Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық мәселелері

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-4

І тарау. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық мәселелері.

1. 1. Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . . 5-16

1. 2. Бастауыш сынып оқушыларын дүниетану сабағында сыныптан тыс жұмыстар арқылы қызығушылықтарын арттыру мүмкіндіктері . . . 17-19

ІІ тарау. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын дамытудың әдістемелік жолдары.

2. 1. Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру . . . 20-23

2. 2. Дүниетану сабағында сыныптан тыс жұмыстар барысында оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары (4 сынып) . . . 24-35

2. 3. Сабақ жоспарының нұсқа үлгілері . . . 36-42

Қорытынды . . . 43-46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі : Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасында «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өрнкендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы» Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын дамытуға ерекше көңіл бөлген.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыдан өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.

Оқушылардың қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.

Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер бала да қызығу болмаса, ол оқу пәндерәне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудыңда, тәрбиенің де жемісі болмас еді.

Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И. Ф. Гербарт, К. Д. Ушинский, У. М. Мак Дугал, Э. Трондайк т. б. болды.

Әр түрлі жастағы оқушылардың қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л. Гордан, М. Биляева, И. Цветкова, Л. Маневцова, Н. Постникова, К. Романова, Р. Римбург, Ф. Сербиладзе.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясы дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар: А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов ағартушылық педагогикалық мұралары.

Ал қазіргі таңда қызығу теориясын зерттеуді жалғастырушылар Т. Тәжібаев, Қ. Б. Жарықбаев сияқты психологтар.

Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев, О. Байқуатова сияқты педагогтар оқушылардың қызығушылықтары шын мәнісінде оларда саналы оқу мотивтерінің қалыптасуында екендігін дәлелдеді. Балалардың қызығушылығын дамыту мәселелерін шешуде Р. Жолдашқызы, Т. Жұрынова сияқты педагогтар бірнеше әдіс-тәсілдер ұсынды.

Қазіргі кезде дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен де бұл мәселе әлі де болса, оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдарын зерттеуді қажет етеді. Сондықтан да біз диплом жұмысының тақырыбын «Дүниетану сабақтарында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының объектісі : Дүниетану пәнін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселелері.

Зерттеу пәні : Дүниетану сабағындағы оқу үрдісі.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Бастауыш сыныпта дүниетану пәнін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын дамытуға бағытталған теориялық ережелерді зерттеу мен іс-тәжірибелер арқылы іске асыру жолдарын анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері :

1. Бастауыш мектепте оқушылардың қызығушылық қабілеттірін дамытудың теориялық негіздерін анықтау.

2. Бастауыш мектептің 4 сыныбы бойынша дүниетану пәнін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін талдап көрсету.

Зерттеудің әдісі: Зерттеудің алға қойған мақсат, міндеттерін шешу мақсатында педагогикалық, ғылыми әдістемелік, теориялық әдебиеттерге шолу жасау, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, педагогикалық озық іс-тәжірибелерді жинақтау және талдау әдістері қолданылды.

1. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың теориялық мәселелері.

1. 1. Бастауыш сыныпта оқушылардың қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

Қазіргі кезде бастауыш мектептерде оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, одан әрі жетілдіріле түсуге даңғыл жол ашылды.

Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатыны белгілі. Бала мектеп оқушысына айналады. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп жетілуіндегі елеулі өзгерістермен сипатталады. Баланың мектеп жасына өтуі оның іс-әрекетінің, қарым-қатынасының, басқа адамдар мен қатынасының, өзгеруімен байланысты түсіндіріледі. Негізгі іс-әрекет түрі оқу болады, өмірі өзгереді, жаңа міндеттер пайда болады.

Бастауыш мектеп жасындағы баланың танымдық іс-әрекеті оқу үрдісінде жүзеге асады. Осы жаста қарым-қатынас шеңберінің кеңеюінің маңызы артады. Баладағы өтіп жатқан осы өзгерістер педагогтардан бүкіл оқу тәрбиелеу жұмысын нақты мақсатқа бағыттауды талап етеді.

Оқу басқа іс-әрекетке қарағанда оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытады, дүниеге адамгершілік көзқарастарын бірте-бірте қалыптастырады.

Осы оқу арқылы оқушылардың таным үрдісі (қабылдау, зейін, ес, қиял ойлау) дамиды.

Таным - ойды білмеуден білуге қарай ұмтылдыратын ой-өрістің күрделі үрдісі. Оқушылардың нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және іскі күштер немесе себептер болады. Оқушылардың білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қиындықтар мен қайшылықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асырылады.

Бастауыш мектеп оқушысының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар оларда «білуге құмарлық, әуестікте» байқалады. Олар өздігінше күнделікті жаңа бір нәрсені ашып отыратындықтан қоршаған ортаны қызығумен қабылдайды.

Бұл жастағы балалар өте сезімтал оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фонтазияға берілгіш келеді. Балалардың қиялына мүмкіндік берсе оларда қандайда болсын бір іске оп-оңай-ақ тартыуға жеңіл болады. Сонда балалар қиын істерді де құштарлықпен орындайды.

Адамның бүкіл өмірбойында оның даму үрдісі жүріп жатыр. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдебиеттерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады.

1. Биологиялық фактор. 2. Әлеуметтік орта немесе қоршаған орта. 3. Тәрбие, яғни оқу тәрбие үрдісі. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6-7 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажыраты бастайды, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талпынуын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсені үңіле қарайтын, көп нәрсе оларды ойлантады.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар тұрады. Сол сұрақтардың жауабын олар ересектерден күтеді. Өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқаны жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрау қоюдан жасқаншақтайды. Ал бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.

Егер мектеп жасына дейінгі балалардың қызығуы ойын іс-әрекетімен байланысты болып келсе, бастауыш сынып жасында қызығудың дамуы оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады. Кеңестік психологтардың зерттеулері бойынша жеті жастағы оқушы мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (мұғалім, сыныптағы оқушылар), жаңа орын (мектеп, сынып), іс-әрекеттің жаңа түрі (оқу) т. б.

Мектептегі ақыл-ой, оқу әрекеті әрдайым тартымды, қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс, қажет материалдар болады. Бұл үшін бастауыш сыныпта оқушының дамуы аясына сай мақсатты, тартымды оқу әрекеті ұйымдастырылады.

Бастауыш мектеп оқушыларының қабылдауы тұрақсыз және ұйымдаспауымен ерекшеленетіні белгілі. Қабылдау адамға тікелей әсер ететін заттың я құбылыстардың адам санасында толық бейнеленуі.

Сабақтардың бала қабылдауын дамытудағы ерекше ролін ескере келіп, әр бір мұғалім мына шарттарды орындап отыруы тиіс:

1. Көрнекі құралдарды (модульдерді, суреттер, коллекциялар) пайдалануда балалардың жас ерекшеліктерін мұқият ескергені жөн.

2. Оқушы байқаудың қабылдаудың мақсатын айқын ұғынып, қабылданатын заттар мен құбылыстардың мәнісін қалайда түсінгені мақұл.

3. Қабылданатын заттар мен құбылыстарды бір-бірімен салыстыруға, жаңа материалды оқушылардың бұрынғы білімдері мен үнемі байлансытырып отыруға, әр түрлі объектілердің жеке жақтары мен ұқсастықтарын ажыратуға көзделген басты мақсат пен жеке мәселелерді түсініп, айыра алуына қатты зер салуы қажет.

4. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда оқу матриалының түрі, көлемі, ауыр қиындығы еске алынып, бұларды қабылдауының сапалы болуы мұғалімнің дұрыс нұсқау бере білуіне де байланысты.

5. Қабыданатын әнрселердің мән-мазмұнын, түр сипатын өздеріне қайталап айтқызу. Бұлдыр еместігін анықтап, толықтырып отыру.

Қабылдау процесін дамытып, қалыптастырып отыру басқа да психикалық процестермен, яғни ойлау, сөйлеу, есте сақтау, сезім эмоциясымен тығыз ұштастырылып, жалпы баланың дүниетаным шеңберін кеңейтіп отыруды талап етеді. Қабылдау адамның дүниені танып білу саласындағы тікелей таным процесіне жатады.

Баланың дүниетанымын дамытып, оны үнемі өрістетіп отыру әрбір пән мұғалімімен тәрбиешілердің, ата-аналардың жалықпай жұмыс істеп, ұстаздық ісін барынша шыңдай білулерін талап етеді. Ал ес процесінде бұрын қабылдаған заттар, құбылыстар адам санасында бейнеленеді. Тиісті оқу материалының мазмұнына оқушы мақсатты түрде зейін қойып, саналы ұғынып қабылдағанда еске сақтау саналы да ұзақ болады.

Бастауыш сынып оқушылары материалды, көбінесе сөзбе-сөз жаттап алады. Олар материалды есіне қалдарғанша оқи береді. Бұлайша есте қалдыруға материалдың қысқалығы әрі жинақылығы себеп болады. Балалардың сөздік қорының аздығы да өз сөзімен айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан мұғалім бір жағынан, материалды өз бетінше айта білуге үйретуі қажет. Баланың оқыған нәрсесінің мәнін түсіне алуы оның материалды өз сөзімен айта білуі болып табылады. Осылайша есте қалдыру үшін және жақсы түсінік үшін оқитын материалды бірнеше мағыналы бөліктерге бөлу, оның жоспарын жасау қажет.

Бастауыш мектеп балаға тек білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.

Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

Қабілет оқушылардың жекелік айырмашылықтары. Қабілеттер әр адамда әртүрлі болады. Бала бойындағы қабілеттердің алғы шарты нышан болып табылады. Қабілет әрекетте байқалып, қалыптасып дамып отырады.

Қабілет әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігіне немесе мақсатқа бағытталған бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуінен байқалады.

Оқыту барысында оқушының қызығушылығын қалыптастырып дамыту ерекше орын алады. Қызығу - танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Қызығу әр- қырынан алып қарауға болатын күрделі ұғым, адамның белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмтылған іс-әрекетін қуаттандыратын психикалық ерекшелік - деген пікір айтады М. Биляев. Н. Морозова, С. Рубейнштейн т. б. ғалымдар.

Оқушылардың қызығушылықтары асқан сайын қабылдау қабілеттері жетіле түседі. Сондықтан қызығу оқу процесінде өте маңызды орын алады. Осы мәселе жөнінде ерте кездерде көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың тұжырымдарына тоқталар болсақ белгілі психолог У. Мак Дугал (1871-1938) баланың қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді. Баланың қызығулары ерте бастан нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстингтер ретінде ата-анасынан көшіп отырады. Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды, ол әсер етуші заттармен, сыртқы дүниемен байланыспайды дейді. Э. Трондайктың (1874-1948) айтуынша, баланың қызығулары сыртқы дүниенің, қоғамның әсерінен жүре пайда болады. Бұлар дағдылану мен әрекеттенудің нәтижесі ретінде ғана пайда болып, бұл екеуінсіз ешбір қызығу пайда болмайды дейді. Бірінші теория қызығуды биологиялық тұрғыдан түсіндірсе, екіншісі механистік бихоризм (қылық психологиясы) принцпі мен орайластырады.

Неміс педагогі И. Ф. Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызығушылықты алған. Ол баладағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып- білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Сондықтан мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екендігін айтқан.

Оқушыға деген сүйіспенішлікті, құрметті талап ететін бағытты терең ұстанған орыс халқының ұлы педагогі К. Д. Ушинский оқыту үрдісінде қызығу мен қызықтыру мәселесі төңірегінде көптеген тұжырымдама жасайды. Оның пайымдауынша қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды дей отырып ол «Қиын оқуды балаға қызығушылықты ету міне бастауыш оқудың ең негізгі міндеті» - деген құнды пікірді қалдарған. Оның тұжырымдамасының жетекші идеясы: оқу оқушының ең негізгі жауапты ісі, еңбегі бола тұра қызық, тартымды болып, бірақ көңіл көтеру ісіне айналмау керек.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуда үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Солардың бірі- Ы. Алтынсариннің ағартушылық педагогикалық мұралары.

«Ол ең алдымен, ағартушы педагог. Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның мақсатына, сол ағартушылық-педагогтік істеріне бағындырылған» -деп жазады педагогика тарихын зерттеушілер. Бұған дәлел: өзінің тарихи -мәдениеттік және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылатын «Қырғыз хрестоматиясы» (1879) енгізілген әңгімелері оқиғаларының қызықты болуына Ы. Алтынсарин аса көп көңіл бөлген. Ұлы ағартушының балаларды мектепке тарту және оқуға қызықтыру жөніндегі пікірлері Н. М. Ильиминскийге жазған хаттарында анық көрінеді. Мәселен, 1871 жылдың 31 тамызда жазған хатында «Артта қалған халықты қызықтырып, оларды мектепке тарту үшін мектептерде жақсы білім беретін болсын» десе, 1876 жылы 3 желтоқсанда жазған хатында «Бірінші кітапша үшін Паульсонның кітап түзу тәртібін ұстамақпын, әрине оны қырғыз балаларына бейімдей отырып, мысалдарды қосқым келмейді, өйткені сұрапыл өмірде өскен қырғыздарға (қазақтарға) жалпы алғанда елеулірек заттар керек. Мен тәжірибе жүзінде қырғыз балаларының мысалдарды қандай көңілсіз түрмен оқитынын жақсы білемін. Менің пікірімше, қырғыз балалары үшін күлдіргі ертегілер, өсиет берерлік жұмбақ және жаңалықты жете білуге әуестерлік әңгімелер ана ғұрлым қонымды келеді. » -деп атап көрсеткен.

Ы. Алтынсарин қазақ мектептеріне керекті мұғалім, оны даярлау, мұғалім бойынан табылуға тиісті қасиеттер туралы мәселелерге көп көңіл бөлген. Ы. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыста барлық іс-мұғалімнің оқытудың ең жақсы тәсілдерін табуында, балалар мен дұрыс сөйлесе білуінде, сабақты қызықты өткізе білуінде. Ол әрине өзінің қарамағындағы еңбек еткен мұғалімдерден осындай қабілетті байқаса қуанып отырған. Бұған дәелел ретінде 1881 жылы 4 қазанда Н. Ильминскийге жазған хатынан мысал келтірсек болады «Григорьев оқыту жөнінде одан қабілеттірек болып шықты, оны балалар, ол балаларды жақсы көреді, ең бастысы балаларға берген сабақтарын қызықты және қонымды етіп түсіндіре біледі ».

Ы. Алтынсарин сияқты таза педагогтік қызмет атқармағанымен, үлкенге де, кішіге де, малшыға да, жалшыға да тәлім-тәрбиелік, өнегелік өсиеттері мен ұмытылмас ұстаз болғандардың бірі - өз дәуірінің ұлы ақыны Абай.

Абай балада болатын «білсем» құмары туа біткен құмарлық қызығу екенін дәлелдейді. Осы туа болатын танымдық қызығуды жоғалтып алмай, әрі қарай дамыту мұғалімге жүктелетін міндет. Өйткені туа біткен құмарлықты дұрыс тәрбиелей алмасақ, Абай айтқандай, «білуге құмарлықты шектеу, талаптанбау -имансыздық».

Бүгінгі дәуірде ХХ ғасырға дейінгі қызығу теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің жолын қуушылардың бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ. Б. Жарықбаев болды. Оның тұжырымдамасы бойынша:

Қызығу шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Қызығуда бір нәрсе ерекше таңдап соған зейін қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады.

Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың ішінде басты біреуі ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеріміне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Педагог, зерттеуші Ж. Б. Қоянбаев: «Егер бала іс-әрекетінде мотив болмаса, онда ол бейтарап процеске айналуы мүмкін. Мотив баланың обективті мұқтаждығы мен ынтасын бейнелейтін әрекетіне ішкі талпынуы.

Демек мұқтаждықпен ынта мотивация негізі болады. Оқушылар білімге мұқтаждығын сезінуі қажет, ал мұқтаждық олардың оқуға деген ынтасын көтереді», деп жазады. Ол сонымен қатар мотивтердің мынадай түрлерін ажыратып сипаттама береді.

Оқу-практикасында оқудың әртүрлі мотивтері болады. Олардың бірі тікелей талаптандыру мотивтері- бұл оқушылардың ұстазын ұнатуы, оған сүйіспеншілігі. Өйткені мұғалім оларға қызықты, тартымды сабақ береді, түрлі көрнекі және техникалық құралдарды шеберлікпен қолданады, лингофон, компьютер кабинеттерінде қызықты сабақтар өткізеді. Осылардың бәрі оқушыларды терең білім алуға қызықтырады, талаптандырады.

Перспективті талаптандыру мотивтері оқушының өзінің көздеген мақсатына ұмтылушылығына, оның іс-әрекетінің болашаққа бағышталуына байланысты.

Бұған жататын мотивтер:

А) Мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттердің пәнге қызығушылығы.

Ә) Келешек мамандыққа байланысы жоқ белгілі іс-әрекеттеріне қызығушылық (ән, сурет, әдебиет, спорт) . Бұл жерде мұғалім оқушыны белгілі бір мақсатқа ынталандыру қажет.

Ойдың талаптандыру мотвитері таным іс-әрекеті барысында сұраққа немесе проблемаға оқушы өз бетімен жауап беруге тілек білдіреді, тырысады, тапсырманы табысты орындағаны үшін қанағат сезіміне бөленеді. Тапсырманың практикалық мәніне түсінеді. Түрлі психологиялық-педагогикалық зерттеу деректеріне сүйеніп (А. К. Марков, В. И. Ильина, Г. И. Шукина, т. б. ) мотвитерді екі топқа ажыратуға болады:

1. Танымдық мотивтер:

А) Оқушыларды жаңа білімді игеруге және ұғу тәсілдеріне бағыттау мотвитері.

Ә) Өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу мотвитері;

2. Әлеуметтік мотивтер:

А) Кең мағынада әлеуметтік мотивтер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу) ;

Ә) Тар мағынада әлеуметтік мотивтер (үйелмен, ұжым және жолдастарының құрбы-құрдастарының алдындағы беделі) ;

Б) Ынтымақтастық әлеуметтік мотивтері оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.

Әлеуметтік мотивтер бұл дүниетанымның қалыптасуына, идеялық сезімге негізделген борыш, қажеттілік, жауапкершілік сезімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Оқыту принциптер жүйесі
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Экономика сабақтарында компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Математикадан факультатив жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz