Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

1. 1 Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша ақпарат:

Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы

1. 2 Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ НЫСАНДАРЫ

1. 1 Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша ақпарат:

1990 жылы Қазақ ССР қаржы Министрлігінің 1990 жылғы 16 наурызындағы № Л-46 бұйрығының негізінде Мемлекеттік кіріс бөлімі Мемлекеттік салық инспекциясы болып өзгертілді және Целиноград қаласы бойынша салық инспекциясы құрылды.

1991 жылдың шілдесінде -Қазақ ССР Президентінің «Қазақ ССР-де Мемлекеттік салық қызметін құру туралы» Қаулысы шықты, осы қызметте өз бетінше қаржылық институт статусы берілді.

1993 жылдың наурызында - ҚР «ҚР ҚМ салық қызметі туралы» Заңы енгізілді, бұл салық қызметі органдарының ҚР салықтық саясатын жүргізудегі статусын, құзіретін, міндеттері мен жауапкершіліктер әрекетінің құқықтық негіздерін анықтады.

1995 жылдың сәуірінде - ҚР Бас мемлекеттік салық инспекциясы ҚР қаржы Министрлігінің Бас салықтық инспекциясы болып өзгертілді. 1995 жылдың 1-ші шілдесінен біздің еліміз үшін маңызы қиын бағаланатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңының күші бар ҚР Президентінің Қаулысы қабылданды.

1996 жылдың қыркүйегінде - ҚР Үкіметінің № 1181 «ҚР Мемлекеттік салық комитеті туралы Ереженің бекітілуі туралы» Қаулы қабылданды.

Қазақстан Республикасының дербес салық қызметі ұйымдастырылған күннен бастап біздің егеменді мемлекетіміздің салық жүйесінің құрылуы бойынша және оларды әрі қарай жетілдіру бойынша белгілі бір жұмыстар жасалды. Салық кодексін қабылдағаннан бастап салықтық қатынастардың реттелу деңгейі анағұрлым ұлғайды. Салық сандарының және түрлерінің едәуір қысқартылуы мен олардың бюджетке түсу механизмі істің жағдайына қолайлы болды, ол салық ауыртпалықтарының жеңілдеуіне әсер етті. ҚР Президентінің №3377 Қаулысының негізінде Ақмола қаласы бойынша Салық бөлімі Ақмола облысы бойынша салық комитетінің құрамындағы Ақмола қаласы бойынша Салық комитеті болып өзгертілді.

1. 2 Салық комитетті бөлімдерінің құрылымы:

Жоспарлау, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік көтере сатып алу бөлімі - Астана қаласы бойынша Салық комитетінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне арналған қажетті материалдық-техникалық базаны құрады. ҚР ҚМ СК бөлген бюджет қаражатын игеруде бақылауды жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелерді қажетті материалдармен және құрылғылармен, кеңсе тауарларымен, бланктік өнімдермен, оларға есеп жүргізуді, сақтауды және бөлуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік көтере сатып алу бойынша, тендер қорытындысы бойынша комиссияларға, қызметтер мен материалдарды жеткізудің келісім-шарттарын жасауға қатысады. Штаттық кестені құрайды. Бюджеттік классификацияға сәйкес шығыс сметасы мен Астана қаласы бойынша СК және оның құрылымдық бөлімшелерінің құрамын құрады.

Төлемдерді талдау, болжам және есеп жүргізу бөлімі - салық төлеушілердің дербес шоттарындағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өз уақытында және толық есебін жүргізеді; республикалық және жергілікті бюджетке мемлекеттік табыстың түсуінің ағымдағы болжауының орындалуы бойынша деректер жинайды; мемлекеттік табыстың түсуіне талдау жүргізу және соның негізінде мемлекеттік кіріс жинауды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды; мемлекеттік табыстың түсуіне салық заңдарындағы өзгерістердің әсеріне талдау жүргізеді; мемлекеттік табыстың түсуіне келешекке арналған және ағымдағы болжаулар жасайды; Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Салық комитеті, Астана қаласы әкімшіліктері және басқа мемлекеттік органдар дайындаған нормативті-құқықтық актілердің жобасын дайындауға қатысады; Қаржы Министрлігінің Салық комитетіне белгіленген уақытында есеп-қисап құрайды және ұсынады; 2-Н есебін құрауға қатысады; салық төлеушілердің салықтық міндеттерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады; міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы ұстап қалу мен зейнетақы жинақтау қорына аударылуына бақылауды жүзеге асырады; республикалық және жергілікті бюджетке аудандық салық комитеттері, ірі салық төлеушілер шегінде кірістің түрлері бойынша мемлекеттік бюджетке табыстың түсуі туралы ақпарат және жалпы қала бойынша жиынтық ақпарат құрады; берешек туралы жиынтық есептеме құрастырады және 1-Н нысаны бойынша қаржы Министрлігінің Салық комитетіне есептеме ұсынады; бюджетке аударылған және төленген сомалар бойынша ірі салық төлеушілермен кірістің есептелген сомасы бойынша Қазынашылық органдармен салыстырып тексеру жасайды.

Басқа да салықтар бойынша салықтық міндеттемені орындау мақсатында бюджетке артығымен төленген салық сомасы бойынша есепке алуды жүргізеді. Қаржы Министрлігінің Салық комитетінен электрондық пошта арқылы алынған реестрлерге сәйкес жеке шоттар бойынша зейнетақы аударымдарының түсімін жүргізеді, аумақ белгілері бойынша ЗТМО-ның түзетпе салыстырып тексеруін жүргізеді. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары және фискалдық органдар сұрауы бойынша ақпараттар ұсынады; Комитет басшылығына және басқа мемлекеттік органдарға мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің жағдайы туралы ай сайын ақпараттық-талдамалы хаттар дайындайды; СК бөлімшелері бойынша кіріс түсуі болжамының жобасын құрайды және оны орындаушыларға жеткізеді; Астана қаласы бюджетінің жобасын жасауға қатысады; ҚР Салық Кодексіне сәйкес Біртұтас бюджеттік сыныптама коды бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; Астана қаласы маслихаты сессиясының қарауына салық салу мәселесі бойынша құжаттар жобасын дайындайды.

Ірі салық төлеушілер бөлімі - ірі салық төлеушілердің салық міндеттерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады; салық төлеушілердің мониторингке жататын салықтық есептемелерінен алынған деректерді жинақтау және талдау; ірі салық төлеушілерден қабылданған сканирлеу арқылы немесе қағаз бетіне жазылған салық есептемелерінің нысандарын ақпараттық жүйеге енгізеді; бекітілген міндеттер шегінде белгіленген салықтық есептемелердің нысандарын толтыру тәртібін түсіндіру; мониторингке жататын салық төлеушілер бойынша салықтық жүктемелерге талдау жасау және баға беру; қызметін қайталама және түсті металл рыногында жүзеге асыратын салық төлеушілер қызметінің мониторингі; аудандық салық комитеттерінің салық төлеушілер мониторингі есептемелерінің барлық нысандары бойынша жинақтары мен талдауы; ірі салық төлеушілерден түсетін салықтардың болжамы; аудандық салық комитеттері бөлімдерінің жұмысын ірі салық төлеушілердің мониторингі сұрақтары бойынша үйлестіру; аудандық салық комитеттеріне ірі салық төлеушілер мониторингі сұрақтары бойынша шолу хаттар дайындау; аудандық салық комитеттеріне ірі салық төлеушілер мониторингі сұрақтары бойынша әдістемелік, кеңестік және практикалық көмек көрсету; Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша салық заңын, нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысу; Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ірі салық төлеушілерден түскен хаттар мен ұсыныстарды қарау және жауап дайындау; уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандар мен белгіленген мерзімдерінде сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдарға есептер мен ақпараттарды жолдау; қызметкерлердің кәсіптік деңгейін көтеру үшін ҚР Салық Кодексінің және басқа да ҚР заң актілерінің ережелерін неғұрлым айқын түсіндіру мақсатында, басқа бөлімдердің мамандарын қажет жағдайларда жұмылдырып техникалық сабақтар жүргізу;

ҚҚС аудиті бөлімі - аумақтық салық органдарына қосылған құн салығын төлеу және есептеу тәртібін тексеру сұрақтарына әдістемелік және кеңесік көмек көрсету; қосылған құн салығы тәртібін тексеруді жақсарту сұрақтарына ұсыныстарды баяндау; Салық кодексінде және салық заңының өзгерістері бойынша қарастырылған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; Қосылған құн салығы бойынша тақырыптық, ыңғайласпа тексерістер жүргізу; Кәсіпорындардың нөлдік мөлшерлемені қолданудың дұрыстығына тексеріс жүргізу; Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен тексерістерге қатысу; Қосылған құн салығы бойынша салықтық тексеріс кезіндегі жетіспеушілік және бұзушылық анықталғаны жөніндегі шолу хаттарын дайындау; ҚР ҚМ СК қосылған құн салығын әкімшілендіруді жақсарту сұрақтары бойынша ұсыныстарды дайындау; ҚР ҚМ СК ақпараттар мен есептерді белгіленген уақытта орындау;

Заңды тұлғалар аудиті бөлімі - Салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау жүргізуді жүзеге асыру; жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды уақтылы ұстап қалу мен аударуға бақылау жасау; салық саясатының әдістемесі мен салықтарды әкімшілендіруді әзірлеуге қатысу; уәкілетті органға бекітілген міндеттер шегінде Комитет қызметінің бағыттары бойынша ақпарат беру; бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара қызмет ету; аудандық салық комитеттеріндегі заңды тұлғалар аудиті бөлімдерінің жұмысын үйлестіру; 2-Н «Салық органдарының бақылау-экономикалық жұмысы туралы» нысанының есептемесі негізінде аудандық салық комитеттері қызметінің көрсеткіштерін талдау және баға беру; аудандық салық комитеттеріне құжаттық тексерістер жүргізуге әдістемелік және практикалық көмек көрсету; салық органдарының жұмысындағы оң тәжірибені оқу және енгізу барысында анықталған жетіспеушіліктерді жоюға практикалық көмек көрсету; аудандық салық комитеттеріне тексеріс жүргізуге қатысу; сапалы есептемені дайындауға және ҚР ҚМ СК ақпараттарын жиынтықтауды қаматамасыз ету; салық заңын сипатты бұзғаны және салық төлеушілердің сұраныстары бойынша шолу және кеңес хаттарын дайындау; салық төлеушілер мен аудандық салық комитеттерінің мамандарымен салық заңын түсіндіру жөніндегі семинарларға қатысу; аудандық салық комитеттері жүргізетін кешенді тексерістердің бекітілген кестесінің орындалуына бақылау жасау;

Нормативтік-құқықтық актілерді есепке алу, нұсқаулықты материалдарды кодтау; бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру үшін техникалық сабақтар жүргізу; салық төлеушілерге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдардың уақтылы және дұрыс есептелуінің сұрақтары бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге салықтық құжаттық тексеріс жүргізу бөлігінде салықтық міндеттерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру; банктер мен ұйымдардың Салық кодексімен белгіленген банктік операциялары мен міндеттерінің жеке түрлерін жүзеге асыруы бойынша, сондай-ақ трансфертті қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау бойынша салықтық бақылау жүргізу;

Акциздерді әкімшілендіру және акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымын бақылау бөлімі - аймақтық және салалық деңгейде акциздердің бюджетке түсімінің болжамнан елеулі ауытқу себептері көрсетілген түсімнің жағдайына талдау жүргізу; аймақтық және салалық деңгейде акциздер бойынша бюджетке бересінің қалыптасуы, ұлғаюы мен азаюы себептері көрсетілген жағдайына талдау жүргізу; этил спирті және алкоголь өнімдерінің көліктік жүкқұжаттарының, мұнай өнімдерінің және акциздік маркалардың жеке түрлеріне ілеспе жүкқұжаттары бланктерінің қозғалысы мен қолданылуына бақылау жасау; акцизделген тауарларды өндірушілерді акцизделген тауарлардың бөлек түрлерінің маркалану тәртібін қадағаулауды ұйымдастырады және бақылау; көліктік жұкқұжаттарын, ілеспе жүкқұжаттары мен акциздік маркаларын өткізілуінің талдауын жасау; этил спирті және алкоголь өнімдерінің көліктік жүкқұжаттарының, мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің ілеспе жүкқұжаттарының көрсетілген берілісінің дұрыстығын бақылау; акциздік посттар қызметіне бақылау жасау; акцизделген өнімдерді өндіру және айналымы балансын талдау және құрау; өз құзыреті шегінде мемлекеттік медициналық кәсіпорындардың, емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілердің, сондай-ақ этил спиртін техникалық мақсатта және алкоголсіз өнімдерді өндіру үшін қолданатын кәсіпорындардың этил спиртін қолдануына бақылау жасау; акцизделген өнімдерді өндіруінің және айналымының көлеміне есеп жүргізуді ұйымдастыру; акцизделген өнімдердің өндірілген және импортталған көлемінің қозғалысына бақылау жасау; мониторингті жүзеге асырады, акцизделген өнімдер рыногы туралы ақпараттық - талдау материалдарын дайындау;

Бөлімнің құзыреті шегінде акциздерді әкімшілендіру, акцизделген өнімдерді өндіруінің және айналымы сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының аудандық салық комитеттерінің қызметіне әдістемелік басшылық етуді және ұйымдастыруды жүзеге асыру; акциздерді жинау бойынша мәселелі сұрақтарды анықтайды және оларды шешу жөнінде ұсыныстар енгізу; бақылаудағы объектілердің берілген салада дайын этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру көлемінің нормативтерге сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру. Осы мақсатта, (өзінің құзыреті шегінде) берілген объектілердің есеп жүргізу бақылау құралдарымен қамтамасыз етілгендігін, техникалық процесстер нормалары мен тәртіптерін қадағалануын, этил спирті және алкоголь өнімдерін сақталуы мен айналымын бақылау; Қазақстан Республикасының заңдық нормаларының сұрақтары бойынша, акцизделген өнімдерді өндіретін және айналымға жіберу саласында жұмыс жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдарға тексеріс жүргізу; Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі Салық комитетіне белгілеген тәртіппен этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымға жіберу саласында қызмет жасайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың этил спиртін өндіруге, сақтауға және өткізуге, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме өткізілімі лицензияларына тоқтату және қайтарып алу туралы ұсыныстар енгізу;

Акциздерді әкімшілендіру сұрақтары бойынша аймақтық салық органдары қызметіне тексеріс және талдау жүргізу; қаржы Министрлігі, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің салық комитеті, аймақтық салық комитеттері жүргізетін кешенді және ыңғайласпа тексерістеріне қатысу; акциз бойынша жүргізілген тексерістер қорытындысының талдауын жүргізеді, акциздер жинауының жақсаруы бойынша талдау берілісінің ұсынысының негізінде өндірілім жүргізу; бюджетке акцизделген өнімдерді өндіру және айналымынан түскен акциздердің акцизделген өнімдерді өндіру және айналымына бақылау жүргізуді жүзеге асыратын іс-шаралар жоспарын әзірлеу; акцизделген өнімдерді өндіру мен айналымы және акциздердің бюджетке түсімі бақылауының тиімділігін көтеру жөнінде Комитет Төрағасының қарауына ұсыныс жасау; акцизделген өнімдерді өндіру мен айналымын бақылау саласында мемлекеттік органдарының ведоство аралық үйлестіру жұмысына қатысу; бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша ұйымдар мен азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау; Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген басқа да өкілеттілігін жүзеге асыру.

Бейөндірістік төлемдер және арнайы салықтық тәртіптемелер бөлімі - бейөндірістік төлемдердің түсімі болжамының орындалуына, олардың түсімінің динамикасын қадағалау, аудандық салық комитеттерімен бірге бейөндірістік төлемдердің түсіміне болжам жасау; бейөндірістік төлемдер түсімінің болжамы мен өткен жылдың деңгейінен анағұрлым ауытқу бересінің себебі көрсетілген ағымдағы жағдайына талдау жасау; бейөндірістік төлемдерді есептеу мен жинау бойынша заң және нормативтік-құқықтық актілерді қолданудың сұрақтары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу; бейөндірістік төлемдерді жинауды әкімшілендіру және арнайы салықтық тәртіптемелерді қолданудың сұрақтары бойынша аудандық салық комитеттерінің қызметіне тақырыптық және кешенді тексерістерді сапалы жүргізу;

Аудандық салық комитеттері жұмысының әдістерін жетілдіру, бейөндірістік төлемдерді есептеу мен төлеудің сұрақтары бойынша салықтық және басқа да заңдарды қарау, оларды әкімшілендіру, жұмыс алдыңғы әдістерін тарату сұрақтары бойынша семинарларды ұйымдастыру; мемлекеттің меншігіне жататын мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және іске асыруды қадағалауға бақылау жасау бойынша жұмыс жүргізу; сәйкес мемлекеттік органдардың бейөндірістік төлемдерді жинаудың сұрақтары бойынша өзара қызмет ету мен үйлестіру, ақпараттармен алмасудың бірлескен келісімін әзірлеу; ҚР ҚМ 2001 жылдың 28 желтоқсанындағы № 1793 Бұйрығына сәйкес мәлімет беруге бақылау жасау; уәкілетті органдармен бірлескен жұмыстардың әдістерін жетілдіру сұрақтары жөніндегі семинарларды ұйымдастыруға қатысу, бейөндірістік төлемдерді есептеу мен төлеу сұрақтары, оларды әкімшілендіру әдістері бойынша салықтық және басқа да заңдарды қарау, автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдану арқылы жұмыстың алғы әдістерін тарату; уәкілетті органдардың қызметіне уақтылы және сапалы тексеріс жүргізу; салық төлеушілердің, салық салу объектілерінің және салық салумен байланысты объектілердің, уәкілетті органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың тіркеуіне қатысты міндеттерді орындауда салықтық бақылау жасауды жүзеге асыру; бірлескен шаралар мен келісімдердің жоспарларына сәйкес уәкілетті органдар мен басқа да мемлекеттік органдардың мәлімет беруі; БКМ моделінің сәйкестігіне тіркеуде тұрған БКМ бойынша, әрекеттегі салық заңымен қарастырылған, техникалық талаптарға сай талдау жасау; заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер, арнайы салықтық тәртіптемені қолданатын кәсіпкерлік қызметтердің жеке түрлеріне арналған мөлшерлемелердің бағасын анықтау; аудандық салық комитеттерінде ШКС АСТ қолдануының дұрыстығына бақылау жасау.

Мәжбүрлі өндіріп алу және дәрменсіз борышқорлармен жұмыс бөлімі - мекеменің банкроттық процедурасын өткізу кезінде заңға сыйымдылғын талқылау; салықтөлеушілердің бюджет алдындағы салықтық және басқа да бюджеттік міндеттемелерінің мезгілінде орандалуының салықтық бақылауын қамтамасыз ету; берешектері бар мекемелерді мезгілінде хабарламалармен қамтамасыз ету және хабарламаның пунктарының тізбегі бойынша орындалуын бақылау; салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу жұмысын жүзеге асыру; өткізілетін аукциондарға қатысу және аукциондарда іске асырылған мүліктерден бюджетке түскен қаражаттарды бақылау; кәсіпорындардың бет есептері негізінде дәрменсіз кәсіпорындардың тізімін құру; кредиторлар комитетінің құрамында мәжіліске қатысу, конкурстық басшылардың банкроттық процедураны жүргізуін бақылау; банкрот-кәсіпорындардың қазіргі төлемдерін мерзімінде аударуын және конкурстық басшылардың төртінші және бесінші кезектегі өтеулерді қамтамасыз етуін бақылау; қасақана және жалған банкроттық фактілерін анықтау және бірлескен бұйрық негізінде, процессуалдық әрекеттерді жүргізуге қажетті материалдарды қаржы полициясы Департаментіне жолдау; ҚР ҚМ аймақтық Үйлестіру кеңесінің талдауына ұсыныс қосу; банктық, қазынашылық мекемелердің берешекті өтеуі бойынша бақылауды қамтамасыз ету; салықтық құқықбұзушылық бойынша әкімшілік шара қолдану; салықтық органның инкассалық жарлығы негізінде агенттермен шегерілген және мезгілінде аударылмаған міндетті зейнетақы жарналарының берешегін зейнетақы жинақтау қорына өндіріп алу; мезгілінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналары бойынша агенттердің банктық шоттарында шығын операцияларын тоқтата тұру; агенттермен шегерілген және мезгілінде аударылмаған әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына төленетін әлеуметтік төлемдерді өндіріп алу; салықтық берешектерді мерзімінде өтеу және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің берешегі бөлімінде Астана қаласы бойынша Салық комитетінің басқа бөлімдерімен өзара қатынас.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі - белгіленген тәртіпте сотта және басқа да органдарда құқықтық сұрақтарды қарау кезінде Комитет мүддесін ұсыну; Комитет актілерін әзірлеуге қатысу, берілген актілер жобасының құқықтық сараптамасын жүргізу, сонымен қатар құқықтық сипаттағы бұйрықтар, шешімдер және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу; Конкурстық құжаттама мен Комитет пен Астана қаласының салық органдарына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізудің мемлекеттік көтере сатып алуы туралы келісімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) мемлекеттік көтере сатып алуды жүргізу кезінде заңның қадағалануына бақылау жасау; бөлімге бекітілген міндеттердің шегінде Комитет қызметінің бағыты бойынша мемлекеттік уәкілетті органға ақпарат беру; бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқа да мемлекеттік уәкілетті органдармен өзара қызмет ету; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңын түсіндіру; құқықтық оқуларды жүргізуге қатысу; басшыға қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, шешімдер, келісімдер мен басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларындың, қолдың қойылуының заң талаптарына сәйкестігін тексеру, ал олардың әрекеттегі заңмен сәйкеспеген жағдайда ауызша немесе жазбаша түрде қаралатын сұрақтарды шешудің заңды тәртібі туралы ұсыныс жасау; салық төлеушілердің арыздары мен ізденістерін уақтылы қарау;

Салықтық құқықбұзушылық аумағында әкімшіліктік заң нормаларын қолдану практикасының талдауы және сәйкес кепілдемелерді аудандық салық комитеттеріне жіберу; кінәрат-талап жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу; талап практикасын талдау және байыту, салық төлеушілердің арыздары мен өтініштерін қараудың қорытындылары бойынша төмен тұрған салық органдарымен жұмыс, сондай-ақ басшыларға анықталған жетіспеушіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар жасау; Комитет жұмысын құқық қорғау органдарымен үйлестіру; Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің Салық комитетіне ұсыну үшін есептер, ақпараттар мен құқықтық және талап жұмыстарын дайындау; Комитет қызметінде кездесетін құқықтық мәселелер жөнінде кеңес берулерді жүзеге асыру, тұжырымдар мен анықтамаларды дайындау; Комитеттің тексерістері мен қызметтік тергеулеріне қатысу; Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған, бөлімге жүктелген сұрақтарға байланысты басқа да қызметтерді орындау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
Дүниежүзілік сауда ұйымының мәнi, қағидалары және әлемдік саудадағы рөлі
Құжаттың құрастырылған немесе шығарылған орны
Салық Басқармасы ұйымының қызметі
Қаржы полициясы органдарының міндеттері мен құқықтары
Қаржылық бақылау түсінігі
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі
“Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы” пәні бойынша дәрістер
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Адам қызметін басқару және топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz