Үйсіндер мемлекеті



Үйсіндер ең ежелгі қазақ руларының бірі болып табылады , олардың тарихы уақыт жөнінен ұзақ және оқиғаларға өте бай .
Тарихи куәліктер мен құжаттарға жүгінейік. Тұңғыш рет үйсіндер аты Мөде қағанның (б.д.дейінгі 176 ж.) қытай императорына жазған хатында еске алынады. "Хань әулетінің кітабында", ғұндарға қатысты бөлімінде былай делінеді: "Біз оң қанат уәзіріне тапсырма бердік, оны батыс юечжилерді жаулап алуға аттандырдық. Тәңір біздің жағымызда болды, қолбасшы шебер, әскер батыл, атты әскер ұшқыр болды, юечжилерді ол жойды ... Лоуландарды, үйсіндерді, юечжилерді, ал солармен бірге 26 көрші халықтарды ол хуштарға толық бағындырды. Осылайша садақ тартатын халықтар (көшпенділер) біріктірілген еді. Жапон ғалымы К.Ширатари: "үйсіндер Лоулан халықтарымен бірге аталғандықтан, үйсіндер Лобнор (қазір ол жерде қытай атом полигоны бар) жерінде өмір сүрген болып шығады",-деп жазады.
Жапонияның басқа бір ғалымы Х.Маңуда: "Юечжилер-гансу жерлерінде, лауландар-Шығыс Түркстанда, үйсіндер Тянь-Шанның cолтүстік-шығысында өмір сүреді. Б.д.дейінгі 177-176 жылдары ғұндардың қарамағына енді. Құдыретті Мөде Тянь-Шанның шығыс жағын өзіне бағындырды ... Ал оның ұлы Лаушань Іле өзені алқабын өзіне қосып алды",-дейді.
Сол "Хань әулетінің кітабында" Жан Шаньнің өмірбаянында үйсіндер туралы: "ұлы юечжилер шапқыншылық жасады, Нанди биді өлтірді, оның жерін тартып алды. Оның халқы ғұндарға қашып барды",-деп жазылған.
Үйсіндер ғұндардың қол астында болғандықтан, Нанди бидің мұрагері Елжау би ержетіп, қолбасшы атанады және бірнеше жорықтарға бастап шығып, ұзақ уақыт оларға мінсіз қызмет етеді.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Үйсіндер мемлекеті

Үйсіндер ең ежелгі қазақ руларының бірі болып табылады , олардың
тарихы уақыт жөнінен ұзақ және оқиғаларға өте бай .

Тарихи куәліктер мен құжаттарға жүгінейік. Тұңғыш рет үйсіндер аты
Мөде қағанның (б.д.дейінгі 176 ж.) қытай императорына жазған хатында еске
алынады. "Хань әулетінің кітабында", ғұндарға қатысты бөлімінде былай
делінеді: "Біз оң қанат уәзіріне тапсырма бердік, оны батыс юечжилерді
жаулап алуға аттандырдық. Тәңір біздің жағымызда болды, қолбасшы шебер,
әскер батыл, атты әскер ұшқыр болды, юечжилерді ол жойды ... Лоуландарды,
үйсіндерді, юечжилерді, ал солармен бірге 26 көрші халықтарды ол хуштарға
толық бағындырды. Осылайша садақ тартатын халықтар (көшпенділер)
біріктірілген еді. Жапон ғалымы К.Ширатари: "үйсіндер Лоулан халықтарымен
бірге аталғандықтан, үйсіндер Лобнор (қазір ол жерде қытай атом полигоны
бар) жерінде өмір сүрген болып шығады",-деп жазады.

Жапонияның басқа бір ғалымы Х.Маңуда: "Юечжилер-гансу жерлерінде,
лауландар-Шығыс Түркстанда, үйсіндер Тянь-Шанның cолтүстік-шығысында өмір
сүреді. Б.д.дейінгі 177-176 жылдары ғұндардың қарамағына енді. Құдыретті
Мөде Тянь-Шанның шығыс жағын өзіне бағындырды ... Ал оның ұлы Лаушань Іле
өзені алқабын өзіне қосып алды",-дейді.

Сол "Хань әулетінің кітабында" Жан Шаньнің өмірбаянында үйсіндер
туралы: "ұлы юечжилер шапқыншылық жасады, Нанди биді өлтірді, оның жерін
тартып алды. Оның халқы ғұндарға қашып барды",-деп жазылған.

Үйсіндер ғұндардың қол астында болғандықтан, Нанди бидің мұрагері Елжау би
ержетіп, қолбасшы атанады және бірнеше жорықтарға бастап шығып, ұзақ уақыт
оларға мінсіз қызмет етеді.

"Жылнамалар кітабында", Ферғана туралы бөлімінде ежелгі қытай
ғалымдары былайша жазады: "Дәл осы уақытта үйсіндер жетекшісі еркек жасына
келіп, ер жетеді. Ол әкесі үшін юечжилерден кек қайтармақ болып шешеді де,
Тәңірдің қолдауымен Батысқа жорыққа аттанды. Олардан жасқанған юечжилер
Тоқарыстанға шегінді, үйсіндер басшысы өз төңірегіне өз халқын жинап,
юечжилердің қармағында болған және Ыстықкөл төңірегіндегі халықтарды өзіне
бағындырды және өмір сүруге сонда қалды" - алыстағы уақыттар туралы
осылайша баяндалды.

Дәл сол сәтте Жетісу үйсіндерінің ұзақ та күрделі тарихы басталады.
Ертедегі қытай тарихшылары үйсіндер туралы "Уйсун гуо", яғни "үйсіндер
мемлекеті" деп жазады. Анық әрі түсінікті. "Хань әулетінің кітабындағы" 66
бөлімінде мынандай деректер бар: "ұлы қағанның астанасы Қызыл қорған деп
аталады, қала, 120 мың түтін бар, жандарының саны - 630 мың, әскері 188 мың
800 ..., олардың жері кең көсілген және құнарлы, тауларында қарағай мен
шырша қалың өседі ... әдет-ғұрыптары мен тұрмыстағы қылықтары ғұндардікіне
өте ұқсайды. Бұл халықта жылқы көп, байларында 4-6 мыңнан ат бар. Халқы
жауынгер, батыл, батырлары көп. Сатқындарды өте қатаң жазалайды. Ең күшті
мемлекет. Бұрын ғұндардың ықпалында болды. Күшейіп алғаннан кейін оларға
бағынудан босады, бостандық алды. Шығысында ғұндармен, солтүстік-батысында
қаңлы тайпаларымен, батысында Ферғанамен шектеседі".

Қазақ халқы құрылғанда үйсін тайпалары ұлы жүзде басты әрі елеулісі
болған, оларға бізге белгілі Албан, Суан, Дулат, Шапырашты, Сарыүйсін,
Ошақты және Ысты рулары жатады.

Үйсіндердің арқасында алыстағы, әлі біздің дәуірлерге дейінгі
ғасырлардан қазақ мемлекеттерінің жыл санауын әбден жүргізуге болады. Ерте
дүниенің аса ірі мемлекеттері мен халықтары: Қытай, Тибет, ғұндар,
ферғаналықтар, қаңлылар үйсіндермен қатынас жасады, олармен санасты,
елшіліктер алмасты, сауда жүргізді. үйсіндер мемлекеті Еуразияның ең ежелгі
мемлекеттерінің бірі саналады.

Түрік халықтарында қасиетті көк бөрі туралы аңыздар, ертегілер,
жырлар, шежірелік дастандар өте көп, біздің заманымызға жеткен сол аңыз-
ертегілердің ең ежелгілері үйсіндерге тиісті. Кейбір аңыздар Нанди бидің
ұлы Елжаубиге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндардың арғы атасы
Үйсін және қаңлы тайпаларының тарихы
Үйсін, қаңлы, ғұндар
Үйсін, қаңлы мемлекеттері
Қаңлылар жайында
Үйсіндер, қоныстану аймағы, әскери-саяси құрылымы, шаруашылығы, археологиялық ескерткіштері
Ғұндар Саяси тарихы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
Сақ. Үйсін. Қаңлы
Қазақстандағы тайпалык бірлесттіктер
Пәндер