Сақ мәдениеті темір дәуірі



Адамзат тарихында өздерінің өшпез ізін қалдырған сақ тайпалары үшін де Ақкөл-Жайылма киелі мекенге айналды. Бұл дәуірден өлкедегі көне қорғандар мен молалар мол хабар береді.
Сақ тайпаларын зерттеуге арналған алғашқы қазба жұмыстары өткен ғасырдың 50-60 жылдары басталған. Белгілі ғалымдар Мир Қадырбаев пен Абдул-Манап Оразбаев басшылық еткен экспедициялар үлкен олжаларға кенелді. Ғалымдар Тасмола, Қарамұрын, Нұрманбет деген атпен ашқан ескерткіштер Сарыарқаны ежелден бабаларымыз – Сақтардың мекен еткенін және олар сол замандағы аса қуатты мемлекетті құра білгенін айғақтады. Археологияның білгірі атанған ғалым Мир Қадырбаев талай жылдарын сарп етіп зерттеген Тасмола ескерткішінен табылған жәдігерлер Қазақстан археологиясының төрінен орын алған. Қазба жұмыстары Орталық Қазақстанның Темір дәуіріндегі мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі туралы нақты ғылыми пікірдің қалыптасуына ықпал етті.
Қазақтың көне тарихы – Сақтар мәдениеті көмбесінің бір бөлігі Сыр бойында көміліп жатқаны белгілі. Ашық аспан астында ата-баба аманатын арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік Рабат, Бәбіш мола. Дерегі біздің дәуірімізден әрі тартатын қалаға жуырда атышулы Хорезм, Шірік Рабат зерттемелерінен кем түспейтін ақпарат құралдары экспедициясы табан тіреді. Тұншыққан тіршілікке телекамера, фотоаппарат арқылы ХХІ ғасырға Асай-мүсейін асынған әріптестермен бірге күннің күрт бұзылғанына қарамастан, жолға шықтық. Қызылорда қаласын қосып есептегенде, алдымызда 300 шақырымдық арақашықтық жатыр. Әуелі Қармақшы ауданының Тәйімбет Көмекбаев ауылына қонып, ертесіне таң алакеуімде осы жерден жүз шақырым шамасындағы, Қарақалпақстанмен шегаралас Шірік Рабатқа бет алдық. Батпақты, азапты даламен жүріп отырып, діттеген жерімізге түс ауа діңкелеп жеттік. 12 гектар аумақты алып жатқан киелі мекен Толстов келтірген деректемедегідей ұзындығы – 850, ені – 600 метр шеңберлі, қалыңдығы 5 метр шамасындағы алып қорғанмен қоршалыпты. Жолбасшымыз – Ресей ҰҒА Миклуха-Маклай атындағы Этнология және антропология институтының аспиранты, Шірік Рабат археологиялық экспедициясының мүшесі Әзілхан Тәжекеев бірнеше жылдың басын қамтыған қазба жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Сақ мәдениеті темір дәуірі
Адамзат тарихында өздерінің өшпез ізін қалдырған сақ тайпалары үшін де
Ақкөл-Жайылма киелі мекенге айналды. Бұл дәуірден өлкедегі көне қорғандар
мен молалар мол хабар береді.
Сақ тайпаларын зерттеуге арналған алғашқы қазба жұмыстары өткен
ғасырдың 50-60 жылдары басталған. Белгілі ғалымдар Мир Қадырбаев пен Абдул-
Манап Оразбаев басшылық еткен экспедициялар үлкен олжаларға кенелді.
Ғалымдар Тасмола, Қарамұрын, Нұрманбет деген атпен ашқан ескерткіштер
Сарыарқаны ежелден бабаларымыз – Сақтардың мекен еткенін және олар сол
замандағы аса қуатты мемлекетті құра білгенін айғақтады. Археологияның
білгірі атанған ғалым Мир Қадырбаев талай жылдарын сарп етіп зерттеген
Тасмола ескерткішінен табылған жәдігерлер Қазақстан археологиясының төрінен
орын алған. Қазба жұмыстары Орталық Қазақстанның Темір дәуіріндегі
мәдениеті мен тұрмыс тіршілігі туралы нақты ғылыми пікірдің қалыптасуына
ықпал етті.
Қазақтың көне тарихы – Сақтар мәдениеті көмбесінің бір бөлігі Сыр
бойында көміліп жатқаны белгілі. Ашық аспан астында ата-баба аманатын
арқалап, біздің дәуірімізге дейінгі ІV-VІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Шірік
Рабат, Бәбіш мола. Дерегі біздің дәуірімізден әрі тартатын қалаға жуырда
атышулы Хорезм, Шірік Рабат зерттемелерінен кем түспейтін ақпарат құралдары
экспедициясы табан тіреді. Тұншыққан тіршілікке телекамера, фотоаппарат
арқылы ХХІ ғасырға Асай-мүсейін асынған әріптестермен бірге күннің күрт
бұзылғанына қарамастан, жолға шықтық. Қызылорда қаласын қосып есептегенде,
алдымызда 300 шақырымдық арақашықтық жатыр. Әуелі Қармақшы ауданының
Тәйімбет Көмекбаев ауылына қонып, ертесіне таң алакеуімде осы жерден жүз
шақырым шамасындағы, Қарақалпақстанмен шегаралас Шірік Рабатқа бет алдық.
Батпақты, азапты даламен жүріп отырып, діттеген жерімізге түс ауа діңкелеп
жеттік. 12 гектар аумақты алып жатқан киелі мекен Толстов келтірген
деректемедегідей ұзындығы – 850, ені – 600 метр шеңберлі, қалыңдығы 5 метр
шамасындағы алып қорғанмен қоршалыпты. Жолбасшымыз – Ресей ҰҒА Миклуха-
Маклай атындағы Этнология және антропология институтының аспиранты, Шірік
Рабат археологиялық экспедициясының мүшесі Әзілхан Тәжекеев бірнеше жылдың
басын қамтыған қазба жұмыстарының қорытындысымен таныстырды.
– Шірік Рабаттың өмір сүру уақыты бірнеше кезеңнен тұрады, – деді ол.
– Әуелгісі б.д.д. V-VІІ ғасырлар болса, тіршілік орта ғасырда қайта
жанданған. Екі қоныстанудың айғағы – бірінің үстіне бірі түскен
қорғандардың қималық қабаттары. Зерттеу барысында бұл орынның қала жұрты
емес, Сақ патшаларының қорымы екеніне көз жеткізе түстік. Күзет мұнаралары
мен обалар жауынгерлердің қорымды қағбадай қорғағанын көрсетеді. Ал халқы
осы маңнан он шақырым қашықтықта орналасқан. Жұрттағы заттық айғақтар,
каналдар, алқаптар сілемі – соның дәлелі.
Маманның дерегінше, бес жыл ішінде алты оба қазылыпты. Некропольдің
орта тұсына келіп, 9 метр тереңдікті үңгу кезінде археологтар күрегіне
ерекше жерлеу құрылысы ілігеді. Лахаттағы үш мәйіттің маңынан темір қылыш
қалдығы, алтын жапсырмалар және керамикалық ыдыс табыла кетеді. Әзірге
мәліметтің мәйегі ыдыс болып отыр. Себебі сыртындағы жазу – қаладағы
алғашқы таңба. Ресейдің және отандық ғалымдардың жобалауынша, он бір
әріптің мағынасы Кир құдайының шапағатымен өмір сүрген адам немесе Жолың
болсын, банар дегенге саяды. Қалақпен қала қазған археологтардың тағы бір
бейнеті қайтып, құм бетіне АКАSІ тақылеттес таңбасы бар екінші құмыра да
шығыпты. Билеушілер бейіті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Алыс замандар да өткен бабаларымыздың өмір тіршілігі
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Қола дәуір мәдениеті
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстан аумағындағы сақтардың археологиялық ескерткіштері
Ерте темір дәуірі отрядын
Сақ ескерткіштері
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Пәндер