Салық қызметі туралы



Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Салық қызметінің органдары
2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
3 Салық саясатының мазмұны мен маңызы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Осы жұмыс «Қазақстан Республикасының салық саясаты және салық механизмі» деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап, еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.
Бұл жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
- Салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке әсері;
- Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
- Қазақстан Рнеспубликасының салық саясатының бюджеттің кіріс бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
- Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту жетістіктері.
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституция – 2003 ж. Алматы.
2. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тұралы Қазақстан Республикасының кодекс. (2004 ж. 1 қантардағы жағдай бойынша). – БИКО баспа үйі, 2004 ж.
3. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. – Алматы, 2002ж.
4. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім
1 Салық қызметінің органдары
2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
3 Салық саясатының мазмұны мен маңызы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге
қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле
отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық
экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда
халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу
мақсатында өнімнің өзіндік құнына әсер ететін шығындардың жүйесі қайта
қаралып, түпкі нәтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық
жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық
салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Осы жұмыс Қазақстан Республикасының салық саясаты және салық
механизмі деген тақырыпта қазіргі мемлекетіміздің жүргізіп отырған
саясатына талдау мақсатында жасалды. 1991 жылдың желтоқсанында өз
тәуелсіздігін алған жас мемлекетіміздің жаңа экономикалық саясатында салық
жүйесінің атқаратын рөлін жан – жақты қамтуға арналған жұмыс. Аталған
жұмыста еліміздегі қазіргі салық жүйесі мен салық саясатына шолу жасап,
еліміздегі қолданып жүрген салықтар мен алымдардың мәні мен маңызын және де
кемшілігін көрсетуге тырыстым.
Салық жүйесі өте күрделі жүйе. Мемлекетіміздің әл – қуаты мен
қауіпсіздік саясатына арқау боларлық тұрақты экономикалық дамуына әсер
ететін жүйе. Бұл арада салық төлеушілер де, мемлекетте арақайшылық
болмайтын қатынас болу үшін салық саясатын заң арқылы дұрыс жолға қоя білу
керек.
Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары
жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты
кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне
қарай жүргізеді.
Бұл жұмыста мынадай мәселелерді ашуға тырыстым:
- Салық саясатының мазмұны мен маңызы;
- Қазақстан Республикасының салық саясатының жүргізілуі мен бюджетке
әсері;
- Салық саясатының бюджетті толтырудағы рөлі;
- Қазақстан Рнеспубликасының салық саясатының бюджеттің кіріс
бөлігін толтырудағы басқа дамыған елдерден ерекшелігі;
- Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының салық саясатын дамыту
жетістіктері.

1 Салық қызметінің органдары
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері –
билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтық бақылау– салық службасы органдарының салық заңнамасының
орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының
толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
• Салық төлеушілерді тіркеу есебі;
• Салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді
есепке алу;
• Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
• Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
• Салық тексерістері;
• Камералық бақылау;
• Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
• Фискалдық жады бар бақылау касса-машиналарын қолдану ережелері;
• Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және сату
тәртібін сақтауды тексеру;
• Уәкілетті органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс
салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу
жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексыне және кеден заңнамасына сәйкес
жүзеге асырады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы
салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын,
төмендеткен табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік
немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін
өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.

2 Салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері
Салық төлеушілер мен салық қызмет органдары құқығы мен міндеттері салық
заңдары арқылы белгіленеді және реттеледі.
Қазақстан Республикасының салық заңдарына мыналар жатады. Қазақстан
Республикасының салық қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасы
Президенттің заң күші бар жарлығы салық және бюджетке төленетін басқада
міндетті төлемдер туралы .
Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актлері; Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің нормативтік
актлері
Салық қызметі Қазақстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің және
облыстағы аудандардағы, қалалық аудандардағы мемлекеттік салық
басқармалармен бөлімдерінен тұрады.
 Қазақстан Республикасы мемлекетінің салық комитетінің төрағасын
Қазақстан Республикасы Президенті, ал оның орынбасарлар және салық
полициясы басқармасының бастығы Қазақстан Үкіметі тағайын даыды.
Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
- салық заңдарының орындалуын қамтамассыз ету, оның тиімділігін зерделеу
;
- заңдардың, салық салу мәжелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын
шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу ;
- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру салық
заңдары мен салық салу жөніндегі нормативтік актлер өзгерістер туралы салық
төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
Салық қызмет органдарының негізгі міндеттері:
1. салық төлеушілердің құқтарымен мемлекеттік мүдделерін сақтау және
қорғау, салықтың дұрыс есептеліп, толығымен, уақтылы төлеуіне
бақылау жасау;
2. салық төлеушілер мен салық салынатын объектілердің есебін уақтылы
алу;
3. салықты есепту мен төлеуге байланысты деклорацияны және басқа
құжаттардың нысандарын әзірлеу;
4. салық тәртібін бұзушыларға, салықты дұрыс есептемей өз табысын
азайтып көрсеткен заңды және жеке тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қолдану;
5. салық төлеуден жалтарып жүрген жеке және заңды тұлғаларды салық
полициясының бөлімшесімен бірігіп іздестіруді жүзеге асыру;
6. мәліметтер құпиясын сақтау;
Салық қымет органдарының мынадай құқтары бар:
1. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес тәртіп пен шарттар
негізінде заңды және жеке тұлғалардың барлық ақша құжаттарын, бухгалтерлік
кітаптарын есептерін, сметаларын, қолда бар ақшалай қаражаттың, бағалы
қағаздардың және басқа да құндылықтар есеп айырмаларын, деклорациямен
бюджетке салықпен басқа төлемдерді есептеумен төлеуге байланысты құжаттарын
тексеруге;
2. ұйымдардың лауазымды адамдарынан салық жөнінде тексерулер
барысында пайда болатын мәселелер жөнінде анықтамалар, ауызша және жазбаша
түсініктемелер алуға;
3. салық полициясы бөлімшелермен бірлесе отырып салық тергеулерін
жүргізуге;
4. өз өкілеттігін жүргізген кезде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
ұйымдармен азаматтардың табыс түсіру үшін немесе тұрған жеріне қарамастан,
салық салынатын объектілерді ұстауға байланысты пайдаланатын кез келген
өндірістік қойма, сауда және басқа да үй жайларын тексеруге құқы бар.
Ұйымдардың басшылары мен азаматтар салық қызмет органдарының лауазымды
адамдарын аталған үй-жайларды тексеруге жіберілген бас тартқан жағдайда
салық инспекциялары мұндай субъектілердің салық салынатын табысын олардың
табыс алып отырғанын дәлелдейтін құжаттар негізінде анықтауға құқы бар;
5. салық заңдарын бұзған ұйымдарға лауазымды адамдарға және
азаматтарға заңға сәйкес айыппұл салынады;
6. салық айыппұл және өсім белгіленген мерзімдетөленбеген кезде
салық
төлеушілердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің, ақша-валюта қаражатының
тізімдемесін жасауға;
7. Қазақстан Республикасы Ұлттық бакні мен оны бөлімшелерінде
заңдармен белгіленген қорларға аударымдар жасаудан кейін қалған пайданы
бюджетке толық және уақтылы түсу мәселесі бойынша тексерулер жүргізуде ;
8. қызмет бабындағы мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден,
биржалар мен азаматтардан тексерілетін ұйымдар мен азаматтардың кәсіпкерлік
қызметі, операцияларды және шотындаға ақша қаражатының жай-күйі туралы
мәліметтерді алуға.
Салық қызметінің қызметкерлері өздерінің міндеттерін атқару барысында
олды заң қорғайды және Республикалық бюджет қаржы есебінен міндетті түрде
жеке сақтандыруға тиіс.
Салық төлеушілер өз тарпынан мынадай міндеттерді атқаруға тиіс:
1. уақтылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу номерін алуға;
2. мемлекеттік салық комитетінің актлеріне сәйкес есеп құжаттамаларды
жүргізуге осы есеп құжаттамалары 5 жыл бойы сақтауға;
3. белгіленген мерзімге салық деклорациясын тапсыру;
4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге
асыралатын салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген
сомалар туралы ақпарат беруге;
5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң
сақтауға.
Салық төлеушінің құқығы : 
Салық төлеушінің:
1. салық жөнінде жеңілдіктерге деген құқығын растайтын құжаттарды табыс
етуге;
2. жүргізілген тексерулер актлерімен танысуға;
3. салық органдарына салықтарды есепеу мен төлеу және жүргізу мен тексеру
актлері жөніндегі түсіндірмелерді ұсынуға;
4. заңға сәйкес тәртіппен салық органдарының шешімдеріне шағымдануға;
5. салық салуға қатысуы деп саналатын ақпаратпен құжаттарды тапсырмауға
құқы бар.
Салық жүйесі және оның қызмет ету механизі белгілі бір принциптерге
сәйкес қызмет ету керек. Сонда ғана салық жүйесі өз қызметін жан жақты және
тиімді түрде сіке асыра алады. Дүние жүзілік тәжірибеде қолдалынып келе
жатқан бірнеше принциптер бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік,
салыстыру принциптері бар.

3. Салық саясатының мазмұны мен маңызы

Салықтар - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін көлемдер.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың
мемелекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын,
қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың
экономикалық мәнін мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен
салық табысының қалыптасуындағы қаржылық (жүргізуші субъектілер)
қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халық табысын белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне
жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің
өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі,
өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен
бірге қалыптасады.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі
бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы
көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты
экономикалық тетік ретінде пайдаланды.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын
түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру,
бақылау функцияларында атауға болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы
салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге
асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал
ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу
әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің
дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шет
елдік инвесторларды ынталандыру, шағын және ішкі кәсіпкерлікті дамыту
жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет
атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктеріне тығыз байланыста
болуы қажет.
Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын
орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған
ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын
бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлушілердің
жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендетуіне және мемлекеттік бюджет
кірісінің азайуына әкеліп соқтырады.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл
қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың
қоғамдық міндеттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық (дәрістер жинағы)
ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары
Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
Салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері
Салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы мықты нарықтық экономика
Қазақстан Республикасының салық заңдары
Салық берешегін тексерудің экономикалық мәні
Қазақстандағы салық қызметінің ұйымдастырылу негіздері
ҚР салық органдары
Салық қызметі органдарының салықтық әкімшілік ету қызметін ұйымдастыруды және құқықтық негiзiн кешендi зерттеу арқылы салық органдарының қызметiн талдау және жалпылау негiзiнде салық органдарының бақылау-экономикалық қызметiн жетiлдiруге байланысты тәжiрибелiк ұсыныстар
Пәндер