Биржа


Жоспар:
1. БиржаныҢ функциЯлары мен негіздері
2. ҚазаҚстан Қор биржасы: ҚҰрылымы жӘне сауданы Ұйымдастыру
ҚОР БИРЖАСЫ, ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1. Қор биржасы нарықтың ауыстырылмайтын қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық құралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.
«Биржаң терминінің пайда болуы жайлы 2 түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның «bursaң, яғни әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде «bourseң сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде «burseң және итальян тіліндегі «borsaң да сол мағынаны береді.
Екіншісі белгиялық Брюгге қаласында тұрған Вандер Бурсе атты голландық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол тұрған үйде үш әмиянның суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінің істерін жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.
Қазіргі заман талаптарына сай сырт көрінісі өзгергенмен, бұл сөздің мағынасы сол күйінде сақталған.
Егер заң тұрғысынан қарайтын болсақ, биржадағы операциялар қомақты табыс көзін әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқықтық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін қызметшілер жалақысына жібереді. Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттар сауда процессін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда алаңдарын кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуға, жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.
Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.
ҚР-сы «Бағалы қағаздар нарығы туралың Заңына сәйкес қор биржасы - акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР-сының мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар, филиалдар мен өкілдіктер аша алады.
Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:
- бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;
- бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;
- бағалы қағаздарға баға белгілеу;
- өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету;
- жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу;
- құқықтық-қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.
Экономикалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:
- баға белгілеуші - биржа экономикалық негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді;
- бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық - биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады;
- тәуекелді сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән) ;
- бағаны тұрақтандырушы функция - биржада бағаның ауытқу амплитудасы ескеріле отырып, күн сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясынан тыс әрекет ету мүмкін емес.
- қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.
2. Бүгінгі таңда біздің елде қор биржаларының Еуроазиялық федерациясының (FEAS) мүшесі және қор биржаларының Халықаралық федерациясының (FJBV) корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (KASE) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан Қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.
1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдағанда Қазақстан қор биржасы мен ҚБҚБ-сы жеңген болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.
1998 жылдың жазында Қазақстан қор биржасы листингтік емес бағалы қағаздармен мәмілені тікелей баға белгілеу әдісі арқылы жасау үшін арналған сауда жүйесін іске асырды. Бұл республикадағы биржадан тыс нарықтық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.
ҚР-сының «Бағалы қағаздар нарығы туралың Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингіне кіргізілген бағалы қағаздармен саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардың арасында ҚР-сының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық Кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде «Сң санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР-сының шегінен тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.
KASE мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:
- «Рң - ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар санат;
- «Нң - қор биржасының сауда жүйесінің «листингтік емес бағалы қағаздарң секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға және жеке меншік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;
- «Кң - қор биржасында айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздармен саудаға қатысу құқығы бар;
- «Сң - қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу құқығы бар;
- «Вң - шетел валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.
Бір ұйым қор биржасында бірнеше санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады.
Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы; қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы; Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес Комитетіне, биржа мүшелерінің Жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтерінің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасының мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.
Сонымен қатар қор биржасы мүшелерінің белгіленген міндеттері бар:
- әрекет ететін заңдылықтардың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарын орындауға;
- мүшелік салымдар мен биржалық жинақтарды оған берілген мүшелік санатына сәйкес биржада бекітілген мөлшерде, құрамда, мерзімде және тәртіпте төлеу;
- өз уақытында толығымен және ең оңтайлы әдіспен қор биржасында пайда болатын міндеттерді қаржылық құралдармен жасалатын мәмілелерді, сонымен қатар қор биржасының мүшелері мен оның трейдерлерінің қызметін реттелетін әрекет етуші заңдылықтың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарына негізделген басқа да міндеттерді орындау;
- үшінші тұлғаларға биржадағы мүшелік күшіне сәйкес осы тұлғамен алынған және биржаның ішкі құжаттарына сәйкес коммерциялық құпия немесе жасырын санатқа жатқызылатын ақпараттарды бермеу және таратпау;
- құрылтайшылық құжаттарға толықтырулар мен өзгертулерді енгізген жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін жедел түрде, сонымен қатар толықтырулар мен өзгертулерді енгізгені туралы егер ондай тіркеу әрекет етуші заңдылыққа сәйкес талап етілсе, мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттарды ұсыну;
- өкілетті органдарға, оның қызметкерлеріне және аффилиирлендірілген (үлестес) тұлғаларға қатысты қабылданған әрбір дисциплинарлық әрекеттері туралы хабарлау;
- өзінің трейдерлер құрамының әрбір өзгеруі туралы мәліметтерді беру және мұндай мәліметтерді уақытылы емес беру немесе бермеу нәтижелеріне толық жауапкершілікте болу;
Қор биржасының мүшелеріне санаттарына сәйкес оның мүшесі болмайтын тұлғаларға өзінің орындарын қолдануға беруге тиым салынады.
Қор биржасының ұйымдық құрылымы: (22-сурет) .
22-сурет. Қазақстан қор биржасының ұйымдық құрылымы1
ҚР-сының «Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңына сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сонымен қатар бағалы қағаздары қор биржасының листингіне кіргізілген акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары биржаның басқару органдарына сайлана алмайды. Акционер жиналыста өзі иеленген акциялар санына тәуелсіз басқа акционерлермен тең дауысқа ие.
Биржалық кеңес акционерлерден, басқа да биржа мүшелері, оның лауазымды тұлғаларынан қалыптасады. Одан басқа оның құрамына тұрақты негізде ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігінің өкілі дауыс құқығынсыз кіреді.
KASE айналымына жіберілетін бағалы қағаздар:
- мемлекеттік;
- листинг рәсімінен өткен мемлекеттік емес және биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тізіміне кіргізілген, соның ішінде ҚР-сында айналымға жіберілген және басқа мемлекеттік заңдылықтарға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар;
- ҚР-сында айналымға жіберілген басқа мемлекеттің мемлекеттік бағалы қағаздары;
- жоғарыда айтылған бағалы қағаздардың базистік активі болып келетін туынды бағалы қағаздар.
Қор биржасындағы саудаға листинг рәсімінен өткен бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Қазақстан қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін, биржалық саудаға ҚР-сындағы заңдылыққа және ҚР-сында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдылығына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.
Листинг рәсімін ҚР-сының және ҚР-сында айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің заңдылықтарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік бағалы қағаздар, сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлғалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:
- құрылтайшылық құжаттарында бағалы қағазды басқаға беруіне деген ұстаушыларға шектеулер немесе қысымшылықтар туралы нормалар болмауы керек.
- заңды тұлғаға қатысты заңнамада белгіленген жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері төленген және тіркелген болуы керек;
- басқа да талаптар бағалы қағаздар биржасындағы ресми тізімдегі санатта белгіленген шарттармен анықталады.
Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге қосуда заңды тұлғаның өтініші және қосымша талап етілетін құжаттары биржаның Листингтік комиссиясында қаралып қабылданады. .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz