Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Мазмұны

Қысқартылған сөздер . . . 4

Кіріспе . 3

I-тарау. Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздер і . . .

1. 1. Мемлекеттік және жергілікті басқарудың мәні, қағидалары . . .

1. 2. Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті билік органдары арасындағы қатынас жүйесі . . .

1. 3. Мемлекеттік және жергілікті басқаруда шетел тәжірибелерін қолдану . . .

I I-тарау . Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қарым-қатынасын талдау . . .

2. 1. Мемлекеттік басқару органдарының құзыреті және жергілікті билік органдарының қызметі . . .

2. 2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті басқару органдарының бүгінгі барысы . . .

2. 3. Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін талдау . . .

I I I -тарау. Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының өзара

қарым-қатынасын жетілдіру жолдары . . .

3. 1. ҚР әкімшілік реформасы мемлекеттік басқару үрдісін жетілдіру бағыты ретінде . . .

3. 2. Мемлекеттік қызмет саласындағы реформасының ерекшелігі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қысқартылған сөздер

  1. ҚР - Қазақстан Республикасы
  2. ЖӨӨБ - Жергілікті өзін-өзі басқару
  3. ӨӨБ - Өзін-өзі басқару
  4. АҚШ - Америка Құрама Штаты
  5. ГФР- Германия Федерациялық Республикасы
  6. КСРО - Кеңес Совет Республикасы
  7. ҚазақКСРО -
  8. Қазақ ССР
  9. ӘКК - Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация

10. ТМД -Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

11. ЕӘҚ - Еуразиялық әлеуметтік қауымдастық

12. ЭЕК - еуразиялық әлеуметтік кеңістік

13. ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда орталық және жергілікті атқару органдарының өзара тиімді де нәтижелі іс-қимылы көкейкесті әрі маңызды мәселе болып табылады. Осы органдардың өзара қарым-қатынасы азаматтардың әл-ауқатын Қазақстан облыстары мен аймақтарының экономикалық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық дамуын жүзеге асыратын стратегиялық жобаларына тікелей байланысты. Әлбетте, орталық пен аймақтардың өзара қарым-қатынасын өрістетуде қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылысын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен жергілікті билік органдарының құзыреттілігін кеңейту бағыттары, мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджет аралық қарым-қатынастарды жетілдіру барысындағы өкілеттіліктерді ажырату өзекті мәселелердің қатарында. Биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден-бірі нысаны.

«Қазақстан-2030» стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің ең шешуші міндеттерінің бірі ретінде белгіленген. Осы бағдарламада атап көрсетілгендей, мемлекеттік басқару біртіндеп орталықсыздандырылып, үкімет ықшам әрі кәсіби деңгейде болып, неғұрлым маңызды міндеттерді шешуге қарай жұмылдырылады. Әрбір министрлік пен ведомство өздеріне тән емес қызметтерді орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторға бере отырып, олардан арылады. Бірақ ол қызметтерді жергілікті жағдайда іске асыру экономикалық механизмдерді қолдануға бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі - Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқын да ұғынықты баяндалған. Онда, біз мемлекеттік басқарудың корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделін түзудеміз» - делінген. Ортақ мақсат - үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау болады. Мемлекеттік басқаруда - әкімшілік реформасы өте күрделі мәселе. Бізге оның үкімет комитеттерінде талқылауын ұйымдастырып, арнайы тандаулар өткізуді қажет етеді [1] .

Стратегия мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға негіз болған. Онда тиімді осы заманғы мемлекеттік басқару құрылымын құруды міндет етіп қойған болатын. Қазақстанда мемлекеттік және жергілікті басқару деңгейлерін реформалау үрдісінің маңыздылығын Президенттің халыққа жолдауында « . . . Әкімшілік реформаларды бұдан әрі тереңдете беру қажет. Бұрынғы көнерген және ырыққа көнбейтін мемлекеттік тетікті үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, азаматтарымыздың мүддесі үшін осы заманғы қоғамдық саяси үрдістерді серпінді басқаруға қабілетті тетікке айналдыру ісін аяқтауымыз керек», - деп айқындаған.

1990 жылдың басында негіз алған мемлекетті құру процесімен бірге жаңа мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуымен мемлекеттік билік органдары қызметіне жаңа жағдайда өзгерістер енгізілді. Нарықтық экономикаға шапшаң өтуі мен шаруашылық қызметтің бүкіл бағытта либерализациялануы мемлекеттік басқарудың құрылымы мен қызметіне айтарлықтай ықпал етті. Кең көлемде жүргізіліп жатқан реформалаудың нәтижесінде мемлекеттік биліктің орталық органдарының қызметтері мен уәкілдіктерін және аймақтық дамуы жөніндегі көптеген мәселелерді шешу жауапкершілігі мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіне беру процесі, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың талаптарына бейімделген мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасты.

Қазіргі уақытта Қазақстан өзінің мемлекеттік басқару жүйесін кең көлемде реформалауын жалғастыруда. Бұл үрдіс өсіп өркендеген, тұрақты және гүлденген, мықты мемлекет құруға бағытталған кешенді іс-шараның құрамды бөлігі болып табылады. Бұл реформаның мақсаты: барлық деңгейдегі реформалық басқарудың тиімділігін жылдам және бұлжытпай жоғарылату, орталық мемлекеттік қызмет пен тәуелсіз, кәсіби мемлекеттік басқаруды құру, құрамы биліктілігі мен қызметкерлердің іскерлік сапалығы негізінде жабдықталатын; қызмет көрсету сапасын жоғарылату мен соңғы тұтынушыға бейімделген мемлекеттік басқару жүйесін құру; мемлекет пен жеке сектор арасындағы өзара іс-әрекетін жетілдіру.

Аталған мәселелерді талқылай отырып, зерттеу жұмысымда еліміздің мемлекеттік басқару жүйесі дамуының кезеңдері және дамыған елдердің мемлекеттік басқару жүйесінің қызметіне, тәжірибесіне жете талдау келтіріліп еліміздің басқару жүйесін жетілдіру бағыттары сипатталды. Қазақстанда кең көлемде жүргізіліп жатқан реформалаудың нәтижесінде мемлекеттік биліктің орталық органдарының қызметтері мен уәкілдіктерін және аймақтық дамуы жөніндегі көптеген мәселелерді шешу жауапкершілігі мемлекеттік басқарудың жергілікті деңгейіне беру процесі, заманауи нарықтық экономиканың талаптарына бейімделген мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуына талдау жасалынды.

Жұмыстың теориялық - әдістемелік және практикалық ғылыми зерттеулер егізі С. С. Алексеев, Г. В. Атаманчук, Н. И. Матузова шетелдік ғалымдарының еңбектерінен, Ж. Ихданов, Т. Ағдарбеков, Д. Жамбылов, Ғ. Маймақов, Д. Көшім, З. О. Ашитов, Б. З. Ашитов сияқты қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде өз орнын тапқан.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері . Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қазіргі кездегі қарымқатынасын қарастыра отырып, мемлекеттік билік органдары мен жергілікті билік органдары арасындағы қатынасты жетілдіру жолдарын зерттеу. Осы мәселелер бойынша мына төмендегі міндеттерге талдау жүргізілді:

  • басқару түсінігі және басқару туралы ғалымдардың анықтамаларын көрсету;
  • жалпы мемлекеттік биліктің нысандарын, функцияларын айқындау;
  • мемлекеттік басқару жүйесінің кезеңдерін баяндау;
  • мемлекеттік және жергілікті басқаруда мемлекеттік қызметтің рөлін арттыруды талдау;
  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудағы реформалауды айқындау.

Елбасының халыққа Жолдауындағы тапсырмаларға сүйене отырып, еліміздегі мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті басқару органдарының өзара қарым-қатынасын жетілдіру деңгейін зерттеу, осы мақсатты жүзеге асыру барысында мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті басқару органдарының қарым-қатынасын жетілдірудің ең басты жолы ретінде еліміздегі әкімшілік реформалар қарастырылды.

Жұмысты зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, заң шығарушы және атқарушы органдардың ресми сайттары, жеке сайттар, отандық басылымдардың материалдарынан қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы . Жұмыстың құрылымы қысқартылған сөздер, кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер және қосымшалардан, сурет пен кестелерден тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік және жергілікті басқарудың мәні мен қағидаларының түсінігі, Мемлекеттік билік органдары мен жергілікті билік органдары арасындағы қатынас жүйесі, мемлекеттік және жергілікті басқаруда шетел тәжірибесінің ерекшеліктері баяндалған. Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қарым-қатынасын талдау қарастырылды. Үшінші тарауда Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының өзара қарым-қатынасын жетілдіру жолдары баяндалды және зерттелді.

1. Мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінің теориялық негіздері

1. 1. Мемлекеттік және жергілікті басқарудың мәні мен қағидалары

Мемлекет - қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы.

Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс - әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы. Қазіргі мемлекет - бұл тәуелсіз, саяси биліктің әмбебеп ұйымы, адамдардың күнделікті қызмет өмірін қамтамасыз етуші, өз аумағына иелі және өзінің ішкі және сыртқы функцияларын іс жүзінде асырған кезде қажетті мәжбүрлеу аппаратын, құқықты құрушы, сонымен бірге салық салушы күш. Оның мәні қоғамдағы билікті ұйымдастыру. Мемлекеттің негізгі белгілері болып келесілер саналады:

1) басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т. б. )

2) үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдық қарым -қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.

Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т. б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:

- мемлекет қоғамдық көлемде бірден-бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет ғана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;

- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады.

Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік [ 2. 75-84] .

Басқару ықылым заманнан адамдар пайда болған кезден бастап белгілі. Қандай да алға қойған мақсатқа жету жолында екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті жүктелсе, яғни ол басқарушыға айналса, ал екінші адам оған бағынышты басқарылушыға айналады.

1911 жылы американдық инженер Ф. Тейлордың «Ғылыми басқарудың принциптері» атты кітабы жарық көрді. 1920 жылы А. К. Гастев Басқаруды жетілдіру жөніндегі концепцияларды алға қойды. Басқару іліміне айтарлықтай үлес қосқан басқару мектебінің классиктері ретінде Ф. Тейлор, Ф. Гильберт, А. Файоль, және басқаларды атауға болады. Бұл оқымысты басқарушылардың алға қойған мақсаты басқарудың әмбебап қағидаларын құру болып табылды. Француз ғалымы Анри Файоль 1923 жылы: «басқару дегеніміз болжамдау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру, бақылау» деп айтқан болатын, сондай-ақ басқарудың 14 қағидаларын дайындаған [ 3. 9-10] .

Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы С. С. Алексеев кезінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:

1. мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік-құқықтық, техникалық-ұйымдастырушылық және тағы басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;

2. мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;

3. мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді [4. 20-21] .

Мемлекеттік құрылыс және құқық саласының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берді: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет [ 5. 6-7] .

Сондай-ақ, мемлекеттің өзіне тән ерекшеліктері оны басқару түрлерінен ерекшелеп тұрады. Ондай ерекшеліктері үшеу. Мемлекет басқаруда, осы аталған басқару түрін жүзеге асыратын оның субъектісі-мемлекет. Мемлекет анықтамаларының айырмашылығына және оның көп қырынан көрініс табуына қарамастан барлық зерттеуші ғалымдар бір ауыздан онда шоғырланған билік күшін атап өтеді. Мысалы, Вебер: «Мемлекет дегеніміз - адамдардың легитимді күш қолдану арқылы екінші бір адамға үстемдік етуі» - деп жазған. Қоғамда адамдардың тәртібінің дұрыс болуын қамтамасыз ететін және оған мәжбүрлеу арқылы қол жеткізетін мемлекеттік құрылым туралы пікір қалыптасты.

Мемлекетті басқарудың екінші ерекшелігі оның барлық қоғамға, тіпті одан тыс мемлекеттің халықаралық саясатын жүргізу шеңберінде басқа адамдардың қоғамына таралуы. Көп жағдайда бұл тезис мемлекет адамдардың барлық іс-әрекеттеріне араласады. Мемлекет пен қоғамның өзара байланысының қалыпты нұқасы адамдардың қоғамдық іс-әрекеттеріне еркіндік, өзін-өзі басқару, дербестік тән екендігін көрсетеді. Көп жағдайда мемлекет міндетті түрде еркіндікке қарсы тұрады және басқару процесі тек қана шектеулер, тиым салу, жазалау алып келеді деп саналады. Сонымен қатар мемлекет қоғамдық процестерді неғұрлым аз басқарса, қоғам мемлекеттен еркін болса, соғұрлым адамдарға жақсы болады және қоғамдық проблемалар тез шешімін табады. Қоғам адамдар мемлекетке қарсы күрес жүргізбей, құқықтық - демократиялық мемлекет үшін күресуі қажет. Еркіндікке мемлекетпен бірге, соның көмегімен қол жеткізген жөн.

Мемлекетті басқарудың өзіне тән үшінші ерекшелігі. Мемлекет күрделі және көп қырлы қоғамдық құбылыс бола отырып және басқару субъектісі ретінде басқаруға жүйелік сипат береді. Басқарудың басқа түрлеріне қарағанда мемлекеттік басқару бұл ерекшелігінсіз жүзеге аспайды. Онда миллиондаған адам көптеген мемлекеттік органдар және басқа құрылымдар, ал құрылымдарда лауазымды тұлғалар жұмылдырылған, мемлекеттік басқаруда әр түрлі материалдық, қаржылық және интеллектуалдық ресурстар мен ақпараттар қолданылады. Ол басқарушылық шешімдер мен ұйымдастырушылық амалдардан тұрады. Егер әрбір лауазымда тұлға өзінің қызметін Крылов мысалындағыдай «аққу, шортан, шаян» құсап атқарса, осындай басқарудың нәтижесінде қоғамда қандай бейберекет орнайтынын елестету қиын емес. Сол себепті мемлекетті басқару үшін жүйелік ерекшелігі ерекше мәнге ие болады. Осы ерекшелік ғана оған қажетті келісімділікті, үйлесімділікті, белгілі мақсаткерлікті, тиімділікті береді.

Мемлекеттік басқарудың субьектісі мемлекет, ал объектісі- қоғам. Мемлекетті басқаруда субъект түсінігі бір жақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекет субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырту шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъектіні айтамыз.

Мемлекетті басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттілігі бар мемлекеттік билік органдары.

Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы, сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың заңдарды әзірлеуі мен қабылдау мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіріледі. Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық, және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Лауазымды қызмет субъектісі мемлекеттік қызметтің лауазымды тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Саясат субъектісі - мемлекеттік басқару субъектісі және лауазымды қызмет субъектілерінен сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесіне олардың рөлдері жекеленген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема. Объектінің шегін анықтау пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекетті басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан, азаматтардың мемлекеттік емес бірлестіктерден бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды. Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекетті басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси -құқықтық сферасымен шектеледі.

Мемлекеттік басқару объектісін түсінудің басқа жолы - этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама бойынша мемлекеттік басқару барлық қоғамға таралады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні -қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы мәселелерінің жасанды түрде алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді. Қазіргі заманғы саяси ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәдени функцияларына мемлекеттің реттеушілік және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде нарық заңдары толық және тиімді қолданылғанындай мемлекет араласуының оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.

Мемлекеттік басқару дегеніміз - негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады [6. 32-36] . Мемлекеттік басқару процесінде оның негізгі принциптері туындайды. Оларға басқаруға жұртшылықтың қатысуы, ұлттардың тең құқықтығы, заңдылық жатады.

Жұртшылықтың басқаруға қатысуы принципінің мәні мынада: Мемлекеттік басқару қызметі басқаруға қоғамның, жеке азаматтардың кеңінен қатысу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық принципі болып табылады. Бұл сондай-ақ аталған органдардың тек заңға сәйкес және заңдарды орындау үшін өздеріне берілген құқықтар шеңберінде ғана актілер қабылдап кеңсешілдік пен жершілдіктің кез келген көрінісімен күресуге тиіс екенін білдіреді. Бұл жағдайда бірлестіктер мен кәсіпорындардың шаруашылық қызметінде әкімгершілікке, болмашы қамқорсуға және жөнсіз, қиынсыз тәртіп орнатушылыққа жол бермеуге тиіс. Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты биліктерді бөлу теориясы болып табылады.

Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың маңызды қағидаты «тежемелік және тепе-теңдік» жүйесінің болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын олардың ешқайсысыныңда бүкіл мемлекеттік билікті иемденіп кете алматындай етіп өзара өкілеттіліктерін бөлуден тұрады. Мұнымен қоса мемлекеттік билікті ұйымдастырудың қағидатының бірі - біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының біріңғай жүйесіне еніп, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарына бағынады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.

Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:

1. Туынды тәсілдер бойынша:

а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура, т. б) . Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.

2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:

а) Ең жоғары (үкімет) ;

б) Жергілікті (әкімшілік) ;

3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы басқару әдістерін жетілдіру
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Саяси жүйе туралы
Мемлекеттік жергілікті басқару мен өзін - өзі басқарудың әлемдік тәжрибесі
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz