Тәрбие басы- тал бесік туралы ақпарат



І. Кіріспе
1.1. Тәрбие басы. тал бесік
1.2. Ұлттық бастаулары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Имандылық .қастерлі қасиет
2.2. Бала тәрбиесі бесіктен
2.3. Үйелмен тәрбиесіндегі әдет.ғұрыптар мен салт.дәстүрлер
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге, қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның теңірегіне топтастыртып, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі. «Атадан бала тусайшы, ата жолын кусайшы» деген дей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: «шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз», - дейді де, жұрт сол дәстүрді бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінің, суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты адамдарының ерлік хиқаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пеп бес жасаралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа айрықша назар аударып, бұларға «жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын кезең» деп айдар тағып жүр. Осы ерекшелікті әлімеақтан анғарған ата-бабаларымыз — төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында сәби шақта қаланатынын ерекше ескеріп осы, наү балдәурен балалық кезеңге айрықша мән берген. Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға жоғарыда айтқанымыздай елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт түлік мал, жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа райы т. б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған. «Бір бала бар — жасық туады, бір бала бар — әкесінен асып туады» деп, халық «жасық туған» баланыда жұрт қатарлы азамат болуға, «асып туған» баланың іс-әрекетін қуаттап, оны үлгі ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету — борыш, ата салтын орындау—парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін ақтау—қарыз. Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.
1.Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев «Әдеп және жантану» Атамұра-Қазақстан. Алматы, 1994 ж.
2. К. Оразбекова «Иман және инабат» Алматы «Ана тілі», 1993 ж.
3. Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» Алматы «Қайнар», 2005 ж.
4. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педагогика» Алматы 2000 ж.
5. Базарбек Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Қайнар», 1994 ж.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
1.1. Тәрбие басы- тал бесік
1.2. Ұлттық бастаулары
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Имандылық –қастерлі қасиет
2.2. Бала тәрбиесі бесіктен
2.3. Үйелмен тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Тәрбие басы- тал бесік
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен
туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге, қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да
мол. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары
тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани
мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның теңірегіне топтастыртып, жүйе-
жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипаты айқындала түседі.
Атадан бала тусайшы, ата жолын кусайшы деген дей, атадан балаға мұра
болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп,
ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп: шыншыл, әділетті, иманды болу сонау ата-
бабамыздан келе жатқан дәстүріміз, - дейді де, жұрт сол дәстүрді
бұзғандарға ат-шапан айып тартқызып, кейінгі ұрпақтың ата салтын мықтап
ұстауын талап еткен. Мәселен, атасы немересін, алдымен, елінің құтты
қонысымен таныстырған. Жылдың әр мезгілінде елдің қайда, қалай көшетінің,
суды қайдан ішетінін, жеті атасын, олардың зираттарын, елдегі даңқты
адамдарының ерлік хиқаяларын, ауыл-аймақтағы жер-су атауларын ерінбей-
жалықпай баласының санасына сіңіре білген.
Бала атаулының айналаны қабылдағыш, зейінді кезі үш пеп
бес жасаралығы. Қазіргі педагогика мен психология ғылымдары бұл жайтқа
айрықша назар аударып, бұларға жүз мың сұрақ неліктен деп сауал қоятын
кезең деп айдар тағып жүр. Осы ерекшелікті әлімеақтан анғарған ата-
бабаларымыз — төкпе ақындық пен сұңғыла жыршылық, айыр көмей шешендік пен
төгілдірген күйшілік секілді киелі өнерлеріміздің ірге тасы бала санасында
сәби шақта қаланатынын ерекше ескеріп осы, наү балдәурен балалық кезеңге
айрықша мән берген. Сондықтан да бүлдіршін мен балдырғанға
жоғарыда айтқанымыздай елі, жері, суы туралы, ата тегі, төрт түлік мал, жан-
жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, аспан денелері, табиғат құбылыстары, ауа
райы т. б. жөнінде оның түсінігіне лайық, қысқа да нұсқа, жүйелі
мағлұматтарды әр түрлі әдіспен жеткізіп отырған. Бір бала бар — жасық
туады, бір бала бар — әкесінен асып туады деп, халық жасық туған
баланыда жұрт қатарлы азамат болуға, асып туған баланың іс-әрекетін
қуаттап, оны үлгі ретінде уағыздайды. Қазақ дәстүрінде ата-анаға қызмет ету
— борыш, ата салтын орындау—парыз, анасының ақ сүтін, әке еңбегін
ақтау—қарыз. Жеке адамның адамгершілігі де, кісілік имандылығы да осы
борыш, парыз, қарыз өтемімен айқындалады.
Көшпенді ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне қатысты жайттарды
топтастырғанда да ғылым үшін аса маңызды жүйелілік принципіне ерекше мән
берген. Осы айтылғанға орай жас буын тәрбиесін бесіктен (тіпті, құрсақта
жатқан кезден) бастап бұларды ақыл-ой, имандылық, еңбек, көркемдік,
сымбаттылық секілді сан салаға жұптастырған. М. Әуезовтың: Ел болу үшін
бесігіңді түзе деген сөзінің мән-мағынасына ой салсақ, тәлім-тәрбие ісі
жас ұрпақ дүниеге келгеннен басталады екен. Баланың жарық дүниеге келген
осы жайтын ескере келіп, мұндағы ұлттық рәсімдер мен тәлімдік тәсілдерін
рет-ретімен жүйелі қолдана білу абзал.
Шілдехана - бала дүниеге келгеннен кейін, оның құрметіпе жасалатын
кішігірім той. Мұны халқымыз кейде шілде күзет деп те атайды. Қазақ
ұғымындағы жаңа туған нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап,
күзетпесе болмайды. Шілдеханаға көбінде жастар жиналады. Олар баланың
алдымен анасынан ардақтап, ән салып, күй тартады, сөйтіп, түнді қуаныш-
қызықпен өткізеді. Тойға үлкендер жағы қатыспайды, жас нәрестелі жебеп-
желеу, жын-шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету — жастардың
міндеті. Шілдехананың көздейтіні ана мен баланы тіл-көзден сақтау.
Жаңа босанған әйел әлденіп, өзіне келген кезде тағы да той жасалады.
Бұған жұрт түгел шақырылады, той-думан күндіз өткізіледі. Осы тойда құтты
болсын айтылады, бата беріледі. Халық салтында бұл тойда ішімдікке жол беру
— әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс қазақ салтында шілдеханамен қосақтаса
жүретін тағы бір рәсім бар. Ол — кіндік шеше болу салты. Кіндік шеше—
нәрестенің кіндігін кескен әйел. Оған сол отбасының нағыз жанашырлары—
такуа, таза, мейірманды жандар меңзеледі. Ондай кісі өмірден көрген-түйгені
мол, тәжірибелі адам болу керек. Кіндік шеше дәрет алып, жуынып-шәйініп,
таза киініп, кіндік кесетін жабдықтарын күні бұрын даярлайды. Кіндік шеше
баланы жергөкке орап алып, әке-шешесінен көрімдік сұрайды. Босанған әйел
әбден әл-қуатын жинап кеткенше сол үйдің шаруасына қарап, ана мен балаға
қамқоршы болады. Кейін балаға ит көйлек тігіп әкеліп, оның әке-шешесінен
сый-сияпат көріп, қалағанын алады, Кіндік шеше—нәрестенің екінші анасы,
сондықтан ол баланың ит жейдесін кигізуден бастап, оның бесігің түзеп,
киімінің бүтін, таза болуына үнемі қамқорлық жасап жүреді.
Алғашқы күндері нәрестені түбіттеп тоқыған шәліге орайды, ол бала
денесіне жабысып, умаждала бастағанда қайтадан қанжылымдай тұзды суға
түсіреді. Бұл іс бала қырқынан шыққанша күн ара қайталанады. Былбыраған
нәрестенің еті тұзды суға әбден піссе, есейгенде мығым, жарақатқа төзімді,
тез жазылғыш болып бекиді. Шомылған баланы ақ бәтеске орап, денедегі су
құрғасымен-ақ қалампырға қойдың майын қосып, сылайды. Бұл денеге суық
тигізбеске себепші болады.
Бесікке салу. Алты аптадан кейін баланы қырқынан шығарып, бесікке
салады. Бесікке бөлеу оның біршама өсіп, бөбек бола бастағандығының
көрінісі. Бұған ет жақын ағайындары, абысын-ажындары жиылып, баланың қарын
шашын, тырнағын алады, оған іш киім кигізеді Бесіктің құрылысы қазақ
баласына таныс. Ағаш бесіктің орта тұсында бала несебіне арналған ойық
жасалып, оған түбек қойылады, Төсенішке жұмеақ көрпеше не жабағы төселеді.
Баланың денесін бес елідей белдеушемен (аяқ бау, қол бау) екі жерден орап
таңады.
Қазақ халқы өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын
ойдағыдай қалыптастырып, ойлау-сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік
әдіс-тәсілдерді (ертегі, аңыз, жұмбақ, айтыс, терме т. б.) шебер
пайдаланып отырған. Халық осы мақсатқа орай мақал-мәтелдерді де, кісіні
ойлантып, толғантатын даналық сөздермен уағыздарды, жаңылтпаш,
санамақтарды, шешендік толғаныстарды ұтымды пайдаланған. Білекті бірді
жығады, білімді мыңды жығады, Білімдіге дүние жарық, білімеіздің күні
кәріп дегендей, көшпенді халық болса да, ғылым-білімді дәріптеп, ақыл-ой
тәрбиесінің негіз- терең ойлау мен пайымдау екендігін ұрпаққа жан-жақты
ұғындырып отырған, әр отбасы өз баласының ойлау жүйесін дамыту
үшін санамақтар мен жұмбақтардың, түрлі аңыз-әңгімелер мен
тақпақтардың, өсиет сөздердің тәрбиелік мәнін әр кез қатты ескерген.
Жаңылтпаштар. Тілі енді шығып, сөздік қоры қорлана, молыға бастаған
кезде сәби кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Мұндайда оның тілін
мүкістендірмей, мүдірмей сөйлету үшін үлкендер бала қиналып айтатын
дыбыстары бар сөздерді жиі-жиі жаңылыстырмай айтып, жаттықтырса, кейіннен
ол мүдірмей сөйлейтін, өз ойын толық, дұрыс әрі иақтылап жеткізе алатын
болады. Жаңылтпаштарды жаттап, жаттығу арқылы бала ана тілін
ардақтап өседі, онда сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамып
жетіледі. Тілі жаңа шыққан бөбектер көбінесе р дыбысымен и дыбысын,
ш дыбысын с дыбысымен шатастырады. Әсіресе, тілдің алдынғы (тілалды)
дірілмен айтылатын р дыбысын айту көптеген бөбектерге қиын соғады.
Сондықтан, жаңылтпаштар көбінде сол р, и дыбыстарын қатар айтуына
құрылған.
Ертегі. Баланың ақыл-ой тәрбиесінде оның алатын орны ерекше зор.
Қазақ ертегілерінің түрі көп.
Ертегілердің ішіндегі баланың, қиялын шарықтатын балалық шақтың
болашағын елестететін, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі
ертегілер — қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде Үшқыш кілем ойлап шығарған
халық енді зымыранның өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен
планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер (фантастика) шығарды.
Мұндай ертегілер балалардың таным-түсініктерін өрістетуде ерекше маңызды.
Баланың жасы өскен- сайын оларға айтылатын ертегілердің мазмұны да
күрделілеме түседі. Ертек — бала таным-тіршілігін, ақыл-ойын дамытуда
тамаша құрал екендігін естен шығармағанымыз абзал.

Имандылық — қастерлі қасиет
Ұлы Абай: Иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын
керек,- дейді. Иман араб тілінен алынған сөз, төл тілімізде сенім
деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың хақ екендігіне, ал Мұхаммед
пайғамбар Алланың елшісі екендігіне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ұсынған
парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын
сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.
Адамгершілігі аса жоғары кісіні халық иманды деп құрметтейді,
адамгершілік қалыпты бұзғам адамды имансыз деп, одан түңіледі. Имансыз
қылық жасағандар, яғни адамгершілік міндетке женіл-желпі қарап, оны
бұзғандар әрі кінәлі, әрі күнәлі болып, ерте ме, кеш пе, әйтеуір жазасын
тартатын болады. Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет бейнесі, иман
жүзділігі жарқын, биязы, өзі парасатты келеді. Ондай адамды халық иман-
жүзді кісі деп құрметтейді. Қазақ халқының ата-баба дәстүрінде
имандылық тек діни сенім емес, ол сондай-ақ, ұлттык, психологиялық
салтқа, халықтық ерекшелікке айналған құбылыс.

Отан сүйгіштік
Бұл — кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық
мүддесінің игілігіне, кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық
махаббаты, оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Әр заман
ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді
ой түйіндерін осы қасиетіне арнаған.
...Біздің басты мақсатымыз — Қазақстанның егемендігі мен территориялық
тұтастығын сақтау- (Н. Назарбаев). Қарулы күшіміздің болуының алдынғы
санында ер-азаматтардың, әсіресе, қазақ жастарының тұруы, олардың бір
кісідей ынтымақтыкпен топтасуы — Ата Заңымызда көрсетілгендей қасиетті
борыш, перзенттік парыз екендігін ешқашан да естен шығаруға болмайды.
Отанымызға, атамекенге деген сүйіспепшіліктің негізгі мазмұн-мәні имандылық
пен кісіліктің негізгі белгісі, басты өлшемі.
Мақсаткерлік
Бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны
өзінің ұстанған бағыт-бағдар, позициясына, танымы мен сеніміне, асыл
арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатыман ауытқу, бос белбеулікке салыну —
ар-намыс пен ужданға сыйыспайтын қасиет. Мақсаткерліқ— тек бір іспен өне
бойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл оны қайткен күнде
де орындап шығуға бел шешіп берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру. Мұндай
қасиеті бар кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, саналы етіп
орындап шығуды жан-жақты ойластырады, осы жолда үлкен белсенділік
көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Есте жоқ ерте замандардан-ақ адамзат мақсатсыз жандарды кісі қатарына
санамаған. Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара депті орыс жазушысы
И. С. Тургенев. Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек
дегенғой белгілі саяхатшы Миклухо-Маклай.
Мақсаткерлік асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға
болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкім. Үміті мен арманы
шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектің құшағында өмір суре алады.
Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. Үміт өрге тартады, үмітсіздік
көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан — ешқашан үміттеніп көрмеген жан,-
дейді батыр ағамыз Б. Момышұлы. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт-арманы,
алға қарай ілгерілеу" талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет: таланты да
тез, өміршең болып келеді.

Ақылдылық
Бұл жан-жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды, қарапайым да
кішіпейіл, аса ізетті адам. Мұндай кісі әр кез ойлап сөйлейді, мәселеге
жан-жақтан қарайды, оны ақыл таразысына салып, яғна жеті рет өлшеп, бір
рет пішеді. Өз болжамын қашан да кесімді пікір деп айтпайды. Өз пікірінен
сын көтермейтін лайықсыз пікірді алып тастайды. Ақылды адам — қиялы бай,
жүйрік, ақыл-парасатты, тәртіпті, мәселені ескі, таптаурын, үйреншікті
жолмен шеше салмай, оның талап-тілегіне, шартына лайық жаңа әдістерін
іздестіріп, оны тапқанша дамыл таппайтын кісі. Бұрын бір рет сыналып, қате
деп табылған әдісті қайталамайды. Ол мәселені тұтас, бүтіндей қамту жағына
ерекше көңіл қояды, бірақ оның ұсақ бөліктері мен штрихтарын да естен
шығармайды. Мәселен, аса күрделі математиқалық есептерді шығаруда
кездесетін қиыншылықтар мен қателердің бәрі-бәрін жан-жағынан қарастырады,
ойы үшқыр, қажетті жағдайда оның барлық күшін бір бағытқа жұмылдыра алады.
Ойдың ұшқырлығы мәселенің, барлық жағын көре білуге мүмкіндік беретін оның
кеңдігіне, ақылды икемділігіне де, түрлі жорамалдарды (гипотеза) тез
таразылап, олардың жарамеыздарын алып тастауға мүмкіндік беретін сыншылдық
қаситеттің ерекше дамуын қажет етеді.
Ақылды кісіні халқымыз ежелден ерекше қастерлегғен. Мәселен, бұдан мың
жыл бұрын қазақ жерінің ұлы ойшылы Жүсіп Баласағұни: Ақылды қанша,
қараңғы болса да алысты көреді. Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық
деген болса, қазақ мақал-мәтелдерінде де кісіліктің осы жағына ерекше мән
берген (ақылдының айналасы — гүлетап, ақылды кісі азбайды, ақылды
адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді, ақылдының сөзі қысқа, ақылды арын
қорғайды, ақылды айттырмай біледі, ақылдының сөзі — ақ дарияның өзі
т. б.).

Борыш пен жауапкершілік
Бұл адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туыстарына қатысты перзенттік
парызынан туындайтын касиет. Мұның негізінде өзін әлпештеп, адам етіп
өсіргендердің алдындағы жауапкершілігін бар санасымен терең аңғара алып,
түсіну, сондай-ақ, осы арадағы өз парызы мен қарызын қалай ақтау жолын
ойластыру жатады. Бұл екеуі кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана-
сезімді қасиет ететін қасисттер. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден
адамның имандылығы мен адамгершілігінің дәрежесі байқалады, оның
қылықтарын жаман, жақсы, иманды, имансыз деп бағалау туады. Борышты
сезіну, оны орындау ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл
мен сезім тұрғысынан жақсы, жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп
тіреледі. Өз қылығының дұрыс-бұрыстығын тусіне білу — адамға үлкен қуаныш,
шабыт-жігер, қанағат әкеледі. Кісінің өзіне орынсыз тағылған жала,
өсек-өтіріктің бекерлігіне қарсы күресу; сезімі артады. Адам өзінің борышы
мен жауапкершілігіне үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі
кісіге мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды.
Мұндайда ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген
қателігін тез түзетуді ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп,
жаны тыным таппайды. Адамгершілігі жоқ, не онысы төмен кісі жаман
қылығынан қайтпай, қатесін түзету былай тұрсын, оны мойнына да алмай
жүре беререді. Мұндайларды арсыз, ары таза емес деп жұрт, ұнатпайды.
Арсыз адамдарды ұлы Абай, Шәкәрімдер кезінде іремей сойғаны белгілі.
Мұндайлар қазіргі қазақ қоғамында да аз кездеспейді. Әрине, олардың
жауапкершілік, борыш сияқты қастерлі сезімдері отбасында, балалық шақта
дұрыс бағытта қалыптаспауы да ықтимал. Мұндай қасиет әке-шеше,
туыстардың да кінәсынан болуы ғажап емес. Ер жетіп, есейген адамның
борыш сезімі оның тілек-қалауымен үйлесе бермейтіні, оның психологиялық
көніл-күйіне ауыр жүк, зіл түсіретіні сөзсіз.
Халқымыз малым — жанымның садағасы, жаным— арымның садағасы — деп,
арды жаннан да қымбат қасиет деп есептейді.
Ұят — адамгершілікті сақтай білудің, имандылықтың жотасы. Ұят нышандары
сәбилік шақтан қалыптаса бастайды. Бұл жан толғаныстары арқылы бет
бейнеден, инабатты іс-әрекеттен байқалады. Қазаннан қақпақ кетсе,
иттен ұят кетеді деп халық ұятсыздықтың негізі — қанағатсыздық, ұрлық,
мақтаншақтық, өтірік айту т. б. адамгершілік қалыпты бұзу деп есептейді.
Ұялшақтық — адамгершілік іс-әрекетке қателік жасаудан мықтап сескенген
жасқаншақтык белгісі. Халық ұяла біл, бірақ ынжық болма деп
үйретеді. Ал ұятсыздық ел ұғымында адамгершілік қалыпты бұзудың ең
дөрекі түрі. Имансыздықтың бір көрінісі. Ол арсыздықпен астарласып жатыр.
Арсыз адам- халыққа қасірет, ұлттық намысқа дақ салатын, кісілігі жоқ,
адамдық қасиеттен жұрдай бірдеңе. Осындайларды кемеңгер Абай: Ұятсыз,
арсыз салтынан, қалғып кетер артынан— деп, жеріне жеткізе шенеп-мінеп,
арсыз адам - адамгершілікті білмейтін, кісілігі жоқ, адамдығы төмен, барып
тұрған кесапат жан деп түйіндеген.
Мейірімділік епн ізгілік
Егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын-туыс, таныс т.
б.) көніл бөлу, олардың сеніміне ие болу, айналадағылармен өзара дұрыс
қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің, шат-шадыман
тіршілігі үшін маңызды, Мейірімділік,-деп жазды К. Бови, мылқаулар сөйлей
алатып, кереңдер ести, алатын тіл. Өте тауып айтылған. Адам
кішкентайынан басқаларды өзімен қарым-қатынасқа қызықтыра білгенге не
жетсін. Ол үшін өзің білетін адамдардың жан-дүниесінің ерекшелігіне көңіл
бөліп, оның талап-тілегіне, талғамы мен қамына қөңіл аударып, оның қуанышы
мен күйзелісіне аса сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Кімде-кім
өзгелердің табиғи ұмтылысың байсалдылықпен ескере отырып, басқаның ақыл-ойы
мен мүдде-тілегін дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол
адамды демеп-жебесе, мұндай кісі — инабатты да сүйкімді. Кісіге адал ісі
мен жетістіктерін орынды жерінде байыптылықпен айтып отыру оған игі әсер
етеді. Тіпті сол адамның ерекше абырой беделі болмаса да, оның жақсылық
нышанын, ізгі қадам жасауға ұмтылыс-талпынысын ескеріп отыру бір ғанибет.
Олай болса, біз өз бойымызға кішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта
түсуді естсн шығармайық. Адамда қалай да болса, қашан да болса, пайда
келтіретін оймен ісі — ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан
безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе (М. Жұмабаев). Үйде де, түзде
де кісіге ізгілік, имандылық пен қарап, оның қамың ойлау, оған
мейірімділік пен мейірбандық білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу
— кісіліктің, ұнамды мінездің көрінісі. Ізгілік —адам біткенді сүйе білу
секілді күйректік, көңілшек сезіммен ешбір тоқайласпайды. Нағыз гуманист
үлкен мейірбандықпен қатар қоғамдық прогреске кесірін тигізетін
кертартпа, жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға өшпенділігін жасыра алмайды.
Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін, адамзаттың бақытты болашаққа
жетуіне бағытталған асыл арманына бөгет жасаушылармен ымырасыз
күресіп отырады. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында бүкіл өмірін халық
бақыты үшін сарп еткен біртуар перзенттер аз болмаған (әл-Фараби, Асан-
Қайғы, Сырым батыр, Махамбет, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы
т. б.).
А д а л д ы қ п е н ш ы н ш ы л дық
Бұл екеуі - бір-бірімен біте қайнасқан мінез бітістері. Адал адам —
шынайы да шыншыл адам. Адалдық- сөздің таным мен сенімге ұштасуы,
онын іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық адамның азаматтық борышына, ар-
ұжданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл әділетті болу — еңбек пен білім
алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікте
тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерде
әділет, кішіпейілдік, қайырымдылық пен қарапайымдылық та еріп жүреді,
бұлар кісінің аты мен абыройына дақ түсірмейді. Сырты бүтін, іші түтін,
яғни босқа көлгірситін көзқарас пен мінездегі түрлі жалған көріністер
(екі жүзділік, жарамсақтык, жалтақтық, күншілдік, іштарлық,
мақташақтық, тәкаппарлық т.б.) нағыз адалдық, шыншылдықпеп ешбір сыйыса
алмайды. Жасында ерке болып, ата-анасынан именбей, бейпілауыз сөйлейтін,
қисынды-қисынсыз өтірікті беті шімірікпестсн айта салатын адамның есейе
келе тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе, басқа түгіл, өз отбасын
да алдайтын, екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес. Осы айтылғанды да
үнемі еске алып жүрген абзал. Өйткені, адалдық қайда болса, тіршілік
сонда (Қ. Насыри) ... шындық — ауа, онсыз дем алуға болмайды
(И. С. Тургенев). Шындық шырағы дауыл соқсада өшпейді (Ғ. М ұ ст
а ф и н).
Д о с т ы қ
Бұл — ортақ көзқарас пен мүдде, мақсат бірлігі негізінде пайда болып,
уақыт сынынан өткен үлкен адамгершлікке тән жоғары сезім. Достық адамды
асқақтатады ол жан мен тәңнің гулдене түсуіне жәрдемдеседі.
Омың маңызды белгісі — берік әрі терең эмоциялық жақындық. Ол
— адамның бір-біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу,
өзара терең мүдделілік, бір-біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара
қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық. Достардың мінез,
темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де мүмкін. Мәселен,
олардың бірінде қызбалық не шабандық, тұйықтық ие жігерсіздік т. б. мінез
кемшіліктері кездесетіні болады. Бірак, достыққа бұлар кедергі бола
алмайды, қайта нағыз дос біріндегі осындай кемшіліктерден арылуға
көмектеседі. Әрине, сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, тәкаппарлық,
өзімшілдік достықпен сыйыспайды.. Жалқау, мен-мен, мәдениетсіз, самарқау,
салдыр-салақ адамдар бір-бірімен дос болып көгермейді. Дос болма майда
тілді күлгенменен, бимағына сырты жылтырап жүргегменен, дейді Шал ақын.
Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі ғауһар тас. Жұлдыз да, асыл тас
та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдірет те кірлете алмайды.
Достыққа кішкене сызат түсті дегенше, құдай ұрды дей бер. Егер шып дос
табылса, мал-басыңды соның жолына құрбан ет. Досыңның кішкене сыйын көптей
көр, досыңа қанша көп берсең де аздай көр. дейді сөз зергері Мәшһүр Жүсіп
Көпеев.
Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге
мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін ақтау, бір-біріне жөндеп
талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу — бұл жалған достық. Дос
жылатып, дұшпан күлдіріп айтады деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық
қарым-қатынас адамға, әсіресе, балғын, балауса шақта аса қажет. Дос іздеу
асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз үмітке толы жас дәуреннің
ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап, меңзей
білудің, сенім-танымдарды қалыптастырудың таптырмас мектебі. Осы кезде жас
адам үшін құрбы-кұрдастардың орны ерекше Бозбала мен бойжеткеннің достасуы
бара-бара алғашқы кіршіксіз махаббатқа да ауысып жататын болады. Достық
өмірдің даңғыл жолы емес, сондықтан, ол туралы үстірт, жеңіл ұғымдардан
аулақ болу қажет.

Имандылыққа тәрбиелеу

Жастарды үйде де, түзде де имандылық пен адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеудің халықтық сай алуап әдіс-тәсілдері бар. Олардың бәрі-бәріне
тоқтала бермей, бірен-саранына, сипаттама беруді жөн көрдік. Осындай тәлім-
тәрбиелік мәні күшті тәсілдің бірі - бата беру, тілек білдіру.
Бата. Қазақ арасында адамдардың бір-біріне деген ынта-ықыласын, адал
ниеті мен жақсы тілектерін білдіретін тәрбиелік мәні зор рәсім. Бата — жас
буын өкілдері аға ұрпақтың абзал қасиеттерін, асыл армандары мен мұраттарын
жете меңгеріп ер жетуге тәрбиелі азамат болып өсуіне тілектестік білдіреді.
Бата- кісінің бастаған ісінің сәтті болып аяқталатынына алдын ала сендіріп,
оның қайрат-жігерін тасытып, рухтандыратын күні. Қазіргі кезде жастар
арасында белең алып отырған ұнамсыз қасиеттерден (маскүнемдік, нашақорлық,
ұрлық, қылмыс жасау т. б.) оларды арашалап алып, сана-сезімге кісілік пен
адамгершіліктің, инабаттылық пен мейірімділіктің шуағын ету мақсатында,
иманжүзділік-мұраттарының жоғары ұғымдарын сіңіруімізде халық даналығының
ғасырлар бойы қалыптасқан озық үлгілерінің бірі — бата беру салтының берері
мол. Бата сөздер моральдық-психологиялық нормалардың көптеген жағын
қамтиды, Бұларда ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сана, жөн-жосық,
дүниетаным, арман-тілек, дүниеге, табиғатқа көзқарас, ырым, наным-сенім
мәселелері қаралады. Осынау аталы сөздерде әсіресе имандылық,
адамгершілікке қатысты ұғым-түсініктер (амандық, денсаулық, тазалық,
парасаттылық, отаншылдық, ізеттілік, зерделілік, біліктілік, мейірімділік,
құт-береке, ырыс-несібе, өнер-білім, батырлық, ерлік, ұзақ өмір, асыл мұрат
т. б., т. с.) сөз болып, олардың мән-мағынасы талданады. Мәселен, жас
адамға берілетін баталарда мынадай ізгі тілектер бар: Айдай жарқыра,
жұлдыздай жылтыра; маңдайың ашық болсың, дұшпаның қашық болсын; бағың
жоғары өрлесін, абыройың таймасын, басқа дәулет құсы орнасын; құдайым малды
қыл, тең құрбысының алды қыл, ағайынның алды бол, отыз ұлды орда бол; ақ
жүрек болсын жолдасың, адалдық сені қолдасын, жақсылық үшін тірессе,
жаныңды арың қорғасын; найзадай, болсын намысың, қиындық көрсең мұқалма,
ауырлық көрсең жұқарма, қамқоршы бол кішіге, үлкенді үлгі тұт алға ,т. б.
Халқымыздың өресі биік ой-санасы, арман-қиялы тудырған ғибратты сөздердің
көркемдік-эстетикалық, эмоциялық әсерлігі, пәлсапалық тұжырымдары, образдар
жүйесінің (суреттеу, мәнерлеу, бейнелеу, әсірелеу т. б.) шеберлігі, сөз
асылдарының әр түрлі астарларда қолданылуы жас буын жанын баурамай,
елжіретіп-тебірентпей қоймайды. Мәселен, мына тіркестерде қаншама
психологиялық жылылық бар десеңізші! Жас баланың күлкісін, жомарттың
қолын, сапарлының жолын, қыздың қылығын, судың тұнығын, асаудын арынын,
бұлбұлдың таңғы үнін, гүлдің нәзіктігін, теңіздің тереңдігін, қыранның
көрегендігін, елдің көңілің, нағыз достың тілегін, мәңгі-бақи ажырамас шын
ғашықтың жүрегін бер!..
Бата мен тілек егіз қозыдай ұғым. Тілек дегеніміз- бата, бата
дегеніміз— тілек. Үйің құтты болсын, Сапарың оң болсын, Жақсы жатып,-
жайлы тұрыңыз деген тіркестерде бата да, тілек те бар.
Бата мен тілек -негізінен адам баласына жақсылық ойлау. Ол жас ұрпақты
бірлікке, әділеттілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді. Бата
ризашылық тілек-ниеттің көрінісі ретінде айтылады.
Мәселен, дастарқан басында берілетіп батада (кейде ас қайыру деп те
айтады), қаншама ізгі тілек жатыр (Дастарқан байлығын берсін,
денсаулығын берсін, Құдай бере бер, береке бер, аман сақта, абырой
бер).
Бата-тілектің түрлері көп деп жоғарыда айттық. Мәселен, жаңадан отау
болған жас жұбайларға берілетін бата көбінесе өсиет, өнеге ретінде айтылады

Өмірлерің мәнді болсы
Махаббаттарың мәнгі болсын
Шаңырақтарын биік болсын
Босағаларың берік болсын
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол
Еліңе бағалы бол,
Бала-шағалы бол

Сондай-ақ, сапарға шығып бара жатқан жас, сапар алдында ауыл
қариясынан, жаңашыр үлкен адамнан мынадай бата алады: Сапарың оң болсын,
сәтті жол болсын, басыңа бақ қонсын, жолың ақ болсын т. б.
Жас өнерпаздың өнеріне риза болған ақсақал: Өнерің өрге бассын!,
Көсегең көгерсін!, Құдай көңіліңді көтерсің!, Дарының дами берсін!
деп бата береді. Тілек көбінесе батаның ұсыныс түрі қария адам өз
тілегін ризашылықпен айтып: тәбетіңіз тартымды болсын, бұдан былай тек
жақсылықпен бас қосайық, достарыңның алды- болу үшін, еңбек ет,
еңбектерің табысты болсын, тату-тәтті тұрыңдар деп тұжырымдайды.
Іштей тілеу әрбір адамның сеніміне де байланысты.
Бала тәрбиесі бесіктен. Бесік — адам баласы игерген игіліктердің
ішіндегі ең парасаттысының бірі. Әсіресе, көшіп-қонуы жиі елдер үшін басқа
еш нәрсемен теңестіруге болмайтын мүлік. Оны кең байтақ далалы, заңғарлы
асқар таулы жерлерді мекендейтін көптеген халықтар пайдаланады. Бұл —
бесіктің тұрмысқа ыңғайлы бір ғана сипаты. Ал оның жаңа туған сәби үшін де,
жас босанған ана үшін де атқаратын биологиялық және физиологиялық қызметі
зор. Бесіксіз өскен баланың сағат сайын шырқырап мазасыздануынан ананың
жүйкесі тозып, емшегінен сүт шықпай қалады. Тіпті баласын жарытпайтын
аналардың көбейгендігі соншама, бұл әлеуметтік мәселеге айналып отырғандығы
ешкімді де таңдандырмаса керек. Бесіктің өзіне тән қасиеттері болады.
Олардың негізгілері: біріншіден — тазалық, екіншіден — тыныш ұйқы,
үшіншіден — микроклимат дер едік. Осы айтылған үш түрлі жағдай толық
орындалса, балалардың дендері сау, жақсы болып, ауру — сырқаусыз өсіп, ер
жетеді. Бесіксіз өсетін балалардың дамыл-дамыл асты суланатындықтан жылап
оянумеп жүйкелері тозып жүдейді. Сонымен қоса баланың бос жатқан аяқ-
қолдары ербеңдеп те ұйқысын бұза береді. Осының салдарынан дүниеге кеше
ғана келген нәрестелер невроз ауруына шалдығады да мазасыз болады. Жүйкесі
тозған ананың сүтіне жарымаумен бірге баланың енді ояна бастаған
психикасына да ауыр зардабып тигізеді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрді
аяқ асты ету келешек ұрпақ тәрбиесіне осындай ауыртпалықтарды әкеп отыр.
Бесікке бөленген баланың асты құрғақ, үсті жылы болғандықтан,
рахаттанып 16 —18 сағаттай ұйықтайды. Ұйқысы қанып, тыныш демалған бала
оянғанда күліп, бесіктен босанғанда керіле созылып, кереметтей лазатқа
бөленеді. Сәби үшін тек тәтті ұйқының өзі неге тұрады. Жайсыз әсерлерден
оны тәтті ұйқы ғана құтқара алады. Баланы бесікке салуды жақсы бөлей білуді
халқымыз өнер деп таныған. Бесікке салу тойын өткізетін. Оған тек ауыл
-желері ғана жиналатындығының өзі көп нәрсені аңғартады. Бесікке сәбиді
қырқынан шыққаннан кейін ғана салады. Өйткені, осы уақыт ішінде баланың
түйсігі тұрақтап, көз жанарын бұрып алатындай халге жетеді. Міне, осы
сәттен бастап адам баласының қос қанаты тәріздес жүрек пен ақыл тәрбиесі
үндесе дамиды. Осы екеуінің де ендігі дамытушысы, бесік жыры болады.
Халықтың Бесік жырын естімегеннен не адамшылық, күтесің дейтіні де содан
болса керек. Сәбиді бесікте тәрбиелеу аса жауапты кезеңге жатады.
Балабақша мен мектеп. Тәрбиедегі ен, жауапты кезеннің бірі — бала
бақшасындағы тәлім екені рас. Бұл — баланың көрген-білгендерін талғамай,
бойына сіңіре беретін шағы. Біздерде бұл мәселе де ақсап жатыр. Ана тілінде
тәрбие беретін бала бақшалары жетіспейді, алдымыздан үнемі аралас топтар
шығады. Тәрбие ісіне көптен сіңісіп кеткен осындай керағарлықтың да зияны
аз емес. Жалпы, жер жүзіндегі мәдениетті елдер төрт-бес жасқа дейін баланы
тек өз ана тілінде тәрбиелейді. Қастерлі халық дәстүрлерін осы мезгілде
сіңіруге тырысады. Міне осыдан кейін ғана басқа тілдерді, тіпті бір емес,
бірнеше тілдерді үйретуге кұш салады. Жас бүлдіршіндерге жаңа тілдерді
үйренуде салыстырмалы таным беретін тек өзінің ана тілі. Жүйелі тәрбие ғана
баланың жан-жақты жетілуіне жағдай туғызады, жүрегін тербеп, санасын
оятады.
Бала бақшаларында тәрбие жүргізу бағдарламасы жоқ деген де біраз сылтау
болды. Қазір ондай бағдарлама да бар. Оның үстіне халқымыздың қай тақырыпқа
да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік боп құрылған аңыз-
әңгімелері қаншама? Жас сәбидің зердесін дамыту үшін жаттатып айтқызатын
эпос жырларымыздың өзі ұшан-теңіз. Баланың ішкі дүниесінің үндесе дамуына
арналып ойластырылған ұлттық ойындар мен қозғалмалы қимылдар, ән мен жыр да
баршылық.
Бала тәрбиесі қашан да әлди-әлдиден, бесік жырынан басталады.

Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
А й н а л а й ы н ш ы р а ғ ы м,
Қөлге біткен құрағым.

деп, жас нәрестесін әлпештеген анасы оны әлемдегі ең асыл нәрселерге
теңейді, оның жүрегін жарып шыққан мұң мен сыр, қуаныш пен реніш, жұмсақ үн
мен жылы жыр, отты леп пен ойлы сөз бала санасына шым-шымдап сіңе береді.
Шынайы сүйіспеншілігі меп жалынды махаббатын білдіріп қана қоймайды, оған
артар үміті мен сенімін қоса жырлайды, халқының қамын же, ел-жұртыңа қызмет
ет дейді. Есейіп ер жеткен, көркейіп бой жеткеп ұл мен қыз ананың асыл
арман-тілегімен суарылады.
Баланың бесіктен белі шығады, еңбектеп, тәй-тәй басып жүре бастайды.
Бұл кезде де ананың айтар тілегі, артар үміті сарқылмайды. Соның бірі
Тұсау кесу жыры деп аталады. Баланың қаз-қаз басып, апыл-тапыл жүре
бастағанын қызықтаған анасы:

Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң, мәз болам,
Күрмеуіңді шешейік,
Қадамына қарайық,
Басқанынды санайық,
Каз-қаз, балам, жүре ғой, Балтырыңды
түре ғой Тай-құлын
боп шаба ғой,

деп жырлайды.
Бұл жырда Қадамыңа қарайық, басқаныңды санайық деген қызықтау да,
Тай құлын боп шаба ғой, озып бойге ала ғой деген тілек те бар. Ал,
Жасырын-бақ, Қуыршақ, Айгөйлек, Ақсерек-көксерек сияқты ойын-
өлеңдер балаларды қимыл-әрекетке баулып, олардың денесін ширата түсуге
арналып жатады.
Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін
уақыттан өтті. Енді оның өмірді тануы керек, өзін қоршаған ортаны білуі
қажет. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, осыны ескеріп,
халық ойын-өлеңдермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарыпты.
Санамақтар солардың қатарына жатады. Олар арқылы балаларға сан үйретеді.
Ұнамсыз қылықтарды дер кезінде түзетіп отыру үшін мазақтамалар деп
аталатын өлең түрін де ойлап тапқан. Бұл өлеңдерде балалардың бойындағы
өзімшілдік, тентектік, өтірік айтушылық, олақтық пен салақтық, жалқаулық
пен қомағайлық сияқты ұнамсыз қылықтар сыналады, одан арылтуға әрекет
жасалады.
Балалардың ой-өрістерін кеңейтіп, дүниені молырақ танытатын ауыз
әдебиеті үлгілерінің алдыңғы қатарында: табиғат құбылыстары, жыл
мезгілдері, жан-жануарлар, әсіресе, төрт түлік мал туралы өлең-жырлар
тұрады. Өтірік өлеңдердің, жаңылтпаштар мен жұмбақтардын, мақалдар мен
мәтелдердің де бала тәрбиесінде атқарар қызметі өте зор. Бұлар көбінесе
баланың ұғымын, түсінігін, дүниетанымын кеңейтуде, олардың тілін ұстартып,
ойын дамытуда маңызды роль атқарады. Мәселен, жаңылтпаштар баланың тілін
ұштай түсіп, оның кекештенбей, тұтықпай, қысылмай сөйлеуіне көмектеседі. Ал
өтірік өлеңдер қиыннан қиыстырылған тапқырлықты, үлкен ой-қиялды керек
етеді.
Бесіктен-ақ сазды үн, маржан сөз естіп өскен қазақ бала 5—6 жасында-ақ
әнші-күйші, ақындық белгі бере бастайды. Мәселен, Шәкәрім әкесінің өлініне
байланысты өлеңін 6 жас шамасында шығарыпты. Бұл қазақтың тәрбиесі
бесіктен деп бекер айтпайтындығының айғағы. Неғұрлым ерте, әрі дұрыс
берілген тәрбие жемісті болады.
Әдеп пен инабат рәсімдері. Күнделікті өмір сан-салалы байланыстар мен
қарым-қатынастарға толы. Егер осы байланыстарға ой көзімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әжелер өнегесі
Ұлттық ою – өрнектердіқолдануарқылы бесік жасау технологиясы
Бесік тәрбиесінің бала тәрбиесіне тигізер әсері
БЕСІКТІҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Халық-педагогикасындағы-имандылық-пен-адамгершілік-тәрбиесі
Өнеге от басынан басталады
Қазақ халқының имамдылыққа бала тәрбиелеудегі тағылым сөздері мен өнегелерінің маңызы
Тәрбие түрлері және бесік тәрбиесі
Айналамдағылар менің қандай қасиеттерімді бағалайды
Пәндер