Мұсылмандық құқық және оның бастаулары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 2

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . …4
1. 1 Мұсылман құқығының мәні және ерекшеліктері . . . н құқығының мәні және мазмұны……4
1. 2 Мұсылман құқығының бастаулары. …… . . . 8
1. 3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері . . . …. 13

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ . 16
2. 1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары. …. 16
2. 2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері. . 16
2. 3 Ислам және адам құқықтары . . . 17

2. 4Мұсылман мемлекеттерінің халықаралық ұйымдары. Олардың құқықтық мәртебесі . . . 19
2. 5 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы. …. 24

ҚОРЫТЫНДЫ 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . …. 29

КІРІСПЕ

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.

Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы - мұсылман құқығы (шариғат) . Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ. патриархалдық діни қоғамнан VІІІ-Х ғ. ғ. Омеяд және Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық ережеге айналды.

Мұсылман құқығы - мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған ережелер жүйесі.

Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.

Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:

1. Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап - Құран

2. Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы - Сұнна.

3. Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері - Иджма

4. Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын сәйкесінше талдау - Қияс.

Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.

Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б. з. д. Х ғ жойылып кетті.

Мұсылман құқығының негізгі мазмұны - дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.

Мұсылман құқығы (шариғат) - Құран және Сұнна негізінде құрастырылған, мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы құқығынан тұратын діни жинақ. Сонымен, шариғат - исламның діни -мистикалық ұғымдарымен тығыз байланысты құқықтық ереже.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- мұсылман құқығының жалпы түсінігін беру;

-мұсылман құқығының бастауларын зерттеу;

-мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктерін зерделеу;

-мұсылман құқығы ғылымының тарауларын анықтау;

-отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктерін талдау;

-меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәні;

-қылмыс, жаза, сот ісін анықтау;

-қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығын

Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері әсерін де тигізді.

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мұсылман құқығының мәні және ерекшеліктері

МҰСЫЛМАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ - шариат заңы негізінде азаматтық қарым-қатынасты және содан туындайтын мәселелерді реттейтін қағида-ережелер жиынтығы. Ондай қағида-ережелер фикһ ілімінің ең үлкен тармағын құрайды. Азаматтық құқық негізінен Ақудат, Айқаат, Ахкам бөлімдерінде қарастырылған. Ондағы отбасы мен неке, сату мен сатып алу, қарыз беру мен қарыз алу, сақтауға беру, жалдану, кепілдік, үжіре, серіктестік, тапсырыс, жерді жалға беру, уақып, өсиет айту, татуластыру, банкроттық ең маңызды міндеттемелер қатарына жатады. Шарт талабы мүлтіксіз орындалуға тиісті міндеттемелер Ләзім тобына, ал бір тарап ұсынысымен шарт талаптарының жойылуы ықтимал міндеттемелер Жаиз тобына жатады. Ақудат өзара келісу арқылы жасалатын шарттарды қарастырады. Шарт жасасу үшін тараптардың ақыл-есінің бүтін болуы, өз ісіне жауап беру қабілетінің болуы, куәлердің қатыстырылуы талап етіледі. Екі жақтың келісімін талап етпейтін шарттар Айқаатта қарастырылған. Ондай шартты жасауға да, жоюға да екі жақтың келісімі талап етілмейді. Бірақ басқа ақудаттық талаптар сақталады. Айқааттың аясына ажырасу, ант ішу, нәзір (Алла жолына жақсы іс істеу), кафарат секілді бір жақты қабылданатын міндеттемелер кіреді. МҰСЫЛМАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚта барлық азаматтық құқықтық қатынастар қамтылған және бүкіл қағида-ережелер тек адамгершілік пен әділетке негізделген.

Мұсылман құқығында қылмыс пен жаза түсініктері діни көзқарасқа негізделген. Шариғатта жасауға тиым салынған іс-әрекеттер негізінен қылмыс болып саналған. Ал қылмыстың қауіптілік дәрежесі Алла алдында жасалған іс-әрекеттің ауыр және жеңіл күнә болуына байланысты болған. Жаза белгіленген дәрежеде күнәдан арылу үшін қолданылған.

Қылмыс әлеуметтік құбылыс болып саналады. Заңгер ғалымдар қылмыстың ұғымына қатысты әртүрлі пікірлер айтады. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі өзіндік ерекшеліктерге де ие.

Орта ғасырлардағы мұсылман құқықтанушылары мен қазіргі заман зерттеушілері құқық бұзушылықтың бірнеше қағидаларын қарастырған. Олардың көзқарастарын талдау мұсылман қылмыстық құқығын тағы да терең зерттеуге әсер етті. Шариғатта «қылмыс» сөзі адамның жанына немесе ағзаларына зиян келтіру мағынасын білдіреді.
Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді. Қазақтың әдет-ғұрпында «қылмыстың» табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.

Жаза тағайындау институтын оқып үйрену барысындағы жүйелеу жоспарын саралау, ең алдымен, әдет-ғұрып заңдарынан бастаудың да өзіндік алғышарттары бар заңды құбылыс. Қылмыстық жазаның пайда болу тарихы терең екендігі біздерге әуелден белгілі. Қандай да болмасын мемлекеттің өзіндік даму сипаты болды және олар сол қоғамдағы қылмыстар үшін өздеріне оңтайлы жазаларды қолданған. Қазақтың әдет-ғұрыпында немесе мұсылман құқығының тыйым салушы талаптары жазамен тікелей байланысты болып келді.

Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқығын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, аумақтық бүтіндікті, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты нысаны және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығында заңға бой ұсыну, оны құрметтеу, заң бұзушыны жазалау, кінәні шын жүректен мойындау, қылмыскерді жазасыз қалдырмау, қылмысты мойындау, шын өкінгенді кешіру сияқты қылмыс пен жазаға байланысты маңызды қағидалар тұжырымдалып, ол ережелер ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа тараған. Заңды білуге ұмтылу, оны мойындау және сотты құрметтеу, өз құқықтарын қорғау сол бойынша арыздану - халқымыздың үйреншікті дәстүрі. Демек, мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жазаны зерттеудің үлкен маңыздылығы айқын болады.

Сонымен, осы дипломдық жұмыстың мақсаты - мұсылман құқығы мен әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза ұғымдарын жан-жақты талдап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу болып табылады.

Мұсылман құқығындағы қылмыс пен жаза мәселелеріне мұсылман мемлекеттері болып саналатын елдерде баса назар аударылған. Бұл елдерде шариғаттың құқықтық ролі тұрақты түрде зерттелуде. Дипломдық жұмысты зерттеуде Абдель Кадер Ауды, Ал Абдер-Кадыр әл-Кахваджи, Ахмед Махмуд аш-Шафии, Мухаммед Субхи Наджма сынды авторлардың еңбектері негізге алынды. Мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза мәселелерінің әр түрлі қырлары Л. Р. Сюкияйнен, П. Л. Карасевич, С. Махмасани, Н. Торнау, Л. Массе, Е. Т. Смирнов, Н. И. Гродеков, Г. Загряжский, В. Тронов, Н. Изразцов, М. Готовицкий, М. А. Ражабова, А. Л. Ременсон, Н. Максимов, Р. Шарл сынды Кеңес және ТМД елдерінің зерттеушілерінің, сондай-ақ Н. Өсерұлы, М. А. Сарсембаев, Н. Д. Нуртазина, Ш. Уалиханов, Т. М. Культелеев, С. Зиманов, Ж. О. Артықбаев, С. Өзбекұлы, Н. Қазыбеков, С. М. Рахметов, Ғ. С. Сапарғалиев, З. Кенжалиев сынды қазақстандық зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады. Сонымен қоса, дінтануға, яғни ислам дінін танып білуге Х. Алтай, М. Бұлұтай, Д. Нұртази сияқты зерттеушіредің қосқан үлесі зор. Ислам мен шариғаттың құқықтық қырларын зерттеуге жоғарыда аталған қазақстандық зерттеушілердің сіңірген еңбектері қомақты. Аталған зерттеушілердің мұсылман құқығы мен қазақ әдет-ғұрпына байланысты айтқан ойлары дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу кезінде негізге алынып, жұмысты орындауда қолданыс тапты. Ал, мұсылман құқығының қылмыстық-құқықтық нормаларына қатысты мәселелер аз көлемде зерттелген. Осыған орай Т. М. Күлтелеевтің еңбектерін ерекше атап өтуге болады және тақырыптың зерттелуі осы автордың еңбектерін негізге ала отырып жүргізілді.

Мұсылман құқығының негізін Аллаһтың сөзі - Құран мен Аллаһ Елшісі Хазіреті Мұхаммед ПайғамбарХазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (с. а. у. ) сөзі мен әрекеті - сүннет құрайды. Құран мен сүннетте үкім беретін сөздер жекеше түрде «нас», көпше түрде «нусус» деп аталады және нас дегенде Аллаһтың немесе Пайғамбарлық сөзі негізге алынады. Осыған сай мұсылман құқығының негізгі сүйенішінің бірі «нас» болып табылады. Осы настарды қойған Аллаһ пен Пайғамбар «Шари» деп аталады.

Алайда Құран мен сүннетте қамтылған осы настардың түсінілуі мен қолданылуында және олардың тікелей қамтылмаған мәселелерінің үкімін беруде адамзат күшіне мұқтаждық туындайды. Бұл күш мұсылман құқығы терминологиясында «ижтихад» деп аталады. Ижтихад - қысқаша шариғи-амали, бір мәселенің үкімін білуге әрекет ету. Осы әрекетті атқаратын адам «мүжтахид» деп аталады.

Осыған сай мұсылман құқығы Аллаһтың сөзі «нас» пен адамзаттың әрекеті «ижтихадтан» тұрады.

«Шари» ұғымы «шариғатты қойған» түсінігіне сай келеді және тек Аллаһ пен Мұхаммед Пайғамбар (с. а. у. ) үшін қолданылады.

Діни-құқық мәселелерде адамдардың сұрақтарына жауап беретін кісіні «мүфти», ал берген жауабын «пәтуа» деп атайды. Мүфтидің берген жауабы тұрақты бекітілген қағида болмағандықтан, адамдардың басқа мүфтиден де осы мәселе турасында қайта сұрауына болады.

Хаким (қазы) - адамдар арасындағы түсініспеушілікті шешу үшін тағайындалған факих. Оның беретін үкімі тұрақты, яғни адамдар осы шешімге бойсұнуға міндетті. Осыған көңіл бөлген көптеген жазушылар мұсылман құқығын басқа құқықтық жүйелерден айыратын мына ерекшеліктерді атап көрсеткен.

1. Негізінің Аллаһтан болуы:

Мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Аллаһ сөзі «Құран» болып табылады. Бұл жағдай - мұсылман құқығының ерекше қасиеттеріннің негізі. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) Құрандағы үкімдерді алғашқы рет түсіндіруші және орындаушы болуы көрсетілген ерекшеліктермен бірге ескерілуі керек.

Алайда мынаған назар аудару керек, яғни негізгі түпдеректің Аллаһтың сөзі Құран болуы және алғашқы іргетасының Мұхаммед (с. а. у. ) Пайғамбар тарапынан қойылуы мұсылман құқығының толығымен Аллаһтың туындысы және илахи құқық деген мағынаға келмейтінін көрсетеді. Осы мәселені ескермеген бірқатар Батыс зерттеушілері мұсылман құқығының толығымен догматикалық, тұрақты және өзгермейтін құқық екендігін баса айтқан. Әйтсе де, мұсылман құқығының негізгі түпдерегі Құранда адамдар арасындағы қарым-қатынастар түп-негізіне дейін берілмеген, тек жалпы принциптері ғана айтылған және шиеленіскен өмір оқиғаларының шешімін Құрандағы жалпы мораль және құқық принциптерінің негізінен табу шартымен адамның сана-сезіміне жүктелген. Тіпті, Хазіреті Мұхаммедтің (с. а. у. ) бірқатар құқықтық реттеулерді уахи жолымен емес, Құрандағы принциптердің саясында өз ақылымен жүргізгені көрсетіледі.
Факихтер (мұсылман құқығы ғалымы) Аллаһтың қалауы мен әлеуметтік шындық арасын ұштастыруға тырысқақ ұшырасқан құқықтық мәселелерді Құрандағы принңиптерді назарға ала отырып, өз ақылының, жинақталған тәжірбиесінің және алған мәліметтердің негізінде шешіп отырған. Осы тұрғыдан мұсылман құқығының негізгі түпдерегін қаншалықты Аллаһтың сөзі Құран қалыптастырса да, соңғы сараптамада мұсылман құқығының құрылуы мен бір жүйеге келтірілуі адам сапасының жемісі және нәтижесі екендігін көреміз. Сол себепті мұсылман құқығы белгілі кезеңдерде жасалған болымсыз (позитив) реттеу болып табылады. Ұлы факихтердің бірі Имам ол-Харамейн әл-Жуейни « Фикһтың оннан тоғызы адамзат сөзі » дегенде осы мәселеге назар аударған.

2. Екілік жаза жүйесіне ие болуы:

Мұсылман құқығы жаза тұрғысынан да өзге құқық жүйелерінен ерекшеленеді. Мысалы, Құранда тыйым салынған әр түрлі іс-әрекетер құқық мәселесінен бұрын дін мәселесі болып табылады. Яғни, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеген адам Аллаһтың тыйым салған нәрсесін жасағандықтан күнә іс істеген болады. Мұның азабын ақырет күнінде тартады. Бұл - істелген әрекеттің рухани-ақыреттік жаза жағы. Сондай-ақ, бұл адам Аллаһқа берген сөзінде тұрмай, Аллаһтың тыйым салған ісін істегендіктен оның арожданы да мазасызданады.

Мұхаммед Пайғамбар (с. а. у. ) дәуірінде Майыс деген кісі зинақорлық жасаған. Ешкім көрмесе де арожданының мазасыздануы салдарынан Хазіреті Пайғамбарға (с. а. у. ) келіп, қылмысын айтып, өзіне тиісті жазаның қолданылуын өтінген.

Құранда жаман іс деп есептелген және тыйым салынған әрбір әрекет үшін осы дүниелік жаза көрсетілмеген. Дегенмен, кісі өлтіру, зинақорлық жасау, өтірік айту, ұрлық істеу және қарақшылық жасау сияқты әрекеттерге арнайы осы дүниелік жазалар берілген.

Мұсылман құқығының «екілік жаза» ерекшелігі осы мәселеде қарастырылады. Рухани-ақыреттік жазалар, әсіресе діндар адамдардың жаман әрекеттерден тыйылуында маңызды рөл ойнайды. Ал материалдық-дүниелік жаза барлық адамдар үшін тыйдырушы сипатта болады. Рухани жаза «діндарлық» сияқты субъективті жағдайға, ал материалды жаза объективті қағидаларға сүйенеді. Кейбір мүшкіл жағдайларда хакимдер « діни заңдарға байланысты үкім » мен «құқыққа байланысты үкім» арасын ажыратып көрсеткен.

Мұсылман құқығының көптеген ғасырлар бойы әлемнің түкпір-түкпірінде еркін қолданылу және жетістікке жету себептерінің бірі оның осы екілік жазаға ие болу ерекшелігінен туындайды.

3. Принциптері мен мақсаттары тұрғысынан әлемдік деңгейге көтерілуі:

Әділдікті қамтамасыз етуге, жеке басты, мүлікті, ар-намысты, ақылды және дінді қорғауға, жалпы алғанда адамның осы дүниеде де, арғы дүниеде де бақытқа бөленуін қамтамасыз етуге бағытталған принциптер мен мақсаттар тұрғысынан мұсылман құқығының әлемдік деңгейге дейін көтерілгені турасында сөз етуге болады.

Алайда әрбір құқық жүйесі сияқты қалыптасу процесінде қоғамдық шарттар мен көзқарастардан әсерленген мұсылман құқығының тарихи тәжірибеде қалыптасып, бір жүйеге келтірілгендігі тұрғысынан әлемдік сипатқа ие болуы туралы сөз қозғау қате, әрі шынайы емес.
Кейбір жазушылар мұсылман құқығының ерекшеліктері ішінде адамдар арасындағы құқықтық қарым-қатынастармен қоса, жеке адам мен Аллаһ арасындағы құлдық байланыстың да құрылғанын айтады. Алайда, Фикһ кітаптарының алғашқы бөлімдерін құрайтын ғибадат мәселелерінің барған сайын заман ағымында «Илмихал» тақырыбымен жеке кітаптарда қарастырыла бастағандығы және қазіргі кездегі басым көзқарасқа сай, ғибадаттардың құқық құрамына кірмейтіні ескерілсе, аталмыш жағдайлы мұсылман құқығы үшін жеке ерекшелік ретін де айтуға қажеттілік қалмайды.

1. 2 Мұсылман құқығының бастаулары

Мұсылмандық құқық діни нысан ретінде дамыған құқықтық норма. Ол көбіне теократиялық қолданылатын ислам елдерінде қолданылады. Оның негізі VII-X ғғ Араб халифатында құралды. Ол ислам дініне негізделді.

Ислам дініне сәйкес мұсылмандық құқық Алланың әмірін көрсетеді. Ол өзіне қоғамдық өмірдің құқықтық сфераға жататын жүйесін қамтыды. Мұсылмандық құқықтың ауқымды түсінігі әр бір мұсылман адамның намаз оқуы, ораза ұстауы, садақа салуын қадағалауы болып табылады. Бұл ережені істеуге оларды мәжбүрлемеу қажет.

Шариат - өз шегі ретінде исламның бір мәні. Ол екі бөліктен тұрады: біріншісі, теологиялық ол мұсылманға өзіне деген қатынастың қандай болу керек екенін реттейді, ал екіншісі, Аллахқа деген міндеттерді көрсетеді.

Ислам діні - үш діннің арасындағы ең жас дін болғанымен, ол көп жерде тарады. ислам тек бір ғана идеология болып табылып қана қоймайды, сонымен қоса ол діни этникалық білім ретінде, мәдениет ретінде, цивилизаци ретінде ерекше қарастырылады. Оның нормалары діни культтық сұрақтарды шешуге бағытталған.

Мұсылмандық құқықтың екі мектебі бар, олар: Медина және ирактық мектеп. бұл екі үлкен мектептер әдеттегі құқықты ұстанды.

Мұсылмандық құқықтың дерек көздері мен негізгі мазхабы.

Мұсылмандық құқықтың тарихы Құранна н басталады. Ол Мұхаммет Пайғамбардың өсиеттерінен бастау алды. Құран негізі ережелер мен адамдық борыш туралы ережелерден басталады. Мысалы құран әлсіздерге деген көмек корсетулер мен шаруашылықтың дұрыс ақ түрі ментүрлері мен санкциялар көрсетілмеген.

Дерек көздің Құраннан кейінгі екінші түрі сүнне болып табылады. Онда Мұхаммед пайғамбардың хадистері жиналған.

Негізгі мазхабтары. Бірінші түп тамыры- мұсылмандық құқтың дерек көзі Құран, Екінші түп тамыры - сүнне, яғни Пайғамбардық өмірдегі игі істері; Үшінші түп тамыры - иджма, ислам дініне деген қоғамдастықтың сұрақтарына жауап; Төртінші түп тамыры - қияс, аналогия, яғни, Құран, иджма, сүннемен шығарылған жаңа заңдарға түсініктеме.

Мұсылман құқығының пайда болуы Хазірет Мұхаммед (с. а. у. ) Пайғамбар болып, оған уахидің келуімен басталады және осы кезеңде түсіріліп, аяқталуына байланысты бұл кезең мұсылман құқығының алғашқы кезеңі болып саналады. Уахи Аллаһтың Пайғамбарларға жолдама жіберуі мағынасына және жіберілген жолдама мағынасына келеді.
Уахи қамтитын тақырыптарда Хазіреті Пайғамбар (с. а. у. ) Меккеден Мединеге көшкеннен кейін (хижрет) өзгерістер болғандықтан, бұл кезең Мекке және Медине кезеңі болып екіге бөлінеді:

  • Мекке кезеңі. Мекке кезеңі Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) -ге уахи жіберіле бастаған Милади 610 жылдан Мединеге кешкен 622 жылға дейін созылады.

Мекке кезеңінде түскен аяттар, көбіне сенімді нығайту, бір Тәңір сенімін орнықтыру және ахлақты (мораль) тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Бұл кездегі дінге шақыру ісі әлемдік сипатта болды және де аяттар көбінесе: «Ей адамдар!» деп басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙДЫҢ БАСТАУЛАРЫ
«Мұсылман құқығының бастаулары»
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Иттифак әль - Муслимин одағының құрылуы және қызметі
Ресей империясының мұсылман-түркі халықтарын біріктірудегі Иттифак-әль-муслимин мұсылмандар одағының рөлі
Мұсылман Құқығы
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz