Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Некеге отырудың шарттары мен некеге отыруға кедергі болатын жағдайлар
2. 2. Некеге отырудың тәртібі. Некені мемлекеттік тіркеуге алу. Некенің жарамсыздығы.
2. 3. Некені тоқтату мен негіздері. Некені тоқтатудың тәртібі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Отбасы құқығының түсінігі мен пәні, қағидалары, қайнар көздері .
Отбасы түсінігі әртүрлі ғылым салаларында кеңінен қолданылады. Әлеуметтік мағынада отбасы дегеніміз неке отбасы және басқа да жеке байланыста өмір сүріп жатқан адамдардың одағы. Құқықтық мағынада отбасы белгілі бір құқықтар мен міндетердің жүктелуін атамыз.
Құқықтық түсініктер көлемі бойынша әлеуметтік түсініктермен сәйкес келмейді. Құқықтық мағынада ер мен әйелдің заңды некеге тұрмай нақты отбасылық қатынастары есептелмейді. Заң ғылымдарында отбасы дегеніміз некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынаста рын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Отбасының қоғамдағы басты функциясы адам өмірін жалғасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге отбасы балалар дың қоғамдық өмір сүруін, олардың рухани мен физикалық дамуын, тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді.
Отбасы адамдырдың рухани қажеттіліктерін қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.
Отбасы тек некелік қатынастар мен негізделмейді, сонымен қатар туыстық қатынастар мен негізделеді. Туыстық сызықтар мен дәрежелер мен анықталады. Сызықтар тікелей және шекті болады. Тікелей сызық бойынша тұлғаның біртұлғадан пайда болуын көрсетеді, яғни, ата . әже., ана, бала, немере. Шеткі сызықтарға ата-анасының інісі - қарындасы жәнеолардың балалары, немерелері.
Отбасы әр адамға керек, өйткені қоғамның дамуына көп әсерін тигізеді және де адамдардың әлеуметтік белсенділігін көтерілуінің факторы болып табылады. Отбасында адам мінезінің негіздері қалыптасады. Отбасы мен неке күрделі байланыстағы қоғамдық құбылыстарды көрсетеді. Әдетте неке отбасының негізі болып табылады, ал отбасы бұл азаматтардың жәнемемлекетпен қоғамның мүдделерін көрсететін әлеуметтік ұяшық.
Отбасы құқығы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзгеде нысндарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен мііндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы қатынастарын реттейтін құқық саласын айтамыз.
Неке отбасы: қатынастарының жиынтығы. Дәлірек айтатын болсақ отбасы мүшелерінің : ерлі- зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы, сондай-ақ басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастар.
Отбасы құқығының қағидалары Қазақстан Республикасының неке отбасы заңдары бойынша:
-еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі,
-ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі,
-отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше арласуына жол берілмеушілік,
-отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу,
-балаларды отббасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп жетілуі мен менәл-уақыты болуына қамқорлық жасау,
-отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қбілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру,
- отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтары сот қорғауының мүмкіндіктері,
-отбасының барлық мүшелерін салауатты тұрмыс салтына ынталантыру қағидаларына негізделеді.
Отбасы құқығының қайнар көзі.
-ҚР Конституциясы 30. 08. 1995
-,, Неке және отбасы туралы,, 17. 12. 1998жылғы ҚР Заңы
-ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім ) 27. 12. 1994
-ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 13. 07. 1999
-,, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы,, Заңы 20. 12. 1991
-Патронат туралы ереже ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген. 30. 12. 1999
-,, Нотариат туралы,, ҚР Заңы 14. 07. 1997
-,, Тұрғын үй қатынастары туралы,, ҚР Заңы 16. 04. 1997
-,, Білім туралы,, ҚР Заңы 18. 01. 1992
-Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 03. 01. 1993 жылғы Конвенция
-Балалар құқығы туралы Конвенция (Нью-Йорк 20. 11. 1989)
ҚР Үкіметінің қаулысы мен 08. 06. 1994 жылғы бекітілген және т. б
2. 1. Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі. Некеге отырудың шарттары мен некеге отыруға кедергі болатын жағдайлар
Неке ерлі -зайыптылардың арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды тұғызатын, отбасы құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Отбасылық заңнама келесі шарттар ен тәртіптерді реттейді.
*Некеге тұру
*Некені тоқтату
*Некені жарамсыз деп тану
Некені қию, некені бұзу және оны жарамсыз деп тану азаматтық хал актілерін жазатын мелекеттік органдар (АХАЖ) арқылы тіркеледі.
Некеге тұру шарттары мен некеге отыруға кедергі болатын жағдайлар маңызды шартар:
-некеге тұрушылардың өзара ерікті келісімінің болуы
-неке жасының жетуі
- некеге тұруға кедергі болатын жағдайлардың болмауы
Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып табылады. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азааттық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
Неке жасын төмендету қажеттігін тұғызатын дәлелді себептер:
-баланың дүниеге келуі
-жүкті болуы
-некеге тұрушылардың біреуінің ұзақ мерзімге іс-сапарға кетуі
-тағы басқа жағдайларда.
Барлық жағдайларда неке жасын төмендету тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жүргізіледі. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Некеге кедергі болатын жағдайлар немесе некеқиылуына жол берілмейтін адамдар:
- біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдар.
- Жақын туыстары
- асырап алушылар мен асырап алынғандар
- біреуі болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке кабілетсіз деп таныған адамдар арасында жол берілмейді.
2. 2. Некеге отырудың тәртібі. Некені мемлекеттік тіркеуге алу. Некенің жарамсыздығы.
Некеге турудың тәртібі - мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады. Некесін тіркегісі келген адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегіне өздерінің ата- аналары тұратын жердегі АХАЖ органына арыз береді. Некегетұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамдардың тұратын жері бойынша қийылуы мүмкін. Неке қию кезінде өкіл жіберуге болмайды. Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер АХАЖ органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі. Дәлелді себептер болған жағдайда неке қиюды мемлекеттік тіркеу орны бойынша АХАЖ органы 1ай өткенге дейіннекені қиюға, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартуға рұқсат етілуі мүмкін.
Ерекшемән-жағдайларға жататын жағдайлар:
-жүктілік
-бала тууы
-бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі
Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі:
Некені жарамсыз деп танудың негіздері:
-өзара ерікті келісімінің болмауы
-неке жасының жетпеуі және бұған арнайы рұқсаттың болмауы
-некеге кедергі болатын жағдайларды ескермеуі /біреуі некеде тұрса, туыстары арасында немесе асырап алушы мен асырауға алынушы арасында неке қиылса, әрекетке қабілетсіздер арасында жасалынса/
-мәжбүрлеп қиылған неке
-егер некеге тұрушы ададмдардың біреуі екіншісіненм құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырған жаңғдайда қиылған неке жарамсыз болып табылады
Некені жарамсыз деп тануды сот жүргізеді. Некенің жарамсыздығы оның қиылған күннен бастап танылады. Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған ән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болайды. Некесі жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі ҚР Азаматтық кодексінің үлестік туралы ережелерімен реттеледі.
Некені жарамсыз деп тану ұндай некеде тұған немесе неке жарамсыз деп таныған күннен бастап 270 күн ішінде тұған балалардың құқығна нұқсан келтірмейді.
Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материальдық және моральдық зияндыөтеуді талап етуге құқылы.
2. 3. Некені тоқтату мен негіздері. Некені тоқтатудың тәртібі
Неке келесі құқықтық фактілер бойынша тоқтатылады: жұбайының /зайыбының/ қайтыс болуы және оны елді немесе хабар ошарсыз кетті деп жриялау және ажырасу болып табылады.
Қайтыс болуы некелік қатынастарының құқықтық факті болып табылады. Сондықтанда бұл фактіні белгілі бір құқықтың нысанда болуы қажет етпейді, бірақ егер жұбайы жаңа некеге тұратын болса, онда ол АХАЖ органынан берген анықтаманың болуы жеткілікті болады, немесе басқа себептермен жұбайының қайтыс болуы туралы фактіні тіркелмеген жағдайда белгілі уақытта сот тәртібімен соттың шешімі керек, бірқ мұндай соттың шешімі АХАЖ органдарының анықтаманың орындалмайды. Нақты қайтыс болуы туралы фак дәрігерлік куәлік, фельдшерліканықтама және екі куәгердің көрсетілуі бойынша тіркеледі. Ал презумпция /болжамдау/ бойынша сот шешім шығарған кезде келесі жағдайлар кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі екен болып, жаңа некені қиылу кезінде өлді деп жриялнған /жұбайы тірі екен/ адамның келуі немесе тұрғылықты жері анықтау қажет болған жағдайлары.
Егер жаңа некеге тұрған жағдайда олардың некесі жарамсыз деп танылмайды. Бірінші некесі ерлі- зайыптылардың тілектерісіз авоматты түрде қалпына келеді. Некеге тұру шарттары заңда белгіленеді. Неке және отбасы туралы заңның 9 бабы. Неке тіркеу үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Мәжбүрлеп қиылған некені ерікті қиылған неке деп санауға болмайды, некені қию бұл ерікті акт, некеге тұрушы адамдардың еркі тәуелсіз және бос болуы қажет. Заң некені еріксіз қиылды деп бірлескен арыз жойылуына құқық береді. ҚР отбасы құқығы бойынша неке қию кезінде өкіл жіберуге жол берілмейді. Неке жасы 18 жас болып табылды. Бұның себебі жастардың орта білімді алуы, мамандықты алуы, өмірдің материалдық дәрежесінің көтерілуі болып табылады. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттіңтіркеу орны бойынша АХАЖ органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін . Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге құруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналарыне қамқоршылары белгіленген неке жасын төмедету қажеттігін тұғызатын себеперді көрсете отырып қозғай алады.
Некені тоқтату:
1. Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы және сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылды.
2. Сот қайтыс болды деп жарияланған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп шешім күшін жойған жағдайда некені ерлі- зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша азааттық хал актілерін жазу органдары қалпына келтіруі мүмкін.
3. Егер неке қию кезінде тараптарға /немесе тараптардың біреуін / қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кетті деп танылған жұбайы тірі екені белгілі болса, бұл ереже қолданылмайды.
Некені сот тәртібімен бұзу.
Сот тәртібімен неке бұзылады.
1. Кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың арасында,
2. ерлі-зайыптыларының біреуінің келісімсіз олардың арасында
3. бірлескен мүлкі және алимент жөніндегі дау болған ерлі-зайыптылардың арасында
4. егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болуына қарамастан, некені бұзудан өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы жалтарса
5. Сот органдары арызданушыдан некенібұзу туралы арызды алуға міндетті болады және АХАЖ органдарында некені бұзуды ерлі - зайыптылардың біреуі бас тартса сот белгіленген тәртіпті бұзу процедурасын жүргізеді.
Сот неке бұзу туралы істерді қарағанда мемлекетттің мүддесін мақсатқа алып отыру керек. Некені бұзу туралы істер арыз беру өндіріспен жүзеге асады. Арызды некенің тіркеу уақыты, некедегі балалар, балаларды асырау жөніндегі келісім, неке бұзудың себептері, басқа талаптар болуы керек. Арызбен бірге неке қию туралы куәлік, айлық және басқа да табыстар туралы анықтамалар, басқа да қажетті құжаттар . Неке бұзу туралы істер азаматтық іс жүргізу кодекспен жүргізіледі. және бірге өмір сүретін ерлі-зайыптылардың мекен жайы бойынша сот инстанцияға береді. Егер жұбайының мекен-жайын анықтауы қииындыққа соқса онда арызданушы қалаған жері бойынша немесе жауапкердің снғы мекен- жайы немесе оның мүлік тұрған жері бойынша сот инстанция неке бұзу туралы істерде қаралады. Сонымен бірге мүдделі жұбайы өзінің мекен -жайы бойынша жұбайының хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы арызбен сотқа жіугінуге құқылы. Бұл жағдайда хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешім АХАЖ оргндарында біржақты арызбен некені бұзуға құқығы пайда болады.
АХАЖ органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-бірімен мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптыларың некені бұзуға өзр келісуі жағдайында жүргізіледі.
ІІ. Ерлі -зайыптыларға ортақ кәмелетке толмаған балалардың болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер ерлі -зайыптылардың екіншісін
1) сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныса,
2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса
3) қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталса, неке азаматтың хал актілерін жазу органдарында бұзылады.
ІІІ. Некенің бұзылуын мемлекеттік тіркеуді азаматтық хал актілерін жазу органы азаматтың хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәрттіппен жүргізеді.
Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот шешетін мәселелер
1. Некені сот тәртібімен бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың соттың қарауына кәмелетке толмаған балалр өздерінің қайсысымен тұратындығы туралы, балаларды және немесе еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайын асырауға қаражат төлеу тәртібі туралы, бұл қаражаттың мөлшері туралы не ерлі-зайыптылардың орқ мүлкін бөлу туралы келісім ұсына алады.
2. Егер ерлі-зайыптылардың арасында осы баптың 1 тармағында аталған мәселелер бойынша келісім болмаса, сондай-ақ, ол келісім балалардың немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін бұзылатындығын анықтаса сот:
1. неке болғаннан кейін кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсысымен тұратындығын айқындауда,
2. балаларды асырауға алимент ата-аналардың қайсысынан және қандай мөлшерде өндіріліп алатынын белгілеуде
3. Ерлі - зайыптылардың талап етуі бойынша олардың бірлескен ортақ меншігіндегі мүлікті бөлуді жүргізуде,
4. екінші жұбайдан асырауға қаражат алуға құқығы бар жұбайдың талап етуі бойынша осы асырау қаражаттың мөлшерін,
ІІІ. Егер мүлікті бөлу үшінші бар адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, сот мүлікті жеке іс жүргізіліп бөлу туралы талапты жеке істе қозғауға құқылы.
Неке бұзылған жағдайда оның тоқтатылу сәті:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz