Саяси мәдениет ұғымы, құрылымы мен қызметтері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Саяси мәдениет ұғымы, құрылымы мен қызметтері

Саясат әлемі күрделі, көпдеңгейлі және көптүрлі мемлекеттік -құқықтық, заң шығару, атқару, партиялық, сайлау, саяси идеология, тағы басқа ұсақ жүйелерден тұрады. Осы жүйені құрайтын бөліктердің арасында саяси мәдениет елеулі орын алады. Шетелдік және отандық қоғамтанушыларда саяси мәдениет категориясы оның оның құрылымдық толықтырғыштары, мағанасы және қызметі жайлы анық түсінік жоқ. Осы мәселеге қатысты мейлінше әр түрлі пікірлер, анықтамалар, түсіндірулер кездеседі. Әрине, саяси мәденит құбылысының күрделілігі мен көпжақтылығын ескерсек, бұл орынды. Бірақ мұндай гәп өзіндік түбірлі себептерден туындайды. Біріншіден, мәдени құбылыстарды күрделілігі мен анықтамасының ала-құлалығы саяси мәдениет ұғымын түсінудіде күрделендіреді. Екінші себеп, сірә, сол ұғымдар мен категорияларды қолдану шарттылығына тым астүсті қарайтын саяси ғылым тілінің ерекшелігінде жатыр.

Саясат пен мәдениеттің арақатнасы қандай?

Әрине, бұл екеуінің терең негізіндегі бірқатар бірлігі мен өзара ұқсастықтары бар: екеуіде билік етудің өлшемі ретінде әрекет етеді. Мәдениет адамның табиғатқа үстемдігінің нәтижесі, оның субъективті өзіндік әлемі болса, саясат адамдардың қоғамдық қатнастағы басқа адамдарға үстемдігінің нәтижесін көрсетеді. Мәдениет билікті атқару тәсіліне әсер етеді, ал оның дамуы өзгерістерге тәуелді. Мәдениеттің саясатқа әсер етуінің негізгі саласы ретінде саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін адамдарды әлеметтендіру, құндылықтар жүйесін жасау мен еңгізу, жүріс-тұрыс үлгілерін, институт бітімдері мен әлеуметтік жүйелерді қалыптастыруын көрсетуге болады. Дегенмен, бұл екі ұғының бірлігі мен өзара әрекеті олардың сәйкестігін көрсетпейді. Бұл құбылыстар әрекет ету мен қызмет атқару салаларына қарай бөлінеді саясаттың мәні билікті дамыту мен өзгерту болса, мәдениеттің мәні тұлғаны дамыту мен өзгету болып табылады. Екі ұғымның өзіндік өзгешіліктері мен сәйкес еместігін ескере отыра, олардың бірлігі саяси өмірді реттеу тәсілінің тарихи дамуға тәуелділігін, олардың адамның іс-әрекеті нәтижесінде пайда болуын көрсететін "саяси мәдениет" ұымынан көрінеді. Енді саясат әлемінің әр түрлі көріністеріне, қатынастарына мағыналық сапа беретін "саяси мәдениет" ұғымын ғылымдағы қалыптасқан ойлармен анықтап көрелік.

Ғылымға ХХ ғ. 50-жылдары енген "саяси мәдениттің" кеәбір құбылыстары антикалық философияда, ХІХ ғасырда "ұлттық мінез" бағытындағы зеттеулерде қарастырылған. Дегенмен де, бұл ұғым категориялық дәрежеге ХХ ғасырдың екінші жартысында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай, Д. Каванах, У. Розенбаум тағы басқа көптеген зерттеушілердің еңбектері негізінде ие бола бастады. Қазіргі кездегі саяси ғылымдағы "саяси мәдениет" ұғымын бірнеше рет американ саясаттанушысы Г. Алмонд өзінің "Салыстырмалы саяси жүйелер" мақаласында ұсынды. Саяси мәдениеттің мақсаты қоғамдық ғылымдардың саяси белсенділігін арттыру немесе, шартты түрде айтқанда, демократиялық саясатты басқа елдерге тарату және осы негіздегі құндылықтарға тәрбиелеу арқылы оны орнықтыру болып табылады.

Г. Алмонд өз зерттеуінде Г. Лассуэлдің саяси жүріс-тұрысты психологиялық зертеуге арналған еңбегіне сүйенді. Бірақ егер Лассуэлл саяси жүйелер адамның субъективті бағдарына тәуелсіз қызмет етеді десе, Алмонд бойынша, олардың суъективті психологиялық қажеттіліктерін зерттеу, тұтастан алғанда, қоғамның дамуын түсінуге көмектеседі, өйткені тұтас саяси процестің ерекшелігі соған қатынасатын адамдардың сенімдерін, сезімі мен көңіл күйлеріне байланысты дейді. Осы ретте зерттеуші өзіне қажетті ақпаратты жинау үшін тұрғындарға сұрақ жүргізу тәсілін қолданады.

Бұл бағыт ғылым дамуында бихевиористік деген атпен белгілі болды. Бихевиористер қоғамдық саяси даму мен тұрақтылыққа жетудің тетігі мен әдісін анықтауда тек қана биліктің әралуан түрлерін және құқықтық жүйе мен нормаларды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық даму мен қоғамдық тұрақтылыққа жетуге септігін тигізетін немесе кедергі жасайтын байланыстарды анықтауды мақсат етті. Бихевиоризм саяси процестегі адамдардың қажеттілігі мен түрткісін ашып көрсеткенде ғана олар әрекет ететін саяси жүйені түсінуге болады деп санады. Бұл бағыт мәселеге прагматикалық үңілуге ден қойды, яғни зерттелініп отырған құбылысты қоғамның саяси өмірінің нақтылығымен байланыста қарады. Әлеуметтік, әлеуметтік-саяси және психоантропологиялық дәстүрлерді үйлестіре отыра, олар "саяси мәдениетке" өз анықтамаларын берді. Саяси жүріс-ұрысты зерттеу саяси қатнастың жеке субъектісіне бағытталса да, саяси мәдениет саясаттағы әлеуметтік топтардң мәні мен рөлін зерттеуде де тімді әдіс екенін көрсетті. Осылай, зерттеу тәжірибесінің әрқилы бағытын біріктіре келе, Г. Алмонд саяси мәденетті "қоғамның саяси жүйесін құрайтын саяси объектілерге (нысаналарға) қатынасттағы бағыттардың ерекше түрі" деп анықтама берді. Осыдан сон Батыс саясаттану ғылымында саяси құбылыстардың мұндай түсінігі кең қолдау тауып, ол С. Верба, Д. Каванах, тағы басқа ғалымдардың саяси мәдениет туралы ойларында өз жалғсын тапты. С. Верба қоғамның саяси мәдениетін былай мінездейді: " Саяси мәдениет саяси әрекетті анықтайтын тәжірибелік сенідер, экспрессивті рміздер мен құндылықтар жүйесінен тұрады.

Л. Пай осы ретте мынадай анықтама берді: саяси мәдениет "саяси жүйедегі нормаларды ұстануды тәртіпке келтіретін, адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін қатнастардың, сенімнің, сезімнің бірлігін көрсетеді "

ХХ ғ. 70- жылдарда бихевиоризм сынға ұшырады және оны зерттеушілерді "демократияның ғылыми теориясын" жасамақ болғандары үшін айыпталды. Бихевиоризмге қарсы пікір білдірушілер саяси мәдениет теориясының төрт басты олқылығын көрсетті. Бірінші ретте сынаушылар тарапынан Алмонд әдістемесінің жүріс-тұрыс тәсілінің тым бір жақты тәуелділігін көрсетті. Бихевиористер бойынша саясат нақты ғылымдардың тәсілімен зерттелуі керек. Осылай бихевиоризмге бір жақты ден қою саясп мәдени тәсілдің екінші олқылығынан көрінеді: олар тұрғындардың ресми саясатты қолдауын нақтылы билік институттарының өмір сүруімен және қызмет етуімен дәлелдеді. Бұлай айту тоталитарлық жүйедегі елдердің билік органдары өз іс-әрекеттерінде халықтың құндылықтық қажеттілігін білдіреді дегенмен бірдей. Әрине бұл дұрыс емес, өйткені адам өзінің саяси сезімін, ойын ресми биліктен де, үкіімет орындарынан да жасыруы, бүгіп қалуы тоталитарлық жүйедегі елдердегі үйреншікті жайт. Осы әдстемелік қателік үшінші олқылықты тудырады: көп ретте белгілі бір, нақты саяси мәдениеттің ерекшелігі ретінде түсіндіріледі, ал соңғысы, яғни саяси жүріс-тұрыс, өз негізінде саяси мәдениеттің ерекшелігі ретінде түсіндіріледі. Саяси мәдениет теориясынң тағы бір олқылығы саяси институттар мен саяси мәдениттің өзара байланысын асыра көрсету, жоғарыда көрсекендей, жүйедегі балама саяси-мәдениқұндылықтардың өмір сүруін жоққа шығарады. Олар бойынша тек халыққа белгілі жәнек "белгілі бір уақыт аралығында берілген, зертелген және кең таралған құндылықтар ғана нақтылы". Бұл ойға сүйену зерттеушіні шындықтан алыстатады., өйткені кез-келген қоғамның ішінде толықтай құндылықтық біртектілік мүмкін емес. Яғни белгілі бір нақты қоғам өзіне құндылықтары, саяси бағдарлары басқалардан ерекшеленетін "субмәдениетті" енгізеді.

Саяси мәдениет анықтамалары ішінен бірнеше топ құбылыстың анықтамасын бөліп көрсетуге болады. Саяси мәдениетте адамдардың саяси қатнастағы бағдарлары, сезімдері, түрткілері ғана емес оны жүріс-тұрыстың тұтаснегізі ретінде қарайтын ойлар бар. Осы ұғымды тұтастық түсінуді ғылымда Р. Такер, Л. Дттмер, Х. И. Виарда тағы басқалары ұстанды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саясаттану ғылым және пән ретінде
Саясат тарихы туралы ақпарат
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Саяси мәдениеттің типтері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Әлеуметтану обектісі
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
Саяси мәдениеттің түсінігі, мәні, құрылымдық компонеттері мен қызметтері
Саяси жүйенің қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz