Дамыған және дамушы елдердің зейнетақы нарықтары


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. ЧилидіҢ зейнетаҚы нарыҒы

2. ДамыҒан жӘне дамушы елдердіҢ зейнетаҚы нарыҚтары

ӘР ТҮРЛІ ЕЛДЕРДІҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ НАРЫҚТАРЫ

1. Жоғарыда атап өткендей, ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да Чили үлгісіне негізделген зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне көшті. Чили зейнетақы жүйесінің қайта құрылуы ХХ ғасырдың 80-жылдарында болды. Бұған үрдіс ретінде мынадай себептер негіз болады. Чилидің экономикасы реттелген және құрылымдалған осы формасы сыртқы қарыздың дағдарысы жағдайында және бүгінгі таңдағы жаһандану жағдайында салыстырмалы табыстылықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл елдегі әрбір жұмысшы санына қарттар саны бір мезгілде тепе-тең келіп, демографиялық жағдай қарауындағы жандар үлесінің күрт құлдырауымен сипатталды. Жұмысшы күші нарығының даму құбылысына ресми емес секторлардағы жаңа жұмысшы күшін құрудың үлесі жоғары болды.

80-жылдардың басында қаржылық дағдарыс елдің импорттау қабілетінің күрт төмендегенін білдірді. Сыртқы қарыз дағдарысынан арылу үшін жасалынған стратегиялық шаралардан мынадай қорытынды шығарылды:

  • экспортты ынталандыру саясаты арқылы ашық сауданың агрессиялық саясаты;
  • қор шоттарын абайлап ашу.

Осы кезде коммерциялық банктер мен шетелдік жеке инвесторлардың ел экономикасына капитал салымдарын жүргізуге қызығушылығы болмады. Жағдай халықаралық қаржылық ұғым тарапынан төтенше сыртқы қаржыландыруға елеулі салымдар арқасында ғана дұрысталып отырды. Елдің экспорттық секторына инвестициялау жағдайының жақсаруынан кейін ғана 1986 жылы импорттың өсу қарқыны қалпына келтірілді. Шетелдік капитал ағымын жаңартқаннан кейін, яғни 1989 жылдан бастап елдің сыртқы экономикалық жағдайы біршама жақсарды. Экспорттық үлгі екі кезеңде дамыды:

  • Чили тауарлары үшін жаңа шетелдік нарықты іздеуде мемлекеттік қолдау саясаты;
  • нақты еңбекақының күрт төмендеуі, салыстырмалы пайдасы бар салалардың бәсекелестігінің өзіне әсер еткен айырбас бағамының күшті төмендеуі.

50-інші жылдары Чили қоғамы басынан өткізген бала туудың азаюы, экономикалық қызметке әйелдердің көптеп тартылуы, қарттардың орташа өмір сүру ұзақтығының тұрақты өсуі секілді демографиялық ауытқу өндірістегі жұмыспен қамтуды көздейтін экономикалық саясатты жасауға және қарттардың зейнетақысын қаржыландырудың қажетті механизмін жасап шығаруға алып келді.

Бірақ, Чили экономикасын жаңа халықаралық коммерциялық және қаржылық нарықтарға тартуда елеулі әлеуметтік шығындар болды. Бүгінгі таңда мемлекет экономикалық өсуге жағымсыз әсерін тигізбейтін, бөлуді біркелкі жақсартуға мүмкіндік беретін әдістерді қолдану міндетін қойып отыр.

Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың және жалпы экономикалық өсу үрдісінің анықталған дәрежесіне жете отырып, қазіргі уақытта мемлекет халқын тұрақты түрде жұмыспен қамту үшін жаңа жұмыс орнын құру мен өмір деңгейін жоғарылатуға кіретін экономикалық дамуды күшейтуге бағытталады. Мысалы, ХХ ғасырдың аяғында жан басына шаққандағы ЖІӨ 37%-ға өсті. Бүгінгі таңда жан басына шаққандағы ЖІӨ 5300 долларға жетті. Орташа айлық инфляция 3-тен 0, 55%-ға дейін төмендеді. Зейнетақы жинақтары 1990 жылы жалпы қоғамдық өнімнің 24%-ын құраса, қазіргі уақытта 40%-ын құрайды. 1990 жылғы салыстырмалы банктік зейнетақы активтері 24, 5%-ды құраса, қазіргі уақыта инфляцияны есепке алмағанда бір жылда орташа зейнетақы қорлары пайдалылығының 50%-ға жуығын құрайды.

Чилидегі зейнетақы реформалары капитал нарығының, тұрғын үй құрылысы, сақтандыру және басқа да нарықтардың дамуына әсер етті.

Чили зейнетақы жүйесі - бұл салымшылар жүргізген зейнетақы жарнамаларының жеке капиталына негізделген ынтымақты рөлде біртіндеп өтеуі бар жеке жинақтаушы жүйе. Бұл кезде салымшылар әкімшілік акционерлері болып табылмайды және өз қарттығын қамтамасыздандыруға жауапты. Мемлекет тек ең аз шамадағы зейнетақыға кепілдік береді.

Чилиліктерде мемлекеттік және жеке қорлар арасында таңдау құқығы болмады. Оларда тек зейнетақы қорларының әкімшілігі (ЗҚӘ-AМP) деп аталатын жеке жинақтаушы қорлар арасында таңдау болды.

Белгілі бір жағдайларға байланысты жинақтаушы жүйеге енбеген азаматтар ескі жүйеде қалды. Бұл топты өткен екі жылда табысы болмағандар, шет елде жүргендер және тағы басқалар құрайды. Ескі жүйенің қызмет етуі шамамен 2040 жылға дейін жалғасады деген болжамды зейнетақыны қалпына келтіру институты (ЗҚКИ) ұсынады.

Жаңа жүйеге кіргендер танымдылықпен байланысты емес және алушының тілегі бойынша жинақтаушы жүйеге сатылуы немесе берілуі мүмкін ескі жүйеден тану (мойындау) бондарын алады. Көптеген жағдайларда олар жинақтаушы жүйеде зейнетақы белгілеген кезде жинақталған қаражаттарға қосылады.

Зейнетақы қорларының әкімшілігі толық операторлар болып табылады. Ол зейнетақы жарналарын тарту, сондай-ақ қаржылық құралдарға зейнетақы жинақтарын инвестициялаумен айналысады. Заңдардың сақталуы мен пруденциалдық нормативтердің орындалуын бақылауды, бағалы қағаздар бойынша суперинтенданттардың әдістемелік басқарылуын AFP жүзеге асырады. Чилидің Орталық банкі инвестиция портфелін диверсификациялауды белгілеу бөліміне бақылау жүргізіледі. Демек, AFP ең аз шамадағы табыстылық бойынша талаптарды орындауы қажет. Егер олар орындалмаса, онда AFP олардың орнын зейнетақы жинақтарынан 1%-ы мөлшерінде құрылуы тиіс резервті қорлар есебінен толтырылады. Егер резервтік қорлар жеткіліксіз болса, онда мемлекет айырманы жабады және қор жабылады да, зейнетақы жинақтары басқа қорларға аударылады.

Зейнетақы активтерін басқаруды AFP-ның өзі жүргізді, ал кастодиан тек есебін жасайды және бағалы қағаздарды сақтауды жүзеге асырады. Оған зейнетақы жинақтарын орналастыру операциялары бойынша қызметтерді бақылау жүктелмейді, былайша айтқанда, оларды үлестес ету мәселелері қарастырылады - құрылтайшыларға инвестициялар шектеледі. 1994 жылы Чилидің құндылықтар нарығын Реформалау туралы заңына сәйкес құпия ақпараттарды жариялағандығы, өзі және басқалар үшін пайда табу мақсатында қолындағы ақпараттарды қолданғандығы үшін бағалы қағаздар нарығының қатысушыларының, атап айтқанда, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілігі қарастырылады.

AFP басқармасы жанында құрамында AFP басқармасының банктері мен қаржылық ұйымдары, сақтандыру компаниялары, AFP-ның таңдаулы 4 өкілдері кіретін жіктеуші компания құрылды. Тәуекелді жіктеуші комиссия мынадай қызметтер атқарады:

  • зейнетақы қоры қаражаттарынан меншіктенген бағалы қағаздарды құптайды немесе мақұлдайды, тәуекелділік санатын анықтайды;
  • «Жылжымайтын мүлік және бағалы қағаздарң бойынша акционерлік қоғамның акцияларын қабылдау рәсімдерін бекітеді.
  • халықаралық нарықта жіктелінген қағаздарды салыстыру кезінде эквивалент бекітеді және халықаралық жіктеуші институттардың халықаралық жіктелінуін құрайды, мақұлдайды немесе өзгертеді. AFP еңбекақыдан орта есеппен 30% көлемінде комиссиялық сыйақы алады.

2. Әр елдің зейнетақымен қамтамасыз ету индустриясының тарихында әрбір елдің зейнетақымен қамтамасыз ету формасының, құрылымының, мазмұнының, сондай-ақ міндеттемелерінің әр түрлі екені айтылады. Зейнетақыны міндетті сақтандыру туралы бірінші заң АҚШ-та тек 1935 жылы қабылданған.

Толық көлемде зейнетақы алу үшін американдықтар жыныс ерекшелігіне қарамай-ақ 65 жасқа жеткенде зейнеткерлікке шығады. Сондай-ақ бұдан басқа - зейнеткерлікке үш жыл бұрын шығу сияқты нұсқасы да бар, бірақ бұл жағдайда зейнеткердің зейнетақысы үш жыл бойы 20%-ға кем болады. Американдық зейнетақы көлемі жалпы еңбек өтіліне, оның үздіксіздігіне, еңбекақы көлеміне тәуелді және әдетте, еңбекақыдан 50%-дан 80%-ға дейінгі шектерде ауытқиды, яғни орта есеппен 700 доллар құрайды. Егер зейнетақы кедейшілік деңгейінен ү - есе жоғарламаса, мұндай жағдайда мемлекет бюджеттен 280 доллар жәрдемақы төлейді. АҚШ-тағы мемлекеттік емес зейнетақы қорлары жоғары даму деңгейіне жеткен. Көптеген корпорациялар пайданың бір бөлігін аударып, сол арқылы өздерінің жұмысшыларын өз орындарын ұстап отыруы үшін ынталандырады. Мұндай төлемдерге салық салынбайды және жұмыс берушінің салық салынатын базасынан аспайды.

Фрациядағы зейнетақы жүйесі - Еуропадағы ең күрделі жүйелердің бірі болып табылады. Азаматтар - ер адамдар да, әйел адамдар да 60 жаста зейнеткерлікке шығады. Сондай-ақ зейнеткерлік жастың төменгі шегі белгіленген жұмыскерлер санаттары да бар. Мысалы, шахтерлар зейнеткерлікке 55 жаста шығады. Егер олар жер астында 20 жыл жұмыс істесе, онда зейнеткерлікке 50 жаста шығуы мүмкін.

Француздық зейнетақы жүйесі екі негізгі қағидаға: сақтандыру және біркелкілікке негізделеді. Бірінші жағдайда зейнетақы еңбек ету кезіндегі клиенттер аударып отырған қаражаттардан төленеді. Екінші жағдайда зейнетақы жұмысшының жұмыс істеген кезіндегі жұмыс істеген алымдарынан төленеді. Францияда зейнетақы қорларына аударылған аударымдар да әрқалай, мысалы, ерікті мамандықтағы тұлғалар, қолөнершілер және ұсақ кәсіпкерлер үшін ай сайынғы төлемдер 16, 35 %-ды құрайды. Жалдамалы жұмыскерлер де сондай төлейді, бірақ олар үшін жартысын жұмыс берушілер аударады. Зейнетақы көлемі соңғы 11 еңбек жылына есептелген орташа жалақының 50%-ын құрайды. Осы кезде жылына 5-тен 10 мың долларға дейін ең аз шамадағы және ең көп шамадағы мемлекеттік зейнетақы қолданылады.

Француздық зейнетақы жүйесімен салыстырғанда Германияда «ұрпақ келісім-шартың деп аталатын темірдей қағида бар. Осы қағида бойынша бүгінде зейнетақы қорынан аударылатын ақша келешектегі зейнеткерлердің қарттықтарын қамтамасыздандырады. Сонымен қатар, Германия әлемдегі қарттығы айқын байқалатын елдердің бірі екендігін айта кету қажет. Мұндай жағдай жұмыс істеуші халықтың зейнетақы жарналарының тұрақты өсуімен шарттастырылады. Сондықтан зейнетақы аударымдарының бір бөлігін (50%-ға дейінгі) жұмыс берушілер алады. Бұл жағдай немістерде зейнеткерлікке кететін 65 жасқа дейін жалғасады. Сонымен қатар, немістік зейнетақы жүйесінде бір шектеу бар: жұмыскерлер шамамен айына 5000 АҚШ долларынан аспайтын жалақыдан ғана зейнетақы жарналарын төлейді, ал жалақысы бұл саннан асса, әдетте, міндетті емес сақтандыру қорларына орналастырады. Неміс зейнетақысының көлемі айлық табыстың 70%-на дейін жетеді. Ол еңбек өтілі мен жалақы мөлшеріне тәуелді. Бірақ, бұл кем дегенде 12 жыл еңбек өтілі болғанда болуы мүмкін. Ондай болған жағдайда 300 АҚШ долларына жуық аударылады. Егер үш жылдық еңбек өтілі болмаса, «Темір қағидасыныңң негізінде зейнетақы мүлдем аударылмайды деген факт қаланған.

Ұлыбританияның зейнетақы жүйесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Зейнетақыны белгілеу кезінде үлкен көлемді факторларды есепке алуы сондай, тіпті кез келген әлеуметтік жүйе қызметкерінің өз зейнетақысын дұрыс есептеуге мүмкіндішілігі жоғары. Англияда зейнетақыға ер адамдар үшін 65 жаста, әйел адамдар үшін 60 жаста Зейнетақы қорларына жарналар жұмысшы тарапынан 10%-ды құрайды, бірақ ол 23660 фунт немесе 38, 3 мың АҚШ долларынан аспайтын жылдық жалақыға ғана солай болады. Бұл елде өз азаматтарына ең аз шамадағы зейнетақыға кепілдік беріледі және оларды зейнетақы қорларына көп жарналар салуға мәжбүрлемейді. Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңға сәйкес жарналар енгізу мемлекеттік емес зейнетақы қорларында шот аша алатын әрбір азаматтың жеке жұмысы. Жұмыс берушінің зейнетақы қорына жарналары еңбекақыдан 3%-дан 10, 22%-ға дейін болады.

Израильдің зейнетақысымен қамтамасыз ету жүйесі - өзінің «жартылай социалистікң әлеуметтік сақтандыру жүйесімен атақты. Оның айрықша ерекшелігі міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының жоқтығы болып табылады. Жұмыссыздық немесе қарттық бойынша зейнетақыда, жәрдемақыда зейнетақы жасына (бұл ер адам үшін 65 жас, әйел адам үшін 60 жас) жеткен барлық тұлғаларға төленеді. Олардың мөлшері жанұя жағдайына байланысты орташа еңбекақы 16%-дан 24%-ға дейінгі аралықта жатады. Бұл сомалар елде өмір сүру шығындарын жаба алмайтындықтан, көптеген жалдамалы жұмыскерлер 5, 5% шегінде өз жалақысының бір бөлігін аударатын міндетті емес зейнетақы қорларына мүше болады. Бұдан басқа, жұмыс беруші осы қорға жалақыдан 12% мөлшерінде өзінің жалдамалы жұмыскеріне аударым жасайды. Егер қызметкердің жеткілікті жұмыс өтілі болса, онда оның зейнетақысы соңғы жұмыс орнындағы жалақыдан 75%-ға дейін болуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік қаржы орталықтарының ролі мен іс-әрекеті
Бүкіләлемдік қаржы нарығы
Әртүрлі елдердің зейнетақы нарықтары
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Дамушы елдерді халықаралық несиелендіру және қаржыландыру
Құнды қағаздар рыногі туралы
Қазақстанда сақтандыру нарығының қалыптасу кезеңдері және қазіргі жағдайы»
Қаржы нарығын басқарудың басыңқы салалары
Қазақстандағы валюталық реттеуді талдау
Валюталық реттеу механизмі және оны жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz