Азаматтық-құқықтық қатынастардағы мәмілелер туралы ақпарат
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Мәміленің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мәміленің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.3 Мәміленің жарамдылық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.4 Жарамсыз мәмілелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.5 Мәміленің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, ол кезде де қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі - сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезімде кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі нарықтық экономикада «жаппай жекешелендіру» бағыт-бағдарына сәйкес пайда болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық шарттық қатынастардың кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қзқстан Республикасының әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып құқықтық қатынастарды дамытуға бетбұрғандығының куәсі. Нарық субъектілерінің белсенді қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс капиталының «көленкелі бизнеске» қай ойысуына апаратын бірден-бір себеп болар еді.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап корытнды жасалады.

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. Оқулық. 1-том. Алматы «Жеті жарғы» 2001ж. 304-бет.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. Оқулық. 1-том. Алматы «Жеті жарғы» 2001ж. 305-бет.
3. Гражданское право (Под ред. Калпина А.Г., Маслева А.И.) часть-1. Москва. 1997г. 86-стр.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. Оқулық. 1-том. Алшты «Жеті жарғы» 2001ж. 308-бет.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев. Оқулық. 1-том. Алматы «Жеті жарғы» 2001ж. 309-бет.
6. Гражданское право (Под ред. Сергеева А.П., Толстова Ю.К.). 2-том Москва, 1997-1998гт. 256-стр.
7Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.
Оқулық. Ерекше бөлім.І-П том. - Алматы, 2003.
8. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Алматы, 2001. Т. 1. —376 б.
9. Батырбаев Н.М. ҚР азаматтық құқығы. Оқу құралы. Түркістан, 2007.
10. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть): Комментарий /Под ред. М.К.Сулейменова, Ю.Г.Басина. Кн.1,2. Алматы, 1998.
11. Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть): Комментарий (постатейный). В двух книгах. Книга 2. - 2-е изд., испр. И доп., с использованием судебной практики /Ответственные редакторы: М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. - Алматы, 2003.
12. Б.Әбдірайымов. Экологиялық зиян: сипаттамасы, денсаулыққа әсері, сот арқылы өтелуі. Алматы, 2001 ж.
13. Сергеев А.П. Защита гражданских прав. В кн. Гражданское право. М, 1996.
8. Гражданское право. Учебник Под. Ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого, часть 1,М., 1997.
14. Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. М,. 1972.
15Моткин Г.А. Экономико-правовые основы страхования риска загрязнения окружающей среды //Государствр и право, 1994 6.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Мәміленің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 4
1.2 Мәміленің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .12
1.3 Мәміленің жарамдылық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.4 Жарамсыз
мәмілелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...16
1.5 Мәміленің жекелеген түрлерінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
К I Р I С П Е
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басым көпшілігі мәмілелер (келісім-
шарттар) арқылы туындайтыны белгілі.
Мәміле (шарт) негізінен бұдан бірнеше ғасыр бұрынғы ежелгі мемлекеттердің
өзінде-ақ кең көлемде болмаса да, айтарлықтай өзіндік роль атқарған. Ол
кезде қазіргі нарықтық экономикадағы сияқты заңды тұлғалар немесе өзге де
жеке кәсіпорындар болмағандықтан, ол тек екі немесе бірнеше адамдар
арасында ауызша немесе жазбаша жасалатын дәлелді құжат болып табылған.
Одан берігеректе тарап кеткен Кеңес Одағы кезеңіне келсек, ол кезде де
қазіргідегідей нарықтық экономика болмағандықтан оның маңызы дәл
қазіргідегідей болмады.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға және даму сатысына байланысты
оның атқаратын ролі де маңызы да кеңейді. Мысалы, мәміленің жекелеген түрі
- сатып алу-сату шарты, оның ішінде: бөлшектеп сатып алу-сату шарты, тауар
жеткізілімі шарты, энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу-сату
шарты. Мысалы, осы жерде айта кететін нәрсе, бұрын Кеңес одағы кезімде
кәсіпорынды сату шарты, энергиямен жабдықтау шарты болмаған, ал қазіргі
нарықтық экономикада жаппай жекешелендіру бағыт-бағдарына сәйкес пайда
болды.
Қоғамымыздың қазіргі сатыдағы дамуы азаматтық шарттық қатынастардың
кең түрде қанат жаюмен сипатталады, мұның өзі Қзқстан Республикасының
әкімшілік басқару жүйесінен бас тартып құқықтық қатынастарды дамытуға
бетбұрғандығының куәсі. Нарық субъектілерінің белсенді қызметін реттейтін
нормативтік-құқықтық актілердің жеткіліксіздігі қаржы және өндіріс
капиталының көленкелі бизнеске қай ойысуына апаратын бірден-бір себеп
болар еді.
Азаматтық Кодексте мәмілелердің түрлерінің толық тізбесін көрсету
мүмкін еместігі айтылған (мысалы, Азаматтық Кодекстің 7-бабы).
Сондықтан кез-келген заңда көрсетілмеген мәмілені жасасуға болады, ең
бастысы мұндай шартқа заңда тыйым салынбаған болуы керек.
Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар
барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне
және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап корытнды жасалады.
1. Мәміленің түсінігі
Азаматтық құқықтыр мен міндеттемелірінің негізгі пайда болу көзіне
заңды айғақтар жатады. Олар айқын әрекет жағдайын көрсетеді.
Айтылып кеткендей, мәмілелер ең көп таралған заңды фактілер болып
табылады. Қазақстан Республикасынын Азаматтық Кодексінің (ҚР АК) 147-ші
бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азамттық құқықтыры мен
міндеттерін белгілеуге , өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді
анықтайды.
Алайда, заңды мәмілелердің түсінігін толық анықтау үшін бірнеше
керекті жағдайларға көз аударуға тура келеді.
Барлық заңды фактілер әртүрлі негіздер бойынша жіктеледі. Яғни әрекет
пен оқиғаға бөлу субъектілер еркіне байланысты болады.
Г.Ф. Шершеневичтің пікірі бойынша заңды әрекет: өзімен бірге заңды
нәтижелер әкелетін адамның сыртқы еркін жеткізу [1]
Әрекет- бұл жеке немесе заңды тұлғалардың еркі көрініс табатын заңды
фактілер (мысалы, шарт жасау). Осы жағдайларға сәйкес оқиғалар адамдардың
еркіне тәуелсіз заңды фактілердің болуына әкеліп соғады (туу, өлунемесе
адамның дертке ұшырауы, соғыстар, көтерілістер және тағы сол сияқты
жағдайлар). Осылардың қатарына стихиялық апат мінезіндегі барлық оқиғалар
жатады, яғни өрттер, су тасқындары, дауылдар және тағы басқалары. Бұл
түсінікте мәләленің оқиғадан айырмашылығын айтуға болады, өйткені ҚР АК-нің
147-ші бабына сәйкес мәмілелер деп азаматтар мен заңды тұлғалардың
азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға
бағытталған әрекеттер танылады.
Мәміленің анықталған құқықтық шешіміне жетуіне бағытталуы заңды
әрекеттерге қайшы келеді, яғни субъектінің еркімен әрекет қабілеттілігінің
болуына қарамастан құқықтық нәтижелер заңды күшіне енеді. Мәмілелер үшін
субъектілердің еріктерімен әрекет қабілеттері болуы керек , бұл туралы
төменде толығырақ айтыла кетеді.
Заң бойынша әрект екіге бөлінеді: заңды және заңсыз болып. Заңды –
яғни орындалатын мәмілелердін барлығы заңдардағы талаптар мен құқық
қағидасына сәйкес келуі керек. Ал заңсыз мәмілелер қатарына келесі
әрекеттер жатады: басқа тұлғаға зиян келтіру, құқықтармен қиянат жасау,
шарттағы міндеттемелерді бұзу және тағы басқалары. Мәміле, заңсыз
әрекеттерге қарағанда , яғни азаматтардың құқықтары мен міндеттерін
бұзатын, ол заңды әрекеттермен айқындалады. Мәміленің заңдағы талаптарға
сәйкес келмеуі, оның жарамсыздығына әкеліп соғады (ҚР АК-нің 157-
162баптарына сәйкес) және заңды нәтижелер болмайды.
Мәмілелерді мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының актілерінен айыруымызға тиістіміз. Мемелекеттік органдармен
жергілікті өзін-өзі басқару органдары да азаматтық құқықтары мен
міндеттерінің пайда боуының негізі болып саналады (ҚР АК-нің 7-ші бабы).
Бірақ Азаматтық кодекстегі мәмілелер туралы ереже оларға жатпайды. өйткені,
берілген органдардың актілері императивтік мінезді, ал құқықтық қатынас
субъектілері тең құқылы болмайды, мұндай жағдай ҚР АК-нің 1-ші бабында
бекітілген азаматтық заңның негізіне қайшы келеді.
Жоғарыда айтылып кеткеннен басқа ҚР АК-нің 147-ші бабында көрсетілген
мәмілелер- азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
міндеттемелерін белгілеугі, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған
әрекеттер. Басқа да азаматтық құқықтары мен міндеттемелерін белгілеуге,
өзгертуге немесе тоқтатуға, құқық саласы мен құқықтық қатынастарды реттеуге
бағытталған ерікті актілерден мәмілені ҚР АК-нің 147-ші бабында белгіленген
мәселелер анықтайды. Мысалы, жұмысқа тұру туралы өтініш тұлғаның ерікті
актісі болып саналады, яғни ол Еңбек туралы Заңмен реттелетін құқықтық
қатынастардың пайда болуына бағытталған.
Мәміленің заңды фактілерден айырмашылығының негізгі белгілеріне
осылар жатады.
Жағарыда атап көрсетілгендерден шығатын болсақ, мәмілелердің ұғымы
және олардың негізгі белгілеріне толығырақ тоқтала кетейік.
Мәміле заңды фактілердің бірі, дәлірек айтсақ ол- заңды, ерікті,
саналы және анықталған құқықтық мақсатқа жетуге бағытталған заңды әрекет.
Мысалы, сатып алу-сату мәмілесінде сатып алушы затты өз меншігіне түсіруге
тырысады.
Мәміле жасаған тараптар өз нәтижелеріне жету үшін , ол мәміле заңдағы
барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Көрсетілген талаптар екі категорияда
болады: жалпы және арнайы. Арнайы талап- азаматтық-құқықтық мәмілелердің
анықталған бір түрінде ғана қолданылады. Ал жалпы талаптар тектік немесе
түрлік жағына қарамастан мәмілеге таратылады. Осындай төрт талаптарды айыра
білуіміз керек:
1). мәміленің субъектілік құрамын;
2). ортақ еркін және еркін білдіруді талап ету;
3). мәміленің мазмұндылығын талап ету;
4). мәміле формасын талап ету.
Заң мәміле жасаушы тараптарға елеулі талап қояды.
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны тек құқық және әрекет
қабілеттілігі бар тұлғалар жасай алады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі ҚР
АК-нің 13-ші бабына сәйкес азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару
қабілеті барлық азаматтырға бірдей және ол туған кезден басталып қайтыс
болған соң тоқтатылады. Алайда, әрекет қабілеттілігінің бірдей бағамында
барлық азаматтар бола бермейді. Ол санаткерлі және ерікті дамыған адамда,
өзінің әрекеттерінің мазмұнын түсініп, онымен басшылық ететін
қабілеттілігене байланысты болады. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, жас
шамасы мен медициналық негізде азаматтардың әрекет қабілеттілігін бес топқа
бөлу көз қарастары бар, олар:
1). толық әрекет қабілеттілігі бар адамдар;
2). 14-18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі;
3). ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдар (6жастан 14жасқа дейін);
4). шектеулі әрекет қабілеттілігі бар азаматтар;
5). әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтардың өз еріктерімен
азаматтық құқықтарға ие балуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін азаматтық
міндеттер жасап , оларды орындауға қабілеттілігі (азаматтық әрекет
қабілеттілігі) кәмелеттке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін
толық көлемде пайда болады (ҚР АК-нің 17-ші бабы). Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 22-ші бабына сәйкес он төрт жастан он
сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап
алушаларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің
нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген
нысанға сәйкес келуге тиіс. Осы аралықтағы кәмелетке толмағандар өздерінің
табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған
интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-
ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы. Басқа да мәмілілерді олар ата-
анасынын, асырап алушаларының немесе қорғаншыларының жазбаша түрдегі
келісімімен жасай алады. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін
мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе, олардың атынан ата-
анасы, асырап алушалары немесе қорғаншылары жасайды. Жасөспірімдер
өздерінің жасына лайықты , жасай салып орындалытын тұрмыстық ұсақ
мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы (ҚР АК-нің 23-ші бабы). Ал жүйке
ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне
алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттігі жоқ
деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншы белгіленеді. Әрекет
қабілеттігі жоқ деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қорғаншысы
жасайды (ҚР АК-нің 26-шы бабы).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 35-ші бабына сәйкес
заңды тұлғалардың азамттық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе
құрылтай құжаттарында тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыру
үшін қажетті азаматтық міндеттерді атқаруы мүмкін. Заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады (ҚР АК-нің 35-ші бабының 2 тармағы).
Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі өз әрекеттерін және өзіне құқықтар мен
міндеттерді құру мен байланысты.
Мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың заң
актілерінде көзделген жағдайларда белгілі бір қызмет түрін жүзеге асырушы
заңды тұлғалар үшін басқа қызметпен айналысу мүмкіндігі болмауы немесе
шектелуі мүмкін (ҚР АК-нің 35-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Сөйтіп, олар
әртүрлі мәмілелерді жасауға құқылы, тек ол мәмілелер заңмен тиым салынбаған
болуы және өздерінің құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға қарсы
келмейтін болуы керек.
Заңды тұлға тізбесі заң актілерінде белгіленетін жекелеген қызмет
түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады (ҚР АК-нің 35-бабының 1-
тармағының 3-бөлігі). Мәміле жасаған кезде заңды тұлғаның еркін оның органы
немесе өкілі білдіреді. Егер орган немесе өкіл өздеріне берілген өкілет
бойынша ғана әрекет жасаса, онда заңды зардаптар заңды тұлғаның өзінде
пайда болады [2].
Осылайынша, нақты мәміле жасау үшін мәміленің әр тараптары заңмен
талап етілетін құқық субъектісіне сәйкес келуі керек, яғни олардың
әрқайсысында сәйкес көлемде әрекет қабілеттілігімен құқық қабілеттілігі
болуы керек.
Құқықтар мен міндеттемелердің жүзеге асырылуы құқықтық қатынастың
пайда болу еркіне қарамастан, қатысушылардың ерікті актілерінсіз мәнсіз
болуы айқын. Мәміледе басқа да ерікті акт сияқты ерік пен ерік білдірудің
қабысқанын талап етеді. Маған не керек?- деген сұраққа ерік жауап береді,
ал ерік білдіру: Мен ол үшін не істеп жатырмын? деген сұраққа жауап
береді. Қойылған мақсатқа жетудің екі түрі бар детерминирлік
(детерминированное) және дәлелді: мысалы, тұлға өзін қартайғанда немесе
ауырған жағдайда қамтамасыздандырылған болғысы келеді. Алайда, ерік және
оның себептері заңды мәміленің заңды көрінісін білдіреді және өзінің заңды
мағынасына оның ішкі және сыртқы әрекеттері білінгенде ие болады.
Сондықтан, тұлға мақсатына жету үшін өмірін сақтандыру мәмілесін жасайды.
Осыдан мынаны түсінуге болады, яғни ерік білдіру мәміленің ең негізгі
элементі.
Мәміледегі ерік субъектінің мақсатына жету ғана емес, ол нәтижесінде
мәміле жасау болып табылатын жүріс- тұрысын психикалық тұрғыда реттеу. Ерік
білдіру объективті әрекетіне зорлау, өтірік алдау, қорқыту және тағы
басқалары әсерін тигізбейді, ол тек қана субъектінің еркіне әсерін
тигізеді. Оның мәжбүрлі түрде қабылдайтын шешіміне немесе психикалық
реттелетін әрекеттерге. Зорлау кезінде тұлға өз еркінен айырылады, оның
еркін мәжбірлі түрде басқа біреу ауыстырады және бірінші тұлға басқа
біреудің қолында ерік білдіретін құралы болып қалады. Осы жағдайлардың
барысында зорлау, яғни мәжбүрлі түрде жасалған заңды әрекет ерік білдіру
деп саналуы мүмкін емес . Бұл жағдайда субъектінің еркі ерік білдіруге
сәйкес келді деп айтуға болмайды, өйткені мәжбірлеу заңды талаптарға қайшы
келеді. Егер мәміле жасаған кезде тұлғаның еркі басқа тұлғаға тәуелді боса,
яғни екінші бір тұлға оны қорқытып, зорлап немесе алдау арқылы мәміле
жасауға мәжбүрлесе, онда бұл мәміле жарамсыз болып саналады. Осы
жағдайларды айта келе мынадай шешім қабылдауға болады, Тұлғаның
субъективтік мақсаты объективтік көрініс табуына сәйкес келсе мәміле
жарамды болады.
Мәміле субъектілерінің еріктері қоғамға түсінікті болу үшін, мағынасы
объективті түрде боуы керек. Субъектілердің еркін айқындау, бекіту және
куәландыру әдістерін мәміле формалары деп атайды формасын сақтай отырып,
құқықтар мен міндеттер туғызады, сондықтан да мәміле формаларына заң өзінің
талаптарын ұсынады. Жалпы ерік білдіру ережесі түрінде анықталған форма
әрекетін қолданады. Бұл форма әрекеті арнайы сөздерден тұрады. ҚР АК-нің
151-бабының 1бөлігінде көрсетілгендей мәмілелер ауызша немесе жазбаша
нысанада жасалады. Жазбаша нысанда жасалған мәміле міндетті түрде жай
немесе нотариалды болады. Мәміленің нотариалды куәлендырылуы міндетті
түрде:
1). заңда көрсетілген жағдайларда
2).заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландарғаннан кейін ғана жасалды деп
саналады (ҚР АК-нің 1-бөлігі).
Бұлардан басқа ерік білдірудің тағы екі әдісі бар. Кей кезде ерік
туралы бір тұлғаның мінез- құлқын жанама түрде әңгіме қылуға болады,
мысалы, биржадағы брокерді сәйкесінше жағдайда конклюдентті болып келеді,
яғни шешім қабылдауға болатын жағдайлар. Үндемеу, яғни өз ойын білдірмеу
осыған ұқсас рольді алады. Сондықтан да заңда немесе екі тараптың
келісімдерінде үндемей қалу немінені білдіретіні, яғни қандай мағынада оны
түсіну керек екені міндетті түрде көрсетілуі керек (үндемеу жоқ немесе
иәдегенді білдіреді). Мысалы, егер шартқа отырған кезде ай сайын
анықталған көлемде бір затты сатыпалушыға сатушы әкеліп отыратын болса және
келесі айда тұтынушы сатушыға ол затты әкелмеуі туралы мәлімдемесе, онда
осы жағдайда үндемеу иә дегенді білдіреді.
Мәміле үшін оның құқықтық жағдайы мен мақсаты сай келуі қажетті.
Мәміле жасаушы субъектілердің мақсаттары ол – меншік құқығына ие болу және
тағы басқалары. Бұл мәмілелер қатарына моральді және тұрмыстық келісімдер
жатпайды.
Әр мәміле түріне оның құқықтық мақсаты тән. Мәмілелер осы құқықтық
мақсатпен ғана жасалады және мәміленің негізі деп аталады (causa). Мәміле
негізі заңды және орындалатын болуы керек [3].
Заңды мақсаттарды ( мәміле негізі) мәміле субъектілерінің әлеуметтік-
экономикалық мақсаттарымен ауыстыруға болмайды. Әлеуметтік-экономикалық
мақсаттардан субъектілер еркі құралады: азаматтар материалды және діни
қажеттіліктерін мәміле арқасында қамтамасыз етеді. Олардың заңзы мақсатпен
жіктелуінің негізгі екі себептері бар:
1). Әр түрлі құқықтық мақсаттарды іске асыру арқылы сол бір әлеуметтік-
экономикалық мақсаттарға жетуге болады.
2). Субъектілердің, мемлекеттің және қоғамның мүдделеріне қарсы келетін
әлеуметтік-экономикалық мақсаттары бар мәмілелер жүзеге асса, олар жарамсыз
болып саналады.
Мәміленің заңды мақсаттарын мәміленің орындалу себептерінен ажырата
білуіміз міндетті түрде қажет. Себеп айқындалған қажеттілік пен түрткі. Ол
мақсаттың пайда болуының ірге тасы болады. Сондықтан себеп, субъектілердің
мәміле жасауларына түрткі болады және құқықтық компоненті болмайды,
құқықтық компоненті мәміленің құқықтық мақсаты болып саналады, яғни
мәміленің негізі. Себептерді есепке алу, азаматтық айналымның тұрақтылығын
ойсырату деп есептеуге болады. Осылайша тараптар келісе отырып, себепке
құқықтық мағына бере алады. Мұндай жағдайда себеп мәміле элементінің біріне
айналады, яғни шартқа.
Жоғарыда айтылып кеткендей, мәміле- заң талаптарына сәйкес жүзеге
асатын заңды әрекет. Мәміленің заңдылығы – ол мәмілеге отырған тұлғалар
қолданған заңмен анықталған нәтижелерге және заңды фактілерге ие әрекет.
Сондықтан заң талаптарына сай жасалған мәміле жүзеге асыруға болатын заңды
факт болып есептеледі және мәміле тараптары өздеріне жағымды құқықтық
нәтижелерін күте алады.
Азаматтық-құқықтық қатынастарына заңды әсерін тигізетін негізгі құрал
ол құқық пен міндет. Мәміледен шығатын азаматтық-құқықтық қатынастар үшін
уақытты дұрыс санау маңызды орын алады.
Азаматтық құқықта мерзім деп- анықталған уақыттың бір бөлігін айтады.
Бұл уақыт әр түрлі анықталады-күнтізбелік мерзіммен; жылдармен; айлармен;
апталармен; күндермен; сағаттармен саналатын мерзімнің уақытына жетуімен;
және де бір жағдайдың тууына байланысты есептелетін мерзім.
Азаматтық заңмен белгіленген мерзімнің келуі немесе өтуі, әрқашан да
құқықтық нәтижелерге әкеледі. Бұл нәтижелер азаматтық-құқықтық
қатынастардың тууымен, өзгеруімен немесе тоқтатылуымен байланысты болады.
Сондықтан да заңдылық табиғаты бойынша мерзім заңды факт болып есептеледі.
Алайда ол екі табиғатқа ие: біріншіден, заңды мерзімдер заңмен , әкімшілік
актілермен, тараптардың келісімімен және де құқықтық жан-жалды қарастыратын
органдармен бекітіледі. Бұл аталғандардың барлығы сәйкесінше шағуы бойынша
ерікті болуға тиісті. Ал екіншіден мерзім, уақыт ағымының объективті заңына
бағынады. Осылайша құқықтың табиғаты бойынша ерікті бола тұра, заңды
мерзімге уақыт ағымының объективті заңының белгілері де тән. Осы жағдайға
сәйкес заңды мерзімдер, өзімен заңды фактілердің ерекше категориясын
ұсынады, бұл фактілер оқиғалармен әрекеттерге жатпайды.
Мәмілелерді мерзімді есептеу жалпы ережелермен жүзеге асырылады,
жалпы ережелер азаматтық құқықтағы мерзімдерді есептеу үшін бекітілген.
Мерзімдер осылайша анықталады:
1). Заңда немесе келісім-шарттағы анықталған мінез құлқы бойынша;
2). Тағайындауы бойынша.
Мерзімдердің бірінші категориясына жататындар, империативтік және
диспозитивтік, анықталған және анықталмаған, жалпы және меншікті, уақыт
үзігі түрінде анықталатын және уақыт жиелігі түрінде анықталатын, және тағы
басқалары. Тағайындауға байланысты мезімдердің мынадай түрлерін қарастыруға
болады, азаматттық құқықтырды тудырушы, азаматтық құқықты жүзеге асыру
мерзімі міндеттерді атқару және азаматтық құқықтарды қорғау мерзімдері
[4].
Азаматтық құқықтың пайда болу мерзімдері – ол жаңа азаматтық құқықтың
пайда болуымен байланысты туындайтын және өтетін мерзімдер , яғни құқық
тудырумен байланысты мерзімдер.
Азаматтық құқықтырда жүзеге асыратын марзімдер деп- бір мерзім ішінде
құқылы субъект өзіне тиісті құқықтарды іске асыруға немесе міндетті
тұлғадан өзінің құқығын іске асырумен байланысты анықталған әрекеттердің
орындалуын талып етуге құқылы. Берілген мерзімдердің ішінен келесілерді
айырып тану керек: азаматтық құқықтардың болу мерзімдерін, қиылысуларын,
кепілдемелік және талып етушілік мерзімдерін. Азаматтық құқықтардың болу
мерзімін тағайындау ол өкілетті тұлғаға өзінің құқықтарын жүзеге асыру үшін
берілген уақыт. Қиылысушы мерзімге байланысты, мұндай мерзімдер азаматтық
құқықта көп емес. Мәмілелер үшін ең қажетті мерзім ол-кепілдік мерзімдері
болып табылады. Кепілдік мерзімі ішінде әзірлеуші (жабдықтаушы, мердігер)
заттың тоқтаусыз қызмет көрсетуіне кепіл болады. Ал тұтынушы берілген
мерзім ішінде заттың кемістігін тауып алатын болса немесе сол зат керексіз
болып сынса, онда әзірлеуші заттың орнына басқа зат беріп ауыстыруға немесе
заттың кемістіктерінің орнын толтыруға міндетті. Берілген мерзімдер
стандарттармен , техникалық шарттарман немесе тараптардың келісімдерімен
бекітіледі. Пайдаланудын, сақтандырудың, пайдалану мерзімдерінің және тағы
басқаларының кепілдік мерзімдерін анықтайды. ¦зақтығы бойынша олар әр түрлі
болады, бірақ олар өнімнің қажетті сапасын қамтамасыздандыратын құрал болып
есептеледі. [5]
Міндеттемелерді орындау мерзімі заңмен және келісімдермен
қарастырылады. Бұл мерзімдер ішінде борышкер міндеттерін құрайтын
әрекеттерді жүзеге асыруға тиісті. Міндеттемені атқару мерзімен бұзу,
мүліктік жауаптылықты қолдануға әкеліп соғады. Егер борышкер
міндеттемелерін орындау мерзімін өткізіп алған болса, онда екінші тарапқа
мерзімін өткізгенде келтірілген шығындарының орнын толтыруға міндетті.
Осылайша мерзімдер азаматтық айналымда тәртіптілік орнатады, келісім-
шарттың уақытында орындалуына түрткі болады.
Азаматтық кодекстің 147-бабында мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың

бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Мәмілеге мынадай белгілер тән:
1) тұлғаның (тұлғалардың) ерік (тілек немесе ниет) білдіру;
2) рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа сәйкес әрекет;
3) қандай да бір заңды құқық жасауға бағытталған
(азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы);
4) мәміле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.
Мәміленің маңызды жақтарының еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен
тұрады. Ерік білдіруі ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша (жай
немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіруі әдісін мәміленің нысаны деп
атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда
бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле
ауызша жасалған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле
орындалғанын растайтын жазбаша құжат берілуі мүмкін (тауар, чекі, затты
сатып алғанын айғақтайтын құжат және т.б.), сондай-ақ жетон, билет сияқты
растайтын белгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп-
кетер ештеңе жоқ.
Конклюденттік әрекет (латынша соnсһісudеrе - жасау) - сол арқылы
тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа
ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде
мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК-нің 151-
бабының
4-тармағы). Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де,
жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа
сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл
орайда мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиісАзаматтық кодекс мәміленің
жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кету
керек. Азаматтық кодекстің 152-бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің
әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге
тараптар немесе олардың екілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимилелік көшірме құралдарын
пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың бірінің
талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі
мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, белгілекген нысанды бланкіге
жазу, мөрмен бекіту сәйкес келуге және оларда осы талаптарды орындамау
салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қоюға
құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп-жазба, факс немесе субъектілерді
және олардың еркін білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар
алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе,
жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер азамат дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы
салдарынан өзі қол коя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат
қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды
адам, мәміле жасаушының өзі қол коя алмаған себептерін көрсете отырып,
куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның
орындалғанын растайтын құжат талап етуге кұқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, ауызша
кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар. (АК-тің
152-бабы).
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде
жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп
саналады. Мұндай талапты сақтамау Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-
тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп
соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155-бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң
құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзге тіркелуге жатады.
Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды дем саналады.
Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы
жолдаған арызы бойынша жүргізіледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде
рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасағанда ғана
мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда
жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың
талап етуімен мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте
мәміле соттың шешіміне сәйкес тіркеледі. Тіркеуден бас тартқан жақ сот
арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге қүқылы[6].
1.2. Мәміленің түрлері.
Мәмілелер мынадай түрлерге бөлінеді: 1) бір жақты және екі жақты немесе
көп жақты (шарттар); 2) ақылы және ақысыз;
3) нақты және консенсуалды; 4) казуалды және абстрактылы; 5) шартпен
жасалған; 6) биржалық.
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне
сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті
болатын мәміле. Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі -
өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді.
Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасау
үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-
біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады
(мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады). Ал, бір тарап екінші тарапқа
одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бірнәрсені ұсынуды міндетіне алған
мәміле ақысыз болып есептеледі.
Консенсуалды мәмілелер (латынша соnsensus - келісім) - келісімге
келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын
мәмілелер. Нақты мәмілені жүзеге асыру үшін (латынша res -зат) келісімнің
бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет.
Мәмілелерді азамат кұқықтану ілімінде каузальдық (себепті) және
абстракциялық деп те бөледі. Әрбір мәміле жақтардың алға қойған мақсатына
орай құқықтық негізбен құқықтық мақсатты (саusа) еншілейді. Бірақ та бір
жағдайда мәміленің жарамдығы оның негізіне байланысты болса, екінші
жағдайда оған байланысты болмайды (абстракциялық). Абстракциялық мәмілелер
өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді (аbstrahere - қол үзу, бөліну),
(мысалы, вексельді тапсыру).
Шартпен жасалған мәмілелер қандайда бір нәрсеге тәуекелді болып
келеді (оқиға немесе үшінші жақтың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы
да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын
басталу - басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле
кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі
(АК - тің 150-бабы 1-тармағы. Азаматтық кодекстің 150-бабының 2- тармағына
сәйкес, егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу -
басталмауы белгісіз мән - жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші
жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап шарттың
басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал
шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен
ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық кодексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада
айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты
құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді (биржалық
мәмілелер) биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы
заңдарда және биржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады.
Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармем рәсімделуі мүмкін және биржада
тіркелуге тиіс[7].
Биржалық мәмілелер жасауға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы
биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
1.3 Мәміленің жарамдылық шарттары
Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің
жарамды болуы шарттарына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі,
мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен
ерік білдірудің сәйкестігі, мәмілелердің нысанын сақтау. Мәміле шын мәнінде
заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға
сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігі шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады
(АК - тің 18 -бабы).
Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір
азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет
қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады.
Мәміленің жарамды болуы үшін еркі және ерік білдіру бір - бірімен
сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік мәмілені жарамсыз етіп
көрсетеді.
Мәміле оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады,
сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі
көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (АК - тің 154-бабы)
мен тіркеуді (АК-ТІҢ 155-бабы) айтуға болады.
Мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың
ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі
адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша
мәміле жарамсыз дегі танылуы мүмкін.
Мәміле жарамды болуы үшін мынандай шарттар сақталуы тиіс;
1) мәміле мазмүнынын заң талаптарына сәйкестігі;
2) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамдардың әрекет
қабілеттілігінің болуы;
3) қатысушылардың еркі мен ерік білдіру сәйкестігі;
4) мәмілелердің нысанының сақталуы.
Мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші
тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып
беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz