Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық мәселелері)


Бәрімбек Бейсенов атындағы
Қарағанды заң институты
ӘОК 343. 9:351. 776. 36 қолжазба құқында
Есболаев Ғалымжан Молдабекұлы
Мәйіт эксгумациясы (процессуалдық, ұйымдастырушылық
және криминалистикалық мәселелері)
12. 00. 09 - қылмыстық іс-жүргізу, криминалистика және сот сараптамасы; жедел іздестіру қызметі
заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған
диссертация
Ғылыми жетекші:
заң ғылымдарының докторы, профессор
Нұрғалиев Б. М.
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2007
Мазмұны
КІРІСПЕ 2
1 Мәйітті жерленген жерінен қазып алу ұғымы
және оның қылмыстық іс жүргізуде алатын орны 2
1. 1 Мәйітті жерленген жерінен қазып алу ұғымы және
эксгумация - дербес тергеу әрекеті ретінде 2
1. 2 Тергеулік эксгумацияның қылмыстық іс жүргізудегі алатын
орны 2
2 Тергеулік эксгумацияны жүргізудің
процессуалды-құқықтық аспектілері 2
2. 1 Тергеулік эксгумацияның құқықтық шарттары мен
процессуалдық реттелуінің мәселелері 2
2. 1 Эксгумация тергеу әрекетінің мақсаттары мен оған қатысушы тұлғалар 2
3 Мәйітті жерленген жерінен эксгумациялаудың тактикалық-криминалистикалық ерекшеліктері 2
3. 1 Тергеулік эксгумацияны жүргізудің ұйымдастыруышылық
және тактикалық негіздері мен әдіс-тәсілдері 2
3. 2 Қалыптасқан ахуалдарға сәйкес мәйітті эксгумациялаудың ерекшеліктері және аталған ахуалдардың криминалистикалық
түсініктері 2
3. 3 Мәйітті эксгумациялау барысында қолданылатын криминалистикалық техника құралдары мен оларды қолдану әдістері 2
Қорытынды 2
Пайдаланылған қайнар-көздердің тізімі 2
Қосымша а 135
Қосымша Б 142
Қосымша В 143
Қосымша Г 144
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаңа тұрпаттағы мемлекетіміздің тарихи дамуының сара жолына шығуына байланысты қоғамымызда жаңа құқықтық жүйе қалыптаса бастады. Осыған сәйкес көптеген заңдар қабылданып, адамдардың ара қатынасын шынайы демократиялық негізде реттеуге жол ашылды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді мемлекет ретінде дамуы - мемлекеттік құқықтық жүйенің түбегейлі өзгеруіне басты себепкер болды. Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаны жүзеге асыру жағдайында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың заңды мүдделері мемлекетіміздің ең басты әлеуметтік құндылығы болып жарияланып, көптеген құқықтық институттар сапа жағынан түбегейлі қайта қарастырылуды қажет етті. Осылайша Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2006 жылғы Қазақстан халқына жасаған Жолдауында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізгі бағыттарын анықтай келе, азаматтардың Конституция мен еліміздің заңдарын орындауын қамтамасыз ету - құқық қорғау органдарының негізгі міндеті екендігін ескерткен болатын [1] .
Ал құқық қорғау және сот органдарының заңдарды орындаудағы қызметтерінің негізгі құрылымды бөлімін процессуалдық іс-әрекеттер, оның ішінде тергеу әрекеттері құрайды. Тергеу әрекеттерінің қалыптасқан заң нормаларының аясында жүргізілуі, сөз жоқ, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл бола алады. Алайда, кейінгі кездері азаматтар тарапынан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты көптеген шағымдар мен арыздар түсуде. Айталық Қазақстан Республикасындағы адамдар құқығы жөніндегі өкілетті өкіл Б. Байқадамов, 2005 жылға арналған баяндамасында, 2005 жылдың бірінші қаңтары мен 31 желтоқсан айы аралығында 935 азаматтардың жазбаша өтініштері мен арыздары қарастырылғаны және олардың 13, 04 % құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігіне тікелей қатысты болғандығын мәлімдеген болатын. Түскен шағымдардағы көтерілген мәселелердің көпшілігі қызметкерлердің өз қызметін дұрыс пайдаланбауы, заңда көзделген талаптарды орындамауы секілді өзекті мәселелердің төңірегінде құрылғанын жасырмаған ләзім [2] . Мұндай мәселелердің болу себептеріне қатысты арнайы сұралған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жүзеге асыратын және оларды тікелей атқаратын тергеу әрекеттерінің жүргізілу тәртіптері қылмыстық іс жүргізу заңнамасында, тәжірибеде қолдану барысында ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету тұрғыда, қазіргі заманға сәйкес, тиісті дәрежеде жетілдірілмегендігі туралы көріністері бар екендігін атап отыр.
Сондай тергеу әрекеттерінің бірі - эксгумация болып табылады. Себебі эксгумация, басқа тергеу әрекеттерімен салыстырғанда, өзінің орындалу жағынан күрделілігі мен қылмыстық істе маңызды орын алатын арнайы мәселелерді шешудегі мүмкіндігінің молдығымен ерекшеленеді.
Заң әдебиеттерінде эксгумацияның процессуалдық, тактикалық-криминалистикалық және ұйымдастырушылық мәселелері, күні бүгінге дейін кешенді түрде әліде болса толығымен зерттелмеген. Жарық көрген қолда бар ғылыми еңбектерде, эксгумация арналған көкейкесті мәселелерінің белгілі бір бөлігі ғана қаралған және оларда мазмұндалған деректер мен ұсынымдар тәжірибелік қажеттілігін қанағатандырарлықтай емес.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының процессуалдық тұрғыдағы өзектілігіне, оның қылмыстық іс жүргізу заңнамасында жеке тергеу әрекеті ретінде дербестілігі толықтай анықталмағандығын және қажетті шартты нормалардың орын алмағандығын айтуға болады. Қолданыстағы Қазақстан Республикасының ҚІЖК-де эксгумация бөлек баппен (225-бап) көрсетіліп, тергеулік қарауға арналған 27-тарауға енгізілген. Соның салдарынан кейбір тәжірибе жүзінде қызметкерлер эксгумацияны тергеулік қараудың бір түрі ретінде қабылдап, қылмыстық іс-жүргізуде эксгумацияны тергеулік қарау тергеу әрекетінің құрылымды элементі деп біледі. Ал көптеген ғалымдар эксгумацияны басқа тергеу әрекеттерінің, оның ішінде тергеулік қараудың жүргізілуіне қамтамасыз етуге жататын ұйымдастырушылық шара ретінде қарастырған.
Сонымен қатар қылмыстық іс-жүргізу заңнамасында эксгумация тергеу әрекетіне қажетті шарттар толық ашылмаған. Атап айтқанда - эксгумацияның қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілу мүмкіндігі, эксгумация тергеу әрекетіне қатысушы тұлғалардың құрамына қатысты мәліметтер, эксгумация жүргізуден келтірілген шығындарға қатысты мән-жайлар, эксгумация тергеу әрекеті соттың қаулысы негізінде жүргізілу мүмкіндігі туралы нормалар және т. б. мән-жайлар. Сондықтан да эксгумация тергеу әрекетіне арналған нормаларын жан-жақты талқылау және қажетті алғы-шарттарды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Эксгумация ұйымдастыру және тактикалық-криминалистикалық жағынан да ғылыми зерттеуді керек етеді. Қазіргі таңда эксгумация жүргізуді ұйымдастыру құқық қорғау органдарын елеулі қиындықтарға әкеп соқтыруда. Жалпы, мәйітті жерленген орнынан қазып алу іс-әрекетінің өзі қоғамдық қауымдастықта кері әсерімен сипатталады. Себебі қайтыс болған адамның денесі жерге берілгеннен кейін, қайта қазып алу өлген адамға қатысты қорлаушылық болып табылады деген діни түсінік, қағида бар. Осындай қағидалардың негізінде өрбіген эксгумациялануға тиіс қайтыс болған адамның туыстары құқық қорғау органдарының қызметкерлерін эксгумация өткізілетін жерге кіргізбей, күш қолданған оқиғалар да тәжірибеде кездесіп қалады. Осыған байланысты сұраунама алынған адамдар мұның себебін, мәйітті жерленген жерінен қазып алу іс-әрекеті діни-салттық түсінік-тәртіптерге қарсы екендігімен және қайтыс болған адамның туған-туысқандарының жан-күйзелісінің жағдайына байланысты туындайтынымен түсіндіреді. Келтірілген ахуалдар тәжірибеде кеңінен кездеседі және аталған ахуал тұрақты құбылыс ретінде көрініс беруде. Алайда соңғы уақыттары эксгумация өткізуге қайтыс болған адамның туысқандарының арыздары да себеп болуда. Әсіресе азаматтардың мұндай белсенділігі Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысында байқалады. Айталық, Алматы қаласы бойынша 1999-2006 жылдар аралығында жүргізілген 59 (шартты түрде 100 %) эксгумацияның 21-і (35, 5 %), және Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы жүргізілген 37 (шартты түрде 100 %) эксгумацияның 17-і (36, 9 %) қайтыс болған адамның жақын туыстарының арыздары мен шағымдарының негізіде жүзеге асырылған. Мұндай көрсеткіш азаматтардың құқық қорғау органдары мен сараптама орталықтарының қызметкерлерінің жұмысына сенбеушіліктің нәтижесінде туындап отыр. Осындай кереғарлық фактілердің алдын алу және оларды болдырмау мақсатында жүзеге асырылатын іс-шараларды диссертациялық көлемде зерттелуге жатады дейтініміз сондықтан.
Сонымен қатар эксгумация тактикалық-криминалистикалық тарапынан жан-жақты жетілдірілу қажеттілігін ескеру керек. Осы күні мәйітті эксгумациялаудың тактикалық әдіс-тәсілдері мен қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдарға арналған ғылыми еңбектер мейлінше аз кездеседі, ал болған күннің өзінде эксгумация жүргізудің тактикалық әдіс-тәсілдеріне және қолданылатын техникалық құралдарға арнайы тоқталып, көп көңіл бөлінбегендіктен, бұл мәселені қаузай түсер терең зерттеулер жүргізілмегенін мойындау парыз. Осыған байланысты эксгумацияны қылмыстық іс төңірегінде тиімді жүргізу мақсатында, тергеу әрекетінің жүргізілу барысында кездесетін әрбір көрініске айрықша ден қойылуы тиіс, яғни мәйіт жерленген зират пен молаға, қазылатын жердің жағдайына, қазып алынатын мәйіттің жағдайына және тағы басқа да факторларға байланысты қолданылатын тактикалық әдіс-тәсілдер мен криминалистикалық техниканың таңдалуын бөліп айтуға болады.
Дегенімен де, жоғарыда біз атап кеткен мәселелердің жекелеген аспектілерін шешуде белгілі бір дәрежеде оң қабақпен қараған ілгері басушылық байқалуда. Айталық, бұрынғы ҚазССР қылмыстық іс-жүргізу кодексінде эксгумацияны тергеулік қарау тергеу әрекетіне арналған бапта жол-жөнекей ғана аталып өтілсе, 1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде эксгумация тергеулік қарау тергеу әрекетімен бір тарауға енгізілсе де, бөлек баппен көрсетілген, соған байланысты эксгумация бөлек тергеу әрекеті мәртебесіне ие болып отыр. Осылайша заң шығарушы алдын-ала тергеудегі эксгумация мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыда, эксгумацияның процессуалдық, ұйымдастырушылық және криминалистикалық жағынан түпкілікті және жан-жақты зерттеулер жүргізу үшін шынайы мүмкіндік жасады.
Диссертациялық тақырыптың жекелеген мәселелері Г. М. Абдумажитов, Д. А. Армеев, Л. М. Бедрин, А. Я. Гинзбург, А. П. Загрядская, А. Е. Кригер, О. И. Маркарьян, Д. А. Натура, А. И. Натура, О. Х. Поркшеян, Б. В. Фуфыгин, С. А. Шейфер, В. И. Шиканов, тағы басқа секілді криминалистика, қылмыстық іс жүргізу және сот-медицина саласында танымал ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Алайда эксгумация мәселесі отандық заң ғылымы саласында қазіргі кезге дейін диссертациялық деңгейде оның процессуалдық, криминалистикалық, ұйымдастырушылық сипаттағы мәнді мәселелер шеңберінде кешенді қарастырылып, зерделеніп, зерттелінбеген. Ал бұл мәселелердің жекелеген бөліктері қарастырылған еңбектерде эксгумация тергеу әрекетіне тиісті деңгейде көңіл бөлінбей, ғылыми тұрғыда талқыланбаған және олардың көбісі бұрынғы кеңестік және ресейлік заңнамаға негізделген. Сонымен бірге тақырыптың өзектілігі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағынан қарқынды дамуына байланысты, қазіргі заманға сай, эксгумацияға қатысты теориялық және тәжірибелік мәселелерді терең және жүйелі түрде зерттеудің қажеттілігі туындап отыр.
Жоғарыда келтірілген уәждердің барлығы эксгумацияның өзекті мәселеге айналуына себепші боп, әрі диссертациялық зерттеудің тақырыбы ретінде таңдап алынуына арқау болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Диссертациялық зерттеудің негізгі мақсаты - эксгумация ұғымын жан-жақты ашу, қылмыстық іс жүргізуде жүргізілетін эксгумацияны теориялық және тәжірибелік тұрғыда кешенді түрде зерттеу, ашып айтқанда эксгумация жүргізу барысында пайда болатын процессуалдық, криминалистикалық және ұйымдастырушылық мәселелерін айқындау, эксгумация түсінігін ғылыми тұрғыда толық және жан-жақты анықтау және осы тарапта кездесіп қалатын кемшін тұстарды зерттеп, оның шешілу жолдарын анықтау болып табылады.
Көзделген мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер анықталды:
- эксгумация тергеу әрекетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу;
- зерттеу тақырыбына қатысты заңдарды және өзге де нормативттік актілерді, әдебиеттерді зерттеу мен талдау және оқу;
- тергеулік эксгумация ұғымының анықтамасын айқындап, оның тәжірибелік және ғылыми мәнін анықтау;
- эксгумация тергеу әрекетінің қылмыстарды ашу мен тергеудегі ролін анықтау, оған ғылыми анализ жасау;
- эксгумация жүргізудің процессуалдық жағдайын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар беру, оның ішінде тергеу әрекетіне қатысушы тұлғалардың құқықтық мәртебесін және жүргізілу тәртібіне қажетті процессуалдық шарттарын анықтау;
- аталмыш тергеу әрекетінің иінді де тиімді жүргізілуіне өзіндік септігін тигізетін ұйымдастырушылық алғы-шарттарын көрсету;
- эксгумация жүргізудің заңдылығын қамтамасыз ететін себептер мен негіздерін тұжырымдау және тергеу әрекетінің жүргізілу барысының нәтижелерін құжаттамалық ресімдеу мәселелерін қарастыру;
- эксгумацияның қылмыстық іс жүргізу заңнамасындағы орнын жеке тарау ретінде жобасын әзірлеу;
- эксгумация тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданылатын тактикалық-криминалистикалық әдістері мен тәсілдерін ғылыми және тәжірибелік тұрғыда жетілдіре түсу;
- қалыптасқан ахуалдарға байланысты мәйітті эксгумациялаудың тактикалық ерекшеліктерін талдау және аталған ахуалдарға ғылыми талдау жүргізу;
- эксгумация жүргізу барысында қолданылатын техникалық-криминалистикалық құралдар мен оларды қолданудың әдістерін зерттеу және талдау.
Зерттеудің объектісі мен заты. Диссертациялық зерттеудің объектісі - қылмыстық іс жүргізуде тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында, оның ішінде эксгумация өткізу кезінде алдын ала тергеу жүргізетін лауазымды адамдар мен қылмыстық іс жүргізуге қатысушы басқа да тұлғалардың арасында туындайтын құқықтық қатынастар.
Диссертациялық зерттеудің заты - эксгумация тергеу әрекетін жүргізудің ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген процессуалдық тәртібі, эксгумация жүргізудің тактикалық-криминалистикалық әдіс-тәсілдері, дәлелдемелерді табуға, жинауға және бекітуге бағытталған техникалық-криминалистикалық құралдар мен оларды қолданудың әдістері және жалпы эксгумация тергеу әрекетін өткізуді жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының қызметі болып табылады.
Зерттеудің әдістемелері, нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері. Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізін танымның диалектикалық әдісі құрайды, яғни қазіргі заманға сай ғылыми-техникалық өзгерістердің және әлеуметтік-экономикалық реформалардың құқықтың криминалистика, қылмыстық іс-жүргізу секілді салаларына тигізер ықпалын диалектикалық тұрғыда ұғыну әрі талдау. Диссертациялық зерттеу жүргізу барысында салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрылымдық, нақты-әлеуметтік, тарихи, анализдік және синтездік талдау сынды жалпы ғылымға тән әдістер қолданылды.
Зерттеу жүргізу барысында ізденуші Г. М. Абдумажитов, Т. В. Аверьянова, А. Н. Ахпанов, Л. М. Бедрин, Р. С. Белкин, И. Е. Быховский, В. Г. Бурчинский, А. Я. Гинзбург, М. П. Гутерман, В. И. Добряк, А. П. Загрядская, А. А. Исаев, А. М. Кустов, М. Ч. Қоғамов, В. Д. Лупиков, В. П. Лавров, А. А. Матышев, Ю. А. Молин, Б. М. Нұрғалиев, О. Х. Поркшеян, А. Ф. Рубежанский, Б. А. Салаев, Б. Х. Төлеубекова, Б. В. Фуфыгин, В. И. Шиканов, Н. Г. Шурухнов және тағы басқа секілді ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.
Диссертациялық зерттеудің нормативтік-құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары, қылмыстық іс-жүргізу және қылмыстық-құқықтық заңнамалары, басқа да нормативттік актілер құрайды. Диссертациялық зерттеу жұмысында жалпыға белгілі әдеп-ғұрыптық және діни ағымдардың негіздері де басшылыққа алынды. Зерттеудің ғылыми түп-тамыры ретінде құқықтың негіздері, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика, сот-сараптамалары және ғылымның басқа да салаларындағы зерттеу тақырыбына байланысты ғалымдардың еңбектері қатар қолданылды.
Зерттеудің эмпирикалық базасы. Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен нақтылығына, қарастырылған мәселені жан-жақты және ғылымның түрлі саласына қатысты білімді пайдалана отырып, зерттелгендігі анық кепіл бола алады. Сонымен қатар зерттеудің эмпирикалық базасын құқық қорғау органдары мен соттық-медициналық сараптама орталықтарынан алынған 1999-2006 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтер құрайды. Эмпирикалық материалдарды жинау барысында 250 тәжірибе қызметкерлерінен эксгумация тергеу әрекетіне қатысты сұраунама жүргізілді.
Мұнымен қатар, тікелей эксгумация жүргізілген 155 қылмыстық істер мен қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған материалдар және мәйітті жерленген жерінен қазып алу іс-әрекеті орын алған 100 қылмыстық істер етене зерттелді. Эмпирикалық материалдарды жинау Алматы қаласы және Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жүргізілді. Диссертациялық жұмыста құқық қорғау қызметкерлерінің жеке тәжірибелік дағдылары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынаған саяды: эксгумация жеке тергеу әрекеті ретінде әрі оның процессуалдық, криминалистикалық және ұйымдастырушылық мәселелері алғаш рет диссертациялық зерттеу деңгейінде кешенді түрде қарастырылып отыр. Атап айтқанда, эксгумацияның процессуалдық тәртібіне жаңадан алғы-шарттар әзірленді, тың өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұлар эксгумация жүргізудің технологиясы мен тактикалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге қатысты жекелеген ережелерді әзірлеп, пысықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар диссертациялық жұмыста эксгумацияның қылмыстық іске тиімді өткізуіне байланысты тәжірибеде қолданылуы жөнін көздеген ұсынымдар жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Заң әдебиеттері мен тәжірибелік ақпараттарды сын елегінен өткізіп, талқылағанда мәйітті жерленген жерінен қазып алу әрекетінің мемлекеттік органдардың арнайы рұқсатының негізінде, кездейсоқтық және қылмыстық мақсаттарда жүргізілуі мүмкіндігі айқындалып, олардың жіктемесі жаңадан ғылыми тұрғыда негізделді.
- Тергеулік эксгумацияны жеке тергеу әрекеті ретінде қабылдамайтын, оны тек ұйымдастырушылық немесе қамтамасыз етуге жататын алғы шарттар тұрғысында түсінетін ғалымдардың пікірлерімен келісе алмаймыз. Біздің пайымдауымызша эксгумация басқа тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктерін қамтиды, бірақ бұл түсінік эксгумацияны басқа тергеу әрекеттеріне бағынышты етпейді. Бұл орайда эксгумацияның дербестілігі, оның екі қасиетімен түсіндіріледі, яғни:
- эксгумация зерттеу объектісіне қатысты әмбебапты, яғни тергеу әрекеті тек мәйітті қарауды ғана талап етпейді, сонымен қатар жерленген жерді, табытты, мәйіт киімдерін және тағы басқа қылмыстық іске қатысы бар заттарды қарауды және оларды зерттеуді талап ететіндігі;
- эксгумация зерттеу әдіс-тәсіліне сәйкес әмбебапты, яғни объектілерді зерттеу, қарау барысында әр-түрлі әдіс-тәсілдер қолданатындығы.
- Эксгумация өзінің құқықтық-процессуалдық жағынан да жетілдіріле түсуді талап етеді, атап айтқанда, қылмыстық іс жүргізу заңында эксгумация тергеу әрекетінің қатысушы тұлғаларына, эксгумацияның қылмыстық іс қозғалғанға дейін жүргізілу мүмкіндігіне, эксгумация жүргізудің салдарынан келтірілген шығындарды өтеу және мәйітті қайта жерлеу мәселелеріне, эксгумация сот қаулысының негізінде жүргізілуі мүмкіндігіне, эксгумация өткізу барысында мәйіттен басқа да нысандарды қарау, суретке түсіру және тағы басқа құралдарды қолдану мүмкіндігін ескеруге, эксгумация тергеу әрекетінің хаттамасына керекті ерекшеліктерді анықтауға қатысты мән-жайлар нақтылануы тиіс. Ұсынылған эксгумацияның процессуалдық тәртібін реттейтін нормалардың жобасы ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
- Эксгумация кез келген тергеу әрекеті секілді үш сатыдан тұрады: дайындық, жұмыс және қорытынды. Эксгумацияның нәтижелі және тиімді өткізілуі - дайындық сатысында процессуалдық-құқықтық, ақпараттық, тактикалық және ұйымдастырушылық шешімдердің қабылдануын және ол шешімдерде қарастырылған шаралардың орындалуын қажет етеді.
- Табытсыз жерленген мәйіттерге эксгумация жүргізудің тактикалық әдіс-тәсілдері мен шешімдері қоғамдағы өзгерістерге сәйкес қайта жаңадан қарастырылуға жатады.
- Эксгумация тергеу әрекеті қазып алынған мәйіт қайта жерленгеннен кейін ғана аяқталған болып есептеледі. Егер мәйітке тиісті сараптамалар жүргізу үшін мәйітханаға жіберу қажеттігі туындаған жағдайда, онда тергеу әрекеті мәйіт мәйітханаға жолданған сәтінде аяқталған болып саналады. Бұл орайда, мәйітке тиісті зерттеулер жүргізілгеннен кейін, қайта жерлеу процессі процессуалдық іс-әрекет ретінде жүргізіледі, бұл туралы хаттама толтырылады.
- Қылмыстың ізін жасыру мақсатында құпия жерленген мәйіттерді қазып алу іс-әрекеті, ресми эксгумация тергеу әрекетін жүргізу арқылы жүзеге асырылу қажет деген кейбір ғалымдардың көзқарастарымен пікір таластыруға болады. Біздің ойымызша эксгумацияның негізгі элементі - мәйітті жерден қазып алу іс-әрекеті, қалыптасқан ахуалдарға байланысты басқа тергеу әрекеттерінде (айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тінту, т. б. ) орын алуы мүмкін. Осыған қатысты мәселелерді жаңа ғылыми және тәжірибелік көзқараста қайта қарастыру және жаңдандару.
Зерттеудің теориялық және тәжірбиелік маңыздылығы. Зерттеудің тұжырымдары мен қорытындылары, нәтижелері мен ұсыныстары криминалистика, қылмыстық іс-жүргізу және сот-экспертологиясы ғылымдарының бір қатар бөлімдері мен тарауларын кеңейтуге және тереңдетуге септігін тигізері сөзсіз.
Диссертациялық жұмыста орын алған ұсыныстары мен ережелерінің мынадай жағдайларда:
- қылмыстық істерді тергеу және қарау барысында тергеу және сот тәжірбиелерінде;
- «Криминалистика», «Қылмыстық іс-жүргізу құқығы» және «Сот экспертологиясы» секілді оқу пәндерін оқытып, білім беру барысында;
- эксгумацияға мәселелеріне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарында;
- заң университеттері мен институттарында, т. б. оқу орындарында оқу-әдістемелік материалдарды дайындау барысында қолданылуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелерін қабылдау мен игеру. Диссертациялық зерттеу ҚР ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының Ғылыми кеңесі бекіткен жоспар-жобаға сәйкес, осы институттың криминалистика кафедрасында орындалды және автордың жарияланған тоғыз ғылыми мақалаларынан орын тапқан, олардың төртеуі ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz