Пайғамбарымыздың өзге дін өкіл патшаларын дінге шақыру хаттары



І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Пайғамбарымыздың өзге дін өкіл патшаларын дінге шақыру хаттары.
2. Аллаһу та’аланың құлы және расулы Мұхаммедтен Қыбттың (көне
Мысыр халқының) көсемі Муқауқысқа!
3. Аллаһу та’аланың расул Мұхаммедтен (алейһиссалам) парсылардың
көсемі Кисраға..»
4. Яһудилік

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Барлық мадақ-мақтаулар əлемдердің Раббысы Аллаһқа тəн. Елшілердің имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сəлем-салауаттар болсын2.
Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тəңір жоқ екендігіне жəне Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен жəне дене мүшелерімен куəлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді,исламның бес парызын орындауды жəне ондағы ихсан3 амалын өзіне қамтығын.Сонымен қатар, ислам діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ Тағала Ислам дінін жеңіл əрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.
Ислам өз атын қасиетті кітап құраннан алады. Негізін бүгінге дейін өзгерпей сақтаған жалғыз дін. Ислам әлемдік дін, барлық пайғамбарлардың әкелген діні. Барлық пайғамбарларға ислам уақи етілген. Ислам адамға тән және барлық адамзаттың діні. Ислам діні иллахи діндердің ең соңғысы және ең толығы. Бүгінге дейін жеткен бұзылмай, өзгермей келген тек бір ғана хақ дін.
Ислам діні адамды негізге алған бір дін болып табылады. Адамның рух пен дене қажеттіліктерін бірге өтеу және оны жаратылысына сай түрде жетілдіру мақсатын көздейді. Сенімді, үлгілі адам мен қоғам жетілдіруді қалайды. Барлық адамзаттың өмірінде бақытты болуын ұйғарады.
Ислам - ақыл мен ғылым діні. Ақылы барларға ілім үйренуді, ойлануды және ізденуді бұйырады. Ислам жеке адам және қоғамды адамгершілікке тәрбиелейтін дін.
Ислам ешқашан шаруаларды қудаламайтын және Исламда мұндай құқық жоқ, болғанда емес. Қайсыбір Ислам басшыларының арасында Англиядағы шаруаларды жерсіздендіру және соның нәтижесінде жұмыс күшін тегі қолдануға әкелген әрекетттерді тіпті де елестете алмаймыз. Ислам әлемінде мұндай басшыларды ешкімде қолдамайтын еді, өйткені төменгі тапқа адамгершілік жоғары еді.
Ислам өз халқын қысып қинаған жоқ. Ислам басқа жолды таңдады. Ал бұл тақырып аясында Ислам әлемі де өте қалыс қалып отырған жоқ, тым артта қалған әлем емес. Өйткені ислам әлемінің алғашқы жинаған қоры баяғыда-ақ өтіп кеткен. Бұл күнде Батыс ойлары бәрінен де бас тартып, модернизмнен кейінгі кезеңге кіруде, олармен ойыншық ойнағандай, интеллектуалды құндылықтарды тежеп тоқтатып жатыр. Ислам модернизмнен кейінгі кезеңнен қатаң сақтандырылған, яғни Ислам кеңістігі интеллектуалдық құндылық өнімін ең жоғары деңгейде сақтап отыр.
Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған.
Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың мешеулiгiне қарамастан, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды. Осындай жағдайда, нелiктен дүние жүзi халықтарыны ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр, деген сұрақ пайда болады. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап, мұсылмандықты қабылдауы әр жеке тұлға үшiн өмiрлiк маңызы бар уақиға, радикалды өзгерiс.
1. Соңғы пайғамбар Хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. Аш Хикмет Берги, осман Нескіоғлұ, Анкара-1997ж. 146 б.
2. тарихи Мұхаммед Алихантора Соғукий. Ташкент-1991ж. 221 бет
3. Ислам энциклопедициялық анықтамалық. Алматы: «Аруна ЛТД» ЖШС, 2010
4. Отырар. Энциклопедия. –Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
5. Хизметли С. Дiнтану. Шымкент, 2001
6. Есiм Ғ., Артемов А., Қанаев С., Бiләлов Г. Дiнтану негiздерi. Алматы,
2003

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Барлық мадақ-мақтаулар əлемдердің Раббысы Аллаһқа тəн. Елшілердің
имамы,пайғамбарымыз,оның үй-ішіне,барлық сахабаларына 1сəлем-салауаттар
болсын2.
Ислам діні деп – Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты Тəңір жоқ
екендігіне жəне Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне жүрекпен, тілмен жəне
дене мүшелерімен куəлік беруді айтады.
Бұл дегеніміз иманның алты шартына иман келтіруді,исламның бес парызын
орындауды жəне ондағы ихсан3 амалын өзіне қамтығын.Сонымен қатар, ислам
діні пайғамбарлар мен елшілірдің ең ақырғысы Абдуллаһ ұлы Мұхаммедке (Ол
кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) түсірген Аллаһтың тарапынан
соңғы пайғамбарлық жолдамасы.
Ислам – Аллаһ Тағаланың алдында қабыл қылынатын жалғызғана дін.Аллаһ
Тағала Ислам дінін жеңіл əрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе
машақат4 жоқ.Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін
немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.
Ислам өз атын қасиетті кітап құраннан алады. Негізін бүгінге дейін
өзгерпей сақтаған жалғыз дін. Ислам әлемдік дін, барлық пайғамбарлардың
әкелген діні. Барлық пайғамбарларға ислам уақи етілген. Ислам адамға тән
және барлық адамзаттың діні. Ислам діні иллахи діндердің ең соңғысы және ең
толығы. Бүгінге дейін жеткен бұзылмай, өзгермей келген тек бір ғана хақ
дін.
Ислам діні адамды негізге алған бір дін болып табылады. Адамның рух
пен дене қажеттіліктерін бірге өтеу және оны жаратылысына сай түрде
жетілдіру мақсатын көздейді. Сенімді, үлгілі адам мен қоғам жетілдіруді
қалайды. Барлық адамзаттың өмірінде бақытты болуын ұйғарады.
Ислам - ақыл мен ғылым діні. Ақылы барларға ілім үйренуді, ойлануды және
ізденуді бұйырады. Ислам жеке адам және қоғамды адамгершілікке тәрбиелейтін
дін.
Ислам ешқашан шаруаларды қудаламайтын және Исламда мұндай құқық жоқ,
болғанда емес. Қайсыбір Ислам басшыларының арасында Англиядағы шаруаларды
жерсіздендіру және соның нәтижесінде жұмыс күшін тегі қолдануға әкелген
әрекетттерді тіпті де елестете алмаймыз. Ислам әлемінде мұндай басшыларды
ешкімде қолдамайтын еді, өйткені төменгі тапқа адамгершілік жоғары еді.
Ислам өз халқын қысып қинаған жоқ. Ислам басқа жолды таңдады. Ал бұл
тақырып аясында Ислам әлемі де өте қалыс қалып отырған жоқ, тым артта
қалған әлем емес. Өйткені ислам әлемінің алғашқы жинаған қоры баяғыда-ақ
өтіп кеткен. Бұл күнде Батыс ойлары бәрінен де бас тартып, модернизмнен
кейінгі кезеңге кіруде, олармен ойыншық ойнағандай, интеллектуалды
құндылықтарды тежеп тоқтатып жатыр. Ислам модернизмнен кейінгі кезеңнен
қатаң сақтандырылған, яғни Ислам кеңістігі интеллектуалдық құндылық өнімін
ең жоғары деңгейде сақтап отыр.
Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған
мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен
қабылдаған.
Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен
химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар
бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы
азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып,
мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiздегi ислами үгiт-насихаттың
мешеулiгiне қарамастан, бiзде де орыс, грузин, кәрiс, неміс халықтары
уәкiлдерiнiң бiр сыпырасы мұсылман болды. Осындай жағдайда, нелiктен дүние
жүзi халықтарыны ислам дiнiн жаппай қабылдап жатыр, деген сұрақ пайда
болады. Адамдардың өзге дiндер мен наным-сенiмдердi тастап, мұсылмандықты
қабылдауы әр жеке тұлға үшiн өмiрлiк маңызы бар уақиға, радикалды өзгерiс.

Пайғамбарымыздың өзге дін өкіл патшаларын дінге шақыру хаттары.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Хатиб бин Әбу Бәлтәаны
(радиаллаһу анһ) Мысыр билеушісіне жіберместен бұрын Ей, сахабаларым!
Сыйды Аллаһу та’аладан күту ниетімен мына хатты Мысыр билеушісіне кім
апарады?- деп сұрағанда хазіреті Хатиб орнынан атып тұрып, Йа,
Расулаллаһ! Мен апарамын деді. Пайғамбарымыз: Ей, Хатиб! Бұл қызметті
Аллаһу та’ала саған құтты етсін! деді.
Хатиб бин Әбу Бәлтәа (радиаллаһу анһ) хатты пайғамбарымыздан алып,
қоштасып, үйіне барды. Жануарын дайындады. Жанұясымен қоштасып, жолға
шықты. Мысыр билеушісі Муқауқыстың Александрияда екенін естіп, сарайына
барды. Не үшін келгенін сұраған күзетші Хазіреті Хатибке үлкен құрмет
көрсетті. Оны күткізбеді. Муқауқыс ол кезде кемеде адамдарымен сөйлесіп
отырған болатын. Хазіреті Хатиб (радиаллаһу анһ) бір қайыққа мініп,
Муқауқыстың отырған жеріне барып, пайғамбарымыздың хатын берді. Хатты
Хатибтен (радиаллаһу анһ) алған Муқауқыс оны оқи бастайды:

Бисмилләһиррахманиррахим!
Аллаһу та’аланың құлы және расулы Мұхаммедтен Қыбттың (көне Мысыр
халқының) көсемі Муқауқысқа!
Тура жолға қауышқандарға сәлем! Сені игілікте болуың үшін Исламға
шақырамын. Мұсылман бол, игілік тауып, Аллаһу та’аланың екі есе сыйына
бөлен. Егер теріс айналсаң бүкіл Кыбттың күнәсі сенің мойныңда. Ей, кітап
иесі болған яһудилер мен христиандар! Арамызда ортақ болған сөзге келіңдер.
Ол – Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсеге табынбаймыз және Оған еш нәрсені
серік етіп қоспаймыз. Аллаһу та’аланы тастап, ішімізден ешкімді жаратушы
құдай деп санамаймыз. Егер бұл сөзден теріс айналса Куә болыңдар. Біз
мұсылманбыз деңдер. (Али Имран сүресі, 64)
Пайғамбарымыздың хаты оқылғаннан кейін Муқауқыс хазіреті Хатибке
Қайырлысы болсын деді. Мысыр билеушісі қолбасшыларын, мемлекет адамдарын
жинап, Хатибпен сөйлесе бастады. Ол: Білгім келген нәрселерді сұрап,
осылар туралы сенімен сөйлесейік- деді. Хазіреті Хатиб Айт, сөйлесейік
дегенде Муқауқыс:
- Сені жіберген адам туралы айт. Ол пайғамбар ма?
- Иә, ол – пайғамбар.
- Ол хақ пайғамбар болса, неге өзін отанынан шығарып, басқа жерді паналауға
мәжбүр еткен қауымына қарғыс айтпады?
- Сен Иса бин Мәриям алейһиссаламның пайғамбар екеніне сенеді емессің бе?
Өз қауымы оны ұстап, өлтірмек болғанда ол қарғыс айтпады және Хақ та’ала
оны әлемнің көгіне көтерді. Алайда, қауымының жойылуы үшін Аллаһу та’аладан
қарғыс тілеуі керек емес пе еді? Ол олай жасамады.
- Өте жақсы жауап бердің. Шынында сен хикметке толы адамнан келген елшісің.
Бүгін осында қон. Ертең саған жауабымды айтамын.
Хазіреті Хатиб (радиаллаһу анһ) хазіреті Мұса заманындағы перғауынды
меңзеп, Муқауқысқа былай деді: Сенен бұрын бұл жерде бір билеуші болған. Ол
халқына Ең үлкен құдай менмін деп, өзінің тәңір екенін айтқан. Аллаһу
та’ала оны дүние мен ақырет азабымен жазалап, одан өш алды. Сен бұдан
ғибрат ал да, басқаларға ғибрат болма!
- Біз үшін бір ғана дін бар. Біз бұл дінімізді одан да қайырлысы
шықпайынша тастамаймыз.
- Сенің қайырлысы шықпайынша тастамайтыныңды айтқан дініңнен де
қайырлы болған дін  – күмәнсіз Ислам. Біз сені Аллаһу та’аланың осы соңғы
дініне, Исламға шақырамыз. Аллаһу та’ала дінін сонымен толықтырған, Оны
адамдарға жеткілікті еткен және бұл анық. Бұл пайғамбар жалғыз сені емес,
бүкіл адамзатты Ислам дініне шақырды. Оған ең көп дөрекі әрекет танытқандар
құрайыштар, ең көп дұшпандық жасағандар яһудилер, ал христиандар ең жақын
адамдары болды. Аллаһу та’алаға ант етемін, Мұса алейһиссаламның Иса
алейһиссаламды сүйіншілеуі Иса алейһиссаламның Мұхаммед алейһиссаламды
сүйіншілеуі сияқты. Осыған орай, біздің сені Құран кәрімге шақыруымыз сенің
яһудилерді Інжілге шақырғаның сияқты. Әр пайғамбардың өзін түсініп,
ұғынатын бір қауымға жіберілгені күмәнсіз. Және ол қауымының осы
пайғамбарға бағынуы оған міндет болып жүктелген. Міне, сен де осы
пайғамбарға жеткендердің бірісің. Біз сені осы жаңа дінге шақырамыз.
Хазіреті Хатибтің бұл сөздеріне Муқауқыс:
- Мен бұл пайғамбардың жағдайына қарадым. Бұйрықтары мен тыйымдарынан
ақылға қайшы келетін еш нәрсе таппадым. Менің түсінгенімше ол сиқыршы,
көріпкел және өтірікші емес. Одан кейбір пайғамбарлық белгілерін таптым.
Жасырын нәрселерді жарыққа шығару – осы белгілердің бірі. Кейбір сырлардан
хабар беру осы адам арқылы пайда болды. Біраз ойланайық деп уақыт сұрады.
Муқауқыс түнде Хатибті оятып, пайғамбарымыз туралы біраз нәрселер сұрағысы
келетінін білдірді. Араларында мынадай әңгіме болды:
- Ол туралы сұрайтын нәрселеріме дұрыс жауап берсең үш нәрсе сұраймын.
- Қалағаныңды сұра. Мен саған әрқашан да шындықты айтамын.
- Мұхаммед адамдарды неге шақырады?
- Жалғыз Аллаһу та’алаға ғибадат етуге шақырады. Күніне бес уақыт намаз
оқуды, рамазан айында ораза тұтуды, берген уәдеде тұруды бұйырады. Өлген
малдың етін жеуге тыйым салады.
- Оның дене-бітімін сипаттап бер.
Хазіреті Хатиб біраз сипатын айтады, біразы айтылмай қалады. Муқауқыс:
- Айтпаған тағы біраз нәрселерің қалды. Оның көзінде аздаған қызылы,
арқасында пайғамбарлық мөрі бар. Өзі меркепке (есек) мінеді, жүннен киім
киеді, құрма мен еті аз тамаққа қанағат етеді. Оны көкелері немесе
көкелерінің ұлдары қорғайды.
- Бұлар да оған тән сипаттар.
Муқауқыс Хатибтен пайғамбарымыз туралы қайтадан сұрады.
- Сүрме қолдана ма?
- Иә, айнаға қарап, шашын тарайды, сапарда айна мен сүрмесін, тарағын,
мисуәғын тастамайды.
- Мен келетін бір пайғамбардың қалғанын білетінмін және оны Шамнан
шығады деп ойлап жүр едім. Өйткені, бұрынғы пайғамбарлардың барлығы сол
жерден шыққан еді. Шындығында соңғы пайғамбардың Арабстаннан, тарлық,
жоқшылық елінен шығатынын да кітаптардан оқыған едім. Кітаптарда сипаттары
жазылған пайғамбардың келу уақыты да осы уақыт екені күмәнсіз. Біз Оның
сипатын кітаптан екі ағайынды қызды бір некеге біріктірмейтін, сыйлықты
қабылдап, садақаны қабылдамайтын, кедейлермен бірге отыратын деп оқыған
едік. Оған бағыну мәселесінде қыбтилер мені тыңдамайды. Мен билігімнен де
айрыла алмаймын. Бұл мәселеде өте сараңмын. Ол пайғамбар елдерге үстем
болады, өзінен кейін сахабалары осы жерлерге дейін келеді. Ең соңында осы
жердегілерді жеңеді. Мен қыбтилерге бұл сөзімді білдіргім келмейді. Осыдан
соң Муқауқыс арабша жаза алатын хатшысын шақырып, пайғамбарымыздың хатына
былай деп жауап жаздырды:
Абдуллаһтың баласы Мұхаммедке қыбтилердің көсемі Муқауқыстан!
Саған сәлем жаусын. Жіберген хатыңды оқыдым. Онда айтқан нәрсеңді және
шақыруыңды түсіндім. Мен де бір пайғамбардың келетінін білетінмін. Бірақ,
оны Шамнан шығады деп ойлаған едім. Елшіңді сыйлап-күттім. Саған
қыбтилердің қасында қадірі жоғары болған екі күң мен киетін киімдер
жібердім. Сондай-ақ, мінетін ұрғашы қашыр сыйладым.
Муқауқыс бұдан басқа ештеңе істемеді, мұсылман да болған жоқ. Хазіреті
Хатибті Мысырда бес күн қонақ етті. Көп қошемет, құрмет көрсетті. Сосын
Енді еліңе, қожайыныңа қайт. Оған екі күң, екі мініс жануар, мың мысқал
(бір мысқал 4,8 гр) алтын, жиырма мысырша безендірілген киім мен басқа да
сыйлықтар жіберуді бұйырдым. Саған жүз динар және бес киім беруді бұйырдым.
Енді жолың ашық, бірақ қыбтилер сенің аузыңнан бір сөз де естімейтін
болсын,- деді.
Муқауқыс пайғамбарымызға сонымен қатар бір мөлдір стақан, хош иісті
бал, сәлде, мысырлық зығыр матасы, иіссулар, аса таяқ, ыдыста сүрме, гүл
майы, тарақ, қайшы, мисуәк, айна, ине және жіп те беріп жіберді.
Муқауқыс Ислам елшісі Хатиб бин Әбу Бәлтәаның жанына қорғаушы әскерлер
қосып жіберді. Арабстан жеріне аяқ басқан кезде Мәдинаға бара жатқан
керуенге жолықты. Хатиб (радиаллаһу анһ) Муқауқыстың әскерлерін кері
қайтарып, сол керуенге қосылды. Хатиб бин Әбу Бәлтәа (радиаллаһу анһ)
сыйлықтармен Мәдинаға келіп, пайғамбарымыздың алдына барды. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Муқауқыстың сыйлықтарын алды. Хатиб
(радиаллаһу анһ) Муқауқыстың хатын беріп, сөздерін жеткізгенде
пайғамбарымыз Қандай жаман адам! Билігін қимады. Ал негізінде иман
келтіруіне кедергі болған бұл билігі өзінде қалмайды- деді. 
Муқауқыстың пайғамбарымызға сыйлық ретінде жіберген екі күңі Мария мен
сіңлісі Шырын болатын. Хатиб бин Әбу Бәлтәа (радиаллаһу анһ) жолда оларға
мұсылман болуды ұсынғанда олар қабыл етіп, мұсылман болған болатын.
Пайғамбарымыз хазіреті Марияның мұсылман болғанына қатты қуанып, онымен
некесін қидырды. Одан Ибраһим деген баласы болды. Шырынды (радиаллаһу анһа)
сахабаларынан Нәби ақыны болған Хассан бин Сабитке (радиаллаһу анһ) берді.
Асыл тұқымды ақ түске жақын сұрғылт түсті екі жануардың ішіндегі қашырға
Дүлдүл, есекке Уфәйр немесе Яфур деп ат қойылды. Сол кезге дейін Арабстанда
ақ қашыр кездеспеген еді. Мұсылмандардың көрген алғашқы ақ түсті қашыры
Дүлдүл болды. Пайғамбарымыз сыйға берілген мөлдір стақанмен су ішетін.
Муқауқыс пайғамбарымыздың хатын құрметтеп ұстап, пілдің тісінен жасалған
ыдысқа салып қойды. Ыдысты мөрлеп, күңдерінің біріне берді. Аталмыш бұл хат
1267 (м.1850) жылы Мысырдың Ахмин аймағында көне монастырдағы Қыбт
кітаптарының арасында тұрған және оны Осман падишахы 96-халифа Сұлтан
Абдулмажит хан сатып алып, Стамбул Топкапы сарайы Қасиетті аманаттар
бөліміне қойылған.
Иран билеушісіне Абдуллаһ бин Хузафә (радиаллаһу анһ) жіберілген
болатын. Хазіреті Абдуллаһ тәкаппар Иран патшасына пайғамбарымыздың хатын
ұсынғанда оны оқу үшін хатшысына берді.

Бисмилләһиррахманиррахим!
Аллаһу та’аланың расулы Мұхаммедтен  (алейһиссалам) парсыла рдың көсемі
Кисраға..
Хатшы осы жерге дейін оқыған кезде тәкаппар патшаның қаны басына
шауып, ашуланып, хатты алып жыртып тастады. Хаттың пайғамбарымыздың атымен
басталғанынан қатты ашуланған еді. Ислам елшісі Абдуллаһ бин Хузафәні
(радиаллаһу анһ) алдынан қуғысы келген кезде хазіреті Абдуллаһ Кисра мен
жанындағы жиналған отқа табынушыларға былай деді: Ей, парсы халқы! Сендер
пайғамбарларға сенбейсіңдер. Кітаптарды қабылдамайсыңдар. Мына топырақтарда
санаулы күндеріңді өткізіп, түс сияқты өмірді сүріп жатырсыңдар!
Ей, Кисра! Сенен бұрын қаншама билеушілер осы таққа отырып, билік
құрды. Аллаһу та’аланың бұйрығын орындағандар ақыретте табысқа жетіп,
орындамағандар илаһи азапқа ұшырап, дүниеден көшті.
Ей, Кисра! Мына хат негізінде сен үшін үлкен ырыс еді. Оны
менсінбедің. Аллаһу та’алаға ант етемін, сол менсінбеген дінің осы жерге
келген кезде қашатын жер іздейсің. Сосын сарайдан шығып, ол жерден тез
кетіп қалды. Мәдинаға барып, жағдайды пайғамбарымызға айтқанда Аллаһым! Ол
менің хатымды қалай паршаласа, сен де оны және мүлкін солай паршала- деді.
Аллаһу та’ала Расулының дұғасын қабыл етіп, Кисраны өзінің баласы бір
түнде қанжармен паршалап өлтіреді. Хазіреті Омар дәуірінде бүкіл Иран жері
басып алынып, мұсылмандардың қолына өтті.
Шужа бин Уәхб Ғассан әміршісі Харис бин Әбу Шимрге жіберілген болатын.
Шужа (радиаллаһу анһ) алдымен билеушінің есігінде тұратын күзетшімен
сөйлесті. Оны Исламға шақырғанда ол қабыл етіп, пайғамбарымызға сәлемі мен
құрметін білдірді. Еш күттірместен хазіреті Шужаны әміршісімен кездестірді.
Харис бин Әбу Шимр хатты оқып, ашуланып жерге лақтырды. Хазіреті Шужа дереу
Мәдинаға кері оралып, жағдайы пайғамбарымызға баяндады. Пайғамбарымыз
хаттың жерге лақтырылғанына ашуланып Сұлтандығы жоқ болсын! деді. Қысқа
уақыттан соң Харис бин Әбу Шимр өліп, елі бөлшектенді.
Салит бин Амр (радиаллаһу анһ) Йәмамә билеушісі Хәузә бин Әлиге
жіберілген болатын. Хәузә христиан болатын. Пайғамбарымыз хатында былай
деген еді:
Бисмилләһиррахманиррахим!
Аллаһу та’аланың расулы Мұхаммедтен (алейһиссалам) Хәузә бин Әлиге!
Тура жолға түскендерге сәлем жолдаймын. (Ей, Хәузә!) Білесің, Ислам аттар
мен түйелер бара алатын ең алыс жерлерге дейін таралады, барлық діндерді
жеңеді. Сен де Исламды қабылда, сонда сен игілікте боласың. Мұсылман болсаң
қол астыңдағы жерлерді басқаруды саған қалдырамын.
         Йәмамә билеушісі Хәузә бұл шақыруды қабылдаудан бас тартты. Билік
пен дәреже оның көзін шел болып басқан еді. Сол себептен пайғамбарымыздың
дұғасын алудай ұлы игіліктен құр қалған еді. Ислам елшісі Салит бин Амр
(радиаллаһу анһ) рақымдылық етіп, Ей, Йәмамә билеушісі Хәузә! Сен осы
тайпаның үлкен адамысың. Сен үлкен деп санаған патшаларың өліп, топырақ
болды.
Нағыз ұлылар болса - Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап,
тыйымдарынан сақтанып, жұмаққа ие болған адамдар. Бұл қауым иман келтіру
құрметіне ие болса, оларды өзіңнің қате сеніміңмен тура жолдарынан
адастырма. Дұрысы, мен саған Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындауды,
тыйымдарынан сақтануды ұсынамын. Аллаһу та’алаға иман етіп, бұйрықтарын
орындасаң жұмаққа кіресің. Шайтанға бағынсаң тозақта қаласың.
Егер осы насихаттарды қабылдасаң, қорыққан нәрселеріңнен амандықта
болып, үміт еткендеріңе қол жеткізесің. Егер насихаттарымды қабылдамасаң
бұл жерде істейтін ешнәрсем қалған жоқ. Қалғанын сен білесің,- деді.
Хәузә Ислам елшісінің бұл сөздерін де тыңдамады. Салит бин Амр
(радиаллаһу анһ) енді Йәмамәде қалудың қажетсіз екенін түсініп, тез
Мәдинаға қайтты. Пайғамбарымызға жағдайды айтты. Пайғамбарымыз бұл жағдайға
ренжіді. Қысқа уақыттан кейін Хәузәнің өлгені туралы хабар келді.
Сұлтандыққа деген құштарлығы тозақ шұңқыры болған қабірінде жойылды.
Осылайша, алты Ислам елшісі міндеттерін атқарып, үлкен мемлекеттерге
Исламның бар екендігін хабарлаған болатын. Оларға шынайы бақытты хабарлап,
қиямет күнінде Біз естімедік деулеріне жол бермеді. Хабаш билеушісі
Әсхамә (радиаллаһу анһ) мұсылман болып, сахабаларды көру, пайғамбарымыздың
дұғасын алу құрметіне ие болды. Грек императоры Гераклиус пен Мысыр сұлтаны
Муқауқыс мұсылман болмады, бірақ келген хаттарға құрмет көрсетіп,
пайғамбарымызға сыйлықтар жіберген болатын. Ғассан мен Иран билеушілері
елшілерге жақсы қатынас жасамай, дұшпандықтарын айқын көрсеткен еді. Йәмамә
билеушісі болса Ислам елшісіне жылы мәміле танытқан.

Яһудилік
Қасиетті кітаптар, тарихи деректер мен қазірге дейін жеткен еңбектер
зерттелетін болса, бір Аллаһқа иман келтіруді бұйыратын дін болған исламның
Адам пайғамбардың кезінен бері бар екендігі аңғарылады.
Адам (алейһиссалам)пайғамбардан Ибрахим алейһиссаламға дейінгі уақыт ішінде
көптеген пайғамбар келген. Аллаһу та’ала  оларға сухуфтар (кітапшалар)
жіберген. Атақты жүз сухуфтың оны Ибрахим алейһиссаламға жіберілген.
Тарихшылардың айтуынша, Ибрахим пайғамбар б.д.д. 2122 жыл бұрын Фырат
(Евфрат) пен Дижле (Тигр) өзендері арасындағы бір елді мекенде туылып, 175
жыл өмір сүріп, Құдыс маңындағы Халилуррахман деген жерде дүние салған.
Ибрахим алейһиссаламның өгей әкесі - Азар. Өз әкесі Тарух Ибрахим кішкентай
кезде қайтыс болып кеткен. Азар пұт жасайтын шебер болған. Ибрахим бала
кезінде-ақ пұттарға ғибадат жасауға болмайтынын түсініп, өгей әкесінің
жасаған пұттарын сындырып, сол елдің, яғни Вавилонның билеушісі Намрудты
иманға шақыра бастайды. Намруд өте залым билеуші еді. Аңыз бойынша Намруд
өз аты емес, (Перғауын сияқты) атағы еді. Кішкентай кезінде мұрнына
жыланның баласы кіріп кетіп, бет-әлпеті қисайып, түрі бұзылып кеткен еді.
Әкесінің өзі оның түрін көруге шыдамай, өлтірмекші болады. Бірақ, анасы
жалбарынып, оны бір шопанға береді. Шопан да оның ұсқынсыз түрін көруге
шыдамай, бір таудың басына апарып тастайды. Тауда Намруд деген ұрғашы
жолбарыс ол баланы емізіп, оның аман қалуына себеп болады. Намруд деген ат
осыдан келеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін билікке келген Намруд өзін
тәңір деп есептеп, халықтың өзіне табынғанын қалады.
Ибрахим (алейһиссалам) осы жүзі суық, қаһарлы адамды ақиқат дінге шақырады.
Халықты пұттар мен Намрудтан бас тартуға шақырады. Бірақ, олар иман
келтірмейді. Ол кездегі Қалдани қауымының әдеті бойынша жылдың бір күнінде
бір жерге жиналып, мереке өткізетін, сосын пұтханаға барып, пұттарға сәжде
жасап табынып, үйлеріне қайтатын. Осындай мереке күні Ибрахим алейһиссалам
пұтханаға кіріп, балтамен барлық кіші пұттарды қиратады-да балтаны ең үлкен
пұттың мойнына іліп, кетіп қалады. Қалданилер бүкіл пұттардың қирап
жатқанын көріп мұны жасаған адамды жазаламақшы болады. Ибрахимді
алейһиссалам әкеліп, “мұны сен істедің бе?” деп сұрайды. Ибрахим
алейһиссалам: Өзі тұрғанда кіші пұттарға табынғанды қаламай мойнында балта
ілініп тұрған үлкен пұт істеді. Сенбесеңдер өзінен сұраңдар дейді. Халық:
“Одан сұра дейсің, пұттар сөйлемейді ғой” дейді. Сонда Ибрахим
алейһиссалам: Олай болса сөйлей алмайтын, өздерін қираудан құтқара
алмайтын пұттарға неге табынасыңдар деп қауымын пұтқа табынудан қайтаруға
ұрынса да пайдасы болмайды. Бұл жағдай Құран Кәрімде “Әнбия” сүресінің 52-
аятының соңында айтылған. Бұл туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар
Ең жас дін - Ислам діні
Пайғамбарымыздың жұбайлары
Таблиғи жамағат ағымы
Ислами дағуат Аллаһ тарапынан
Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері
Аллаға шағыру (дағуат)
Ислам ілімдері факультеті
Ислам дінінің түсу мақсаты
Имам Раббани Ахмед Сирхинди
Пәндер