Түркістан генерал-губернаторлығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Түркістан генерал-губернаторлығы.

1867-1917 жылдар аралығындағы Ресей империясының әкімшілік-территориялық аймағы. 1867ж Жетісу, Сырдария облыстарынан құралды. Бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір. Азаматтық және әскери билікті қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға бөлінді. Орынбор, Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генереал-губернаторлығына, Ақмола, Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді. Түркістан генерал-губернаторлығы солтүстігінде-Торғай, Ақмола, Семей облыстарымен, шығысында-Шығыс Түркістанның Жоңғар, Үрімші аймағымен, оңтүстігінде-Қашқариямен, Памир, Бұқар жерімен, Хиуа хандығымен, батысында-Арал теңізімен шектеседі. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына Қытай, Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілді. 1868ж Патша өкіметі жаулап алған Зеравшан округі, 1871ж Құлжа аймағы, 1873ж Әмудария аймағы қосылды. 1876 жылы бұрынғы Қоқан хандығының орнына Ферғана облысы құрылды. Түркістан генерал -губернаторлығында 3038119 мың адам тұрды. Халық санының көптігімен Сырдария, Жетісу облыстары, ал халқының тығыздығы жөнінен Зеравшан Ферғана облыстары ерекшеленді. Түркістан генерал-губернаторлығында қазақтар-1532790, өзбектер-1 970420, тәжіктер-137280, орыстар-59280 адамды құрады. Өлкенің әкімшілігі Ташкент қаласында орналасты. Сонымен қатар мұнда әскери губернаторлықтың округ әскерінің қолбасшысы, Сырдария облысы мен уезінің, Құрама уезінің әкімшілігі орналасты. Жетісудің орталығы -Верный, Ферғананыкі-Марғұлан, Зервшандікі-Самарқан, Құлжа ауданының орталығы-Құлжа болды. 1886ж «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» бойынша Түркістан генерал-губернаторлығы Сырдария, Жетісу, Самарқан облыстарына бөлінді. Өлкені басқару генерал-губернаторға жүктеліп, облыстарды басқару әскери губернатордың міндеті болды. Облыс басында тұрған әскери губернатор сонымен қатар сол облыстағы казак әскерінің үкімет тағайындаған (наказной) атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: 1. шаруашылық 2. сот 3. жарлықты іске асыру. Облыстық басқарма жанында арнайы кеңесшілер болды. Уездерді басқару уезд (ояз) бастығына берілді. Уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Түркістан генерал-губернаторлығында барлық билік отаршылдардың қолында шоғырланды. Жергілікті халық өкілдері басқару жүйесінің төменгі сатыларына -болыстар мен ауылнайлар қызметіне ғана тартылды. Ірі ақсүйектерден ірікткеп алынатын болыс және ауылнайлар патша өкіметінің отаршылдық саясатына тірек болды. Түркістан генерал- губернаторлығында көшпелі халықтар қазына пайдасына әрбір шаруашылықтан 4сом төлеуге міндетті болып белгіленді. Бұған қоса елді мекендердің үстімен өткен патша әскерлерін үй және отынмен қамтамасыз етуде жергілікті халықтың мойына жүктелді. Медреселерде пәндерді оқыту ісі жолға қойылды: фараиз-дүние-мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы заң; усул-фиких -мұсылман заңдарын зерттеу; хикмет-тарих, акид-догматика, монтық- логика негізгі пәндерден сабақ берілді. Әр түрлі сипаттағы оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру Томскі қаласындағы чиновниктерге бағындырылды. Сырдария мен Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау Түркістан генерал -губернаторлығына тапсырылды. Патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы Түркістан генерал-губернаторлығында 1898ж Әндіжан көтерілісі болды. 1916ж Түркістан генерал-губернаторлығы көлемінде Сырдария, Жетісу Ферғанада ұлт-азаттық көтерілістің ірі ошақтары болды. Бұл көтеріліс патша өкіметі тарапынан аяусыз басып жанышталды. 1917ж Ақпан революциясынан кейін Түркістан генерал- губернаторлығы жойылды. Өлкедегі барлық билік Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің қолына көшті. Түркістан генерал- губернаторлығының орнына Түркістан автономиясы құрылды. Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресейдің құрамындағы автономиялы мемлекет Қоқан автономиясы құрылды. Оның өмірге келуіне Кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917ж 22 қарашада күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкесінің кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын ендігі уақытта, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылғаның, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдеді. 14 мүшесі бар бұл өкілеттің құрамында бірде-бір жергілікті мұсылман халықтарының өкілдері жоқ еді. Бұған жауап ретінде құрамында М. Шоқай М. Бехбудий т. б бар «Түркістан өлкесінің мұсылмандар кеңесі»26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесімен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, құқығын қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс т. б тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформалары
1867-1868жж. жүргізілген әкімшілік реформалар
1867-68 жылдардағы реформалар
ДАЙЫНДАУ РЕФОРМАЛАР ЖӘНЕ БАСҚАРУ РЕФОРМАЛАРЫ
ХІХ Ғ. 60 - 90 - ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ РЕСЕЙДІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК, СОТ РЕФОРМАЛАРЫ
Министрлікпен келісім бойынша әскери губернатор лауазымына ұсыну
1867-1868 жылдардағы реформаны жүргізудің әскери-саяси себептері және оған дайындық
ХVІІІ- ХХ ғ.ғ. Орта Азия халықтары және Орта Азияны Ресейдің жаулап алуы. Еділ, Сбірі, Шығыс Түркістандағы түркі тектес халықтар
Алашорда үкіметі, қайраткерлері
Қазақстанда жаңа әкімшілік - территориялық басқару жүйесінің ендірілуі және оған қазақтардың қарсылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz