Мемлекет құрылымының нысаны



Кіріспе ... ... ... .2
1 Мемлекет нысаны ... ... ... 4
1.1 Мемлекет нысанының тусінігі , мазмұны және мемлекеттік басқару нысаны ... ... ... 4
1.2 Мемлекет құрылымының нысаны ... ... .13
1.3 Мемлекетгің саяси жүйесі ... ... ... ... 18
1.4 Құқық негіздерінің түсінігі ... ... ... ..20
1.5 Құқық нысанының мазмұны ... ... ... ... ...23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ...29
Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республиканың өзіңдік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационаддық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән калыптасу жолдары мен тәсіддері бар. Оның бастаулары қаңдай екені Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясыңда айтылған. Конституцияның 4-бабында былай жазылған: "Қазақстан Республикасыңда қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-кұқыктық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, соңдай-ак Республика Конституииялык Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік каулыларының нормалары болып табылады.
Әдетте, құқықтың қалыптасуының ұш жолы бар: 1) нормативтік актілер; 2) үлгі істер (прецедент); 3) құқықтық әдеттер. Өз кезінде қазақ мемлекеттілігінің құқығы осы ұш жолмен қалыптасқан; Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы" (XV ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ коғамында билердің ұлгі шешімдері де қазақгың ұлттық құқықгық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда кұші бар құқықтык норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабыдданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пайдаланылған. Солармен катар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың ретгеушісі бо- лыортырған.
1) Жоламан Қ.Д., Мұхтарова А.Қ., А.Н. Тәукелев А.Н.. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы ҚазМЗУ-дың баспа-полиграфия орталығы 1999 ж. 36-47 б.
2) Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 2003 ж. 110-117 б.
3) Сапарғалиев Ғ., Ибраева А.. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы 1998 ж. 70-71 б.
4) http:/wikipedia.kz
5) http://aleksey-kz.moy.su/

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .2

1 Мемлекет нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Мемлекет нысанының тусінігі , мазмұны және мемлекеттік

басқару
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .4

1.2 Мемлекет құрылымының
нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...13

1.3 Мемлекетгің саяси
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 18

1.4 Құқық негіздерінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

1.5 Құқық нысанының
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..27

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе

Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері
Республиканың өзіңдік құқық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық,
интернационаддық қасиеттер тән. Қазақстан құқығының өзіне тән калыптасу
жолдары мен тәсіддері бар. Оның бастаулары қаңдай екені Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясыңда айтылған. Конституцияның 4-
бабында былай жазылған: "Қазақстан Республикасыңда қолданылатын құқық
Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-кұқыктық
актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелерінің, соңдай-ак Республика Конституииялык Кеңесінің және
Жоғарғы Соты нормативтік каулыларының нормалары болып табылады.
Әдетте, құқықтың қалыптасуының ұш жолы бар: 1) нормативтік актілер; 2)
үлгі істер (прецедент); 3) құқықтық әдеттер. Өз кезінде қазақ
мемлекеттілігінің құқығы осы ұш жолмен қалыптасқан; Оған дәлел "Қасым
ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы" (XV ғ.), Тәуке ханның
"Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ коғамында билердің ұлгі
шешімдері де қазақгың ұлттық құқықгық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып
тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда кұші бар құқықтык норма
ретінде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабыдданған ережелерде
құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретінде пайдаланылған.
Солармен катар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де
қоғамдық қатынастардың ретгеушісі бо- лыортырған.
Тәуелсіз Қазақстан Респу бликасыңда ұлттық құқық тек қана нормативтік
актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың нәр алатын бастауы — Қазақстан
Республикасының Конституциясьи Конституцияның ең жоғары зандық күші бар
және Республиканың бүкіл аумағыңда ол тікелей қолданылды. Одан
төмен—конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді.Одан
кейінғі — жай заңдық Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды
республикалық референдум өткізу арқылы немесе Парламент еңгізеді.
Конституциялык және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент
Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге
қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлык
шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша
нормативтік Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз
құзырындағы мәселелер бойынша Республиканын бүкіл аумағында міндетгі күші
бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырыңдағы мәселелер
бойынша нормативті қаулыларшығаруға құқылы. Ол Қазакстан құқығының құрамды
бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да өз
құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға
құкылы.[2]

1 Тарау

МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ

1.1 Мемлекет нысанының тусінігі , мазмұны және мемлекеттік басқару нысаны

Мемлекеттің сырткы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялық мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттер көбіне монархия болатыны жақсы мәлім. Қытай, Үндістан, Египет
(Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеггерінің философтары Аристотель, Монтескье,
Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмүны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.

Тәуелсіз Қазақстаңда екі жылдан кейін, 1993 жылгы Конституциясының
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алыңды. Бұл соңғы Конституция
мемлекеттін сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси жүйесі құрылды. Мемлекетгің тарихи даму пропесінде оның нысаньша
бірнеше жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи
факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы
теңізге, мүхитқа шықса, бұл екі жағдайда екі мемлекетгің нысаны екі түрлі
болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континентгік мемлекеттермен
салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс
мемлекетгерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты
болды: Қытайда — Хуанхэ, Египетте — Ніл, Вавилонда — Тигр және Евфрат,
Үндістанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген
монархия немесе республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикапар
Жерорга теңізінің жағасыңда орналаскан мемлекетттерде болғаны жақсы
белгілі. Қазақстанның географиялық жағдайы, екі - Ресей және Қытай сияқты
ірі мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық жолдың
жоқтығы мемлекетгің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.

Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Ежелгі — феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның
қалдықтары көп уақытқа дейін сақталып келді (Ману заңдарында, Салистік
жинағыңда Салическая правда), Орыс мемлекетінің жинағыңда — Русская
правда). Кейін алғашқы қоғамның ыдырау процесіңде ол қалдықтар жойылады да
мемлекеттің нысаны қатты өзгереді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы
туралы қатаң қағида болған: патшаның әділетті болуы, жеке меншікті
бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тындауы
міндетгі болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған.

Ресейдің феодалдық мемлекетіңде халық жиналысының, соттың, рулық
кауымның рөддері кепке дейін сакталып кедді. Саяси жағдай, топтардың
арасындакы қарым-қатынастар шиеленіскен жағдайларда демократиялық басқару
туралы айту қиын. Дағдарыс кезіңде көбіне мемлекетті басқару бір адамның
қолыңда болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің
экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер
жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).

Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей, Үндістан,
Америка, Мексика мемлекеттері кеп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан
олардың мемлекеттік құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бір
ұлтгық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет, екіншілері, мысалы,
Германия федерация. Бұл жагдайды аңықтау үшін Германияның мемлекеттік
процесін және тарихын жақры білу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның
гегемония үшін күресі Пруссиянын жеңісімен аяқталды. Бірақ феодализм
кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен, буржуазиялық мемлекеттің
калыптасуы аяқталған жоқ. Соңдықтан қазір де немістер бірнеше тәуедді
мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерадияға жатады.

Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы - түріктер, бергі
атасы - қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып озінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан кеп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болыл жариялаңды (Мемлекеттің нысанына
халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастар және абыройы
күшті адамдардың істері де әсер етеді Отарлық мемлекеттердің басқару
нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерінің нысаны үлгі болатыны мәлім.
Дамыған елдердің саяси-мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-
әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы,
Ұлыбритания бүкіл Еуропа континентіне, Жапония жөне Скандинавия
мемлекеттеріне өзінің шектелген конституциялық монархиясын үлгі ретіңде
сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ өзінің көрші мемлекеттеріне және постготапитарлык
мемлекеттерге президенттік республикасының әсерін тигізді. Франциядағы Де
Голль құрған парламенттік республика да кейбір мемлекеттерге әсерін
тигізді.

Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі және
жүргізген саясаты әсерін тигізеді: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай,
Петр Бірінші, Ататүрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннің
саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жьищан аса уақытқа үлгі болды.
Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерінің
тарихына ыкпал жасағаны мәлім.

Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышаңдары бар.
Сонымен, мемлекетгің сыртқы формасын анықтау үшін көп фактілерді терең
зерттеу керек.

Оқу әдебиетіңде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді — басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негізінде,
мемлекетгің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі -
Ресей федераииясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен республикасымен
соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын
көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл мемлекеттің
құрылым нысанын бірінші орынга қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік
пен Оңтүстіктің арасыңдағы соғыс кезінде федерацияны сақтау мақсаты
мемлекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған кезде мемлекет
нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік кезде
экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді. Мемлекеттің басқару нысанына оның
жоғары, орталық және жергілікті оргаңдарының құрылуы, олардың қарым-
қатынастары қандай принциипен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай
түрде катысады деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының
арасыңда басқару формасы маңызды элемент больш саналады. Басқару нысаны
монархия және республика екі түрге бөлінеді.

Монархия — жоғарғы билік бір адамның қолыңда болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқдндарының қолынан көшуі, тиюі.
Сондықтан оның билігі — мұралық билік Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс
жәнс кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақтек ер адамдарға беріледі. Ал
көпшілік Еуропа мемлекеттеріңде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да
беріле береді (Ресей, Дания, Англия). Монархияның өзбырлық жолмен де көшуі
мүмкін; Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм
Оранский. Соңғы Англияда мемлекеттік төнкеріс ұксас даңқты революциясынан
кейін заңды патшаның қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның көшуінің
үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды
(Малайзия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік басқару формасы да
кездескен (Спарта). Тоталитарлық жүйеде Коммунистік партияның басшысының
билігі монархтың билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне
мұрагерлік билікке жатады, ол өзінід қызметіне құдайдан басқа ешкімнің
алдында жауапты емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның
атынан сот, мемлекеттің атқдру функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді
басқарады, мемлекеттің атынан шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғары аттары
мен титулдары болады, оны асырау, мемлекетгін міңдеті. Мысалы, Англияның
короліне 1660 жылдан бастап иивилдік қағазбен парламент мұқтажына керек
ақшаны беретін болды Корольдердің сарайлары киімдері, әскерлері мемлекеттің
міңдетінде бодды. Корольді асырау мемлекетке өте ауыр болса да, көп
мемлекеттер корольден жене монар- хиядан басын тартқысы келмейді. Қазіргі
Англияның королі — Елизаветаның мұра жалғастыратын балаларының абыройы ете
күшті болмады, екі баласы және қьізы некесін бұзып ажырасып кетті. Бірақ
1997 жылы Англияның азаматтарынан "Король Англияға керек пе?" деп
сұрастырғанда, 66 проценті "монархия да, король де сақталсын" деп жауап
берді.

Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз
монархия — монархтың бшіігін баскд мемлекеггік орган шектемейді, жоғарыда
айтылған биліктің бәрі соның қолындау Бірақ шексіз монархиның да бірнеше
түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия — Шығыс деспотиясы (Египет,
Вавилон, Қытай, Жапония). Монархтың қолында өте күшті экономикалық
функциялары жиналған, ал бұл билік осы айткан мемлекеттердің географиялык
және ерекше экономикалық жағдайларымен байланысты. Мысалы, Египет
мемлекетіңде номдардын бәрін фараон біріктіріп, Ніл өзенінде суару
жұмыстарын басқаратын. Монархтың осындай қиын экономикалық кызметі өте
күшті биліктің қажет екенің тұғызды.

Сондықтан, фараондардың биліктері шексіз болатын: ол Ра құдайдың
тұқымы, таққа отырған кезлен оган пирамида салады, ол экономикалық, қаржы,
заң шығару, діни, сот, әскери қызметтерін басқарған. Тарихта кездескен
шексіз монархияның екінші түрлер көне дәуірдегі мемлекеттерде болған. Оған
Рим империясы жатады. Бұл шексіз монархия республиканың орнына келді.
Императордың да билігі өте күшті, бірақ оны күшейтетін жағдайлар саяси
факторлерге байланысты болған. Орта ғасырларда шексіз монархия феодализмнің
соңғы кезінде пайда бодды. Ең күшті феодалдық шексіз монархияларға Людовик
ХІҮ, Петр Бірінші, Екатерина Екінші, Елизавета Бірінші, Фридрих II, Әдемі
Сулейман монархиялары жатады. Людовик ХІҮ мемлекетті 55 жыл баскарды (1661-
1715). Оның "мемлекет дегенмен" - сөзі бүкіл Еуропаға мөлім болған. Версаль
сарайын салдырды, қаржыны өзі жүмсады, заңды өзі шығарды, парламентті
жинамай мемлекетті, әскерді де, сотты да өзі басқарды. Ол өмір бойы көрші
мемлекеттермен соғысып, сыртқы саясатын толық өзі жүргізді. Бірақ
феодализмнің шексіз монархияларының мемлекетке істеген жақсылықтары да көп
еді. Қазіргі жаңа ғасырларда шексіз монархиялар өте сирек кездеседі
(Бруней, Оман).

Монархиялардың көбі шектелген монархияларға жатады. Бұл монархияда
монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі. Шектелген
монархия шығыс мемлекетгеріңце кездеседі, мысалы, Үндістаіу Үндістанның
патшасы екінші кастаға жаратын — критерилерге, ол брахмандардың айтқан
ақылдарын және олар құрған Кеңесін сыйлауға тиісті. Патша брахмандардың
жеке меншігіне тиісуге қүқығы жоқ, оларды өлім жазасына кесе алмайды, заң
шығару немесе сот функцияларын олардың Кеңесі қатыспаса атқара алмайды.

Орта ғасырларда Еуропа мемлекеттеріңде сословиелік-өкілдік монархиялар
пайда болды. Еуропа қоғамында үш сословие қалыптаскдн болатын: шіркеу
қызметкерлері, дворяндар және қала тұрғындары, басқаша айтқанда —
буржуазия. Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік
оргаңды құратын, ол Парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл
органдар қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін
қызмегін күшейтіп, заң шығару ұсынысты қолына адды, кейін заң шығару
билігін өзіне қаратты. Жапония мемлекетіңде императордың билігін сегун
деген әскери қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма "сегунат" деп
аталды.

Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституииялық монархия деп аталады.
Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия Дуалистік
монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялык
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңіңде бұрынғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырыдды, оған біріншіден заң шығару билігі жатады.
Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша король заң
шығару билігін жоғалтты, ол Ұлттық жиналыстың қолына көшті. Бірақ оның
қолыңца қалған билігі өлі күпггі еді: ол өскерді өзі басқарды, осыны
пайдаланып өзінің халқына қарсы шықгы, сот қызметкерлерін, министрлерді
жөне атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым салды және
парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік екіге
бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал король феодалдардың.
Бірақ тарихи процесс объективтік түріңде парламентгі жеңіске жеткізді де,
дуалистік монархия парламенттік монархияға айналады. Парламенттік монархия
бірінші Англияда құрылды. Даңқы революциядан кейін Құқық туралы Билль деген
(1689ж.) конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару нысаны пайда болды.
Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады: Бельгия, Норвегия, Швеция,
Дания. Бұл мемлекеттерде монарх мемлекеттің басшысы. Ол парламенттің
келісімінсіз көп мәселелерді шеше алмайды. Парламентгің төменгі палатасына
көп орын алған саяси партия өзінің өкіметін құрады. Сол партияның басшысы
Премьер-министр болып тағайыңдалады. Премьер-министр кабинетін өзі
құрастырады, король оған тек келісім береді. Кабинет королдің алдыңда емес,
парламенттін алдыңда жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия
сайлауда лейбористерден жеңіліп, 18 жыл Англияны басқарғаннан кейін
оппозицияга кетті. Парламент королвдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның
жеке өміріне де қатысады. Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтарын
шектесе де, бұл ескілік немесе керек емес мемлекеттің элемеиті деп
санамайды. Монарх — мемлекеттің көркі, тұрактылығы, сәні, ертеден келе
жатқан әдет ғұрыптары. Сондықтан, кейбір мемлекеттер жойылған монархияларды
қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім (Испания 1975, Англия). Қазіргі
Ресей, Грузия, Болгария, Румыния мемлекеттерінің патша тұқымдары тірі,
халықгың арасында монархияны қалпына келтіру деген пікірлі білдірген
адамдар жөне саяси партиялар да бар.
Сонымен, монарх топтарлың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және
тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін
реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халықжақсы көреді: парламенттің бірінші
сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу,
мемлекеттің атынан мерекелерімен құттыкгау, монарх сарайларының өмірін
реттейтін әдеттер.[1]

1.2 Мемлекет құрылымының нысаны

Республика.Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі
сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару
формасы республика деп аталады. Республика мемлекеттік органдар белгілі бір
мерзімге сайланып құрылады Республика деген сөз көне дәуірдегі
мемлекетгерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты.
Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халык бір белгілі кезеңге
сайлайды. Сайланбаган қызметкерлер мен оргаңдар республикада бомайды.
Республиканың ең бірінші түрі — Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте
шектеулі тұсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауга тек
Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары болып 20 жасқа толған ер
адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет
еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын. Әйел адамдар,
метистер, шет елдердің азаматгары және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ.
Грецияның негізгі органы — халық жиналысы, ол барлық қызметкерлерді
сайлаған, олардан есеп алатын, мемлекетгің негізгі мәселелерін шешетін заң
шығарды. Басқа органдар бесжұздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер,
белгілі уақытка ғана сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты
болатын.

Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта
республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті баскаруға
азаматтардың бәрі емес, тек қана ақсүйектері жіберіледі, мысалы, Спартада
спартиаттар, Римде патрицийлер.

Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, кебіне ол республика -
қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).

Жаңа кезенде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және
парламентгік республикалар Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы
Конституциясыңда бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп өзбырлық,
заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді.
Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің беліну принциптерін еңгізді.
Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Президентгік
республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару
билік — президент пен өкіметгің қолында, ал сог билігі тәуелсіз сот
оргаңдарында. Президентгі халық сайлайдьіу АҚШ- та - 4 жылда бір рет
президенттік сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті
өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайыңдайды, әскер оған
бағынады. Президент — республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір
президенттік республикаларда президентпен қатар премьер-министр үкіметті
басқарады. Кебіне оны президентгің өзі тағайындайды және ол президенттің
алдында жауапты.Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ Кейбір
мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді озі
тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі парламенттің
келісімімен тағайындайды. Президенттік республикалардың бір кұшті билігі
бар жауапты адам болғаннан, оның тұрақты саяси режимді құратыны байқалады.
Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолыңда, және парламент белгілі
қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді.
Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын
қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заңның
Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының
қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа
немесе өмірбойы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдар әрбір
мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те
қатысады. Үш билік бір—біріне тең болуға тиіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысаны туралы
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдісі жайлы
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Мемлекет нысаны және құрылым
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Мемлекет нысаны жайында
Мемлекеттің территориялық құрылымы мен түрлері
Мемлекеттік басқару нысандары
Пәндер