Сот медицинасы пәні және оның мазмұны


1 - лекция. Тақырыбы: Сот медицинасы пәні және оның мазмұны
Жоспары:
1. Сот медицина пәнінің түсінігі
2. Сот медицина ғылымының шығу тарихы
3. Сот медицина сараптамасының маңызы
Лекция мақсаты: Сот медицинасы бір-бірінен алшақ жатқан екі білім саласымен тығыз байланысты. Медицина ғылымы бола отырып, сот медицинасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот медицинасынын пайда болуы заң ғылымының, сот ісін жүрпзу мен мемлекеттік басқарудың қажеттерімен тарихи жағынан байланысты. Соңғы жылдары ғалымдар сот медициасының мазмұнына ғана емес, тіпті пәннің атауына да ізін қалдырған. Ал сот медицинасы әр кезде әр мемлекетте әр түрлі аталған. Сот медицинасы пәні қылмыстық және азаматтық құқық, қылмыстық және азаматтық істер жүргізу кодексінде көзделген тиісті баптар бойынша сот медициналық сараптаманың жасалу тәртәбі және криминалистік сараптама мен сот психиатриялық сараптамадан айырмашылығын айыру арқылы ондағы тергеу мен сот қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтарын және кәсіби біліктілігін ескере отырып студенттерге құқықтық және медициналық тұрғыдан түсінік беру.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Сот-медицина ғылымын алғаш рет 1690 жылы «Specimen medisina forensis» деген еңбегінде Bonn «сот - медицинасы» деп атаған. Содан соң «Мемлекеттік дәрігерлік ем жүргізу» (medicina politico-forensis») деген атау ұсынылды, онда екі ғылымның сот медицинасы мен медициналық полицияның жиынтығы көрініс тапқан.
Англияда және Британ достастығы деп аталатын елдерде «медициналық құқықтану» (jurisprudential medica) деген атау кең таралған. Ал, Ресей мен басқа бірқатар елдерде сот медицинасы «сот-дәрігер ғылымы», «медицина-сот ғылымы», «дәрігерлік заңтану», «медициналық криминалистика» деп аталған. Сот медицина ғылымы зерттейтін пән мен обьектілерде айырмашылық көп, өйткені олар сот медицина сараптамасының белгілі бір мемлекеттегі заң негіздерінен, мақсаттары мен міндеттерінен туындайды.
Қазіргі сот медицинасы - дербес медицина ғылымы, ол қылмыстық және азаматтық істерді тергеу мен сотта қарау кезінде сот әділдігі органдарында туындайтын медициналық-биологиялық мәселелерді зерттеп, шешіп отырады. Дәрігердің заңда белгіленген құқылық нормаларды сақтай отырып, сот-медицина ғылымының деректерін қылмыстық немесе азаматтық істер фактілерін зерттеу барысында нақты қолдануы мен тергеуі және сот органдарының өкілдеріне қорытынды беруі сот-медицина сараптамасы деп аталады. Бұл сараптаманы атқаратын дәрігерлер сот-медицина сарапшылары немесе сарапшы-дәрігерлер деп аталады.
Құқықтық ғылымдар ішінде сот медицинасын дамытуға қылмыстық және азаматтық қүқық, қылмыстық және аза-маттық процесс зор ықпал жасайды. Сот-медицина сарапта-масын белгілеу мен жүргізудің себептері мен төртібі, сарап-шылардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі мен Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Осы кодекстердің тиісті баптары сот дәрігерінің тәжірибелік сарашііылық қызметін реттейтін үжымдық қүжаттар (ережелер, нүсқаулар, т. б. ) шығаруға негіз болып табылады.
Қылмыстарды тергеудің техникаcы, әдістемесі мен такти-касы туралы ғылым - криминалистика сот медицинасымен ежелден-ақ тығыз байланысты. Бүдан көпжыл бүрын-ақ сот-медицина сарапшылары медицина-криминалистика сараптамасы ретінде іс-тәжірибеге енген зерттеулер жүргізе бастаған. Сот медицинасы медицина пәндерінің ішінен патологиялық анатомиямен, патологиялық физиологиямен, рентгенологиямен және басқа да бірқатар клиникалық пәндермен, мысалы: терапиямен, педиатриямен, акушерлікпен, гиңекологиямен урологиямен, хирургиямен ждне венерологиямен, т. б. өте-мөте тығыз байланысты. Сот дәрігерлері бүл мамандықтардан сот-медицина сараптамасын жетілдіру үшін тікелей де, жанама түрде де пайдалануға болатын ең жаңа теориялық қағидалар мен тәжірибе жетістіктерін алып отырады. XX ғасырдың орта шеніне дейін сот медицинасы жөніндегі оқульщ, тарда оныц негізгі бөлімдёрін баяндаудың бірыңғай жүйесі болтан жоқ. Әрбір пәнді өзінің ең маңызды және же-текші деп санайтын бөлімінен бастап келді.
1948 жылы М. Авдеев заңгерлерге арналған сот медицинасы оқулыгында пәннің ғылыми негізделген жүйесін бірінші рет баяндап берді; ал оның 1959 жылы жарық көрген сот медицинасы курсында бүл жүйе одан өрі дамытылды. Пәннің дәйекті де айқын жүйесін жасауға ғылымда объективті түрде қалыптасқан заңдылықтарды көрсететін сот-медицина сараптамасы сенімді негіз болып табылады. Сондықтан да пәннің жүйеленуі сот-медицина сараптамасының объектілерімен тығыз байланысты. Қазіргі кезде еліміздегі сот медицинасы пәнінің жүйесі мынадай:
1) сот-медицина сараптамасының заңдық негіздері және үйымдастырылу ы;
2) сырттан эсер етудің әр алуан түрлерінен денсаулықтың бүзылуы және зақымдануы;
3) тірі адамдарды сот-медицина түрғысынан зерттеу (сараптама) ;
4) өлу және өлік өзгерістері; өлікті қарап шығу және сот-медицина түрғысынан зерттеу (сараптама) ;
5) айғақты заттарды сот-медицина түрғысынан зерттеу (сараптама) ;
6) айғақты заттарды медициналық-криминалистік түрғыдан зерттеу (сараптама) ;
7) тергеу және сот істерінің материалдары бойынша сот - медицина сараптамасы;
8) медицина және фармацевтика қызметкерлерін қылмыстық жауапқа тарту туралы істердегі сот-медицина сараптамасы.
Сот медицинасы медицина ғылымына жататындықтан, медициналық жоғары оқу орындарының жоғары курстарын-да оқытылады, өйткені ол болапіақ дәрігердің білім алуын-дағы соңғы буын. Ал әрбір дәрігер сот медицинасының негіздерін білуге тиіс. Оны білу жан-жақты дәрігерлік қызмет-ке қүқылық жағынан ой жүгіртуге ғана емес, сонымен қатар олардың сот-медицина сарапшысы міндетін сауатты атқаруына да көмектеседі.
Біздің заңдарымыз бойынша бүл қызметке сот әділдігі органдары кез келген мамандықтағы дәрігерді тарта алады. Сонымен қатар сот медицинасын заң оқу орындарының студенттері де оқиды, өйткені оның негіздерін білмейінше, тергеу және сот жүмысын жүргізу өте қиын. Әдетте, сот-медицина сараптамасының объектілері тірі адамдар, өліктер, айғақты заттар, тергеу және сот істерінің материалдары болып табылады.
Сот-медицина сараптамасының жиі кездесетін түрі - тірі адамдарды куәландыру. Бүл сараптама зақымданудың ауыр-лық дәрежесі, денсаулық жағдайы туралы, жыныстық қыл-мыстар жағдайында жынысты, сол сияқты жасанды аурулар мен өтірік ауыруды және басқалгрын анықтау туралы мәсе-лелерді шешу үшін тағайындалады.
Бақылау сұрақтары :
1. Сот медицина пәнінің басқа пәндермен байланысы
2. Сот медицина ғылымының шығу тарихы
3. Сот медицина сараптамасының басқа сараптамадан айырмашылығы
4. Сот медицина сараптамасы ұғымының пайда болуы
Қажетті әдебиеттер:
1. Қаракөбенов К. Сот медицина негіздері Москва, 2000.
2. Тілеубергенов Е. Криминалистік сараптамаларда шешілетін сұрақтар. Дәнекер, Алматы 2003.
3. Авдеев М. И. Курс судевной медицины. Москва, 1959.
4. Громов А. П. Курс лекций по судевной медицине Москва, 1970.
2-лекция. Тақырыбы:Қазақстанда сот-медицина сараптамасының даму жолдары
Жоспары:
1. Сот медициналық сараптаманың түрлері
2 . Қазақстанда сот медицина сараптамасының дамуы
3. Қазақстандағы сот медицина сараптамасының қызметі
4. Сот медицина сараптамасының ғылыми және тәжірибелік жұмысы
Лекция мақсаты: Сот медицинасы бір-бірінен алшақ жатқан екі білім саласымен тығыз байланысты. Медицина ғылымы бола отырып, сот медицинасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот медицинасынын пайда болуы заң ғылымының, сот ісін жүрпзу мен мемлекеттік басқарудың қажеттерімен тарихи жағынан байланысты. Соңғы жылдары ғалымдар сот медициасының мазмұнына ғана емес, тіпті пәннің атауына да ізін қалдырған. Ал сот медицинасы әр кезде әр мемлекетте әр түрлі аталған. Сот медицинасы пәні қылмыстық және азаматтық құқық, қылмыстық және азаматтық істер жүргізу кодексінде көзделген тиісті баптар бойынша сот медициналық сараптаманың жасалу тәртәбі және криминалистік сараптама мен сот психиатриялық сараптамадан айырмашылығын айыру арқылы ондағы тергеу мен сот қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтарын және кәсіби біліктілігін ескере отырып студенттерге құқықтық және медициналық тұрғыдан түсінік беру.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Қазақстан Республикасьшда ғылым ретінде сот медицинасы және сот медицина сараптамасы ғылымының іс-тәжіри-белік саласы ретінде сот-медицина сараптамасы республика-ның денсаулық сактау ісінің дамуы мен өсуінен шет қалдырылып отырған жоқ. Тарих қойнауына үңілсек, патшалы Ресей кезінде ғана емес, Кеңее өкіметінің алғашқы жылдарында да Қазақстанда сот-медицина қызметін бірен-саран дәрігерлердің ез жүмысына қосымша атқарғанын көреміз. Мәселен, 1927 жылға дейін Қазақстанда сот-медицина сараптамасын кездейсоқ дәрігерлер жасап келді, ал олардың қорытынды-лары, негізінен алғанда, өліктерді сырттай қараумен шектелетін.
1928 жылдан 1933 жылға дейін Алматы қаласында М. В. Фрунзенін інісі Константин Васильевич Фрунзе округтік сот-медждана сарапшысы қызметін атқарды. Білімдар сот дәрігері болған КВ. Фрунзе республикада сот-медицина қыз-метін үйьо. ідастьіру жөнінде бірқатар жобалар әзірлеген еді, алайда оларды жүзеге асыруына денсаулығының нашарлап, Қазақстанңан кетіп қалуға мәжбүр болуы мүмкіндік бермеді.
Қазақстанда сот-медицина қызметінің одан кейінгі бүкіл даму кезеңі Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ме-дшщна ғыльшдарының докторы, профессор Семен Михайлович Сидоровтың есімімен байланысты. Ол Омбы мемле-кеттік медицина институтының сот медицинасы кафедрасы жаньшда кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, 1935 жылдың қазан айында Алматы мемлекеттік медицина институтының сот-медицина кафедрасының меңгерушісі больш тағайындалған еді. Сол жылы С. М. Сидоров рес-публиканың Бас сот-медицина сарапшыеы да болып тағайъшдалды, сөйтіп, оның алдына сот медицинасы кафед-расын қүру жөнінде және республикада сот-медицина қызметінің тәжірибелік істерін жүзеге асыру үшін дәрігерлер даярлауды үйьшдастыру жөнінде күрделі міндеттер қойылды.
Заң жүзінде қүрылғанымен сот медицинасының көрнекі оқу қүралдары да, мекен-жайы да, тиісті тәжірибелік базасы да болмады. Өліктер 3x3, 5 шаршы метр кішкеНе бөлмеде зерт-теліп, ауыз бөлмесін-де амбулаториялың қабылдау өткізілш жүрді.
1937 жылға қарай институтта қалыпты оқу процесі үшін жағдай жасалды, Бас сот-медицина сараптамасының бюросы үшін жаңадан үй салынып, облыстарда сот-медицина және сот-химия лабораториялары бар сот-медицина сараптамала-рының бюрблары қүрылды. Сот-медицина сарапшылары кадрларын, дәрігерлерді Мәскеу, Ленинград (қазіргі Санкт-
Петербург) және Киев қалалары медициналық жоғары оқу орындарының сот медицинасы кафедраларында мамандан-дыру жолымен даярлау жөнінде едәуір жүмыс жүргізілді. Алайда дәрігерлердің көпшілігі Алматы мемлекеттік медицина институтының сот медицинасы кафедрасы жанындағы жүмыс орнында біліктілігін арттыру_арқылы даярлықтан ететін еді. Сот-медицина сараптамасының ғылыми жөне төжірибелік жүмысы өзара тығыз байланысты болғанына қарамастан, оған С. М. Сидоровтың басшылық етуі арқасында, ғылым ретіндегі сот медицинасы мен еот-медицина сараптамасының осы қалыптасу және даму процесі кезеңдерінің ара-жігін ажыратып айтуға болады.
1935 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтьі ғы-лыми қадрлар жөнінде ғана ёмес, оқу процесі үшін де қажетті базасы болмағанына қарамастан, сол кезде институттың па-тологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі брлған про-фессор Б. Ф. Малышевтің бастамасымен сот-медицина кафед-расыныңбір шағын бөлме алғанын атап өтқен жөн. Ал 1941 жылы кафедрада 6 адам болды. Бірақ Үлы Отан соғысы бас-талғаннан кейін кафедра ассистенттерінің көпшілігі майданға кетті де, олардың орнын эвакуацияға келген дәрігерлер басты.
Соғыс аяқталған жыд кафедра қызметкерлерінің ғылыми жүмыстар атқара бастаған кездері болды. 1945-1966 жыл-дар аралығында кафедрада он үш кандидаттық, бір доктор-лық (С. М. Сидоров) диссертация қорғалды.
Кафедра қызмёткерлері жүргізген жүмыстардың жалпы тоқсикологиялық бағыты да ғылыми-тәжірибелік мәселе-лерін, атап айтқанда, айғақты заттарды сот-медицина сарап-тамасынан өткізу мәселелерін талдаумен ойдағыдай үштас-тырылды. Мәселен, С. М. Сидоров шаштың теріс таңбаларын алудың, шаштың көлденең қимасын дайындаудың жаңа әдісін, сондай-ақ көміртегі тотығымен уланған жағдайда қанда карбоксигемоглобиннің болуына жаңа сынама үсынды; сондай-ақ жергілікті саңырауқүлақтардан, өріксүйектерінен улану диагностикасына сот-медицина сараптамасын жасаудың тәжірибелік мәселелері де талдап жасалды. Сонымен бірге асфикция мен "қақалып өлудің" патогномониялық белгілері анықталды.
Қазақстанда сот-медицина сараптамасының дамуы Алматы медицина институты сот медицинасы кафедрасының дамуымен және қалыптасуымен тығыз байланысты. 1935 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық қомиссариаты жөніндегі бүйрықпен өлкелік сот-медицина инспекторының қызметі белгіленді. Оған дейін сот-медицина сараптамасы Қазақ КСР
Денсаулық сақтау халық комиссариаты көсіптік емдеу басқармасының қарамағында болып келген еді. Алайда бақылау, кадрлар-даярлау мәселелёрін айтпағанның өзінде, сот-медицина сарапшыларының қызметіне іс жүзінде ешкім басшылық етпейтін.
Өлкелік инспекция жүргізген үйымдастыру жүмысы республикадағы сот-медицина қызметінің жай-күйін өте қана-ғаттанғысыз деп тапты. Өйткені сол кезде республйканың үлан^байтақ аумағында небары сегіз-ақ сот-медицина сарап-шысықызмет көрсеткён, ал олардың да тең жартысы бүл істі өз жүмысымен қоса атқарып жүрген дәрігерлер еді.
1935 жылғы ақпанда С. М. Сидоровтың Қазақстан дәрігер-лерінің бірінші съезінде жасаған баяндамасы бойьташа рес-публиканың Денсаулық сақтау халық комиссариаты мына-дай шешім қабылдады:
1. Алматы медициналық институты сот медицинасы кафед-расьшың негізіндебас сот-медицина сараптамасы үйымдастырылсын.
2. Сот-медищша сараптамасы үпгін база салу қолға алынсын.
3. ҚИЭМА сот-медицина лабораториясы бөлімі сараптама штатына енгізілсін.
4. РКФСР Денсаулық сақтау халық комиссариатынан сот-медипина қызметін толықтыру үшін дәрігерлер бөлу сүралсын.
1941 жылға дейін сот-медипина сарагітау мекемелерінде істейтін дәрігерлер санының жылдан-жылға артқаны аңға-рылды. Свйтіп, Үлы Отан соғысы басталарда олардың саны 61-ге жеткен еді, олардың еқеуі ғана жүмысты қоса атқаратын. Соғыстан кейін де сарайтама мекемелерінің штаттары өте баяу толықты. Мысалы, 1948 жылы 38 орынның 28-і ғана штатта істейтін сот-медицина сарапшылары болды.
1951 жылы Одақтық және Қазақ КСР Денсаулық сақтау минисгрліктерінің бүйрықтарымен ҚазақКСР Денсаулық сақ-тау министрлігі жаньшан Республикалық сот-медицина са-раптама бюросы, ал облыстық денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облыстық бағыныстағы қалалар мен-барлық селолық аудандарға қызмет көрсететін. облыстық сот-медицина сараптамасы бюролары қүрылды. Сөйтіп, сол кездегі аумақтық бөлініс бойынша Қазақстанда осындай 15 бюро жүмыс істеді.
Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің 1957 жылғы 6 сәуірдегі бүйрығы республикада сот-медицина сараптамасы қызметін одан әрі нығайтуға бағытталды, онда бюролардың штаттарын нығайту, бірқатар облыстардың денсаулық сақтау бөлімдері жанынан облысаралық сот-медици-на лабораториядарын ашу, оларды дәрігерлермен және фармацевтермені қажетті қүрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және т. б. көзделді. Сонымен, жоғарыда атап өткеніміздей, сот медицинасын негізгі мамандығына айналдырған дәрігерлер саны жыл өткен сайын артып, лабораториялардың сот-медицина сарапшылары есебінен сот-медицина сарапшыларының штаттағы қызметкерлер саны да көбейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда сот-медицина сарапшылары-ның кәсіптік даярлығын жетілдіру үшін жақсы база бар. Рес-публикада бес сот-медицина кафедрасы және патологиялық анатомия кафедралары жүмыс істейді. Қазақстанның сот-медицина дәрігерлері орта есеппен әрбір 5-5, 5 жылда біліктілігін арттырып отырады.
Бақылау сұрақтары :
1. Сот медициналық сараптаманың түрлерге бөлінуі
2 . Қазақстанда сот медицина сараптамасының даму жолдары
3. Қазақстандағы сот медицина сараптамасының қызметі мен
ұйымдастырылуы
Қажетті әдебиеттер:
1. Громов А. П. Курс лекций по судевной медицине Москва, 1970.
2. Козлов В. В. Основы экспертной оценки тяжести телесных повреждений.
Саратов, 1968
3. Концевич И. А. Судевно-медицинские аспекты врачебной практики. Киев,
1974.
4. Авдеев М. И. Судевная медицина. 5 - басылым. М., 1960.
3-лекция. Тақырыбы: Сот медицина сараптамасының іс жүргізу негіздері
Жоспар:
1. Сот медицина сарапшысы ұғымы
2. Алдын-ала тергеу кезіндегі немесе сот мәжілісіндегі сараптама
3. Сот медицина сараптамасының қорытындысы
Лекция мақсаты: Сот медицинасы бір-бірінен алшақ жатқан екі білім саласымен тығыз байланысты. Медицина ғылымы бола отырып, сот медицинасы заң пәндерімен жиі жанасады. Сот медицинасынын пайда болуы заң ғылымының, сот ісін жүрпзу мен мемлекеттік басқарудың қажеттерімен тарихи жағынан байланысты. Соңғы жылдары ғалымдар сот медициасының мазмұнына ғана емес, тіпті пәннің атауына да ізін қалдырған. Ал сот медицинасы әр кезде әр мемлекетте әр түрлі аталған. Сот медицинасы пәні қылмыстық және азаматтық құқық, қылмыстық және азаматтық істер жүргізу кодексінде көзделген тиісті баптар бойынша сот медициналық сараптаманың жасалу тәртәбі және криминалистік сараптама мен сот психиатриялық сараптамадан айырмашылығын айыру арқылы ондағы тергеу мен сот қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтарын және кәсіби біліктілігін ескере отырып студенттерге құқықтық және медициналық тұрғыдан түсінік беру.
Лекция мәтіні: (қысқаша) Сот медицинасы мен басқа да медициналық пәндердің деректерін тергеу және срт тәжірибесінде іс жүзінде қолдану сот-медицина сараптамасының мазмұны болып табылады.
Сот-медицина сараптамасы сот әділдігі мақсаттары мен міндеттеріне қызмет етеді және елімізде қолданылып жүрген қылмыстық, азаматтық, қылмыстық істер жүргізу және азаматтық істер жүргізу заңдарының, Үкімет қаулылары мен өкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі шығаратын ережелердің, бұйрықтар мең нұсқаулардың негізінде және соларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Сонымен бірге сот-медицина сараптамасы өз қызметі, құқықтары мен міндеттері шегінде халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту ісінде, ауру мен өлім-жітімді азайту, еңбек жәнё тұрмыс жағдайларын жақсарту жолындағы күресте денсаулық сақтау жұмысына барынша жәрдемдесуді мақсат етеді.
Елімізде сот-медицина сараптамасын жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық және Қылмыстық істер жүргізу, Азаматтық және Азаматтық істер жүргізу кодекстерінің бірқатар баптарымен белгіленген. Әрбір кодекс бір құқық са-ласына қатысты заңдар жинағы болып табылады.
Қылмыстық кодекс - қылмыстық жауапкершіліктің себептері мен шектерін, қылмыс деп танылатын іс-әрекет белгі-лерін және ол үпгін қолданылатын жазалау шараларын анық-тайтын заң құжаты болып табылады.
Қылмыстық істер жүргізу кодексі - қылмыстық істерді тергеу және сотта қарау кезінде тергеу органдарының, соттың, прокуратураның, адвокаттардың қызметін реттейтін және қылмыстық процеске қатысатын барлық адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін құқықтық нормалар-дың жүйеге келтірілген жинағы.
Азаматтық кодекс - жеке адамдардың немесе үйымдар-дың мүліктік қатынастарын реттейтін жеке заң құжаты.
Азаматтық істер жүргізу кодексі дегеніміз - соттың аза-маттық істерді қарау жөніндегі қызметін, сондай-ақ сот шешімдері мен ұйғарымдарын күштеп орындату жөніндегі орындаушыдардың қызметін реттейтін құқықтық нормалар-дың жүйеге келтірілген жинағы.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 52, 53, 169, 272-баптарына сәйкес сараптама алдын ала тергеу процесінде немесе сот мәжілісінде ғылым, техника, өнер және қолөнер жөнінен арнайы пікір қажет болған жағдайда белгіленеді. Бүл мәселелерді шешу үшін сарапшылар деп аталатын білгір адамдар тартылады. Сараптаманы тиісті мекемелердің сарапшылары немесе анықтама жүргізетін адам, тергеуші, прокурор және сот тағайындаған өзге де мамандар жасайды. Тергеуші және сот құқық бұзушылықтың бар-жоғын, оны жасағак адамның кінәсын анықтағанда сүйе-нетін кез келген нақты деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Бүл деректер куәгердің, жәбірленушінің, айыпталушының айғақтарымен, сарапшының қорытындысымен, айғақты заттармен, сондай-ақ тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларымен, басқа да тиісті қүжаттармен анықталады. Тергеу немесе сот барысында бұл дәлелдемелер бір-бірін толықтыруы, сондай-ақ сарапшының қорытындысы басқа дәлелдемелерге қайшы келген жағдайда қарама-қайшы сипатта болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексіне сәйкес, сарапшының қорытындысы тергеу және сот органдары үшін міндетті емес, алайда онымен келіспегендік дәлелденуге тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz