Мұхтар әуезов дүниетанымындағы құндылықтық талғамдар


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ з. ғ. д., профессор Т. Ағдарбеков

Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ магистірі Б. Салықбаев

Мұхтар Әуезов дүниетанымындағы құндылықтық талғамдар

Ежелгі дүниетаным өздігінше құндылықтарды сарапқа салған. Адамзат тарихи эволюциялық жолдарда табиғаттың өзгеріп түлеп келе жатқанын басыныан өткерді. Ай мен күнге, жер анаға тәңіріге табынған ұрпақтар сенімі сан алмасып құндылықтар реті де өзгере берді. Бірақ, арды биік ұстаған қазақ халқы үшін жер мен анаға деген құрмет өзгерместен сақталып қала берді. Әйел заты тағдыр тезіне мойымай, ұрпақ жалғастығын салт-санамызбен үлкен тәрбиелікке мән бере отырып жалғастырғаны ел келешегі емей немене дей отырып мақаланы Платон суреттеген асыл аналарға, Гегел сомдаған аруларға, Шота Руставелли сиппаттаған сұлуларға арнап, қазақы дүниетанымда жатқан құрмет пен махаббат философиясындағы құндылықтар ретін анықтау.

Адамзат ұлт-ұлтқа бөлініп жер бетінде қай кезден бастап тіршілік ете бастағаннан бұрынғы мен қазіргі мүмкін болашақтағы аналар тарих сахынасында өз тұлғалық кейпін жоғалтпады. Пайғамбар хадистерінде ананы ұлықтайтын керемет сөз бар «Анаңды үш рет Меккеге арқалап алып барсаңда, қарызыңнан құтылмайсың »-деген.

Қазақ ұлтының құндылықтарын кеңес заманының өзінде анықтап көпшлік назарына ұсына білген Мұхтар Әуезов өз шығармаларында қазақ әйелдерінің болмысын ашуға барынша тырысқан. Оның ұлт тағдырын әйел болмысымен тікелей байланыстыруының өзі, атақты романы «Абай жолы» эпофеясындағы басты кейіпкер Абайдың болмысына барлық жақсылықты құя білген әйелдер қауымы болғандақтан шығар деп ойламын деген тұжырымынан орын алған. Мұхтар Әуезовтың сол дәуірдегі асыл аналардың, қаракөз қарындастардың тағдырын ашып көрсететін талай туындыларды жарыққа шығарғанын бүгінгі ұлт жақсы біледі, бірақ түсінеді деп айтуға келмейтін шығар

Мәселен, «Қорғансыздың күні» (1922), «Кім кінәлі?» (1923), «Ескілік көлеңкесінде» (1925) т. б. әңгімелеріне назар аударғанымыз дұрыс. Әсіресе, «Қорғансыздың күні» тынысы кең әңгіме. Онда адам бақытына, еркіне тұсау болатын ескі ауылдың сіреспе, артта қалған әдет-ғұрыптары әшкереленеді. Әңгімеде бес кейіпкер бар - ол болыс Ақан, оның жандайшабы Қалтай сол қатыгездіктен жаралғандай, ал сексендегі кемпір, оның соқыр келіні және немересі Ғазиза сол надандарға ар - инабаттылық жағынан қарсы тұр. Жесір әйелдер мен қыздың күші бұлшық еттерінде емес, олардың күші рухани тазалығында.

Осыдан келіп жанынан арын жоғары бағалаған, қазақтың дәстүрін қиын-қыстау заманда да қанына сіңіре білген қазақ ұлтының ерекше құндылыұтарына еріксіз назар аударасың.

Бүгінгі таңда ғылыми техникалық революция адам санасына өз әсерін аямай беруде. Әлеуметтік орта заманынан алшақтатып, Батысқа еліктеп өмірдегі қиындықтарға тап болуға итермелейді. Дәстүрлі қазақ ортасындағы салт-санадан, рухани байлықтан ада болған кез-келген қазақ баласы бірден жамандыққа тап болады. Тәрбие орталығында атқарып жатқан жұмыстарымыздың көпшілігі де ұлттық рухты оятуға бағытталған. Басқа теріс болған діни секталардың жемтігіне айналудан, рухани бостықта қалудан, білімнен мақұрым болып мәңгүрттікке бой алдырудан, қоғамда өз орнын анықтай алмай кезбелікке барудан арашалайтын дәстүрлі көзқарастар аясында жұмыстар жүргізу. Кешегі ана-әжелеріміз заманында ерлерін асқақтата қадірлегенінің арқасында, Абайдай дана туылып, Қабанбайдай батырлар жетіліп, ұлан байтақ жерімізді бүгінгі күнге жеткізген деп айтсақ әсте қателеспейміз.

Қазіргі қоғамда қалыптасқан сананы дендеген әрекетке тап болған балалардың тәрбиесімен қоғам болып айналыссақта көңілге дұрыс болмаған пікірлерден өзіміз шошыйтын жағдайдамыз. Бүгінгі нашақорлық, жезөкшелік, секталарға өтіп өз орнын жоғалту, зинақорлық, этикалық заң нормаларына бағынбау . . . қоғамда орын алған адамзаттың санасыздыққа әлсіз болуы салт-санамызды сипаттаған тарихымызды жете білмегендіктен немесе тәрбиелік шаралардың қоғамдағы дәрменсіздігінен. Мәселен, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы кейіпкерлер тұрмақ Мұхтар Әуезовтың, тіпті Абайдың кім екенін білмейтін жастарымыз бар. Осыдан кейін қанша жерден тәрбиеле, Абай айтқандай «жартасқа бардым, күнде айқай салдым-оданда шықты жаңғырық»-дегеннің кебін киесіз. Қазақ қоғамындағы құндылықтық үрдісті, тұлғалық болмыстың қалыптасуы кезеңдерін көз алдымызға елестетер тарихта талай-талай орын алған жетістіктеріміздің атын-атап түрін-түстесеңіз бір мақала төңірегінде тарқату тіпті мүмкін емес. Біз қоғамда қазіргі таңда тез түзетуді талап ететін жайттарға ғана назар аударып жатырған жайымыз бар.

Мұхтар Әуезов жазбаларында: Абайдың әкесімен Қарқаралыға аттанар тұсында тысқа шығып шығарып салған әже өз баласына: «- Әруақ қолдасын, жолың болсын, Абайжаным!» - деп маңдайынан иіскеп тілек айтады. Бұл жерде тәрбиемен қатар сенім жатыр. Сенім болғанда да ата-бабаларыңның назарындасың, әділ, батыл әрі тағдырды қабылдауға деген дайындық сипатталатыны айқын көрініс алған. Қарапайым қазақы дәстүр адамды тағдыр деген категория негізінде табиғи сомдалумен қатар, қоғамдық жетілуді көрсетіп отыр. Бір жағынан ананың баланың көңілін, ананың балаға деген махаббатының оның қайда жүрседе бірге жүретінін есіне салғандай әсер етіп тұрған жоқпа, осыдан кейін ол қалай адам болмасқа. Бұл тұстан байқайтынымыз Зере әжеміздің немересіне деген сенімі, ол қайдан пайда болған сенім десеңіз бесік жырынан бастау алып, тарихи дәстүрлерімізге тамыр тартқан тәрбиені сіңіріп, осыдан кейін немересінің адам болатынына көзі жетпеседе, көңілі сенген сенім еді.

Осы тұста Ұлжан жайлы да айтау керек. Ұлжан Абайды шақырып алып, аттандырады да кеңесін айтады: «- Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі- күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлемеңді түзу бер . . . Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма» - деп, ақылын береді. Міне, бұл адамгершілік пен ақылдылықтың белгісі.

Ұлжандай анасын сүйіп өскен Абай айналасындағы қыздар да сүйкімді. Мәселен, Тоғжанның жүріс-тұрысының өзінен тәрбиеліліктің нышаны танылады: «Тоғжан есікке қарай қозғалғанда, Абай қадалып, телміре қарап қалып, бешпентін шеше беріп еді . . . Дәл шығар жерде ғана, есік ашқан келіншекті ілгері шығарып жіберіп еді, өзі бір түрлі сұлу қозғалыспен сырт айнала беріп, төрге таман ақырғы рет бетін беріп, үй ішінен сыртымен шықты». Қыз қозғалысында әсемдікпен қатар тәрбиелілік, көрегендік байқалады. Мұхтар Әуезов әйел бейнесін суреттеуде тек оның сұлулығын ғана емес, өзге халық әйелдерінен табыла бермейтін мінезді, тартымдылықты айғақтай түседі.

Келер ұрпақ қадірлі әженің бейнесін Зере әжемізден, ардақты ананың бейнесін Ұлжан анамыздан, қаракөз қылықты қыз болуды Тоғжан қыздарымыздан үйренсе екен ниет ғана бізде.

Менің тұжырымдамам бойынша қазақтың әйелдерінің бейнесін Мұхтар Әуезов шығармалары арқылы берген дұрыс деп ойлаймын, өйткені Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпофеясы бұл қазақ халқының рухани болмысы екендігі баршамызға белгілі. Мұхтар Әуезов қазақ әйелін, қыздарын асқақтата суреттеп олардың мәңгі ар-ожданның айнасы екендігін көрсетті жәнеде ұлы істерді жасау дегеніміз қарапайым ғана аналардың қолынан келетінін айқындап берді.

Ендігі жерде айтпағым қазақ әйелінің өзге халық әйелдерінен айырмашылығы неде? -деген сұраққа жауап іздеп көрелік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Шаханов поэзиясы
Ғ.ЕСІМНІҢ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ МЕН КӨЗҚАРАСТАРЫ
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы
Ұлы Абай дүниетанымындағы адам мәселесі
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Абай Құнанбайұлы дүниетанымындағы рухани құндылықтар және оның ұлттық танымға әсері
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Абай Құнанбайұлының дүниетанымы
Қазақ философиясының қалыптасу барысы мен тереңде жатқан тамырларын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz