Пайдалы өсімдіктер



1 Пайдалы өсімдіктер
2 Шіріген жері бар жемісті жемеу
3 Жеміс, көкөністі сақтау
4 Жеміс ағашын отырғызу
Жеміс – жидек өсіру Қа-зақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами түсті. Әуелі аймақ-тық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (бо-тоникалық тегі) формалары жағынан мынандай топтар-ға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.). Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті (алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.), жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан, ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын раушан гүлділер тұқымдасы.
Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұрша-қын, т.б. Бір тұқымды, қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқым-ша, дәнек. Шырынды же-містің көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма, балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік, қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде алма, ал-мұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Пайдалы өсімдіктер

Жеміс – жидек өсіру Қа-зақстанда 20 ғасырдың 30–жылдарынан бастап дами
түсті. Әуелі аймақ-тық тәжірибе стансасы ашылып, кейін ол Қазақ егіншілік
ғылыми – зерттеу институтының қарамағына берілді де, 1959 жылы Қазақ жеміс
және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институты құрылды. Ол шығарған он
беске жуық жеміс–жидек сорттары еліміздің әр түрлі ау-мақтарында
аудандастырылды. Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық (бо-тоникалық тегі)
формалары жағынан мынандай топтар-ға бөлінеді: ағаштар (грек жаңғағы,
алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары), бұталар (қарақат, тұшала
т.б.), жартылай бұталар (таңқурай, т.б.), лиандар (актинидия, жүзім, т.б.).
Жемісінің құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай шекілдеуікті
(алма, алмұрт, беке, т.б.), сүйекті (шие, алхоры, өрік, шабдалы, т.б.),
жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген, т.б.), жаңғақты
(грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.), шырын жемісті (апельсин, лимон,
мандарин, т.б.), субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.), тропиктік (банан,
ананас, т.б.) болып бөлінеді. Қазақстандағы жеміс дақы-лының 95 пайызын
раушан гүлділер тұқымдасы.

Жеміс – құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Құрғақ жемістің
көп тұқымды, қақырап ашылатыны: бұршақ, бұрша-қын, т.б. Бір тұқымды,
қақырап ашылмайтыны: жаңғақ, жаңғақша, тұқым-ша, дәнек. Шырынды же-містің
көп тұқымды түрі: жидек, асқабақ, алма, т.б., бір тұқымды түрі: сүйекті
жеміс. Жемісқаптың сыртқы қабаты (экзо карпий) жылтыры: шие, алма,
балауыздысы: жүзім, алхоры, шомыр, түктісі: шабдалы, жұмсағы: өрік,
қыртыстысы: тұшала, қалыңы: лимон, апельсин, қаттысы: жаңғақ.Жер бетінде
алма, ал-мұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың
жылдан асты. Көкөніс дақылдарыОл –
негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр – жемісті
өсімдіктер, баданалар, т.б. Көкөністердің 80 тұқымдасының 600 – ден астам
түрі өсіріледі. Жеміс – ұрықтылар: қызанақ, қияр, бұрыш, жапырақтылар:
қырыққабат (капуста), салат, баданақ: пияз және са-рымсақ, тамыр – жемісті
өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам. Нақты деректер бойынша, біз
б. 3 – мыңыншы жылдары – ақ Ежелгі Қытай, Мысыр, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим
көкөністер өсірумен ай-налысқан. Жеміс – жидектерде де, көкөністер де
дәрумендерге, шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылық-тарға өте бай.

Жеміс, көкөністі жуып жеуТұрмыста жеміс – жидек, көкөністерді жуу арқылы
ластан, адам ағзасына зиянды микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда
өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып, жумаған күйде жеудің өзі зиянды.
Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен жуып, оны микроскоппен
қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да сырқаттарды туғызатын
құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.

Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі
улы химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден
әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда щеткамен жуып, соңынан таза сумен
мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті
балаларға берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес
береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға шығады. Ал мұндай алманың
қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.

Шіріген жері бар жемісті жемеу

Жемістің дәрумендерін сақтап қалу үшін оны тот баспайтын пышақпен кеседі.
Егерде қиярда сары дақтар көп болса, оны пайдаланбайды. Себебі, ол мұнда
нитраттардың көптігін танытады. Нитраттарды кетіру үшін қиярды бір күн
тұзды суға салып қояды, бірақ та бұлай жасағанда оның дәрумендері жойылып
кетеді. Шіріген түгілі, сәл дақ түскен жемісті жеуге болмайды. Өйткені,
кішкене бұзылса болғаны, кез–келген бақша дақылының өнбойында митоксин деп
аталатын улы зат түзіледі. Ол зақымдаған тұсты ойып алғаннан жойылмайды.
Сол жемісті, көкөністі қайнатып, қайнатпаға (варенье) айналдырса да әлгі
улы зат кетпейді. Ал ол бауырды, жүректі зақымдайды, қатерлі ісікке себеп
болады.

Жеміс, көкөністі сақтау Жеміс, көкөністі ашық күйде сақтауға болмайды.
Олай жасаса, біріншіден, олар түсін, екіншіден, өздеріне тән дә-мі мен хош
иісін жоғалтады. Сол себепті жеміс, көкөністі шыны ыдысқа салып, желім
қалпақпен аузын жауып, мұздатқышта сақтайды. Кейбір көкөністерді (көк жуа,
аскөк, т.б.) жақсылап жуып, дымқыл орамалға орап, кәдімгі жұқа қалтаға
салып, мұздатқыштың астыңғы қаба-тына қойса, ол бірнеше күн сол күйінде
сақталады.

Жеміс ағашын отырғызу – сауап.Ұлық Пайғамбарымыз Мұ-хаммед (с.ғ.с.)
адамдардың жеміс ағашын отырғызып, жемісін игілікке жаратуын құптап,
қолдаған. Ол бұл орайда өзінің хадис шәрі-бінде былай дейді: Егер мұсылман
кісі жеміс ағашын отырғызып, одан адам, хайуанат, немесе құстар дәм татса,
көлеңкелесе, мақшар күніне дейін садақатты сауапқа қалады.

Көкөністі қалай қайнатады?С дәрумені бар көкөністі аз қайнатады. Және де
оны алюминий ыдыста қайнатқан жөн. Тазаланған картопты суда көп ұстамайды.
Су алғашқы жарты сағатта картоптың құнарлығының 40 пайызын жояды. Ұсақ
кесілген картоп көп дәруменін жоғалтады. Көкөністі баяу отта, қақ-пағын
жауып қайнатқан дұ-рыс. Ең пайдалысы – қабығын аршымай қайнату. Қайнап
жатқан суға лимон қышқылын қосса, картоп 7 пайыз ғана дәруменін жоғалтады.
Көкөністі қайнатып пісіргенде, жемістің құрамындағы коратин бұзылады.
Қайнатыл-ған сәбізде коротин шикі сәбізге қарағанда екі есе аз болады.
Қырыққабаттың ішкі бө-ліктерінен гөрі сыртқы қа-
бықтарында коротин мен С дәрумені өте бай. Сол себепті, оны қайнатқанда
қабығын аршымай, жақсылап жуып қайнатқан дұрыс. Көкөністерді қайнатқан-да,
құрамындағы минералды тұздар азаяды. Картоп 20 пайыз тұз жоғалтады.
Сондықтан, картоп мейлінше аз суда қайнатады.
Жеміс – жидектен жасалған тағамдарды тамақ ішерден 1 – 1,5 сағат бұрын
дайындау қажет. Үш сағат өткен соң картоптан жасалған сорпада 40 – 60 пайыз
дәрумен қалса, алты сағаттан соң ізі де қалмайды. Жеміс – жидектерді шикі
күйінде, әрі қабығымен жеу керек. Өйткені, ішкі бөлігіне қарағанда,
қабығындағы дә-румен бірнеше есеге көп.

Асқабақ. 1.Апиын уын қайтару үшін оның етін жаншып, суын сығып алғаннан
кейін, уланған адамға тиісті мөлшерде ішкізеді.

2.Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып
(тазалығына көңіл бөліңіз), жараға таңады.

3.Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп,
тамақ орнына жейді. Май мен тұз қоспайды.

4.Құртты түсіру үшін іш-кі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350
г жегізді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі ішкізеді, сонда құрт түседі.
Дәріні 2 – 3 күн ішеді.

5.Таспа, сазан құрттарды түсіреді.

6.Көкжөтелге ем болады.

7.Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды.

8.Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады.

9.Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа.

10.Босанғаннан кейін аналардың омырау сүті азайғанда қабығы мен ішкі
тұқымын дәріге орап қайнаған сумен ішеді.

Алма. Адамдардың тамақ-қа қолданатын жемістерінің 45 – бөлігі – алмалар.
Оны ежелден ем – дәмдік тағам ретінде және ас қорытуы бұзылуын реттейтін
амал ретінде қолданған. Дәрумен жетіспегенде, безгекке қарсы да жеген. Алма
тәнге күш беріп, ағзаның әртүрлі аурулармен күресуіне көмектеседі. Сырқатқа
шалдыққандарға да, сау адамдарға да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Арашаруашылығының қолданбалы биологиядағы орны
Ботаникалық ресурстану ғылымы және оның ғылымдар жүйесіндегі орны
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Қазақстанның шикізаттық өсімдіктерін игеру
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Пайдалы өсімдіктердің Оңтүстік Қазақстанда зерттелген аудандарда (сарыағаш, қазығұрт, арыс) таралуы
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Экология ғылымының зерттеу объектісі - адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сарқылуын, олардың себеп-салдарын анықтау
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Пәндер