Өлкетану жұмыстары



1 Өлкетану
2 Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстары
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
1. Қазақ Энциклопедиясы
2. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.»
ЖШС, 2010.
3. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет.
4. "Қазақ Энциклопедиясы"

Өлкетану
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын,
тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы;
шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін,
елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану
(тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік
құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану
болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи
үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық
мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау
мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық
зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында
қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу
үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан
аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И.И. Лепехин, П.С. Паллас, П.И.
Рычков, И.К. Кирилов, В.Н. Татищев, А.И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан
төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында
Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын
алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба
байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар
Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887)
ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы.Алтынсарин, С.Бабажанов,
Б.Дауылбаев, Т.Сейдалин, С.Жантөрин, т.б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың
тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен
шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне
көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола
статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті.
Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов,
т.б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы
бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды
зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары
жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография,
жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай
экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана
емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен
Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында
ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ
ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді
айналысты. Қоғамдарда Е.Букин, Н.Жетпісбаев, Ә.Диваев, І.Қостанаев
зерттеулер жүргізді. Жетісуға П.П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А.Н.
Краснов, А.Ф. Голубев, М.И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен
қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі
экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру
үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық
жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын
жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл
атқарды. Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты
1886 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Тарихи өлкетану жұмыстары және оларды ұйымдастыру жолдары
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Бастауыш сынып оқушыларымен өлкетанулық жұмыс орындалатын әдістемесін жетілдіру
Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі
БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ: МӘДЕНИ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Пәндер