Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойындар арқылы мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі . . . 47-55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56-57
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 58-59
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. «2030 Қазақстан Республикасының гүлденуі мен ұзақ мерзімді даму және өркендеу бағдарламасын» жүзеге асыру тарапынан жекелікті дамыту проблемасымен мектепке дейінгі денсаулығы мықты баланы қалыптастыру маңызды орын алады. Балалардың денсаулығы - қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады.
Баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- тәрбиеші. Мектепке дейінгі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында балаларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектепке дейінгі кезең баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерін атап көрсетуге болады. [2]
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балаларға мәдени-гигиеналық дағдыларды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер және тәрбиешілердің арасында дабыл қағуда. Ақпарат құралдарының материалдары және статистикалық деректердің көрсетуінше ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі балалардың денсаулықтары күрт төмендеген. Балалардың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда балабақшаның жауапкершілігінде деп көрсетіледі.
Демек, мектепке дейінгі балалардың денсаулығы ерекше өзекті мәселе. Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулықтарына теріс әсер ететін факторларының қатарына балабақшада және отбасында қарапайым мәдени-гигиеналық нормалардың орындалмауы, артықша теледидар алдында, компьютерлерде отырып алуы, тәрбиеші мен балалардың арасындағы авторитарлық қарым-қатынастықты, тәрбиелеудегі баланың тұлғалық және жас ерекшеліктерін қажетті деңгейде есепке алынбаушылықтарын, гиподинамия және т. б. атап көрсетуге болады. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын қазіргі заманның талаптарына сәйкес жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық қызметкерлер мен тәрбиешілердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Педагогика ғылымында осы туындаған мәселені шешудегі тиімді жолдары мен құралдарын негіздеу қажеттілігі туындайды.
Денсаулық мәдениеттілігінің төменділігі, денсаулыққа қарамаушылық себептері, балалардың арасында 40% мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптаспауының себептерінен деп саналады. Демек, қазіргі кезде балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру қажеттілігі, оны арнайы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып дамыту қажеттілігі туады.
Қазіргі балабақша бүлдіршінін мәдени-гигеналық дағдыларды тәрбиелеудің басты міндеттеріне мына төмендегілер жатады:
- халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т. б. ) ;
- баланың бойында салауатты өмір салтын, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
- «мәдени-гигиеналық дағды» - ұғымын қалыптастыру;
- салауатты өмір сүруге балаларды ынталандыру;
- балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
- өз денсаулықтарын сақтауда, мәдени-гигиеналық дағдыларын орындауда жауапкершіліктерін қалыптастыру.
- арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың салауатты өмір сүру, мәдени-гигиеналық дағдыларын зерттеу барысында философиялық, педагогикалық зерттеулерде көрініс тапқанын, бұл салада біраз тәжірибе бар екенін байқадық.
Шығыстың ойшылдары Аль-Фараби, Абу Али Ибн-Сина, Ж. Баласағұн, А. Ясауи өз трактаттарында денсаулық пен өмір салтының байланыстылығы туралы айтса, педагог-ағартушылар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулати, Асан Қайғының шығармаларында жас жеткіншектерге денсаулық сақтау туралы білім беру керек екендігіне көңіл бөлінген.
Педагогика саласындағы бірқатар зерттеуші ғалымдар Амосов Н. М., Ақбердиева Д. Ф., Колбанов В. В., Зайцев Г. К., И. И. Соковня-Сейшона, А. С. Иманғалиев, Г. Сисенғалиева, Т. Г. Тынынбаева, Ж. З. Торыбаева, С. Исаев, Е. Г. Жук және т. б. еңбектерінде салауатты өмір салтына тәрбиелеудің педагогикалық стратегиясы баланың алған, алатын білімі мен тәжірибесі негізінде жүргізілуі, орындалуы тиісті деп көрсетеді және де салауатты өмір салтына тәрбиелейтін алғашқы кезеңді - мәдени-гигиеналық дағдыларды тізбектей анықтау қажет екендігін айтады.
Тұлғаны теориялық дамыту бойынша зерттеулер бойынша (А. Маслоу, У. Джейс, Л. С. Выготский, С. Л. Рубенштейн, А. Н. Леонтьев) және өз тарапымыздан жүргізілген жекелей зерттеу жұмыстары бойынша талдау деректері арқасында балабақшада балаға салауатты өмір сүру, оның ішінде мәдени-гигиеналық дағдыларын тәрбиелеудің қажеттілігі айқындала түсті.
Бұл міндетті шешудің алғы шарттары соңғы кездері дайындалған кейбір арнайы зерттеулерде де қарастырылған. Ол зерттеулердің мынадай бағыттарда дамып келе жатқанын атап көрсетуге болады:
- Оқу - тәрбие үдерісінде оқушылар мен студент жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері Ж. Ембергенова, Б. Қ. Мұхамеджанов, Қ. М. Рахымғали, С. С. Тілеуова, Ю. В. Салов, Г. Ж. Нұрышова, Б. К. Игенбаева Т. К. Бөлеев т. б. еңбектерінде;
- Валеология ғылымының теориялық және әдістемелік мәселелері А. С. Иманғалиев, А. Ақанов, Ж. Ж. Нұржанова т. б. еңбектерінде;
- Нашақорлық, жат әдеттердің денсаулыққа кері әсерін ескере отырып тәрбиелеу туралы Т. К. Бөлеев, Т. Н. Беркалиев, Г. Е. Шлымова, Ш. А. Тулепова еңбектерінде.
Бұл жұмыстар бүгінгі таңда балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды.
Дей тұрғанымен, балабақша қабырғасында балалардың салауатты өмір сүру салтын мәдени-гигиеналық дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда зерттеліп және ғылыми - әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.
Жоғарыда айтылған проблемалардың өзектілігі, оның педагогика ғылымы мен балабақша практикасына тікелей қатынастылығы, теориялық деңгейде толық әзірленбеушілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын былай деп таңдап алуымызға негіз болды: «Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру». Зерттеу проблемалары балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбие мазмұнын анықтаудан, педагогикалық үдерісті қалыптастырудан тұрады.
Зерттеудің мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын арнайы әдістер мен тәсілдер арқылы қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп және тәжірибелік-эксперименттен өткізіп, тексеру.
Зерттеу нысаны - балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні - мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдері арқылы қалыптастыру мазмұны.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер, мектеп жасына дейінгі балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын арнайы әдістер мен тәсілдер арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері анықталып, баланың жас және жеке ерекшеліктері ескеріліп, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруда тәрбиелік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар даярланып жүзеге асырылса, онда мектепке дейінгі жастағы баланың бойында мінез-құлық мәдениеттін қазіргі заманға сай қалыптастыруға болады, өйткені мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруды саналы ұйымдастыру бала бойындағы құнды қасиеттерді дамытуға ықпалын тигізеді және балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру мына төмендегідей көрсеткіштермен негізделсе:балалардың салауатты өмір сүру, оның ішінде мәдени-гигиеналық дағдылардың мәні мен мазмұнын анықтайтын, анық көрсететін ғылыми ұғымдар мен түсініктер, ғылыми зерттелу деңгейі тарихи - педагогикалық тұрғыда анықталса; мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық, жас ерекшеліктерін есепке ала отырып денсаулықтарын сақтау технологиясы қолданылса, онда қазіргі заман балалары дені сау болып тәрбиеленеді.
Зерттеудің міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруды тарихи - педагогикалық тұрғыда анықтау;
- балалардың бойында қазіргі заманның талаптарын есепке ала отырып мәдени-гиигеналық дағдыларды қалыптастырудың міндеттері мен мазмұнын жас ерекшелік тұрғысында айқындау;
- зерттеу проблемаларын шешуге мүмкіншілік беретін денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдерін айқындау;
- экспериментальды жұмыс арқылы балалардың бойында мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың нәтижесін тексеру.
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған проблема бойынша философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, медициналық әдебиеттерді талдап, зерттеу, жүйелеу, балабақшада мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үдерісін бақылау, пікір талас, сауалнама, тест алу, тәрбиешілермен, балалармен әңгімелесу, тәжірибелік эксперимент нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Тәжiрибелiк маңыздылығы: Бұл жұмысты студенттер мен балабақша тәрбиешілері әдiстемелiк жинақ ретiнде күнделiктi жұмысында қолдана алады.
Зерттеу базасы: Бұл тақырып бойынша Түркістан қаласы ММ «№ 31 бастауыш мектеп-балабақша» кешенінің ересектер топтарының балаларымен эксперимент жүргiзiлдi.
Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмi мен тiркемелерден тұрады. Көлемi 77- бет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz