Тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану
2. Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тіл үйретуде ойын технологиясын қолдану
«Бала ойынының қарапайымдылығы -
алдамшы құбылыс бұны бәрі біледі,
бірақ оны бәрі түсіне бермейді»
(П. Ф Каптерев. )
Ойын - мәдениет феномені. Ол - оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагоктар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан - жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т. б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Бұл классификацияға төмендегі ойын түрлерін көрсетеміз:
- сенсорлық тәрбиелік ойындар.
- сөздік ойындар.
- табиғатпен таныстыру ойындары.
- математикалық ұғымдарды қалыптастыру ойындары.
- дидактикалық ойыншықтармен ойындар.
- үстел-үсті ойындары.
- сюжетті -рөлді ойындар.
- саяхат-ойындар.
- ойын-тапсырмалар.
- ойын -сөйлемдер.
- жұмбақ ойындар.
- диалог-ойындар.
- қимылды ойындар. т. б
Сабақ өткізгенде ойын тәсілінің мына негізгі принціптерін ескеру тиіс:
- Өтетін материалды игергенде бала тапсырманы ойын ретінде қабылдауы, қызығушылығының арттыру.
- Ұжымдық, яғни балалар ұжымын біріңғай топтастыру.
- Жеке және топтық тапсырмаларды қарсыластарынан бұрын шешу арқылы уақытты үнемдеу және достарына үлгі болу.
- Әр ойынның мазмұнында жаңа элементтер болуы тиіс.
- Балаларға ойынның пайдасын айтпау керек.
- Ойын ол сабақ емес, ол жаңа тақырыпқа балаларды қатыстыратын ойын әдісі.
- Тәрбиешінің эмоциясы сол іс-рекетті қалай сезінуіне байланысты болуы керек.
- Ойын-ол диогностика құралы, бала ойын кезінде барлық жағымды, жағымсыз қасиеттерін көрсете алады.
Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді. Айтқым келіп отырғаны негізгі мақсат танымдық іс - әрекет қана емес, жеке қасиеттерін қалыптастырып ауызша жауап беру арқылы тілін дамыту. Ойын терапияны алғаш қолданған ағылшын психологы Анна Фрейд екінші дүние жүзілік соғыста Лондондағы бомбылауда зардап шеккен балалармен жұмысында көрсетті. Егер бала ойын кезінде өзінің уайымын көрсете, сөзбен жеткізе білсе ол қорқыныштан, уайымнан арылады.
Ойын - балалар үшін тек сөз емес, ол тіл, сондықтан балаға дер кезінде көңіл бөле білу керек. Ойнап отырған жалғыз бала және ойнап жүрген балалар тобы педагогикалық тұрғыдан қарағанда екі түрлі жайт. Ойын балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі. Ойынның негізгі ерекшелігі. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым -қатынасы үлкен роль атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшқыштар», «Отбасы», «Бала бақша» т. с. с болып ойналады. Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл ойынның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекетінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылыс пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез - құлқы мен өзара қарым - қатынастарын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді.
Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастыра білу қажет. Ол балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойын көбінесе серуен кезінде ұйымдастырылады. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар, кемелер, автобустар, көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге сабақ кезіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықтылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті - рольді, драматизиялық, дидактикалық, құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Сюжетті - рольді ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өміріне елеулі орын алады. Сюжетті-рольді ойындарының ерекшелігі сол, оны балалар өзі жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар ұзақ та қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті - рольді ойында бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады. Мысалы:
«Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттерін, ал «Аурухана» ойынын ойнағанда балалар дәрігер мен науқастың әрекеттеріне келтіреді.
Драматизиялық ойындарда мазмұн, рольдер, ойын әрекеті қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің т. б. сюжеті мен мазмұнына сәйкес болады. Ол сюжетті - рольді ойынға ұқсас. Драматизия ойынында балаға қандай да болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек ол үшін ойынның шын мәнінде ойын болғаны дұрыс.
Құрылыс ойыны - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан тірлі құрылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті - рольді ойынға ұқсас келеді және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу - қоршаған өмір.
Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиодар, театрлар, цирктер т. б. ірі құрылыстар салады.
Құрылыс ойындарда олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.
Дидактикалық ойын формасы кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Ойын өлең мен қимылды ұштастыру негізінде жүргізіледі. Мысалы: «Сиқырлы қақпақтың сырын ашайық» деген ойында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қақпақтың астында не бар екенін білу.
Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру, ерікті зейін қою, ережені ой елегінен өткізе білу т. б. Олар балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруін көмектеседі. Дидактикалық ойындар айналамен табиғатпен таныстыру сабағында жиі қолданады. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, учаскеде өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек.
Үстел үсті ойындары лото, домино, тапқырлық ойындар («Қайда не өседі?» «Бұл кімге керек» т. б. ) пазылдар, леголар қимыл белсенділіктерін, ептілікті талап ететін ойындар. («Ұшатын қақпақтар», «Қаздың балапаны»т. б) мозайка типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар қағазға басылған үстел үстінде ойналатын ойын қызықты келеді. Оларға табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (Кім не біледі? Немен жүреді? Немен жүзеді? Немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Қимыл ойындарда балалардың қозғалысын жүгіру, секіру өрмелеу т. б қимылдарға жаттығуына және жетілдіруге мүмкіндік береді. Қимыл ойындары барлық жүйке - психикалық дамуына, жеке басының аса маңызды салаларының қалыптасуына да үлкен әсер етеді. Қимыл ойында ережелерді
ұйымдастырушы роль атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылырдың қарым-қатынасын, баланың мінез - құлқын анықтайды. Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта да, серуенде де өте қажет, тіпті бала жай дем алып отырғанның өзінде де ойын үстінде болады.
«Ойын - негізгі тәжірибе мен терең ойлаудың көпірі» - деп педагог С. Пинжи айтқандай, ойын - ақпарат алмастыру құралы, өмірлік проблемаларды жеңе білуді үйрену. Баланың өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы ойын үстінде көрініс табады.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту.
Ойын балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады. Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру, оларды жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды интернационализм рухына, ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады. Олар өз ұлтын сүюге, өзге ұлттарды сыйлауға, құрметтеуге үйретеді.
Қазақ тілін үйрету процесінде ана тілі басты рөл атқарады. Егер оқушы өз тілінде грамматикалық құбылыстарды, олардың ерекшеліктері мен айырмашылығын, дыбысталу жүйесін білмесе немесе түсінбесе ол қазақ тілін оқығанда түсінбейді. Ана тілі мен салыстырып оқуды күнделікті практикадан көріп жүрміз. Оқушылар қазақ тілін оқи отырып өз ана тілінің негізінде өзге тілді саралап үйренеді.
Тілді үйрену негізінде ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек ұғынады. Қазақ тілі оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Оған мұғалімнен көп кәсіби шеберлікті талап етеді. Ең алдымен оқушы өз ана тілін жетік білуі керек. Егер өз тілін жетік білмесе, оған қазақ тілін үйрету, яғни, меңгеру өте қиынға соғады. Себебі, екі тілді салыстыра отырып қана оқушы тіл құбылыстары мен айырмашылықтарын саналы түрде меңгере алады. Салыстыра отырып, ол қазақ тілін тез меңгереді.
Әдістеме ғылымы әрқашан білікті мамандардың өзіндік сабақ беру шеберлігімен дамып, жаңарып отырады. Яғни, әдістеме көп жылдар бойы ұстаздық қызметтегі тәжірибемен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысты.
Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Қазақ тілін оқыту - қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басынын интелектісін, оқу іс әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Оқушынын ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін, жаңаша оқытудың бір түрі - модульдік технология. Бұл білім мазмұны мен оған меңгеру технологиясын біріктірген тұтастай жүйе.
Технология - гректік өнер, шеберлік ғылым деген сөзінен шыққан, яғни, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдалана басталды.
Қазақстанда осындай технология үлгісін М. М. Жанпейісова ұсынады.
Модульдің ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау. Ол үшін тіл үйрену, оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік қорын жасау және тіл ортасын ұйымдастыру.
М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясында ерекше орын алатыны - ойын. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді жұмыс түрлерін (топтық, жеке және жұппен, ұжыммен жүргізілетін жұмыстар, пікірталастар, диспуттар) қолдану оқытудын міндетті шарты болып табылады. Сондықтан сабақтарымда ойын түрлерін жиі қолданамын. Өз іс-тәжірибемде бастауыш сыныптарда өтетін сабақтар көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын, тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын-ала дайындауға тырысамын. Оған бейімделген оқушы сабақтын қызықты түрде өткенінің нәтижесінде тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады.
Сабақта диалогтік бөлімінің оқу модуліндегі қазір кеңінен қолданыла бастаған ойын түрлері: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Даналық ағашы», «Бақытты сәт», т. б. ойындар оқушылардын қызығушылығын арттырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz