Нерв жүйесінің маңызы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Нерв жүйесінің маңызы, оның дамуы, зерттеу әдістері

2. И. П. Павлов, П. К. Анохиннің нерв жүйесін зерттеудегі еңбектері

3. Тітіркену

4. Тітіркендіргіштер, олардың жіктелуі

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Нерв (жүйке) жүйесі- ақпаратты жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі ұйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе. Оның негізгі құрылымдық бірлігі нерв клеткасы.

Адам организмі күрделі де дара тығыз байланысқан жүйелерден, мүшелерден және ұлпалардан тұратын жоғары ұйымдасқан биологиялық супер жүйе болып есептеледі. Олардың күрделі құрылымында ерекше рөлді орталық нерв жүйесі ми мен жұлын атқарады. Ол адамнын организміндегі барлық клеткаларды ұлпаларды, мүшелерді, бұлардың жүйелерін өзара байланыстырып, функционалдық біртұтастықты ұтайды.

Орталық нерв жүйесінің қызметтері арқылы барлық мүшелер мен ұлпаларды болатын рецепторлар тітіркенген кезде туатын афферентті (орталық тепкіш) импульстер қабылданады. Орталық нерв жүйесінің туралы мүшелер әрекетін нақты бақылау нерв орталықтары мен шеткі огандар арасында екі жақты байланыс болатындығынан.

Мидың бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғары және нәзік интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың олардың ішінде М. М. Сеченов, П. К. Анохиннің, И. П. Павлов тың атқарған рөлдері айрықша. Афференттік нервтерді байлып орталық нерв жүйесіне түскен қозу импульстері тиісті эфференттік жолдарға жетуде, сол орталық нерв жүйесінде әр түрлі күрделілікте болатын, түрлінше функцияларды басқарып реттеуге қалыпты морфофункционалдық құрлым арқылы өтуі тиіс. Орталық нерв жүйесі арқылы қозу бір бағытта өтеді. Бұл қозғалысты, яғни құбылысты нерв орталықтарының қасиеті ретінде алғаш байқаған С. М. Сеченов болды.

Адамның әрекеті мен психикалық әрекеттері орталық нерв жүйесінде жүретін процестерге негізделген мидын, бүкіл организмдегі тіршілік процестерін ең жоғары және нәзік, интеграциялаушы мүше ретіндегі көзқарастың қалыптасуында көптеген физиологтардың, олардың ішінде М. М. Сеченов пен М. П. Павловтың атқарған рөлдері айрықша. Ол екеуі 1862 жылы «ми рефлекстері» деп аталатын еңбегінде организмнің қоршаған орта мен байланысты, оның түрлі әсерлерге қайтаратын барлық жауап реакциялары нерв жүйесі арқылы іске асатынын дәлелдеп көрсетті.

М. П. Павлов М. М. Сеченовтың осы идеясын басшылыққа ала отырып ми қызметін зерттеудің объективтік әдісін (шартты рефлекстер әдісін) тауып, ғылымға ендірді.

Әрі оны кеңінен қолданды және жоғарғы нерв әрекетінің физиологиясын жасап шықты. Түрлі шартты рефлекторлық реакцияларын бақылай анализдей отырып, ол мидағы, оның ішінде ми қыртысындағы нерв процестерінің (қозу мен тежелудің) ерекшеліктері, динамикасы, өзара әрекеттесуі туралы ғылыми нақты тұжырымдама жасады. Ми жұмысының принциптері мен заңдылықтарын анықтады. Ми қызметінің белгілі бір аймақтар мен алаңдарға шоғырланған атақты орыс ғылымы И. П. Павлов ашты. Ми қыртысының жоғары дәрежелі нерв қызметінің материалды субстрактасы бола отырып адамның күрделі іс-әрекетін қамтамасыз етеді.

Сонымен бірге мидың басқа бөлшектері арқылы организмдегі барлық процестерді реттеп организм организмге өзара қатынасын сыртқы орта мен байланыстырып отырады. Ми жұмысының орын тебу жағдайын М. П. Павловтың мектебі ғылыми зерттеу жолдарымен дәлелдеді. Олар әрбір шеткі органдар рецепторларының орталығы белгілі бір ми қыртысынан алақанда жинақталуын ашты. Ол заңдарды М. П. Павлов анализаторлардың ми қыртысындағы орталығы деп атады.

Сыртқы және ішкі ортадан тұрған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі нерв механизмін анализаторлар рецепторлардан, өткізгіш жолдардан, ми қыртысынан аймақтарынан түзілген.

И. П. Павлов шартты рефлекстердің тежелеуін де зерттеді. Тежелеудің әртүрлі болатынын және әрқайсысының өзіне тән іске асу механизмі бар екенін көрсетті.

Функционалдың жүйе ұғымының теорияның негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин болатын. Бұл теория организмнің іс-әрекетін реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Ол И. П. Павловтың рефлекторлық теориясының базасында оны адам әрі дамыту, нақтылау тереңдету, кеңейту нәтижесінде пайда болған деп есептеу керек. Оны рефлекторлық теорияның жаңа сапалы деңгейі десе де болады.

Функционалдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрлымдары мен атқарушы (шеткі) органдарының (құрлымдар) динамикалық бірлестігі П. К. Анохиннің түсінігі бойынша, функционалдың жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор - әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қол жеткізгенде оның тиісті қажетті өтеледі, қанағаттандыру іске асады. Осыған орай функционалдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттің нәтижесі организмді қанатантандырмаса функционалдық жүйе басқаша құрылып, мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді.

П. К. Анохиннің функционалдық жүйе теориясын рефлекторлық теория тұрғысынан түсіндіруге болмайды деген пікір дұрыс емес. П. К. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы бойынша әрбір функционалдық жүйе қызметінің құрлымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звенолар ажыратылады.

1. Афференттік синтез

2. Шешім қабылдау

3. Әрекет нәтижесінің акцепторы

4. Іс-әрекет

5. Әрекет нәтижелері және оның негізгі белгілері

Осының нәтижесінде тиісті әрекет ағзаға қажетті өтелгені болмаса өтелмегені туралы, басқаша айтқанда пайдалы нәтиженің барлығы немесе жақтығы туралы баға пайда болады. Осыған байланысты мақсатты іс-әрекет одан әрі басқаш түрде жалғасы немесе аяқталу тиіс. Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі іс-әрекет адам мен оны қоршаған орта арасындағы нақтылы байланысты орнататын болмысқа туатын белсенді қатынас формасы П. К. Анохин функционалдық жүйе теориясын жануарлардың әртүрлі мақсатты іс-әрекеттерін түсінуге қолданды.

Анохин ұйқы ми қыртысы мен ең маңызды қыртысы туындыларының өзара қатынасындағы циклді өзгерістерге байланысты деп көрсетті.

Ал Павлов өзінің толып жатқан тәжірибелеріне сүйеніп ұйқы үлкен жарты шарлар қыртысында кеңінен таралған және біраз төменгі нерв орталықтарын қамтитын тежеу деп түсіндірді.

Қорыта келе Павлов өзінің алғашқы экспериментальдық жұмыстарында-ақ организмдегі жүріп жатқан процестердің реттеуші механизмдерін зерттеуге тырысты. Ол фистула әдісін ұсынды. Бұл әдісті қолданғанда организмдегі түрлі органдардың бір-біріне әсерін ескеруге толық мүмкіндік берді. Ал П. К. Анохин функционалдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалап адам әрі дамытты. Бұл теория организмнің әр түрлі күнделікті белгілі мақсатқа бағытталған іс-әрекетін реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етті. Ол М. П. Павловтың рефлекторлық теориясының базасында оны одан әрі дамыту, нақтылау кеңейту нәтижесінде пайда болған деп есептеуге болады.

Тітіркену

Тітіркендіру - тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер ету. Тітіркену негізінде тітіркенгіштік қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың өсу және көбею, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді. Тітіркенудің сипаты мен тірі тіндердің (ұлпалардың) арасында тығыз байланыс болады. Осыған байланысты тітіркенудің үш заңдылығы бейнеленеді.

Күш заңы - тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым белгілі бір шекке дейін тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Тітіркендіргіштің қозу процесін тудыратын ең аз күшін тітіркену табалдырығы деп атайды. Бұл күш тіннің (ұлпаның) қозғыштығына байланысты. Ол қозғыштық неғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті.

Мерзім күші - тітіркендіргіш мерзімінің әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Қозу процесі пайда болу үшін тітіргендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Тітіркену табалдырығының әсерімен қозу процесінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның әсер мерзімі арасында белгілі бір тәуелділік болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рефлекс және оның түрлері
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Нерв (жүйке) жүйесі
Жүйке жүйесінің жалпы патологиясы
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы туралы
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Темперамент және жеке тұлға
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz