Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi


СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУ КЕЗIНДЕ ЕҢБЕК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚАУIПСIЗДIК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРI

1 Қолдану саласы

1. 1 Осы Су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде еңбекті қорғау қауіпсіздік техникасының ережелері (ары қарай мәтін бойынша - Ережелер) Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңына, су жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын реттейтін нормативті құқықтық және техникалық актілерге сәйкес әзірленген.

1. 2 Ереже Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады және олардың талаптары суды бұру жүйесін пайдаланушы ұйымдарды қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру кезінде, сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу, технологиялық процесстер мен операцияларды ұйымдастыру кезінде ескерілуі тиіс.

1. 3 Сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорындарында құрылыстың, жабдықтың және процесстердің әрбір типі үшін осы Ереженің талаптарын ескеретін, оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі және орындалуы қажет.

1. 4 Осы Ережені толықтыратын қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды немесе пайдалану кезінде жабдықтар мен технологиялық процесстерді алмастырған соң туындайтын және осы Ережелермен ескерілмеген талаптарды белгіленген тәртіпте бекітілген және енгізуші ұйымдармен жасалған нұсқамаларға сәйкес орындау қажет.

1. 5 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің құрылыстарында жер, көтеру-тасымалдау, дәнекерлеу, пісіру және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ шеберхана шарттарында жабдықтарды жөндеу кезінде жұмыстардың сәйкес түрі бойынша қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптарын орындау қажет.

3 Терминдер қысқартулары және анықтамаларымен

3. 1 Осы Ережелерде ГОСТ 25150 сәйкес «Нормативті сілтемелер» бөліміне қосылған нормативті-техникалық құжаттар мен нормативті құқықтық актілерден алынған терминдер қолданылады.

3. 2 Осы Ережелерде келесі қысқартулар қолданылады:

3. 2. 1 ЕӨҚ : Ерікті өрт сөндіру құрылымы.

3. 2. 2 ИТҚ : Инженерлік-техникалық қызметкерлер.

3. 2. 3 ШРК : Шекті-рауалы концентрациялар.

3. 2. 4 ЖҚҚ : Жеке қорғаныс құралдары.

3. 2. 5 КӘУЗ : Күшті әсер етуші улы заттар.

4 Жалпы ережелер

4. 1 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері нысандары қауіпсіздігінің жалпы талаптары

4. 1. 1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының барлық ғимараттары мен құрылыстары еңбек процесстерінің ең жоғарғы автоматизациясы мен механизациясын, қауіпсіз еңбек шарттарын құруды көздейтін, сондай-ақ қарапайым шарттарда, сондай-ақ апаттық жағдайларда қызмет көрсетуші қызметкерлер үшін санитарлық-гигиеналық және тұрмыстық шарттардың қамтамасыз ететін, бекітілген жобалар бойынша салынуы қажет.

4. 1. 2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің, соның ішінде қосалқы құрылыстарын тек оларды ҚР ҚН 1. 04-03 талаптарына сәйкес арнайы комиссия қабылдаған соң ғана пайдаланысқа енгізуге жол беріледі.

4. 1. 3 Сумен жабдықтау және суды бұрудың жаңа немесе қайта құрылатын өндірістік нысандары «Ебе кауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу ережелеріне» және «Қазақстан Республикасында салынған нысандарды қабылдау бойынша қабылдау және жұмыс комиссиясының уәкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережелеріне» сәйкес және еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалаудың тиісті органдарының қорытындысынсыз пайдалануға қабылдана алмайды.

4. 1. 4 Өндірістік және тұрмыстық ғимараттар мен жайлар ҚР ҚНжЕ 4. 01-41, ҚР ҚНжЕ 3. 02-09 және ҚНжЕ 3. 05. 01. талаптарына сәйкес жылыту, желдету, сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерімен, табиғи және жасанды жарық берумен жабдықталуы қажет.

4. 1. 5 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандары құрылыстарының аумағы қоршалуы, абаттандырылуы, көгалдандырылуы тиіс, сыртқы жарығымен және құрылысқа қауіпсіз кіру жолдарымен, сондай-ақ қажетті жол белгілері мен қауіпсіздік белгілерімен қамтамасыз етілуі қажет.

Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының жайлары мен аумағындағы барлық қауіпті орындар сенімді түрде жабылуы немесе қоршалуы қажет. Қауіпті жерлерде ескерту белгілерін ілу қажет.

4. 1. 6 Аумақта ГОСТ 12. 3. 006 сәйкес технологиялық коммуникациялар, кіру жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз ететін құрылғылар болуы қажет.

4. 1. 7 ҚР ҚНжЕ 4. 01-02 сәйкес сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында периметр бойынша биіктігі 2, 5 м тұйық қоршау мен техникалық қорғау құралдары, соның ішінде күзет жарығы, байланыс құралдары мен басқару пункті немесе қарауыл жайы бар бекеттің екі жақты зор дауысты дабыл беру жүйесі болуы қажет.

4. 1. 8 Оқыс оқиғалардың, апаттардың, ғимараттар мен құрылыстардың құлауына жол бермеу үшін олардың техникалық күйіне мерзімді сынақтары өткізілуі қажет.

Тексеру нәтижелері бойынша нысандардың іс жүзіндегі күйін көрсете отырып, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық паспорттарына бегілер қойылады.

4. 1. 9 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің нысандарын пайдаланушы әрбір ұйымда алатын ауданның бас жоспарына байланысуы және техникалық деректерін көрсете отырып, желістер мен құрылыстардың атқарушы сызбаларының кешені болуы қажет.

4. 1. 10 Технологиялық процессті қайта құру және (немесе) жаңарту процессінде орнату кезінде (бастапқы жобамен қарастырылмаған), осы Ережелермен қарастырылмаған жұмыс әдістерін, материалдарды, заттарды, технологиялық жарақтарды, жабдықтар мен көлік құралдарын қолдануды тиісті мемлекеттік стандарттардың талаптарын, сондай-ақ белгіленген тәртіпте бекітілген ережелерді, нұсқамаларды, ұсыныстар мен нұсқауларды орындай отырып жүргізу қажет.

Ондайлар болмаған жағдайда, тиісті құжаттама әзірленуі тиіс және «Жұмыс берушіңнің еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарын әзірлеу және бекіту ережелеріне» және «Тиісті уәкілетті органдардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы нормативті құқықтық актілерді қабылдау ережелеріне» сәйкес белгіленген тәртіпте міндетті бекітумен жұмыстарды қауіпсіз жүргізудің шарттары мен еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында әрбір жағдайда осы жабдықтардың қолдану рауалығы анықталуы тиіс.

4. 2 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйесінің технологиялық жабдықтар қауіпсіздігінің жалпы талаптары

4. 2. 1 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің технологиялық (өндірістік) жабдығы (ары қарай - жабдық) мемлекеттік стандарттар талаптарына сай келуі қажет.

4. 2. 2 Жабдықтар монтаждау (қайта монтаждау), пайдалану, жөндеу, тасымалдау және сақтау кезінде, жеке немесе технологиялық кешендер мен жүйелер құрамында қолдану кезінде қауіпсіз болуы қажет.

4. 2. 3 Әрбір технологиялық кешен мен автономды қолданылатын сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің жабдығы пайдалану құжаттамасымен жарақтандырылуы қажет, бұл құжат монтаждау (қайта монтаждау), пайдалануға енгізу және жабдықты пайдалану кезінде қауіпті (соның ішінде өрт жарылыс қауіпті) жағдайлардың туындауына жол бермейтін талаптарды белгілеуі, сондай-ақ конструкцияға кірмейтін жұмыс жасаушыны қорғау құралдары мен әдістерін пайдалану қажеттілігін айқындайтын талаптарды қамтуы қажет.

4. 2. 4 Жабдық пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарды пайдаланушы орындаған шартта пайдаланудың барлық мерзімі аралығында қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс.

4. 2. 5 Жабдық пайдалану процессінде мемлекеттік стандарттар мен санитарлық нормалармен белгіленген рауалы мәндерден жоғары мөлшерде зиянды микроағзалар мен зиянды заттардың лақтырындыларымен қоршаған табиғи ортаны ластамауы тиіс.

4. 2. 6 Электр күш қондырмалары, тарату құрылғылары, қосалқы станциялар, диспетчерлік және технологиялық басқарманың байланыс құралдары РҚ 34 ҚР 20/03. 501/202 және «Қазақстан Республикасының электр қондырмаларын құру ережелері» талаптарына сәйкес пайдаланылуы қажет.

4. 2. 7 Жабдықтарды өндірістік жайларда және жұмыс орындарында орнату қызметкерлер үшін қауіп төндірмеуі қажет.

4. 2. 8 Жабдықтар арасындағы қашықтық цех ішіндегі көлік тұрағы мен қауіпсіз өту жолы үшін, олардың жөндеуі мен қызмет көрсетуімен айналысатын қызметкерлердің еркін өтуі үшін жеткілікті болуы қажет.

Өту жолдарының ені жабдықтың орналасуына, тасымалдау әдісіне, бөлшектер мен бұйымдар типі мен мөлшеріне байланысты, дегенмен барлық шарттарда ол 1 м кем болмауы тиіс.

Өндіруші-кәсіпорынмен рұқсат етілген жабдық айналысындағы өту жолдарын паспорттық деректер бойынша қабылдау қажет.

Жүктерді автомашиналармен тасымалдау үшін өту жолдарының ені 3, 5 м кем болмауы тиіс. Өту жолдары мен кіре-берістерді, сондай-ақ жұмыс орындарын әртүрлі заттар мен бұйымдармен бөгеуге рұқсат етілмейді.

Өтпе жолдар мен кіре-берістер таза әрі ұқыпты ұсталуы қажет.

4. 2. 9 Жабдықтар мақсаты бойынша қолданылуы тиіс және өндіруші-кәсіпорын белгілеген шарттарда қолданылуы қажет.

4. 2. 10 Жабдықтарды олардың конструкциясында қарастырылған қоршау құрылғыларынсыз, сақтау құрылғыларынсыз, бұғаттауларсыз, дабыл беру жүйелерінсіз және қызметкерлердің басқа да жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарынсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.

4. 2. 11 Жабдықпен жұмыс жасауға арнайы білім алған және белгіленген тәртіпте білімін тексеруден өткен қызметкерлерге ғана рұқсат етіледі. Жабдықты басқаруды және оған қызмет көрсетуге білім алмаған қызметкерлерді жіберуге, қызметкерлер бақылауын талап ететін жұмыс жасайтын жабдықты қараусыз қалдыруға тыйым салынады.

4. 2. 12 Жабдықты қосу, іске қосу және жұмыс жасайтын жабдықты бақылауды оған бекітілген тұлға ғана жүргізуі қажет.

4. 2. 13 Жабдықты монтаждау (қайта монтаждау) өндіруші-кәсіпорынның нұсқамаларына сәйкес және жабдықтың ақаусыз жұмыс жасауы үшін жауапты тұлғаның және аталған жұмыстарды орындаушы қызметкерлер бағынатын тұлғаның басшылығымен жүргізілуі қажет.

4. 2. 14 Қауіпті өндірістік нысандардағы техникалық құрылғылар еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптары мен өндіруші зауыттың техникалық шарттарына сәйкес орнатылуы және қолданылуы қажет.

4. 2. 15 Тікелей жабдыққа орнатылған бақылау-өлшеу аспаптары бақылау және қызмет көрсету үшін ыңғайлы болуы және онда олардың мақсатын айқындаушы жазулары болуы қажет.

4. 2. 16 Ақаулығы бар аттестацияланбаған бақылау-өлшеу аспаптарын, сондай-ақ тексеру мерзімі өткен аспаптарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

4. 2. 17 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында тексеру, оларды жөндеу немесе алмастыру мерзімділігі мен көлемін айқындаушы бақылау және қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар әзірленуі қажет.

4. 3 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің нысандарында еңбекті қорғау және қауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша жалпы талаптар

4. 3. 1 Сумен жабдықтау және суды бұрудың әрбір ұйымында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес ГОСТ 12. 2. 003, ГОСТ 12. 3. 006 және ҚР ҚНжЕ 1. 03-05 сәйкес осы құрылыстар үшін тән қауіпті және зиянды өндірістік факторларды ескере отырып. Еңбек қауіпсіздігі және қорғауды жақсарту бойынша шараларды жүйелі түрде әзірлеу және жүзеге асыру қажет.

4. 3. 2 Жекелеген агрегаттар мен технологиялық кешенді басқару органдары жалпы алғанда қарапайым пайдалану шарттарында, сондай-ақ апаттық жағдайларда өндірістік жабдықтарды тиімді басқаруды қамтамасыз етуі қажет.

4. 3. 3 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында жұмыс жасайтын қызметкерлер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, РҚ-02-02 және «Қауіпті өндірістік нысандардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды ұйымдастыру ережелерінде» белгіленген тәртіпте еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытылады, нұсқамадан өткізіледі және білімі тексеріледі.

4. 3. 4 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдаланушы ұйымдарда сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлер құрамында, құрылыстардың технологиялық режимінің сақталуына жауапты қызметкерлермен қатар, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау күйі үшін, технологиялық жабдықтардың, электр жабдықтарының, көтеру-тасымалдау жабдықтарының, автоматизация құралдарының, бақылау-өлшеу аспаптарының техникалық пайдаланылуы, реагентті шаруашылық және өрт қауіпсіздігі үшін жауапты қызметкерлер тағайындалуы қажет.

4. 3. 5 Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін пайдалану бойынша ұйымның әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттері мен жауапкершілігі А-Қосымшасына сәйкес анықталады.

Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау күйі үшін жалпы жауапкершілікті жұмыс беруші көтереді.

4. 3. 6 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша лауазымды тұлғалар мен бөлімшелердің қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі құрылуы тиіс.

Қызметкерлерді оқыту, нұсқамадан өткізу, еңбектің қауіпсіз әдістерін насихаттау және еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша білімін тексеру мақсатында сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдаланушы ұйым еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кабинеттер мен бұрыштарды жасақтайды, оларды «Ұйымдардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі туралы типтік ереже» талаптарына сәйкес оқытудың техникалық құралдарымен, нормативті, техникалық және анықтама әдебиетімен жарақтандырады.

4. 3. 7 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында құдықтарда, коллекторлар мен траншеяларда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша тәжірибелік машықтарды жаттықтыру мақсатында оқу-жаттығу полигондары жабдықталады.

4. 3. 8 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелетін оқиғалар, апаттар, ауыртпалықтар мен катастрофалардың себептерін, жазатайым оқиғалардың тексерілуі мен есепке алынуы «Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу ережесiне» және «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелген апаттар, ауыртпалықтар мен катастрофалардың себебін тексеру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

4. 3. 9 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарында хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде хлормен жұмыс жасау тәртібі «Хлорды өндіру, сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына» сәйкес реттеледі.

4. 3. 10 Оқыс оқиғалар, апаттар тән болатын сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері мен құрылыстары үшін Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндіріс нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заң талаптарына сәйкес, белгіленген тәртіпте келісілетін, апатқа қарсы шаралар әзірленуі және жүзеге асырылуы қажет.

4. 3. 11 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында басшылықпен бекітілетін және нысандардағы техникалық қызмет көрсет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құралдарды жөндеу және қолдану тәртібін айқындаушы, сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі туралы ереже әзірленуі қажет.

4. 3. 12 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарында «Еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды міндетті мерзімді аттестациялауды жүргізу ережелері» талаптарына сәйкес еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарды міндетті мерзімді аттестациялау жүргізілуі қажет.

4. 3. 13 Сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарындағы қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына қоғамдық бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

4. 3. 14 Жұмыс беруші сумен жабдықтау және суды бұру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, осы Ережелерге қайшы келмейтін еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша қосымша шараларды қарастыра алады. Бұл шаралар еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша тиісті нұсқамаларға енгізіліп, жұмыс жасайтын қызметкерлердің қаперіне жеткізілуі қажет.

4. 3. 15 Өндірістік жайларда санитарлық бекеттер жабдықталуы қажет, қажетті дәрілер мен құралдар жинағымен, сондай-ақ оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен бірге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларымен жарақтандырылуы қажет.

Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек дәрі қобдишаларындағы дәрілік заттардың тізімі мен қажетті мөлшері өндіріс сипаты мен қызметкерлер санына сәйкес жергілікті денсаулық сақтау органдарымен келісіледі.

4. 3. 16 Дәрілік заттар мен құралдардың шығындалуы және (немесе) жарамдылық мерзімінің өту шамасына қарай жүйелі түрде толықтырылуы қажет.

4. 3. 17 Осы Ережелерге сәйкес әзірленетін еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтар талаптарға сай болуы және келесі бөлімдерден тұруы қажет:

- Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары;

- Жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары;

- Жұмыс барысындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары

- Апатты жағдайларда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары;

- Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары;

- өндірістік (технологиялық) процесстерге қойылатын талаптар;

- өндірістік жайларға қойылатын талаптар;

- өндірістік алаңдарға (өндірістік жайлардан тыс орындалатын процесстер үшін) қойылатын талаптар;

- бастапқы материалдарға, жасақтамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;

- өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар;

- өндірістік жабдықтарды орналастыру және жұмыс орындарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

- бастапқы материалдарды, жасақтамалар, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау әдістеріне қойылатын талаптар;

- өндірісте жұмыс жасайтын қызметкерлердің еңбек ету және демалу режимдері;

- қызметкерлердің кәсіби іріктелуіне және олардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптар

- қорғаныс құралдарын қолдануға қойылатын талаптар.


5
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың тізімі

5. 1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарының құрылыстары мен желістерін пайдалану кезінде қызметкердің науқастануына, оның еңбек қабілетінің төмендеуіне, еңбек қабілетін уақытша немесе тұрақты жоғалуына, еңбек жарақатына, кәсіби ауруға шалдығуына немесе қызметкердің қаза болуына әкелуі мүмкін келесі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың болуы және олардың әсер ету мүмкіндігін ескеру қажет:

- жабдықтың қозғалмалы элементтері (сорғылық, күштік, механикаландырған торшалар, лебедка, қырғыштар, суарғыштар, механикалық араластырғыш және басқа да механизмдер) ;

- ұшатын заттар (торшалардан алынатын қалдықтарды ұсатқыштарда ұсату кезінде), ұшып кететін (сынақталатын құбырларда тығындарды ию кезінде; бетон құбырлар мен фасондық бұйымдарды және т. б. өңдеу және ою кезінде) ;

- құлайтын заттар мен құралдар (сумен жабдықтау және суды бұру жүйелеріндегі құдықтарда, тазалау құрылғылары мен желістерінде, орын-жайларда және т. б. жерлерде жұмыс жасау кезінде) ;

- газдардың жарылыс қауіпті қоспаларының түзілуі (құдықтарда, торлардағы камераларда, сорғы станцияларында, метантенктердің қызмет көрсету жайларында және басқа да жайлар мен құрылыстарда) ;

- түйісуі адам денесінен өтуі мүмкін электр тізбегіндегі кернеудің қауіпті деңгейі немесе электр тоғының әсер ету қауіпі;

- өндірістік жайлар мен құрылыстағы ауаның төмен температурасы;

- ауаның жоғары ылғалдығы (сорғы станцияларында, фильтрлер дайында, тұндырғыштарда және т. б. ) ;

- ультракүлгін (бактерицидті қондырмалар) және инфрақызыл (дегельминтизаторлар) сәулеленудің жоғарғы деңгейі;

- жеке электронды-санақ машиналары мен бейнедисплейді терминалдарда жұмыс жасау кезіндегі зиянды факторлар;

- шу мен дірілдің жоғары деңгейі (сорғылық және ауа үрлеу станцияларының машина залдарында және технологиялық жабдық орнатылған басқа да жайлар мен құрылыстарда) ;

- жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы (құдықтарда, камераларда, арналарда және т. б. ) ;

- арна тазалау машиналарын қолданып, суды бұру желістерін тазалау кезінде жоғары қысымды су ағыны;

- құдықтардағы, камералардағы, арналардағы, тазарту құрылыстарындағы жалпы уытты және басқа да зиянды әсерлі газ тәрізді заттар (күкіртсутек, метан, бензиннің, эфирдің булары, көмірқышқыл газ, озон және т. б. ) ;

- баллоннан, бөшкелерден, цистерналардан ағын нәтижесінде бөлінетін газдар (хлор және басқа да қысылған, сұйылтылған және ерітілген газдар) ;

- ағын суларға түскен жанғыш қоспалар (бензин, мұнай және т. б. ), сондай-ақ суды бұру желістерінде және құрылыстарда жарылғыш қауіпті және уландыратын қоспалар түзуі мүмкін ерітілген газ тәрізді заттар;

- жұмыс аймағы ауасында шаң түзетін реагенттердің жоғары шаңдануы (күкірт қышқылды алюминий, хлорлы темір, сөндірілмеген және хлорлы әк, сода, ащы натр, белсендірілген көмір, құрамында фторы бар реагенттер және т. б. ) ;

- сынап булары (сынап толтырылған аспаптармен жұмыс жасау кезінде) ;

- ағынды және табиғи сулардағы патогенді микроағзалар (бактериялар, вирустар, қарапайым) ;

- ағынды сулардағы гельминттер жұмыртқалары.

5. 2 Санитарлық нормалар бойынша жұмыс орындарында асуына жол берілмейтін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың концентрацияларының рауалы деңгейлері мен басқа да параметрлерін ГОСТ 12. 1. 001, ГОСТ 12. 1. 003, ГОСТ 12. 1. 005, ГОСТ 30852. 2, ГОСТ 30852. 5, МСН 2. 04-03, ГОСТ 30852. 11, ГОСТ 30852. 19, ҚР ҚНжЕ 4. 02-42, ҚР ҚНжЕ 3. 02-09, ҚР ҚНжЕ 1. 03-05 талаптарына сәйкес белгілеу қажет.

6 Өндірістік процесске қатысуға рұқсат етілген қызметкерлерге, жеке қорғаныс құралдарын қолдануға және еңбек, демалыс режимдеріне қойылатын талаптар

6. 1 Өндірістік процесске қатысуға рұқсат етілген қызметкерлерге қойылатын талаптар

6. 1. 1 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарына қызмет көрсететін қызметкерлерге олардың жұмыс сипатының физиологиялық, психофизиологиялық, психологиялық және жекелеген жағдайларда антропометриялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары қойылады.

6. 1. 2 Сумен жабдықтау және суды бұру нысандарын пайдалануға қатысы бар қызметкерлер алдын ала және мерзімді медициналық тексерулерден өтуі қажет. Қызметкерлер денсаулығының күйін бақылау мерзімділігі Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес белгіленген тәртіпте қауіпті және зиянды өндірістік факторларға байланысты анықталуы қажет.

6. 1. 3 Хлорлы нысандарды пайдалануға байланысты жұмысқа қабылданатын қызметкерлер маманданған ұйымдармен жасалған және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісілген әдістемелер бойынша кәсіби жарамдылыққа тестіден өтуі қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару жүйелерінің ерекшеліктері
Маңғыстау облысының Қ елді мекенін сумен жабдықтау жүйесі
Сәулет - құрылыс жобалау бөлімі
Өткізгіш тұрбаларды жөндеу және сынау
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
Ток шектейтін реакторлардың түрлері
Көмір қабаттарының сипаттамасы
Ақтөбе облысы бойынша ғимаратты жоспарлау
Ауыл шаруашылығы объектілерін өртке қарсы қорғау
Тоңазытқыш жабдықтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz