Бағалы қағаздар нарығының туынды қаржылық құралдары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

1. Меншікті мемлекет иелігінен алуДЫҢ жӘне жекешелендіруДІҢ ҚазаҚстандаҒЫ баҒалы ҚаҒаздар нарыҒын ҚалыптастырудыҢ негізі ретінде

2. БАҒАЛЫ ҚаҒаздар нарыҒыныҢ мӘні, функциЯлары жӘне Қатысушылары

3. БАҒАЛЫ ҚаҒаздар нарыҒыныҢ негізгі ҚаржылыҚ ҚҰРАЛДары жӘне олардыҢ жіктелінуі

4. БАҒАЛЫ Қ аҒаздар нарыҒыныҢ туынды Қ аржылы Қ ҚҰРАЛДары

БАҒАЛЫ қағаздар нарығы, оның функциялары мен құрылымы

1. Жекешелендіру - елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.

Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік бойынша мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталмыш комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.

Қазақстан жекешелендіру процесін реттейтін құқықтық актілердің тұтас жүйесіне ие. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы “Жекешелендіру туралы” заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған “1996-1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын”, сондай-ақ, Министрлер Кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитет және Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативті актілерді қамтиды.

ҚР-да Жекешелендіру бағдарламасына сәйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:

  • жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды сату;
  • орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
  • жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды жекешелендіру;
  • ауыл шаруашылық салаларындағы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу секторындағы жекешелендіру.

Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.

Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11 мың нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ, бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.

Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар, мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.

Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алғанда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықтарды ішінара өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15, 5 млн-нан аса купон кітапшалары таратылып, халықтың шамамен 90%-ы қамтылды.

Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жекешелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық купондар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖЖҚ) ғана салынатын болды. ЖЖҚ, өз кезегінде, купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензияланған ЖЖҚ қатыса алады (5-кесте) .

5. Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған АҚ-ының салалық құрылымы

Салалар: Салалар
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен
Салалар: Газ өнеркәсібі
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 1
Салалар: Геология
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 4
Салалар: Ғылыми-зерттеу институттары
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 3
Салалар: Жөндеу кәсіпорны
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 12
Салалар: Жеңіл және жергілікті өнеркәсіптер
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 13
Салалар: Металлургия
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 1
Салалар: Мұнай өнеркәсібі
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 1
Салалар: Машина жасау
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 3
Салалар: Агроөнеркәсіп секторы
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 14
Салалар: Құрылыс
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 15
Салалар: Көлік және телекоммуникация
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 13
Салалар: Химия өнеркәсібі
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 2
Салалар: Энергетика
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 1
Салалар: Көтерме сауда
АҚ-ының жалпы санынан үлес, %-бен: 17

Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖЖҚ үшін купондық аукцион арқылы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке максимум 39%-ы қалуы тиіс болды.

1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды. Онда номинал құны 1261, 5 млн теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.

Республика халқына берілген купондардың жалпы саны - 1, 5 млрд, оның 1131, 5 млн-нын халық ЖЖҚ-ға табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.

1996 жылдың басында жекешелендірілген кәсіпорындардың шамамен 60% жарғылық қоры жеке меншік иелеріне берілді (кіші жекешелендірудің объектілерін қоспағанда) . Фармацевтикалық компаниялардың жекешелендіру процесінің нәтижесінде республикадағы барлық дәріханың 57%-ы жеке меншікке өтті. 1997 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 2900-дан да көп объектілер жекешелендірілді. Осылайша, 1991 жылдан бастап 17 мыңнан да көп кәсіпорындар мен ұйымдар меншік иелерінің қолына өтті.

Үшінші кезең - жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кең өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар Жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.

Мұндай тәсілдердің мақсаты - әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жекешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісім-шарттарды жүзеге асыру көзделді.

Ауыл шаруашылық салалары мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.

Агросервис пен ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылық өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары Жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.

Қазақстан-2030 Даму стратегиясында көзделген міндеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.

1999-2000 жылдарға арналған меншікті жекешелендіру және мемлекеттік тұрғыдан басқару бағдарламасына сәйкес, кен өндіру, көлік, мұнай өңдеу, темір жол және әуе көлігі, энергетика кешені, уран өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары экономика салаларындағы нысандардың меншіктік құқығын мемлекет өзінде қалдырады. Үкімет экономиканың нақты салаларын мемлекет иелігінен алудың негізгі бағыттарын анықтап, реттеуші заңдық және әкімшілік базаларды дамытудың стратегиясын жасады (6-кесте) .

6. Жекешелендірілген объектілердің саны*

Жылдары: Жылдары
Кіші жекеше-лендіру: Кіші жекеше-лендіру
Жаппай жекеше-лендіру: Жаппай жекеше-лендіру
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: Ауыл шаруашы-
лығындағы жекеше-лендіру
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру
Барлығы: Барлығы
Жылдары: 1994
Кіші жекеше-лендіру: 2748
Жаппай жекеше-лендіру: -
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 918
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: -
Барлығы: 4147
Жылдары: 1995
Кіші жекеше-лендіру: 2477
Жаппай жекеше-лендіру: 147
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 513
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: 5
Барлығы: 3142
Жылдары: 1996
Кіші жекеше-лендіру: 3393
Жаппай жекеше-лендіру: 497
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 138
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: 28
Барлығы: 4056
Жылдары: 1997
Кіші жекеше-лендіру: 5590
Жаппай жекеше-лендіру: 1122
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 18
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: 47
Барлығы: 11876777
Жылдары: 1998
Кіші жекеше-лендіру: 2539
Жаппай жекеше-лендіру: 514
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 9
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: 11
Барлығы: 3073
Жылдары: 1999
Кіші жекеше-лендіру: 2153
Жаппай жекеше-лендіру: 161
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 4
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: 0
Барлығы: 2318
Жылдары: 2000
Кіші жекеше-лендіру: 1581
Жаппай жекеше-лендіру: 129
Ауыл шаруашы-лығындағы жекеше-лендіру: 11
Жеке жобалар бойынша жекеше- лендіру: 3
Барлығы: 1724

* ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметі бойынша.

Кәсіпорындарды жекешелендіру олардың қызметіне оң әсерін тигізді. 15% жекешелендірілген нысан өкілдеріне сауалнама жүргізілді (сауалнаманы Deloіtte & Touche компаниясы жүргізді) . Онда мына мәселелер қозғалды: жұмыс істеудің шарты мен әдістері, жұмыскерлердің материалдық өтемақысының деңгейі, басқару әдістері, салық салудың ережесі, үкімет органдарының араласуы және т. б. Сауалнаманың нәтижелері мыналарды көрсетіп берді:

  • компаниялардағы жұмыспен қамтылудың көрсеткіші орта есеппен алғанда 20%-ға артқан;
  • жаңа меншік иелерінің тарапынан қаржылық инвестицияның көлемі артқан;
  • жекешелендірілген кәсіпорындардың пайда көлемі өскен;
  • мемлекеттік сектормен салыстырғанда жеке секторға жұмыспен қамтылғандардың еңбекақы деңгейі жоғары;
  • жекешелендірілген кәсіпорындар ұсынған тауарлардың ассортименті бай;
  • баға деңгейі кеміген.

Қызмет көрсету саласының, атап айтқанда, бухгалтерлік есептің, маркетингтің және жарнама ісінің дамуы мен клиенттерді қанағаттандыруда жоғары деңгейге жеткенін қоса ескергенде жекешелендіру процесінің басқа да маңызды нәтижелерін айта кетуге болады.

Қазақстандағы жекешелендіру процесінде шетелдік инвесторларды толғандырған мәселелердің бірі - олардың құқықтық қамтамасыз етілуі болды. ҚР заңдарына сәйкес шетелдік инвесторлардың құқығы отандық инвесторлардың құқығымен бірдей, олар өз мүдделерін сотта және басқа да кез келген құқық құралының көмегімен қорғай алды. 1995 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған “Шетелдік инвестициялар туралы” заң шетелдік инвесторларды ұлтшылдықтан, сондай-ақ, саяси ахуал мен заң өзгерістерінен қорғайды, әрі зиян шеге қалған жағдайда (әрине, еліміздегі белгілі бір өзгерістердің салдарынан) оларға келген залалдың орнын толтыруға кепілдік береді. Аталмыш заңға сәйкес шетелдік инвесторлар халықаралық төрелік сотқа жүгіну арқылы өз мүдделерін қорғауға құқылы.

Қазақстан жекешелендіру процесінде USAІD жобалары арқылы шетелдік сарапшылар мен кеңес берушілердің көмегін және шетелдік компаниялардың жәрдемін пайдаланды. Бұл шетелдік инвесторлар үшін процесті анық әрі ұғынықты етті.

Жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі болып табылды. Акционерлік қоғамдардың құрылуы акциялардың шығарылуына жол ашты. Бұл акциялар аукциондарда, тек алғашқы нарықта ғана сатылды, яғни олардың алғашқы орналасуы ғана болды. Акционерлік қоғамдардың ашылуы, акциялардың шығарылуы, ЖЖҚ-ның құрылуы бүгінгі таңдағы Қазақстан бағалы қағаздар нарығын қалыптастырған базис болды.

2. Бағалы қағаздар нарығын олардың шығуы мен бағалы қағаздар нарығына қатысушылар арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл тұрғыдан алғанда ол кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан ерекшеленбейді. Зерттелетін нарық нысанын жеке салыстырғанда ғана айырмашылық пайда болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы қандай да бір жеке тауар нарығына емес, тұтас тауар нарығына сәйкес келеді, әрі кез келген елдің қаржы нарығының құрамдық бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Бұл нарық түрлерінің жіктелінуі бағалы қағаз түрлерінің жіктелінуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  • халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  • ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
  • нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т. б. ) ;
  • мемлекеттік және корпорациялық (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
  • бастапқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының функциясын шартты түрде екі топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция. Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты - нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т. б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т. б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.

Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:

  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
  • ең алдымен халықтың жинақ ақшаларын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақшалай қаражатты шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал, баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісім-шарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операцияларының іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал, олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XІX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады.

1. Жоғары имиджі бар мемлекет, муниципалиттер, аса ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Олардың бағалы қағаздарды шығаруы және оны жүзеге асыруы көп қиындық тудырмайды: оларды әрдайым үлкен мөлшерде қабылдай беруге болады. Бұл мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағаздар жоғары табысты әрдайым қамтамасыз ете бермейді, алайда олардың сенімділік деңгейі жоғары. Сол себепті де халықтың кейбір бөлігі (зейнеткерлер, жалғыз бастылар, асыраушысынан айрылған немесе қамқоршысы жоқ отбасылар және т. б. ) қатерге бастарын тікпей-ақ, өз қаражаттарын осындай қағаздарға салуды жөн көреді.

2. Бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын қаржылық институттары (коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және т. б. ) . Олардың көбісі әр түрлі инвесторлардың (заңды және жеке тұлғалардың) қаражатын біріктіреді және олардың қаражатын табыс түсіретін бағалы қағаздарға салудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Олар акцияның бақылау пакеттерін иеленуге ұмтылады немесе тәуекелдіктен қашып, өз капиталдарын экономиканың әр түрлі салаларына орналастырады.

3. Жеке инвесторлар - жеке тұлғалар, оның ішінде венчурлық бизнестегі шағын кәсіпорындардың иелері.

4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Олар қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілуі олардың бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуін оңайлатады. Бір немесе бірнеше қызмет түрлерімен айналысу құқығына тиісті лицензия алуы үшін қаржы нарығының кәсіби қатысушыларына бірқатар талаптар қойылады:

  • заңды тұлғалар штатына тиісті қызметпен айналысу құқығына біліктілік куәлігі бар мамандар қажет болған жағдайда қойылатын біліктілік талабы. Бұл талап қалыптасқан әлемдік іс-тәжірибеден алынып отыр. Нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде арнайы білімі бар тұлғалар ғана қаржы нарығында клиенттермен жұмыс істеуге жіберіледі;
  • бағалы қағаздар нарығының кез келген кәсіби қатысушысы заңға сәйкес ұйымдастырушылық-құқықтық формада акционерлік қоғамға тіркелетін жағдайда оның ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қойылатын талап;
  • қаржылық талап - бұл кәсіби қатысушының өзіндік капиталының жеткілікті болу деңгейі. Таза өзіндік капитал - бұл кәсіпорынның міндеттемелерінен тыс активтері. Жарғылық капитал - заңды тұлғаның құрылтайшыларды немесе акционерлерді қатыстыру арқылы істі ұйымдастыру үшін салым ақша ретінде тартатын қаражаты. Өкілетті органдар жарғылық капиталдың емес, өзіндік капиталдың жеткілікті болу деңгейін белгілейді.

Кәсіби қатысушыға өз қаражатын сеніп тапсырған инвестор өз активінің барлық қатерден сақталатынына сенімді болады. Инвесторды кәсіби қатысушының мәселелері толғандырмайды. Сондықтан да соңғысының өзіндік капиталы инвестормен есеп айырысуына жеткілікті болуы қажет, содан кейін ғана өз уәдесінде тұрмаған контрагенттермен, банктермен және т. б. байланысты туындаған проблемаларын өзі шешеді.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына мыналар жатады:

1. Сауда алаңы:

  • биржалық. Бүгінгі таңда Қазақстанда өз қызметін 1997 жылы бастаған қор биржасы (KASE) ғана әрекет етеді;
  • биржадан тыс.

2. Сауда агенттері:

  • брокерлер - бұл клиент атынан және клиент есебінен операцияларды жүзеге асыратын делдалдар;
  • дилерлер - бұлар операцияны өз атынан және өз есебінен жүргізетін делдалдар.

Қазақстанда брокер-дилерлік қызметтің жалпы лицензиясы қандай да бір мәмілені өз атынан және өз есебінен орындай алатын адамды өз күшімен (дербес) тапқан делдалдарға ғана беріледі. Оған қоса, әлемдік тәжірибеде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да брокер және дилер бола алады, ал, Қазақстанда брокер-дилерлік қызметпен тек заңды тұлғалар ғана айналыса алады.

3. Қор нарығының инфрақұрылымына кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:

1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің және т. б. функцияларын жүзеге асыратын қаржы нарығының кәсіби қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен құрылған, әрі 1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийң атты акционерлік қоғам бар. Қоғам «Акционерлік қоғам туралың ҚР-ның заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында және 2002 жылдың
9 сәуірінде қайта тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:

  • номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
  • эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық құралдар бойынша құқықтарды ескеру және мәмілелерді тіркеу;
  • номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша және оның табыс төлемі бойынша төлем агенттігінің функциясы;
  • қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
  • ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру, ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.

2) тіркеушілер. ҚР-ның заңдарына сәйкес құрылған әрбір акционерлік қоғам бағалы қағаздар эмиссиясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап, бір ай ішінде бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін енгізуді және сақтауды қамтамасыз етуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы, оның функциясы мен құрылымы
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Қаржы құралдары
Корпоративті бағалы қағаздар мен қор нарығы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Экономикалық ұғымдар
ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz