Махамбет Өтемісұлы туралы



Жоспар

Кіріспе

Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны

Негізгі бөлім

1. Махамбет жырларының көркемдік ерекшелігі

2. Көтеріліс алдындағы насихат жырлары

3. Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік маңызы

Қорытынды
Кіріспе

Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны

(1803 - 1846)

1803, Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жері. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданы - қазақтың көрнекті ақыны, 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Байұлы ішіндегі жайық-Беріш. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құулмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар.
"Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі", "Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын", "Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді.
Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлерайтты.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное).-Алматы: Ана тілі, 1998.-384 бет
2. Қазақстан тарихы (XVIII ғасыр — 1914 жыл). Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.Алматы:
Атамұра, 2008. — 352 бет
3. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны

Негізгі бөлім

1. Махамбет жырларының көркемдік ерекшелігі

2. Көтеріліс алдындағы насихат жырлары

3. Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік маңызы

Қорытынды

Кіріспе

Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны

(1803 - 1846)

1803, Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд.
Нарын құмының Жанқұс жері. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау
облысы Махамбет ауданы - қазақтың көрнекті ақыны, 1836-38 ж. Исатай
Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты
ұйымдастырушылардың бірі.
Байұлы ішіндегі жайық-Беріш. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз
заманында айтулы тұлғалар болған. Құулмәлінің тұқымынан би де, шешен де
шыққан.
Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж.
қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жұзеге
асырушы хан-сұлтандарға қарсы кекті жырлар толғайды, халықты күреске
шақырады.
Көтеріліс жеңіліспен аяқтапғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа
елдерін сағалайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруғә күш
салады. Бұл ниеті нәтижесіз болды, Бөкей ордасында қолға түсіп, Орынбор
түрмесіне қамалады. Тұтқыннан босағаннан кейінгі өмірін Кіші жүздің батыс
бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан
болған Баймағамбет Айшуақовтың жалдамалыларының қолынан қаза тапты.
Махамбет - халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске
шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз,
Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған
көтеріліс туралы толғаулар.
"Жәңгірге", "Баймағамбет сұлтанға" деген өлеңдерінде үстем тап
өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, "Мұнар күн" өлеңінде ел басындағы
ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай - ақынның кеп өлендерінің басты
қаһарманы. "Тайманның ұлы Исатай", "Исатай деген ағам бар", "Исатай сөзі",
"Тарланым", т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы,
батырлығы, қайсарлығы сипатталады.
Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. "Өкініш", "Қайран Нарын",
"Жұмыр қылыш", "Терезе", т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері
1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді.
Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар
мен жинақтарға енді.
Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин,
Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер
зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлерайтты.

Махамбет жырларының көркемдік ерекшелігі

Махамбет жырлары - ереуіл толғаулары. Басты ерекшілігі - жалындап
тұрған отты қызуында, асқақ арман аялаған рухында, болашаққа, келер күнге
деген берік сенімінде. Ол оптимист ақын болды. Қай өлеңін оқысаң да бойыңа
жігер, жаныңа қайрат, жүрегіңе елің - жерің туралы сәулелі махаббат жылуы
құйылады. Биік арман, биік мақсат үшін өмір сүруді, халық ұлы болуды
үйретеді. Оның шығармашылық мұрасы жүзге жуық өлеңнен тұрады.
Өлеңдерінің ұйқасы, шумағы, тармағы, бунақ, буыны еркін қозғалыс
береді. Ақын өлеңдерінің қайсысын оқысаң да, жаттап айтсаң да жорық
үстінде, жол үстінде, сапарда, қолма - қол шығарылғаны көрініп, әр сөзінен
көтеріліс сарыны, ерлік рухы, патриоттық, сенімділік үміті естіп тұрады.
Махамбет дыбыстық қайталауды өлең саздылығын күшейту, ойды үстеу
мақсатында орынды пайдаланады.
Толғай, толғай оқ атқан,
Он екі тұтан жай тартқан,
Қабырғасын қақыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан, -
деген жолдар өзінің саздылығымен көркем көрініс береді. Ақын ой тереңдігін
оқырман қауымға түсінікті жеткізу үшін көркем сөз бедерін тауып, зергерлік
танытқан.
Өлеңдерін көбі серіппелі, жеделдете оқуды сүйеді. Әрине байыпты,
салиқалы оқуды сүйетін өлеңдері де баршылық. Өлең тармақтарының түрлілігі
мен ырғағының сан қырлы болуын қажет етеді. Өлең асығыс оқуды
жақтырмағанмен Махамбеттің кей өлеңдері шымыр шабытты, асқақ үнді, кербез
де биік патетикамен оқуды қалайды.
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма ? !,
Қаптай соққан боранда,
Қаптама киген тоңар ма ? ! –
деген жолдардан қыстың дүлей күші мен адамдардың оған қарсы төзімділік
жағдайларын сипаттайды.
Махамбет толғаулары философияға, ұлттық мінезге, нақышқа, салт -
дәстүрге, даналыққа толы. Махамбет - философ, дана ақын, жаңашыл ақын. Оның
жаңашылдығы өлеңдерінің сыртқы пішінінде ғана емес, негізінен ішкі
мазмұнында, мән - мағынасында. Ол ежелден келе жатқан ақындық дәстүрлердің
бірі - термелеп айтуды да жақсы меңгерген. Термелерінде жанрға қойылатын
басты талаптар - ақыл, нақыл, дамыту, түйдектету, шешендік, тапқырлық
басым.
Махамбет ажарлау тәсілдері - аллитерация, айқындауды жиі қолданады.
Ажарлау өлең көркін арттыра түссе, айқындау (эпитет) айтар ойын нақтылап,
ақынды діттеген мақсатына жеткізіп отырған.
Ақын адамның ішкі жан сарайын ашып, бет – бейнесін суреттеп,
толыққанды образын жасауға да шебер. Оның кейіпкерлері - өмірде болған, бұл
күнде тарихқа айналған белгілі адамдар. Ол толғауларында ажырамас серігі –
Исатайдың да, өзінің де бейнесін өшпестей етіп жасап кетті.
Махамбет өлең ұйқастарына да жаңалық енгізген ақын. Махамбет өзіне
дейінгі ақын - жыраулар поэзиясынан сусындап, оны дамытып, жаңалыққа бет
бұрса, кейінгі толқын Махамбет шығармаларын жаттап өсті. Махамбетше толғап,
отты да рухты жырлар тудырды.

Албырт кезіндегі балғын жырлары
Ақынның алғашқы туындылары - табиғат суреттері, жастық, албырттық,
айнымас достық, адалдық, әділдік, антқа беріктік жайында болған. Ақынның
алғашқы өлеңдерінен бізге жеткені - Еңіреу ұлы емшек боз, Жалған дүние
. Олай дейтініміз бұл өлеңдерде жастық шаққа тән албырт сезім басым:
Дұшпаны қарсы келгенде,
Ері дініне берік болсын!
Ішелік те желік,
Мінелік те түселік,
Ойналық та күлелік-
Ойласаңдар, жігіттер,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған ?! -
деген өлеңде жауығушылық та, налу да, өкініш те байқалмайды. Жігерлі
болғанымен ерлікке шақырғанымен, балаңдық, жастық желік аңғарылады.
Жалған дүние алғашқы туындылардың бірі болғанымен, Махамбет
өлеңдерінің ішіндегі өте көркем жазылған жауһарларының қатарына жатады. Бұл
да өзінен бұрынғы жыраулар дәстүрімен айтылған дидактикалық -философиялық
толғау.
Ақын алғаш халықты бірлікке, татулыққа, достыққа шақырса, келе –
келе өмір толқынында шыңдалып, жақсы, жаманды айырып, күрессіз бақыт
өздігінен келмесін сезінген шағында шамырқанып, халықты бітіспес күреске
үндейді. Оның қайрағы - өмір, күрес, жан жарасы, көңіл наласы, дұшпан
табасы болды. Ел аңсаған теңдік, әке аңсаған арман, өзі көрген қорлық,
зорлық, абақты оны шарболаттай шыңдап, жігеріне жігер, қайратына қайрат
қосты. Оқуы, көңілге тоқуы, орыстармен арласып, тіл білуі, дінге, тілге
беріктігі оның өзгелерден озық болуына үлкен септігін тигізді.

Көтеріліс алдындағы насихат жырлары

1829 - 1835 жылдар аралығында халықты күреске шақырып, қол жинау
кезінде шығарылған Арғымақ, сені сақтадым деген өлеңін білеміз. Оны
өлеңнің өзі дәлелдеп тұр:
Арғымақ , сені сақтадым,
Құлағың сенің сирек деп, -
дейді. Олай дейтіні, жаугершілік заманда, дәлірек айтқанда Исатай -
Махамбет көтерілісі кезінде бастарына қауіп - қатер төнген шақта құтылып
кету қамымен батырлар ешкімге көрсетпей сезімтал да жүйрік, ұшқыр ат
ұстаған. Оны ереуіл кезінде мінетін болғандықтан ереуіл ат деп атапты.
Исатай бастаған көтерілісті насихаттауға, жасақ жинауға кіріскенде:
Ат - жігіттің майданы,
Қылыш - жанның дәрмені,
Өлім - хақтың пәрмені.
Атақты ермен бірге өлсе,
Жігіттің болмас арманы.
Өте шыққан қызыл гүл -
Бұл дүниенің жалғаны, -
деп өзекті жанға бір өлім дегенді мегзеп, қолдарына қылыш алды. Соғыста
жүрген адам Ат - жігіттің майданы, қылыш - жанның дәрмені, өлім - хақтың
пәрмені екенін жақсы білсе керек. Бұл ойымызды Атақты ермен бірге өлсе,
жігіттің болмас арманы деген келесі жолдар дәлелдей түседі. Ақын
жігіттерді Исатай батырмен бірге болуға, керек болса, бірге өлуге шақырады.
Өлеңнің халықты көтеріліске үндеп тұрғаны айдан анық:
Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран болар ма?!
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?!
Туырлығы жоқ тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?!
Ту түбінен тұлпар жығылса,
Шаппаған нәмәрт оңар ма?
Махамбет бұл өлеңін көтеріліске рух беру үшін жырлайды. Орай да борай қар
жауса, қалыңға боран борар ма дейді. Қалың қолға қарсы тұру оңай емес,
оның ішіне, айқасу үшін жүректілік, батырлық керек! Қаптама кигеннің
тонбайтыны сияқты сауыт кигендерге оқ өте қоймайтыны да белгілі.
Көтерілісшілер ту байлайтын туырлығы жоқ жандар емес, нәмәрт емес, мәрт
жігіттер, тұлпары ту түбінде жығылса, қарап отыра алмайды, жауына шапқан
қабыландай отырып, қарсы ұмтылады.
Келесі толғаудың өн бойында үгіт - насихат атойлап тұр. Ақын айтқан
сайын ширығып, өлеңінде ширықтырып, қынулы да қызығу жолдарды нөсерше
төгілтеді:
Беркініп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге оқ салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жауырын оқ алмай,
Атқан оғы жоғалмай,
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағынан қанға боялмай,
Қисарысқан қарындасқа
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай
Үйде жатқан жігітке
Төбеден тегін атақ болар ма?-
деп жігіттерді ерлікке шақырып ұрандайды. Үйде жатқан жігітке төбеден
тегін атақ келмейтінін айтып, намыстарын жанып, қамшылайды. Махамбеттің
мінезін де, ақындығын да, батырлығын да, ереуілшілердің үгітшісі,
насихатшысы, ұраншысы екендігін де осы толғаудан айқын аңғаруға болады.
Толғауда тентек деген сөз кездеседі. Хан маңайындағылар
көтерілісшілерді төмендету үшін тентек деп атаған екен. Алайда, Махамбет
осы сөздің өзін ойнатып, аса мән беріп халыққа тентек атанбай деп,
тентектіктің өзін батыр деген сөздің баламасындай етіп жіберген.
Махамбет туындылары оның өзегін жарып шыққан өшпес, өмірлі, өжет
жырлар. Олардың бір жолы - қылыш, бір жолы - найза, бір жолы - мылтық,
бір жолы - шоқпар, бір жолы - жай оғындай, бір жолы - Махамбеттің Ұл туса
деген тоғауындағы:
Күнқақты ердің астында
Көп жүгіретін күлік бар.
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар, -
деп өзі жырлаған көбе бұзар көн садақтың жебесіндей. Осы Ұл туса былайша
жалғасады:
Қарайғанның, жігіттер,
Бәрін кісі демеңіз,
Көпе – күндіз тайраңдап,
Түзге шықпас ерлер бар.
Тауда болар тарғыл тас,
Тарықса шығар көзден жас.
Ордалыға көз салма,
Оғы қалса, жоғалмас.
Топтан озған тарлан боз,
Турасынан айрылса ,
Тасты басып тұра алмас.
Асылдан болат ұл туса,
Екі жақ болып тұрғанда,
Егескен жерде шарт кетер.
Жауырынынан өтіп алса да,
Жамандарға жалынбас ! -
деп алғашқы жолдарда мал - мүлкіне байланып үйлерінен шыға алмай, әліптің
артын бағып ереуілшілерге қосылмай отырған үйкүшіктерді түйреп намысын
жаныса, одан кейінгі жолдарда күреске үндейді: Ордалыға көз салсаң, оғы
қалса, жоғалмас дегенде ақын көпшілік жерде ештеңе жоғалмайды, қалың қол
керек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Әтемісұлы бастаған көтеріліс
Махамбет жырлары-ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет Өтемісұлы шығармалары отансүйгіштік тәрбие берудің құралы ретінде
Махамбет Өтемісұлының өмірбаяны
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
Қазақ даласының әулиелері мен әйгілі адамдары
Махамбет Өтемісұлы (1803 - 1846)
Ақын Махамбет Өтемісұлы
Пәндер