Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмен белгілейміз.
Ал жалпы оның жылын анықтауды болашақ зерттеушілердің үлесіне
қалдырдық._

Тәуке ханның Жеті-Жарғысы. Тәуке ханның реформаторлық
қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе-қазақ қоғамының құқықтық
жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді,
халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз
етілетін заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегендікпен
түсінген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерінің қара
қылды как жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта
білді. Олардың негізгі өзегін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би
құрады. Соның негізінде дүниеге келген қазақ қоғамының ұлттық хартиясы –
Жеты Жарғы дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай
келетін құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелі
қазақ халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық
ерекшеліктерге сай қабылданған аса кұнды құқықтық ескерткіш болып
табылады.
Жеті Жарғының әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік
практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды
тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас,
билердің данагейлігінің қорытындысы. Билер кеңесі бекіткеннен кейін
ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде Жеті
Жарғы қай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. Жеті Жарғыны
тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы
қабылдады деген пікір айтады. Басқа әдебиеттерде қабылданған жыл
көрсетілмейді. Біздің ойымызша, Жеті Жарғы 1684-1685 жылдары
69
қабылданған құқықтық құжат. Олай дейтін себебіміз, қазақ қоғамына аса
маңызы бар бұл заңдарды жылдық аралық ішінде қабылдау ешқандай
ақиқатқа сай келмейді. Есім ханның ескі жолын, Қасым ханның қасқа
жолы сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар
енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару
жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді деуіміз
ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар
қажет, пікірталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, ерекше
мазмұндағы әдет-ғұрыптық құқық жүйесін бір арнаға тоғыстыру уақытты,
кеңесті, данагейлікті талап ететін ұзақ мерзімнің шаруасы. Күлтөбенің
басында күнде кеңес деген сөз сол мағынаны берсе керек. Қазақ ұлтының
аса патриот ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев Түркістан деп
аталатын әйгілі өлеңінде әдеттік құқық жүйесі ісінің күрделі, қиын және
маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділхан аз болды Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Ал кезінде Тәуке ханның әрі елшісі, әрі кеңесшілердің бірі болған
Қожаберген жырау Жеті Жарғының пайда болуы хақында былай дейді:
Шығатайдан соң орнына Тәуке қалды,
Кезінде әз-Тәуке деп атақ алды.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,
Дейтұғын Жеті Жарғы заң шығарды.
Әз Тәукенің Жеті Жарғысына теориялық-ғылыми тұғырдан талдау
жасап қарасақ оның әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол
заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз. Тіпті
кейбір мәселелерді заң нормасына айналдыруда заман талабынан асып,
көрегенділіктің нағыз данышпандылығын танытқанын аңғармасқа болмайды.
Атап айтсақ, бұл құқықтық документ қазақ халқының ұлттық бірлігін
нығайтуға, рулар арасында алауыздықты тежеуге, жоңғар шапқыншылығына
қарсы елді бір тудың астына топтастыруды өлшеусіз рел атқарды.
Тәуке хан 1718 жылы дүние салды. Жеті Жарғыны қазақ халқы
негізінде XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал, кейбір
нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолданылды, қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Көп жылдар бойы
Кеңес өкіметі тарапынан Жеті Жарғыны феодалдық қатынастардың
сарқыншағы, керітартпа, реакциялық мазмұндағы заң жиынтығы деген
мағынамен сипатталынды. Сонымен қатар Жеті Жарғы ұлттық
философиялық, этникалық, көшпелі қоғамның болмыстық мәніне сай келетін
тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің хартиясы негізінде Жеті Жарғы заңының
барлық нормалары бізге түгелдей жеткен жоқ. Оның көптеген бабтары К.
Шүкірәлиевтің, Я. Гавердоскийдің, А.И. Левшиннің еңбектерінде берілген.
Жеті Жарғы негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын
қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сөзбен
70
айтқанда, Жеті Жарлық: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және
неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін
қамтамасыз еті. Біздің мұндай тұжырымымыз Қазанғап Байболұлының Төле
бидің тарихы деп аталатын әйгілі дастанындағы идеяларға негізделген. Бұл
дастанда Жеті Жарғының жеті институттары былайша баяндалады:
Жер дауы, баяндайтын, біріншісі,
Ру, қоныспен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдылық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі,
Төртінші боп саналған мынау заңы.
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы.
Тәуке ханның Жеті Жарғысында қазақ қоғамының мемлекеттілік
құрылымы, өкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты
мемлекеттік құқықтың институттары бекітілмеген. Бұл саяси өкіметтің әлсіз
екенін нақтылы дәлелдегендей. Керісінші, қауымдық-патриархалдық
қатынастардан кіндігін үзбеген қазақ қоғамында жеке адамның беделінің
негізінде басқару өте тиімді болып, ру шиеленістерін тежеуге, ұлттық
қауіпсіздік пен территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге қызмет етті.
Бірақ Жеті Жарғы жылына бір рет күз айларында белгіленген жерде қазақ
елінің барлық ру, тайпа басшыларын құрылтай кеңеске міндетті түрде келуге
қажет екенін міндет ретінде бекітті. Және Қатысушылар қару асынып келуі
қажет болған. Қарусыз келген адам құрылтай-кеңесте көтерілген мәселе
бойынша дауыс беру құқынан айрылған. Тәуке ханның бұл саясаты ру
басшыларының талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылдап, дауыс
бергенде семсер ұстап серт бердім деген мағынамен ұштасқан, яғни,
құрылтай-кеңестің шешімін орындауға, іс жүзіне асыруға ант бергендікті
дәлелдей түседі.
Жеті Жарғы қазақ мемлекеттілігінің жариялық өкіметін қамтамасыз
ету мақсатында қару асынуға жарайтын әрбір жанұя жыл сайын өз
дәулетінің жиырмадан бірін салық ретінде төлеп отыруды өлшем ретінде
бекітті.
Мемлекеттік маңызы бар мәселенің бірі - әрбір рулардың таңбаларын
бекіту болды. Құрылтай бекіткен таңба рулардың символдары ретінде
танылды. Ал меншікті иемдену, пайдалану, билеу барысында әрбір
жанұяның арнайы малдың құлағына салынатын ендері болды. Таңба
тайпалық, рулық көлемде пайдаланса, ен салу әрбір жан ұяның жеке белгісі
ретінде пайдаланды.
Жеті Жарғы және қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығы. Қазақтың
қылмыстық құқығы Жеті Жарғы талаптарына сай Қасым ханның қасқа
71
жолы, Есім ханның ескі жолы сияқты заң жинақтарының негізінде
айқындалған. Қазақ қоғамының көшпелі өмірі, патриалдық – қауымдық
құрылыстың ықпалы жалпы қылмыстық құқыққа, оның жеке институттарына
өте зор болғаны анық. Сондықтан қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығының
талаптары еліміздің шаруашылық ұйымдастыру болмысының, тыныс-
тіршілігінің көрінісі ретінде танылады.
Жеті Жарғы өзінің бабтарында қылмыс деген ұғымды ешқандай
мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Бекітілген нормаларда тек
қазақ қоғамының әлеуметтік практикасында жиі-жиі кездесетін зиянды
қимыл-әрекеттердің аттары аталып, оларға қолданылатын жазалардың
түрлері көрсетілген. Негізінде Жеті Жарғыда мынандай қылмыстардың
құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің
көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтіру, әйелді зорлау, әйелді алып
қашу, экзогамиялық табу, күйеуі бар әйелмен көңілдес болу, тәңірге тіл
тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді.
Қылмыс істеген адамдарды қылмыскер деп танымайды, керісінше оларды
жын соққан, пері соққан, құдай атқан деген мағынада бағалайды,
қылмыскерді күнәһар деген ұғыммен алмастырып қарайды.
Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталған.
Қылмыс субъектісінің ақыл-есі дұрыс, өз әрекеттеріне толығынан жауап бере
алатын болуы шарт. Он үш жаста отау иесі деген сөз әр адамның әрекетіне
жауап бере алатынының нышаны болса керек. Қазақтың қылмыстық құқығы
мылқау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған. Сонымен қатар
қылмыс субъектісі болып құлдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуке ханның өмірі
Тәуке ханның Жеті жарғысы, ішкі және сыртқы саясаты
Жеті жарғы туралы деректер
Тәуке ханның ата-тегі, өмірі, биліктегі ішкі және сыртқы саясаты жайлы
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
Қазақ ордасының мемлекеттік құрылымы
Тауке ханның ішкі және сыртқы саясаты
Тәуке хан және оның билік құрған жылдары
Қазақ хандығының заңдары
Пәндер