Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4

1 тарау. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 5

§1. 1 Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту мәселелері . . . 6-7

§1. 2. Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктері . . . 8-13

2 тарау. Балабақшада бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру әдістері . . . 14

§2. 1. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылығы және бейнелеу өнері бағдарламалары . . . 14-19

§2. 2. Балабақшада бейнелеу өнері сабақтарында балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру жолдары . . . 20-21

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23-24

Кіріспе

Зерттеу көкейкестілігі:

Дүниежүзілік деңгейінде еліміздің қоғамдық саяси, әлеуметтік - экономикалық, бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі кезеңнен басталады.

Қазақстан республикасының «Білім беру туралы» заңында «Жеке

адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының басты міндеттерінің бірі ретінде көрсетілген. Олай болса мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орнын баса айтуға болады. [1; 3б]

Еліміздің мектепке дейінгі балалар мекемелерін қамтамасыз етуде

бетбұрыстар жасалуда. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл мәселені терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуге тиіс екендігі туралы кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аущдарған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламамен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы әр балалалрдың білім алуға, еңбек және қоршаған ортаға бейімі қарым - қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз туралы елбасының Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен болатын. [2; 22-б]

Баланың бейнелеу шығармашылығын зерттеулер Е. А. Флерина,

П. Сакулина, Т. С. Камарова, Т. Г. Казакова, Н. Б. Халезова және басқалар живопись пен скульптура суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде мектеп жасына дейінгі баланың шамасы келетінін атап айтады.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі балалалрдың бейнелеу өнері арқылы

шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып отыр. [5; 12-б]

Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалрдың бейнелеу өнері

арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру.

Зерттеу объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін

қалыптастыру.

Зерттеу әдісі: Бақылау, ғылыми - педагогикалық еңбектерді әдебиеттерді сараптау, талдау, әңгімелесу .

Зерттеу міндеттері:

1) Балалардың көркемдік шығармашылығын дамытудың теориялық мәселелерін анықтау.

2) Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

3) Балалабақшадағы бейнелеу өнері бағдарламаларындағы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру міндеттерін талдау.

4) Бейнелеу өнерінің балабақшада балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру жолдарын көрсету.

Зерттеу көздері: Елбасының жолдаулары, Білім беру заңдары, білім беру, балалабақшадағы балаларды оқыту, тәрбиелеу бағдарламалары, тұжырымдамалары.

Зерттеу құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу жұмысының кіріспе бөлімінде балалабақшада бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың тиімділігі туралы қарастырылады.

1 - тарауда мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліңтерін қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылды. 2 - тарауда балабақшада бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру әдістері көрсетілді.

Қорытынды бөлімінде бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру туралы нақты талдаулар жасалып, тұжырымдама мен қорытындама берілген.

Пайдаланған әдебиеттерде зерттеу жұмысын жазу барысында қажет болған материалдың авторы, еңбектерінің тақырыбы, шыққан жылы, баспасы, беттер жазылады.

2. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы балалардың дүниетанымын

қалыптастырудың мәні, мазмұны, міндеттері

Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері - өзінің бай тарихи, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктерімен, халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп біте қайнасқан өміршең өнер. Сондықтан оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге баулу, олардың қазіргі өндірістің ғылыми-техникалық негізін түсінуге, ауқымды өнертанымының қалыптасуына кең тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз.

Халық өнері туралы ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижелері өнертанымды өнер тарихынан, өнер теориясынан, өнер сынынан жинақталған білімдер мен өнерді тануға бағытталған жеке тұлғаның іс әрекеттері бағытында анықтаған.

Өнертаным құрылымы, ғалымдардың пікіріне сүйенсек, өнертанымдық көзқарастар, өнертанымдық білімдер, өнертанымдық пікірлер. өнертанымдық түсініктер жиынтығынан тұрады: Көзқарастар өнердегі белгілі бір ұстанымды бағытты білдірсе, өнертанымдық білім жеке тұлғаның қошаған ортадағы әр түрлі өнердегі процестер мен құбылыстарды бағалауы, қатынасы туралы білімдер, ал өнертанымдық пікірлер тұлғаның өнер туралы ой пікірлері жүйесін тануға мүмкіндік береді.

Жеке тұлғаның өнертанымында белгілі бір деңгейлер болады, олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады: қарапайым деңгей (немесе тұрмыстық), ол өнертаным білімін өнерді түсінуге «өнерді сезіну» арқылы қол жеткізілетін «дұрыс мағынаға» теңейді. Ғылыми деңгей-адамның өнерді және ондағы көркемдікті танып -білудің теориялық және практикалық тәжірибесінде көрініс табатын өнер заңдары мен заңдылықтарын меңгеру негізінде жетіледі. «Глобалдық» (бүкіл жер шарын қамтитын) өнердегі деңгей, адам болмысының «мәңг өнері» мәселелерінің қойылуымен және ұғынылуымен байланысты.

Сонымен, өнертаным- ол қоршаған дүниеге деген ерекше эстетикалық көзқарас. Сонымен бірге, бүкіл әлемдік өнер, тұтас өнер дүниесі туралы, өнердегі адамның орны, өнердің мән-мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы-деп тануға болады. Өнертанымның көзі - білім оның ішінде өнертаным білімдері. Өнертаным- өнер және тану деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты өнертану шеңбері мен оның мазмұны ұлғайып, тереңдей түседі. Қоғам дамыған сайын өнертаным білімдері де дамып отырады. Бізді қоршаған дүние өнерін білу-танымға байланысты. Таным- адам санасын дамытудың негізгі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруі де үйренуі деп тану орынды.

Жоғарыда келтірілген түсініктерді қорыта отырып, біз өнертаным ұғымын былай нақтылауға бағдар алдық: өнертаным, өнерге көзқарас - адамдар, жеке адам іс- әрекетіне терең әсер ететін өнер және оның даму заңдылықтары жөнінде, табиғат және қоғам құбылыстарын өнер құралдары арқылы бейнелеу жөнінде біртұтас тиянақты көзқарастар жүйесі.

Өнертанымның қалыптасуында ұлттық мәдениет үлкен роль атқарады. Ұлттық өнертаным ұлттық өнертаныммен байланысты. Өнер туындыларының негізгі мазмұнында жер мен аспан, кеністік пен уақыт көріністері бейнеленеді. Өйткені адамның жеке көзқарасы, қоршаған ортаны қабылдауы тарихи қалыптасқан дәстүрлі ұлттың өнертанымына да байланысты болады. Қазақ халқының ежелден келе жатқан тарихына сүйенсек, бұл жайлы көптеген мағлұматтар алуға болады.

Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Өнер туралы пікіріне келсек біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде Адам «… көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы өмірден хабар алады»- дейді. Ақынның ойынша «мен»- ақын, «менікі»- адам денесі «мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, «менікі» өлсе өлсін, оған бекі деп дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы өмірден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты ақыл дейді.

Сондай-ақ қазақ ағартушысы Ш. Уалиханов сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айтады. Қазақ жерінде шамандықтың орын алу себебін түсіндіргенде «сыртқы дүние-күн, ай, жұлдыздар және жер- алғашқы құдірет болып табылады»- деп көрсетті. Бұдан Шоқанның септілік заңдылығын құптайтындығын, себепсіз құбылыс болмайтындығына кәміл сенетіндігін байқаймыз.

Өнертанымдық ізденісте халықтың өзін-өзі тану мен басқару мәселелері, адамзат тағдыры мен талабына қызмет ететін мүмкіндіктері алдыңғы қатарға қойылуы тиіс. Сол сияқты халқымыздың мәдениетіне байланысты өнертанымдық ой- талғамдарына В. В. Радлов, А. И. Левшин, В. И. Даль, В. В. Бартольд, сияқты этнографтар да ерекше мән беріп, зерттеу еңбектерін жазған. Ұлттық өнертанымның қалыптасу тарихы жайлы сөз қозғағанда, туған халқының зердесінен кешегі күнге дейін өшіп келген бес арысымыз- А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытоа, М. Дулатов, Ш. Құдайбергенов т. б. еңбектерінде атауға болады.

Адам баласы өнертанымның қалыптасуына ерекше әсер еткен-өнер. Өнер адам болмысының бағыттылығы және күрделілігі бойынша әр алуан мәселелерден туатын және шешілетін саласы, сондықтан оның мазмұндық-мағыналық мәніне күмәндану-әлемнің шексіз, ұшы-қиыры жоқ кеңістігінде өтіп жатқан өз өміріңнің шындығына күмәндану деген сөз. Өнердің құндылық-мағыналық маңызы-оның құрамында Адам субъективтілігінің ішкі дүниесінің терең антологиясы, оның құндылық қатынастарына негізделген талпынысы, адам болмысының әр түрлі өнертанымдық түсініктерінің болуында. Осының арқасында өнерге қатынас рухани-өнегелік бағытқа ие болады.

Өнертанымдық түсінікке бағыт беретін қоғамдық өмір тұрғысында суреттейтін адам өмірінің айнасы сәндік-қолданбалы өнер. Сәндік-қолданбалы өнер қоғамдық формациядағы халықтың тұрмысын, саяси хал-жағдайын, іс-әрекетін, мінез-құлқын тереңірек көркем түрде білуге жол ашады. Міне, сондықтан сәндік- қолданбалы өнер адам баласын халық өнеріне қатысты біліммен қаруландырады, адам жанын нәзік сезімдерге бөлейді. Осы ойды басшылыққа ала отырып, біз өз зерттеуімізде қазақ сәндік-қолданбалы өнер туындыларын талдау арқылы, олардың оқушылардың өнертанымын қалыптастырудағы мүмкіндіктерін қарастырғанды жөн көрдік.

Қолөнердің ішінде сәндік-қолданбалы өнердің материалдық өндірістегі халықтың тұрмысындағы өзіндік орны жөнінде көп айтылады. Қазақ энциклопедиасында «Сән және қоданбалы өнер»- сән өнерінің бір саласы. Сән және қосалқы өнер негізінен тұрмысқа, қажетті көркем және жиһаздық заттарды өндіретін шығармашылық түрлерінің басын құрайды. «Сән және қолданбалы өнер туындылары материалы (металл, керамика, ағаш) жасау әдісіне (көркем оймен, шекіме, әсем жазба, кесте, көркем құйма т. б. ) орай екі түрге жетіледі» -деп мазмұндалған. Сәндік-қолданбалы өнер, әшекейлеу адамдардың көркем іс-әрекетінің ерекше саласы, практикалық мақсат үшін арналған өнімдері эстетикалық мақсат пішінді шешіммен органикалық үйлесімділікке негізделген. Бұл ұғымдарды кең мағынада қарастырғанда алаңдарды, саябақтарды, үйлерді сондай-ақ адамды әшекейлеуге арналған заттарды көркемдеп жасау. Сондықтан сәндік-қолданбалы өнердің мәнерлі түріне жатқызуы қабылданған. Сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының көркем мәнерлілігі олардың жоғары эмоциялары, сұңғаттылығы мен бояуында болып табылады.

Қазақтың қолданбалы өнері арқылы балалардың өнертанымын қалыптастыру мәселесі қазірге дейін арнайы зерттелген емес. Қазіргі кезде мәдениет пен білім беру ісін құрудың жетекші үрдістерінің бірі ретінде халықтың мәдени мұрасына ден қоя бастады. Соған байланысты әр уақытта, әр түрлі жағдайларға байланысты Қазақстанда болып, жалпы қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы Чепелев В, Дудин С. М., т. б. біршама пікірлер айтқан авторлар өз еңбектерінде қазақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар туралы жалпылама мағлұматтар берумен ғана шектеледі.

Қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев қазақтың сәндік-қолданбалы өнері мен оның өнертанымы туралы арнайы еңбек жазбағанымен шығармаларында өздерінің өнертанымдық көзқарастарын философиялық тұрғыда сөз еткен. Мәселен, Шоқан қазақтың киіз үйінің құрылысы мен сәулетіне, ондағы қолданылатын жиһаздар түрлеріне анықтама берген. Осыдан Шоқанның өнертанымдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай мұрасының әсері үлкен екендігін көрсетеді. Шоқан Уалихановтың өнертанымдық көзқарасына өзі өмір сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардың әсер еткендігін шығармаларынан да байқауға болады.

Х. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» (1987) еңбегінде қазақ халқы қолөнерінің маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туып қалыптасуы мәслелерін жан-жақты баяндаған.

Ә. Тәжімұратовтың «Шебердің қолы ортақ» (1977ж) еңбегінде ұлттық қолөнеріміздің киіз басу, кілем тоқу, ши тоқу, ағаш өңдеу, ер қосу, зергерлік өнер түрлері және киіз үй, оның жасау - жихаздары туралы бұрын-соңды жазылған еңбектерге шолу жасалынып қолөнерге қатысты атауларға ден қойылды. Оның ішінде қолөнер бұйымдарын тұрмыста алатын орнымен, қазақ халқының әдет-ғұрпымен және бұйымдардың жасалуындағы түр-түс үйлесімдіктерімен байланыстыра сипаттама берілген.

Академик Ә. Марғұлан «Қазақ халқының қолөнері» атты еңбегінде қазақ халқының қолөнерінің бірінеші түрлерін археологиялық, этнографиялық тұрғыдан зерделеп, өте құнды мағлұматтар берілген. Сондай-ақ С. Қасимановтың «Қазақ қолөнері» еңбегінде қазақ ұлттық қолөнерінің бірінеші түрлерінің өзіндік ерекшеліктерін, оларға байланысты мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер жайлы құнды мағлұматтар сипаттамалар берілген.

Бұлардан басқа С. Мұқанов пен Ө. Жәнібековтың еңбектерінде қазақ ұлттық қолөнерінің өнегелі тұстарын қазіргі кезеңде пайдалану арқылы халқымыздың өткен өміріне, тұрмыс-салтына, наным танымына, талғамына, әсер ете отырып, ұлттық мәдениет тудырған бүкіл таңдаулы дүниелерді сақтап пайдалану туралы бағалы пікірлер айтылған. Қ. Ақышев, М. Қадырбаев, А. Оразбаев т. б. еңбектерінде ертедегі қазақ жерінде мекендеген тайпалардың археологиялық қазбалардан табылған ежелгі мәдени ескерткіштердегі қолөнер үлгілеріне тарихи өнертанымдық тұрғыда сипаттама берілген.

Қолөнерді өнертаным объектісі тұрғысында қарастырған қолөнердегі ою-өрнектің қолданылуы жөнінде С. Төленбаевтің еңбектері маңызды орын алады. Философия ғылымы саласында Б. Байжігітов қазақ халқы өнерінің эстетикалық табиғатының іргетасы табылатын діни, әлеуметтік, тарихи, алғы шарттар фольклор, эпос, дәстүрлі сәулеттік және қол өнері, ою-өрнек, негізінде қалыптастыруын философиялық тұрғыда зерттейді.

Сәндік-қолданбалы өнер, біздің рухани-мәдени дамуымызда ежелгі дәуірден бері тамыры үзілмей, жалғасын тауып келе жатқан құбылыс. Сәндік өнер арқылы балалардың өнертанымын қалыптастыруда маңызды орын алады, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайларының, халықтың көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес өскелең ұрпақты үйретуге және тәрбиелеуге, атап айтқанда, эстетикалық тәрбие беруге деген ерекше талаптары қалыптасады.

3. Ұлттық бейнелеу өнері құралдары арқылы балалардың

дүниетанымын қалыптастыру жолдары.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің бір саласы ою-өрнектер. Қазақ өнертанымының бір саласы ою өрнектердң тану болып табылады. Қолөнерде ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік халық дәстүрінің негізі болып саналады. «Ою» деген сөзбен «өрнек» деген сөздің мағынасы бір. Ою сөзі бір нәрсені ойлап, кесіп жасау, не екі затты қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген ұғымды білдіреді. Ал «Өрнек» дегеніміз әр түрлі ою, бедер бейнені күйдіріп, бояп, батырып, қалыппен істеген көркемдік түрлерінің, әшекейлеудің ортақ атауы сияқты. Сондықтан да көбінесе ою - өрнек деп қосарлана айтыла береді. Кез-келген халықтың оюларын алып талдау жасап қарасақ, олардың барлығына ортақ бір заңдылық бар екенін байқаймыз. Ол- симметрия заңы, яғни ою-өрнек бөліктернің бір бірімен мөлшерлес келуі. Осыған сүйене отырып, ою композицияларын құру жолдарын төмендегідей әдістерге бөлуге болады: қарапайым айналы симметрия, айналмалы бұрыштық симмерия, аралас симметрия т. б.

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың ою-өрнек өнері өз алдына дәстүрлі өнердің бір саласы ретінде зерттеле бастады. С. Д. Дудиннің Орта Азия мен Қазақстанда болған экспедицияларының нәтижесінде жарық көрген қомақты еңбектерінің бірі «Киргизский орнамент» қазақ халқының ою-өрнектеріне арналған тұңғыш зерттеу болды. Сондай-ақ бұл тұста В. Чепелевтің, Б. Веймарнның, В. Машкованың, А. И. Тереножкиннің еңбектерінде қазақ ою-өрнектері біршама тереңірек сөз болады. В. Чепелевтің «Об искусстве казахского народа (орнаментика) », Е. Р. Шнейдердің «Казахская орнаментика» атты зерттеулерінің де маңызы өте жоғары болды. Бірақ Е. Р. Шнейдер «Қазақ ою-өрнекері қазақ халқының өнеріне жатпайды, ол Иран мәдениетінің бір саласы болып табылады»-деген қате ұғымына қазақ ою-өрнегін зерттеушілер Т. Қ. Бәсенов, В. Чепелев, М. С. Мұқанов т. б. қатты сынға алып, «қазақтың ең көп тараған өнерінің бірі ою-өрнек» екендігін дәлелдейді. Е. А. Клодт Омск музейінің тапсырмасымен 1927, 1930, 1934, 1935 жылдары Солтүстік, Батыс Қазақстан аудандарында экспдиция жасап қазақ оюларының көптеген түрін көшіріп алған. Бұл еңбек 1939 жылы «Казахский орнамент» деген атпен альбом болып жарық көрді.

Олай болса, Ұ. Әбдіғаппарованың сөзімен айтқанда «Қазақ ұлттық ою-өрнегі» дегеніміз адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, архитектуралық құрылыстарды сәндеуде, халықтың тыныс-тіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық, эстетикалық әсерін және ой арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділік бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар».

Ал, «қазақ ұлттық ою-өрнек өнері» бұған қарағанда кең ұғым. Ою-өрнектер қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің барлық түріне қатысады және әр түрінде әр түрлі өрнектеу әдістерімен ерекшеленеді. Біздің түсінігіміз бойынша «қазақ ұлттық ою-өрнегі-қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері салаларының барлық туындыларында кездесетін ою-өрнек түрлері өрнектеу әдістер жиынтығы». Қазақ ұлттық ою-өрнек өнеі - бейнелеу өнерінің, оның ішінде сәндік-қолданбалы өнедің үлкен бір арнасы дсек те, бейнелеу өнерінің түпкі бастауы халықтың қол өнерінен (ремесло, рукоремесло, рукодельное мастерство) өрбігендіктен, оған қоса қазақ халқының ою-өрнектері ежелден-ақ қолөнерінің өркендеуімен сәйкес дамығандықтан, ою-өрнек өнері-қолөнерінің негізгі саласы болып табылады. Қазақтың олөнер кәсіптерінің білгір маманы С. Қасиманов өрнектің мынандай түрлерін атап өткен: ай, күн, жұлдыздарға-көк әлеміне байланысты өрнектер; малға, малдың денесіне, ізіне байланысты; аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты; құрт-құмырсқаларға байланысты; құстарға байланысты; жер-су өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі; қару-құралдарға байланысты; геомтриялық фигуралар тектес өрнектер. Сондықтан, қазақ өрнектрі шаруаылық, көші-қон, жорықшылық заманындағы тұрмысты, айналасындағы табиғатты, аңшылықты, геомтриялық түсініктердің сырт тұрпатынан байқаудан туған ұғым негізінде дамыған деген болжамға толық қосыламыз.

Ғылымда ою-өрнектер мынадай түрлерге жіктеліп отыр, олар: көкөніс тобындағы ою-өрнектер; хайуанаттар тобындағы ою-өрнек; ғарыштық (космологиялық) ою-өрнектер; геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

Ою-өрнек жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойға алған мағыналы көріністің немес заттың сыр-сипатын өзінше танып, оны дәлме-дәл көшірмей, көркем, әшекейлі болуына көп көңіл аударады. Қазақтың халық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында әртүрлі көркемдік сипат алған.

Қолданбалы өнер шығармаларын жасау барысында шебер түстердің үйлесімділігін ескере отырып, оларға белгілі бір мән-мағына берген. Мысалы, академик Ә. Қ. Марғұлан мен С. Қасимановтың зеттеулері бойынша түстердің мынадай символдық мағыналары бар: ақ түс - бақыт, қуаныш, ақиқат. Қызыл - от пен күн көзінің символы. Сары - ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы. Жасыл - жастық шақ пен көктем. Көк - көк асапн, көк аспанға табыну. Қара түспен жер ананы белгілейді.

Текемет, сырмақ, түс киіз, кілем тағы сол сияқты үй мүліктерінде тек ою-өрнекке көңіл аударылмай, бояу түстеріне де ерекше ден қойылған, оның адамға әсері, ой тастауы сол бояу арқылы бағаланып және одан жасаған шебердің ішкі Жан дүниесін түсінуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Балаларды бейнелеу өнері арқылы шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру
Балабақшада бейнелеу өнері арқылы балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастыру әдістері
Әр жас балабақшасында балаларды жапсыруға (аппликация) үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан - жақты қалыптастыру
Әр жас топ балабақшасында балаларды жапсыруға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Серуен кезіндегі балалардың іс – әрекетін ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz